Көне үнді философиясының ерекшелгі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

Кіріспе

II Негізгі бөлім

1 Көне үнді философиясының ерекшелгі . . . 3
2. Негізгі ұғымдары мен философиялық ілімдері . . . 5
3. Көне Қытай философиясының ерекшелігі. Конфуций және даосизм ілімдері . . . 6

III Қорытынды . . . 8

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Көне Шығыстың философиялық ойлардың қалыптасуы мен дамуының тарихын, философияның тарихи және ұлттық типтернің өзіндік ерекшеліктері мен бағыттары, ілімдері мен таныстыру.

Тақырыптың мақсаты

Көне Шығыстың философиялық ойының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін көрсету.

Тақырыптың міндеті

Көне Шығыстың философиялық ойының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін көрсету және оның ілімдері мен бағыттарын ашып айқын көрсету.

Тақырыптың қайнар көздері

Көне шығыстағы Веда, каста, локоята, вайшешика, жайнизм, буддизм, конфуцизм, легизм, даоцизм.

Тақырыптың қурамы

III бөлім, 9бет

Көне үнді философиясының ерекшелгі.

Философия өте ерте кездерде Көне Шығыста пайда болды: Үндіде, Қытайда, Египтте және Вавилонда. Бірақ тарихи себептерге байланысты Көне Египтте и Көне Вавилонда философиялық мектеп қалыптаспады. Ертеректе философиялық дәстүрлер мен мектептер Көне Үндіде қалыптасты.

Үнді философиясы б. э. д. II-I мыңжылдықтардың басында қалыптасты, ол кезде арийлердің (малмен айналысатын тайпалардың) халықты жаулап алуы, алғашқы қауымдық құрлыстың пайда болуы класстық қоғамның, мемлекеттің құрылуына әсер еткен еді. Әрбір осындай мемлекеттің басында раджа тұрды, билік жериеленуші аристократ пен тұқымнан берілген брахмандардың қолында болды. Алғашақыда көнеүнді қоғамы 4 негізгіә варнаға (сословияға) бөлінді:

брахмандар (дін қызметшілері мен монахтар)

кшатрилер (әскерилер мен ертедегі тайпалардың танымал адамдары)

вайшьилер (жерөңдеушілер, қолөнершілер, саудагерлер)

шудралар (өндіргіш күш ретіндегі бұхара, тәуелді халық) .

Мұндай варналарға бөліну дінде қалыптасып, кейін қоғамдағы касталық жүйеде негізделді. Көне Үндінің рухани мұрасының, сондай-ақ философиялық ойлауының қалыптасуы мен дамуына ведалық әдебиеті әсер етті. Ведлар гимндерден, құдайға табынудан, дуалаудан, құрбандық формаларынан және т. б. тұрады. Ведтерде ертедегі діни көзқарастар адам, әлем, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер тұжырымдалған. Ведтер 4 топқа (самхиттерге) бөлінген:

Ригведа - Ведалық құдайларға арналған 1017 гимндер жинағы.

Самаведа - құрбандық шалу кезінде Ригведаның гимндерін дұрыс айтуға үйрететін түсіндірмелер.

Яджурведа - Ригведаның гимндері орындалатын ритуалдарды сипаттау.

Атхарваведа - құдайларға, демондарға, рухтарға арналған дұғалардың жиынтығы.

Канондардың келесі бір бөлімідері:

Брахмандар - Ведаларға түсіндірме.

Араньяктар (орман тақуаларының кітаптары) - тақуаларға арналған ведалық түсіндірмелер.

Упанишадтар (ізгі білімді тану үшін «ұстаздың аяқ жағында отыру») б. д. д. І мың. ж. шамасындағы діни-философиялық текстер болып табылады. Осы кездің өзінде-ақ философиялық сананың бастапқы элементтері пайда болды және алғашқы философиялық ілімдер қалыптасты (діни-философиялық және материалистік) .

Ерте үнділік философияның дамуы белгілі бір жүйенің немесе мектептің негізінде дамыды, және оларды үлкен екі топқа бөлуге болады:

1. Астика (ортодоксальды, яғни Вед авторитетін мойындайды)

Веданта, миманса, санкхя, ньяя, ваишешика, Йога

2. Настика (ортодоксальд емес, яғни Вед авторитетін мойындамайды) Джайнизм, Буддизм, Локаята (Чарвака) .

Джайнизм (джина - жеңіс) негізін қалаған - Махавира. Жеңіс - ол адамның өзін-өзі жеңуі. Негізгі ұғымдары: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара - жанның тазалануы, тәуелдік, карманы бұзу - нирджара, босау. Джайнизмдегі «үш асыл»: - дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.

Джайнизмде адам өзін-өзі жеңу үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек:

Апариграха - дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық;

Сатья - ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;

Астья - ұрлық жасамау;

Ахимса - қиындықтарп жөніндегі ілім, еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.

Буддизм - негізін салған шакья тайпасының принці Гаутама Сидхартка (б. ғ. д. 563-485) Будда - көзі ашылған, нұрланған дегенді білдіпеді. Будда ашқан төрт ақиқат:

өмір қасіретке толы;

қасіреттердің себебі бар, ол - адамның құмарлығы, тойымсыздығы;

қасіретті тоқтатуға болады; оның сегіз түрлі жолы бар - дұрыс көзқарас, дұрыс сөйлеу; дұрыс ой, дұрыс өмір салты, дұрыс жүріс-тұрыс, дұрыс бетбұрыс, дұрыс күш салу, дүрыс зейін қою.

Нирванаға жету; нирвана - сананың өшуі, сөнуі, дүние қызығынан бас тарту.

Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б. з. б. V ғ. - б. з. басы) ; екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б. з. V ғ. -ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ. -дан кейін) . Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тывада тұрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына әсер етті. Бұлардың жиынтығы будда ұйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы. Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу - азап, қартаю - азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу - азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу - азап, көздеген мақсатыңа жете алмау - азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы - сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу. Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».

Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау.

2 Негізгі ұғымдары мен философиялық ілімдері .

Көне Үнді философиясының кейбір маңызды ұғымдары

Атман-Болмыстың жоғарғы субъективті бастауы, жоғарғы рухани бастау. Джива - кең мағынасында жан немесе өмір ұшқыны, монада, әлемдік өмірдің бастамасы

Дхарма - моральды заң, парыз, рухани ілім

Агни - құдaй бастап

Яма - өлім құдайы

Рита - ғарыштық тәртіп

Карма - себеп пен салдар заңы; жазалану; рок немесе тағдыр мукти

Мокша -сансарадан және жергілікті кармадан босатылу, жоғарғы адамгершілік

бастамалар

Нирвана - сананың жоғарғы рухани жағдайы, рухани болмыс сферасына жетумен байланысты. Нирвана - қайта тірілуден құтқару. Нирвана мокшаның өзгерген тұрі. Тек нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дұниеде азат етсе, нирвана - бұл дұниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адамды архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп атайды. Нирвана, архат жағдайына жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай бол- са, нирвана - ең жоғары ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бұкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда бо- луының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мұшелері арқы- лы қабылдау мұмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жұр- ген, ақыл-ойы таза, кұнделікті қызықтан алшақ адам танып- біле алады.

Пракрити - материалды табиғат, материалды субстанция

Пуруша - рухани табиғат; рухани субстанция; Абсолютті рух

Сансара - қайта туылған жанның әруақытта материалды және рухани әлем шеңберімен жанның айналуы.

Үнді философиясының онтологиясы Рита заңдарына сүйенеді - космологиялық эволюция, циклділік, тәртіп пен өзарабайланыс. Болмыс және бейболмыс Брахма-Космостың (Жаратушы-Құдайдың) дем алуымен немесе дем шығаруымен ұқсастырылады. Өз кезегінде, Космос-Брахма 100 космостық (жердегегі 864 жыл) жыл өмір сүреді, одан соң ол өледі және абсолютті бейболмыс басталады, жаңа Брахма туғанша - 100 космостық жыл өтеді .

Бар шексіз тарих - Космоса өмірі мен Абсолютті Бейболмыстың кезектесуі, бір бірімен әр 100 космостық жылда кезектесіп отырады. Әрбір жаңа Космоса-Брахманың туылуына байланысты өмір де барынша жетілген формада қайта туындайды.

Дүние өзара байланысты. Космос өміріне әрбір оқиға өз әсерін тигізеді. Эволюцияның мақсаты - материалды формаларды әр кезде өзгерте отырып барынша жетілген рухқа қол жеткізу.

Көне Үнді философиясының гносеологиясының ерекшелігі заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілерін қарастыру емес, заттар және құбылыстар әлемін түйсінгендегі санадағы процестерді тану болды.

3. Көне Қытай философиясының ерекшелігі. Конфуций және даосизм ілімдері.

Б. з. б. VIII-VI ғғ. Көне Қытайда құлиеленушілік қоғамның қалануы мен дамуында идеологияда екі тенденция қалыптасты: консервативті және прогрессивті, мистикалық және материалистік. Бұл екі тенденция арасындағы күресте бес алғашқы элементтер (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, қарама-қайшы бастамалар (Инь және Янь), табиғи заң (дао) туралы қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарады және басқа да көзқарастар б. з. б II-I мың жыл. білімнің нәтижесі еді.

Қытай философиясы халықтың патриархалды тіршілігіне ұқсас және практикаға нақты-әрекетпен бағыталған. Қытай философиясында Көне Үндідегіндей немесе басқа халықтардікіндей бай мифологиялық негіз жоқ. . Қытай философиясы ең бастысы прагматикалық философия, арғы дүнедегі емес, осы дүнедегі бүгінгі күннің практикасына бағыталған.

Көне Қытайдың философиясының алғы бастауы алғашқы қытай жазба ескерткіштерінде, әсіресе «Өзгерістер кітабында» («Ицзин»), Қытай философиясының басталуын ұқтыртады. Бұл кітап (сол сияқты. «Ши цзин» - «Өлеңдер кітабымен» бірге) Үндістандағы Упанишад сияқты мәнге ие болды.

Көне Қытай философиясындағы жоғарғы маңызға ие болған даосизм мен Конфуций ілімі болды.

Даосизм - Лао-цзы құрған ілімі, Дао - заттардың жолы. Даосизмді негіздеушінің негізгі идеясы табиғат пен адам өмірі «аспан әмірімен» басқарылмайды, белгілі бір жол - даодан пайда болады. Дао - бұл заттардың табиғи заңы, Ци (ауа, эфир) субъстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды. Әлемдегінің барлығы қозғалады, дамиды, үнемі өзгерісте болады. Даму қалай жүрсе де, адалдық әруақытта жеңеді. Заң солай. Адам заттардың табиғи жолына араласпауы керек.

Араласпау, немесе «әрекетшілдік» (увэй - шынайылыққа саналы қатынасс) - адамға байланысты даоның бір талабы. Бұл «табиғилықпен жүру» дегенді білдіреді. Бұл талаптар индивидке де, адамдардың әлеуметтік әрекетіне де, сол сияқты таным әрекетінің сферасына да қатысты айтылған. «Дао» - алғашқы бас- тама, алғашқы тұпнегіз және Қытайдағы, жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы, «дао- ның» алғашқы тұпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «дао - барлық заттардың анасы», «дао. - барлық заттардың тұпатасы»у «даоны аспан аясындағы империяішң (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т. б.

Ал «даоның» затгардың соңы екенін мьшадай пікірден байқау- ға болады: «Әлемде еансыз көп әр түрлі затгар бар, бірақ олар- дың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады».

Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге толы, көмескіленген ілімдердің бірі екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші тұрінің аты жоқ. Себебі, ол денесіз, екіұшты, . соншалықты кішкентай, мөнсіз, қөрінбейді, енжар және жалғыз. Ол мөңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмай- ды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.

Ал «аты бар дао» ұсақ бөлшектерден («іш») тұрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар «бар- лық заттардың анасы». «Аты бар даоның негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, өрекетшіл. Бұл екі түрлі «дао» бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен ту- ындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар больш тұра- ды. Даосистер аты жоқ даоны биболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп тұсінген. Барлық заттардың тұпнегізі биболмыс болғандықтан, олардың болмысқа сұйеніп, заттарға айналға- нына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді. Бір кез- де қайтадан болмысқа сұйеніп, пайда болған затгар, құбылыс- тар мәңгі емес, тек биболмыс қана мәңгі.

Әлемдегі денелерде аспан (ян - еркек) мен ім* жер (инь әйел) бастамалары заттардың өмір сұру заңы (ңу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» - болмыс заітарды дұ- ниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз («дао және дэ») еш нәрсенің өмір сұруі мұмкін емес.

Лао-цзы идеясы «Доа дэ цзин» атты кітабында б. з. б. V-III ғғ. пайда болған, оның жалғасы б. э. б. I ғ.

Конфуцийшілдік. Бұл ілімнің негізін қалаған көрнекті ойшыл, саясатшы - Конфуций (б. д. б. 551-479 ж. ж. ) болған. Конфуция көзқарастары «Лунь юй» («Әңгімелер мен пайымдар») атты кітапта берілген. Конфуцийшілдік - бұл, ең алдымен моралдық-этикалық ілім, әрбір адамның дүниедегі алатын орны туралы сұраққа жауап іздеді. Мұнда ақсүйектерді құрметтеу, қоғамдағы өз орныңды біліп, оны мықтап ұстау және т. б. орындалуы тиіс этикалық ережелердің жиынтығы. «Сяо» - «ата-ананы құрметтеу», «ди»- «үлкен ағаны құрметттеу», «чжун» - «өз басшыңа адал болу және оны құрметтеу». Осы ережелермен жүру бұрыннан қалыптасқан тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз етеді. Конфуцийдің адамның қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрысының алтын ережесі: өзіңе қаламағанды өзгеге жасама.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Шығыс философиясы
Тіл онтогенезі және психолингвистика
Үнді философиясы
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері
Қытай. Үнді
Үнді философиясы. Көне үнді философиясы
Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz