Қылмыстық сот өндірісіндегі зиянның орнын толтыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Қылмыстық сот өндірісіндегі ақтап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Ақтаудың түсінігі мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Ақтаудың негіздері мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Ақтау мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІ. Қылмыстық сот өндірісіндегі зиянның орнын толтыру ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1. Қылмыстың зардаптары. Қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
2.2. Орнын толтыруға жататын зиянның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Адамдарға келтірілген зиянның орнын толтыру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... . 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы» деп көрсетілген [9].
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде өзін-өзі орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі . Еліміз мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Осындай жетістіктерге жетудің міндеттерінің бірі-қылмыстық істі қысқарту институтын жетілдіру [1].
Сот-тергеу практикасында кейде адамның кінәсі толық дәлелденбей немесе жалған дәлелдердің негізінде ждауаптылыққа тарту орын алатын кездер болады. Бұл жағдай сот-тергеу қызметінің ішіндегі ең жағымсыз қызметтің түрі болып табылады, себебі шын мәнінде қылмыс жасамаған адамды қылмыс жасады деп айыптағанда, оған жаза қолданылып, сол адамның қоғам алдындағы абыройына құқықтары мен бостандықтарына зардап келеді. Сонымен қатар адам негізсіз жазаға тартылған жағдайда заңдылық қағидасы өрескел бұзылған деп санадады. Мұндай жағдайдағы заңдылық қағидасының бұзылғандығы заңның дұрыс қолданбағандығымен, практика қызметкерлерінің тыңғылықты жұмыс атқармау салдарынан сотталмауы тиіс адамның жауаптылыққа тартылуымен көрінеді. Адамның кінәсіз екендігі анықталған жағдайда ол адамды ақтап, оның барлық бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және шеккен зардаптарының орнын толыту қажеттілігі туындайды. Сондықтан ақтау дегеніміз кінәсі жоқ немесе артық айыптаулар тағылған адам жауаптылыққа тартылғанда оның қылмыс жасамағандығын немесе кейбір қылмыстар бойынша кінәсіз екендігін ресми түрде тану және оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру және шеккен зардаптарын жою бағытындағы шаралар болып табылады.
1. А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы, 2000ж., 230-235 бб.
2. Б.К. Шнарбаев Правовые последствия признания преступления не представляющим большой общественной опасности в нормах об освобождении от уголовной ответственности и наказания. Караганда.; 1996г. 117-124сс.
3. Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы 2000ж.,97-100бб.
4. Б.Х..Толеубекова, К.Ж..Капсалямов, Б.К. Шнарбаев, Д.К.Бекишев Уголовно – процессуальное право РК. Часть особенная, Алматы 2000г., 270с.
5. Божьев В.П. Уголовный процесс. Учебник. М., Спарк, 2006г.,56-60сс.
6. Бойцова .В. Реабилитация незаконно осужденных граждан. Л., 2013. 12с.
7. Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы, 2003ж.,247 б.
8. К.А. Мами, А.Т. Жукенов Вопросы применения новых УК и УПК РК и судебная практика, Справочная система Юрист.
9. Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995 ж.
10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты авторлар:з.ғ.к. проф. С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов 690б.
11. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Кодексі.
12. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі. Алматы, 2014ж.,84-86бб.
13. Михайлова И. А. Актуальные проблемы возмещения вреда, причиненного гражданину незаконным привлечением к уголовной ответственности // Юрист, № 4. 2010.
14. Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 27 ноября 2015 г., № 7 «О применении судами законодательства о возмещении морального вреда»
15. С.Д.Оспанов Уголовный процесс Республики Казахстан (Общая часть). Алматы, 2006ж., 56-58бб.
16. Уголовно – процессуальный кодекс РК.(Общая часть) Комментарий / Под ред. И.И.Рогова, С.Ф. Бычковой; К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002г., 448 с.
17. Уголовное право. Учебник. Часть 2. // Под ред. А.П. Сергеева, К. Толстого. - М.: "Проспект", 2014г. 254-266 сс.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
І. Қылмыстық сот өндірісіндегі ақтап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1. Ақтаудың түсінігі мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2. Ақтаудың негіздері мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
1.3. Ақтау мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
ІІ. Қылмыстық сот өндірісіндегі зиянның орнын толтыру ... ... ... ... ... ... ... ...
18
2.1. Қылмыстың зардаптары. Қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

18
2.2. Орнын толтыруға жататын зиянның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
2.3. Адамдарға келтірілген зиянның орнын толтыру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... .
24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
29

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы деп көрсетілген [9].
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде өзін-өзі орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі - құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі . Еліміз мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан-2030 бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі - біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті - болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Осындай жетістіктерге жетудің міндеттерінің бірі-қылмыстық істі қысқарту институтын жетілдіру [1].
Сот-тергеу практикасында кейде адамның кінәсі толық дәлелденбей немесе жалған дәлелдердің негізінде ждауаптылыққа тарту орын алатын кездер болады. Бұл жағдай сот-тергеу қызметінің ішіндегі ең жағымсыз қызметтің түрі болып табылады, себебі шын мәнінде қылмыс жасамаған адамды қылмыс жасады деп айыптағанда, оған жаза қолданылып, сол адамның қоғам алдындағы абыройына құқықтары мен бостандықтарына зардап келеді. Сонымен қатар адам негізсіз жазаға тартылған жағдайда заңдылық қағидасы өрескел бұзылған деп санадады. Мұндай жағдайдағы заңдылық қағидасының бұзылғандығы заңның дұрыс қолданбағандығымен, практика қызметкерлерінің тыңғылықты жұмыс атқармау салдарынан сотталмауы тиіс адамның жауаптылыққа тартылуымен көрінеді. Адамның кінәсіз екендігі анықталған жағдайда ол адамды ақтап, оның барлық бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және шеккен зардаптарының орнын толыту қажеттілігі туындайды. Сондықтан ақтау дегеніміз кінәсі жоқ немесе артық айыптаулар тағылған адам жауаптылыққа тартылғанда оның қылмыс жасамағандығын немесе кейбір қылмыстар бойынша кінәсіз екендігін ресми түрде тану және оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру және шеккен зардаптарын жою бағытындағы шаралар болып табылады.
Адамның қозғалған қылмыстық іс бойынша кінәсіз екендігі қылмыстық процесстің кез-келген сатысында анықталуы мүмкін және қылмыстық іс қай сатыда болмасын адамның кінәсіз екендігі анықталатын болса, онда тиісті құжат (мысалы іс тергеу органдарында болса, онда істі қысқарту туралы қаулы шығару, ал іс сотта қаралып жатырса, онда ақтау үкімін шығару арқылы) шығарылуы арқылы жауаптылықтан дереу босатылады.
Қылмыстың зардаптары онымен келтірілген зиянның түрімен және мөлшерімен анықталады. Сондықтан зиянның үш түрге (моральдық, дене және мүліктік) бөлінетіндігіне сәйкес оның қандай түрі немесе түрлері келтірілгендігін, зиянның мөлшерін және қылмыстық әрекетпен (әрекетсіз-дікпен) зиянның арасындағы себепті байланыстың бар екендігін анықтап дәлелдеу қажет етілді. Мәселен, меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыспен келтірілген мүліктік зиянның мөлшерін толық анықтау қылмысты дұрыс саралаудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан ондай қылмыстар бойынша зиянның мелшерін анықтамай тұрып, қылмыстың құрамын да анықтау мүмкін емес. Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша жәбірленушіге келтірілген дене жарақаттары ауырлығының дәрежесі және оның денсаулығына зақым келтіруден туындаған шығындар (емделуге, оны бағып-күтуге және т.б.) анықталуға жатады. Егер жәбірленушінің дәлелі бойынша оған қылмыспен моральдық зиян келтірілген болса, ондай зиянның болуына байланысты мән-жайларды да анықтау дәлелдеу пәнімен қамтылады. Ондай жағдайда, мәселен, жәбірленушінің ар-намысына тиетін, абыройын төмендететін мән-жайлардың болғандығын немесе жәбірленушіні, оның жақын туысқандырын ұайымға салуға соқтырған мән-жайлардың болғандығын анықтау талап етілді [5].

І. Қылмыстық сот өндірісіндегі ақтап алу
1.1. Ақтаудың түсінігі мен мағынасы

Сот-тергеу практикасында кейде адамның кінәсі толық дәлелденбей немесе жалған дәлелдердің негізінде ждауаптылыққа тарту орын алатын кездер болады. Бұл жағдай сот-тергеу қызметінің ішіндегі ең жағымсыз қызметтің түрі болып табылады, себебі шын мәнінде қылмыс жасамаған адамды қылмыс жасады деп айыптағанда, оған жаза қолданылып, сол адамның қоғам алдындағы абыройына құқықтары мен бостандықтарына зардап келеді. Сонымен қатар адам негізсіз жазаға тартылған жағдайда заңдылық қағидасы өрескел бұзылған деп саналады. Мұндай жағдайдағы заңдылық қағидасының бұзылғандығы заңның дұрыс қолданбағандығымен, практика қызметкерлерінің тыңғылықты жұмыс атқармау салдарынан сотталмауы тиіс адамның жауаптылыққа тартылуымен көрінеді. Адамның кінәсіз екендігі анықталған жағдайда ол адамды ақтап, оның барлық бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және шеккен зардаптарының орнын толыту қажеттілігі туындайды. Сондықтан ақтау дегеніміз кінәсі жоқ немесе артық айыптаулар тағылған адам жауаптылыққа тартылғанда оның қылмыс жасамағандығын немесе кейбір қылмыстар бойынша кінәсіз екендігін ресми түрде тану және оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру және шеккен зардаптарын жою бағытындағы шаралар болып табылады.
Адамның қозғалған қылмыстық іс бойынша кінәсіз екендігі қылмыстық процесстің кез-келген сатысында анықталуы мүмкін және қылмыстық іс қай сатыда болмасын адамның кінәсіз екендігі анықталатын болса, онда тиісті құжат (мысалы іс тергеу органдарында болса, онда істі қысқарту туралы қаулы шығару, ал іс сотта қаралып жатырса, онда ақтау үкімін шығару арқылы) шығарылуы арқылы жауаптылықтан дереу босатылады.
Ақтау үкімінің шығарылу негіздері оқиғада қылмыс құрамының болмауына, сотталушының кінәсі дәлелденбеуіне байланысты. Ал қылмыстық істі қысқарту негіздері жоғарыда аталған екі негізбен қатар, оқиғаның іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайға сай келуіне, жеке айыптау және жария айыптау істері бойынша жәбірленушінің арызы болмауына, ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша жәбірленушімен қылмыскердің татуласуына, қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылмаған болуына байланысты.
Тергеу жүргізіліп жатырған қылмыстық істер немесе сот қарауына өткен істер адамның кінәсін ақтамайтын негіздер бойынша да қысқартыла алады. Мұның мысалдары ҚІЖК 37,38 баптарында келтірілген қылмыс жасаған адамның науқастануы, шын жүректен өкінуі, рақымшылық актісінің жариялануы, жауаптылықтың талап мерзімінің өтуі сияқты т.б. негіздер.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың барлық түрі ақтауға соқтырады деп түсінбеу керек, ақтау тек адамның кінәсіздігі анықталған жағдайда қолданылады [5].
Ақтау толық және жартылай болуы мүмкін. Толық ақтау - адамның қылмыс жасамағандығы, негізсіз айыпталғандығы анықталған жағдайда қолданылады. Ал жартылай ақтау - адамның бірнеше қылмыстар немесе Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша айыпталып, ал кейін кейбір айыптулар алынып, ал қалғаны бойынша кінәлі деп саналатын жағдайын білдіреді.
Ақтау үкімін шығару кезінде сот тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз іс-әрекетімен ақталушыға келтірілген зиянды өтеу туралы мәселе жөнінде шешім қабылдайды.
Ақтау үкімі. Сот ақтау үкімімен сотталушы қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде оның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін таниды және жариялайды.
ҚР ҚІЖК-нің 376-бабының 2-бөліміне сәйкес ақтау үкімі мынадай жағдайларда шығарылады, егер:
1) қылмыс оқиғасы болмаса;
2) сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;
3)қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады.
Аталған негіздердің кез келгені бойынша ақтау соттың сотталушының кінәсіздігін тануды білдіреді және оның толық ақталуына әкеп соғады [8].
Егер ақтау үкімі шығарылған жағдайда қылмыс жасаған адам анықталмай қалса, үкім занды күшіне енгеннен кейін сот қылмыстық істі прокурордың өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттігі туралы мәселені шешуі үшін соған жібереді.
Мәселелерді шешкеннен кейін, сот үкімді жасауға кешеді. Үкім сот талқылауы жүргізілген тілде баяндалады. Үкім қолдан жазылуға, оны шығаруға қатысушы сот төрешілерінің бірі машинкаға басқан не компьютерлік тәсілмен дайындаған және барлық сот төрешілерінің қолы қойылуға тиіс, ерекше пікірінде қалған сот төрешісі да үкімге кол қояды.
Үкімдегі түзету ескертілуге және үкім шығарылғанға дейін кеңесу бөлмесінде барлық сот төрешілерінің қол қоюымен куәландырылуға тиіс. Үкімге ол жарияланғаннан кейін өзгеріс енгізуге жол берілмейді (ҚР ҚІЖК- нің 377- бабы).
Үкімнің барлығы да құрылымы бойынша бірдей. Үкім кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Үкімнің кіріспе бөлімінде (ҚР ҚІЖК-нің 378-бабы):
1)үкімнің Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;
2)үкімнің шығарылған уақыты мен орны. Сот төрешілері бірнеше күн бойы кеңескен жағдайда, үкімнің шығарылған күні оның жария етілген күнімен айқындалады;
3)үкім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкілдері, аудармашы;
4)сотталушының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған жылы, айы, күні және жері, тұрғылықты орны, жұмыс орны, кәсібі, білімі, отбасы жағдайы және сотталушының жеке басы туралы іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
5)жасағанына сотталушы айыпталып отырған қылмысты көздейтін қылмыстық заң (бабы, бөлігі, тармағы) көрсетіледі.
Сонымен қоса үкімде қылмыстық істің ашық немесе жабық сотта қаралғаны көрсетілуі керек.
Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді белігі (ҚР ҚІЖК-нің 379- бабы). Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді белігі жасалған орны, уақыты, оның жасалу тәсілі, кінә нысаны, қылмыстың себептері мен салдарлары көрсетіле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттің сипаттамасын қамтуы қажет. Үкімде соттың сотталушыға қатысты шешімі негізделген дәлелдер және сот басқа дәлелдерді жоққа шығарған себептері келтіріледі. Жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын жағдайлар, ал айыптаудың бір белігі негізсіз деп танылған немесе қылмыстың теріс саралануы белгіленген жағдайда - айыптауды өзгертудің негіздері мен себептері көрсетіледі.
Сот сондай-ақ қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелер шешімнің себептерін көрсетуге міндетті.
Сипаттамалы - дәлелді бөлікте КР ҚІЖК-нің 371-бабында көрсетілген басқа да мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылуға тиіс.
ҚР ҚІЖК-нің 380-бабында айыптау үкімінің қорытынды бөлігінде:
1) сотталушының тегі, аты жөне әкесінің аты;
2)сотталушының қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы шешім;
3)сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық заң (бабы, бөлігі, тармағы);
4)жасағанына кінәлі деп танылған әрбір қылмысы үшін сотталушыға тағайындалған жазаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ бұрынғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы шешім және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58,60-баптарының негізінде өтеуге жататын түпкілікті жаза түрі мен режимін көрсетеді;
5)шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімнің ұзақтығы мен сотталушыға жүктелетін міндеттер;
6)сотталушыны құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу) туралы шешім;
7)егер үкім қабылданғанға дейін сотталушы ұсталса және оған қамау, үйде қамап ұстау түрінде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық мекемеге орналастырылса, алдын ала қамауда ұстауды есепке алу туралы шешім;
8)мәжбүрлеп емдеуді қолдану және сотталушыға қорғаншылық белгілеу туралы шешім;
9)үкім занды күшіне енгенге дейін сотталушыға қатысты бұлтартпау шаралары туралы шешім көрсетілуге тиіс [2].
Егер сотталушыға қылмыстық заңның бірнеше бабы (баптың бөліктері, тармақтары) бойынша айып тағылса, онда үкімнің қорытынды бөлігінде сотталушы олардың қайсысы бойынша сотталғаны көрсетілуі тиіс. Сотталушының іс-әрекеттерін қайта дәрежелеу қажеттігі туралы тұжырымға келіп немесе кейбір баптардың (бап бөлігінің, бап бөлігі тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкімнің сипаттамалы - дәлелді бөлігінде әрекетті сол бойынша дәрежелеу керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлігін, бап бөлігінің тармағын) көрсетеді және артық тағылған бапты (баптың бөлігін, баптың бөлігінің тармағын) алып тастау керектігін көрсетеді.
Сотталушы қылмысты өтеуден босатылған немесе үкім жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын етеуді кейінге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкімнің қорытынды бөлігінде көрсетіледі.
Ақтау үкімі туралы түсінік Үкім түрлері тарауында айтылған (ҚР ҚІЖК 376-бап).
Ақтау үкімінің сипаттамалы -- дәледді бөлігінде: тағылған айыптың мәнісі; сот белгілеген істің мән-жайы; сотталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы пайымдау негізделген дәлелдерді сот дұрыс емес немесе жеткіліксіз деп таныған себептер; сотталушыны ақтау үшін негіз болатын дәлелдер; азаматтық талап-арызға қатысты шешімнің себептері баяндалады [7].
Ақтау үкімінде ақталушының кінәсіздігіне күмән тудыратын тұжырымдарды қолдануға жол берілмейді (ҚР ҚІЖК 381-бап).
Ақтау үкімінің қорытынды бөлігінде: сотталушының тегі, аты және әкесінің аты ;сотталушыны кінәсіз деп тану жөне оны ақтау туралы шешім, ақтау негіздері, егер бұлтартпау тандалған болса, оның күшін жою туралы шешім; мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ егер мұндай шаралар қабылданған болса, залалды өтеуді қамтамасыз ету шараларын жою туралы шешім қамтылуға тиіс (ҚР ҚІЖК 382-бап).
Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен, айыпкер ретінде тартумен, бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген зиянның орнын толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс.
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу
көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиiс.
Бұл міндеттер қылмыстық іс жүргізудің барлық стадиялары үшін ортақ болып табылады және олардың әрқайсысы осы міндеттердің орындалуына ықпалын тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу органдары осы міндеттерді басшылыққа ала отырып өз қызметтерін атқарады.Қылмыстық процестің міндеттерін занда екі топқа бөліп көрсетудің мәні бар.
Нақты айтқанда, ҚПК-нін 8-бабының 1-бөлігінде жазылған міндеттерді --
қылмыстық іс жүргізудің арнайы және тікелей міндеттері деп ұғыну керек. Сонын ішінде,қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тартып, оларды толық әшкерелеу -- бұл міндеттерді орындау алдын ала тергеу және анықтау органдарына жүктеледі және осы мемлекеттік органдардың қызметімен тікелей байланысты болып табылады. Ал әділ сот талқылауын қамтамасыз ету, яғни қылмыстық істі сотта қарау кезінде оны жан-жақты талқылап, әділ шешу -соттың басты міндеті [12].

1.2. Ақтаудың негіздері мен шарттары

Қылмыстық процестің міндеттерінің ішінде азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету талабы қойылған. Заңның бұл талабы қылмыстық іс жүргізу органдарының өз қызметін атқаруда ерекше орын алады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу қызметінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау болғандықтан, ол қызметті атқаратын мемлекеттік органдар зандылық принципін қатаң сақтауға міндетті. Олай болса да, бұл органдардың қызмет атқару тәжірибесінде, өкінішке орай, адам құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеудің кездесетіндігі және басқа да кемшіліктердің болатындығы жоққа шығарылмайды. Сондықтан ҚІЖК-нің төртінші тарауы (39 -- 47-баптар) қылмыстық процестегі ақтау институтына және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне арналған.
Ақтау ұғымының тікелей мағынасы кінәсіз адам қылмыстық қудалауға ұшыраған жағдайда оның зиянды зардаптарын тез арада жойып, ол адамның құқықтары мен абыройын қалпына келтіру болып табылады. Кең мағынада, ақтау ұғымы -- азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектеген барлық кездерде де оның зардаптарын жою үшін қолданылатын шараларды білдіреді. Мәселен, сезіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу негізсіз қолданылған жағдайда оның жеке басының бостандығы заңсыз шектеледі. Олай болса, қылмыстық ізге түсу органы сезіктінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндетті болып табылады [15].
Ақтау құқығының субъектілері және ақтаудың негіздері. Қылмыстық процестегі ақтау институты соттың үкімімен ақталған (бұрын сотталушы болған) адамдарға, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша өзіне қатысты (сезіктіге, айыпталушыға немесе сотталған адамға) қылмыстық іс қысқартылған адамдарға таралады. Қылмыстық істі қысқарту алдын ала тергеу, басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, апелляциялық және қадағалау тәртібімен іс жүргізу стадияларында болуы мүмкін. Осыған сәйкес, ақтау институтын соттың ақтау үкімін шығаруға және қылмыстық істі әр стадия кезінде қысқартуға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы құрайды.
Ақтау институтын қарастыруға байланысты, мұнымен қамтылатын соттың ақтау үкімін шығарудың негіздері мен қылмыстық істі қысқартудың негіздері бірдей болмайтындығына назар аудару қажет. Ақтау үкімін шығарудың негіздеріне мыналар жатады: қылмыстың оқиғасы болмауы; әрекетте қылмыстың құрамы болмауы; сотталушының қылмыс жасауға қатысуының дәлелденбеуі. Ал, қылмыстық істі қысқартудың негіздері екі топқа бөлінеді:
1) ақтайтын негіздер;
2) ақтамайтын негіздер.
ҚІЖК 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі қысқартудың ақтайтын негіздеріне мына жағдайлар жатады:
-- қылмыстың оқиғасы болмауы;
-- әрекетте қылмыстың құрамы болмауы;
-- жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленушінің арызы болмауы, сондай-ақ ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамның келтірілген зиянның есебін толтырып жәбірленушімен татуласуы;
-- бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын соттың күшін жоймаған қаулысы болуы;
-- бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы болуы.
Қылмыстық істі қысқартудың ақтамайтын негіздеріне ҚІЖК-нің 37-бабында және 38-бабында көрсетілген басқа жағдайлар жатады (рақымшылық актісінің болуы, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі және т.б.)
ҚІЖК-нің 39-бабына көрсетілгендей, сот бойынша ақталған адам, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адам кінәсіз деп саналады.
Ақтау толық немесе жартылай болуы мүмкін. Мысалы: бірнеше қылмыстар бойынша айыпталған сотталушынын, айыптаудың бір бөлігі бойынша ақталып, ал басқа бөлігіне байланысты оған айыптау үкімінің шығарылуы; сол сияқты, қылмыстық істі қысқартудың да толық немесе жартылай болатындығы жоққа шығарылмайды [16].
ҚІЖК 39-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот және қылмыстық ізге түсу органы ақталған адамдардың мүдделерін қорғау, қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеуге қажетті барлық шараларды қолдануға тиіс. Ал, ҚІЖК 40-бабының 1-бөлігінде бекітілген ереже бойынша, әр адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметінен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян қылмыстық процесті жүргізуші органның кінәсіне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен етеледі.
ҚІЖК-нің 41 -- 47 баптарында ақталған адамдардың құқықтары және құқықтарын жүзеге асырудың тәртібі белгіленген. Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 41-бабында олардың мынадай құқықтары болатындығы көрсетілген:
-- қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянның толық көлемде етелуіне;
-- моральдық зиянның зардаптарының жойылуына;
-- еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтірілуіне;
-- мемлекеттік және өзге наградаларының қайтарылуына, сондай-ақ құрметті, арнаулы және өзге де атағының, сыныптық шенінің, біліктік сыныбының қалпына келтірілуіне.
Айыпталушы немесе сотталушы, не сотталған адам жартылай ақталған жағдайда, ол соған сәйкес көлемде ақталған адамның құқықтарына ие болады.
Ақтау құқығының субъектісі ретінде өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам да болуы мүмкін. Мұндай шараны қолдану туралы соттың қаулысы заңсыз не дәлелсіз деп танылып, ол қаулынын, күші жойылған жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам ақталған адамның құқықтарына ие болады.
ҚІЖК 40-бабынын, 2-бөлігінде басқа да жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы болатын адамдар көрсетілген:
-- жеке айыптау істері бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанына қарамастан заңсыз түрде өзіне қатысты қылмыстық іс жүргізілген адамдар;
-- рақымшылық актісінің болуына, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі өтуіне байланысты істің қысқартылуына мүдделі адамның келісім беруіне қарамастан заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдар;
-- қылмыстық іс жүргізу барысында процессуалдық мәжбүрлеу шарасын заңсыз қолдануға ұшыраған адамдар, сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімнен артық негізсіз қамауда болған адамдар және т.б.
ҚІЖК-нің 39 -- 40 баптарынын жоғарыда айтылған ережелері соттың айыптау үкімі мына аталған ақтамайтын негіздер бойынша бұзылған не өзгертілген немесе ол негіздер бойынша мәжбүрлеу шаралары жойылған не өзгертілген жағдайларда қолдануға жатпайды: рақымшылық ету актісін қолдану, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескеруі, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты (ҚІЖК 40-бабының 5-бөлігі).
Сонымен қатар, егер алдын ала тергеу (анықтау) және қылмыстық істі сотта қарау кезінде бұл адам өзіне өзі жала жабуының салдарынан ақиқатқа жетуге кедергі жасағандығы және сол себепті оған зиян тигенді дәлелденген болса, ол зиян өтелуге тиіс емес (ҚІЖК 40-бабының 4-бөлігі) [11].
Ақталған адамның өз құқықтарын білудің және құқықтарын жүзеге асырудың бастапқы шарты қылмыстық іс жүргізу органының ол адамды ақтау туралы шешім қабылдауы болып табылады (соттың ақтау үкімін шығаруы немесе соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының қылмыстық істі қысқарту немесе өзге заңсыз шешімнің күшін жою не оны өзгерту туралы қаулышығаруы). Бұл құжатта кімнің және қандай негіз бойынша ақталғандығы көрсетіліп, сол арқылы ақталған адамның зиянды өтеттіру құқығы танылады.
ҚІЖК-нің 42-бабына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы осы шешімінің көшірмесін ақталған адамға тапсыруы немесе почта арқылы жіберуі тиіс. Мұнымен бірге мүдделі адамға зиянның өтелу тәртібі түсіндірілген хабарлама да жолданады.
Жалпы ереже бойынша, заңсыз іс-әрекетпен келтірілген зиянды өтеттіру ақталған адамның өз құқығы болып табылады. Бұл адам қайтыс болған жағдайда, зиянды өтеттіру құқығы оның мүрагерлеріне немесе асырауындағыларға ауысады және сондықтан құқықтарын түсіндіру хабарламасы оларға жіберілуі тиіс. Мұрагерлердің тұратын жерлері туралы мәлімет болмаған жағдайда, хабарлама олардын, өзі қылмыстық іс жүргізу органына өтініш жасаған күннен бастап бес күннен кешіктірмей жолданады (ҚІЖК-нің 42-бабы).

1.3. Ақтау мазмұны

Ақталған адамның өзге құқықтарын қалпына келтіру тәртібі ҚІЖК-де жеке түрде көзделмеген. Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9-шілдедегі Қылмыстық іс жүргізу органдарының заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолдану тәжрибесі туралы қаулысының 9-тармағында мынадай түсініктеме берілген: еңбек құқықтарын қалпына келтіру туралы талапты -- ақталған адам бұрын жұмыс істеген кәсіпорынға немесе мекемеге, зейнетақыны немесе жәрдемақыны төлеу туралы талапты -- әлеуметтік қорғау органына, тұрғын үй құкықтарын қалпына келтіру туралы талапты -- жергілікті атқару органдарына, тәркіленген мүлікті қайтару туралы талапты -- бұл мүлікті иеленіп отырған органға, мемлекеттік наградаларды, құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге атағын, сыныптық шенін, дипломатиялық дәрежесін, біліктілік сыныбын қалпына келтіру туралы талапты -- бұл мәселелерді шешуге құзыреті бір органдарға жолдауға болады.
Осы қаулының 10-тармағында жазылған түсініктемеге сәйкес, ақталған адамдар өз құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптарын басқа органдарға жолдамай, тікелей азаматтық іс жүргізу сотына бере алады.
Қылмыстық іс жүргізу органдарының заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеу туралы талаптарды қоюдың мерзімі ҚІЖК-нін 45-бабында көрсетілген. Бұл бапқа сәйкес, мүліктік зиянды ақшалай өтеу туралы талапты қылмыстық іс жүргізу органы мұндай төлем жасау туралы қаулы шығарған сәттен бастап үш жылдың ішінде қоюға болады. Өзге құқықтарды қалпына келтіру туралы талапты қылмыстық іс жүргізу органының ақталған адамға құқықтарын түсіндіру хабарламасын ол адам алған күннен бастап алты айдың ішінде қоюға жатады. Бұл мерзімдер дәлелді себептерге байланысты өтіп кеткен болса, ол мерзімді мүдделі адамдардың өтініші бойынша қылмыстық іс жүргізу органы қалпына келтіре алады.
ҚІЖК-нің46-бабында қылмыстық проідесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі көрсетілген. Бірақ, занды тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылмайтын болғандықтан, оларды заңсыз айыптаудан немесе соттаудан қорғау мәселесі қойылмайды. Егер қылмыстық іс жүргізудің барысында заңсыз іс-әрекеттердің салдарынан ұйымдарға (занды тұлғаларға) мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген болса, ол зиянды ҚІЖК-нің бұрын айтылған ережелеріне сәйкес толық көлемде мемлекет етейді [11].
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1- бөлігінің 1-тармағы (қылмыс оқиғасының болмауы), 2-тармағында (қылмыс құрамының болмауы) анықталған. Негіздерді ажырату кезінде тәжірибелік қызметте алдын ала тергеу органдарының жұмысында қиындықтар туады. Қылмыстық іс жүргізушілік әдебиеттерде де осы сұраққа қатысты пікірталас бар. Ақтайтын негіз бойынша негіздерді ажыратуда көптеген қарсылықтар ресей ғалымдарының арасында жиі кездеседі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқарту.
Қылмыс оқиғасы - бұл жасалған қоғамға қауіпті әрекет, құқық бұзушылық деп бағалауға болады. Бұл белгілі бір адамның әрекетімен жасалады және ол міндетті түрде қоғамға қауіпті болуы тиіс. Қылмыс оқиғасында объективтік жақтың бейнесін көруге болады. Ал объективтік жақтың міндетті белгісі болып - қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік табылады
Орын алған қылмыс оқиғасы туралы құқық қорғау органдарындарына қылмыс оқиғасына куә болған тұлғалардың жауаптарынан немесе жағдайдың өзгеруінен, заттардың ауысуынан белгілі болуы мүмкін. Кейде адамдардың хабарламалары қате, жалған, ал жағдайдың өзгеруі - қылмыспен байланыссыз күйде болуы мүмкін. Істің мән - жайын тергеу барысында тергеліп жатқан істің мүлдем орын аплмағандығы туралы қорытынды шешімге келуге болады.
Сонымен, әрекетте оқиғаның болмауы немесе қылмыс құрамы элементтерінің бірінің болмауы заңда нақтылы түрде істі қысқартудың Тәжірибедегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің тәжірибесіне сәйкес өндіріс бойынша қылмыстық істі қысқартқан жағдайда екі негізді жиі бірге атап көсетеді:
1. Қылмыс құрамының болмауы;
2. Қылмыс оқиғасының болмауы;
Көптеген авторлар оқиғаның болмау мәселесін тергеу барысында анықталған мән-жайлар бойынша мүлдем орын алмаған оқиға туралы сөз қозғайды3. Қылмыс оқиғасының болмауын қылмыс құрамының болмауымен салыстыратын авторлар төмендегіше баяндайды: қылмыс оқиғасы, яғни соның негізінде қозғалған қылмыстық іс фактілі түрде мүлдем орын алмағандығы туралы айтылады.
Кейбір авторлардың пікірінше, қылмыс оқиғасының болмауы жайлы сөз қозғауға болады. Егер қылмыстық іс бойынша қозғалған оқиғаның орын алмауы. Н.Я. Якубовичтің пікірінше: тергеудің пәні болып табылатын қылмыстық әрекет, шын мәнінде орын алмаған жағдайда, қылмыстық оқиға болмады деп есептеледі.
Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллиннің көзқарасы қарастырылып отырған сұрақ бойынша дұрыс. Олардың ойынша, қылмыстық істі қысқартудың негізі ретінде қылмыс оқиғасының болмауы, алдын ала тергеуде әртүрлі нұсқаларда анықталады. Қылмыс белгілері болып, бірақ қылмыс құрамының элементтері толық болмаса, онда әрекет болмады деп есептеледі. Бұл мәселенің тек теориялық емес тәжірибелік маңызы да бар. Себебі: қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылса, онда іс бойынша барлық жауаптылық жойылады. Қылмыс құрамы болмаған кезде қылмыстық іс нақты тұлғаға қатысты қысқартылады: онымен жасалған әрекет қылмыс болып табылмаса. Бұл жалпы ереже. Сонымен қатар, қылмыстық жағдайларды белгілейді, яғни тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, оның әрекеті қылмыс белгілеріне сәйкес болса да:
1.Қажетті қорғаныс - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабы;
2.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 33-бабы;
3.Аса қажеттілік - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 34-бабы;
4.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 36-бабы;
5.Орынды тәуекел ету - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35-бабы;
6.Бұйрықты немесе өкімді орындау - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 37-бабы;
Осы аталған жағдайлар анықталса қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, онда өндіріс қысқартылуға жатады. Н.В. Жогин мен Ф.Н.Фаткуллиннің пікірінше, адамның қылмыстық әрекетке қатысын дәлелдемеу салдарынан қылмыстық іс қысқартылады, егер тергеушінің барлық әрекеттеріне қарамастан айыптау бойынша қылмыстық жауаптылықтың барлық құрамдарын анықтайтын фактілерді дәлелдеу сәтсіз болса, онда бұл фактілер құқықтық әрекеттің белгілі тұлғаның осы қылмысқа қатысты кінәлілігін анықтайтын негіздің болуын айтады [14].
Г.Н. Стойко осыған сәйкес заңнамада дәлелденбеу негізіне қатысты қылмыстық істі қысқартудың үш негізін бөліп көрсетуді ұсынады
- қылмыс оқиғасының болуының дәлелденбеуі;
- айыпталушының қылмыстық іс-әрекет жасауға қатысуының дәлелденбеуі;
- тұлғаның жасаған әрекетінде кінәсінің дәлелденбеуі2;
Бұл көзқараспен толық келісуге болады деп есептеймін. Шынында да, тергеу тәжірибесінде жасалған әрекет белгілі - бір нақты тұлғамен тығыз байланысты болуы мүмкін жағдайлар аз емес. Және осы тұлғаның қылмысқа қатыстылығының дәлелденбеуі - автоматты түрде қылмыстық істің қысқартылуына алып келіп соқтырады.
Ақтайтын негіздер бойынша қысқартылған барлық қылмыстық істер алдын ала тергеудің кемшілігі салдарынан болады деп санауға болмайды. Яғни қылмыстық іс қылмыс белгілері болған кезде қозғалуы қажет. Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың төрт белгісін атап көрсетеді3. Олар: қоғамға қауіптілік, қылмыстық құқыққа қайшылық, кінәлілік, және жазаланушылық.
Қылмыстың бірінші белгісі оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік қылмыстың негізгі материалдық белгісі және қандайда бір әркетті қылмыс деп танудың негізі болып табылады. Алайда қоғамға қауіптілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процесте азаматтық талаптың мәні
Азаматтық талап қою
Мүліктік экологиялық зиян
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
Сақтандыру шартының ұғымы
Қылмыстық жауаптылық
Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның құқығын қамтамасыз ету мәселелері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Сақтандыру шарты туралы
Пәндер