Ежелгі шығыс философиясындағы ерекше дүниетанымдық идеялар


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Әлеуметтік және саяси пәндер

Дисциплина: Философия

Курс: ІІ

Тақырыбы: Ежелгі Шығыс философиясындағы ерекше дүниетанымдық идеялар

Орындау түрі: Глоссарий құрастыру

Орындаған: Тәжіғос А. Т.

Тобы: 207 «Б»

Тексерген : Сагимбаева Н. А.

Ақтөбе 2017 жылы

  1. Адамдысүю (жэнь) - Конфуций философиясының маңызды категориясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адамдардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіретін ұғым.
  2. Алтын орта (чжун юн) - Конфуций философиясының басты ұғымдарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді. Оның жоғарғы жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес. Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу.
  3. Асыл адам, бекзат адам (цзюнь-цзы) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершілік тұрғысынан жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. "Асыл адамдар" көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді.
  4. Атман- тiршiлiктiң негiзi, барлық денелердiң iшкi бастамасы, саналы тiршiлiк иесi, әлемдi жаратушы.
  5. Ахимса- жердегi өмiрдiң барлық түрiнiң бiрлiгi.
  6. Бодисатва- арахатқа жетпеген, бiрақ толық бiлiмге талпынып жүрген адам. Ол бiлгiрлiктен гөрi, уағыздаушыға ұқсайды. Өзiнiң мүмкiндiгiмен тек өзiн ғана емес, өз күшiмен нирванаға жете алмайтындардың бәрiн құтқарады.
  7. Буддизм- (санскр. - жарықтану, жарық болу) . Буддизм теориялық философиядан гөрi, дiни этикаға негiзделген. Буддизмде қаталдық жоқ, сенгiң келсе сен, сенгiң келмесе сенбе. Буддизм - адам қандай әлеуметтiк сатыда тұрса да аурудан, кәрiлiктен құтыла алмайды. Тiптi құдайға арналған құрбандық та көмектесе алмайды дейдi. Азаптан құтылудың жолы - сансарадан (жанның бiр денеден екiншi денеге ауысып отыруы) толық азат болу.
  8. Вайшешика(саскр. «вишеша» - ерекшелiк) . Алғашқы кезде бұл жүйеде материалистiк сәттер көрiндi. әлемнiң атомдық құрылымы туралы ойды дамытты. Барлық заттар әрдайым өзгередi, бiрақ оларда тұрақты шар тәрiздi атомдар элементi бар. Атомдар мәңгi, оны ешкiм жаратпаған және көп сапалы (атомның 17 сапасы бар) . Олардан әртүрлi жанды және жансыз заттар пайда болады. Әлем тек атомдардан тұрса да, оның дамуындағы қозғаушы күш құдай, ол карма заңына сәйкес әрекет жасайды.
  9. Гедонизм(hedone - рахаттану) . Тiршiлiктiң қызығын көрiп өмiр сүру қажет, ажал қадалып келiп тұрғанда ешкiмнiң одан құтылу мүмкіндігі жоқ, ол бәрiбiр алып тынады. Олар адамның мақсаты - байлық пен рахат өмiр сүру деп санады. Бұл теория, осылайша, адамды эгоизмге баулып, тiршiлiктiң қызығын қалауыңша көр деп насихаттайды.
  10. Дао- әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері.
  11. Дао- Дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының басты категориясы. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао универсалдық заңдылық; Қөктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.
  12. Джайнизм- идеалистiк философия және этикалық iлiм, б. з. б. ҮI-Ү ғғ. пайда болды. Оның негiзiн қалаушы Вардхамана, соңынан Махавира (Ұлы батыр) және Джина (жеңiмпаз - қайту туу шеңберiн жеңген) . Джайнизм буддизм сияқты жанның ауысуы туралы iлiм, карма заңын, жанның мәңгiлiгiн мойындайды. Джайнизмнiң пiкiрiнше тұлғаның мәнi дуалистiк: рухани (джива) және материалдық (аджива) болады.
  13. Ди- ағаны сыйлау.
  14. Жэнь(гуманность - адамгершiлiк) . Адамдар арасындағы өзара қатынастың этикалық және әдептiлiк қағидалар жиынтығы. «Өзiң қаламайтын нәрсенi басқа бiреуге жасама» (Лунь Юй) .
  15. И(парыз, әдiлеттiк) . «Парыздың» жиынтығы, адамның мiндеттi орындауын талап етедi. Тiптi өз мүдеңе және пайдаңа қарсы болса да. Өмiрдiң мәнi - парызды өтеу болады немесе әрекет мақсатсыз болады, парыз құндылығы оның нәтижесiнде емес, әрекетiнде. Парыздың негiзi - жэнь («Лунь Юй») .
  16. Инь және Ян- этимологиялық мағынасы "төбенің немесе өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі" дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің раңиональдік, “әйелдік” бастауы, Ян - бейсаналық, "ер адамдық" бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.
  17. Йога(зорлану, күштену, терең толғану) - бұл философия және практика. Ол медитациялық сананың әдiсiн жасайды. Йога жүйесiнде құдайға сену - теориялық көзқарастың элемент пен практикалық iс-әрекеттің шарты ретiнде қаралды. Йога - адам миының жасырын мүмкiндiктерi туралы ойды қалыптастырып, экстрасенсорлық қабiлеттiң әдiс жүйесiн ойлап тапты, яғни адамның тынысын, демiн, тамақтануын реттеу ережесiн жасады.
  18. Карма(санскрит бойынша iс-әрекет, қимыл, iс, жеребе салу) - iс-әрекетiне сәйкес құрметтеу не жазалау заңы, индивидтiң (жеке адамның) келешектегi өмiрiн алдын ала толық мәнiнде анықтайды. Кең мағынада - әрбiр тiрi жанның жасаған iс-әрекетiнiң жалпы қосындысы, оның жаңа туғаннан кейiнгi (яғни, ары қарай өмiр сүруi) кезеңдердегi сипатын анықтайды.
  19. Легистер(заңгерлер- лат. Legis - iлiк септiгi, lex - заң) . Легизм б. з. д. ҮI-II ғ пайда болып қалыптасты. Легизм заңгерлер мектебiнiң iлiмi, адам, қоғам және мемлекет туралы саяси-этикалық концепциялар жасады. Негiзгi өкiлдерi: Шан ян, Шэнь Бухай, Шэнь Дао және оның ең көрнектi өкiлi - Хань Фэй.
  20. Ли цзи- салт-жоралар туралы жазу.
  21. Ли(этикет) қоғамдық қағида, Жэньнiң нақтылыққа айналуы, оның барлық өмiр саласындағы iске асыру әдiсi болады (отбасынан мемлекетке дейiн) . Этикеттi бiлмеу - тұрақталу мүмкiндiгi жоқтың (лайықты мiнез-құлықтың) белгiсi (Лунь Юй) .
  22. Лунь Юй- әңгiмелер мен пiкiрлер кітабы.
  23. Махаяна- «құтылудың кең жолы» немесе «үлкен шеңбер». Мүмкiндiгiнше көп адамдардың құтылуы ретiнде, дүниеде бола отырып, дүниеден қайтқан соң мәңгi-бақи, бiрақ сонда да уақытша, Нирванаға жетуге болады, деп санайтын ағым.
  24. Миманса- (толғану, ойлау), құрбандық шалу туралы веда мәтелдерiн зерттеу. Миманса мектебi пiкiрiнше Веда мәңгi және өз бетiмен өмiр сүредi, олар кейде адамдарға қолайлы пайғамбарлар арқылы өзiн табуға мүмкiндiк бередi. Миманса - веданың салт-жораларын түсiндiруге тиiстi. Веда iлiмі дхарма-парыз идеясымен толық байланысты, оның парызын орындау барысында қармадан босану, қайта тууды тоқтату, әрі азаптан құтылуға жеткiзедi.
  25. Мин(тағдырды немесе Аспан еркiн бiлу) . Әлемде бiздiң әмiрiмiз жүрмейтiн күштер бар, сондықтан табысты болу немесе болмауды ойламай, қалай болуы керектiгiне сай iс-әрекет ету керек, яғни “Минаның барын бiлу”. “Кiмде кiм Минаның барын бiлмесе, ол “iзгiлiктi қайраткер” бола алмайды (Лунь Юй) .
  26. Мокша- атманның брахманмен бiрiгуi, жеке жанның әлемдiк жанмен сәйкестiгiн тануы арқылы iске асуы. Мокша - күнделiктi тұрақты әдепке жету, өнегелiктi жетiлдiру. Әркiм өз бақытының ұстасы, оның бақыты тәлiм-тәрбиесiне байланысты.
  27. Ньяя(ереже, логика) - ойлаудың түрi туралы iлiм. Ақиқатты танудағы шарт пен әдiс, босануға жетудiң құралы логика мен оның заңдарының көмегiмен анықталуы мүмкiн дедi. Ньяя философиясы рационалды таным қағидаларын қалыптастырады. Дәйектi таным көздерi, сезiмнен тыс қабылдау, сөйлемнiң логикалық құрылымы туралы iлiмдi енгiздi. Бұл мектепте дамыған таным теориясы болды. Формальдық логика заңдарына сүйенiп, танымдағы эмпирикалық (түйсiк, қабылдау) пен рационалдықтың (айғақ, теңестiру, дәлелдеу) тепе-теңдiгiн мойындады.
  28. Пуруша- мифологияда астан-кестеннен (хаос) пайда болған алғашқы адам, оны құрбан ету әлемнiң пайда болуына алып келетін адам түрiндегi әлем. Оның демiнен - жел, бiр көзiнен - күн, екiншiсiнен - ай, т. б. пайда болады. Пируша философиялық түсiндiруде - барлық әлемге енген, өзiндiгi жоқ рухани бастама.
  29. Рита- ғарыш тәртiбi, заң мен заттардағы заңдылық барысы. Рита - сезiмдiк дүниенiң алдында пайда болды, денелiк заттар тек қана ританың көрiнiсi. Рита - бұл тек физикалық заң ғана емес, оған барлық тiршiлiк иелерi бағынатын моральдық та болып саналады.
  30. Санкхья(санк, бойынша санап шығу) - веданың мәтiндерiн тiкелей қабылдамайды, онда тәуелсiз тәжiрибе және толғану бар. Бүкiл әлем екi субстанцияның - материя, табиғат (пракрти) және пурушидiң өзара әрекетi нәтижесiнде пайда болды. Пракрти - мәңгi және құбылмалы әрекеттегi энергия мен әртүрлi материалдық, объектiнiң бастау көзi болса, Пуруши - таза сананың немесе «менiң», рухтың жеке болмысы. Осы екi бiр-бiрiне себепкер бастамадан санкхья - индуизм философиясындағы дуалистiк бағыт болып есептеледi.
  31. Сансара(санскрит бойынша дәлме-дәл бiрдемеден өту, қайта туу) - Сансара концепциясы барлық тiрi жанның туысқандығын тұжырымдайды және жаңадан пайда болудың арқасында, олардың түрiнiң арасындағы бiр-бiрiне ауысуын (адам, жануарлар, өсiмдiктер, тiптi құдайға
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия тарихындағы адам мәселесі
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Адам мәселесі
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Қазіргі философиялық мәселелер
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz