Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Туризм мәні мен қызмет етуінің механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Туризмнің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫҢ ДАМУЫ 13
2.1. Туроператорлардың міндеттері мен функциялары. Туроператор және турагент. Туроператорлардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 «Zhanar Travel» туроператорлық фирмасынының сапарлар саны. Қазақстандағы туроператорлар үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ФИРМАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ..
23
3.1.Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың дамуының басты жағдайлары мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Жұмыстың мақсаты: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
• Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
• Туроператорлық фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторларды қаратыру;
• Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясын қарастыру;
• Туроператорлық фирмаларды ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
• Туроператорлық фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін қаратыру;
• Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі :
• Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі;
• Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың даму мәселелері мен оларды шешу жолдары.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста туроператорлық фирмалардың ерекшеліктері, оны құраушы компоненттері қарастырылған. Сонымен қатар атаулы еңбекте басты назар Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қазіргі таңдағы проблемалары мен оларды шешу әдістерін жетілдіру жолдарына бөлінген.
Жұмыстың құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, объектісі, жаңалығы қарастырылған.

1. Абдамбаев С.С. және басқалар. Солнцу и ветру навстречу. – Алма-Ата, 2011.
2. Абулхаиров А.З., Чолак Э.А. Современное состояние и модель развития туристско-краеведческой деятельности /Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан. – Алматы, 2011.
3. Абулхаиров А.З. Туристско-краеведческая деятельность как составная часть системы дополнительного образования (на примере организации научно-исследовательской деятельности учащихся/Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан. – Алматы, 2010.
4. Абулхаиров А. Чтоб не иссякли родники //Вестник гор, 2012, №1.
5. Агапов П.В., Кадыров М.К. Сокровища древнего Казахстана. – Алматы, 2012.
6. Айгарина А. Курортные проекты Бурабая //Деловой Казахстан. – 2013. – 12 янв. (№1).
7. Актуальные вопросы теории и практики туризма. Сб. материалов конференции /Под ред. С.Р. Ердавлетова. – Алматы: Қазақ университеті, 2009.
8. Актаева О. Страна, где нас любят //Мир Евразии. – 2013. – №5.
9. Алдашева А.А. История международного туризма в Республике Казахстан. Учебное пособие. – Алматы, 2015.
10. Алексеенко Н.В. Усть-Каменогорск. – Алма-Ата, 2013.
11. Алиева Ж.Н. Географические аспекты роли экологического туризма в устойчивом развитии //Вестник КазГУ. Сер. географ. – Алматы, 2011. - №1(10).
12. Алиева Ж.Н. Организация экологического туризма как необходимое условие перехода республики Казахстан на устойчивое развитие. Актуальные вопросы теории и практики туризма. – Алматы, 2013.
13. Алиева Ж.Н. Предпосылки развития экологического туризма на территории Алматинской области /Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан. – Алматы, 2013.
14. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2012.
15. Барлыбаева Л. Туризм в Казахстане //Спорт. – 2013. – 14 октября.
16. Бегембетов А.А. Экологический туризм в Иле-Алатауском национальном парке //Вестник КазНУ. Сер.географ. – 2012. – №1(24).
17. Бейсенова А.С. Исследования природы Казахстана. – Алма- Ата: Казахстан, 2013.
18. Бейсенова А.С. Первооткрыватели. Мой Казахстан. – Алма- Ата: Жалын, 2012.
19. Экономика туризма и социально-трудовые отношения. - М., 2007г.
20. Социально-экономическое развитие РК. – Алматы, 2013г.

Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағы
Маркетинг және туризм кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Туристік қызметті ұйымдастыру
Тақырыбы: Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі
Мамандық 0511000 -Туризм
Орындаған:
студент Тур 31-к Кайырбеков С.Ж.
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы Алимбекова М.М.
Қарағанды 2016ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1 Туризм мәні мен қызмет етуінің механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2 Туризмнің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫҢ ДАМУЫ
13
2.1. Туроператорлардың міндеттері мен функциялары. Туроператор және турагент. Туроператорлардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2 Zhanar Travel туроператорлық фирмасынының сапарлар саны. Қазақстандағы туроператорлар үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
3 Қазақстандағы турОПЕРАТОРЛЫҚ ФИРМАЛАРДЫҢ дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы ... ... ... ... ..
23
3.1.Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың дамуының басты жағдайлары мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
Кіріспе
Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай - ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Жұмыстың мақсаты: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
* Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
* Туроператорлық фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторларды қаратыру;
* Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясын қарастыру;
* Туроператорлық фирмаларды ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
* Туроператорлық фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін қаратыру;
* Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі :
* Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі;
* Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың даму мәселелері мен оларды шешу жолдары.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста туроператорлық фирмалардың ерекшеліктері, оны құраушы компоненттері қарастырылған. Сонымен қатар атаулы еңбекте басты назар Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қазіргі таңдағы проблемалары мен оларды шешу әдістерін жетілдіру жолдарына бөлінген.
Жұмыстың құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, объектісі, жаңалығы қарастырылған.
1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туризм мәні мен қызмет етуінің механизмі
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.
Саяхат - адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша: Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты [6, 5б.].
Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар) - бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм дегеніміз -- ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі.
Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
1) XIX ғ. дейін -- элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың тууындауы.
2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс -- көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.
3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең - көпшілікті туризмның дамуы.
4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін - қазіргі кезең - көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.
Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.
Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды - Меккеге, христиандарды - Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.
Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін -- Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.
XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.
Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді [1, 47 б.].
Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 -- жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең)тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті (төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты, өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар, туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында [6,95 б.].
Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.
Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа, туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.
Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен, кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.
Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .
Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм -- бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм - адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес жалпы түсінік.
1993 жылы БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды .
Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:
-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;
-қозғалудың уақытша сипаты;
-сапардың мақсаттылығы;
Тұрғылықты ортадан тысқары шығу - туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен-жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады [12, 47-52 бб.].
БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады.Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.
Екінші көрсеткіш - арақашықтық. Мекен - жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.
Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 астам пайызын, және әлемдегі өндірістің әр бір тоғызыншы орнын қамтамасыз етеді.
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген [14,101б.].
1.2 Туризмнің экономикалық мазмұны
ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында туризм дамыту мәселесіне арнайы назар бөлінген. Бағдарламада қойылған мақсаттарға сәйкес, мемлекет іскер топтармен бірігіп еліміздің барлық облыстарында туристік инфрақұрылымды белсенді қалыптастыруда. Бұл орайда, халықаралық түристік орталықтарды, курорттарды және демалыс аймақтарын құрастыру саласындағы келесі үш ірі жобаны атап өтуге болады: Маңғыстау облысындағы Кендерлі, Ақмола облысындағы Бурабай және Алматы облысы Қапшағай суқоймасы жағалауындағы Жаңа Іле. Аймақ деңгейіндегі жобалардың ішінде Ақмоладағы Шаржұм демалыс аймағын, Қатон Қарағай емдеу-сауықтыру кешенін, Шеберлер ауылы этнографиялық кешенін және де Алматы облысындағы Талхизді секілді жобалар көзге түседі.
Сонымен қатар, Батыс Европа - Батыс Қытай көлік коридоры бойында дамып келе жатқан туристік кластерлердің маңызы зор. Жалпы алғанда, халықаралық стандарттарға сай 48 туристік орынның ашылуы көзделген. Қазіргі кезде Қазақстанда уақыт өте келе көптеген жаңа туристік бағыттар ашылуда (1 сызба) .
1сызба
Қазақстандағы жаңа туристік бағыттар
Қазіргі таңда жаңа туристік бағыттар
Белсенді туризм
Санаторийдегі демалыс
Қалалық туризм
Тарихи-мәдени туризм
экотуризм
Ескерту: құрастырған автор
Қазақстанда 9000 аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың арасында 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парк ашылған. Елдегі ең танымал орындар Алматы облысындағы Алтын Емел мен Іле-Алатау ұлттық паркі, Павлодар облысындағы Баянауыл, Ақмола облысындағы Көкшетау мен Бурабай болып табылады. Тамғалы Тастағы жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы, Сыңғырлауық құмдар және Бесшатыр сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады. Экотуризмді көпшілік арасында тарату мақсатымен Іле-Балхаш Регатасы және Ертіс меридианы секілді шаралар үнемі ұйымдастырылады [10, 98б.].
Қазақстанда тау шаңғысы спортымен шұғылдануға қажетті барлық жағдай жасалған, бұл тұрғыдан алғанда еліміз биік таулы елдерден кем емес. Әсіресе, Алматыдағы Шымбұлақ пен Медеу спорт кешендерін, Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай демалыс аумағын атап өтуге болады.
Қазақстан тұрақты даму мен беделі көтерілуінің арқасында бүкіл дүние жүзіне танылып отыр және осыған туризм өз үлесін қосады. Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік Туристік Ұйымның 18-ші Бас Ассамблеясы және Азиада-2011 секілді ірі халықаралық шаралардың Қазақстанда өткізілуі деп айтуға болады.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа ұйымдастырушылық - құқықтық формаларға тез бейімделетін және қысқа уақыт мерзімінде ұлттық экономиканың катализаторы бола алатын жаңа салаларды дамыту қажеттілігі туындады. Осындай салалардың бірі - туризм саласы болып табылады.
Туризм ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша туризм жиынтық ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда республикамызда туризмнің әр түрімен айналысатын 600 астам туроператорлық фирмалар қызмет етеді. Туризм алғашында жоғары табысты экономика саласы ретінде қарастырылмай, туристік қызметтің тек әлеуметтік аспектілері ғана ескеріліп келген болатын. Нарық экономикасымен байланысты жаңа механизм тұсында туризмнің экономикалық және мәдени, саяси негізі жаңа мәнге ие бола бастады.
Туроператорлық фирмалар индустриясы мемлекетке экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетін сала, қаржы салудың берік сферасы ретінде көпшілікке мәлім. Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, бұл саланың дамуы елдің валюталық жағдайын, халықты жұмыспен қамтуын жоғарлатуға өз әсерін тигізіп, әлеуметтік - мәдени жағдайдың жақсаруына және халықтың денсаулығының жақсаруына әсер ететіндігін көрсетті.
Туризмнің тиімді дамуы маркетинг жүйесін ендіру арқылы ғана мүмкін. Соңғы жылдары Қазақстанда туристік қызметте маркетинг элементтерін қолдану кең өріс алуда. Алайда, туристік маркетингті ендіру жүйелілік және мақсаттылық сипатқа ие болмай, туристік фирма басшысының эпизодты инициативасы ғана болып табылады [16, 119-123 бб.].
Сондықтан туристік қызметтің экономикалық тиімділігі мен бәсекеқабілеттілігін жоғарлату үшін, туризмде маркетингтің бүтіндей концепциясын қолдану қажеттілігі туындап тұр. Туристік фирмалар бәсекелестік артықшылықтарға ғана жету мақсатын көздеп қоймай, сонымен қатар қызметінің әрбір кезеңінде маркетингтік орта өзгерістеріне бейімделуге және нарықта жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Туризмде бәсекелестік артықшылыққа жету оңай емес, бірақ бірнеше артықшылықтарды иемденіп, белгілі бір уақыт мерзімінде нарықтың үлесін алу мүмкіндігі бар. Бәсекеқабілеттігін жоғарлату Қазақстанның туристік фирмаларының даму стратегиясына айналуы керек, сонда ғана туристік фирмалар нарықта қызмет етіп қана қоймай, өз қызметтерін кеңейтуге, нарықтағы үлесін арттыруға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда бұл сұрақ өте актуалды болып табылады, сондықтан берілген дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалынып алынған.
Туристік маркетингтің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер туристік сала спецификасымен және бұл саланың аз зерттелгендігімен сипатталады. Қазақстанда туризмнің әр түрінің дамуына қолайлы табиғи - рекреациондық ресурстар мен қалыптасқан тарихи жағдайлар баршылық. Туристік маркетингті қолдану туризмнің алдыңғы қатарлы салалардың біріне айналуына және Қазақстан экономикасының катализаторы болуына өз септігін тигізеді.
Қазақстанның табиғи туристік әлеуеті мен тарихи-мәдени нысандарын ескеріп, шетелдік туристерге қайталанбас табиғи ландшафтарын, эндемикалық флора мен фаунасын, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қамтитын құрамалы турларды ұсынуға әбден болады. Халықаралық туристік нарыққа шығу үшін Қазақстан табиғатының өзгешеліктеріне негізделген турларды, мысалы, джип мініп, киіз үйлерде немесе арнайы жабдықталған трейлерлерде түнеп саяхат жасауға арналған Кең даладан мәңгі қар жатқан тау шыңдарына шейін, Далалық сафари ұсынуға болады. Каспий теңізіндегі жағажайлық және круиздік демалысты дамыту мақсатында Кендірлі демалыс зонасын жабдықтау мен Ақтау қаласында туризм мен ойын-сауық индустриясын дамыту, Оңтүстік Қазақстанда, Қапшағай бөгенінің жағасында Жаңа Іле туристік орталығының құрылысы жоспарланған. Оған емдеу-сауықтыру, мәдени-ойын-сауық және туристік инфрақұрылымның басқа нысандары кіретін болады [13, 87-91бб.].
1 сурет
Алтын Емел туроператорлық фирмасының туристік ағымдар динамикасы
Мың адам
Ескерту: құрастырған автор
Алтын Емел туроператорлық фирмасының статистика мәліметтері бойынша, 2009 жылдан бастап ішкі де, сыртқы да туристік ағымдардың өсуі байқалды (1 сурет) . Ең алдымен, ішкі туризм қарқынды дамуда. Жергілікті жұрттың туристік аумақтарды игеруі шетелдік туристерді тарту мақсатында жүргізілетін халықаралық жобаларын іске асырылуына септігін тигізеді, себебі оның нәтижесінде жергілікті коммуникациялар мен қызмет көрсету сферасы дамиды. Туристік державалардың - АҚШ, Италия, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркияның тәжірибесі осындай тетіктің дұрыс екендігін растайды.
Халықтың толыққанды демалысын ұйымдастыру қажеті әсіресе, еліміздің іскерлік орталықтарында - Алматы мен Астанада байқалады. Ең алдымен, осы аймақтарда Бағдарлама бойынша бас жобалар мен туристік кластерді қалыптастыру мен дамыту бойынша мастер-жоспарлары шеңберлерінде туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту шаралары жоспарланған. Алматы облысында (Қапшағай қаласы) 2009 жылдан бастап, туризм мен ойын-сауықтың Диснейленд-парк пен Лас-Вегас тәрізді объектілері құрылысының техникалық- экономикалық негізделуі мен жобалық-есептік құжаттардың әзірленуі, сондай-ақ, Ақмола облысында осыған ұқсас жобалар Щучинск-Бурабай курорттық зонасында жоспарланған. Қазақстандықтар мен шетелдіктерді қызықтыратын Египеттегі Перғауындар деревнясы мен От Бос (Канада) сияқты көшпелілердің тұрмысы мен сақтар мәдениетін көрсететін Шеберлер сарайы көрме орталығы бар Шебер ауылы этнографиялық кешені салынады. Бұл кешеннің құрылысы Астанадан 30 шақырым қашықтықта жүргізіледі[8, 52-54 бб.] .
Соңғы жылдарда қала маңы аумақтары тұрақты дамуының маңызды факторы болып есептелетін экологиялық туризмнің тартымдылығы артты. Осыған сай ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) келетін туристердің саны өсті. Мысалы, 2015 жылы ұлттық табиғи саябақтары мен басқа ЕҚТА-ға 400 мыңға жуық адам келіп кетті . Олардың жартысы шетелдіктер. Осыған орай, мемлекеттік бағдарлама мен мастер-жоспарларында Бурабай, Іле Алатауы, Алтынемел және басқа да ірі қалаларға жақын орналасқан табиғи ұлттық саябақтарда экологиялық инфрақұрылымын дамыту шаралары жоспарланған.
2011 жылы Қазақстанда өткен VII қысқы Азиялық ойындары Алматы маңын рекреациялық мақсатта игеру үрдісіне ықпал етті. Жаңа спорт объектілерінің құрылысы белсенді демалыс пен туризм әуесқойларын қызықтыруда. Жыл бойы істейтін көп функциялы туристік-спорттық кешендердің кезегімен іске қосылуын жоспарлаған рекреациялық аумақтарды игерудің жан-жақты тәсілі қала тұрғындарының демалыс қажеттілігін қанағаттандыру, қызмет көрсету аясында жаңа жұмыс орындарын әкелу, серік-қалалар мен ауылдардың экономикасын жандандыру мүмкіндігін берді.
Ел Президенті өзінің Жолдауында мегаполистегі халық санының артып өсуі мен күрделі экологиялық жағдайына назар аударып, Үкіметке оңтүстік астананың жүктемесін серік-қалаларды дамыту арқылы жеңілдету тапсырмасын берді. Талқылауға алынған жобалардың біреуінде Алматы-Қапшағай жолында төрт кішігірім қала құрылысы жоспарланған. Алматының солтүстік шекарасының жанында орналасқан бірінші қала іскерлік орталық болып жоспарланады, екіншісі - тұрғын үйлер зонасы, үшіншісі - өндірістің бір бөлігі көшірілетін өнеркәсіптік зона. Қапшағайдың жағалауында туризм орталығы ретінде төртінші қала орналасады. Қазіргі кезде Алматы облыстық әкімшілігі Қапшағай туристік-рекреациялық зонасының даму жобасын іске асыруға арналған инвестициялық портфельді қалыптастыруда. [4, 65-67бб.]
Халық тығыздығын азайту мен осыған сәйкес инфрақұрылымды дамыту мақсатында осыған ұқсас сұлбалар Алматыдан батыс (Қаскелең) және шығыс (Талғар) жағына бағытталады. Жаңа территорияларды игеру, оның ішінде жұмыспен қамтылу мен рекреациялық әрекеттерді ұйымдастыру жағынан туристік мазмұны бар жобалар қызығушылық туғызады. Талғар бағытында бұл - Ақбұлақ спорттық-сауықтыру кешені мен жанында салынған шаңғы стадионы, Табаган тау курорты. Қаскелең бағытында - заманауи туристік инфрақұрылымымен қамтамасыздандырылатын Алматы - Ыстықкөл автомобиль жолының құрылысы. Тағы бір ауқымды жоба - 2010 жылы басталған Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғы курортының қайта құрылуы. Медеу мен Шымбұлақты қосатын аспалы гондолалық жолдың құрылысы аяқталуға жақын.
Қазақстан туристік нарығының құрылымын және қаржыайналымын сипаттайтын көрсеткіштерді қарастырайық. Ішкі саяхаттар мен экскурсияларға деген сұраныстың өсуіні қарамастан, туристік ағымдар құрылымында шығу туризмі басым ( 2 сурет).
2 сурет
Қазақстан Республикасының туристік нарығының құрылымы (2013ж.)
Ескерту: құрастырған автор
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫҢ ДАМУЫ
2.1. Туроператорлардың міндеттері мен функциялары. Туроператор және турагент. Туроператорлардың жіктелуі
Туроператорлық бизнес көпшілікті туризмнің алыс қашықтықтарға жасалуы мен туристік өнімнің ерекшеленуі салдарынан пайда болып, осының нәтижесінде туристік фирмалардың мамандандыру үрдісі дамыды: кейбірі өздерінің барлық күшін қызмет көрсету пакеттерін өндіруге жұмылдырып, жаңа аймақтарды ашу мен туризмнің жаңа түрлерін жасап шығару арқасында туроперейтингтің бағытын айқындаса, басқалары сатуға көбірек мән беріп, туристік агенттіктер ретінде дамыды.
Сонымен қатар, қонақ үйлер мен мейрамханалық қызмет көрсетулерге, ірі туристік және курорттық орталықтардағы қызметтерге деген ұсыныстар көлемінің ұлғаюы кезеңінде туристің тек орналасу мен тамақтандыру қызметтері қосылған турды сатып алғанда толыққанды демалуға деген мүмкіндікке ие болмайтынынан туроперейтингтің қажеттілігі туындайды. Туристердің қаржыларының көп бөлігін демалу мен көңіл көтеруге жұмсайтыны да белгілі. Туроператорлар мен турагенттердің арасындағы негізгі айырмашылықтарын қарастырайық (1 кесте) [5, 56 б.].
1 кесте
Туроператорлар мен турагенттердің арасындағы негізгі айырмашылықтар
Табыс жүйесі бойынша
Туристік өнімнің тиесілігі бойынша
Заңға байланысты штаттық құрамға міндетті ережелері бойынша
Туроператор
Туроператор бірнеше туристік өнімді сатып алады. Оның табысы сатып алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмадан құралады.Туроператор көбінесе жеке қызметтерге ие болады, кейіннен өзіндік баға белгілеу тетігі арқылы кешенді туристік өнім құралады.
Туроператор әрқашан да сату үшін туристік өнімнің қорына ие болады.
* жұмыскерлердің 30%-дан кем емесі туризм саласы бойынша жоғары, орта маманданған не қосымша білімі бар немесе туризм саласында кемінде 5 жылдық жұмыс өтілі бар;
* басшылықтың жоғары не орта маманданған білімі және туризм саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар болуы;
Турагент
Турагент бөлшек саудагер ретінде әрекет етеді де, оның табысы басқаның туристік өнімін делдалдық қызмет арқылы сатудан алынады. Турагент қызметті өндіруші не туроператордың туристік өнімін (жеке қызметтер, мысалы, әуе билеттері, қонақ үйлердегі нөмірлер) нақты бағасымен іске асырады.
турагент нақты өнімге (қызметке) тұтынушы сатып алуға қызығушылық білдіргенде ғана сұрау салады.
* жұмыскерлердің 20%-дан кем емесі туризм саласы бойынша жоғары, орта маманданған не қосымша білімі бар немесе туризм саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар;
* басшылықтың жоғары не орта маманданған білімі және туризм саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар болуы.
Ескерту: құрастырған автор
Дегенмен күнделікті тәжірибеде туроператор мен турагент арасындағы нақты айырмашылықты олардың ұқсас міндеттерді орындай алуына байланысты тұжырымдау қиынға соғады. Туристік ұйым бір мезгілде турагент те, туроператор да бола алады. Мысалы, кәсіпорын туроператор ретінде маршруттар жасап, оларды туристер мен басқа да агенттіктерге сатады; дәл сол уақытта аталған туристік ұйым турагент ретінде басқа кәсіпорындардың турына ие болып, оларды туристерге сатады.
Туризм индустриясының қарқынды дамуы, туристік нарықтағы бәсекелестіктің пайда болуы мен күшеюі - барлығы да туроператор құрылымына әсер етіп, оның әрі қарай мамандануын алдын ала анықтады. Туроператорлардың қызмет түріне байланысты былайша жіктеледі (2 сызба):
2 сызба
Туроператорлардың қызмет түріне байланысты жіктелуі
Туроператорлар қызмет түріне байланысты екіге бөлінеді
мамандандырылған операторлар
Бұл белгілі өнім немесе нарық сегментіне (белгілі елге, туризм түріне т.б.) мамандандырылған туроператорлар.
бұқаралық нарықтық операторлары
Олар белгіленген нақты орында кеңінен қолданылатын чартерлік әуе рейстеріндегі көп мөлшердегі турпакеттерді сатады, басты негіз - бұқаралық туризм орнында болады.
Өз кезегінде олар төмендегідей болуы мүмкін:
а) арнайы қызығушылық туроператорлары (мысалы, ғылыми туризм, тіл үйретуші, спорттық-шытырман туризм, Африкаға сафари ұйымдастыру т.б.);
б) арнайы белгіленген орын операторлары (мысалы, Испанияға, Египетке, Түркияға т.б.);
в) тұрақты клиенттер туроператорлары (жастарға немесе үшінші жастағы тұлғалар, отбасылы жұптар, іскерлер т.б.);
г) арнайы орналасу орны туроператорлары (мысалы, санаторий, демалыс орындары, турбазалар, кемпингтер т.б.);
д) нақты көлік түрін қолданатын туроператорлар (теплоход, автобус, пойыз т.б.).
3 сызба
Туроператорлардың қызмет орнына байланысты жіктелуі
Қызмет орнына байланысты туроператорлар:
қабылдау туроператорлары. Олар белгілі орында орналасады және басқа туроператорлар мен турагенттер қызметі арқылы келуші туристерге қызмет жасайды.
сыртқы туроператорлар шет мемлекеттерге тур-пакеттер бағыттайды
жергілікті (ішкі) туроператорлар. Олар тұрғылықты ел шегінде маршруттар бойынша тур-пакеттер құрады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz