Сапониндер. Сапониндер туралы жалпы түснік. Құрамында сапониндер бар өсімдктер



1. САПОНИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСНІК.
2. ҚҰРАМЫНДА СТЕРОИДТЫ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДКТЕР,
i. ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ және ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ
ii. Қолданылуы
1. Реми медициналық
2. Халық медицинасында
3. ҚҰРАМЫНДА ТРИТЕРПЕНДІ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДІКТЕР
i. ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ және ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ
ii. Қолданылуы
1. Реми медициналық
2. Халық медицинасында
Сапониндер (лат. сөзі-Sapo-сабын) деп үлкен табиғи қосылыстар тобын атайды. Сапониндер химиялық құрылысы жағынан гликозидтер болып саналады. Олардың гемолитикалық қасиеті бар және салқын қандыларға улы. Сапониндер суда оңай еритін түссіз зат. Сапониндердің судағы ерітіндісі немесе шикізатты сілкіп бөліп алғанда күшті көбіктеніп кетеді, сол қасиетіне байланысты оны XІX ғасырдың басында сапониндер дап атаған.
Сапониндер сұйытылған этанолда және метанолда (60-70%) суықта ериді, ал концентрациясы жоғары (80-90%) спиртте тек қыздырғанда ериді, салқындатқанда ол тұнбаға түседі. Сапониндер эфирде, хлороформда, ацетонда, бензинде және да басқа органикалық еріткіштерде ерімейді.
Кейбір сапониндерде жоғарыда айтылған қасиеттердің бәріне ие емес. Мысалы, кейбір сапониндер суда ерімейді, ал кейбіреулерінің гемолитикалық белсенділігі жоқ.
Барлық сапониндер өзінің химиялық табиғаты жағынан гликозидтер, олар агликондардан (сапогениндерден) және көмірсудан тұрады. Сапониндердің негізгі белгісі болып сапогениндердің құрылысы саналады.
Сапониндерді өсімдік шикізатынан бөліп алу
Сапониндерді өсімдік шикізатынан бөліп алу келесі сатыларды қажет етеді:
1 – саты. Сапониндедің суммарлы фракциясын алу.
Әдете сапонинді полярлы еріткіштермен экстрагирлейді
- метанолмен немесе этаномен әр үрлі концентрацияда
- сумен
- 0,9% натрий хлоридінің қоспасымен
- аммиакың улы ерітіндісімен
2- саты. Бірлесіп жүретін заттардан тазарту:
- сапонинді фракцияларды (очищают переосаждением) тазартады
Сапониндердің қасиеттерінің көмегімен, концентрленген спитртерді қыздырғанда жақсы ериді және суытқанда тұнбаға түседі.
Сапониндердің суда немее сулы спиртте ерімейтін тұздар барии гидроксидімен, мырыш ацетатымен, холестеролмен, танидтерме, белоктармен комплекстер түзу қасиеттері негіз болады.
Алынған тұздарды қышқылдармен, халестеролды комплекстерді бензолмен немесе эфирмен халестиринді экстрагирлейді, танинді оксидті мырыш суспензиясымен экстоакциялайды, белокты сапониндерді полустң органикалық еріткіштермен.
- сапониндік фракцияларды гельфильтрация немесе хромотографиялық әдістермен тазартады.
3 саты. Сапонин суммаларының жеке гликозитерге бөлінуі.
Стероидты сапониндер.
Химиялық құрылысы және қасиеті.
Стероидтар табиғи қосылыстардың үлкен тобын құрайды. Стероидты сапогениндердің ерекшеліктері ол олардың С-16-да оттегілік қызметтің болуы, ал кейде 1,2,5 және 12 жағдайында.
Стероидты сапониндердің жоғарғы спирттермен (мысалы, холегтеринмен) комплексті қосылыстар түзуге мүмкіншілігі бар. Ол комплексті қосылыстар суда ерімейді, бірақ та этанолда жақсы ериді. Стероидты сапониндер өздерінің басқа қасиеттерімен тритерпенді сапониндерден айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Сапониндерді шикізаттан бөлгеннен кейін және олардың гидролизінен кейін сапогениндердің стероидтық структурасын ИК-Спектроскопия әдісімен дәлелдеуге болады.
Стероидты сапогениндердің 4 сіңіру аймағы немесе жолағы болады: 852, 900, 922 және 987см-1.
922 және 900 жолақтарының белсенділігінің айырмашылығы олардың сапогениннің қандай қатарға - "нормалы, әдеттегі" немесе "изо-қатарға" жататындығын көрсетеді.
ҚҰРАМЫНДА СТЕРОИДТЫ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДКТЕР
Стероидты сапониндер Lіlіaceae, Amaryllіdaceae, Scrophularіaceae тұқымдастары өкілдеріне тән. Совет ғалымдары олардың басқа тұқымдастар өкілдерінде де болатындығын анықтады (мысалы, Fabaceae, Ranunculaceae, Zygophyllaceae).
Стероидты сапониндер жылы қандыларға улы емес, ал салқын қандыларды өлтіреді, мысалы, балықтарды. Сондықтан алғашқы адамдар оны балық аулағанда пайдаланған.
Стероидты сапониндер стероидты гормондарды синтездеу үшін арзан шикізат ретінде маңызы зор.
Dioscorea nipponica Makino - Диоскорея ниппонская
Dioscorea caucasіca Lіpsky - Диоскорея кавказская
Dioscorea deltoides Wall.- Диоскорея дельтовидная
Echіnopanax elatum Nakaі (Azulіacea) - Заманиха высокая
Yuca glorіosa L (Agavaceae) - юкка славная
Agava sisalana Perrino - Ага́ва сиза́левая
Бұл өсімдіктердің біреуі де Қазақстанда кездеспейді. Dіoscorea туысының жоғарыда келтірілген екі өкілі де және Echіnopanax elatum (заманиха высокая) Россия территориясында Приморья аймағында кездеседі. Ал Yucca glorіosa (юкка словна) негізінен Орталық Америкада өседі. Екпе өсімдік ретінде Алжирде, Индияда және ТМД елдерінде (Кавказда) өсіріледі. Осы өсімдіктерден Echіnopanax elatum Nakaі өсімдігінің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
САПОНИНДЕР. САПОНИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСНІК. ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДКТЕР
Орындаған: Жалел М.
Қабылдаған: б.ғ.к., аға оқытушы
Тыныбеков Б. М.

Жоспар
САПОНИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСНІК.
ҚҰРАМЫНДА СТЕРОИДТЫ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДКТЕР,
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ және ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ
Қолданылуы
Реми медициналық
Халық медицинасында
ҚҰРАМЫНДА ТРИТЕРПЕНДІ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДІКТЕР
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ және ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ
Қолданылуы
Реми медициналық
Халық медицинасында
САПОНИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСНІК
Сапониндер (лат. сөзі-Sapo-сабын) деп үлкен табиғи қосылыстар тобын атайды. Сапониндер химиялық құрылысы жағынан гликозидтер болып саналады. Олардың гемолитикалық қасиеті бар және салқын қандыларға улы. Сапониндер суда оңай еритін түссіз зат. Сапониндердің судағы ерітіндісі немесе шикізатты сілкіп бөліп алғанда күшті көбіктеніп кетеді, сол қасиетіне байланысты оны XІX ғасырдың басында сапониндер дап атаған.
Сапониндер сұйытылған этанолда және метанолда (60-70%) суықта ериді, ал концентрациясы жоғары (80-90%) спиртте тек қыздырғанда ериді, салқындатқанда ол тұнбаға түседі. Сапониндер эфирде, хлороформда, ацетонда, бензинде және да басқа органикалық еріткіштерде ерімейді.
Кейбір сапониндерде жоғарыда айтылған қасиеттердің бәріне ие емес. Мысалы, кейбір сапониндер суда ерімейді, ал кейбіреулерінің гемолитикалық белсенділігі жоқ.
Барлық сапониндер өзінің химиялық табиғаты жағынан гликозидтер, олар агликондардан (сапогениндерден) және көмірсудан тұрады. Сапониндердің негізгі белгісі болып сапогениндердің құрылысы саналады.
Сапониндерді өсімдік шикізатынан бөліп алу
Сапониндерді өсімдік шикізатынан бөліп алу келесі сатыларды қажет етеді:
1 - саты. Сапониндедің суммарлы фракциясын алу.
Әдете сапонинді полярлы еріткіштермен экстрагирлейді
- метанолмен немесе этаномен әр үрлі концентрацияда
- сумен
- 0,9% натрий хлоридінің қоспасымен
- аммиакың улы ерітіндісімен
2- саты. Бірлесіп жүретін заттардан тазарту:
- сапонинді фракцияларды (очищают переосаждением) тазартады
Сапониндердің қасиеттерінің көмегімен, концентрленген спитртерді қыздырғанда жақсы ериді және суытқанда тұнбаға түседі.
Сапониндердің суда немее сулы спиртте ерімейтін тұздар барии гидроксидімен, мырыш ацетатымен, холестеролмен, танидтерме, белоктармен комплекстер түзу қасиеттері негіз болады.
Алынған тұздарды қышқылдармен, халестеролды комплекстерді бензолмен немесе эфирмен халестиринді экстрагирлейді, танинді оксидті мырыш суспензиясымен экстоакциялайды, белокты сапониндерді полустң органикалық еріткіштермен.
- сапониндік фракцияларды гельфильтрация немесе хромотографиялық әдістермен тазартады.
3 саты. Сапонин суммаларының жеке гликозитерге бөлінуі.
Стероидты сапониндер.
Химиялық құрылысы және қасиеті.
Стероидтар табиғи қосылыстардың үлкен тобын құрайды. Стероидты сапогениндердің ерекшеліктері ол олардың С-16-да оттегілік қызметтің болуы, ал кейде 1,2,5 және 12 жағдайында.
Стероидты сапониндердің жоғарғы спирттермен (мысалы, холегтеринмен) комплексті қосылыстар түзуге мүмкіншілігі бар. Ол комплексті қосылыстар суда ерімейді, бірақ та этанолда жақсы ериді. Стероидты сапониндер өздерінің басқа қасиеттерімен тритерпенді сапониндерден айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Сапониндерді шикізаттан бөлгеннен кейін және олардың гидролизінен кейін сапогениндердің стероидтық структурасын ИК-Спектроскопия әдісімен дәлелдеуге болады.
Стероидты сапогениндердің 4 сіңіру аймағы немесе жолағы болады: 852, 900, 922 және 987см-1.
922 және 900 жолақтарының белсенділігінің айырмашылығы олардың сапогениннің қандай қатарға - "нормалы, әдеттегі" немесе "изо-қатарға" жататындығын көрсетеді.
ҚҰРАМЫНДА СТЕРОИДТЫ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДКТЕР
Стероидты сапониндер Lіlіaceae, Amaryllіdaceae, Scrophularіaceae тұқымдастары өкілдеріне тән. Совет ғалымдары олардың басқа тұқымдастар өкілдерінде де болатындығын анықтады (мысалы, Fabaceae, Ranunculaceae, Zygophyllaceae).
Стероидты сапониндер жылы қандыларға улы емес, ал салқын қандыларды өлтіреді, мысалы, балықтарды. Сондықтан алғашқы адамдар оны балық аулағанда пайдаланған.
Стероидты сапониндер стероидты гормондарды синтездеу үшін арзан шикізат ретінде маңызы зор.
Dioscorea nipponica Makino - Диоскорея ниппонская
Dioscorea caucasіca Lіpsky - Диоскорея кавказская
Dioscorea deltoides Wall.- Диоскорея дельтовидная
Echіnopanax elatum Nakaі (Azulіacea) - Заманиха высокая
Yuca glorіosa L (Agavaceae) - юкка славная
Agava sisalana Perrino - Ага́ва сиза́левая
Бұл өсімдіктердің біреуі де Қазақстанда кездеспейді. Dіoscorea туысының жоғарыда келтірілген екі өкілі де және Echіnopanax elatum (заманиха высокая) Россия территориясында Приморья аймағында кездеседі. Ал Yucca glorіosa (юкка словна) негізінен Орталық Америкада өседі. Екпе өсімдік ретінде Алжирде, Индияда және ТМД елдерінде (Кавказда) өсіріледі. Осы өсімдіктерден Echіnopanax elatum Nakaі өсімдігінің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Тұқымдас: Araliaceae - Аралиевые
Туыс: Echіnopanax - Заманиха
Түр: E. elatus Nakaі - Заманиха высокая
Биологиялық сипаттамасы. Echіnopanax elatus - Заманиха высокая бұта, биіктігі 1-1,5м, діңінде (стволы) ұзын-ұзын ине тәрізді өскіншелері болады. Жапырақтары ұзын сағақтарда 5-7 қалақтан тұрады. Гүлдері ұсақ, көк-жасыл, қарапайым жатырда, олар сыпырғы тәрізді шашаққа жинақталған. Жемістері - жидек тәрізді, қоңыр-қызыл. Шілде (июль) айында гүлдейді, жемістері қыркүйек (сентябрь) айында пісіп жетіледі.
Жапырақтары доңгелек формалы болуы мүмкін, 40 см дейін жетуі мүмкін. Гүлдері қаты үлкен емес, жасыл түсті. Жемісі шырынды және етті болып келеді. Заманиха жазда гүлдей бастайды, күздің басында жеміс береді.
Таралуы. Өсімдік таулы және орманды жерде тараған. Қиыр Шығыс, Уссурия өлкесінде кездеседі. Бұта қырлы тасты жерлерде өседі. Приморск өлкесінің эндемигі, Ресей және Приморск өлкесінің қызыл кітабына енгізілген.
Химиялық құрамы.
Тамырсабақтары және тамырлары эфир майларына өте бай. Олардың мөлшері 5%-ға жетуі мүмкін. Бірақ та олардың химиялық құрамы (яғни эфир майларының) толық зерттелмеген. 1972 жылы сапониндердің белсенді комплексі-эхиноксозидтер бөлініп алынды 7%-ға дейін.
Биохтмиялық құрамы: жапырақтарында, сабақтарында және тамырсабақтарында 2,7 -5% эфир малары болады, ал оның құрамына пирттер, альдигидтер, фенолдар, бос қышқылдар, лигнандар, алкалойдтар, минералды затар. Ең көп мөлшерде эфир майлар тамырларда және тамырсабақтарда табылған. Активті комплексін сапониндерден басқа флавоноидты гликозидтер бар екендігі анықталды (0,9% ) және кумариндер(табиғи күрделі ароматты органикалық лактондар.) (0,2%), қара майлар (11 %) болатындығы анықталды.
Дәрілік шикізаты.
Тамырсабақтарын тамырларымен қазып алып (қыркүйек-қазан айларында), бөлшектеп кесіп, 50-600С температурада кептіреді. Тамырсабақтарының бөлшектері сүректеніп кеткен, ұзындығы 20-35 см, жуандығы 2 см шамасында, цилиндр тәрізді.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Көп жағдайда бұл өсімдіктің спиртті тұнбасы(настойка) қолданылады, оны дәріханалардан алуға болады. Өзінің тонтзерлеуші қасиетімен тұнба женьшенді тұнбаға парапар келеді: бұл өсімдіктер бұл өсімдіктер туысты болып келеді және бір тұқымдасқа жатады.
Тұнбаны 3-4 апта, 30-40 тамшыдан, 2-3 рет күніне қабылдайды. Арада бірнеше күн өткенсоң шаршаудың азаюы, жұмысқа қабілетінің артуы, қозудың (раздрожительности) азаюы, ұйқының жақсаруы, өзін сергекті сезіну белгілері көрінеді.
Қолданудың белгілерінің бірі әйелдерде болатын бір кезеңде, яғни депрессия, ұйқының бұзылуы, жалпы шаршағыштық, апатия, көңіл-көйдің тез өзгеруі. Дәрілік тұнбаны күнделікті қабылдау әйлдегі жалпы негативті бейнені түздеуге және көңілкүйдің қалпына келуіне әсер етеді және т.б. әсерлері көп.
Бұл өсімдіктен жасалған препараттарды еркектердегі жыныс жүйесінің дисфункциясы кезінде қолданады. Көбінесе өсімдіктен жасалған препараттарды қантты деабеттің алғашқы сатыларында қолдану өте пайдалы, себебі, олар қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетуге тез әсер етеді. Онымен қатар өсімдік зар айдағыш эффектісі бар және бүйректегі, қуықтағы тастарды емдеуге және прафилактикаға қолданады.
Өсімдіктен жасалған препараттарды көбіне спортсмендерге қолдануға қолайлы, оның көмегімен ұзақ физикалық және психикалық нагрускалардың көп болғанда жұмысқа қабілеттігін арттырады, сонымен қатар күшін қалпына келтіруге көмектеседі, қолайсыз ауарайына бейімделуіне, климаттық зоналардың өзгеруінде қолданады.
Өсімдік тұнбасы орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш әсер етеді, рефлекторлы қызметті және моторлы активтілікті күшейтеді, жүрек бұлшық етінің аплитудасын және тонусын күшейтеді, артериялық қысымды жоғарылатады.
Халық медицинасында
Өсімдік тұнбасын өзбетімен жасау үшін: біріншіден -шикізатты майдалайды, екіншіден - 70%-ды спиртпен құйады, үшіншіден - салынған ыдыстың қақпағын тығыз жауып 2 аптаға жылыға, құрғақ жерге тұндырып қояды. Мөлдір ашық-қоңыр сұйықтық алынады; 20-30 тамшыдан күніне екі реттен қобылдайды.
Басқа рецепт: майдаланылған тамырды сол сияқты спиртпен құйады, бірақ 1:10, тұндыру уақыты сондай және дәл сондай жағдайда сақтайды, содан кейін амақ алдында қабылдайды, 25 тамшыда 3 рет күніне, 1-2 ай.
Заманихадан жасалған дәрілер
Тұқымдас: Dioscoreaceae- Диоскорейные
Туыс: Dioscorea - Диоскоре́я
Түр: Dioscorea nipponica Makino - Диоскоре́я ниппонская
Биологиялық сипаттамасы. Көпжылдық екі үйлі шөптесін лиана.
Тамырсабағы көлденең, 2 м ұзындыққа дейін, диаметрі 3 см дейін, жұқа қатты тамырларымен. Сабақтары шөптесін өрмелегіш, жалаңаш. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, кеңланцетті, ұзын болады 6-12 см. Гүлдері бір жынысты, майда, ашық жасыл болып келеді. Тозаңдық гүлдер, аталық өсімдікте дамиды, жартылай шатыр гүлшоғырлы. Жатырлары аналық өсімдікте дамиды, жай шашақ.
Таралуы. Dioscorea nipponica кең жапырақты сирек кездесетін ормандарда өседі, өзен аңғарларынның маңында өседі. Ресей Федерациясында Хабаровск өлкесі (оңтүстің аймағы), Приамурк өлкесі және Амурск облысында (оңүстік - шығым) кездеседі.
Химиялық құрамы және шикізаты.
Дәрілік шикі зат ретінде тамырсабақтары мен тамырлары пайдаланылады, көбіне жабайы өсетін жіне культиверленетін өсімдіктерді. Вегетациялық кезеңінде жиналады, сәуір басынан бастап күздің соңғы айына дейін, топырақтан мұқият тазалайды, сабақ қалдықтарын, бөліктерге кесілген және кептірілген. Шикізаттың жарамдық мерзімі 3 жыл.
Dioscorea nipponica тамырсабағының құрамында көпеген қосылыстар болады, бірақта негізгі активті заттар - стероидты сапаниндер 8 %-ға дейін, диосгенин түзілістері, оның ішінде ең батысы диосцин. Диосгенин негізгі препараттарды дайындайтын бастапқы зат болуы мүмкін, яғни кортизон мен прогестеронды.
Қолданылуы
Ресми медицинада.
Табиғи түрінде ресми медицинада қолданылмайды, ол арнайы препараттар дайындауға жұмсалады - "Полиспонин" және "Диоспонин". Бұл өсімдіктен алынған препараттар атеросклероз, сондай-ақ церебральды және коронарлы атеросклероз, оны бастапқы да және асқынған жағдайындада қолдануға болады. Сонымен қатар ол препараттар гипертонияда және кейір бауыр және өт қабы ауруларында өз қолданысын тапты. Осылайша өсімдік тұнбасы созылмалы гастрит кезінде дәрігермен ұсынылады, сонымен қатар асқазанның сөлді көп бөлуіне жағымды жанама әсер етеді.
Препараттарды қолданудың белгілеріне мыналарды жатқызуға да болады:
# Жастық гормональды жетіспеушілік;
# Жүректің ишемикалық ауруы;
# Созылмалы қажу (шаршау немесе усталость);
# Ұйқысыздық;
# Ауыз ашуы және асқазанда ауыр сезіну, асқазан-ішек жолдарының қабынуы;
# Сәуле ауруы;
# Семіздік;
# Бауыр аурулары.
Халық медицинасында.
Егер дәріханаларда керекті препараттар жоқ болса, бірақ Dioscorea nipponica тамырсабақтары және тамырлары болса, онда үй жағдайында дәрілік тұнбасын және қайнатпасын дайындауға болады. Міні рецепті:
Қайнатпасын дайындау үшін 20 г құрғақ тамыр керек, оларды өте майдалау қажет, содан кейін 200 мл қайнаған су құйу керек. Кейін сулы баняда жарты сағат қайнату, суытып, бастапқы көлемге дейін азайту (процедить и довести до первоначального объема). Қайнатпа 2 ас қасықтан 3-4 рет күніне тамақтан кейін қабылданады. Асқазанның сілемейлі қабығының тітіркенуін болдырмаш үшін оны кисельмен немесе сүтпен бірге ішу керек.
Тамырдың тұнбасын 70%-ды спиртте дайындайды. Тамырдың бір көлемді бөлігін спирттің бес бөліндісімен құйу, 10 күн тұндыру, мезгіл-мезгілмен шайқап тұру керек. (Затем массу процеживают. ), күніне үш реттен 30-40 тамшыдан тамақ алдында қабылданады. Сонымен қатар өсімдіктің жапырағынан және гүлінен тұнба жасауға болады. Бұл үшін 20г шикізат алынады, 200 мл қайнаған су құяды және 15 минут сулы баняда тұруы қажет. Тұнбаны суытады (и процеживают). 2 ас қасықтан 3-4 рет күніне тамақтан кейін қолданады.
Тритерпенді сапониндер
Химиялық құрылысы және қасиеттері
Тритерпенді сапониндер пентациклді терпеноидтар болып саналады, оларда изопренді құрылыстың бірлігі С5Н8 ол алты рет қайталанады. Соның нәтижесінде формуласы С30Н48 қаңқалы қосылыс пайда болады. Ол қосылыстар төрт типке бөлінеді:
(-амиринді; 2) (-амиринді; 3) Лупеолды; 4) фриделинді. Бірақ та тетрациклді тритерпенді сапониндер, агликонда да кездеседі.
Пентациклді тритерпенді сапониндер (-амирин типіне жатады. (-амирин негізі углеродты скелет олеанин.
Функциональды топтардан, гидроксильдіден басқа карбоксильді, альдегидті, лактонды, эфирлі және карбонильді топтарда болуы мүмкін.
Тритерпенді сапониндер бейтарап немесе қышқыл қосылыстар болуы мүмкін.
Қышқыл сапониндерден тұздар түзіледі. Ол тұздардың еритіндері бір валентті және
Тритерпенді сапониндердің негізгі қасиеті эритроциттерді гемоглобиндерді босатып (гемолиз) бұзуы - сапониннің эритроцит мембранасы холестеринімен комплексін түзуіне байланысты. Бірақ та сапониндердің бәрі бірдей гемолиз жасай алмайды; мысалы Glycyrrhіza (мия) өсімдігінің сапониндерінің ондай қасиеттері жоқ.
Өсімдіктер дүниесінде пентациклді тритерпен сапониндері кеңінен таралған. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, олар 70 тұқымдастар өкілдеріне, әсіресе 150 туыстар өкілдеріне тән.
Тритерпенді туыстар саны Fabaceae, Sapotaceae, Caryophyllaceae, Asteraceae, Aralіaceae, Prіmulaceae, Polygonaceae, Apіaceae, Lamіaceae және т.б. тұқымдастарда көбірек.
Тритерпенді гликозидтер өсімдіктердің мүшелерінде болатындығына қарай олар өсімдіктегі биохимиялық процестерге қатынасады деп айтуға болады.
Кейбір мамандардың болжамы бойынша, мүмкін, тритерпенді сапониндер өсімдік клеткасының өткізгіштігіне әсер етеді, ол олардың беттік белсенділігіне байланысты. Сапониндердің белгілі концентрациялары тұқымдардың өніп-өсуі жалпы өсімдіктің дамуын жылдамдататындығы анықталды. Ал егер де сапониндердің концентрациясы шамадан тыс жоғары болса, керісінше кешеуілдетеді.
Тритерпенді сапониндердің көп мөлшері өсімдіктердің жер асты мүшелері - түйнектерде, тамырсабақтарда жинақталады. Олар клетка шырынында еріген, олардың мөлшері 20%-ға (құрғақ массасынан) дейін болуы мүмкін. Егер де өсімдік құрамында тритерпенді сапониндер өте мол болса, онда оларды микроскоп арқылы клеткалардан түссіз, формасыз кесектер (глыба) түрінде көруге болады.
Тритерпенді сапониндердің медицинадағы және халық шаруашылығының әртүрлі саласындағы рөлінің артуына байланысты олардың өсімдік (әсіресе өндірістік маңызы бар) құрамында болуын тереңірек, кеңірек вегетациялық фазаларға және сыртқы факторлардың әсеріне байланысты зерттеу өте қажет. Мұндай өсімдіктер қатарына Glycyrrhіza және Aralіaceae, Caryophyllaceae, Cucurbіtaceae тұқымдастары өкілдері жатады.
Тритерпенді сапониндердің және олар құрамында бар өсімдіктердің фармакологиялық әсері спектрінің өте кең екендігіне байланысты олар әртүрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Ол туралы сол дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктері туралы айтылғанда толығырақ айтылады.
Өсімдік шикізатындағы тритерпенді сапониндерді анықтау үшін негізінен химиялық әдістер қолданылады. Бірақ та тритерпенді сапониндердің алуан түрлілігі оларда анықтауға болатын жалпы химиялық әдіс табу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі кездегі пайдаланып жүрген сандық және сапалық химиялық әдістер негізінен жеке әдістер болып табылады. Олардың көмегімен нақты жеке тритерпенді сапониндерді анықтауға болады. Қазіргі кезде кеңінен физико-химиялық әдістер қолданылады.
ҚҰРАМЫНДА ТРИТЕРПЕНДІ САПОНИНДЕР БАР ӨСІМДІКТЕР
Қызыл мия - Glyccyrrhyza glabra L. - солодка голая
Орал мия - Glyccyrrhyza uralensіs Fіsch - солодка уральская
Шашақты бозтікен - Aconthophyllum panіculatum Rgl. - колючелистник метельчатый
Аққаңбақ - Aconthophyllum gyptophylloіdes Rgl. - колючелистник качимовидный
Aconthophyllum glandulosum Bge. - колючелистник железистый
Сібір мекеті - Polygala sіbіrіca L. - Истод сибирский
Polygala tenuіfіlіa L. - Истод тонколистый - Қазақстанда кездеспейді
Көпжүйкелі шоқсары - Bupleyrum multіnerve DC - Володушка многожильчатая
Көкшіл көкшегүл - Polemonіum coeruleum L. - Синюха голубая
Дала қырықбуыны - Equіsetum arvense L. - хвощ полевой
Aralіa mandshurіca Rupr - аралия маньчжурская - Қазақстанда кездеспейді
Биік оплонакс- Eleutherococcus senticosus (Rupr. & Maxim.) Maxim. - Элеутерококк колючий
Көкшіл көкшегүл - Polemonіum coeruleum L. - синюха голубая
Биологиялық сипаттамасы. Қызыл мия - полиморфты түр, осы туыстың басқа түрлері жемістері және сабақтарымен ерекшеленеді.
G. glabra L - бұршақтары жалаңаш, 3-7 тұқымды, сабақтары жалаңаш немесе шамалы түктенген, тікенектері жоқ. Қызыл мия негізінен Дон және Волга өзендері ағыстарының төменгі жағында, Солтүстік және Шығыс Кавказда, Батыс Қазақстанда, әсіресе өте көп Амудария өзені бассейнінде Арал теңізіне дайін кездеседі.
Миятамыр бұршақтары орақ тәрізді иілген, тығыз шумаққа жиналған, көптеген бездермен және безді тікенекшелермен бүркелген.
Тамырларда және тамырсабақтарда глицирризин қышқылының мөлшері 8%-дан 24% дейін болуы мүмкін. Мияның екі түрі де бұл жағынан бірдей. Экологиялық жағдайы, фитоценоз типі қандай географиялық район екендігі және вегетациялық фазасы көбірек әсер етеді.
Биологиялық белсенді заттардың басқа маңызды тобы болып флавоноидтар саналады. Олардың мөлшері 3-4% шамасында болуы мүмкін.
Мия тамырында моно- және дисахаридтер өте көп болады. Олардың жалпы мөлшері 20%-ға жетуі мүмкін. Тамырда сонымен бірге пектинді (4-6%) және қарамайлы (2-4%) заттар, липидтер (3-4%), ащы заттар (2-4%), эфир майларының іздері болады. Қорлық заттардан тамырда крахмал (6-34%), өсімдік белоктары (10%) болуы мүмкін.
Сонымен қатар тамырдың сапасының өндірістік көрсеткіші болып экстрактивтік заттар яғни суда еритін барлық заттардың жиынтығы болып саналады. Суда еритін экстрактивті (сығынды) заттардың мөлшері 40%-ға жетуі мүмкін.
Жер үсті мүшелерінде глицирризин қышқылы болмайды. Жер үсті мүшелерінде басқа тритерпенді сапониндер болады, сонымен бірге оларда флавоноидты қосылыстар болады.
Дәрілік шикізаты.
Мия тамырын өндірістік дайындау негізінен Амудария бассейнінде жүргізіледі. Орташа жыл сайын мұнда 8000 тонна құрғақ тамыр (ылғалдылығы 12%) дайындалады. Бұл массаның 90% Түркіменстанға, қалғаны Өзбекстанға, Қазақстанға тиісті. Дайындау орталығы Түркменстан қаласы Чирджоу болып саналады. Ол қалада мия зауыты бар. Қазақстанда да Орал қаласында да мия зауыты бар.
Миядан алынған емдік қасиеті бар өндірісте игерілген негізгі препарат глицирам және глициренат. Глицирам - тыныс демікпесі (астма бронхиальная), бүйрек безі қабық заттарының қызметі нашарлағанда, экзема, аллергиялық дерматит және т.б. ауруларды емдеу үшін қолданылады. Глициренат - глицеррегин қышқылының натрий тұзы-трихомонадты кольпитті емдеуге қолданылады. Мияның екі түрі де әртүрлі сапонинді флавоноидты препараттар алуға пайдаланылады.
Халық медицинасында
Мия тамыры халық шаруашылығының әртүрлі саласында кеңінен қолданылады: темекі өндіруде, тамақ өнеркәсібінде, пиво, квас, көпіргіш сулар өндіруде, кондитер өндірісі, металлургия өндірісінде т.б. жерлерде кеңінен қолданылады.
Рецепт. Ұнтақталған тамырдан екі қасық алып жарты литр суға салып 10 мин қайнатады кейән 2 сағатқа тұндырып қояды; күніне 3-4 рет 2 қасықтан; оны бір айбойы қабылдауға болады. Бір апталық демалыстан кейін қайта емделуді жалғастыруға болады.
Асқазан жарасын және онекіелі ішектің ауруларын өсімдіктің шикі тамырын пайдалану арқылы эффективті жазуға болады. Бұл үшін 100 г майдаланған тамырға 40 пайыздық спирт (арақ) құйып 14 күндей тұндыру керек, кейіннен фильтірлеп алып және соковижималкада тамырдың сығындысын алу керек, алынған сұйықтықты тұндырмамен қосу керек. жарты стакан суға 5-10 мл дан қосып ас ішер алдында жартыы сағат бұрын ішу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында лигнандар, антроцен туындылары флованоидтар, илік заттары бар өсімдіктер және олардың ерекшеліктері
Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктерді тамақ және жеңіл өнеркәсібінде қолданылуы.
Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар
Иілік заттарды анықтау
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Дәрілік өсімдіктердің жекелеген бөліктерін жинау
Қазақстан Республикасында жабайы және мәдени түрде өсірілетін дәрілік өсімдіктерді жинаудың қазіргі жағдайы
Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік шикізаттар
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Пәндер