Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Гистология

Кафедрасы: Микробиология, вирусология және иммунология

Курс: 2

Тақырыбы: Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы

Орындау әдісі: мәнжазба

Орындаған: Тәжіғос А. Т.

Тобы: 207 «Б»

Ақтөбе 2016

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

1) Шеміршек тіні, гистогензі

2) Шеміршек тінінің жасқа байланысты гистологиясы.

3) Шеміршек тінінің регенерациясы.

III. Қорытынды.

Кіріспе.

Шеміршек ұлпасы механикалық функция атқаратын дәнекер ұлпасының жоғары дәрежеде жіктелген тобына жатады. Ол адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Мезенхимадан дамиды, тығыз негізгі затта (матриксте) орналаскан клеткалар мен талшықтардан тұрады.
Шеміршек қатты, бірақ иілгіш ұлпа. Пішінінің өзгеруіне карсы тұруға жақсы бейімделген, оның аралық заты серпілмелі келеді және сүйектердің буын беттерінің арасында жиі пайда болатын үйкеліс күшін кемітетін қасиеті бар. Тығыз дәнекер ұлпасына қарағанда негізгі затқа бай келеді.

Жас шеміршектің 70-80% -ы су, 10-15% -ы органикалық зат, 4-7% -ы тұз. Құрғақ затының 50-70% -ын коллаген талшықтары құрайды. Шеміршек ұлпары шеміршек жасушалары - хондроциттерден және жасушалық заттардан тұрады.

Жіктелуі. Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі. Мұндай жіктелу шеміршек тінінің жасуша аралық затының құрылыс-қызметтік ерекшеліктеріне, құрамындағы коллагендік және эластиндік талшықтардың болуына және қатынасына байланысты.

Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.

Шеміршек тіндерінің дамуы ұрықтық және постэмбриональды, яғни регенерациялық кезінде, жолдармен жүзеге асады. Шеміршек тінінің мезенхимадан даму барысында шеміршек диффероны түзіліп, дифферон қатарынан бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы жасушалар, хондробласттар, хондроциттер пайда болады.

Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінімен, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары болуымен, ядросындағы хроматиннің диффузды орналасуымен сипатталады. Цитоплазмасындағы органеллалары нашар дамыған. Жартылай бағаналы жасушаларда бос рибосомалардың саны көбейеді, түйіршікті эндоплазмалық тордың мембранасы пайда болады, жасуша пішінісозылыңқы болып, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы төмендейді. Бағаналы жасушалар сияқты жартылай бағаналы жасушалар да жоғары пролиферациялық қасиет көрсетпейді.

Хондробласттар - жас, пішіні жалпақ, пролиферация мен шеміршектің аралық затын (протеогликандарды) синтездеуге қаьілетті. Бұлар фибробласттардың бір түрі болып саналады. Цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық торлары, Гольджи аппараты бар. Бояғанда хондробласттар ццитоплазмасы РНҚ-ға өте бай болуына байланысты базофильді боялады. Хондробласттардың қатысуымен шеміршектің перифериялық (аппозициональді) өсуі жүреді. Бұл жасушалар шеміршектің дамуы барысында хондроциттерге айналады.
Хондроциттер - шеміршек тінінің ең негізгі жасушалары. Дифференциацияға байланысты сопақша, дөңгелек, кқпбұрышты формалы болып келеді. Жасуша аралық заттың ерекше аймақтарында (лакуналарда) жекеленіп немесе топтасып орналасады. Ортақ аймақта орналасқан жасушаларды изогенді деп атады. Олар бір жасушаның бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Изогенді топтағы хондроциттердің үш тобын ажыратады.
Бірінші топтағы хондроциттердің ерекшеліктеріне ядросы мен цитоплазмасының қатынасының жоғары болуы, пластинкалық комплексінің вакуолярлы элементтерінің дамуы, цитоплазмасында митохондриялары мен бос рибосомаларының болуы жатады. Бұлармен қоса митоз жолымен бөліну жақсы дамыған. Сондықтан мұндай хондроциттер изогенді топты түзетін жасушалар болып табылады. Бұл хондроциттер жас шеміршек тінінде көп болады. Хондроциттердің екінші түрі ядросы мен цитоплазмасының қатынасының төмендеуімен, ДНҚ синтезінің нашарлауымен, РНҚ-ның жоғары деңгейде сақталуымен, түйіршікті эндоплазмалық тордың және Гольджи аппаратының барлық компоненттерінің интенсивті дамуымен ерекшеленеді. Бұл протеогликандар мен түзіліп, жасуша аралық затқа секрециялануын қамтамасыз етеді. Хондроциттердің үшінші түрі - ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте төмен, бірақ цитоплазмасында күшті дамыған және ретімен орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары болатын жасушалар. Бұлар белок синтезі мен оның секрециясына қатысады.

Шеміршек тінінің изогенді тобы

Эмбриональді хондрогистогенез.

Шеміршек тіндерінің даму негізі мезенхима болып табылады. Бірінші сатыда ұрықтың шеміршек түзілетін аймақтарында мезенхима жасушалары өздерінің өсінділерін жоғалтып, қарқынды көбейіп, бір-біріне тығыздалып орналасады. Осының нәтижесінде белгілі бір кернеу - тургор пайда болады. Бұндай аймақтар хондрогендік аралшалар деп аталады. Олардың құрамындағы бағаналы жасушалар хондробласттарға дифференцияланады. Бұл жасушалар шеіршек тінінің негізгі құрылыс материялы болып табылады. Олардың цитоплазмаларында алдымен бос рибосомалардың саны көбейіп, кейін түйіршікті эндоплазмалық тор пайда болады.

Келесі сатысы - алғашқы шеміршек тінінің құрылуы. Хондроциттердің пішіндері дөңгеленіп, мөлшерлері өседі.

Коллагеннің синтезі мен секрециясына қатысатын түйіршікті эндоплазмалық тор дамиды. Келесі сатысы - шеміршек тінінің дифференциалдануы сатысында - хондроциттер гликозамингликандарды синтездеу қабілетін иеленеді.
Дамып келе жатқан шеміршекті жабатын, екі қабаттан - ішкісі камбиальды(хондрогенді) және сыртқысы талшықты қабаттардан тұратын, мезенхимамен шектелген шеміршек қабы қалыптасады. Камбиальды аймақтағы жасушалар қарқынды бөлінеді. Синтезделген заттардың секрециясы мен шеміршекке қабаттануы нәтижесінде жасушалар өз қызметтерінің өнімдерімен толтырылады. Бұл - аппозициональды өсу. Клеткаларын хондробластлер деп атайды. Хондробластлер даму процесі кезінде хондроциттерге айналады. Хондроциттер шеміршек ұлпасының негізгі клеткасы, клеткааралық затта ерекше қуыстарда капсуламен қоршалып орналасады. Хондроциттің беттері электрондық микроскоппен байқалатын микробүрлермен жабдықталған. Бұл клеткалардың ядросы жмыр келеді, хроматин аз болады. Цитоплазмасында митохондриялар, белоктарды синтездейтін гранулалық эндоплазмалық тор мен жақсы жетілген Гольджи жүйесі болады. Хондроцитгер 2-4-онан да көп болып топтасып бірігіп «изогендік топ» деп аталатын комплексті құрайды. Әрбір топ бір хондробластының бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Қуыстың ішінде орналасқан изогендік топтар дәнекер ұлпасынан тұратын капсулалармен қоршалған.
Шеміршекті мезенхиманың клеткаларынан түзілетін шеміршек кабықшасы, немесе перихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасы каптап тұрады. Перихондрдың екі қабатын ажыратады: тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан тұратын сыртқы - фиброзалық қабат пен құрамында хондробластлер бар ішкі - хондрогендік қабаттан . Шеміршектің тіршілігінде оның өсуі мен қоректенуін қамтамасыз етіп үлкен рөл атқарады. Перихондрлық (шеміршек қабықшасының) клеткалары өздерінің митоздық бөліну қабілетін сақтайды, шеміршектің өсуі мен зақымдалған кезде қалпына келуі қамтамасыз етіледі. Шеміршекте қан тамырлары болмайды, қоректі заттарды қан тамырларына бай қабықшасынан диффузиялық жолмен алады.

Жас шеміршектің ортасындағы шеміршек жасушалары қандай да бір уақытқа дейін бір аймақта (лакунада) митоздық жолмен бөліну қабілеттілігін және екінші типті коллаген бөлу қабілеттілігін сақтайды. Осы жасушалардың санының көбею салдарынан шеміршек салмағы ішінен ұлғаяды, бұл интерстициальды өсу деп аталады. Интерстициальды өсу эмбриогенез кезінде және шеміршек тінінің регенерациясы кезінде байқалады. Шеміршектің өсуі мен дамуы барысында оның орталық аймақтары жақын жатқан қантамырлардан алыстап, диффузды түрде шеміршек қабы арқылы қоректенуі қиындайды. Сондықтан хондроциттер өсу қабілеттілігінен айырылып, кейбіреулері бұзылады, ал протеогликандар альбмоидтерге айналады.

Гиалинді шеміршек тіні.

Гиалинді шеміршек тіні, мөлдірлігіне және ақшыл-көк түсіне байланысты шыны тәрізді деп те аталатын, ағзада ең көп таралған шеміршек тіні түріне жатады. Ересек адамдарда гиалинді тін қабырғалардың төс сүйегімен байланысқан ұштарында, көмекейде, тыныс алу жолдарында, жілік сүйектерінің буындық беттерінде кездеседі.

Әр түрлі ағзалардың гиалинді тінінің ұқсастықтары көп болғанымен, олар жасуша аралық затының құрылысына, жасушаларының орналасуына байланысты ерекшеленеді. Адам организміндегі гиалинді тіннің көп бөлігі шеміршек қабы - перихондриймен қапталған.

Шеміршек қабы екі қабаттан құралған: сыртқысы құрамында көптеген қантамырлары бар талшықты дәнекер тінді; ішкісі хондробласттар мен прехондроблаттардан құралған жасушалы. Шеміршек қабының астындағы аралық қабатта ұзын осьтері шеміршек бетімен бағыттас ұршық тәрізді жас хондроциттер орналасады. Төменгі қабаттарында шеміршек жасушалары сопақша немесе дөңгелек пішінді болады. Бұл жасушалардың синтетикалық және секреторлық қызметтері нашарлағандықтан, олар бөлінгеннен кейін ажырамай, 2-4 хондроцииттерден тұратын изогенді топтар түзеді.

Дифференциалданған шеміршек жасушалары және изогенді топтарды базофильді боялған жасуша аралық зат қоршайды. Бұндай қасиеті жасуша аралық заттардағы химиялық компоненттер - ақуыздар мен біркелкі орналаспауына байланысты.

Шеміршекқап хондробласттары шеміршек ұлпасын түзе отырып, шеміршектің қалыңдап өсуін қамтамасыз етеді. Қызметі тоқталған хондробласттар, сол өздері жасаған шеміршектің жасушааралық заты аралығында қалып, хондроциттерге (шеміршек жасушаларына) айналады. Шеміршекқаппен жанасқан шеміршектің шеткі жағында пішіні сопақ ұршық тәріздес ұзынша келген жас шеміршек жасушалары - хондробласттар орналасады. Олардың цитоплазмалары базофилді боялады. Шеміршек ұлпасының шеткі жағынан ортасына қарай жылжыған сайын, хондробласттар пішінін өзгертіп сопақтанып, одан әрі дөңгеленіп, хондроциттерге айналады. Бөліну арқылы көбейген 3-4 хондроциттер бір-бірінен ажырамай, сыртқы жағынан ортақ қабықпен қапталып, хондроциттердің изогенді (біртекті) топтарын жасайды. Олар жасушааралық затқа қышқылды реакциялы гликозамингликандарды шығарып, хондроциттердің изогенді топтарының сыртқы жағындағы жасуша аралық заттың базофилді (көкшіл түске) боялуына ықпалын тигізеді. Біртекті хондроциттер топтарының сыртындағы базофилді боялған жасушааралық заттың аймағын жасушалардың аймақтық негізі (матриксі) деп атайды. Ал хондроциттерден оксифилді (қызыл түске) боялып, олардан шалғай жатқан жасушааралық заттың аймағын аймақаралық негіз деп атайды.

Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затын желімделген коллаген талшықтары құрайды. Коллаген талшықтары мен сәулелерді сындыру көрсеткіштері бірдей болғандықтан, гиалинді шеміршектің жасушааралық заты біркелкі мөлдір болып келеді. Сондықтан, ұлпа гиалинді (грек. Hyalinos - мөлдір, шыны тәрізді) шеміршек деп аталады. Гиалинді шеміршек мұрын қуысының шеміршек пердесін, көмекей, кеңірдек, бронхтар, төссүйек, қабырғалар шеміршектерін түзіп, тіректік және қорғаныс қызметтерін атқарады. Кез келген гиалинді шеміршектің территориялық аймағы, яғни матриксі болады. Мұнда екінші типті коллагендік талшықтар мен шеміршек жасушалары бар. Олар изогенді шеміршек жасушаларын қоршап, механиалық қысымнан қорғайды. Коллагендің құрылымдар арасы протеогликандармен толтырылып тұрады. Шеміршектің жасуша аралық затының құрылысында хондронектин ерекше рөл алады. Бұл гликопротеин жасушаларды өзара және басқа субстраттармен байланыстырады.

Шеміршек тінінің тіректік қызметі оның талшықты каркасының ғана емес, гидратация дәрежесі жоғары гидрофильді протеогликандардың болуына да байланысты. Жасуша аралық заттың гидрофильді болуы қоректік заттар мен тұздардың, газдар мен метаболиттердің еркін диффузиясына мүмкіндік береді. Бірақ антигендік қасиеті бар жоғары молекулалы ақуыздар өте алмайды.

Шеміршектердің барлығының құрылысы бірдей емес. Гиалинді шеміршектің буындық бетінің буын қуысына қараған бетінде шеміршек қабының болмауы оның құрылымдық ерекшелігі болып табылады. Буындық шеміршек үш қабаттан тұрады: беткі, аралық және базальды. Беткі қабатында майда, аз маманданған хондроциттер орналасады. Аралық қабатындағы хондроциттер ірірек, дөңгелек пішінді болады. Оларың митохондриялары үлкен, түйіршікті эндоплазмалық торы мен Гольджи аппараты жақсы дамыған. Базальды қабат базофильді сызықпен екі қабаттқа бөлінеді, екінші қабатында қантамырлар болады.

Гиалинді шеміршек тіні:

  • Шеміршек қабы;
  • Жас хондроциттер;
  • Меншікті зат;
  • Изогенді топтағы хондроциттер.

Эластинді шеміршек тіні.

Эластинді шеміршек тіні шеміршек пішіні иілген бөліктері бар мүшелерде кездеседі. Түсі сарғыш, гиалинді тін сияқты мөлдір емес. Жалпы құрылысы гиалинді тіннің құрылысына ұқсас. Сырты шеміршек қабымен қапталған. Шеміршек жасушалары капсулаларда бір-бірден немесе изогенді топтармен орналасады. Эластинді шеміршек тінінің ең негізгі ерекшелігі - жасуша аралық затында коллагендік талшықтармен қатар эластинді талшықтардың болуы. Шеміршек қабына жақын жатқан қабаттарындағы эластинді талшықтар үзіліссіз шеміршек қабына өтеді. Гиалинді шеміршекке қарағанда құрамында липидтер, гликоген мен хондроитинсульфаттар аз болады.

Эластинді шеміршек тіні:

  • Хондроциттердің изогенді топтары;
  • Эластинді талшықтар.

Талшықты шеміршек тіні

Талшықты шеміршек тіні омыртқа аралық дискілерді, талшықты тіннің гиалинді тінге ауысатын жерлерінде, қозғалысы аз байламдарда кездеседі. Жасуша аралық затындағы параллель орналасқан коллаген талшықтары біртіндеп сиректеп, гиалинді шеміршекке өтеді.

Талшықты шеміршек ұлпасының хондроциттері, осы ұлпаның жасушааралық затындағы коллаген талшықтарының ірі шоғырлары аралықтарында қалған қуыстарда орналасады. Хондроциттер сыртынан қапшықтармен қапталып, қатар-қатар болып жатады.

Талшықты шеміршек тіні:

  • Коллаген талшықтары;
  • Хондроциттер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы
Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері
Жануарларда ісіктердің патологиялық морфологиялық өзгерістері
Гистологияның міндеттері
Өздігінен жүретін пневмоторакс
Эзофаготомия (oesophagotomy) — өңеш қабырғасын зерттеу, бөгде денелерді жою немесе қандай да бір құралдарды енгізу үшін таратудан тұратын хирургиялық операция
Гистология
Каспий орыс бекіресінің көбею жүйесі мен бауырының гисто – функциональды жағдайы
Цитология және гистология түсінігі
Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзігерістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz