Бастауыш сыныпта ана тілі сабағы арқылы жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту
Кіріспе
І БӨЛІМ. АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНІҢ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы ... ... ... .. 5.8
1.2. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың педагогикалық негіздері ...
ІІ БӨЛІМ. АНА ТІЛІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Ана тілі арқылы оқушылардың адамгершілігін дамытудың жолдары мен әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... .14.17
2.2. Тәжірибелік.эксперимент жұмыстарының нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... .18.21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 22.23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ..24
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ...25.27

Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, политехникалық білім берудегі өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не алады деген сұраққа жалпы қоғам болып жауап іздестіруде.
Бүгінгі таңда қоғам білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай болуды талап етіп отыр. Бұл мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс»[19;5].
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі. Мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп, шығармашылықпен айналысып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.
2. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. – Алматы: КазПИ,1991.
3. Ә.Табылдиев Халық педагогикасы және тәрбие// Бастауыш мектеп,1990, ,№ 12.
4. Баймұратова. Б. Отбасындағы тәрбие , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж.
5. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж.
6. Бастауыш мектеп,2008, №5.
7. Күнқожаева Н.Р. Адам және қоғам. Рауан.Алматы,1997.
8. Ана тілін мектепте оқыту № 4 2007 ж.
9. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. – Алматы: Педагогика, 2000.
10. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.
11. Оразбекова.К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың. Бастауы хақында»-Алматы.2000.
12. Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007 ж., Алматы.
13. С.Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995 ж.
14. С.Қожагелдиева, Ж.Қожабаева «Әдеп сақтау- адамгершіліктің белгісі».
15. Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992.
16. Сәрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000.
17. Серікқалиұлы.З.«Дүниетану даналығы» Алматы 1994жыл.
18. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. Пособие. – Москва: Академия, 2004.
19. Ү.Тұрғынтаева Халық даналығы-адамгершілік тәрбие құралы // Отбасы және балабақша, 2001, №5.
20. Ш.Сыздықова Адамгершілікті еге білейік// Бастауыш мектеп, 1979,№ 3.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шет тілдер колледжі
Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта ана тілі сабағы арқылы жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту
Орындаған: Қаят У.
Тобы: БМ-41
Жетекшісі: Съязхан Б.
Қарағанды - 2016
Мазмұны
Кіріспе
І БӨЛІМ. АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНІҢ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
1.2. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-13
ІІ БӨЛІМ. АНА ТІЛІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Ана тілі арқылы оқушылардың адамгершілігін дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-17
2.2. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... 18-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-27
Кіріспе
Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, политехникалық білім берудегі өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не алады деген сұраққа жалпы қоғам болып жауап іздестіруде.
Бүгінгі таңда қоғам білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай болуды талап етіп отыр. Бұл мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! жолдауында былай деген: Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс[19;5].
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі. Мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп, шығармашылықпен айналысып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті - жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін
жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой - өрісінің, сана - сезімінің жан - жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат.
Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, -деп көрсетті[19;9].
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған.Сондық-тан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік,қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Ең бастапқы формалары педагогтың студенттермен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, жас ұрпаққа арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Ана тілі сабағы арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілігін дамытудың теориялық және әдістемелік жолдарын айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Ана тілі арқылы бастауыш оқушыларының адамгершіліг дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
oo оқушылардың адамгершілігін дамытуда ана тілі сабағын пайдаланудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
oo ана тілі арқылы оқушылардың адамгершілін дамытудың өлшемдері мен деңгейлерін және тиімді педагогикалық әдістерін айқындау.
Курстық жұмыстың объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен , қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысында 2 кесте, 1 сурет берілген.
І . Ана тілі сабағында жеке тұлғанің рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
0.1. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы
Бастауыш мектепте оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда Ана тілі пәнінің атқаратын қызметі зор. Пәннің негізгі мақсатының өзі - оқушының сөздік қорын дамытумен қоса, рухани адамгершілік тәрбие беру. Және онымен қоса оқушының тіл мәдениеті нормаларын меңгеруіне түрткі болады. Оқушылардың мәдениеті мен рухани адамгершілік түсігінің қалыптасуына бірден-бір түрткі - Ана тілі сабағы.Жалпы, ана тілі сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғышарты, жеке ұлғаның рухани адамгершілік негізі қаланады.
Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, Әл-Фараби, Ибн Сина,Фердауси,Ж.Баласағұн,Я.А.Комен ский, И.Г.Песталлоций, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі рухани-азамат-тық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын деген [5;65]. Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше. Әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр.
Педагогикалық ойлардың тарихында әл-Фараби оқыту теориясын білім жүйесі ретінде анықтауға алғаш талпыныс жасады деуге толық негіз бар. Мәселен, Әл-Фараби: "адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін қоғамдасқан ортадан табады. Осы қоғам арқасында жетіліп, өз қабілетін шындап өзіндік өмір сүру мәні қалыптасады",-десе, Қожа Ахмет Йассауи: "Адамның жетілуінің нәтижесі - оның ақылдылығы, ал анықтаушысы - адамгершілік кемелінде",-дейді. [3;56].
XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, Құтты білік дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: 1) Құтты білік - халықтың құты, ырысы болған ілім; 2) әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; 3) ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан-дүниесіне рухани күш дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. Ғұламаның Кітап атын Құтадғу білік қойдым - Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың деген ой-пікірі дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша түседі.
Құтты білік дастанында Ж.Баласағұни педагогикалық процеске қазіргі педагогикадай анықтама беріп, оның құрылымын көрсетпегенімен, еңбектің өн бойынан педагогикалық процестің оқушыны (тәрбиеленушіні) мәдениет байлығын игеруге және еңбек пен қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған мұғалімнің (тәрбиешінің) басшылығымен іске асырылатын өзара бірлескен іс-әрекет ретіндегі мәні және оның құрылымы (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері, нәтижесі) айқын көрініп тұрады
Жүсіп Баласағұнидың "Құтадғу білік" еңбегі де рухани-адамгершілік тәрбиелік маңызы мол көнекөз дүние ретінде бүгінгі таңда қажеттілігін жоймақ емес. Ондағы "Салқындылық, тұрақтылық, мінезділік - адамға ауадай қажет", "Қайда жүрсең де, ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек",- деген сөздер арқылы Жүсіп Баласағұни жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, жұртты жаман мінез, жат қылықтардан аулақ болуға шақырады [4;19].
Ж.Баласағұнидің еңбегінде дидактиканың көкейкесті мәселесі білім беру мазмұны қарастырылады. Білім беру мазмұны арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, білік пен дағдының қалыптасуы, ақыл-ойы мен сезімінің дамуы, таным арқылы көзқарастарының қалыптасуы жүзеге асырылады. Ж.Баласағұни білім беру мазмұнын білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет, дүниеге және қоршаған адамдарға қатынас құрайтынын негіздеп, мұның өзі дүниенің бейнесін қалыптастырудың әдіснамалық негізін, мәдениетті қайта жаңғырту мен сақтауды, мәдениетті дамытуды, еңбекке, оның нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін тұжырымдайды .
Қазақ халқы өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып, қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан қазіргі жаһандану дәуірінде көненің көзіндей болып, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен педагогикалық мұраларымызды өзара ықпалдастық пен тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырудың маңызы өте зор. Біз зерттеу барысында әлемдік мәдениеттің көшбастаушылары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің және М.Қашқаридің еңбектеріне жан-жақты, әрі терең тарихи-педагогикалық талдау жасау негізінде олардың педагогикалық ой-пікірлерінің арасында өзара ғылыми үндестік пен мазмұндық ықпалдастықтың бар екенін анықтадық. Оның дәлелі әл-Фарабидің трактаттарының, Ж.Баласағұнидің Құтты білігінің, М.Қашқаридің Түрік сөздігінің мазмұнына арқау болған педагогиканың басты ұғымдары, жалпы педагогиканың негіздері, тәрбие теориясы мен дидактика мәселелері болып табылады. Ғұламалардың педагогикалық теорияларындағы өзара ықпалдастық педагогика ғылымының тамыры тереңге жайылғандығын аңғартады.
Адамгершілік қасиетке ие болып тумайды, ол адам бойына тәрбие арқылы дариды. Сыр бойының 12 ғасырдағы терең білімді, оқымысты ғалымы әрі ақыны Ахмет Иүгенекидің ойынша: "Адамгершілік мінез-құлық уағыздау жолымен ғана емес, оларда моральдық сенімді дамыту және адамгершілікке бейімділікті туғызу арқылы қалыптасады"-дейді[5; 87].
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы адамгершілікке тәрбиелеу әдістемесінде ұлттық құндылықтың негзі ретінде тыйым сөздердің мәнін аша отырып, "Қырық бірге жұғыспау", "Жетіге тиіспеу", "Он екіден айырылмау",- деген мағыналы ережелерді ұсынады. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов рухани адамгершілік сезімді әсемдік болмыстан, сұлулық негізін - табиғат жаратылысынан іздеп, адам мен табиғат құндылығының үйлесімділігін айқындады [6;27].
Ы.Алтынсарин еңбектерінде рухани адамгершілікке тәрбиелеу проблемасындағы атап көрсеткен құндылығы: имандылық, әділдік, адалдық, ақкөнілділік, сыпайылық, шын берілгендік, адал-ниеттілік, өсиет, жомарттық, кеңпейілдік, үнемді-орынды жұмсау[7;67].
Абайдың рухани әлемінің арқауы, яғни оның негізгі зерттеу обьектісі - адам. Ол адамның мінез-құлқын, адамгершілік ізгі қасиеттерін тәрбиелеуді өмір бойы басты идея етіп ұстап, оны кісілік тұрғыдан жетілдіру қажеттігін айқындаған. Абайдың бүкіл шығармашылығы жастарға "адам бол", "азамат бол", "қатарыңнан қалма" деген философиялық қағидада негізделген. Ол философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарастарында адамгершілігі мол адам - қоғамға ең пайдалы адам деген ойды тұжырымдаған[8;14].
Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген адамгершілік мәселелерін талдап, жүйелесек: біріншіден, өз шығармаларында олардың адам бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеуі бүгінгі ұрпақтың дүниетанымын кеңейте түсуге көмектеседі; екіншіден, қоғамның даму тарихын адамгершілік тұрғыдан қабылдай білуге, талдау жасауға, терең түсіне білуге үйретеді; үшіншіден, олардың еңбектері жастардың адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына бағдар береді; төртіншіден, ғұламалардың рухани қазынасы қазіргі жастардың адамды сүйе білу, адамды тану талғамын қалыптастыруға септігін тигізіп, адами жетілуіне, үйлесімді дамуына негіз болады.
Ұлы ойшылдардың және ағартушылардың шығармаларындағы рухани адамгершілік құндылыққа жетелейтін қағидалары қазіргі таңда өз мәнін жойған жоқ. Одан кейінгі ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдері, ғалым-педагогтар өз еңбектерінде рухани адамгершілік идеяларын кеңінен уағыздап, көптеген мәдени деректер қалдырған. Мәселен Ш.Құдайбердиевтің "Үш анық" шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, мейірімділікке, парасатылыққа шақырады.
М.Жұмабаев "Педагогика" оқулығында баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның өсіп жетілуіне, адам болып дамуына жанына рухани азық беретін, тәрбие қажеттігін ғылыми тұрғыдан негіздеді. Адамның мінез-құлқынан сезімнің (ұялу, еліктегіштік, намыс, достық т.б. сезімдер) алатын орнын физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дәлелдей келіп, адамгершілік қасиет-сапалардың - адамның болмыс-бітімінде біртіндеп қалыптасу ерекшелігін ғылыми негізде саралап айқындайды. Демек, М.Жұмабаев адамгершілікті мінез-құлықтың қалыптасуын психология ғылымының жетістіктері арқылы негіздеп көрсете білді. Шыр етіп дүниеге келген періште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтімен, берісі бесіктен дариды десек, әсте асылық айтпаған болар едік. Ал баласының тәрбиесінің ошағы саналатын -мектеп тәрбиесі бала бойында ізгі қасиеттердің қалыптасутыруда үлкен де маңызды роль атқаратыны даусыз. Асылы, тәрбиенің негізгі іргетасы адамгершілік тәрбиеге байланысты. Өйткені адам бойындағы мыңдаған қасиеттердің ішінде негізгі орын алатын қасиет - адамгершілік қасиет.Бұл-аксиома. "Ұлттық тәрбиенің негізі - адамгершілік, еңбек тәрбиесі" - дейді Мағжан Жұмабаев. Десе дегендей-ақ, шынында, адамгершілік тәрбиеге баланы сәби шақтан дұрыстап, озық түрде баулу керек [9;123].
"Рухани" деген ұғымның мән-мағынасы қаншалықты терең екіндігін С.Торайғыров пен Әбіш Кекілбайұлы сынды атақты жазушылардың мына айтқандарын оқыған азаматтар өздері де түсіне жатар деп есептейміз.
С.Торайғыров: "Адамның өсуі жолында екі азық бар: бірі-дене азығы, яғни материалдық азық, адамның тіршілігі үшін жағдайлар жасауы; екінші-рухты азықтандыратын ар азығы; ол әділдік болса ғана өседі; көріктене түседі",- десе, Әбіш Кекілбайұлы: "Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін рухани ерлік, жалпақ әлеміне қысылмай, қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек",- дейді.[10;78].
Екі жазушының да айтып отырғаны - ар азығы мен рухани байлық. Арлылық пен жоғары рухани деңгейге жетсең, өсесің, өркіндейсің, ғаламдастыруға жұтылмайсың, жалпақ әлемді аузыңа қаратасың деген ой ұстынын жеткізіп отыр. Жетесіз болмасақ, осы ғибраттан көп нәрсені түюге болады.
0.2. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың педагогикалық негіздері
Оқыту -- екі жақты процесс. Оқыту процесі -- оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын қызметінен тұратын күрделі әрекет. Оқыту -мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу -- баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Л.В.Зенковтың пікірінше, оқыту -- оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет. Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, балада оқуға деген белгілі жағымды бейім-оқу әрекетінің стилі қалыптасады. Мысалы, үздік оқитын бала мен үлгермейтін баланың оқу әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылықтар бар. Үздік оқитын балалар оқу міндеттерін шешуге белсене кірісіп, қалайда мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін ізденуге тырысса, үлгермейтін балалар мұндай жағдайда өздерін енжар ұстап, қиындықтардан жалтаруға даяр тұрады, оларды шешуге күш жұмсадай, жеңіл құтылғысы келеді. Оқуға үлгермейтіңдердің бәріне тән ортақ қасиеттер бар, олар: өздігінен оқу әрекетін және жалпы психикалық процестерін (зейін, есте қалдыру, ойлау және т.б.) дұрыс ұйымдастыра және басқара алмайды[14;265].
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін күшті фактор -- ол оқытушымен қарым-қатынас жасау әрекеті. Сондықтан оқыту үрдісі -- мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын керек етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның әрекеті мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі тәрбиелеуі) оқытудағы субъект екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға үйренеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту -- баланың рухани дамуын қамтамасыз етеді; оқыту -- бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады.
Оқыту -- белгілі дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
* оқушыларға беретін білімдердің мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау;
* оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға басшылық ету;
* оқушының санасында білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасу процесіне басшылық ету;
* берілген білімді бекітуге басшылық ету;
* білімді практикада қолдануға басшылық ету;
* оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау.
Оқу материалын ұғыну процесі оқуға ынта қою, оқу материалын қабылдау, ойша қорыту, есте қалдыру, қайталау сияқты бірнеше психикалық процестердің жиынтығынан тұрады.
Оқытудың дидактикалық буындары бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Әр буын оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес қолданылады. Мысалы, жаңа білімді баяндау кезеңінде оқушылар оның мазмұнын қабылдаумен қатар, ойша қорытып, ғылыми тұжырымдар жасайды және оны практикада қолдануы мүмкін.
Сондай-ақ, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, прак-тикада қолдану сияқты оқыту процесінің элементтері бірлесіп қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі бар.
Оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты болады. Ақыл-ой тәрбиесі балаларға білім берумен қатар, олардың танымдық қабілеттерін (байқағыштық, зейінділік, зеректілік, есте сақтау, творчество-лық қиял, сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға көмектеседі.
Акыл-ой тәрбиесін берудің негізгі құралы -- мектептегі оқыту. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске алады. Ол мақсат-міндеттер мыналар:
* оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру;
* білім беру негізінде оқушыларда ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
* баланың таным қабілеттерін дамыту;
* оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді әдіс-амалдарын орынды меңгеруге үйрету;
* балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру;
* ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру. Бұл міндеттерді отбасы мен мектеп тығыз байланыста болғанда ғана ойдағыдай орындап шығуға болады, сонда ғана балаларға берілетін ақыл-ой тәрбиесі нәтиже береді.
В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді. Мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және әдістемелік құраддары мен тиімді жоддары туралы жан-жақты оқыту тәжірибесше қарағанда, мұғалімдердің қызметінде дидактикалық қиындықтардың кездесетіні анықталып отыр[11;69].
Мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар, негізінен, олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады:
* оқушылардың танымдық, әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде;
* дарында балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудегі әрекетінде.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелі бағыттылық зерттеулерде инновациялық
іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе болшегін талдауда анық айқын қарастырылады.
В.А.Сластенин мен Л.С.Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық пен кәсіпшіліктің сәйкестілік тұрғысынан қарастырады. Авторлардың айтуы бойынша, инновациялық іс-әрекет мәнін акмеологиялық тұрғыдан талдау мұғалімнің жеке бас дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік туғызады.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын қарас-тырған кезде, "инновация" және "педагогикалық іс-әрекет" деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин, Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз. Белгілі зерттеушілердің (А.А.Бодалев, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, Н.В.Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, ди-дактикалық қасиеттер, ерік қасиеттсрі. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушы-лық, коммуникативтік, педагогикалық елестету.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктелгені көрсетілген: операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым-қатынас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Мищенконың зерттеулерінде инновация-лық іс-әрекеттің құрылымында іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылады.
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешугедайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің "негізгі құрастырушысы" ретіндс Б.Ф.Ломов мыналарды бөліп көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматтарды өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді, қорытын-дыны тексеру және әрекеттерді түзету[18;95].
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан-жақты бағалауға үйрету.
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту[15;35].
Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат емес, педагогикалық қалыптасудың алғы шарттары мен шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет -- педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
♦ өзінің жеке касиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
♦ жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
♦ жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзегс асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен;
♦ педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен;
♦ педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
♦ педагогикалық еңбектің тиімділігі;
♦ оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
♦ жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
♦ мұғалім беделінің өсуі;
♦ оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі;
♦ оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары[17;64].
Педагогтың инновациялық іс-әрекетін сараптау бағасы В.К.Криллов, М.Р.Львов, Н.В.Путилин, А.А.Талмачев және т.б. көрсеткен белгілері негізінде жүзеге асады. Мұнда методологиялық мәдениет кіреді, оның құрамында мы-налар кездеседі, дейді зерттеушілер: қазіргі білім берудегі философиялық білім; негізгі ұғым жайлы педагогика ғылымы мен осы түсініктердің озара қатынасы
Жеке тұлғаға берілген көптеген ғалымдардың анықтамаларын сараптай келе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz