Қайрымдылық балалар үйі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Негізгі бөлім
1.1 Қайрымдылық балалар үйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстандағы қайрымдылық қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Шет елдегі балалар қорының Қазақсатандағы жұмыстары ... ... ... ... ... ...17
2. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Бала – тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден, қатал қарым – қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы.
Бұл курстық жұмыста жалпы Қазақстандағы қайрымдылық қорлар мен балалар үйі туралы айтылады, жетім балаларға қандай көмек түрлері мен жеңілдіктер тағайындалғаны туралы қарастырамыз.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде
1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды. 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні деп белгіленген.
Жалпы курстық жұмыстың мақсаты – қайрымдылық балалар үйі туралы және балалар құқығын қорғау туралы айтылады және өзекті мәселелерді мағынасын ашып көрсету болып табылады. Қоғамда баланың орны қандай? Қайрымдық қорларының құрылу мақсаты қандай ? осы сұрақтар барысына қарастырамыз.
Жалпы бала дегеніміз — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Бала ата- анасымен тұруға және ата – ана тәрбиесін беруге, махаббатын сезіндіруге, отбасы жылулығын сыйлау ата – анасының басы міндеті болып табылады.
Балалар үйі — ата-анасыз қалған балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесі. Балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау.
Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр.
Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде.
Менің ойымша, бала асырап алуға үгіттейтін жарнамалар жақсы әрине, бірақ ең алдымен отбасын сақтап қалуға, адамдарды отбасын бұзбауға ынталандыратын тетіктер болса – өз ата-анасына керексіз балалар да болмас еді.
Бұл курстық жұмыстың екінші сұрағында Қазақстандағы қайрымдылық қорлар туралы айтылады. Тоқтала кетсек, негізгі мақсаттары- әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар отбасынадғы балаларға, олардың ұлтына және дініне қарамастан көмекке мұқтаж ұл – қыздардың жағдайын жақсартуға қайсыбір мәселелерді шешуге қоғам мен үкіметке жәрдемдесу.
1 Городецкая Ирина Константиновна «Международная защита прав и интересов детей» М.1973
2 Табанов С.А. «Общество, родители, дети» - Алматы 1986
3 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы -Алматы,1998
4 //http://kaz.kuszholy.kz//
5 //https://bestreferat.kz//
6 //http://kaz.saby.kz///

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Негізгі бөлім
1.1 Қайрымдылық балалар үйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақстандағы қайрымдылық қорлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Шет елдегі балалар қорының Қазақсатандағы жұмыстары ... ... ... ... ... ...17
2. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Бала - тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден, қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы.
Бұл курстық жұмыста жалпы Қазақстандағы қайрымдылық қорлар мен балалар үйі туралы айтылады, жетім балаларға қандай көмек түрлері мен жеңілдіктер тағайындалғаны туралы қарастырамыз.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде
1919 жылы пайда болды, 1924 жылы - Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды. 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні деп белгіленген.
Жалпы курстық жұмыстың мақсаты - қайрымдылық балалар үйі туралы және балалар құқығын қорғау туралы айтылады және өзекті мәселелерді мағынасын ашып көрсету болып табылады. Қоғамда баланың орны қандай? Қайрымдық қорларының құрылу мақсаты қандай ? осы сұрақтар барысына қарастырамыз.
Жалпы бала дегеніміз -- әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Бала ата- анасымен тұруға және ата - ана тәрбиесін беруге, махаббатын сезіндіруге, отбасы жылулығын сыйлау ата - анасының басы міндеті болып табылады.
Балалар үйі -- ата-анасыз қалған балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесі. Балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау.
Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр.
Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде.
Менің ойымша, бала асырап алуға үгіттейтін жарнамалар жақсы әрине, бірақ ең алдымен отбасын сақтап қалуға, адамдарды отбасын бұзбауға ынталандыратын тетіктер болса - өз ата-анасына керексіз балалар да болмас еді.
Бұл курстық жұмыстың екінші сұрағында Қазақстандағы қайрымдылық қорлар туралы айтылады. Тоқтала кетсек, негізгі мақсаттары- әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар отбасынадғы балаларға, олардың ұлтына және дініне қарамастан көмекке мұқтаж ұл - қыздардың жағдайын жақсартуға қайсыбір мәселелерді шешуге қоғам мен үкіметке жәрдемдесу.
Қазір елімізде шамамен 300 мың бала балалар үйіне түсудің алдында тұр екен. Баласынан бас тартатындар мен жағдайы жаман отбасылармен жұмыс істейтін, балалардың өз үйіне бақытты болуын қамтитын жүйе жоқ. Оның орнына мемлекет бұл мәселенің салдарымен ғана күресіп келеді: балалар үйін қаржыландырады. Шындығында бұл мәселені шешудің өзге жолдары бар.
Үшінші сұрақ бойынша Шет елдегі балалар қорлаының жұмысы болмақ. 1994 жылы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігін ұйымдастырғаннан кейін ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің тұрақты бағдарламасы бойынша жұмысы басталды.
ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры, -- БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі,екінші дүние жүзілік соғыс тауқыметін тартқан Еуропа балаларына көмек қоры. ЮНИСЕФ жақын болашақта Қазақстандағы, әсіресе шалғай аудандар мен осал қауымдастықтарда өмір сүретін балалардың өмірін жақсарту, сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау саласында ҚР заңнамалық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Негізгі бөлім

Қайрымдылық балалар үйі

Балалар ата-аналарын асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс. "Адамдарға біз ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық" деп жазылған Құран Кәрімде. ҚР Конституциясында: "Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті" делінген.
20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Қарашаның 20-сы - Бас ассамблеяның 1959 жылы Балалар құқы декларациясын, ал 1989 жылы - Балалар құқы Конвенциясын қабылдауымен ерекшеленеді.
Қайырымдылық -- көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Еліміздегі қайырымдылық жұмыстары жайында сөз қозғаларда, ең алдымен көз алдыңа жанары жәудіреген, жүрегі жабырқау, әлеуметтік жағдайға мұқтаж жандардың елестейтіні анық.
Көбінесе ананың ыстық алақанын, мейірімді жылулығын сезбей өмір сүріп жатқан сәбилер арамызда жетерлік. Оларға материалдық жағынан көмек беріп, санасы түзу азамат болып тәрбиеленуіне еліміздегі қайырымдылық шараларының рөлі ерекше.
Қайырымдылық -- адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Отбасы -- бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Жетімдік - баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.

Жетімдік түрлері:
Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.
Тұл Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер болып табылады.
Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз.
Ол Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, балалар қайырылымдылық үйлері ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз.
Балалар үйі -- ата-анасыз қалған балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесі. Балалар үйін ұйымдастырудың мақсаты -- балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау.
Жалпы білім беретін оқу-тәрбиелік мекемелерде балалар 3 жастан 18 жасқа дейін толық мемлекет қамқорлығында болады. Қазақстанда алғашқы Балалар үйі 1918 жылы ашылды. Кеңес өкіметі кезінде Балалар үйінің:

* мектепке дейінгі 3 -- 7 жастағы бүлдіршіндер;
* мектептік 7 -- 14 жастағы балалар;
* аралас - бүлдіршіндер мен мектеп жасындағылар
* арнаулы - ата-аналары соғыс кезінде қаза тапқан балалар түрлері болды.
1956 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша Балалар үйінде болу мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылды. Мектептік Балалар үйі мектеп-интернат болып қайта1959 жылы құрылды. Балалар үйіндегі балалар тобының көпшілігі отбасы үлгісінде ұйымдастырылған: ағайынды, апалы-сіңілі балалар бірге өмір сүріп, тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілер жақын маңда орналасқан мектептер мен оқу орындарында оқиды.
Мектеп бітірген соң, арнаулы орта, жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылдануға құқылы. Мұнда олар жалпы ережелерге сай мемлекет қамқорлығына алынады.
Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде. Әйткенмен, он сегізге толып, кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ?
Дана халқымыз Балалы үй -- базар, баласыз үй қу базар деп, баланың көптеп дүниеге келуін тілеп, ұрпағының көбейіп, шағырағының кеңейгенін жақсылыққа балаған.
1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл - асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты.
Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр.
Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген.
Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында - АҚШ (6406 бала) екінші орында - Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр.
Одан әріде немістер - 173, канадалықтар - 167, ирландықтар - 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі - қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі - орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да басқа ұлттардың арасында өзбек, тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының бірде-бір баласы жоқ. Неміс, украин, белорус, татар, поляк, молдован, грек, кәріс, грузин, шешен, армян және ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар.
Қазір елімізде шамамен 300 мың бала балалар үйіне түсудің алдында тұр екен. Баласынан бас тартатындар мен жағдайы жаман отбасылармен жұмыс істейтін, балалардың өз үйіне бақытты болуын қамтитын жүйе жоқ. Оның орнына мемлекет бұл мәселенің салдарымен ғана күресіп келеді: балалар үйін қаржыландырады. Шындығында бұл мәселені шешудің өзге жолдары бар.
Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы жабық орта сенсорлық аштық тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.
Республикадағы 44 балалар үйі мен мектеп- интернаттарында тәрбиеленіп жатқан 1,5 мың тұлдыр жетімді, қараусыз қалғандарды (олардың 85 пайызының ата- анасының біреуі не екеуі де тірі)3,5 мың мүгедектерді, демек,он мыңнан асатын қамкөңіл балалардың үсті басын бүтіндеу, тамағын беріп, басынан сипау оңай шаруа емес. Міне, осындай игі ниетті істерді тәуелсіз елімізде алғашқылардың бірі болып қайрымдылық қорларының тындырып жатқан істерін айрықша айтуға болады.
Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес, барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан. Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты.
Көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, демеушілікпен айналысып отырған әлеуметтік қорлар - Бөбек, Аяла, Бауыржан, Дарабоз, Құс жолы, Сәби, Жәрдем сияқты тағы да басқа жеке меншік ұйымдардың мақсаты мен қызметі де бір.
Royal Petrol ЖШС бес жасқа дейінгі 62 баланы тәрбиелеп отырған №2 қалалық мамандандырылған Балалар Үйіне жыл сайын қайырымдылық көмек шарасын ұйымдастырып отырады. Ондағы балалардың көбі орталық және перифериялық жүйке жүйесі сырқатымен ауыратындар, сонымен бірге туа біткен даму кемістігі бар балалар. Кей балалар бұл жерде ата-аналарының материалдық және баспана қиындықтарына байланысты орналастырылған.
Бөбек қорының бастамасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен республиканың барлық аймақтарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері үшін Ризашылық - Доброта во благо детям! атты қайырымдылық мерекесі өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару, олардың адамгершілік-рухани дамуына ықпал ету.
Айтарлықтай, осы ғажайып күні балалар үйі тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тапсырылады.
Ұйым қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу.
Бөбек қорының алғашқы қайырымдылық акциясы - Үміт пен шаттық ордасы атты телемарафон 1992 жылдың қазан айында өткізілсе,
1997 жылы Бөбек оқу-сауықтыру орталығы есігін айқара ашты. Ол кезде баланы қорғау проблемаларына ерекше назар бөлу қажет еді. 1995 жылы Бөбек қоры Қазақстан кәсіпкерлерінің науқас сәбилерге көмегі атты ең ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Алғашқы он жылда қор негізінен балалар үйлері мен балалардың денсаулық сақтау мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсеткен. Міне, 10 жылдан бері қор жетім студенттер мен аз қамтылған отбасылардың студенттеріне де әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.
Балалардың денсаулығы - еліміздің алтын қазынасы. Қазақстанның болашағы балалардың дене және рухани дамуына байланысты. Олай болса, ағымдағы жылдың қайырымдылық мерекенің басты идеясы - спортқа және салауатты өмір салтына балалардың қызығушылығын қалыптастыру.
Қазір еліміздегі ірі компаниялар қайырымдылық шарасын өткізуге жыл сайын қаржы бөлеп отырады. Бір қызығы компаниялар өздерінің қомақты қаржысын қай бағытқа жұмсауды жетік біле бермейді. Қоғамдық өмірге байыппен қарасаңыз, компаниялар бірінші кезекте жетім балалар үйіне қаржы бөліп жатады. Жетім-жесірге көмектесу бұл өте орынды іс екені даусыз. Бірақ қоғамда халықтың мүддесін көздейтін бұдандан да шетін мәселелер бар ғой. Айталық қайырымдылық шарасына бөлінген қаржыны жас жеткіншектердің білім беру саласына жұмсайтын болсақ, жұмсалған қаржының өтеуі еселеп қайтар еді.
Қарбаласқан, қапылысқан заманда ағымға ілесеміз деп жүріп, өмірдегі ең маңызды дүниелерді естен шығарып аламыз. Бүгінгі күні тек өз отбасыңа, жақындарыңа ғана қарайласу - ащы болса да шындық. Осы олқылықтың орнын толтыруға тырысып, шәкірттерімізбен бірге бізге таңсық болған ортаға барып көруді шештік. Ұжымымыздың бет алған бағыты Талғар қаласындағы Нұр жекеменшік жанұялық балалар үйі болды.
"Нұр" балалар үйінде қазіргі таңда 80 тәрбиеленуші бар. Олардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Барлығының жүрегіне жол таба білу, оларға туысқандықтың нышанын ояту үлкен еңбекті қажет етеді. Не десек те, жетімнің бойында жасықтықтың болары сөзсіз. Жастайынан әке-шешенің құшағынсыз өскен бүлдіршіндерге бір ғана жанның емес, қоғамның қолдауы қажет.
Бір түсінгеніміз, әр адам балалар үйіне барып тұруы тиіс. Себебі мұнда келіп әркім өзі іздегенін табады. Өмірдің қатал сынына іліккен жаны таза балаларға қарап, олардың кіршіксіз көңілдерімен өз жаныңызға да жайлылық сыйлайсыз.
Біздің қорымыз балалар үйлеріне қатысты балаларды өз бетінше өмір сүру дағдыларына үйрету және оларды кейіннен аман-есен әлеуметтік ортаға жіберу бойынша жұмыс жүргізеді. Бұған балалар үйлерінде арнайы жабдықталатын әлеуметік-тұрмыстық бағдарлану бөлмелері және шеберханалар ықпал етеді. Балалар үйлерінің балалары мен ұстаздары үшін оқу жылы аяқталғаннан кейін ДАРА қорымен бірлесіп өткізетін Күлімдеу күні игі дәстүрге және тамаша мерекеге айналды.

Қазақстандағы қайрымдылық қорлар

Қазіргі заманда қайрымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға үлкен күш-жігер қажет. Кәсіпкерлерге қайырымдылық іс-әрекеттерінің қоғам үшін маңызы зор екенін түсіндіру өте қиын. Дамағын елдерде кәсіпкерлердің өздері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүдделі болып тұрады. Өйткені, оларда қайырымдылықпен айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы мұндай үрдіс біздеде де бар.
Бала - тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден, қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы.
Дегенмен ата - аналарды балаларының білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге құқылы. Барлық жас балалар білім алуға,өмір сүруге, медициналық көмек алуға құқығы бар.
Қор
1) ақшалай қаражат, құндылықтар, кіріс көздері. Негізгі түрі: экономикалық қорлар - өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары, қаражаты. Бұған табиғи қорлар (шикізат көздері, геофизика көздер), еңбек қорлары, капиталдар, айналым құралдары (материалдар), қаржы-қаражат жатады;
2) азаматтар не заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени және басқа қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін бейкоммерциялық ұйым. Қордың құрылтайшылары берген мүлік қордың меншігі болып табылады. Құрылтайшыларға қор міндеттемелері үшін жауапкершілік жүктелмейді, сондай-ақ қор да өз құрылтайшыларының міндеттемелері үшін жауап бермейді. Қор көздеген мақсаттарға жету үшін қажетті кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Оны жүзеге асыру үшін қор шаруашылық қоғамдар құрып, оларға қатыса алады. Қор таратылған жағдайда несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі қор жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Қайырымдылық ұйымдары - Қазақстанда жалпы қоғамның немесе жеке адамның мүдделері үшін қайырымдылық қызметін жүзеге асыру мақсатымен құрылған бейүкіметтік, бейкоммерциялық бірлестіктер. Қоғамдық ұйым, қор, мекеме түрінде және басқа нысанда құрылады. Жеке және занды тұлғалар қайырымдылық ұйымдарының нысанына қарай оның құрылтайшылары бола алады. Ұйым белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Қайырымдылық ұйымдарының кірістері шығыстарынан асып түскен жағдайда артығы осы ұйым мақсаттарына ғана жұмсалады.
Қауымдастық құрылғанда Алматы қаласындағы 18 қайырымыдық қоры мүше болды. Міне, осылай Қазақстанда бірнеше қайрымдылық қорлар дүниеге келді солардың бірнеше түрлерін қарастыра кетсек.
1. Кедейшілік жағдайында өскен және жетім баланың психологиялық және физикалық денсаулығы нашар, үлгерімі төмен басқа балалармен қарым - қатынас жасауға мүмкіншілік жоқ болады. Осы ретте Республикамыздағы Халықаралық Бөбек қайырымдылық қорының тындырып жатқан ісін айрықша айтуға болатыны ақиқат.
Республикалық Бөбек қайырымдылық қоры алғаш рет 1992 жылы 27 наурызда Республикалық Бөбек қайырымдылық қоғамдық балалар қоры Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелді.
Қазақстандықтардың болашағы, ұлттық генофондты сақтау жолында аналық жүрекпен, ұлтжанды сезіммен жұмыс ісету парасаттылық пен ақниеттілікті қажет етеді- дейді республикалық Бөбек қайырымдылық қорының президенті. Содан бері бұл қор Республика жеткіншектерінің дұрыс қалыптасуы, дамуы жолында өз жұмысын жемісті жалғастырып келеді.
Оның негізгі мақсаты- әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар отбасынадғы балаларға, олардың ұлтына және дініне қарамастан көмекке мұқтаж ұл - қыздардың жағдайын жақсартуға қайсыбір мәселелерді шешуге қоғам мен үкіметке жәрдемдесу.
Бөбек қорының алғашқы қайырымдылық акциясы - Үміт пен шаттық ордасы атты телемарафон 1992 жылдың қазан айында өткізілсе,
1997 жылы Бөбек оқу-сауықтыру орталығы есігін айқара ашты. Ол кезде баланы қорғау проблемаларына ерекше назар бөлу қажет еді. 1995 жылы Бөбек қоры Қазақстан кәсіпкерлерінің науқас сәбилерге көмегі атты ең ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Алғашқы он жылда қор негізінен балалар үйлері мен балалардың денсаулық сақтау мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсеткен. Міне, 10 жылдан бері қор жетім студенттер мен аз қамтылған отбасылардың студенттеріне де әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.
Әсіресе, ата- ананың аялы алақанына зәру жетімдерге, экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру - сырқау және жалпы мүгедек балалрға қамқорлық жасауды өз жұмыстарына басты бағдар еткен.
Қордың құрылтайшылары мемлекеттік және қоғамдық ірі ұйымдар, қорлар, әлемдегі іскер адамдар, банктер мен коммерциялық құрылымдар.
Бөбек халықаралық балалар қоры осы 24 жыл ішінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық жұмыстарды жүзеге асырып, аталмыш қор халықаралық деңгейге көтерілді, тағдыр балалардың бәріне бірдей қуаныш сыйлап отырған жоқ.
Осы күндері Қазақстанның барлық аймағында Бөбектің бастамасымен құрылған балалар қорлары жұмыс істеп жатыр.
Алматыда осы қордың ұйымдастыруымен өмірге келген Рухани және мәдени даму салоны жұмыс істейді. Бұл жерде халыққа танымал белгелі адамдармен кездесулер, балалар өнерінің көрмелері мен қайырымдылық шараларын өткізу сияқты бірқатар игі істер жүзеге асырылуда.
Қор Алматыда тұнғыш рет жетім балаларға арналған жанұя тектес балалар қалашығын қолдауды өзінің басты міндеті деп санап,SOS Қазақстан балалар қалашығы ашылды. Ол Австралиядағы Халықаралық SOS-киндердорф Интернационал қорының қайрымдылық көмегі арқасында іске асты.
Бөбектің қолға алған тағы бір - мәселесі ол тастанды сәбилер тағдыры. Бұлардың көпшілігі әдетте некеден тыс туылған балалар. Қор осындай тастанды балалар тәрбие алатын Үміт үйі атты балалар мекемесін ашты.
Олар әзірге Алматыда, Шығыс Қазақстанда ғана бар. Бұл үйдің ерекшелігі де сол - анасының сәбиді мүлдем тастап кетуіне жол берілмейді. Онымен келісім шартқа келеді, және сол келісімнің құпиялығы сақталады.
Анасының баласын асырап - бағуға мүмкіндігі келмесе сәбиін уақытша осы Үміт үйінде қалдыра тұрады. Ал жағдайы оңалғаннан кейін баласын кез келген уақытта өз қолына алуына мүмкіндік жасайды. Бұл бала тұл жетім боп өспеуіне себепкер болумен бірге ананың да сәбиінен айрылмауына көмектеседі.
Бөбек қайрымдылық қоры балалар үйінен шыққан жеткіншектерге мүмкіндігінше қол ұшын беруге, көмектесуге тырысады. Сондықтан ол жастардың оқуға түсуіне, жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай біршама жеңілдіктер жасауға жәрдемдесуде.
2. ALTYN KYRAN қайырымдылық қоры 2011 жылдың басында құрылғанымен, іс жүзінде, Алтын Қыран компаниялар тобы қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды 10 жылдам астам уақыт бойы жүзеге асырып келген. Кейіннен бұл жұмысты тұрақты және жүйелі түрде жүргізу мақсатында аттас корпоративтік қайырымдылық қор құру туралы шешім қабылданды.
Қордың Президенті және құрылтайшысы - Алтын Қыран компаниялар тобының бас директоры Исламбек Төлеубайұлы Салжанов. Қордың негізгі қызметтері:
* отандық мәдениет, өнер, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу;
* осы салаға қомақты үлес қосқан Қазақстанның көрнекті қайраткерлерін қолдау;
* қазақстандық қоғамды біріктіруге қабілетті ұлттық идеяны қалыптастыруға атсалысу;
* патриотизмді, ұлттық салт-дәстүрді, адамгершілік және этикалық қағидалар мен мәдени құндылықтарды насихаттау;
* мемлекеттік тілдің дамуына жәрдемдесу;
* қоғамдық ортада салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау;
* жоқ-жітіктер мен тұрмыс жағдайы нашар адамдарға, қарттар мен мүгедектерге, жетім балалар мен көмекке зәру оқушылар мен студенттерге қол ұшын созып, дарынды һәм талантты балаларды жарыққа шығарып, оларға жан-жақты қолдау көрсету.
"ALTYN KYRAN" қоры мен билік органдары, негізгі үкіметтік емес ұйымдар және даму институттары арасында конструктивті диалог құру қажеттілігінің туындауына байланысты аталмыш қызметті заңдастыру туралы шешім қабылданды.
3. 2008 жылдың қаңтарында АЯЛА мен ДАРА қайырымдылық қорлардың бастауымен Қайырымдылық Қорлар Ассоциациясының (ҚҚА) формалды емес желісі құрылған болатын, сөйтіп, бірінші оның мүшелері болып балалар, жастар, жанұя саласында жұмыс істейтін қорлар кірді.
Ассоциация өз ісін бастағаннан бері бірнеше бірлесіп жасаған жобалары іске асырылды, олардың ішінде:
:: Неке мен жанұя туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне, яғни, қамқорға алуға қатысы бар жөндеулер енгізілді;
:: Қазақстан Республикасындағы балалық кардиохирургиясын дамытуға бағытталған Менің де өмір сүргім келеді жобасы іске асырылды, оның нәтижесінде біздің елімізде жүректерінің туа ақуалары бар, салмақтары 10 кг жетпейтін балаларға үнемі операциялар жасалып жүр;
2008 жылынан бастап Алматы қаласы балалар үйлерінің түлектері үшін, АЯЛА және ДАРА қайырымдылық қорлары өткізіп жүрген Қуаныш күні мерекесі дәстүрге айналды.
Екі жыл бойы бірлесіп істеп жүрген қорлардың қызметтері, қайырымдылық саласында жұмыс істеп жүрген заңды тұлғаларды бірлестірудің, заңды тіркелген Қайырымдылық Ұйымдар Ассоциациясының (ҚҰА) керектігі және актуалды екендігін түсінуге әкелді.
4. Алматы қаласындағы тағы бір қор- Эльдани балалар қайырымдылық қоры. Бұл қор 1996 жылы мамыр айында Алматыда дүниеге келген. Негізгі мақсаты - орталық нерв жүйесі зақымдалған сол аурулармен ауыратын балаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Балалар уйі
Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері
Балалар қайырымдылық қорлары
Ауыл-селодағы әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік байланыс адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет
Қазақстандағы қайырымдылық негіздері
Волонтерлік әрекеттер түрлері және оның ерекшеліктері
Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары
Пәндер