Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғашқы 1991-1999 жылдарында еліміздің кітапхана саласы



К І Р І С П Е
І. тарау. Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылда . рындағы ауыл кітапханаларының жағдайы (1991.1999 жж.)
1.1. Ауыл кітапханаларының жүйесі нарық экономикасының алғашқы жылдарында
1.2. 2000.2006 жылдардағы ауыл кітапханалары жүйесін дамыту шаралары
ІІ.тарау. Қазақстан Республикасындағы ауылдық кітапхалардағы ақпараттық ресурстар
2.1. Республика ауылдық кітапханаларындағы кітап қорын ақпараттық ресурстармен толықтыру жұмыстары
2.2. Республикалық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауы және оның қорытындысы
2.3.Кітапханалардың мамандармен қамтылуы, мамандар дайындау және олардың кәсіби біліктілігін жетілдіру шаралары.
2.4. Кітапханалардың материалдық.техникалық базасы
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» «2030 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Ауыл – халық өмірінің айнасы, мәдени тұрмыс-салттық, рухани өмірдің көзі. Ауыл тұрғындары – титульды ұлттың нағыз табиғи әлемін танытатын негізден тұрады. Осы бір ғана салдардың өзі – бізден селоға деген салмақты көзқарасты талап етеді. Әсіресе, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын ғылыми, ақпараттық қамтамасыз ету проблемасы күн тәртібіндегі мәселе»,- деген еді. Олай болса, ауыл кітапханасы – ауыл халқының ақпаратқа, білімге, мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуге деген конституциялық құқын қамтамасыз етуші бірден - бір ақпарат орталығы, білім орталығы, мәдени-демалыс орталығы, өлкетану орталығы болып табылатындықтан ауыл өмірінде ерекше роль атқарады.
Ауыл кітапханасын жандандыру – ұлттық дәстүрді сақтап қалу және мәдениетімізді өркендету болса, бүгінгі таңда Тәуелсіз елімізді әлем мемлекеттері мойындап отырғаны әрбір азамат үшін зор мақтаныш. Елбасы алдағы 10 жылда экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына ену мақсатын қойып отыр. Осы көзделген мақсатқа жету, қоғамымызды дамыту еліміздегі ғылым мен білімнің жетістігіне тікелей байланысты екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білім мен ғылымның бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты. Олай болса осы ғылым мен білімнің асыл қазынасын сақтап отырған киелі шаңырақ – Кітапхана.
1. Указ Президента Республики Казахстан от 13 января 2004 года N1277 о Государственной программе “Культурное наследие” на 2004-2006гг. - //Кітапхана. – N1 – 2004. –С.3.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің
«Үздік ауыл кітапханасы», «Үздік ауыл клубы, Мәдениет үйі» және
«Үздік кітапхана-клуб» номинациясы бойынша республикалық
байқау µткізу туралы 21.02.2005 ж. N43 бұйрығы.

3. «Павлодар – 2003. Библиотечная столица»/ Кітапхана. – 2003. - N1. – 3 -5б.

4. Сельские библиотеки республики: перспективы и проблемы/Библиотеки Казахстана в 2003г:факты и цифры. – Алматы, 2004. – С.18-31.

5. Внедрение новых информационных технологий: [В кн.: 2004 жылдағы Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар. Библиотеки Казахстана в 2004 году: факты и цифры/Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы., Құраст.: Б. Шаймерденова, С.Тұяқова. – Алматы, 2005. – 56.

6. Досумбекова А.Г. Информационная культура – основной аспект в подготовке библиотечных кадров: [В кн.: Библиотековедение. Библио-графия. Книговедение: Сб. научных статей /Национальная библиотека Республики Казахстан. – Алматы, 2002. –Вып.6. – С.126 –137.


7. Шаймерденова, Б.Ш. Ауыл мәдениеті: Іссапардан т‰йген ой. - Алматы: Қазақстан Республи-касыныœ ¦лттық кітапханасы, 2006.- 130 б.

8. Шаймерденова Б. Ауылдық кітапхана қорының өзегі//Кітапхана. – N1. – 2004. –35-37б.

9. Шаймуханбетова Ж.К.Мое село – мои односельчане//Кітапхана– N1. – 2004. –С.34-35.

10. Жиенбаева М.А. Село –наше будущее//Кітапхана– N5-6. – 2004. –С.10-12.

11. Программа «Ауыл кітапханасы» на 2004-2006гг.Решение областного маслихата от 23.04.2004. N35/4

10. Свет моей Родины. Энциклопедия села Кулаайгыр /ЦБС Абайского р-на Карагандинской области /Сост.: Ахметжанова.- С.2.
12. Жиенбаева М.А.Село – наше будущее //Кітапхана.- 2005.- N5-6.- С.10-12.
13. Успех Галицкой библиотеки //Сельские будни.- 2005.- 13 декабря.- С.8.

14. Показатели работы библиотек системы Министерства культуры РК за 1991-1992 г. – Алматы, НБ РК. – 1993. – 14с.

15. Показатели работы библиотек системы Министерства культуры РК за 1996-1997 г. – Алматы, НБ РК. – 1998. – 14с.

16. Обзор состояние библиотек Казахстана за 1996-97годы. -Алматы. НБ РК. – 1998. -52 с.

17. Библиотеки Казахстана в 2005 году: факты и цифры. - Алматы. НБ РК. – 2006. -55 с.

18. Отчеты ОУНБ республики за 1991-2006гг.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
К І Р І С П Е

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан 2030 жылғы ішкі
және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдаған
Жолдауында: Ауыл – халық өмірінің айнасы, мәдени тұрмыс-салттық, рухани
өмірдің көзі. Ауыл тұрғындары – титульды ұлттың нағыз табиғи әлемін
танытатын негізден тұрады. Осы бір ғана салдардың өзі – бізден селоға деген
салмақты көзқарасты талап етеді. Әсіресе, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын
ғылыми, ақпараттық қамтамасыз ету проблемасы күн тәртібіндегі мәселе,-
деген еді. Олай болса, ауыл кітапханасы – ауыл халқының ақпаратқа, білімге,
мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуге деген конституциялық құқын
қамтамасыз етуші бірден - бір ақпарат орталығы, білім орталығы, мәдени-
демалыс орталығы, өлкетану орталығы болып табылатындықтан ауыл өмірінде
ерекше роль атқарады.
Ауыл кітапханасын жандандыру – ұлттық дәстүрді сақтап қалу және
мәдениетімізді өркендету болса, бүгінгі таңда Тәуелсіз елімізді әлем
мемлекеттері мойындап отырғаны әрбір азамат үшін зор мақтаныш. Елбасы
алдағы 10 жылда экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына ену
мақсатын қойып отыр. Осы көзделген мақсатқа жету, қоғамымызды дамыту
еліміздегі ғылым мен білімнің жетістігіне тікелей байланысты екені даусыз.
Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны
білім мен ғылымның бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты. Олай
болса осы ғылым мен білімнің асыл қазынасын сақтап отырған киелі шаңырақ –
Кітапхана.
Кітапхана өзінің қалыптасу кезеңінен бастап адамзаттың барлық
мәдени құндылықтарын жинақтаушы, ғылым мен білімді таратушы ағарту ордасы
және тұрғындардың кәсіби деңгейін көтеретін, білімін жетілдіретін маңызы
зор ақпараттық ресурстардың жүйеленген қоры шоғырланған орталық болып
табылады. Оның қоғамдағы әлеуметтік орны ерекше, қызметінің ауқымы кең.
Кітапханалар – зор потенциалды рухани күш ретінде өркениетті қоғамның
дамуында ерекше маңызға ие болып келеді. Өйткені, жеке тұлғаның рухани,
интеллектуальді дамуы жолына қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету
кітапханалардың басты міндеті. Біз ХХІ ғасырдағы ғаламдық ақпарат ғасырында
өмір сүріп отырмыз. Әлеуметтік прогресс – интеллектуальдық саланың даму
деңгейіне, ақпаратты құру, тарату және оны тұтыну негізінде шынайы өмірге
енгізілуіне байланысты болмақ. Олай болса, әлемдегі өзгерістер мен жоғары
технологиялар жаңалығынан кітапханалардың тысқары қалмауы қажет. Қоғамның
қазіргі

кезеңдегі мазмұны ақпарат құралдары мен жаңа ақпараттық
технологиялардың қарқынды дамуымен өлшенеді. Қазіргі таңда
телекоммуникациялық тораптың дамуы және оның ішінде Интернетті пайдаланудың
кең қолданылуы әлемдік деңгейде ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға
жол ашып, бұл құралдар қоғам өмірінің барлық салаларына енгізілуде. Олар
түпкілікті түрде әлемнің әртүрлі елдеріндегі миллиондаған адамдардың кәсіби
қызметі мен дәстүрлі өмір салтына өзгерістер мен соны жаңалықтар әкеліп
отырғанына куәміз.

Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз
байланысты. Ұлттық мәдениетті сақтау және оны дамыту ең маңызды
мемлекеттік міндеттермен бір сатыда қалыптасып келеді.
Дипломның мақсаты - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
алғашқы 1991-1999 жылдарында еліміздің кітапхана саласында, соның ішінде
ауыл кітапханаларының жағдайында орын алған өзгерістер, нарық
экономикасының тұрақтала бастаған 2000-2006 жылдарындағы даму сатысын
салыстыра отырып зерттеу болып табылады.
Актуальділігі – Қазақстан Тәуелсіздік жылдарындағы кітапхана
ісінің жағдайы зерттелмеген тың тақырып. Еліміздің кітапхана саласын
дамыту мақсатында республикада ауыл кітапханаларын дамыту бағытында
атқарылып жатқан іс-шаралардан жинақталған іс-тәжірибелер зерттелген.
Себебі, Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихи-мәдени жазба мұраларын жинақтап,
сақтап, әлем пайдаланушыларының мүддесіне ұсынушы мәдениет ошағы - ауыл
кітапханаларының қоры әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Тақырыптың жаңалығы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
жылдарындағы кітапхана ісінің дамуы туралы ғылыми зерттеу жұмысының
болмауына байланысты 1991-2006 жылдар аралығындағы ауыл кітапханаларының
даму кезеңдеріне талдау жасалды. Тақырыптың ғылыми жаңалығы осы салаға
қатысты түбегейлі зеттеу жұмысы болмағандықтан тың тақырып.
Зерттеу нысандары – Қазақстан Республикасының статистикалық
агенттігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
кітапхана ісіне байланысты 1991-2006 жылдар аралығындағы ресми құжаттары,
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының әр жылдардағы кітапхана
ісінің даму кезеңдерін талдаған шолулық материалдары, облыстық әмбебап
ғылыми кітапханаларының 1991-2006 жылдар аралығындағы облыс
кітапханаларының жылдық есептері, 2005 жылы өткізілген Үздік ауыл
кітапханасы, Үздік ауыл клубы, Мәдениет үйі республикалық байқаудың
қорытынды материалдары пайдаланылды.
Тәжірибелік маңызы - кітапхана саласын зерттеуші мамандарға, кітапхана
факультеттерінің студенттеріне және көпшілік мәдениет қызметкерлеріне
тиімді ғылыми материал ретінде пайдалану тиімділігі мол.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспе, негізгі екі тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І– тарау. Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылда - рындағы
ауыл кітапханаларының жағдайы (1991-1999 жж.)
1.1. Ауыл кітапханаларының жүйесі нарық экономикасының алғашқы
жылдарында


Кітапхана өзінің қалыптасу кезеңінен бастап адамзаттың барлық мәдени
құндылықтарын жинақтаушы, ғылым мен білімді таратушы ағарту ордасы және
тұрғындардың кәсіби деңгейін көтеретін, білімін жетілдіретін маңызы зор
ақпараттық ресурстардың жүйеленген қоры шоғырланған орталық болып
табылады. Оның қоғамдағы орны ерекше, қызметінің ауқымы кең. Кітапханалар
- зор потенциалды рухани күш ретінде өркениетті қоғамның дамуында ерекше
маңызға ие болып келеді. Өйткені, жеке тұлғаның рухани, интеллектуалды
дамуы жолына ақпаратпен қамтамасыз ету кітапхананың басты міндеті.
Осы орайда еліміздің кітапхана Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан -
2030 стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Халқына арнаған Жолдауларын,
сондай-ақ 2004 жылы қабылданған мемлекеттік Мәдени мұра, Мемлекеттік
тілді дамытудағы 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламаларын т.б.
басшылыққа ала отырып пайдаланушыларға қызмет көрсетіп, елімізідің мәдени,
рухани өмірінің өркендеуіне үлес қосып отыр.
Кітапхана қызметінің негізгі міндеті - пайдаланушылардың кез келген
ақпаратты алуларына мүмкіндік жасау, оқырмандар мүддесін қорғау,
ақпараттық жұмыстардың жаңа тәсілдерін іздестіріп, кітапхана жүйелеріне
автоматтандыру мен жаңа технологияны енгізу. Кітапхана қызметкерлері сапалы
қызмет көрсетуді, қордың жүйелі толықтырылуын, ұсынылатын қызметтердің жаңа
тәсілдерінің алуан түрлілігін жарнамалауды қамтамасыз етеді, яғни бр сөзбен
айтқанда, ақпараттық, біліми, мәдени және демалыс орталығы ретінде жан-
жақты, сан-салалы жинақталған кітап қорымен өз оқырмандарына сапалы қызмет
көрсету.
Еліміз тәуелсіздік алып, дербес экономикалық мемлекет ретінде қалыптаса
бастаған алғашқы онжылдықта Қазақстан Республикасы статистикалық
агентігінің 01. 01.1991 жылға берілген есебі бойынша Қазақстан халқына
барлық жүйелер мен ведомостваларға қарасты 20,0 мың кітапхана қызмет
көрсетті. Соның ішінде 9052 Мәдениет министрлігі ж‰йесіндегі жалпыға бірдей
мемлекеттік көпшілік кітапхана болды. Олардың 14,6% (1318) қалалық, 85,4%
(7 732) ауылдық кітапханалар. Орта есеппен алғанда республикадағы әрбір
1,8 тұрғынға бір көпшілік кітапхананың кітапханалық қызметі ұсынылса, ал
ауыл тұрғындарының әрбір ... кітапханалық қызметі ұсынылады.
Еліміздегі егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуге аяқ басқан
алғашқы жылдары мемлекеттік бюджет тапшылығы салдарынан кітапханалар жүйесі
көптеген қыншылықтарды басынан кешіруге душар болды. Кітапханаларды
қысқарту 1992 жылдан бастау алып, 1999 жылдың аяғына дейін кітапханалар
саны 4 есеге азайды.
Олай болса, 1991- 1999 жылдар аралығында Қазақстандағы ауыл
кітапханаларының қысқару процесі әсіресе 1996-1997 жылдары ерекше қарқын
алды. Ауылдық кітапханалар жүйесі 4 есеге азайды.
Бұған бірінші кезектегі негізгі себептердің бірі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің басшылығына келген Ә.Қажыгелдин еліміздің
экономикалық саясатында бюджеттік қаржы қоржынын мәдениет ошақтарын
оңтайландыру арқылы нарықтық экономиканың жағдайын жақсартуға кірісті.
Нәтижесінде 14.01.97ж. 1997-98 жылдарға арналған жекешелендіру және
әкімшілік-территориялық құрылымдарға өзгерістер енгізу және мәдениет
саласын оңтайландыру секторлық бағдарламасы қабылданды. Осы құжатқа
сәйкес, республиканың барлық аймақтарында мәдениет ошақтарында, соның
ішінде кітапханалар жүйесінде көптеген өзгерістер орын алды. Атап айтқанда,
кітапханаларды өзара біріктіру (облыстық балалар мен жасөспірімдер,
әмбебап ғылыми, балалар, жасөспірімдер кітапханаларын біріктіру, ауылдық
кітапханаларды мектеп кітапханаларымен біріктіру), тендер арқылы аукционға
шығарып сату, жекешелендіру іске асырылды.
1997 жылы республикада Көкшетау, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Торғай
облыстарының таратылуына байланысты орын алған облыстық, аудандық
әкімшілік территориялық өзгерістерге сәйкес кітапханалардың, атап айтқанда,
облыстық әмбебап ғылыми, облыстық жасөспірімдер, облыстық балалар, облыстық
зағиптар және әлсіз көретін азаматтар, аудандық орталық, қалалық орталық
кітапханалардың дәрежелеріне (статусына), жағдайына өзгерістер енгізілді.
Мысалы, Жезқазған және Көкшетау облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары –
қалалық, ал Семей, Талдықорған облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары –
аймақтық, Торғай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық
жасөспірімдер, балалар, және зағиптар және әлсіз көретін азаматтар
кітапханасымен біріктіріліп Қостанай N2 облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасы.
Кітапхана филиалдарының саны күрт азайды. Қысқартылған кітапхана-
лардың басым бөлігін ауылдық кітапхана-филиалдар үлесіне тиесілі орын алды.
Мысалы, 1995 жылы - 305 ауылдық кітапхана-филиалдар 1996 жылы - 1034,
1997 жылы – 2384, 1998 жылы - 425 , 1999 жылы - 162 ауылдық кітапхана-
филиалдар жабылды.
Кітапханалар жүйесін қысқарту процесі әсіресе Жамбыл, Алматы
облыстарына тиесілі. Бұл облыстардағы кітапханалар саны 1995 жылмен
салыстырғанда 1997 жылы 95% азайды. Қысқарту салдарынан Жамбыл
облысындағы 372 ауылдық кітапхана-филиалдар түгелімен жабылып, облыста
бар-жоғы 20 аудандық орталық кітапхана ғана облыс тұрғын-дарына
кітапханалық қызмет көрсетсе, ал Алматы облысындағы (сол кездегі
Талдықорған облысымен қосқанда) 1004 кітапханадан 56 кітапхана ғана
қалды, соның ішінде 665 кітапханадан бар-жоғы 30 ауылдық кітапхана
қалды.
Бірқатар ауылдық кітапханалар мектеп кітапханаларына біріктіріліп,
кітап қорлары таратылды.
Сонымен қатар, кітапханалар 3 жыл көлемінде негізгі кітапханалық
қызметін сақтау шартымен аукцион арқылы тендерге қойылды. Осындай жағдай
Солтүстік Қазақстан облысында орын алып, С.Мұқанов атындағы облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы Жекеменшік кітапханалар туралы ереже
дайындап әрбір орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне таратты. Осы
облыста 103 кітапхана аукцион арқылы сатылды. Аталған 103 кітапханадан
бүгінігі таңда бар-жоғы 2 ғана кітапхана кітапханалық қызмет көрсетумен
айналысуда.
Мысалы,Оңтүстік Қазақстан облысында 47 кітапхана жекешелендірілді.
Осы облыстың Отырар ауданында голландиялық әдіспен 3 кітапхана
әрқайсысы 1000 теңгеден, 3 – 1500, 2 – 2000, 2-2500 теңгеден сатылды.
Орта есеппен алғанда әр кітапхана 1500 теңгеден 10 кітапхана сатылды,
яғни бұл 5 кітаптың орташа құнына тең.
Мұндай жағдай сол кездегі Көкшетау облысы Щучье ауданындағы Бурабай
поселкалық кітапханасы да 1000 теңгеге сатылды.
Еліміздегі кітапханалар санының азаюы кітапхана мамандарының санының
азаюына, жаппай жұмыссыздыққа ұшырағандар санының көбеюіне ықпал етті.
Кітапхана мамандарының 100 пайызы әйел-аналар болғандықтан отбасының да
берекесіне әсері болмай қойған жоқ. Әсіресе, ауылдық кітапханашылар саны
күрт азайды.
Кітапханалар жүйесі облыстық, жергілікті жерлерді басқарушы
шенеуніктердің шешіміне тәуелді болды. Республика кітапханалар жүйесін
ретке келтіруші белігілі бір жүйе болмады. Сондықтан да, кітапханалар
жүйесінің жағдайы да республика көлемінде әр түрлі жағдайда орын алды.
Кітапханалар санының азаюы кітап қорының да кемуіне әкеліп соқтырды.
Осы жылдар ішінде көпшілік кітапханалар қоры 37 391,5 мың данаға
кеміді. Қысқартылған кітапханалар қоры басқа ведомос-твалардың
кітапханаларына, соның ішінде мектеп кітапханаларына берілді.
Оңтайландыру кезінде кітапхана қоры сақталымының қамтамасыз етілмеуіне
байланысты кітап қорының өртену (Қостанай облысы Жітіқара
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі Большевик ауылдық
кітапханасында 16,3 мың, Солтүстік Қазақстан облысындағы Шортанды ОКЖ-
ндегі Кеңесары ауылдық кітапханасында, Совет Орталықтан-дырылған
кітапханалар жүйесіндегі Лесхоз филиалында), ұрлану (Қостанай облысы
Қарасу Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 1,0 мың дана кітап,
Москва ауылдық кітапханасынан 1998 жылғы мерзімді басылымдар, Батыс
Қазақстан облысы Жаңақала Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде - 4,0
мың, осы облыстағы Зеленов, Шыңғырлау Орталықтандырылған кітапханалар
жүйесінен 10,0 мың кітап. Мұндай жағдайлар Ақмола облысының Жақсы,
Егіндікөл Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде де орын алды)
фактілері орын алды. Сонымен қатар, Ақмола облысы Шортанды ауданындағы
Боровое поселкалық кітапханасының кітап қоры 1000 теңгеге сатылды. Бұл
жағдайлар туралы Егемен Қазақстан (1999,- 20 шілде) және т.б. мерзімді
басылым беттерінде көтерілді.
Осы жылдары кітап қорын сақтаудың санитарлық-гигиеналық режимдерінің
бұзылуына байланысты бүлінген кітаптардың саны артып, қор есебінен
шығарылды.
Кітап қорының қатарынан бірнеше жылдар бойы жүйелі түрде
толықтырьлмауы, кітапханалар қорының ақпараттық мазмұнының ескіруі,
оқырмандар сұранысын темендетіп, кітапханаларда оқырмандар санының азаюына
әкеліп отыр.
Осындай келеңсіз жағдайлар еліміздегі кітапханалық-библиографиялық
қызметке нұқсан келтірілді. Әсіресе Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігіне қарасты жалпыға бірдей мемлекеттік ауыл
кітапханаларының саны 1997 жылы 1991 жылмен салыстырғанда 5968
кітапханаға азайды. Республикада 300-ден 500-ге дейінгі тұрғындар
орналасқан елді мекендер бір-бірінен ондаған, жүздеген киллометр
қашықтықта орналасқанына қарамастан кітапханалық қызмтеттен тыс қалды.
Ауыл негізі – жергілікті ұлт өкілдері.

1991 – 1997 жылдар аралығында әртүрлі субъектілерге берілген ауылдық
кітапханалар туралы мәлімет

1991 ж. 1997 ж.
Барлығы:
соның ішінде:
Ауылшаруашылығы субъектілеріне берілді - 306
Мектеп кітапханасымен біріктірілді - 484
Жекешелендірілді - 3

1.2. 2000-2006 жылдардағы ауыл кітапханалары жүйесін
дамыту шаралары

2000 жыл жалпы Мәдениет саласы үшін ерекше жыл ретінде тарихта қалды.
Өйткені, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2000 жыл елімізде
“Мәдениетті қолдау жылы” болып жариялануына байланысты оңтайландырылған
ауылдық мәдениет ошақтарының жұмыстарын жандандыру басталды. Тек осы жылы
ғана республика бойынша қайта ашылған 534 кітапхананың 499-ы ауыл
кітапханалары.

2002 жылы 8 мамырдағы N118 Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасындағы
кітапхана мекемелерінің қызметінің Ережесі бекітіліп, онда ауылдық елді
мекендер мен поселкаларда 500-ден 1500-ге дейін тұрғындар орналасқан
ауылдарда бір көпшілік кітапханалар болуы көрсетілді.

Келесі 2003-2005 жылдар ауылды дамыту жылдары болып жарияланды.
Осы Жарлықтарға сәйкес республиканың барлық облыстарында қысқартылған
кітапханаларды қайта ашу, мектеп, әртүрлі құқықтық формалардағы Ашық
акционерлік қоғамдардың, ауылшаруашылық субъектілерінің қарамағына берілген
кітапханаларды мемлекеттік кітапханалар жүйесіне қайтару жұмыстары қолға
алына бастады.

1997-2000 жж. Қазақстан Республикасындағы ауыл

кітапханаларының дамуы

Рет саны Кітапханалар атауы 1997 ж. 2000 ж.
1. Ақмола 214 297 83
2. Ақтөбе 58 79 21
3. Алматы 171 30 -141
4. Атырау 49 97 48
5. Батыс Қазақстан 318 320 2
6. Жамбыл - 141 -141
7. Қарағанды 175 204 29
8. Қостанай 297 260 -37
9. Қызылорда 143 149 6
10. Маңғыстау 21 29 8
11. Оңтүстік Қазақстан 316 233 -83
12. Павлодар 126 107 -19
13. Солтүстік Қазақстан 228 224 -4
14. Шығыс Қазақстан 149 153 4
Барлығы: 2265 2323 58

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2003-2005 жылдар ауылды
дамытуға бағытталғандықтан ауыл кітапханаларының жұмысын жандандандыру
мақсатында 2002-2005 жылдары республиканың ауыл кітапханаларын дамыту
бағдарламасының жобасын дайындады. Бағдарламаның басты мақсаты – жергілікті
жерлерде ауыл кітапханаларының жаңа үлгісін жасау, жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайда ауыл кітапхана-ларының қызметін жобалау. Ұлттық
кітапхана бұл бағдарламаны 2002 жылғы кітапханалық астана – Орал қаласында
өткен Еуразиялық-мәдениеттер мен рухани ресурстардың тоғысуы
республикалық конференцияда республика кітапханашыларының назарына ұсынды.
Бағдарламаның негізгі бөлімдері:
1. Ауыл кітапханаларының қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз
ету;
2. Ауылда кітапханалық инфрақұрылымды құру;
3. Кітап қорларын жасақтау және оны сақтау;
4. Ауыл кітапханасының жаңа үлгісін жасау;
5. Орталық аудандық және ауыл кітапханаларын автоматтандыру;
6. Ауыл кітапханалары – ақпараттық орталықтар;
7. Ауыл кітапханалары – тарихи жадтың, руханият көзі ретінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы “Павлодар -2003 жылғы
кітапханалық астана” көшпелі ресупбликалық конференциясын ауыл
кітапханасын дамыту шараларына арнады. Конференция тақырыбы “Жаңа
ақпараттық қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілік ауыл кітапханасы. Осы
конференцияда жоғарыда аталған бағдарламаның негізгі бөлімінің бірі - ауыл
кітапханасының қазіргі заманғы келбетінің моделін (үлгісін), ОКЖ-нің
Модельді ауыл кітапханасы туралы типтік Ережесін дайындап ұсынды.
Конференцияның екінші күні осы облыстың Шарбақты ауданындағы Орловка
ауылдық кітапханасында өтіп, жаңа заманғы жоғары ақпараттық технологиямен
жабдықталып, Интернет жүйесіне қосылған кітапхананың “Орловка: кеше және
бүгін” дерек қоры, кітапхана сайты іс-тәжірибе түрінде республика
кітапханашыларына көрсетілді. Бұл республикадағы алғашқы Модельді ауылдық
кітапхана ретінде тарихқа енді.
Конференцияға 500-ге жуық кітапханашылар қатысты, және
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауыл кітапханашылары молынан қатысқан
алғашқы іс-шара болды.
2003 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің
Мәдениет саласының жағдайы және оны дамытудың болашағы тақырыбында алқа
мәжілісін өткізіп, алқаның қорытындысы ретінде шешім қабылдады. Шешімнің
2.5 пункітінде: Алматы, Астана қалалары мен облыстық Мәдениет
басқармаларыДепартаментеріне 2004-2005 жылдары аймақтарды әлеуметтік-
экономикалық дамыту жоспарларын дайындау барысында жоспарға ауылдық
кітапханалар мен клубтарды қайта жаңғырту және ашуды, 2-3 модельді
кітапхана құру, кітап қорын толықтыру, материалдық-техникалық жағдайын
жақсарту енгізілсін , - деп көрсетілді.
Кітапханалардың түрлі ақпарат көздерінде тіркелген адамзат білімдерін,
рухани құндылықтарды сақтаушы және оны беруді жүзеге асырушы институт
ретіндегі әлеуметтік қызметінің жұмыс процестеріне жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу ХХІ ақпарат ғасырындағы қоғамның басты шарттарының
бірі болғандықтан Қазақстан Республикасы кітапханаларының жұмыс процестерін
автоматтандыру ісі қарқынды жүріп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану ақпаратты сенімді, жинақты, тиімді сақтауға және қажетті
ақпаратты жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді. Бұл поцесс ауыл
кітапханаларын біртіндеп қамтылып, айтарлықтай жетістіктерге қол жетті.

Ауылдық кітапханаларды дамыту облыстарда арнайы бағдарламалар арқылы
жүзеге асырылп, бірқатар қомақты істер атқарылды. Қай облыста да болсын
мұндай бағдарламалардың негізгі бағыттарының бірі- жоғары ақпараттық
технологияны енгізу, модернизацияланған кітапханалық қызметті ұсыну.

Мысалы, Павлодар облысында облыс кітапхана ісін жандандыру мақсатында
республика бойынша алғаш рет облыстық мәслихаттың ІV сессиясында 2004-2006
жылдарға арналған Ауыл кітапханасы баƒдарламасы қабылданды. 23.04.2004ж.
N354 облыстық мәслихат шешімімен, 252 млн. теңге қаржы бөлінді.
Нәтижесінде осы жылдары 48 ауылдық кітапхана ашылды.

Бағдарламада кітапхана инфрақ±рылымын дамыту, кітапханалардыœ кітап
қорын сапалы толықтыру, ақпараттық процестерді автоматтандыруды,
материалдық-техникалық базаны ныƒайтуды, ауыл кітапханашыларыныœ кәсіби
білімін жетілді-руді, тарихи, рухани д‰ниеніœ негізгі кµзі ретінде ауыл
кітапха-наларыныœ жаœа келбетін қалыптастыруды кµздейді. Сонымен қатар,
С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасында іске асырылып жатқан
“Ауыл дамуы – ел дамуы” баƒдарламасы бар.
Б±л баƒдарламалардыœ ерекшелігі аймақтық кітапханалық саясаттыœ
қалыптасуына ықпалы. Баƒдарламаны ж‰зеге асыру барысында жергілікті басқару
орындарыныœ, соныœ ішінде аудандық, ауылдық деœгейдегі әкімдердіœ
кітапханаларƒа деген оœ кµзқарасын қалыптастыруƒа ықпал етуі болып
табылады.

Кітап қоры – мемлекеттік тапсырыспен шығарылатын кітаптар, жоғарыда
айтып өткен облыстық Ауыл кітапханасы бағдарламасы бойынша тапсырыспен
шығарылған орыс және қазақ тілдеріндегі О.С‰лейменовтіœ 7-томдық шыƒармалар
жинаƒы, 3-томдық Қазақстан тарихы, Бабалар сµзі, Қазақ елініœ әдет-
ƒ±рып-тары мен салт-дәст‰рлері, Шәкерім Қ±дайбердиевтіœ, М.Маƒауинніœ,
Б.Момыш±лыныœ, А.Байт±рсыновтыœ және т.б. шыƒармалармен қатар балаларға
арналған кітаптармен толықтырылған.
Бағдалама қорытындысын шығару 2006 жылы қараша айында Павлодар
қаласында Ауыл кітапханалары – бәсекеге қабілеттілікті мемлекеттің негізін
қалау жолында атты республикалық конференция өткізіп, ауыл кітапханаларын
дамыту жолындағы іс-шараларды қорытындылай отырып, болашақтағы
проблемаларға назар аударды. Павлодарлықтардың іс-тәжірибесімен танысуға
республиканың барлық облыстарынан 400-ге тарта әріптестер қатысып, ой
бөлісті.
Қарағанды облысында кітапханаларыныœ кітапханалық қызметі бірнеше жылдар
бойы Т±рƒындарƒа кітапханалық қызмет кµрсетудіœ бірт±тас ведомствоаралық
жоспары негізінде іске асырылады. Осындай жоспар облыстаƒы барлық
орталықтандырылƒан кітапханалар ж‰йесінде міндетті т‰рде ж‰ргізіледі және
әкімшілік, мәслихат отырыстарында кітапха-налық қызмет кµрсетудіœ
нәтижелері мен проблемалары туралы мәселелер қозƒалады.

2003-2005жж. ҚР территориясындаƒы ауылдық жерлерді дамыту Мемлекеттік
баƒдарламасына сәйкес Қараƒанды облысыныœ ауылдық кітапханалары, ОКЖ-
ніœ Жарƒысы дайындалса, Облыстық мәдениет департаментінің алқа мәжілісіне
Моделді ауылдық кітапханалар – 2005 ж. қорытындысы, Облыс
кітапханаларыныœ кітап қорын толықтыру мэселелері туралы қ±жаттар
дайындалып, мәжілісте талқыланды.

Қараƒанды облысында кітапханалар ж‰йесін ретке келтіру 2006-2008 жж.
Қараƒанды облысы мәдениетін дамыту аймақтық баƒдарламасына енгізілді

2004 жылғы облыстық мәдениет департаментінің Модельді ауыл кітапханасы
жобасын іске асыру бағдарламасы аясында жаңа ақпараттық технологиялармен:
компьютер, көшірме аппараты, үздіксіз қоректендіру көзі, факс-модем, түрлі-
түсті және лазерлі принтер, сканермен, сонымен қатар кітапханалық
жиҺаздармен жабдықталды.

Облыс кітапханалары нақты баƒдарламалық жобалар қ±растыру арқылы іс
ж‰ргізу тиімділігіне, нәтижелі қорытындыƒа бірнеше жылдар бойы қол жеткізіп
отыр. Мысалы, Абай ауданындағы Құлаайғыр ауылдық кітапханасы өз жұмысын
Модельная сельская библиотека – эпицентр культурно-информационной жизни на
селе бағдарлама жобасы аясында жүргізеді. Бағдарлама мақсаты бойынша
Құлаайғыр ауылының өкілеті – Интернет ресурстар құрастыру, Құлаайғыр
ауылының бүгінгі өмірін таныстыру, Интернет желісі арқылы кітапханааралық
кәсіби байланыс орнату, өлкетанулық жазба мәдениетті насихаттау. Ал
Нұра ауданы, Ивановка ауылдық кітапханасы 2003-2005 жылдарға арналған
Население – библиотека – власть: грани сотрудничества жобасы бойынша ауыл
әкімшілігімен, ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізеді.

Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарының ақпаратқа, білімге, мәдени
құндылықтарға еркін қол жеткізуге деген конституциялық құқын қамтамасыз
етуші мәдени орталықтар ретінде дамыту.

Негізгі бағыттары :

• Кітап қорын дамыту;

• Кітапхананың жаңа келбетін қалыптастыру, маркетингті енгізу;

• Компьютерлендіру және автоматтандыру;

• Ақпараттық және ағартушылық қызметтерін дамыту;

• Кітапхана жиһаздарын және құралдарын модернизациялау

Бүгінгі таңда республикада Модельді кітапханалар саны - 100-ге жетті.
Олар: Қараƒанды облысында –38 (соныœ ішінде 34 ауылдық), Солт‰стік
Қазақстанда – 26, (соныœ ішінде 13–і ауылдық), Павлодарда -26 (соныœ ішінде
13 ауылдық), Алматы облысында – 2, Жамбыл облысында –1.
Республика бойынше Модельді ауылдық кітапханалардың барлығы жаңа
ақпараттық технологиямен қамтамасыз етіліп, электронды каталог, өз ауылына
қатысты жазба мәдениеттің ең құнды құрамдас бөлігі болып табылатын өлкетану
тақырыбына байланысты жеке Дерек қорларын құрып, өздерінің сайты,
электронды пошта қызметі арқылы әлемдік ақпараттық кеңістікке танытып
отырса, сонымен қатар өз ауылының оқырмандарына қажетті ақпаратты тек
дәстүрлі түрде ғана емес, электронды түрде алуына мүмкіндік туғызып отыр.
Атап айтсақ, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы
облысының Іле аудандық Модельді ауылдық кітапханалардың жұмыстары дәлел.
Аталған кітапханалар РАБИС программасының “Каталогизатор”, “Іздестіру және
Тапсырыс” модульдары-мен қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарына Жергілікті
басқару органдарының ресми құжаттары, Өлкетану және т.б. Дерек қорларын
жасақтап, ұсынып отыр. Кітапханалар Интернет желісіне қосылған, өздерінің
сайттары арқылы өлкетану тақырыбында жинақталған материалдарын әлем
пайдаланушыларының назарына ұсынуда.
Ауыл кітапханаларының дәстүрлі жұмыс бағыттарының бірі - өлкетану
жұмысы. Ол мына үш бағытта жүргізіледі:
• өлкетану қорын жаңартып отыру;
• ауыл тарихына байланысты ақпараттық материалдарды зерттеу, толық
жинастыру.
Ауыл өмірін, ауыл тұрғындарының тарихын жинақтау және оны ауыл
тұрғындарына насихаттау барысында қызықты да, мазмұнды құрастырылған Ауыл
энциклопедиясы ‰немі кітапхана оқырмандарыныœ назарында.
Соœƒы жылдары ауылдық кітапханалардыœ µлкетану ж±мысын жандандыру
мақсатында Ауыл энциклопедиясын қ±растыру ж±мыстары тиімді ж‰ргізілуде.
2005 жылы Алматы, Ақмола (Ауыл энциклопедиясы), Батыс Қазақстан (Ауыл
энциклопедиясы – Шаƒын Отан), Маœƒыстау (Село - энциклопедиясы)
облыстарында ауылдық кітапханалар арасындағы байқау ретінде µткізілуде.
Жүргізіліп келе жатқан жұмыстар өзінің жан-жақтылығымен, түрімен,
формасымен өте қызықты. Байқауды өткізушілердің алғашқы бастамасын көтерген
Қарағандылық әріптестер. Бүгінгі таңда республиканың барлық облыстарында
қолға алынып, жанданып келеді.
Мысалы, Қарағанды облысы, Құлаайғыр ауылдық кітапханасында Свет моей
Родины атты ауыл тарихынан сыр шертер энциклопедия ауыл тарихынан, бүгінгі
тыныс-тіршілігінен қызықты мағлұматтар береді.

Кітапхана сайты - www. kulaajgir.freenet.kz.
Қасым Аманжолов атындағы ауылдың кітапханасы Кітапхана ж±мысы 2003-2005
жылдарға арналған Жас ұрпақ – ел болашағы жобасы бойынша ауыл
әкімшілігімен, ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста ж‰ргізіледі. Еліміздің
азаматын, жеріміздің тарихын білейік атты ауыл энциклопе-диясының
дайындалғандығына, сол сияқты осы ауылдан түлеп ұшқан жерлестердің
қызығушылығы ерекше. Телефон шалып хабарласып, ұсыныс айтып жатқандары
қаншама. Тарихтың бір бөлігі екенін дәлелдеді. Бұл үлкен бастама, - дейді
ауыл әкімі М. Қасымжанов.
Энциклопедия жұмысымен жоғарыда мысалға келтірілген Қарағанды,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының Модельді ауылдық кітапханалары
сайттарынан танысуға болады. Жалпы дәстүрлі формасын Қазақстан
Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан көруге болады.

Облыс кітапханаларыныœ б‰гінгі таœда қалыптасқан әдістемелік ж±мысыныœ
нәтижесі ауыл кітапханаларының жұмысының қорытындысы ретіндегі µзіндік іс-
тәжірибесін ерекше атап µтуге болады. Әдістемелік ж±мыс ж‰ргізудіœ
маœызды стратегиялық баƒыттары ретінде:

• Облыста кітапханалық саясатты қалыптастыру;
• Кітапханаларды және кітапханашыларды біріктіру;
• Қазіргі заманƒы ақпараттық технологияларды енгізу;
• Облыс кітапханашыларыныœ ақпараттық мәдениетін кµтеру
Ауыл кітапханасы жергілікті жерлердегі жалпыƒа бірдей жылдам ақпарат алу
орталыƒы ретіндегі ±станымды (позицияны) бекіту мәселелерін алƒа қою.

Мұндай жұмыстар Қарағанды облысын ерекше атап өтуге болады. Н.В. Гоголь
атындаƒы облыстық әмбебап ƒылыми кітапханасыныœ әдістемелік ж±мыспен
қамтамасыз етудіœ негізіне облыс кітапхана ісін талдау қызметі - облыс
кітапханаларыныœ ж±мысын қорытындылау, к‰н тәртібіндегі мәселелерді шешу
мақсатында:

• Облыс кітапханаларыныœ 2004 жылƒы ж±мысына талдау;
• 1994-2005жж. облыс кітапханаларыныœ мәліметтері (10 жылдық
1990-2003ж. кезеœіндегі кітапхана ж‰йесі және облыс кітапханаларыныœ
мәліметтері, соныœ ішінде ауылдық жерлерде;

• 1999-2004жж. облыс кітапханаларыныœ инфрақ±рылымы;
• 2004ж. облыс кітапханаларыныœ негізгі кµрсеткіштері туралы материал-дар
дайындалды.
Облыстаƒы қалалық, аудандық кітапханалардыœ т±рƒындарƒа кітап-
ханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет кµрсету ж±мыстары-ныœ
нәтижесі – кітапхана тәжірибесіне енген жаœалықтар, жетістіктер, сол сияқты
кітап қорын толықтыру, кадрлармен қамту, жаœа технологияны енгізу арқылы
т±рƒындарƒа кітапханалық қызмет кµрсету сапасы қорытындыланып, орын алƒан
кемшіліктер анықталды. Талдау облыстық мәдениет департаментініœ алқа
мәжілісініœ к‰н тәртібінде қаралды. 2004 жылы Шахты, Жаœаарқа, Шет
аудандарыныœ ОКЖ-сі кітапханаларыныœ ж±мыстарын қорытындылау жоспарлы т‰рде
іске асырылып, облыстық кітапхана тарапынан әдістемелік кеœестер,
тәжірибелік кµмектер кµрсетілді.
2006 жылы Осакаров ауданында кітапхана ж‰йесіндегі µзгерістерге
байланысты ауданныœ мәдени µміріне талдау жасалды. Библиотека Вашего села
и ее роль в культурном развитии сельского округа тақырыбында сауалнама
ж‰ргізіліп, кітапхананыœ қоƒамдаƒы орны мен маœызын, жергілікті билік
атқарушы ауыл әкімдерініœ кітапханаƒа деген кµзқарасын айқындауƒа ықпал
етті.
Кітапханалар ж‰йесін тиімді т‰рде ретке келтіру мақсатында т±рƒындар
аз қоныстанƒан елді мекендерді зерттеу ж±мыстары ‰немі ж‰ргізіліп келеді.
Республика бойынша 300-ге дейінгі т±рƒындар қоныстанƒан елді мекендер
баршылық. Мысалы, тек Ақмола облысында м±ндай елді мекендер саны – 157.
Олардыœ басым кµпшілігі, Шучье, Еœбекшілдер, Астрахань, Атбасар,
Ерейментау, Қорƒалжыœ аудандарында. Жыл бойы Жарқайыœ ауданыныœ Гагарино,
Маяк, Шалƒай ауылдық кітапханалары Жаңадала, Достық, Кеœес ауылдарына
кµшірілді.
Стационарлық қызметтен тыс кітапханалық қызмет кµрсету ж±мыстары
облыстар кµлемінде әрт‰рлі деœгейде. Дегенмен де, т±рƒын-дары аз
қоныстанƒан елді мекендерді кітапханалық қызметпен қамту ж±мысы біртіндеп
жақсарып келеді. Республика бойынша – 887 кітап беру пункттері, 117 -
жылжымалы кітапханалар қызмет етеді. Кітап беру пункттері: Оœт‰стік
Қазақстан облысында – 181; Солт‰стік Қазақстанда – 19; Алматы –48;
Қызылорда –23; Маœƒыстау – 3, Атырауда – 8, Павлодарда –156, Қостанайда –
73, Ақмолада – 127, Ақтµбеде –40, Батыс Қазақстанда – 208, Алматы қалалық
ОКЖ-нде – 1, ал жылжымалы кітапханалар: Солт‰стік Қазақстан облысында – 55,
(соныœ ішінде: 10 - орталық аудандық, 5 – орталық балалар, 37 – ауылдық
кітапханалар, 3-балалар кітап-ханасы жанынан ±йымдастырылƒан), Атырауда –
53, Ақтµбеде –9.
Қараƒанды облысында кітап беру пункттері және жылжымалы кітапханалар
саны 401-ге µсті. Б‰гінгі таœда олардыœ жалпы саны –811.
Еліміздегі кітапханалық қызмет жан±ялық оқу кітапханасы (Қараƒанды
облысында –6, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ОКЖ-нде - 2), кітапхана –клуб
(Қараƒандыда – 49, Алматы – 1), жан±ялық абонемент (Ақтµбе облысы, Ырƒыз
ауданы – 1), сонымен қатар, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бµлімімен
бірге м‰мкіндігі шектеулі азаматтарƒа кітапханалық қызмет кµрсету (Ақтµбе
облысы, Қарƒалы ауданы) т‰рлерімен толықтырылуда.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда республикада т‰рлі шаруашылықтар мен
кәсіпорындар қарамаƒындаƒы 109 кµпшілік кітапханалар бар. Олар, Ақмола
(3), Ақтµбе (8), Алматы (50), Қостанай (20), Павлодар (2), Солт‰стік
Қазақстан (26) облыстарында қызмет кµрсетеді

Оқырмандардың кітапханаға, кітап оқуға деген қызығушылығы мен
белсенділігін арттыру бағыттарындаƒы қызмет аясы оқырмандар арасында
әлеуметтік зерттеулер ж‰ргізу арқылы анықталады. Барлық кітапханаларда
оқырман талаптарын зерттеуді тұрақты жүйе ретінде қалыптастырудыœ нәтижесі
блиц-сұрақтар, сауалнамалар, оқырман формулярларына талдау, статистикалық
мәліметтерді зерттеу жұмыстарымен қорытындыланады. Зерттеу жұмыстарының
ж‰йелі т‰рде ж‰ргізілуі нәтижесінде оқырмандардыœ кітап оқуƒа деген
дағдысын қалыптастыруƒа ықпал ете бастаƒанын көруге болады. Негізінен
алғанда зерттеу жұмыстарының нысанына: Кітапхана мен оқырмандардың
арасындағы қарым-қатынас, Т±рƒындардыœ кітап оқуƒа деген ынтасын оятудаƒы
кітапхананың ролі, Оқырмандардыœ талап-тілектерін, дәлірек айтқанда
отандық, соның ішінде ана тілімізде жазылған шығармаларға деген оқырман
қауымының қөзқарасы қандай? - деген сауалдар тµœірегінде әрт‰рлі
зерттеулер ж‰ргізілді. Әсіресе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс
Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысы кітапханаларының тәжірибелері қызықты.

Павлодар облысында Модельді кітапхана: жаœа баƒыттар, жаœа
м‰мкіндіктер, Ақпараттық ресурстарды қалыптастырудаƒы кітапхана-лардыœ
корпоративті µзара әрекеттестігі, Балалар кітапханасы азаматтық қоƒам
қалыптастыру ресурсы ретінде, Ауыл кітапханасы – ақпараттық білім мен
мәдениет орталыƒы, cонымен қатар, модельді ауылдық кітапханалар ж±мысына
кµмек ретінде Толық мәтінді дерек базаларды жасақтау технологиясы,
Кітапханаларда Интернет-ресурстарды пайдала-ну, Кітапханалардыœ сыртқы
және ішкі жарнамалары, Ауылдық кітапхана сайтын қ±растыру және т.б.
тақырыптарда әдістемелік ±сыныстар дайындалды.

Павлодар облысында Ауыл кітапханасы бағдарламасы аясында қазіргі
заман талаптарына сай жаœа ақпараттық технологиялармен жабдықталƒан
бірқатар Модельді ауылдық кітапханалар ауыл тұрғындарының кітапханаға,
кітап оқуƒа, жалпы ақпарат алуƒа деген оœ көзқарастарын қалыптастыруƒа
ықпал етті. Ж‰ргізілген зерттеулерге қараƒанда жалпы ауыл тұрғындарының 40-
60% кітапхана оқырмандары болып табылады. Сіз біздің кітапханада қанша жыл
оқып жүрсіз?, - деген сұраққа 24% -1 жыл, 33% - 3 жыл, 43%-3 жылдан аса
келетіні туралы жауаптар алынды. Кітапханадан іздеген кітап, газетіңізді
табасыз ба?,- деген сауалƒа 65% - иә, 31% - жоқ деген жауаптар берілді.
Сауалнама нәтижесінде оқырмандар сұранысына қарай кітап қорларын толықтыру
шаралары қарастырылды.

Жыл өткен сайын кітапханалардыœ әрт‰рлі мемлекеттік және мемлекеттік
емес ±йымдармен, жергілікті басқару органдарымен, мекемелермен, орта және
кіші бизнес өкілдерімен ынтымақтастық орнатуы ныƒая т‰суде. Бұл әсіресе,
солтүстік аймақтарда басым және олардың кітапхана қызметіне қолдау көрсету
ықпалы мол. Мысалы: жастар ұйымымен, шаруа қожалықтарымен, орта және кіші
бизнес өкілдерімен бірлесіп іс шараларды µткізу нәтижесінде кітапхананың
кітап қорын толықтыру, балалар кітапханасында Кітапхана - мүгедек
балаларға бағдарламасы негізінде тұрғындарды кітапханалық қызметпен қамту
мәселесін әлеуметтік қорғау және еңбек басқармасымен келісім-шартқа отыру
арқылы жолға қою, келісім-шарт нәтижесінде тақырыптық кеңестер, дөңгелек
үстел т.б. шаралары т±рƒындарƒа дәстүрлі түрде таныстыру. Байланысты
мынадай тұрғыда жасалған сұлба ар көруге болады:

Жоғарыда айтылған Солтүстік Қазақстан, Мамлют ауданындағы Меңкесер
Модельді ауылдық кітапхананыœ негізгі тұрақты демеушісі – ÊÒ Ìàìáåòîâ және
Ê ЖШС. Серіктестік Тµраƒасы – Мишенев Константин Савельевич: кітапхананың
жетістігі біздің де жетістігіміз. Өйткені, бүгінгі таңда ақпаратсыз өмір
сүру мүмкін емес, әлемде қан-шама әрқилы өзгерістер, жаңалықтар болып
жатыр. Дәл осы жерде кітапхана өз ролін атқара білуі қажет. Әрине, егер ол
заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жабдық-талса, екінші
жағынан олардың мүмкіндігін толық жүзеге асыра білетін арнайы білімі бар
маман болғанда ғана іске асырылады. Мен ойлаймын, біздің кітапхана осы
талаптарға сай деп. Біз әрқашан кітапханаға деген көмегімізді аямаймыз. 0,5
ставкада қызмет атқаратын программистің еңбегі Серіктестік есебінен
төленеді. Кітапхана ƒимараты 2004 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар. Театр мен кино. Спорт
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы
Қазақстан тарихы библиографиясы
Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті (1991-2009 жж.)
Қазақстанның егемендік алуы және дамуы
Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы
Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің айтулы жетістіктері
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу
Пәндер