Отбасы және бала тәрбиесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Негізгі бөлім
1.1 Отбасы және бала тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Отбасымен және балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3Мигрант балалармен отбасына әлеуметтік қызмет көрсету түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әлебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.
Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәнімен мағынасының тереңдігіне тәуелдік еледі.
Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді.
Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесімен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендешемемлекетпенқоғамдатәрбиелікшараларындұрысжолменұйымдастырудең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн.
Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң»,»Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан – ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
1.Холостова Е.И. Социальная работа с семьей – М. Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2011. –244 с.
2.Холостова Е.И. Социальная работа. – М. Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2012. –612 с.
3. Поддубная Т.Н. Социальная работа с детьми семей беженцев и вынужденных переселенцев в условиях Республики Адыгея/ Т.Н.Поддубная.-Майкоп:Изд-во МГТИ, 2003.С.3-4.
4. Поддубная Т.Н., Поддубный А.О. Управление системой социальной защиты детства.- Ростов-надону:Феникс, 2005.С.307-321.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Негізгі бөлім
1.1 Отбасы және бала тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Отбасымен және балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3Мигрант балалармен отбасына әлеуметтік қызмет көрсету түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әлебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Отбасы тәрбиесі -- көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.
Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәнімен мағынасының тереңдігіне тәуелдік еледі.
Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы -- бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді.
Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесімен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендешемемлекетпенқоғамдатәрбиелікша раларындұрысжолменұйымдастырудең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн.
Сонымен бірге Отбасы туралы Заң,Жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін, - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.
Әлеуметтік көмек көрсетудің бұдан әрі жұмысы емдік шаралары, кеңес беру, психотерапия және психокоррекция, кей кездері әлеуметтік еңбектік оңалту жұмыстары бойынша бағдарлама жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда медициналық оңалту осы күнге дейін аз нәтиже беріп келе жатыр, көп жағдайда обьект емнен кейін сол ортасына қайта келіп жатады немесе отбасы ерікті немесе еріксіз күйде бұрынғы қалпына түсетін жағдайлар болады.
Әлеуметтік жұмыста мигранттармен жұмыстың екі негзгі асепктісі бар - практикалық әлеуметтік жұмыс (әлеуметтік көмекті қажет ететін нақты адаммен немесе топ адамдарымен) және ұйымдастырушылық жұмыс (әлеуметтік қызметкердің жұмысын ұйымдастыру және құрастыру, нақты бағдарламаларды, шаралардың жоспарларын өңдеу және т.б.).
Әлеуметтік қызметкер жағдайды қанша қиын болса да үмітсіз деп есептемеу керек, бірақ отбасылардың проблемаларын шешу өте жауапты және отбасы мүшелерінің еркін таңдауын, жауапкершілікті қарауын қажет ететінін есте сақтау керек.
Әлеуметтік қызметкер мигрант отбасылардың ауыр жағдайда тұрғанын, яғни барлық мәселелерін ескеру қажет. Сондықтан мигрант отбасылардың балаларымен әлеуметтік жұмыс барысында отбасының үлкен адамдарының келесідей негативті стереотиптерін алдын-алу қажет.

Отбасы және бала тәрбиесі

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік - психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді.
Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір - біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата - ана және құрбыларымен қарым - қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез - құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді.
Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді.
Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды
Отбасы тәрбиесі -- көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.
Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәнімен мағынасының тереңдігіне тәуелдік еледі.
Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы -- бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді.
Зерттеу пәні: -- мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен от басы -- ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.
Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.
Зерттеудің дереккөздері: бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесімен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендешемемлекетпенқоғамдатәрбиелікша раларындұрысжолменұйымдастырудең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн.
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік
Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызыдеп отбасының міндеті анық көрсетілген. Қазақстан - 2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған.
Сонымен бірге Отбасы туралы Заң,Жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады.
Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Отбасы - бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол - адам үшін ең үлкен орта.
Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата - аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері - еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады. Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата-аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.
Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала - отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы - зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.
Балалардың бос уақыты - бұл шығармашылыққа еліктеу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады.
Көптеген отбасыларында ата-аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналған. Егер ата-аналар қоршаған табиғат пен өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болар еді.
Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі - бұл ерлі- зайыптының өзара махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды, жеке басының қамын ойлайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың пікірлерінше, оларға мына мәселелер жатады:
1. Отбасының этикалық құрамы және құрамы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы;
2. Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, селолық және қалалық отбасы;
3. Отбасының мәдени потенцияллы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті; күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер;
4. Ішкі отбасылық қатынастар отбасы микроклиматтарының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
6. Отбасының тәрбиелік потенциялы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі Отбасының осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі; адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік - шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы.
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Тәжірибе мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй-күйі төмен болады.
Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.
Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден: ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдер де кездеседі.
А.С.Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетті: Басу беделі, Мейірімділік беделі, Сатып алу беделі, Тақуалық беделі т.б.
Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірбиесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу өте қажет. Отбасына қатысы бар адамдардың әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жіктелген. Мысалы, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен апа, іні мен қарындас, немере, шөпшек, жиен, жиеншар, құда мен құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен қайын сіңілі, жезде, бажа, т.б. жеті ата мен одан тарайтын шаңырақтар ру, жүз.
Адамдардың ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орыналатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан қарым-қатынастың іс-әрекеттік байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады.
Отбасы - қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары бой көрсетіп қалыптасады.
Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата-ананың басты борышы.
Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен дұрыс тәрбие беру қажет. Ата-ана өз баласының неге қызығатынын, нені жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай іс-әрекеттерге ынта-ықыласы барын, қандай іске бейім екенін біліп отыруға тиіс.
Ел болу үшін бесігіңді түзе деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар - білімді, парасатты, ұл-қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің басты парызымыз.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатынасы әртүрлі болатыны белгілі. Тәжірибе барысында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білім-іскерліктерінің қалыптасуының мынандай өлшемдері (критерийлері) анықталды: ата-аналардың балалары, мектеп, қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланысы, бала тәрбиесі туралы білімді меңгеру; ондағы ата-аналардың мінез-құлқы бала тәрбиесін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер; балаларды тәрбиелеудегі белсенділік, ынталылық және дербестік; бала тәрбиесінде жауапкершілік қарым-қатынасын көрсету; отбасындағы тәрбиеге қызығушылық; отбасы тәрбиесіндегі іскерліктері мен дағдылары; бала тәрбиесінің қажеттігін және маңызын түсінуі.
Осы аталған өлшемдер негізінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының үш деңгейі белгіленді:
Жоғары деңгейі. Бала тәрбиесінде сапалы қолданылатын, терең педагогикалық білімі бар ата-аналар жатқызылады. Оларда мінез-құлық пен іс-әрекеттің балаларына дұрыс тәрбие берудегі бағыттылығы айқын көрінеді. Отбасындағы тәрбиеге оң қарым-қатынаста болады, оған деген жоғары саналылығымен ерекшеленеді.
Педагогикалық іскерлігі мен дағдылары мол болады, бала тәрбиесі жұмыстарына белсенді қатысады, өз бетімен білімін көтереді, көп оқиды, мұғалімдердің белсенді көмекшілері, бала тәрбиесіндегі белсенділігі, дербестік көрсетіп, оған қызығушылық танытады.
Орташа деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімі үстірт, жеткіліксіз, нашар ұғынады және бар педагогикалық білімін отбасы тәрбиесінде сирек қолданылады. Отбасындағы бала тәрбиесіне қызығушылығы тұрақсыз, жағдайлық, сезімдік қарым-қатынасын жасайды, баланың дұрыс дамуына, қалыптасуына жол береді. Жалпы алғанда бала тәрбиесіне байланысты іскерліктері мен дағдысы қалыптасқан, бірақ қолдануда ыждағаттылық танытпайды.
Төменгі деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімдері жоқ, балаларын жан-жақты тәрбиелеуге талпынбайды, ол процесті жүргізуге қызығушылығы жоқ, бала тәрбиесіне байланысты іскерлігі мен дағдысы қалыптаспаған. Балаларына немқұрайлы қарым-қатынасын жасайды, оларды дұрыс тәрбиелемейді.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін, - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көптігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше орын алуы тиіс.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми - техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады.
Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.
Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас. Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар,"қызықты" әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының "уақталу"процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді.
Дегенмен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында. Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды.
Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың "өзі үшін өмір сүруге"ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.
Бала туудың азаюы - шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.
Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Бала тәрбиесі және отбасы
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Отбасы тәрбиесінің негізі
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Тәрбие отбасы өзегі
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Пәндер