«Қазақстан Республикасының заң шығару билігі»
КІРІСПЕ ... .
І. ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІК ... ..
1.1 Заң шығарушы билік түсінігі...
1.2 Қазақстан Республикасы Парламенті. Парламент палаталары депутаттары .
1.3 Парламент депутаттарының өкілеттілігі..
ІІ. ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІКТІҢ ДАМУ ҮДЕРІСІ.
2.1 Заң шығарушы органның құқық қорғау қызметіндегі рөлі ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстан Республикасының заң шығару билігінің даму келешегі ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..

Жалпы заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықаралық шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген. Міне осындай міндеттерде көпшілік қауымның санасына сіңіру мақсаты көзделген.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.
Курстық жұмыстың міндеті. Заң шығарушы биліктің тарихын түсініп, оның бөлімдерін жекелеей ашып көрсету және де Қазақстандағы заң шығарушы органдағы парламенттің орнын құқық қорғау органдарының қатынасын ашық көрсету болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шетел авторларының еңбектері қолданылды. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарауда заң шығарушы органның түсінігі, тарихы жайлы баяндалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Парламеньі туралы мәлімденеді.
ІІ-тарауда Заң шығарушы биліктің басқа құқық қорғау органдарында алатын орны және заң шығарушы биліктің Қазақстан Республикасындағы даму үдерісі жайлы баяндалады.

1. Артықбаев Ж.О. «Жеті жарғы»-мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні) : оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті. 2014.-140 б.
2. Асанбаев Л. Азамат құқығы Ата Заңмен қорғалады: [Қазақстан Конституциясына 25 жыл]// Арқа ажары. 2016-30 шілде 35 б.
3. Бакқұлов С.Д.Құқық негіздері: оқулық.-2-басылым.Алматы, 2013-140, 171 б.
4. Борбасов С.М. Тәуелсіздік танымы, 2009-156-157 бб.
5. Елікбаев Н.Е. Саясаттану негіздері: Қарағанды, 2012.66-70 бб.
6. Жамбылов Д., Саясаттануға кіріспе, Алматы,-2011. 80-82 бб.
7. Жоламанов Қ.Ж., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы: бас. Каз МЗУ, 2014. 120 б.
8. Заң газеті. № 121(2899) 1 қараша 2016.
9. Қ.Жукешев,Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбекова. адам, қоғам, құқық. Алматы: 2013. 35-45 бб.
10. Лазарев Н.Н. Общая теория государства и прав. –М., 2014.
11. Мағзұмов М.Т. Саясаттану: оқулық. Өскемен, ШҚМУ, 2012. 12-14 бб.
12. Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин, Н.Қыдырқодаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали Құқық негіздері. Алматы. 2011 ж. -180, 190 б.
13. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және ұқық теориясы.-Алматы: Жеті жарғы, 2012. 76 б.
14. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері: оқулық/ред. М.Қаймолдинова. –Алматы: Жеті жарғы, 2013.
15. Храпанюк В.Н. Теория государства и права. –М.,2014. 45-48 бб.

Қазақстан Республикасының ғылым және Білім министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының заң шығару билігі
Орындаған: Есентай Аружан
Ю-14 тобы студенті
Ғылыми жетекші: Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, доцент
Байжанова Г.Т.
Қарағанды 2016 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
І. ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІК ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
0.1 Заң шығарушы билік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
0.2 Қазақстан Республикасы Парламенті. Парламент палаталары депутаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
0.3 Парламент депутаттарының өкілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
ІІ. ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІКТІҢ ДАМУ ҮДЕРІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
2.1 Заң шығарушы органның құқық қорғау қызметіндегі рөлі ... ... ... ... ...
16
2.2 Қазақстан Республикасының заң шығару билігінің даму келешегі ... ...
20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
25
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты. Жалпы заң шығарушы орган - Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықаралық шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген. Міне осындай міндеттерде көпшілік қауымның санасына сіңіру мақсаты көзделген.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.
Курстық жұмыстың міндеті. Заң шығарушы биліктің тарихын түсініп, оның бөлімдерін жекелеей ашып көрсету және де Қазақстандағы заң шығарушы органдағы парламенттің орнын құқық қорғау органдарының қатынасын ашық көрсету болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында нормативтік актілер мен отандық және шетел авторларының еңбектері қолданылды. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарауда заң шығарушы органның түсінігі, тарихы жайлы баяндалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Парламеньі туралы мәлімденеді.
ІІ-тарауда Заң шығарушы биліктің басқа құқық қорғау органдарында алатын орны және заң шығарушы биліктің Қазақстан Республикасындағы даму үдерісі жайлы баяндалады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде адамдардың көзі ашық және зайырлы мемлекеттің құқығын қорғай алатын азамат болыу үшін, ең алдымен заң туралы сана қалыптасу үшін өзекті, сол сияқты Парламенттің қызметін тануда үлкен рөл атқарады. Қоғам заң туралы санасы қалыптасса, үлкен өзекті мәселеге жол бермейді және осы қоғамға, мемлекетке өз үлесін қосады деген сенімім бар.
І. ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІК
1.1 Заң шығарушы билік түсінігі
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.
Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл [7].
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Заң шығару биліктің атқаратын қызметін 1-сызбадан көре аласыздар.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Заң қабылдайды
Соғыс ашып, әскермен қамтамасыз етеді
Заң шығарады
Заң шығарушы билік
Салық салуды анықтайды
оны бекітеді
Сауданы реттейді
Өзгертеді немесе жояды
Үкіметті тағайындайды
Сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды
Бюджетті бекітеді
Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды
саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды
1-сызба. Заң шығарушы биліктің атқаратын қызметі
Мемлекетте болып жатқан өзгерістер мемлекеттік құқықтық жорамалдарды қайта ойланып-толғану, олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру, тексеруден өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға атсалысуда. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген[14]. Ал азаматтық қоғамға және құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді әрекеттерін талап етеді. Бұл орайда заңдардың тиімділігін қамтамасыз ету біздің бүкіл саяси жүйеміз қызметінің мейлінше осал буындарының бірі болып қалып отыр[4].
Парламенттің тиісті қызметті жүзеге асыруынан бұрын, оның шығу тарихына үңілсек ол - халықтың өкілдік институты орта ғасырда, феодалдық құрылыс заманында Англияда, Испанияда т.б. мемлекеттерде пайда болғаны мәлім. Сондай-ақ, "Парламент" сөзі француздың "рагіег"- сөйлеу деген сөзінен шыққаны және біраз елдерде өкілдік мекеменің өзіндік бір аталымы ретінде қолданылғаны да белгілі. Тағы да бір айта кететін ақиқат - социалистік концепцияның "Парламент" терминін өзінен аулақ ұстағаны. Мұның себебі марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың бұл институтты шын мәнінде мойындамауымен түсіндіріледі. Парламент алдымен сословиелік-өкілдік орган ретінде қалыптасты (ХІІ-ХІІІ ғ), ал өкілді және заң шығарушы билік органы ретіндегі сипатқа тек 17-18 ғ. буржуазиялық революция кезеңінде ғана ие болады.
ХІІ-ХІП ғ. пайда болған, сословиелік - өкілдік сипатта болған Парламент монархтың шексіз билігін шектеуте бағытталған болатын. Олай болса, бұл органның дүниеге келуінің өзі - сол кезде қоғамда болған сословиелердің ерік біддіруінің және өз құқықтарын қорғауының нәтижесі. Англияны мысалға алған З.М.Черниловский онда бұл органның пайда болуын былай нақтылай отырып, яғни "1265 жылы Англияда қалалықтар мен рыцарлар коалициясы барондарды жеңіп, яғни Англия тарихында алғаш рет Парламент атын алған сословиелік жиналысты қалыптастырды. 1295 жылдан бастап ол Англияның түрақгы заң шығарушы жиналысына айналды" дей отырып, Англияда Парламенттің рөлінің өсуін, оның төменгі палатасының ролінің өсуімен байланыстырады. Ашып көрсетсек, корольді өлім жазасына кесу туралы мәселе бойынша екі палата арасында туындалған дауда қауымдар палатасы өзінің лордтар палатасынан және өзге биліктерден басымдығын былай жариялайды: "Халықпен сайланған қауымдар палатасы мемлекетте жоғары билікке ие. Қауымдар палатасының заң деп хабарлағаны лордтар мен корольдың қарсылығына қарамастан заң болып табылады ".
Әлемдік тәжірибе көп елдерде екі палатадан тұратын заң шығарушы органның қызмет етуін көрсетеді. Бұл ретте АҚШ Парламенті екі палатадан тұратын және оларды құруда тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдаланған алғашқы Парламенттердң бірі. Мұндай елдерде екінші (жоғары) палата аристократияның өкілдігін және төменгі палатаны тежеу үшін енгізілген. Көптеген ғалымдар жоғары палатаны Парламенттің интегральдық бөлігі ретінде қажет деп белгілей отырып, оны төменгі палатаға қатысты тежеуіш ретінде ойластырылған дейді. Дж. Адамс Сенаттың өкілеттігін төменгі - өкілдер палатасын ауыздықтауы тиістігімен байланыстырса, Медисон "Сенат төменгі палата өз билігін асыра ("во зло") пайдаланған жағдайда қажет" деп жазды. Парламенттің екі палаталы құрамының қажеттігін біраз адамдар мемлекеттік құрылыстың федерация нысанына таңды. Ал унитарлық мемлекеттер үшін екі палатаның болуы ешбір саналы негіздемелерге ие емес деп есептеді.
Қазақстан елінде қызмет атқарған Жоғарғы Кеңестің жалғыз емес екі палаталы болуы қажеттілігі тек 1995 жылы ғана мойындалып, жаңа Конституцияда Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады деп белгіленеді. Жинақталған біраз әлемдік Парламентаризм тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР көрнекті заңгерлері Президенттің бастамашылығымен 1995 жылы осы Конституцияны жазып шығарды. Олай болса, дамудың жоғары сатысына аяқ басқан мемлекеттердегідей бізде де саны бойынша жинақы және сонымен бірге барлық әлеуметтік өлшемдер бойынша өкілді, жұмыс істеуге қабілетті екі палатадан тұратын заң шығарушы орган құрылды. Парламент депутаттарының санының жинақылығына, ықшамдылығына ел басының өзі сындарлы баға береді. Парламенттің кеңестік замандағы Жоғарғы Кеңес секілді 500-ден аса депутаттан емес, 116 депутаттан тұруы, яғни ықшамдылығы - оның тұрақты негізі де өнімді қызмет атқаруының маңызды шарты. Сондай-ақ, мұндай ықшамды құрам заң жобаларының қалыпты талқылануын қамтамасыз етеді және 500 емес, азаматтардың шағын құрамының сайлануы арқылы мемлекеттің қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік туғызады. Бір сөзбен айтқанда, қос палаталы Парламент демократия мен Парламентаризмді дамытуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде жаңа кезең ашты.
Бүгінде Парламент заң шығару қызметімен айналысатын жоғары өкілді және бүкілхалықтық орган. Сондықтан, Конституциямен оған барша халықтың, мемлекеттің атынан өкілдік ету мәртебесі берілген. Қазақстан Республикасы азаматтарымен құрылатын Парламенттің негізгі, басты мақсаты - міндеті заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу [6].
1978 жылғы ҚазКСР Конституциясының 97-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі;
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздігін жариялауының алдыңғы жылдарында мемлекетіміздің зандылық негізі ҚазКСР заңдары мен жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасының заңдарынан пішілген "құрақ" тәрізді болды. Ең бастысы - мемлекеттік биліктің конституциялық базасы қарама-қайшылықта қалды. Сонымен, соңғы он жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандық Парламентаризм дамудың келесідей үш сатысынан өтті (2-сызба):
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына сәйкес бірден - бір заң шығарушы және жоғары өкілді орган (62-бап) болып табылатын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі;
1995 жылғы Конституция бойынша заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болып табылатын қос палаталы Парламент.
2-сызба. Парламентаризмның даму кезеңдері
1.2 Қазақстан Республикасы Парламенті. Парламент палаталары депутаттары
Парламент (ағылшын тілінде parlament,французша parler-сөйлеу)жоғарғы өкілді орган болып табылады, өйткені халық онда өз өкілдерін тікелей де, жанама да сайлайды және алқалы мекемеге біріккен оларға өз өкілдіктерін береді,олар оны халық атынан іске асырады. Халық атынан әрекет ете отырып, парламент заң шығарушылық қызметті атқарады.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін 2 палатадан тұрады (3-сызба).
Парламент
Мәжіліс
Сенат
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі -- бес жыл .
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі .
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі [2].
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады [2].
Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі [2].
Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
3-сызба. Парламент құрамы
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады [10].
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi (4,5-сызба).
Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттің бірінші сессиясында, оның Палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант береді. Парламент депутаты императивтік мандатқа, қандай да болсын аманат пен тапсырмаға тәуелді емес. Ол Парламентте өзінің сенімі бойынша дауыс береді. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да бір қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конституцияда көзделген тәртіппен, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент депутатының өкілеттігі оның кәсіпкерлік қызмет атқаруы, коммерц. ұйымдардың басқарушы органының немесе қадағалаушы кеңесінің құрамына кіруі, сондай-ақ, жергілікті өкілді органға депутат болып сайлануы себепті тоқтатылады. Әр Палатаның өзінің өкілеттілік күші жүретін қызмет аясы бар, сонымен бірге олар бірқатар өкілеттіктерді бірлесе отырып жүзеге асырады.
Парламент Палаталарының төрағалары:
Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды
Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;
Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;
Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды;
палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi
өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады.
4-сызба. Парламент Палаталары төрағаларының міндеттері
Мәжiлiс Төрағасы
Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi.
Парламент сессияларын ашады
Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады
5-сызба. Мәжіліс төрағасы міндеттері
Депутат өз мәртебесін пайдалана отырып, халық ішінде болып, олардың талап-тілектерін, ұсыныстарын ескеруі керек. Сөйтіп, парламент депутаттары халық пен билік арасындағы көпір іспеттес деп айтуға болады. Сондықтан да депутаттыққа білімі жоғары, парасатты, адамгершілік қасиеттері мол, өз мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятын, халқымыздың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, ділін құрметтейтін тұлғаның сайланғаны дұрыс болар еді. Кейде мұндай талаптарға сай келмейтін депутаттардың да сайланып кетіп жатқаны бар. Бұл - халықтың ренішін парламентке деген сенімін азайтып жіберетін факторлар. Әрине ондай депутаттар төбе көрсетіп қалатыны рас. Жалпы Қазақстан парламентінің бесінші шақырылымына дейін халыққа танымал тұлғалар депутаттыққа көп сайланды. Олар осы парламент мінберінен халықтың мұң-мұқтажын қорықпай, ашық айта отырып, ел сенімінен шыға білді. Осындай еңбегінің арқасында нағыз құрметті азаматтарға айналды. Айталық, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Бекболат Тілеуханов, Нұрлан Өнербаев, Нұртай Сабильянов, Сәт Тоқпақбаев сынды депутаттар өз мәртебелерін дұрыс пайдалана отырып, халықтың үмітін ақтай білді. Өздерінің азаматтық борыштарын халық алдында абыроймен атқара білді, шын азаматтық келбеттері танылды. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 16-бабында Парламенттің заңдар қабылдау жөніндегі құзыреті былай деп көрсетілген:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтық субъектiлiгiне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне;
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;
3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiнде;
7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға;
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.
Осыған қарап, парламент депутаттарының құзыретінің кең ауқымды екені тайға таңба басқандай көрініп тұр. Сондай-ақ парламент сессияларындағы талданған мәселелер ақпарат құралдары арқылы халыққа үнемі шынайы түрде жеткізіліп тұрады.
1.3 Парламент депутаттарының өкілеттілігі
Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы Конституциясы, 3-бап).Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.
Бақылаудың бұл түрін біз негізінен Республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері еліміздің Конституциясында бекітілген.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және 1995 жылы 16 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңмен реттеледі.
ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, еліміздің Парламенті тұрақты түрде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат жанама сайлау арқылы құралады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасы астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады [9].
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы бес жылдан кем емес, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты болып сайлана алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған Төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Парламенттің үйлестіруші органдары Палаталар Төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжілістің Бюросы болып табылады. Палаталар Бюроларының құрамына Палаталар Төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің Төрағалары кіреді. Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді [12].
Парламенттің жұмыс органдары Сенат және Мәжілістің тұрақты комитеттері, сондай-ақ Палаталардың бірлескен комиссиялары болып табылады. Палаталардың тұрақты комитеттері заң жобалары жұмысын жүргізу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын-ала қарап, дайындау үшін құрылады. Тұрақты комитеттер құрылған кезде Палаталар олардың тізбесі мен сандық құрамын белгілейді, содан кейін тұрақты комитеттердің мүшелерін сайлайды. Сенат және Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердің саны әр Палатада жетіден аспауға тиіс.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
Парламент депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен, қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады [15].
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты :
* депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан
шыққан немесе шығарылған;
* конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Ал Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz