Тәрбиенің тал бесігі-балабақша


Жоспар
Кіріспе . . . 2
І-тарау
- Тәрбиенің тал бесігі-балабақша . . . 4
- Тәрбиешінің бала тәрбеисінде атқаратын қызметі мен ролі . . . 10
- Баланың періште әлемі-тәрбиеші бақыты . . . 18
ІІ-тарау
2. 1. Ойынның бала дамуына әсері . . . 25
2. 2. Тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыра алу қабілеті . . . 34
2. 3. Мектепке дейінгі балалардың ойын уақытын ұйымдастырудағы ойын түрлері . . . 42
Қорытынды . . . 47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 49
Кіріспе
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойынұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. [8:10-12]
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т. б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. [11; 15-17]
- Тәрбиенің тал бесігі-балабақша
Қазақ халқы қай дәуірде болмасын ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұрпақ тәрбиесін ұлт тағдырынан бөліп қарамаған. Тәрбие мәселесінде баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді мақсат тұтқан.
Бүгінде ата-аналары мектепке дейінгі жастағы бөбектерін балабақшаға, ондағы тәрбиешілерге сеніп тапсыратын болды. Бала тәрбиесінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деп ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, оқу мен тәрбие - бір-бірінен ажыратылмайтын ұғым. Жаңа заманның жаңашыл тәрбиешісі осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүре алса, бұл - оның іскерлігі мен шеберлігінің айқын дәлелі. Бүгінде отбасының да, балабақшаның да мақсат-мүддесі біреу: ол - заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше.
Еліміздің айқын мақсаттарының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында «Жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білімді, өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады . . . » деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екендігі сөзсіз.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесіне, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі - бастауышта, барша білім негізінің ірге тасы да осында қаланады десек те, тәрбие мен білім өзегі - балабақшадан бастау алатыны бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп отырғаны баршамызға айқын.
Ерте жетілдіру - жеке тұлғаны қалыптастырудың бастауы тәрбиенің тал бесігі - балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратындығын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті оның сәби жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі ерекше.
«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң тал ек, ал бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген асыл сөздің астарынан үкілеген үмітіміз - бала келешегінің кемеліне ерекше мән беру керектігін аңғарамыз.
Біздің «Жас терек» бөбекжай - бақшасында еңбек ететін тәрбиешілер топтарындағы тәрбиеленушілердің бойына қайырымдылық пен сүйіспеншілікті, адамгершілік пен ізгілікті қалыптастырып, жүйелі жұмыс жүргізу барысында ата - аналармен тіл табысу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, өзіндік үлес қосуға тырысуда.
Топтарындағы балалардың әрбір күнінің мағыналы да мазмұнды, балалардың бақшадағы өмірлерінің қызықты да тартымды болуын жоспарлаған әр тәрбиешінің мақсаты - бала тағдырына жауапты екендігін сезінуінде. Жылылық пен мейірімділікті, ізгілік пен парасаттылықты бала бойына ұялатып, оның дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған ортамен танысуына ықпал жасауда жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор. Қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған, ой-өрісі жоғары ұрпақты қоғамға бейімдеп тәрбиелеу барысында балабақша педагогтарының алдында межелі міндет, игі бастамалар тұрғандығын біздің тәрбиешілер жақсы біледі және сол міндеттерді орындау барысында үнемі өз білімдерін жетілдіріп, өзара сабақтастықпен еңбек етуде. [1; 65-68]
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлекетіміздің алдына қойған аса маңызды мақсаттарының бірі болып отыр. Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі десек, отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен қуат алған бала балабақшадағы тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленіп, алғашқы білім нәрін алулары керек. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етуде біздің балабақша педагогтарының атқарып жүрген жұмыстары көңіл қуантарлықтай. Әр тәрбиеленушінің жеке мүмкіншіліктерін ашып, олардың қабілеттерін айқындап, топ тәрбиешілеріне бағыт-бағдар беруде психолог маманның атқарып отырған істері айтарлықтай. Республикалық «Өзін - өзі тану» бағдарламасы аясындағы жұмысты өз тәжірибелерінде қолданып жүрген Бахтиярова Б. Б., Кабиева М. К., Абзалова А. Б., Абешова А. А., топ бөлмелерінде ата-аналармен бірлесіп арнаулы бұрыш ұйымдастырып, әр баланың өзін өзі танып, білулеріне мүмкіндік жасап, жеке тұлға болып қалыптасуларына ықпал етуде. Балабақшадағы тәжірибелі педагогтар Бұзауова Г. М, Ләмбекова Д. С еңбек жолдарын жаңа бастаған жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетіп, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді жеке тұлға етіп қалыптастыру бағытындағы іс-тәжірибелерімен таныстыруда. Балабақшамызда тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбиемен бірге, өнерге баулып, балалардың жеке таланттарын ашуда саз жетекшісі Тышқанбаева Ж. А балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда «Әсемдік әлемінде»шығармашылық тобының жетекшісі Бахтиярова Б. Б., балалардың спортқа деген жеке қабілеттерін танып жетілдіруде «Дені саудың-жаны сау»шығармашылық тобының жетекшісі Кабиева М. К ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық тәрбие кәусарынан нәр алған жеке тұлға қалыптастыруда «Ата-баба дәстүрі - асыл мұра» шығармашылық тобының жетекшісі Ләмбекова Д. С сынды педагогтардың атқарып жүрген игі істері айтарлықтай. Біз бақшамыздан ұшқан бүлдіршіндер өнер жолында да, өмірдің барлық саласында да биік асулардан көрініп жүргендерін мақтан тұтамыз.
Тәрбие -баланың сәбилік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сондықтан, болашақ иелері бүгінгі балабақша тәрбиеленушілері екенін естен шығармай, оларға ең алдымен адами құндылықтарды бойына сіңіруге еңбектенуіміз қажет. Осы тұрғыда біздің ұжым бүлдіршіндердің жүрегіне сәуле шуағын сеуіп, келешекке ұмтылдыруға бар күш- жігерлерін аямай еңбек ете береді.
Кез-келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы болуы керек. Сондықтан біз ұлттық құндылықтарды ұрпақтарымыздың бойына сіңіріп, оларды ел қамын, жер қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені бойына дарытуда Елбасы Н. Назарбаевтың мына бір ұлағатты сөзі баршамызға бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Тәрбие - жеке адамның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыра, өмірге бейімдей жүргізілетін жүйелі процесс. Тәрбие бесіктен басталып, түрлі өзіндік ерекшеліктерімен бір-біріне жалғаса жүзеге асырылады. Оның негізгі мақсаты адам бойына ізгілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дейді қазақ. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат боп ер жетуі ең алдымен, ата-ананың тәлім-тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі өнегесіне байланысты. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мәйекті сөз тегіннен айтылмаған. Алайда бүгінгі аналарымыз бесік тербеп, ұлттық әдет-ғұрыппен әлдилеп бесік жырын айта ма? Ұлттық тәрбиені бала бойына дарытып, жанына ұялатып жүрміз бе? Ұлттық тәрбиені сезінбеген ұрпақ ұлттық рух, ұлттық құндылықтар жайлы айтқанды ұқпайды ғой. Ұлттық рух - халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін күш-қуаты. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән, өзгеде қайталанбас қасиеттері, мінезі діні, тілі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Оны асқақтататын - ұлттық тәлім-тәрбие. Оның негізі ана тілінде. Қазақ тілі халқымыздың ұлттық болмысын, әдет-ғұрпы мен салтын, дәстүрін, ұлттық жадын қалыптастырушы негізгі құрал ретінде ұлттың тілі мен діні, біліктілігін болашаққа жалғайды.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі арқылы қалыптасқан ұлттық өмір салты бар. Өмір салты дегеніміз - әрбір қоғамның, ондағы әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың белгілі жүйеде өмір сүру тәсілінің жиынтығы.
Біз ұлтымыздың рухани санасын оятып болашаққа сенімін күшейтуіміз керек. Бұл қазіргі тәрбиешілердің басты міндеті. Біз, яғни, болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер, халқымыздың таусылмас бай, асыл мұраларын жақсы біліп, біздің іс-тәжірибемізден, ой-санамыздан, парасаттылығымыздан кейінгі буын тәлім-тәрбие алуы тиіс. [3; 89-92]
Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Ана тіліміздің құндылығы бала жүрегінде сақталады.
Өз Отанын, елін сүю, елінің патриоты болу әр азаматтың қасиетті борышы.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал, жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
«Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды асыл қоймасындай сақтады. Өнерлі халық - өміршең халық.
Демек, бүгінге дейін ғасырлар бойы дамып қалыптасқан халық ауыз әдебиетінен, халықтық салт-дәстүрлерінен, ұлттық педагогикалық ойлардан құралған бұл халықтық салт-дәстүрлеріміздің ғылыми-педагогикалық мәні өте зор екені дәйекті. Осындай халқымыздың этнопедагогикалық рухани құндылықтарын кез келген оқу іс-әрекетінде кеңінен байланыстырып өткенде ғана әрбір сабақтың мазмұны арта түсетіні белгілі.
Мысалы: өтілетін сабақтың тақырыптарының біріне қазақ этнопедагогикасы материалдары: «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Атқа мінгізу» т. б. түрлері халқымыздың салт-санасында ерекше орын алады.
Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.
Ұлттық қадір-қасиеттер негізгісі - әдептілік, қонақжайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық.
Әдептілік, әдеп сақтау - халықтық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сақтау болып табылады.
Қонақжайлылық, меймандостық - ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға тұрарлық мәнді түрлерінің бірі. Қонақжайлылық, сыйластық салтын бұрынғы ата-бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек нұр үстіне нұр болар еді.
Бауырмалдылық - адамгершілік қасиеттің айрықша бір көрінісі. «Бала бауыр еттен жаралған» дейтін қазақтың бауырмалдылығы баланы әлпештеуден, баланың ата-анасын құрметтеуінен байқалады.
Халқымыздың бауылмалдық сияқты атам заманнан сүйегіне сіңген қасиеті Құран-Кәрім қағидаларымен де ұштасып жатыр. Осы қасиетті кітап адам баласының бір-біріне жат емес, барлық адамзат баласының дос, бауыр екенін айтады. Олай болса «Ақ, қарамыз, сарымыз, дос-бауырмыз бәріміз» деп халықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас ұрпақты бауырмалдылыққа баулуымыз керек.
Қайырымдылық. Халық өз ұрпағына қайырымдылықты ес біле бастағаннан үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы, оны тұрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.
Халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті жастарды әдептілікке, бауырмалдылыққа, қонақжайлылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойымызға сіңіре отырып өзіндік тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дәстүрлерін жалғастырушы - біздің тәрбеміздегі келешек жас ұрпақ. Ақиқатында, біз бақытты толқынбыз. Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп, өз елімізге қызмет қылып жатырмыз. Енді бізге керегі - өзіміздің салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға, мінез құлқымызға жақын салауатты өмір салты. Келешегіміз үмітті болуы үшін, жас ұрпақ өткенді, ата-баба мұрасын білуі қажет және салт-дәстүрін жоғалтпай сақтауы керек. Осындай белгілер әрбір ұлттың стратегиялық мақсат мүддесі болуы тиіс.
Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы - бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, әдет-ғұрыпмен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұлағатты тәрбие қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керегімізді алуға және соны ұрпақ бойына сіңіре білуге тиіспіз. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек қазақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек. [2; 23-25]
- Тәрбиешінің бала тәрбиесінде атқаратын қызметі мен ролі
Тәрбиешінің жеке басының жас жанға
ететін ықпал оқулықтармен де,
жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де,
жазалау және мадақтау жүйесімен де,
ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие.
К. Д. Ушинский
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісімектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Балабақша тәрбиешісінің міндеттері:
Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.
Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытра алатын, адамгершілік жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші- әдептілі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртіпті, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады. [9; 45-47]
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жамандыда тез қабылдайды.
Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz