Медициналық этиканың негізгі даму кезеңдері


«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы : жалпы медицина
Пән : Биоэтика
Курс : 2
Топ : 207«Б»
Тақырып : Медициналық этиканың негізгі даму кезеңдері.
Класикалық медициналық этика және қазіргі заман этика
Орындаған: Тажигосов А
Тексерген: Ертукешова Г. М
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1) Медициналық этика туралы жалпы түсінік
2) Медициналық этиканың дамуы
3) Қазіргі заман этикасы
III. Қорытынды.
Кіріспе
Медициналық этика мен деонтология- медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моралдық- этикалық және эстетикалық талаптарды, әрдайым кәсіби деңгейді біліктілікті жетілдіруді, патриотизимді - өз Отанына, халқына шын берілгендікті жетілдіруіді, өз ісі мен парызына жауапкершілікті қалыптастырудың және тәрбиелеудің негізі ретінде.
Этика (ethika, ethos) - грек сөзінен қазақшаға аударғанда әдет, әдеп деген мағына беретін, игеру, обектісі мораль болып табылатын философиялық ғылым. Адамгершілік туралы ілімді айқындау үшін «Этика» термінің енгізген Аристотель. Деонтология(гректің « deon»- парыз және « logos»- ілім -деген сөздерінен құралған) - парыз туралы ілім. Деонтология терминін XIX ғасырдың бас кезінде адамнынң кәсіби мінез-құлқы туралы ғылым ретінде енгізген ағылшын философы И. Бентам.
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice - адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon - парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), - яғни бұл -медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.
Медицинадағы этика мен деонтология ( Гипократтық кезеңге дейін) құлдық формацияның бастапқа даму сатысында көне үнділік трактаттарда, көне Шығыс, көне Греция және көне Римнің атақты дәрігер - философтарының шығармаларында дәрігерлік қызыметтің және дәрігер дайндаудың ережелері, дәрігердің ішкі және сыртқы кейіпіне қойылатын талаптар қарастырылған. Мысалы әйгілі Аюрведа (« Өмір ғылымы ) деп аталатын б. д. д VI ғасырда құрастырылған трактатта жалпы этика, кәсіби этика және қажет болған жағдайда жедел жәрдемді көрсету этикасы айтылған. Сондай -ақ болашық дәрігерді таңдауда жасына, денсаулығана, есте сақтау қабілетіне және қарапайымдылық, қайрымдылық, көрегенділік сияқты адамгершілік қасиеттеріне үлкен мән берген. Трактатта дәрігерлік құпияны сақтау, науқастың көңілін толық өзіне қарата білу, операциядан кейін өлім аузында жатқан науқасқа, оның туыстарына деген қарым -қатынас туралы айтылған.
Көне Қытайда медициналық этика мен деонтологифяның адам денсаулығын нығайтудағы рөлі, өзінің практикалық қызыметінде әрбір жәрігердің ұстанатын ережелері Хуан-ди Нэй- дзиня « Табиғат және өмір туралы» кітапта көрсетілген. Солардың бірі -науқасты жазылып кететіндігіне сендірудің қажеттегі, сондай- ақ науқастың мінез- құлқына сай арнайы қарым- қатынас орнату, өмірдің сан алуан жағдайларын мойымай «жүректті кеуде де ұстай білу» сияқты кеңестер берілген.
Көне Грецияда Гипократтың ықпалымен дәрігердің адамгершілік кейпіне үлкен мән берілген. Гипократ алғаш рет медицинаның көпғасырлық тәжірибесінң негізінде медициналық этиканы жүйелеуге тырысты. Сөйтіп өзінің әйгілі «Анттында», Дәрігер туралы», «Ізгі әдептілік», «Өнер туралы» кітартарында, «Афоризмдерінде» осыдан екі жарым мың жылдан аса бұрын жазылған емшілікті өмір бойғы міндеті етіп таңдағандар үшін моралдық нормалардың кодексін жасады.
Гиппакраттық гуманизмнің ізбасарлары Асклепиад пен Гален көне Рим дәрігерлері дәрігерге деген адамгершіліктік талаптардың бір қатарын анықтады. оладың пайымдауынша, дәрігер өнері маңызды 3 фактормен: науқас, ауру және дәрігердің шеберлігімен айқындалады. Ауруды тек науқас пен дәрігердің бірлігі не байланысты.
Дәрігерлік қызметтің этикалық және психологиялық аспектілері ұлы Иби Синаның әлемге әйгілі «Дәрігер ғыламының каноны» атты еңбегінде қамтылған. Атап айтсақ Авицинна науқастың қорқыныш сезімін жойып, оны тыныштандырып, көңіл - күйін көтеруге үлкен мән берген. Медицинадағы этика мен деонтология мәселесі Кеңес дәуірінде де қазірде де өзінің жалғасын табуда.
Медициналық этика мен деонтология тек дәрігерлік қызметті қамтамасыз ететін ғана емес, сонымен қатар өмір, бейбітшілік, қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік сияқты басты құндылықтарды сақтауына кепілдік беретін мәдени стратегияларды табуға назар аударады
Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:
• Ғылыми - медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;
• практикалық - кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
• Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
• медициналық қызметкер - емделуші,
• медициналық қызметкер - емделушінің туысқандары,
• медициналық қызметкер - медициналық қызметкер.
Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар.
Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!
Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты. Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.
Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:
• Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
• Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
• Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
«Медбике - емделушінің туысқандары (және жақындары) » арасындағы қарым-қатынастар:
• Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;
• Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;
• Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;
• Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.
«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:
• Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
• Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz