Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Қазақстанның ДСҰ.на қатысудан көретін артықшылықтары ... ... ... ... 6
Қазақстанның ДСҰ.ға кіруінің жағымсыз жақтары ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жеткен уақыттан бері экономикасы түрлі жағдайларды бастан өткерді. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білікті басқаруы мен жүргізген күрделі стратегиялық саясаты ұлттық экономиканы шұңқырдан биікке жетелеуде.
Әлемдік шарушылықтың түпнегізі – бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда әр мемлекет түрлі мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. 21 ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда-саттық жасап, капитал айналымын жасап, капитал айналымын жандандыруда. Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді, өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық.
Қазақстан бұдан әрі қарай даму үшін және экономикасын байыту үшін дүниежүзілік саудада орын табу керек. Қазақстанның дүниежүзілік саудада өз орнын табуы үшін алдымен ДСҰ-ға кіруі қажет. Бұл ұйымға кіруіміз үшін ДСҰ-ның барлық шарттарын орындауымыз қажет, бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы жолдауында: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп айтып өткен. 1991 жылы Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде ресми жарияланған соң дербес сыртқы экономикалық саясат қалыптасты. Мемлекет экономикасының реформасы түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасымен тікелей екіжақты экономикалық байланыстар орнатушы шет елдер және бұрыңғы одақ республикалар арасында қарым қатынастардың сипаты ел экономикасында жаңа сыртқы экономикалық сектордың қалыптасу нысаны болды. «Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына тараптардың барлығына тиімді болатын, әрі біздің еліміздің стратегиялық және экономикалық мүдделеріне сәйкес келетін шарттармен кіруді көздейді. Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттермен келіссөздер аяқталды. Дегенмен, әлі бірқатар келісімдерге қол қою үшін келіссөздер жүргізуіміз керек. Сыртқы сауда көптеген елдердің ұлттық экономикасының халықаралық еңбек бөлінісінде елеулі орынға иелену септігін тигізеді. Мемлекеттер арасындағы халықаралық сауданы реттеуде және дамытуды қажет ететін процесс болғандықтан, осы мәселелерді қарастыратын Дүниежүзілік Сауда Ұйымы қызметінің маңызы аса зор.
1. kz.otyrar.kz/tag/dyniezhuzilyk sauda uyimi / 22.05.2016
2. Дүниежүзілік сауда ұйымы. Ана тілі газеті. №28, 14 шілде, 2015 ж. 8-бет
3. www.qazaquni.kz 2016.16.30
4. turkystan.kz/saraptama/5266
5. new.inform.kz
6. www.aktobegazeti.kz ақтөбе облыстық қоғамдық саяси газеті
7. group-global.org 17 Ноябрь 2015,
8. www.elarna.com
9. Елемесев Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар: оқу құралы.2002жыл. 83 бет
10. www.google.kz Әлемдік сауда ұйымы және Қазақстан
11. Әлмереков Н.А. «Қазақстанның экономикасын дамыту және Республиканың ДСҰ-ға кірудегі проблемасы» 2015жыл. 216-221бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 3
Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары ... ... ... ... 6
Қазақстанның ДСҰ.ға кіруінің жағымсыз жақтары ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жеткен уақыттан бері экономикасы түрлі жағдайларды бастан өткерді. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білікті басқаруы мен жүргізген күрделі стратегиялық саясаты ұлттық экономиканы шұңқырдан биікке жетелеуде.
Әлемдік шарушылықтың түпнегізі - бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда әр мемлекет түрлі мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. 21 ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда-саттық жасап, капитал айналымын жасап, капитал айналымын жандандыруда. Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді, өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық.
Қазақстан бұдан әрі қарай даму үшін және экономикасын байыту үшін дүниежүзілік саудада орын табу керек. Қазақстанның дүниежүзілік саудада өз орнын табуы үшін алдымен ДСҰ-ға кіруі қажет. Бұл ұйымға кіруіміз үшін ДСҰ-ның барлық шарттарын орындауымыз қажет, бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы жолдауында: Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деп айтып өткен. 1991 жылы Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде ресми жарияланған соң дербес сыртқы экономикалық саясат қалыптасты. Мемлекет экономикасының реформасы түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасымен тікелей екіжақты экономикалық байланыстар орнатушы шет елдер және бұрыңғы одақ республикалар арасында қарым қатынастардың сипаты ел экономикасында жаңа сыртқы экономикалық сектордың қалыптасу нысаны болды. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына тараптардың барлығына тиімді болатын, әрі біздің еліміздің стратегиялық және экономикалық мүдделеріне сәйкес келетін шарттармен кіруді көздейді. Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттермен келіссөздер аяқталды. Дегенмен, әлі бірқатар келісімдерге қол қою үшін келіссөздер жүргізуіміз керек. Сыртқы сауда көптеген елдердің ұлттық экономикасының халықаралық еңбек бөлінісінде елеулі орынға иелену септігін тигізеді. Мемлекеттер арасындағы халықаралық сауданы реттеуде және дамытуды қажет ететін процесс болғандықтан, осы мәселелерді қарастыратын Дүниежүзілік Сауда Ұйымы қызметінің маңызы аса зор.

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге байланысты проблемаларды терең зерттеу және маңызды амалдар, шаралар қолдануды қажет ететін ел экономикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін күніміздегі экономикалық құбылыс болып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргендегі өнеркәсібімізге тигізетін пайдасы мен зянды жактарына зерттеу жүргізу өзекті мәселе болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен зардаптары неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс болды ма? деген сұрақтарға жауап табу болды, яғни Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінің жағымды және жағымсыз жақтарын қарастыру.

Курстық жұмыстың қайнар көздері. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары, әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет торынан алынған ақпараттар.

Зерттеу құрылымы -- 15 бетен, Кіріспеден, негізгі бөлімнен. қорытындыдан тұрады.

Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады.
ДСҰ 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен. ДСҰ - бұл бір жағынан әрі ұйым, әрі халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім-шарты, құқықтық құжаттар кешені.[ 1]
ДСҰ басты міндеті -- іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
-- Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
-- Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
-- Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
-- Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін әділетсіз тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
-- Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру әділетті болар деп есептеледі. [2]
Еліміздің араға он тоғыз жыл салып Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткені туралы оқиғаны халық әрқалай қабылдағандай. Дегенмен, қалай болғанда да мұның елеулі тарихи құбылыс болғаны анық. Қазақстан ДСҰ-ға кіруге 1996 жылдың 29-қаңтарында өтініш берген болатын Қазақстанның Дүние - жүзілік сауда ұйымына енуі туралы ресми келіссөздердің аяқталғанын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та мәлімдеді. Президент Қазақстанның бұл қадамын тарихи оқиға ретінде бағалап, 19 жылға созылған келіссөзде Қазақстан өзіне тиімді шарттарға қол жеткізгенін, ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одағы (ЕЭО) талаптарын ұштастыра алғанын айтты. Жалпы, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктен Қазақстан нарығының ұтары не, ұтылар тұсы қайсы? Осы мәселеге келгенде экономикалық және саяси сарапшылардың пікірі екіге жарылды. Сарапшылардың біразы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік бізге кері әсер етеді, біздің нарық бұл бәсекелестікке төтеп бере алмайды, онсыз да тұралап тұрған ауылшаруашылығы шетелден ағылатын арзан өнімнен бас көтере алмайды десе, екінші бөлігі - бұл ұйымға мүшелікке өту арқылы біздің сауда кеңістігіміз біршама артады, шетелден әкелінетін автокөліктердің баж салығы төмендейді, шетелдің сапалы бұйымдарына қол жеткіземіз дегенді айтады. ДСҰ-ға Қазақстан 162-ші ел болып енді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің біразы - Қырғызстан (1998 жылдан), Армения (2003 жылдан), Ресей (2012 жылдан) мүше. Бұл мемлекеттер өзінен кейін мүшелікке кірген елдерге өз талаптарын қоя алады және арнайы дауысқа ие [3].
Саясаттанушы Әзімбай Ғали Қазақстан астығының сапасы жағынан да, өнімділігі жағынан да Канада мен Австралиядан асып түсетіндігін айтады. Демек, ДСҰ-ға мүшелік ету біздің астығымыздың әлемдік нарыққа шығуына жол ашады. Алайда Канада, АҚШ және Австралия астығының тоннасы үшін экспортқа кететін көлік шығыны небәрі 17$ және 40$ көлемінде ғана болса, Қазақстанның климат жағдайына орай, ашық теңізге бірден шығатын жолының жоқтығы және Ресейдегі ең жақын портқа дейін кететін тасымал шығыны тоннасына - 136 АҚШ долларына тең. Сөйте тұра, ірі астық өндіруші мемлекеттер Қазақстанның экспорттық субсидия алуына қарсы болып келген. Бұл да біздің алдымыздан шығар көп түйткілдің бірі. Соған қарамастан, әлемдік сауданың 90 пайызы жүретін сауда ұйымына кіруден Қазақстан ұтады дейді саясаттанушы. Әзімбай Ғали: Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелікке енуіне 1995 жылы да, 2000 жылы да мүмкіндігі болған еді. Алайда біздің құзырлы органдар халықаралық беделді ұйымға мүше болудың кері әсерінен қаймығып, асықпау дұрыс деп шешті. Ал қолында шикізаты да жоқ, қаражаты да жоқ, тек жалғыз алтын кені бар қырғыздар тәуекелге бел буды, сөйтіп ДСҰ-ға мүше болды. Қырғызстан бірнеше революцияны бастан кешті. Саяси тұрақсыздық ел дамуына кері әсерін тигізді. Алайда бұл ондағы жеңіл өнеркәсіптің дамуына бөгет жасаған жоқ. Біздің алдымызда мүше болған мемлекеттер бізге өз талаптарын қойды. Мәселен, Қырғызстанды алайық. Олар Қырғызстаннан тасымалданатын жүк транзитін арзандатуға, Орта Азиядан 700 мыңнан астам жұмысшы алуға мәжбүрледі. Оның үстіне, біздің алдымызда Тәжікстан да еніп алды ғой. Жалпы, ДСҰ-ға енуіміздің жағымды жақтары көп. Мәселен, биылғы жылы инфляция екі пайыздай төмендейді. Ал отандық кәсіпкерлеріміз көр-жер өндіруді қояды. Бәсекеге қабілетті өнім жасауға тырысады. Сөйтіп, Қазақстанның брендтері пайда болады. Өзі екі жүзге жуық мемлекеттің 162-шісі болып отырмыз. Біздің соңымызда бірнеше арал мен Өзбекстан ғана бар. Бәсекелесетін де ешкім қалмады. Бұдан ұтылсақ та, ұтсақ та бұл ұйымға енгеніміз дұрыс[4].
Ал ҚР Парламентінің депутаты, Ақ жол партиясының жетекшісі Азат Перуашев ДСҰ-ға мүшелікке өту - өнімнің сапасын арттырып, өзіндік құнын арзандатуы тиіс қазақстандық өндірушілер үшін үлкен сынақ деп санайды. - Енді халықтың қолы сапалы әрі арзан тауар мен қызмет түрлеріне жетеді. Сондықтан, тұтынушы көзқарасы тұрғысынан алғанда, бұл - серпінді қадам. Ал мемлекет нарықты ашып, халықаралық стандарттарды енгізуден бөлек, экономиканың кейбір секторында, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында белгілі бір протекционистік шаралар қабылдауы тиіс, - дейді депутат. [5]

Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары.
Қазақстанның ДСҰ-на кірудің пайдасы көл-көсір. Негізгісі - біздің отандық өндірушілер басқа елдердің нарығына енуге мүмкіндік алады, ал біз, тұтынушылар арзан әрі сапалы импорт тауарларына қарқ боламыз. Сондай-ақ, тек шикізат емес, басқа да секторларға қосымша инвестиция тартылуға тиіс. Жалпы, бұл ұйымға қосылар алдында әрбір мемлекет үлкен дайындықтан өтеді. Бір мемлекеттер бұл шешімге ешбір дайындықсыз келеді де, сосын ДСҰ-ның пайдасын емес, зиянын көреді. Ондай елдерге Қырғызстан, Молдова, Грузияны жатқызуға болады. Өйткені, олар күткен экономикалық өсім болмады, елге арзан тауар мен мол инвестиция келмеді. Даму көрсеткіштері кері кетіп, маңызды салалар тоқыруға ұшырады.[6]
Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі басты мақсаты елдің әлемдік экономикаға интеграция үдерісін кеңейту және күшейту болып табылады.
ДСҰ-ға мүше болудың жалпы потенциалдық артықшылықтарын келесі түрде қосындылауға болады:
- ДСҰ мүшелерімен саудалық қатынастардың дамуының болжамдалатындығы мен сенімділігі;
- ДСҰ мүшелері ие болатын құқықтарды пайдалану;
- Қазақстанның жер қойнауындағы және табиғи ресурстарды әлемдік экспорттаудың арқасында, ДСҰ-да ұйым мүшелері арасында сауданы дискриминацияланбаған түрде жүргізу Қазақстан үшін маңызды болып табылады;
- Ұлттық заңнамалардың (салық төлеу, кедендік реттеу, стандартизация және сертификация, қызмет сферасын реттеу, бәсекелестік саясат, жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ДСҰ-ға ( Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ) енуінің проблемалары мен перспкетивалары
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
ДСҰ міндеттері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы - несие институттары
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Қазақстан және дүниежүзілік сауда ұйымы
Пәндер