Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы ролі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы ролі
Қарағанды - 2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе . . . 1
Негізгі бөлім
І. Педагогикалық мамандықтың даму перспективалары . . . 3
ІІ. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру . . . 6
ІІІ. Педагогика мамандығының қоғамдағы орны . . . 10
Қорытынды . . . 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 16
Кіріспе
Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеумен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция - әлеуметтік педагогика рөлінің артып отырантындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдіңжан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік - қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының жзастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.
Негізгі бөлім
І. Педагогикалық мамандықтың даму перспективалары.
Материалдық және рухани өндірістің салалары сияқты білім беру саласында да мамандық аралық диффренциация тенденциясы байқалады. Бұл заңды процесс педагогикалық мамандық шегінде әр түрлі іс-әрекет барысында көрінуде. Педагогикалық іс-әрекет түрлерінің жаңару процесі ең алдымен тәрбие сипатының өзгеруімен, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс себептерімен байланысты.
Жаңа педагогикалық мамандықтардың пайда болуы білікті оқыту мен тәрбие сұранысының өсуіне байланысты болып табылады. 70-80 жылдардың өзінде-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына байланысты мамандандыру мәселесі анық көрінді. Ал бұл мәселенің өзі оқушылардың көркем-өнер, спорт, туризм және басқа да әрекеттерін білікті басқару қажеттілігін тудырды.
Сонымен, мамандықтардың кәсіби тобы - әлеуметтік жарамды әрекеттің тұрақты түрлері бойынша біріктірілген, соңғы нәтижесі, арнайы құралдары, пәні бойынша ерекшеленетін мамандықтардың біртұтастығы.
Педагогикалық мамандық - белгілі кәсіби топ шегіндегі әрекет түрі, ол білім алу нәтижесінде игерілген білім, іскерлік, дағдылардың біртұтастығын сипаттайтын және берілетін біліктілікке сәйкес нақты кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық мамандандыру - педагогикалық мамандық шегіндегі іс-әрекеттің нақты түрі. Ол нақты еңбек түрімен және маманның нақты функциясымен байланысты.
Педагогикалық біліктілік - нақты міндеттерді шешуде маманның мүмкіндіктерімен сипатталатын кәсіби-педагогикалық даярлықтың деңгейі мен түрі.
Педагогикалық мамандықтар «Білім беру» кәсіби тобына біріктірілген. Педагогикалық мамандықтардың диффренциациясының негізі осы топ мамандары іс-әрекетінің объектісі мен мақсаты болып табылады. Педагогтардың кәсіби әрекетінің жалпы объектісі - адам, оның жеке тұлғасы. Педагог пен оның іс-әрекетінің объектісі арасындағы қатынас субъект-субъект болып құрылады. Сондықтан бұл топтың мамандықтарын дифференциациялаудың негізі өзара әрекет құралдары ретінде байқалынатын білім, ғылым, мәдениет, өнер саласы.
Мамандықтарды дифференциациялаудың тағы бір негізі - жеке тұлға дамуының жас ерекшелік кезеңдері, яғни педагог пен дамып келе жатқан жеке тұлға арасындағы нақты қатынастың болуы (мектеп жасына дейінгі, бастауыш сынып оқушысы, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қарттық) .
Мамандықтарды дифференциациялаудың келесі бір негізі - психофизикалық және әлеуметтік факторлармен байланысты жеке тұлға дамуының ерекшеліктері (есту, көрудің бұзылуы, ақыл-ойдың кешеуілдеу, девиантты мінез-құлық және т. б. ) .
Педагогикалық кәсіпті мамандандыру педагогикалық әрекет түрлерін көрсетуге және тәрбие жұмысының бағыттарына байланысты (еңбек, эстетикалық және т. б. ) .
Педагогикалық практиканы зерттеуде педагогтың іс-әрекеті әр түрлі міндеттердің тұрғаны айтылады.
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басыанан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбек және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау -әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы. Соңғы он жылдағы болып жатқан өзгерістер рухани - өнегелілік бағдарлауды, тұспалдауды, мұрат етуде көптеген қоғамдық сананың барлық формасының мазмұнына өзгертулер енгізді:
Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік, материалдық және рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті т өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен, ассоциалдық мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде. Баланың жаны мен психикасына жағымсыз әсер ететін толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға түсуде. Қазіргі таңда сапалы білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.
Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі жартылай жетім және жетім балалар санының көбейіп отырғандығын айтсақ болады. Бұл проблема барлық менмлекеттерде бар мәселе . Бірақ та тірі ата-анасы бар кезде және олар мемлекет үшін товарға ацналып отырған кезде жаңа көрініс-әлеуметтік жетімдердің көбею қаупі туындауда.
Әлеуметтік жетімдер деуінің себебі-қоғам өз мүшелеріне отбасылық, аналық борышын өтеуге жағдай тудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылық және мейірімділік сезімін қалыптастырмай отыратындығында. Мемлекет пен сол елдің азаматының арасындағы қатігездік, немқұрайлық ата ана мен бала арасындағы қатынаста өз көрінісін табады.
Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік проблемалары- халық арасындағы ерекше әлеуметтік -демографикалық тобының өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және оны әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес, мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.
Біздің елімізде бала проблемасы мен мемлекеттің жастарға қатынасы барлық кезде өзіндік, спецификалық көріністерге ие болған, ол қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ерекшелігін көрсететін. 1990 жылдың басына дейін ол функцияны комсомол және пионер ұйымдары атқаратын. Кеңес Одағы жастарының 90 пайызы осы ұйым мүшесі болғаны белгілі. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты идеологиялық, басқарушы функцияларды іске асыратын барлық жастар институты тоқырауға ұшырады. Ол ұйымдардың атқарған қызметі өз уақытында ешбір атқарушы билік өкіліне берілмеді. 1991-1993 жылдары балалар мен жастар мәселесімен мемлекет айналыспады. Мұның өзі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мекемелердің материалдық базасына үлкен зиян тигізді. Жастар ортасында жүйелі және құрылымдық дағдарыспен қатар жастар саясатын іске асыратын мемлекеттік органдарды құру, оны мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де өткір мәселеге айналды. Ол маман әлеуметтік педагог болып есептеледі.
Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.
Әлеуметтік қорғау - жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ол әсерлерді жоюға жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірді өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. Әлеуметтік қорғау-бұл әлеуметтік - экономикалық, құқықтық категория ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.
Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:
- Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау
- Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау
- Адам құқығын қорғау
- Мақсатты әлеуметтік қорғау
ІІ. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру
Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінгі тағдағы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуі, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік педагог балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтану процесінің жоспарды және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман.
«Тұлға-отбасы-қоғам» жүйесінің өзара әрекеттесу жүйесінің үйлестірушісі бола отырып, қоғамда, отбасыда, микросоциумда ізгілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеуге әсер етеді. Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетінг, проблемаларды тиімді, дұрыс шешуге жолдарын табатьын адамдар. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.
Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік орта мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының, педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік ортьа мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады.
Балаларды әлеуметтік - педагогикалық қолдау - баламен бірге оның өзіндік көзқарасын, мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.
Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум - әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен, оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс жасайды.
Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау.
Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.
Әлеуметтік қызметкер мен педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік - қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын.
Педагог - өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқығын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар - бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады.
Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:
а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;
ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен.
б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.
Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:
а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда «байланысамын», «қарым-қатынас жасаймын», «бірге жасаймын», басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді. ) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға, әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді.
ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.
Бұл жерде әлеуметтік педагоктың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның эмоциялық жағдайын сезімін, қиын шақтарын түсіне алу қабілеті туралы айтып отыр. Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушыға ересек адам оны көріп, тыңдап түсінетіні жайлы білдіре алуы тиіс. Бұл түсініктің өзіне алдағы іс әрекетті болжау, айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау мүмкіндігіне жол ашады. Тек осы жағдайда тәрбиеленушінің сеніміне, педагогикалық қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады.
Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:
Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік педагог қызыметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзаратүсінушілі, өзаракөмек, өзаражауапкершілік жолы. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік -тұлғалық жарамдылығын анықтайтын сапа:
а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.
ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.
б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста өзімен - өзі болу.
в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта білу.
г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.
д) «Осы жерде және қазір» жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның жағдайы туралы нақты білу және оны көрсете білу.
Әлеуметтік педагогты тұлғалық және кәсіби қасиеттері бойынша топтастырып көрелік.
Педагогикалық
мінездеме
Мейірімділік
Басқаның қамын
Ойлау.
Намыс сезімі.
Шынайылық
Адалдық.
Әділеттілік.
Сыпайылық.
Ашықтық.
Естесақтау. Ойлау.
Елестету.
Қабылдау. Психологиялық
Жағдайларға назар
Аудару, шаршау
Күйзеліс
Мазасыздықты жеңе білу.
Өз еркің
Жұмылдыра білу,
Табандылық т. б.
Өзін - өзі
Қадағалау
өзін-өзі бақылау,
өз-өзіне сын көзбен
Қарау, өз-өзін
Бағалау, өз
Бетімен білім
Алу, өзіне сену,
Өз мәселесін
Шеше алу.
Қарым-қатынаста
Орната білу,
Сыртқы
Тартымдылық,
Ұнай білу,
Табиғилық,
Басқаның көзімен
Көре білу, түсіну
Шешендік, сендіре
Білу т. б.
Бұл мамандықтың иесі гуманист, діни рухани және жалпы мәдениеті педагог болуы тиіс, педагог және әлеуметтік қызыметткер бола білу, баланың білім алуына, тәрбиесіне бамуына байланысты оны қорғауда өзінің белсенді роль атқаратынын түсіне алу тиіс, тұрақты адамгершілік қағидасы ұстанымы болуы тиіс.
ІІІ. Педагогика мамандығының қоғамдағы орны
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2005 жыл 18 ақпанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “ XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз” деп бүкіл әлемдік талапты көрсетсе, “ Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің -2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек” деп қазіргі білім беруге қатысты нақты талаптар қойғаны баршаға белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz