Эмоционалдық стресс



1. Стресс. Стрестің негізгі түрлері
2. Эмоцианалдық стрестің даму заңдылықтары
Негізгі бөлім
1. Терминнің анықтамасы. Кикілжің жағдайлар эмоционалдық стресстің негізі ретінде, себептері.
2. П.К. Анохиннің (биологиялық теория) эмоционалдық стресс теориясы, П.В.Симоновтың ақпараттық теориясы. Эмоционалдық стрессті жануарларда модельдеу.
3. Эмоционалдық стресстің физиологиялық негізі. Созылмалы стресстің вегетативтік және соматикалық қызметтерге әсері.
4. Организмнің стресске төтеп беру факторлары.
5. Эмоционалдық стресстің профилактикасы.
• Қорытынды
1. Стресс әрекеттерінің потенциалдық бағасына әсер етуші факторлар
2. Стрестің симптомды белгілері және стрестің алдын алу.
Алғаш стресс терминін Канада физиологы Ганс Селье медицина тәжірибесінде анықтады. Стресс күйіне әкелетін факторлар стрессорлар. Бір сөзбен айтқанда стрессорлар әр түрлі, бірақ ол күйді сезген адамның биологиялық реакциясы болған жағдайға бейімделу болып табылады.
Стресстің негізгі түрлері
Әр адамға стрессорлар әр түрлі болады. Солардың бәрін ретке келтіру үшін ғалымдар көп еңбек етті, бірақ стрессорларды бір жүйеге келтіру әлі жүзеге асқан жоқ. Бірақ бұл жағдайлар бізге стресстің негізгі төрт түрін қарастыруға кедергі етпейді. Олар: фрустрация, кикілжің (конфликт), өзгеріс, қысым (давление).
Фрустрация
Фрустрация латын тілінен fruastratio-өтірік, шыдамды күту деген мағынаны білдіреді. А.А. Радугин бойынша адамның мақсатына жетуде обьективті немесе субьективті кедергіге тап болғандығы эмоционалдық күй уайым, қысым, мазасыздануы. Яғни адам фрустрацияны бір нәрсеге қол жетпегенде сезеді. Бәрімізде фрустрациялық күйді күнделікті өмірде сеземіз, бірақ ол қуанышқа қарай ұзақ және маңызды емес мысалы: Өз уақытында төлем ақыңызды ала алмағаныңызға қатты өкінесіз, бірақ үш күннен кейін оны аласыз сіздің өкінішіңіз бұл кезде ұмытылып кетеді. Әрине, кейбір фрустрациялық күй стресске әкеліп соғуы мүмкін. Сәтсіздік пен бір нәрсені жоғалту: міне осы екеуі стресске әкеп соқтырары анық. Бәріміз, кейбірі алдарына реалды мақсат қоймау арқылы, өздерін сәтсіздікке әкеледі. Жақын адамыңды жоғалту фрустрациялық күйді терең сезінуге әкеледі. Кейде адам фрустрацияны өзіне-өзі тудырады. Адамдар әдетте өздерінің жетістіктеріне өздері кедергі келтіреді. Мысалы: сіздің алаңғағасарлығыңызға байланысты жұмыс дәрежеңіз бойынша сіз күткендей көтерілмесеңіз осыған байланысты фрустрациялық күй туындайды, бұл жағдайдың туындауына өзіңіз кінәлісіз. Көп жағдайда фрустрациялық күй агрессивті мінез-құлықты түсіндіреді. Фрустраторлар тез ашуға айналатын агрессияның пайда болуы адекватты емес реакциядан пайда болады: балағаттау, адамға физиологиялық қысым көрсету (шымшу, ұру, итеру) немесе бір обьектіні сындыру.
Кикілжің

Кикілжің-фрустрация сияқты өмірден бөліп алынбайтын жағдай. Күрделі сұрақ «Тұрады ма жоқпа?» адамның алдында кикілжің туғызатын жай. Мүлде келіспейтін екі немесе одан да көп мотивтер іс-әрекетті асыру үшін мінез-құлық бәсекелесе болып табылады. Кикілжіңдер үш түрге бөлінедіә: 1-жақынырақ-жақындау, 2-қашу-қашқақтау, 3-жақындап-қашқақтау. Кикілжің түрлерін ең бірінші суреттеген Курт Левин, ал зерттеген Нил Миллер болды. Кикілжің жақынырақ-жақындау түрінде-екі көрікті мақсатының біреуін таңдау керек. Бұл жердегі негізгі проблема сіз екеудің біреуін ғана таңдайсыз.
Барлық үш түрдің жақынырақ-жақындау кикілжіңі ереже бойынша стрессогенді болып табылады. Ресторанға келгенде әр түрлі тағамның ішінен біреуін ғана таңдауға қиналмайды, бұл кикілжің ереже бойынша жақсы аяқталады. Бірақ та кей жағдайда жақындау аса маңызды болса, бұл кикілжің едәуір қысым көрсетуі мүмкін. Егер сіз екі көрікті жігіттердің қайсысын таңдарыңызды білмей жүргеннің өзінде де стресс күйі қоса жүреді.
Кикілжің қашу-қашқақтау түрінде қашқақтайтын адамға екі көріксіз мақсаттың арасын таңдауға тура келеді. Бұл жағдайда сізге екі көріксіздің ішінен бір көріксізді таңдау керек. Айталық сіздің беліңіз қатты ауырып жүр сіз бұл кезде өте қатты қорқатын операцияға келісесіз бе, жоқ әлде шыдап жүре бересіз бе? Қашу-қашқақтау кикілжіңі көрініп тұрғандай жағымсыз және ең күшті стресс. Бұл жағадайда әдетте адамдар шешім қабылдауды ұзаққа созады, қалайда бір әдіспен кикілжіңнен қашу үшін. Жоғарыда келтірілген мысалдар ауырған жеріңіз кейін қойып кетер деген үмітпен операция туралы шешімді кейінге қалдырасыз.
1. Л.З.Тель, К.М.Хамчиев «Адам физиологиясы»-Алматы,2012
2. К.В.Судаков, пер:М.Қ.Қанқожа «Адам физиологиясы» ГЭТАР-Медиа2014
3. «Адам физиологиясы», Алматы, 2014,Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедрасы: Қалыпты физиология
Курс: 2
Дисциплина: Физиология-1
Тақырыбы: Эмоционалдық стресс

Орындаған: Тәжіғос А.Т.
Группа: 207 Б
Тексерген: Омарова А.Б.

Ақтөбе, 2016 жыл

Жоспары:

* Кіріспе
1. Стресс. Стрестің негізгі түрлері
2. Эмоцианалдық стрестің даму заңдылықтары
Негізгі бөлім
1. Терминнің анықтамасы. Кикілжің жағдайлар эмоционалдық стресстің негізі ретінде, себептері.
2. П.К. Анохиннің (биологиялық теория) эмоционалдық стресс теориясы, П.В.Симоновтың ақпараттық теориясы. Эмоционалдық стрессті жануарларда модельдеу.
3. Эмоционалдық стресстің физиологиялық негізі. Созылмалы стресстің вегетативтік және соматикалық қызметтерге әсері.
4. Организмнің стресске төтеп беру факторлары.
5. Эмоционалдық стресстің профилактикасы.
* Қорытынды
1. Стресс әрекеттерінің потенциалдық бағасына әсер етуші факторлар
2. Стрестің симптомды белгілері және стрестің алдын алу.

* Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

1. Стресс. Стрестің негізгі түрлері
Стресс - бұл ерекше ситуациялардан туындайтын эмоционалды күй.
Алғаш стресс терминін Канада физиологы Ганс Селье медицина тәжірибесінде анықтады. Стресс күйіне әкелетін факторлар стрессорлар. Бір сөзбен айтқанда стрессорлар әр түрлі, бірақ ол күйді сезген адамның биологиялық реакциясы болған жағдайға бейімделу болып табылады.
Стресстің негізгі түрлері
Әр адамға стрессорлар әр түрлі болады. Солардың бәрін ретке келтіру үшін ғалымдар көп еңбек етті, бірақ стрессорларды бір жүйеге келтіру әлі жүзеге асқан жоқ. Бірақ бұл жағдайлар бізге стресстің негізгі төрт түрін қарастыруға кедергі етпейді. Олар: фрустрация, кикілжің (конфликт), өзгеріс, қысым (давление).
Фрустрация
Фрустрация латын тілінен fruastratio-өтірік, шыдамды күту деген мағынаны білдіреді. А.А. Радугин бойынша адамның мақсатына жетуде обьективті немесе субьективті кедергіге тап болғандығы эмоционалдық күй уайым, қысым, мазасыздануы. Яғни адам фрустрацияны бір нәрсеге қол жетпегенде сезеді. Бәрімізде фрустрациялық күйді күнделікті өмірде сеземіз, бірақ ол қуанышқа қарай ұзақ және маңызды емес мысалы: Өз уақытында төлем ақыңызды ала алмағаныңызға қатты өкінесіз, бірақ үш күннен кейін оны аласыз сіздің өкінішіңіз бұл кезде ұмытылып кетеді. Әрине, кейбір фрустрациялық күй стресске әкеліп соғуы мүмкін. Сәтсіздік пен бір нәрсені жоғалту: міне осы екеуі стресске әкеп соқтырары анық. Бәріміз, кейбірі алдарына реалды мақсат қоймау арқылы, өздерін сәтсіздікке әкеледі. Жақын адамыңды жоғалту фрустрациялық күйді терең сезінуге әкеледі. Кейде адам фрустрацияны өзіне-өзі тудырады. Адамдар әдетте өздерінің жетістіктеріне өздері кедергі келтіреді. Мысалы: сіздің алаңғағасарлығыңызға байланысты жұмыс дәрежеңіз бойынша сіз күткендей көтерілмесеңіз осыған байланысты фрустрациялық күй туындайды, бұл жағдайдың туындауына өзіңіз кінәлісіз. Көп жағдайда фрустрациялық күй агрессивті мінез-құлықты түсіндіреді. Фрустраторлар тез ашуға айналатын агрессияның пайда болуы адекватты емес реакциядан пайда болады: балағаттау, адамға физиологиялық қысым көрсету (шымшу, ұру, итеру) немесе бір обьектіні сындыру.
Кикілжің

Кикілжің-фрустрация сияқты өмірден бөліп алынбайтын жағдай. Күрделі сұрақ Тұрады ма жоқпа? адамның алдында кикілжің туғызатын жай. Мүлде келіспейтін екі немесе одан да көп мотивтер іс-әрекетті асыру үшін мінез-құлық бәсекелесе болып табылады. Кикілжіңдер үш түрге бөлінедіә: 1-жақынырақ-жақындау, 2-қашу-қашқақтау, 3-жақындап-қашқақтау. Кикілжің түрлерін ең бірінші суреттеген Курт Левин, ал зерттеген Нил Миллер болды. Кикілжің жақынырақ-жақындау түрінде-екі көрікті мақсатының біреуін таңдау керек. Бұл жердегі негізгі проблема сіз екеудің біреуін ғана таңдайсыз.
Барлық үш түрдің жақынырақ-жақындау кикілжіңі ереже бойынша стрессогенді болып табылады. Ресторанға келгенде әр түрлі тағамның ішінен біреуін ғана таңдауға қиналмайды, бұл кикілжің ереже бойынша жақсы аяқталады. Бірақ та кей жағдайда жақындау аса маңызды болса, бұл кикілжің едәуір қысым көрсетуі мүмкін. Егер сіз екі көрікті жігіттердің қайсысын таңдарыңызды білмей жүргеннің өзінде де стресс күйі қоса жүреді.
Кикілжің қашу-қашқақтау түрінде қашқақтайтын адамға екі көріксіз мақсаттың арасын таңдауға тура келеді. Бұл жағдайда сізге екі көріксіздің ішінен бір көріксізді таңдау керек. Айталық сіздің беліңіз қатты ауырып жүр сіз бұл кезде өте қатты қорқатын операцияға келісесіз бе, жоқ әлде шыдап жүре бересіз бе? Қашу-қашқақтау кикілжіңі көрініп тұрғандай жағымсыз және ең күшті стресс. Бұл жағадайда әдетте адамдар шешім қабылдауды ұзаққа созады, қалайда бір әдіспен кикілжіңнен қашу үшін. Жоғарыда келтірілген мысалдар ауырған жеріңіз кейін қойып кетер деген үмітпен операция туралы шешімді кейінге қалдырасыз.
Жақындап-қашқақтау кикілжіңге түскен адам алдына қойған мақсатқа қол жеткізер алдында жағдайдың пайдалы және жағымсыз жағын қарастырып шешім қабылдауы керек болады. Мысалы: сіздің меніңіз көтеріледі онымен бірге төлемақыңыз да көтеріледі, бірақ сіз жақсы көрмейтін, білмейтін қалаңызға келуіңіз керек. Жақындап-қашқақтау кикілжіңі өте көп таралғандықтан күрделі стресс тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда кикілжің сенімсіздік туғызады. Кикілжіңге түскен адам сенімсіз бірде алға, бірде кері әрекет етеді.
өзінің тышқанға жүргізген наваторлық зерттеуінде Нил Миллер қашқақтау мотивациясы жақындау мотивациясына қарағанда тез күшейетінің тапты осының нәтижесінде Миллер мынадай қорытында жасады: Жақындап-қашқақтау кикілжіңін шешу үшін ең алдымен жақындау мотивациясын күшейтуге емес қашқақтау мотивациясын әлсіретуге күш салу керек. Кейіннен зерттеу арқылы жақындау градлентіне қарағанда, алыстау градленті баяу үлкейеді. Осыған қарап біз екі кикілжіңге байланысты да кеңес беруіміз керек. Басқа сөзбен сіз өмірдегі өзгерістер стресс жағдайының негізгі қайнар көзі деп есептеледі. Бұлар кез-келген өмірдегі өзгерістер, бұл жағадайда адам өзгеріске бейімделіп отыруын талап етеді. Томос Хоулмзом Ричард Рай мен оның әріптестері бұл мәселені бірінші болып қарастырған. Олар көптеген туберкулез ауруымен ауырған адамдармен әңгіме жүргізген. Қызық көрінгені мен ол оқиғалар жағымсыз болған. әрине жағымсыз жағдайлар көп болғанымен жағымды оқиғалар да болған. Мысалы: үйлену тойы, нәрестенің дүниеге келуі, жұмыс дәрежесінің жоғарлауы.
Неге жағымды оқиғалар стресс туғызады. Хоулмзу және Рай зерттеулері бойынша мұндай оқиғалар адам өміріне өзгерістер тудырады. Күнделікті өмірдегі өзгерістің өзі стресс болып табылады. Осы ережеге сүйенсек, қарым-қатынастағы өзгерістер, жұмыста немесе қаражат жағынан т.б. жағдайлар аяғы жақсыға әкелседе, стресс тудырады.
Браун және Мак Гилл зерттеулері бойынша адамның өз қалауы бойынша болған өзгерістер біреулерде стресс, ал енді біреулерде стрессіз өтуі мүмкін. өмірдегі жағымды өзгерістер және денсаулығының нашарлауы арасындағы байланыс өзін-өзі бағалауы төмен адамдарда болатынын көрсетті. Осы зерттеулер негізінде Браун және Макк Гилл позитивті оқиғаларды қалай бұзса сол дәрежеде стресс тудырады деп атап көрсеткен.
Қысым
Қысым дегеніміз- біз өзімізді белгілі бір бейнеде ұстау үшін, басқалардың күтуін және талабын қосады. Қысым екі түрге бөлінеді. 1 орындау, 2 сәйкес келетін. Бізге берілген тапсырманың ұқыпты, тез орындалуын күткен кезде біз-орындау қысымында боламыз. Мысалы: Клоун күлкілі болу үшін тырысады, ал студент болса емтиханды жақсы тапсыру үшін. Рай Баумейстр жұмысында қысымның жұмысты орындауда, нашар нәтижеге әкелетіні көрсетілген. Бұл мәселені Потенциалды стресс эффектісі бөлімінде кең көлемде қарастырамыз. Біздің өмірімізде біреудің күткенімен сәйкес келу қысымы көп кездеседі. Жоғарғы қызметтегі адамнан, оның қатал түрде киінуін күтеді. Ал жасөспірімдерден ата-анасының тәрбиесінен шықпауын, жастардың 30 жасқа келгенше үйленуін күтеді. Қысым психологиялық өзгерістен көрі психикалық денсаулықпен тығыз байланыста көрсетілген.
2. Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары

Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар адамның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін) туындатса, (мысалы, олардың әсерінен жаңа пәндерді игеруі арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеті артады, әртістер жан-тәнімен өздері сомдаған кейіпкерлері бейнесін көрермендерге жеткізеді, кәсіпкерлер нарыққа бейімделеді, т.с.с), шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына себепкер болады. сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық бейімділіктен басым болып отыр.
Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу және ауысу жылдамдығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері:
1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі, қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады. Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды.
2-түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ флегматиктер деп атаған.
3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын, тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр Гиппократта хоелриктер делінеді.
4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар, уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4- түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды.
Ой соққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай белсенділігі көтерілген нерв жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып, мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, оларды бір функциялық дерттік жүйеге біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін нервтік реттеу бұзылады. Ары қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе ойда бар дерттері өрши түседі. Жан мидың қызметі болғандықтан, жан жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, тері, нерв, буын аурулары, жан дүниелік дерттер, т.б. жатады.

Негізгі бөлім

1.Терминнің анықтамасы. Кикілжің жағдайлар эмоционалдық стресстің негізі ретінде, себептері

Стресс (ағыл. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс үш кезеңнен тұрады:
1. үрейлену- жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2. төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамдайды, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3. әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды.

Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауіп туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

2.П.К. Анохиннің (биологиялық теория) эмоционалдық стресс теориясы

Эмоция пайда болу себептерінің алғашқы теориясы Ч.Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір тіршілік сигналдық мәні бар екендігін анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т.с.с.) және ымдау әсерленістері эмоциялық туа біткен көріністерге жатады.
П.К.Анохиннің(1949) айтуынша, эмоция даму барысында сыртқы жағдайларға сәйкес мұқтаждықты тез бағалау және қанағаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсенді іс-әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық мақсат орындалса, қанағаттық сезімі туады. Содан нәтижелі қимыл-әрекетпен ұласқан жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.

П.В.Симоновтың ақпараттық теориясы

П.В.Симонов(1966) ұсынған ақпараттық қағида эмоцияны адам мен жануарлар миының пайда болған мұқтаждықтың сапасын және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Мұны олардың әрқайсысы ырықсыз генетикалық және жеке жүре пайда болған тәжірибе негізінде бағалайды. Яғни эмоция мұқтаждық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стрестік жағдайлардың психофизиологиясы
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері жайлы мәлімет
Жоғарғы оқу орны жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стресс
Психикалық күйлердің жіктелуі
Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары
Кәсіби күйзелістің нәтижесі ретіндегі күйзеліс синдромы және оның белгілері
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
Қысқа мерзімді, шағын стресстер
Жалпы орта мектептегі оқушыларда эмоционалды стрестің алдын алуы
Эмоция және ерік психологиясы
Пәндер