БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Ауыл шаруашылығы экономикасының түсінігі, зерттеу пәні мен объектісі . . . 6
1. 2 Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі . . . 10
1. 3 Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын құқықтық және ғылыми қамтамасыз ету мәселелері . . . 19
2 БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕРІ
2. 1 Қазақстан Республикасының БСҰ-ға кіру қажеттілігі және оның экономикалық алғышарттары . . . 25
2. 2 Ауыл шаруашылығын дамытудағы агромаркетингтің рөлі және оны жетілдіру бағыттары . . . 31
2. 3 Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі . . . 39
3 ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БСҰ-ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы және оның даму болашағы мен әлеуетін сараптау . . . 44
3. 2 Ауыл шаруашылығының инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу жағдайы және оны жетілдірудің негізгі бағыттары . . . 51
3. 3 Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық климат және оны жетілдіру жолдары . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде Қазақстан өз алдына БСҰ-ға мүшелікке ену, әлемнің барынша дамыған 50 елінің қатарына қосылу, 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төрағалық ету секілді маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл мақсаттардың жүзеге асуы ең алдымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап тетеді. Тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде ауыл шаруашылығының интенсивті дамуға қол жеткізуіне байланысты. Оны Республика Президентi де өз Жолдауында ерекше атап өткен едi. «АӨК туралы айрықша айтқым келеді, өнің дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз», - деген сөзi соған дәлел. /1/ Қазақстан Республикасы БСҰ-ға кіруге қадам басып жатқан кезде ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарықтық қатынастар жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне айналуда. Осыған байланысты кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бірқатар іс-шаралар іске асырылуда. Ауыл шаруашылығын дамытуға инвестициялар тартылды, ауылдың әлеуметтік, транспорттық, инженерлік және басқа да инфрақұрылымдарын қалпына келтіруде едәуір жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығының әлемдік ашық экономика жағдайында жұмыс жүргізуіне мүмкіндік берді, сол арқылы республиканың азық-түлік жетіспеушілігі проблемасын шешетін негізгі өндіріс ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік жасалуда. Дегенмен, ауыл шаруашылығындағы негізгі мақсаттар, нарықтық қатынас жағдайындағы кейбір негізгі мәселелер әлі де болса шешілмей келеді. Олар ауылдағы тауар өндірушілердің еңбек өнісділігін көтеру, тиімділгін арттыру, өнім өндірушілердің тауарларының баға айырмашылығының алшақтығы, көптеген өнім өндірушілердің зиянға ұшырауы және т. б. Ең бастысы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі рынокта да, сыртқы рынокта да бәсекеге қабілеттілігн арттыру болып табылады. Қазақстан тарихи тұрғыда ірі әлеуетке ие аграрлы ел саналады. Кеңестік кезеңде оның әлеуетін бүкіл КСРО-ның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге пайдалану жоспарланған. Солай бола тұра республика бүгінде азық-түліктің көп бөлігін шет мемлекеттерден, әсіресе Ресейден импорттауға мәжбүр. Бұл мәселе келесідей бірқатар теріс факторларға байланысты болып отыр:
- Ауыл шаруашылығының техника-технологиялық артта қалуы;
- Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесінің жетілмегендігі;
- Ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының бақылаусыздығы;
- Ауылдың әлеуметтік, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымдарының дамымағандығы;
- Ауыл шаруашылығына экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда инвестицияның аз тартылуы;
- Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындарының аздығы, олардың бәсекеге қабілетсіздігі және т. с. с.
Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа механизмдерін жасау қажет. Осы жерден тақырыптың бүгінгі күнде айрықша өзекті болып отырғанын байқауға болады.
Дипом жұмысының мақсаты мен міндеттері . Диплом жұмысының мақсаты - БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну. Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- ауыл шаруашылығы экономикасының теориялық мәселелері мен оны мемлекеттік реттеу шараларын ғылыми тұрғыда зертттеу;
- дамыған шетелдік тәжірибені талдау барысында, оларды отандық ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолдануға ұсыныстар жасау;
- ауыл шаруашылығын инфрақұрылымдық және инвестициялық қамтамасыз ету бағыттарын зерттеу және соның негізінде ауыл шаруашылығының болашақ әлеуетін сараптау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі. Жұмыстың объектісі ретінде тұтас республиканың және мысал ретінде жекелеген облыстардың ауыл шаруашылығы саласы алынады.
Диплом жұмысының зерттеу пәні. БСҰ-ға кіру жағдайында ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары және аграрлық саладағы экономикалық қатынастар диплом жұмысының зерттеу пәні болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Ауыл шаруашылығы экономикасын зерттеу өте ертеден басталған. Оған физиократтардың “ . . . тек қана тұрақты ауыл шаруашылығы ұдайы өндірісі ғана барлық мамандықтардың негізі, сауданы, халықтың әл-ауқатын гүлдендіреді, өндірісті қозғалысқа келтіреді, ұлттың өсуін қолдайды” деген байламы дәлел. /2/ Ауыл шаруашылығы экономикасын КСРО ғылымында 20-30 жылдарда А. В. Чаянов, Н. Д. Кондратьев зерттеген. Одан өзге ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны интенсивті дамыту мәселелері отандық экономист-ғалымдар Я. Ә. Әубәкіровтың, Ғ. А. Қалиевтің, Р. Ю. Куватовтың, Д. К. Кабдиевтың, Е. Б. Жатқанбаевтың, Н. К. Мамыровтың, А. Ф. Дебердеевтың Т. И. Есполовтың, Р. Р. Аутовтың, А. К. Кошановтың, Ж. О. Ихдановтың, Р. К. Жоламанның, Ө. Қ. Шеденовтың, Қ. Е. Кубаевтың, М. Кемелдің, Ж. Я. Әубәкірованың, Л. А. Бимендиеваның және Г. Т. Куренкееваның еңбектерінде зерттелініп келеді. Дегенмен, қазiргi кездегi агробизнестiң даму ерекшелiктерiн, ауыл шаруашылығын мемлекеттiк реттеу проблемаларын қарастыру, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, осы мәселелерге байланысты әлемдiк тәжiрибеге талдау жүргiзу және БСҰ-ға кiру жағдайындағы ауыл шаруашылығының мәнi мен ерекшелiктерiн анықтау, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру жолдарын көрсету, жалпы алғанда саланың әлеуметтiк-экономикалық даму мүмкiндiктерiн теориялық тұрғыда негiздеу терең зерттеудi талап етедi. Оның үстіне өтпелі кезеңде ауыл шаруашылғының жағдайы тым шиеленісіп кеткені белгілі. Бұл туралы М. С. Төлегенова былай дейді: «еңбектік, қаржылық, материалдық ресурстардың ауылдан кетуі және ұжымдық шаруашылықтардың құлдырауы ауылдың басты келбетіне айналған». /3/
Диплом жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Ауыл шаруашылығы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен пактілер, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрліктерінің материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды.
Диплом жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы. Диплом жұмысында қол жеткізілген қорытындылар мен нәтижелерді, сондай-ақ ғылыми тұжырымдарды іс-тәжірибеде сынақ ретінде қолдануға болады.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
1. ауыл шаруашылығының теориялық мәні мен мазмұны.
2. ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік рөлі және оны құқықтық қамтамасыз ету.
3. шетелдік және отандық тәжірибені жалпылама қорытындылау негізінде агромаркетингтің салалық және қолданбалы маңызы мен мәні.
4. ауыл шаруашылығында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін зерттеу арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары.
5. ҚР ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымдық және инвестициялық қамтамасыз етілу жағдайы мен оны жетілдіру жолдары.
6. ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибенің негізінде жасалған ұсыныстар.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Бiрiншi бөлiм, ауыл шаруашылығы экономикасының теориялық аспектiлерiн негiздеуге, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудағы мемлекеттiк реттеу шараларына және оларды құқықтық, сондай-ақ ғылыми қамтамасыз ету мәселелерiне арналған. Екiншi бөлiмде Қазақстанның БСҰ-ға кiруiнiң маңызы мен осы саладағы шетелдiк тәжiрибелер талданады. Үшiншi бөлiм, ҚР ауыл шаруашылығы саласының қазiргi жағдайы мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру бағыттарын зерттеуге арналған.
1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Ауыл шаруашылығы экономикасының түсінігі, зерттеу пәні мен объектісі
Ауыл шаруашылығы саласы көптеген дамыған және дамушы елдер экономикасының негiзгi болып табылады. Ал, аграрлық экономика жалпы экономикалық теорияның органикалық бөлiмi болып табылады. Экономиканың басқа салаларындағы секiлдi ауыл шаруашылығында да экономикалық дамудың жалпы заңдылықтары әрекет етедi. Нарықтық экономиканың көптеген заңдары басқа салалармен салыстырғанда аграрлық экономикада барынша таза түрiнде көрiнедi. Сондықтан көптеген оқулықтарда бұл заңдар ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң мысалдарымен түсiндiрiледi. Салалық экономиканың қолданбалы экономикалық аспектiлерi оның ерекшелiктерi ретiнде зерттеледi. Ал, ауыл шаруашылығы экономикасында жеке теория ретiнде көрiнiс табады. Ол ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң бірқатар ерекшелiктерiнiң болуымен байланысты түсiндiрiледi. Ол ерекшелiктер бiрiншiден, халық шаруашылығының негiз құраушы саласы болып табылады, екiншiден басты өндiрiс құралы ретiнде жер пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыруда жердi рационалды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған жердi басқару жүйесiн жасау маңызды роль атқарады. Үшiншi ерекшелiгi ауыл шаруашылығындағы қоғамдық еңбек бөлiнiсi өнеркәсiп салаларына қарағанда басқаша. Мысалы, трактор зауыты тек қана трактор және оның қосалқы бөлшектерiн бередi, ал ауыл шаруашылығында көптүрлi өнiм өндiрiледi. өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерi бiр уақытта, бiр шаруашылықта өндiрiле алады. Жоғарыдағы ерекшелiктерiне байланысты ауыл шаруашылығының төртiншi ерекшелiгi келiп шығады. Ол - ауыл шаруашылығындағы өндiрiсiнде өндiрiс құралы ретiнде тiрi ағзалар, өсiмдiктер мен жануарлар пайдаланылатындықтан мұндағы экономикалық үдерiс табиғи-климаттық факторларға тәуелдi. Ауыл шаруашылығындағы өндiрiс кезеңi негiзiнен өсiмдiктер мен жануарлардың өсуi мен дамуының табиғи шарттарымен анықталады., сондықтан жұмыс кезеңi өндiрiс кезеңiмен сәйкес келмейдi. Мұндай сәйкессiздiк ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң маусымдылығын бiлдiредi. Осы жерден жұмыс күшiн рационалды пайдалану қажеттiлiгi, техникаларды пайдалану ерекшелiктерi, ақша қаражаттарының түсуi мен олардың айналыс ерекшелiктерi, өндiрiстiң басқа элементтерi мен салаларының рационалды байланысы келiп шығады. Ауыл шаруашылығының бесiншi ерекшелiгi - мұнда алынған өнiмнiң болашақтағы өндiрiс үдерiсiнде шикiзат ретiнде қолданылуы. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығы басқа салалары үшiн шикiзаттық ресурс базасы болып табылады. Бұдан басқа ауыл шаруашылығының әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiгi бар. Ол салада шаруашылық жүргiзудiң және меншiк нысандарының әртүрлi болуы. Осы ерекшелiктерiнен өндiрiстi дамытуда халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына барынша кең шаруашылық еркiндiк беру қажеттiгi туындайды.
Ауыл шаруашылығында қоғамдық еңбектiң, Күн энергиясын, табиғаттың әсер етушi күштерiн және өсiмдiктер, жануарлар мен микроағзалар өмiрiнiң биологиялық процестерiн пайдаланудың әсерiнен адамның мүдделерi үшiн қолданылатын органикалық заттардың көбею үдерiсi болады. Бұл үдерiс тек ауыл шаруашылығы өндiрiсiне ғана тән. Ауыл шаруашылығындағы ұдайы өндiрiстiң экономикалық үдерiсі ұдайы өндiрiстiң табиғи үдерiсiмен ұштастырылады. Ауыл шаруашылығының басқа өндiрiс салаларынан түбегейлi өзгешелiгi осында жатыр. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыру, оның экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру үшiн тек экономикалық заңдардың ғана емес, соымен бiрге табиғат заңдарының, өсiмдiктер мен жануарлардың ұдайы өндiрiсiнiң биологиялық заңдылықтарының да әсерiн ескеру қажет. Жер - ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ең басты және өзгермейтiн құралы болып табылады. Оның бiрегей қасиетi - дұрыс пайдаланған жағдайда өзiнiң құнарлылығын арттырады. Ауыл шаруашылығында тiрi ағзалар - агробиологиялық ғылымның талаптарын орындауда жоғары нәтижелерді қамтамасыз ете алатын мәдени өсiмдiктер мен жануарлар - өндiрiс құрал-жабдықтары мен еңбек заттары болып табылады. Егiншiлiк пен мал шаруашылығындағы жүйесi еңбек заттары мен құралдары ретiнде жердiң, өсiмдiктер мен жануарлардың ерекшелiктерiне негiзделедi.
Ауыл шаруашылығы өзiнiң даму үдерiсiнде мүлдем бөлек егiншiлiк пен мал шаруашылығы салаларына бөлiнбейдi. Ол тек белгiлi бiр аймақтың экономикалық және табиғи жағдайларына сәйкес тауар өнiмiнiң әртүрлi түрлерiн өндiруге ғана маманданады. Осы табиғи ерекшелiктi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұйымдастыруда және мамандандыруда ескеру қажет. Ауыл шаруашылығындағы өндiрiс үдерiсiнде көптеген табиғи факторлар пайдаланылады. Олар еңбек үдерiсiне қатысады, бiрақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң құнына кiрмейдi. Алайда, ауыл шаруашылғы өнiмi оны өндiрумен байланысты шығындарды шегерiп тастағанда қалғанын физиократтар таза өнiм деп оның өндiрiс бөлiнуi мен айналысына талдау жасады. Физиократтардың таза өнiмi - қосымша өнiммен қосымша құнның жақын түрi, оны бiрыңғай жер рентасына жатқызып, жердiң табиғи өнiмi деп түсiндiрдi. /4/ Ауыл шаруашылығының осы ерекшелiктерi экономикалық заңдарға және олардың пайдалану сипатына өз әсерiн тигiзедi.
Ауыл шаруашылығы экономикасы - дербес экономикалық ғылыми пән. Алайда, оған берілген анықтамалар біржақты емес. Мәселен, А. М. Емельянов «Ауыл шаруашылығының экономикасы ауыл шаруашылығында өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың дамуын, социализмнiң экономикалық заңдарының әсер ету және пайдалану ерекшелiктерiн зерттейтiн ғылым» деген анықтама бередi. /5/ Алайда, автордың «ауыл шаруашылығы экономикасы өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастарды зерттейтiн ғылым» деген тұжырымымен келiсуге болмайды. Мәселе мынада: қоғамның табиғатқа қатынасын бейнелейтiн өндiргiш күштер жаратылыстану және техникалық ғылымдардың зерттейтiн пәнi болып табылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын адамдардың өндiрiстiк қатынастары ауыл шаруашылығы экономикасының зерттеу пәнi болып табылады. /6/ Нарықтық экономика жағдайында республиканың ауыл шаруашылығының жүйесi әртүрлi меншiк нысандарының базасында қалыптасады. Республиканың ауыл шаруашылығы жүйесiн нарықтық типтегi ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, iшiнара акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, фирмалар, серiктестiктер, шаруа қожалықтары, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың қосалқы шаруашылықтары, шағын және орта бизнес кәсiпорындары, тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары құрайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы жүйесiнiң жалпы құрылымын келесі схемадан көруге болады:
1-Сурет. ҚР ауыл шаруашылығының жүйесi
Ауыл шаруашылығының теориялық негiздерiн талдағанда тұтас агроөнеркәсiптiк кешеннiң құрылымы мен құрамын қарастырмау мүмкiн емес. Себебi, ауыл шаруашылығы саласы осы агроөнеркәсiптiк кешеннiң негізгі саласы болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешен - бұл халық шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы. /7/
АӨК-нің қазіргі құрамы 4 негізгі сферадан тұрады. Бірінші сфера - ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізуші өнеркәсіп салаларының жиынтығы. Осы сфераға жататындар:
- машина жасау. Қазақстанда бұған Павлодар трактор зауытын, Қостанай дизель зауытын және мал шаруашылығына қажетті машиналар шығаратын 3 зауытты жатқызуға болады. («Манкентживмаш», «Актюбсельмаш», Мамлют машина зауыты) .
- химия өнеркәсібі. Минералды тыңайтқыш өндірісі мен айналысатын кәсіпорындар Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Республикада өндірілетін фосфор тыңайтқыштарының жартысы ТМД елдеріне экспортталады.
- микробиологиялық өнеркәсіп. Бұл өнеркәсіпке Шымкент гидролиз зауыты, Түркістан жемдік антибиотиктер зауыты, Степногорскідегі «Прогресс» зауыты кіреді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізушілердің өзара қатынасы өндіріс құралдары нарығы арқылы жүзеге асады. Өндіріс құралдары нарығы немесе инвестициялық тауарлар нарығы бүкіл негізгі және айналым капиталдарын, сондай-ақ өндіріс құралдарын алу үшін талап етілетін ақша қаражаттарын да өзіне қосады.
Екінші сфераны өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндірістік-технологиялық, агрохимиялық, ирригациялық-мелиоративтік және ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету салаларын біріктіретін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығы күрделі экономикалық және табиғи-биологиялық жүйемен көрінеді. Бұл жердегі ұдайы өндіріс жерді, өсімдік пен жануарларды пайдалануға және де экономикалық және табиғи-биологиялық заңдардың өзара әрекет етуіне негізделеді.
Үшінші сфера - ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және қайта өңдеуді қамтамасыз ететін өндіріс салаларының жиынтығы. Мұнда тамақ, ет-сүт, ұн, жем дайындау өнеркәсіптері, сондай-ақ дайындау ұйымдарының желісі біріктірілген.
Қайта өңдеу өнеркәсібі 25 саланы біріктіреді. Олардың негізгілері ет - 24, 7%, сүт - 10, 5%, нан және макарон өнімдері - 7, 3%, кондитер - 3, 9%, ұн және жем дайындау - 17%, жүнді алғашқы өңдеу - 15, 9%.
Агроөнеркәсіптік кәсіпорынның басқа ауыл шаруашылық кәсіпорнынан айырмашылығы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде оны қайта өңдеу кезеңдерін де қосады, басқаша айтқанда тұтынуға дайын өнімдерді алады. Ал соңғы өнім тек қана аграрлық сектордың шикізат саласы және өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларымен тығыз өндірістік-экономикалық байланысының негізінде, сондай-ақ өнімді жеткізу мен өткізуде алынады.
АӨК құрамында төртінші сфера маңызды орын алады. Төртінші сфераға өндіріс дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ететін жол-көлік шаруашылығы, байланыс, материалдық-техникалық қызмет көрсету, сақтау жүйесі, қойма шаруашылығы секілді инфрақұрылым салалары кіреді. Әрбір салада өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарда бөліп көрсету қабылданған. өндірістік инфрақұрылым тікелей өндіріске қызмет етуші салалар, әлеуметтік инфрақұрылым - адамның өмір сүру шарттарын қамтамасыз етуші салалар.
1. 2 Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі
Ауыл шаруашылығы саласының бірден-бір ерекшелігі оның жермен тығыз байланыстылығы және қашанда табиғи-климаттық факторларға тәуелділігі. Сондықтан да кез келген мемлекет ауыл шаруашылық саланы белгілі бір мөлшер мен шектерде реттейді, ал реттеудің өзі мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге асады. Ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының ірі саласы, бүгінде ауылды жерлерде республика халқының 43%-ы тұрады. Елдегі макроэкономикалық және әлеуметтік жағдай көбінесе осы саладағы ахуалға қатысты болып келеді.
Мемлекеттік реттеу нарықтық экономика жағдайында өз табиғатында болу үшін оның нақты теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау қажет. Ол ең алдымен елде экономикалық және саяси келісім орнату мақсатын көздеуі керек. Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу - экономиканы әкімшіл-әміршілдік басқарумен салыстырғанда іс жүзінде жаңаша сипатқа ие болатыны сөзсіз. Мұнда біріншіден, реттеудің әкімшілік емес, экономикалық әдістерінің басымдылығы мен тиімділігін айту керек, екіншіден, мемлекет тарапынан ұсынылатын шарт пен бағдарламаны таңдауға мүмкіндік беретін реттеудің индикативтік әдістеріне көшудің жүзеге асуын айтуға болады, үшіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара келісімі негізінде шешім қабылдаудың демократиялық қағидаларына көшу де маңызды роль атқарады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, таза нарықтық экономика болмайтынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Мемлекет экономикаға әрқашан да араласқан. Мұнда тек оның мақсаттары, міндеттері, ауқымы мен нысандары ғана әр түрлі болып келеді. Бүгінде аграршы-ғалымдар ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелерін түбегейлі зерттеуде. Ауыл шаруашылығының сұраныс пен ұсыныстың төмен бағалық икемділігі жағдайында мемлекеттік қолдаусыз өзіндік реттеудің нарықтық механизмдері арқылы ғана тұрақты дамуға қол жеткізуі мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz