Анасынан және ұрық организмінде жиналған иммуноглобулиндердің кластарынан жаңа туған нәресте иммунитетіндегі рөлі (таблица,схема)



Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырып: Анасынан және ұрық организмінде жиналған иммуноглобулиндердің кластарынан жаңа туған нәресте иммунитетіндегі рөлі (таблица, схема)
Кафедра: Микробиология, вирусология және иммунология
Факультет: жалпы медицина
Орындаған: Тәжіғос А. Т.
Курс: 2
Группа: 207 «Б»
Қабылдаған: Кеулімжаева А. Е.
Ақтөбе 2016
Жоспары:
І Кіріспе
Антиденелердің табиғаты
ІІ Негізгі бөлім
А) Иммундыглобулиндердің молекулалық құрылысы
Б) Иммундыглобулиндер сыныбының құрылысы және функционалдық ерекшеліктері
В) Антиденелердің басқа түрлері
ІІІ Қорытынды бөлім
Антиденелердің қасиеттері
І Кіріспе
Антиденелердің табиғаты
Ағзаға антидене енгеніне иммундық жүйенің қарсы жауабының біреуі антигендермен өзіндік байланысқа түсетін, ақуыздардан тұратын антиденелерді биологиялық жолмен қорытып шығаруы. Антидене фагоциттерге ұқсас иммунологиялық қорғаныстың ерте филогенетикалық түрі. Антиденелік жауап балықтардың кейбір түрінде байқалады.
Антиденлер қан сарысуының ақуыздарының гамма-глобулин бөлігіне жатады. Гамма-глобулиндер қан сарысуның барлық ақуыздарының құрамының 15-20 пайызын құрайды, салмағы 10-20гр жетеді. Антиденлер иммундық жауаптың себебінен пайда болғандықтан, оларды - иммундыглобулиндер деп атайды. Олардың халықаралақ белгісі Ig. Сонымен, антидене дегеніміз - ол антигендерге жауап ретінде қорытылып шығарылатын, антигендермен өзіндік байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар, көп түрлі иммунологиялық жауап қайтаруға қатынасатын гамма-глобулиндер. Антиденлерді В-лимфоциттер және олардан тараған плазматикалық жасушалар қорытып шығарады.
Иммундыглобулиндер рецепторлық молекулалар түрінде иммундық жауапты (иммунды компонентті) жасушалар мен миеломдық ақуыздарды мекендеп, ағзада айналып жүреді. Айналыста жүретін антиденелердің 2 түрі бар: қансарысулық және секреторлық. Иммундыглобулиндердің қатарына Бенс-Джонсон ақуыздары да жатады. Олар иммундыглобулиндердің бөлшектері болып миеломалық ауру кезінде мол қорытылып шығарылады.
ІІ Негізгі бөлім
А) Иммундыглобулиндердің молекулалық құрылысы
Иммундыглобулиндер гликопротеиндерден тұрады. Олардың молекулалары сахаридтердің қалдықтарымен тұрақталған, бірімен-бірі қосылған бірнеше полипептидтік тізбектен құралады. 60 градус температурадан жоғары қыздырғанда антиденелер ыдырайды. Иммундыглобулиндер бірінен бірі құрылысымен, антигендік құрамымен және атқаратын міндетімен ажыратылады.
Ауыр тізбектің карбоксилдік шеті
Иммуноглобулин молекуласының құрылысы универсальді. Егер де иммуноглобулиннің молекуласын меркаптан -2-мен өңдесе, ол қосақталған екі тізбекке бөлінеді: екі ауыр және екі жеңіл . Иммундыглобулиндердің жазықталған универсальдік жеке құрылысы мономер деп аталынады.
Б) Иммундыглобулиндер сыныбының құрылысы және функционалдық ерекшеліктері
Ауыр тізбектің молекулалық құрылысының ерекшелігіне сәйкес иммундыглобулиндердің 5 сыныбы не изотипі бар.
1-кесте. Адамның басты сипаттамалары
В) Антиденелердің басқа түрлері.
Антиденлердің комплементпен өзара қатынасына сәйкес комплемент байланыстыратын, комплемен байланыстырмайтын түрлері бар.
Кейінгі жылдары биохимиялық процестерге катализатор ретінде қатынасатын ферменттік қасиеті бар антиденелер ашылған.
Молекулалық биологияның иммунология облысында ашқан жетістіктеріне гибридомнан басқа бір тізбекті, бифункционалды антиденелер және иммундытоксиндер де жатады.
Иммундытоксиндер мен бифункционалдық антиденелердің медицина саласында ауруды емдеу, алдын алу үшін зор болашағы бар.
ІІІ Қорытынды бөлім
Антиденелердің қасиеттері
Өздеріне тән ерекше қасиеттерінің арқасында антиденелер ағзада әр түрлі маңызды міндет атқарады. Сонымен қатар, олардың спецификалық және бейспецификалық әсерлерінің арасында бірталай айырмашылық бар.
Егер де антиген мен антидененің байланысы берік болса, құрылған иммундық комплекс нәтиделі эффекторлық іс атқарады, мысалы антигенді бейтараптап, не белгілеп оның одан әрі ыдырауына және ағзадан шығарылуына себепкер бола алады.
Антидененің тікелей әсеріне - бейтараптау жатады. Ол антиденелердің прототоптарының биологиялық белсенді молекулаларын, мысалы, токсиндерді, дәр-дәрмектердің активті орталығын байланыстыруды немесе тосқауылдауы нәтижесінде болады. Егер де құрылған иммундық комплекс ыдыраса, көріністің керісінше қайту мүмкіншілігі бар және де иммундық қорғаныстың басқа факторларының кірісуін қажет етеді. Осы бейтараптану принципіне антитоксикалық, антивирустық емдеу үшін қолданылатын иммундық қансарысулардың әсер ету механизмі негізделген.
Антиденелер ферменттер тәрізді тікелей әсер ете алады. Ол жеңіл тізбектің тұрақты бөлігімен байланысты. Нуклеазалық және пртеазалық әсерінің арқасында антиденелер антигеннің молекулаларын ыдырата алады.
Антидененің антигенмен байланысуы әр уақытта антигенді бейтараптаумен аяқталмайды. Кейбір жағдайда антидене антигенді «белгілеп» нысана ретінде элиминация және деструкция факторларына ұсынады.
Антидененің бұрылыс жолмен жүретін әсеріне жататындар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz