«Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері»


Мазмұны :

Кіріспе . . . 3-5

І-тарау. Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық

орыны. Табиғатыныңқалыптасу тарихы.

  1. Шу-Сарысу ойысының физикалық географиялық

орынының ерекшеліктері. Зерттеу тарихы . . . . 6-13

  1. Шу-Сарысу ойысының геологиялық құрылысы.

Табиғатының даму тарихы . . . …. . 14-18

1. 3. Шу-Сарысу ойысының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.

Жер бедерінің геомарфологиялық типтері19-32

ІІ-тарау. Шу-Сарысу ойысының климатының. Органикалық дүниесі.

2. 1. Шу-Сарысу ойысының климатының жалпы ерекшеліктері . . . …33-43

2. 2. Шу-Сарысу ойысының топырағы мен органикалықдүниесі…. . 44-2. 3. Шу-Сарысу ойысындағы шөлдердің түрлері .

  1. Шу-Сарысу ойысындағы шөлдің негізгі түрлері шөлді игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелері . . . 64-68

ІІ. Қорытынды . . . 69-70

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 71-72

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. 44-46°с. е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Шу-Сарысу ойысының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының оңтүстікк бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Шу-Сарысу ойысының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның жазығының өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болыпкелетін климатының шұғыл континеттілігінің, жел мен температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін, жер бедерінің эолдық пішініндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді Шу-Сарысу ойысының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.

Бітіру жұмысының мақсаты:

  • Шу-Сарысу ойысының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына тигізетін әсерін;
  • аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палео климаттық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
  • геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
  • аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап, табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.

Бітіру жұмысының міндеттері:

  • физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
  • аймақтың зерттеу тарихын;
  • геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
  • жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
  • климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
  • Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
  • табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап, ой қорытындыларын шығару;

Бітіру жұмысының әдістемелік методологиялық негіздері:

Бітіру жұмысының теорялық негізі ретінде М. Н Давидова мен Э. М Раковскаяның физическая география СССР Жанашеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. Чупахиннің отпустын до снежных вершыин оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу әдістері қолданылады.

Бітіру жұмысының практикалық манызы: Бітіру жұмысының нәтижесінде жинақталған теориялық мәнәдәлектерді матерялдар География мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.

Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, падаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орыны, геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.

Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді мәселелермен оны шешу жолдары көрсетілген.

Бітіру жұмысының мазмұныны ашу үшін, географиялық карталар, графиктік кестелер пайдаланылған.

І-тарау. Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық орыны. Табиғатыныңқалыптасу тарихы.

1. 1. Шу-Сарысу ойысының физикалық географиялық орынының

ерекшеліктері. Зерттеу тарихы

Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық орыны. Шу-Сарысу ойысының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді. олтүстігінде Бетпақдаламен, оңтүстігінде Қаратау, Талас Алатауымен батысында Сырдария бойы жазығымен, шығысында Шу-Іле тауларымен шектеседі. /1/

Шу-Сарысу ойысының солтүстігі мен оңтүстігінде және шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа Қаратау, Талас Алатау Шу-Іле таулары қоршап жатыр. Ойыстың шығысындағы Шу-Іле таулары Балқаш-Алакөл крпитодепресиялық ойысынан бөліп тұр. Шу-Сарысу ойысы тың елң ді бөлігі батыстан шығысқа 600, солтүстіктен оңтүстікке 250 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Бетпақдала, Қаратаусырты сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 43°-46° солтүстік ендіктермен 66, 5°-74° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан. Аймақтын басым бөлігі 43°-46° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан. Ойыс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обылыстарының орталығы мен солтүстік бөліктерін қамтиды. Батыс бөлігіндегі Ащыкөл ойысымен Шу өзенінің орта және төменгі ағыстарына қарай еңіс болып куеледі. Оңтүстігі мен солтүстігіне және шығысына қарай біртіндеп көтеріледі. Батысында Ащыкөл ойысында 200- метрден шығысында Шу-Іле тауларының батыс беткейінде 800-900 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі.

Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Шу-Сарысу ойысының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Олар:

-материктің ішкі бөлігіндегі 43-46 °с. е аралығындағы орынының;

-дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;

-оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жатуы;

-мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының

трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен

жауын-шашынның аздығы;

-тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов

білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл

континентігін арттыруы;

-транзитті Сарысу, Талас пен Шудан басқа өзен торларының болмауы;

-шөлейт және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар

дүниесінің таралуы. /2/

сай Шу-Сарысу ойысының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді. Аталған аймақ ортасында Шу өзенінің аңғары орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жа-жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуы мен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады. Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда Шу-Сарысу ойысының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады. /3/

Шу-Сарысу ойысының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы. Шу-Сарысу ойысының туралы алғашқы тарихи жазба деректер ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Шу-Сарысу ойысы мен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.

1714 жылы Астраханнан шыққан А. Черкасскидің экспедициясы Каспий теңізінің Шығыс бөлігі мен Амудария өзеніне сипаттамаларын орыс саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып, құрғап қалған ескі арнасы узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.

1731 жылы Сырдария, Шу, Сарысу, Жем, Жайық өзендері мен тоқсан елді мекен кескіндеген картасын жасады. П. И. Рычков1762 жылы

“Орынбор өлкесінің топографиясы” атты еңбегінде Арал теңізіне құятын өзендер мен Орал маңының жербедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін жинақтап бір жүйеге келтіріп, алғаш рет Тұран ойпатының бөлігі болып табылатын Шу-Сарысу ойысына сипаттама берді. /3/

XVlll ғасырдың соңы мен XlX ғасырдың басында сол кездегі белгілі болған керуен жолдары арқылы Орта Азия мен Қазақстанның геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Шу-Сарысу ойысының табиғатына жасаған сипсттамалары XVlll ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда біршама толық болды.

Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Шу-Сарысу ойысының жербедері, өзен торлары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Сырдария Шу Сарысу өзендері аңғарының Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер, жануарлар дуниесі жөнінде маңызды ақпараттар жиналды.

XlX ғасырдың 40-50 жылдары Шу-Сарысу ойысының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады.

Сырдарияның Арал теңізінің, Мойынқұмның табиғатын жанжақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А. И. Бутаковтың экспедициясы ерекше орын алды. Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін оқып үйренуге баса назар аударды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Шу-Сарысу ойысының табиғатын оқып үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды. 1830 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ресей патшалығының бодандығын қабылдамағансон аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі оданәрі жанданды. /4/

1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған экспедиция Шу-Сарысу ойысында ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізді. Ол нәтежиесі жөнінен Ресейдің жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып табылады. Бұл экпедиция Мойынқұм мен Қызылқұм, Бетпақдала шөлдерінің ірі бөлігін Сырдария өзенінің аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, зерттеді. Нәтежиесінде Сырдария мен Шу өзендерінің аралығындағы Мойынқұм Қызылқұқұм шөлдері арқылы Самарқант пен Ташкентті жалғайтын жол бағытының негізі қаланды. Экспедицияның құрамына арнайы мамандырылған бес топ кіріп, онда жиырмадан астам Ресейге белгілі ғалым жұмыс істеді Жоғарыда аталған і экспедиция алдарына Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларымен байлықтарын оқып үйреніп, геологиялық құрылысының жербедерінің, климатымен органикалық дүниесінің ерекшеліктерін аңықтау мақсатын қойды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылымға орасан зор үлес қосты.

1886-1888 жылдар аралығында В. А. Обручевтің экспедициясы Шу-Сарысу ойысы мен Қызылқұм, Қарақұм шөлдерін зерттеумен айналысып, Қарақұмның теңіз табанында шөгуден емес аккумулятивтік жолмен түзілгенің аңықтады. Лестті шөгінділерді оқып ұйрене отырып оның пайда болуының желдін ғылыми болжамын қолдады.

1895 жылы Орта Азияға Каспи сырты теміржолының салыну жұмысы бастаыну жұмысы баста Ресейдің орман департаменті қарақұммен қызылқұмды бекіту жұмыстарын жүргізу мақсатында орманшы В. А. Пасецкийді жіберді. Ол жергілікті өсімдіктерді отырғызу арқылы құмды тоқтатуға болатының іс жүзінде дәлелдеді. 1912 жылы география қоғамы құмды шөлдерді тұрақты зерттеу мақсатында қарақұмда тұрақты жұмыс істейтін репетке бекетін ұйымдастырды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдын басында Сырдария аңғары мен Жетісуда көші-қон басқармасының Түркістан бөлімшесі экспедициялық зерттеулер жүргізу жұмыстарын қолға алынды. Кеңестік дәуірде Шу-Сарысу ойысын жан-жақты оқып үйреніп, кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып, арнайы мамандандырылған экпедициялар ұйымдастырыла бастады. 1912 жылы Н. Л. Карженевскийдің экспедициясы Мойынқұмды жаң-жақты оқып үйренудін негізін қалады. 1925 жылы Шу-Сарысу ойысының пайдалы қазбаларын зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А. Е. Ферсман мен Д. И. Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Шу-Сарысу ойысының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б. А. Федорович, И. П. Герашмов, А. Г. Доскач, С. Ю. Гемер, А. Е. Ферсман, Д. И. Щ. рбаков, А. С. Кель, В. Н. Кунин, Е. В. Лобова, Э. М. Мурзаев, М. К. Граве зерттеді. /5/

Шу-Сарысу ойысының табиғатының ерекшелігін Орта Азия мемлекеттік Университетінің экспедициясы айналысты. Экспедиция құрамында жұмыс істеген белгілі ғалымдар Д. И. Кашкаров пен Е. П. Коровин Шу-Сарысу ойысының шөлдерінің типтері жөніндегі Л. С. Берег пен А. И. Красновтың зерттеулерін одан әрі жалғастырып, сазды, тасты, құмды, сорлы шөлдерді экологиялық топтарға бөлді. Ұлы Отан соғысы жылдары оның өзінде Тұран ойпатында зерттеулер жүргізу оданәрі жалғастырылып ғылыммен іс-тәжірбиенің бір-бірімен одан-әрі жақындай түсті. Шөлді игеруге байланысты Шу-Сарысу ойысының суармалы жерлері мен малазықтың тән минералды байлықтарын зерттеу ісіне 1960-1980 жылдар аралығында КСРО ғылыми академиясының, Қазақстан ғылым академиялары зор үлес қосты. Қазіргі кезенде Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайлары мен байлықтары біршама жақсы зерттелген. Жинақталған материалдар ғылымдағы бірқатар даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік бере отырып жаңа түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына Шу Талас өзендерінің суын шаруашылықтың мақсатта шектен тыс пайдалану нәтежиесінде туындаған шөлденуі мен топырақтын сортаңдану, судың ластану, өзен суларын тиімді пайдалану сияқты түйінді мәселелер жатады. /6/

1. 2. Шу-Сарысу ойысының геологиялық құрлысы. Табиғатыының

даму тарихы

Шу-Сарысу ойысы тектоникалық тұрғыдан таскөмір, пермь, дәуіріндегі герцин қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның ірге тасыда герцин қырылымы басым. Олардың арасында кембриге дейінгі байкалдың массивтер Қазақтың ұсақ шоқылы ауданыныңоңтүстік бөлігімен Қаратау менШу-Іле тауларымен шектесетін аумақтарында көмілген коледондық құрылымдарда кездеседі.

Шу-Сарысу ойысы Тұран плитасының оңтүстік шығыс бөлігн алып жатыр. /7/

Тектоникалық жарықтар арқылы тұран плитасының ірге тасы төрт ірі блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік-шығыс блок мезозой мен кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды ірге тасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок мезозойда көтерілгенімен кайназойда мантяға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік шығыс блокта жербедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте орналасқан. /6 /

Олардын негізгі бөлігін орта және төменгі палеозойдың метаморфтанған тақта тастары, әктастары юра мен кремниленген диабаздар құрайды. /6/ Тұран плитасының кристалды ірге тасының бетін шөгінді жыныстардың жабуы таскөмір дәуірінің басы мен соңындағы теңіз трансгрессисының нәтежиесінде басталды.

Палеозой эрасының девон дәуіріндегі каледон қатпарлығының жүруіне байланысты Шу-Сарысу ойысына көршілес жатқан таулы аймақтарда тау түзілу үрдісі жүріп, құрлықтын ұлғаюына байланысты континентті климат басым болды. Таскөмір дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қозғалмалы тұрақсыз аймақтарқалыптасты кәзіргі Тұран ойпатының орынында геосиклинальды жағдай саұталып теңіздің орыны болды. Таскөмір дәуірінң климаты біршама жұмсақ ылғалдылығы мен ерекшеленеді. Таскөмір дәуірінң екінші жартысынан бастап құрылықтын көлемі ұлғайып теңіз біртіндеп тартылып құрғай бастады. Шу-Сарысу ойысының теңіз табанына әктастар мен қабаттасқан ашық сұртүсті құмтастар, сазды жыныстардың қалын қабаты шөкті. Пермнің климаты ылғалдылығымен ерекшеленді Маңғыстау мен Үстіртте континентік жағдай сақталып қызыл түсті саздар түзілді. Мезозой эрасының триас дәуірінде тұран ойпатының аумағының іргетасының біртіндеп баяу мантяға батуына байланысты оңтүстігіндегі жерорта теңізі геосинклиналынан теңіз суы еніп ол Торғай бұғазы арқалы батыс сібір плитасымен жалғасып жатты. Триастың теңіздік шөгінділерінің қалындығы бірнеше мың метрге дейін жетті. Олар қазіргі кезде Шу-Сарысу ойысының солтүстігі мен оңтүстігіндегі көтеріңкі бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Олардың негізін әктастарымен қабаттасқан құм тастар конгомераттармен саздар құрайды. Триас дәуірінің соңында Шу-Сарысу ойысының Сары-арқа, Тянь-Шаньмен шектесетін бөліктерінде тектоникалық жарықтар пайда болып жер қыртысының баяу шөгуі оданәрі жалғасты. Триастын климаты құрғақ және ылғалды кезендер мен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Юра дәуірінің Шу-Сарысу ойысының басым бөлігін теңіз алып жатты климаттағы өзгерістерді саяз теңіздердін табаныңда кәзіргі кездегі Шу - Сарысу Қызылқұм мұнайлы газды алыптарының пайда болуына қолайлы әсер етті. /8/

Ылғалды және құрғақ климаттық жағдайының алмасуы өсімдіктердің кеңінен тарауына қолалй әсер етті. Бор дәуірінің басында жер қыртысының біртіндеп көтерілуінің әсерінен Шу-Сарысу ойысының аумағындағы теңіздер біртіндеп тартыла бастады. Бордың соны мен палеогеннің басында жер қыртысының матяға батуының нәтежиесінде теңіз трансгрессиясы жүріп көлемі ұлғайды. Сол кезенде теңіз суы Шу-Сарысу ойысын баст. Бор дәуірінің сонында казір жазуға қолданылатын бор теңіз табанына шөгіп қалың қабат тұзеді. / 9/

Бор дәуірінің климаты аридті және ылғалды климаттарының бірін - бірі ауыстырып отыруымен ерекшеленеді. Палеоген дәуірінде теңіз трангессиясы арал маңынан жаңжағына таралды ежелгі теңіз табанына батысында нуконитті саздар мен құмдар солтүстік бөлігіне кремнилі құмдар, оңтүстігінде және сазды жыныстары шөкті, ерте палеогеннің өзінде ланшафтардың зоналық айырмашылықтары байқала батады. Шу-Сарысу ойысының оңтүстігінде құрғақ тропиктік климат жағдайында мәнгі жасыл ұсақ жапырақты ормандар өсті. Орталық бөлігінде су баспаған жерлерде ылғалды климат жағдайында мезофитті ормандар басым болды. Сол кезенде тұран мен батыс қазақстанда секвойя, эфкалипт, емен, лаврлармен пальмадан тұратын ерекше полеобатаникалық полтава провинциясы басым болса, солтүстік бөлігінде шамшаттан тұратын жапырағын түсіретін ормандар басым болған. Торғай полеобатаникалық провинциясы тарады. Палеоген дәуірінң тартылған теңіздерінің орындарында кең көлемді аумақты алып жатқан құрлыққа айналды оңын бетіне біртіндеп тұран ойпатымен шектесетін Сарыарқа, Тянь-Шань тауларынан ысырылған көлдік, батпақтық және өзіндік аккумулиативттік жыныстар, біршама көтерінкі бөліктеріне магний, калций, гипс карбанатты тұздарға қаныққан қоныр, қызыл қоныр түсті саздар шөге бастады. Қызыл қоңыр топырақ пен сол кезенге тән флорамен фауна миоценде тұран ойпатында аясыз жылы құрғақ су тропиктік климаттын басым болғаның айғақтайды. Палеонтологиялық қазба деректері қазіргі Шу-Сарысу ойысының солтүстігіндегі саванна, орталығымен оңтүстігінде субтропикттік шөл болғанын көрсетеді. Оны терең бұрғылау кезінде табылған гипсті шөгінді қабаттар айғақтады.

Палеоценде аталған аумақты құрғақ субтропикттік шөлді климат сақталды. Қазіргі Шу-Сарысу ойысын субтропиктік дала мен саванна плоценнің соңында Тянь-шань тауларының көтерілуіне байланысты табиғат жағдайы күрт өзгеріп субтропиктік саванна Шу-Сарысу ойысының оңтүстігіне қара ығыстыырылып біртіндеп субтропиктік жағдай мүлдем жойылып қоңыржай белдеудің шөлдерімен шөлейттері қалыптаса бастады. 1, 65 милион жылға созылған сонғы төрттік дәуірінде климаттағы бірнеше өзгерістер болып Шу-Сарысу ойысының табиғатының казіргі жағдайы мен пішіні қалыптасты. Қорыта айтқанда неоген - төртік дәуірлердегі Шу-Сарысу ойысының казіргі жер бедерінің қалыптасуы тау түзілу үрдісімен теңіз регрессиясы, аридті климат жағдайында жүрді. Шу-Сарысу ойысының батыс блогында неоген - төрттік дуірлеріне дейін ұзақ уақыт бойы теңіздік режим сақталғандықтан терең теңіз түбінде түзілген әктасты- мергельді борлы карбонаты шөгінділер саяз сулы жағдайда тұзілген құмды - сазды шөгінді жыныстарымен кезектесіп отырады. /10/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы
Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуы
Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету
Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Алматы облысының көлдерінің температура режимі
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Іле ойысы
Сарыарқаның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын айқындау
Сарыарқаның табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz