Асқазан ауруымен науқастарды жүргізу тәсілдері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Созылмалы гастрит.

  • Созылмалы гастритке анықтама бер.

Созылмалы гастрит- асқазан клегейлі қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі меңдеуімен бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың іштік метоплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инрекциялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.

  • Созылмалы гастриттің эпидемиологиясы қандай?

Асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бірі, ересек жастағы адамдардың 50% -да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғарлай түседі. Бірақ науқастардың көбі ауруына мән бермеуінен дәрігерге қаралатындардың саны 10-15%-тен аспайды.

  • Созылмалы гастриттің этиологиясы қандай?

Созылмалы гастрит - полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер:

  • Хеликобактерлік инфекция (95% )
  • Аутоиммундық факторлар (15-18% )
  • Дуеденогастральдік рефлюкс
  • Ұзақ қолданған дәрі дәрмек әсері, мәселен стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т. б.
  • Алиментарлы факторлар ( уақтылы тамақтанбау; тамақты шайнамастан асығыс жұту; аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық.
  • Зиянды әдеттер (ішімдікке салыну, темекі тарту)
  • Өзге ағзалардың аурулары: анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі; созылмалы холецистит, панкреатит, дуеденит т. б. ) .

Созылмалы гатриттің дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция 90-95%, ал қалған 5-10% өзге себептерден болады.

  • Созылмалы гастриттің патогенезін түсіндір?

Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метоплазия процестері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.

  • Созылмалы гастриттің жіктемесіне кесте құр.
Гастриттің түрі
Этиологиялық факторлар
Синонимдері
Гастриттің түрі: Атрофиясыз
Этиологиялық факторлар:

H. pylori

Өзге факторлар

Синонимдері: Беткей диффузды антральдік, созылмалы антральдік, интерстициялық, фоликулярлық, гиперсекрециялық В тип
Гастриттің түрі:

Атрофиялық:

Аутоиммунды

Этиологиялық факторлар: Аутоиммундық
Синонимдері: А тип, асқазан денесінің диффузды атрофиясымен, пернициоздық анемиямен жүретін
Гастриттің түрі: Мультифокальді
Этиологиялық факторлар:

H. pylori

Тамақтың немесе қоршаған ортаның ерекшеліктері.

Синонимдері:
Гастриттің түрі:

Ерекше түрлері:

химиялық

Этиологиялық факторлар: Химиялық тітіркеніштер, өт, СҚҚД
Синонимдері: Реактивті рефлюкс-гастрит, С тип
Гастриттің түрі: Радиациялық
Этиологиялық факторлар: Сәулелік зақымдану
Синонимдері:
Гастриттің түрі: Лифацитарлық
Этиологиялық факторлар: Идиопатиялық, иммундық механизмдер,
Глютен. H. pylori
Синонимдері:

Вариолоформалық,

Целиакияға байланысты

Гастриттің түрі: Инфекциялық емес гранулемалық
Этиологиялық факторлар: Крон ауруы, саркоидоз, Вегенер гранулематозы, идиопатиялық, бөгде денелер
Синонимдері: Жеке гранулематоз
Гастриттің түрі: Эозинофильдік
Этиологиялық факторлар: Тағамдық аллергия, өзге аллергендер
Синонимдері: Аллергиялық
Гастриттің түрі: /Инфекциялық
Этиологиялық факторлар: H. pylori ден өзге бактериялар, вирустар, паразиттер, саңырауқұлақтар.
Синонимдері:
  • Аутоиммундық және хеликобактерлік гастриттерге салыстырмалы сипаттама бер.
Белгілер
Аутоиммундық гастрит
Хеликобактерлік гастрит
Белгілер: Басым зақымдайтын аймағы
Аутоиммундық гастрит: Асқазанның түбі, денесі
Хеликобактерлік гастрит: Асқазанның антральдік бөлігі
Белгілер: Қабыну реакциясы
Аутоиммундық гастрит: Шамалы
Хеликобактерлік гастрит: Айқын, гастриттің түрі активті
Белгілер: Асқазанның кілегей қабығында эрозиялардың болуы
Аутоиммундық гастрит: Тән емес
Хеликобактерлік гастрит: Өте жиі
Белгілер: H. pylori
Аутоиммундық гастрит: Жоқ
Хеликобактерлік гастрит: Бар
Белгілер: Қанда НР-ға антиденелер болуы
Аутоиммундық гастрит: Жоқ
Хеликобактерлік гастрит: Бар
Белгілер: Париетальдік жасушаларға антиденелер
Аутоиммундық гастрит: Бар
Хеликобактерлік гастрит: Жоқ
Белгілер: Н К АТФ-азаға антиденелер
Аутоиммундық гастрит: Бар
Хеликобактерлік гастрит: Жоқ
Белгілер: Гипергастринемия
Аутоиммундық гастрит: Айқын
Хеликобактерлік гастрит: Биіктейді немесе гастриттің деңгейі қалыпты
Белгілер: Асқазанның тұз қышқылын түзу функциясы
Аутоиммундық гастрит: Күрт төмендейді, өрістей келе анацидтік күй қалыптасады
Хеликобактерлік гастрит: Алғашқы кезде қалыпты немесе жоғары, кеш сатысында - төмендеген, бірақ анацидтік күйге келмейді
Белгілер: В12- тапшылықты анемия
Аутоиммундық гастрит: Тән
Хеликобактерлік гастрит: Тән емес
Белгілер: Жара ауруымен жұптасуы
Аутоиммундық гастрит: Тән емес
Хеликобактерлік гастрит: Өте жиі
Белгілер: Малигнизация
Аутоиммундық гастрит: Өте сирек
Хеликобактерлік гастрит: Жиі
  • Созылмалы гастриттің клиникалық көрінісі қандай?

Созылмалы гастриттің клиникалық көрінісі оның түріне, фазасына, асқазан секрециясының деңгейіне тәуелді. Көрінісіне мына жалпы белгілер тән:

  • Эпигастрий аймағының тамақ ішкенге байланысты ауруы;
  • Асқазандық диспепсия;
  • Созылмалы гастриттің салдарынан жалпы күй бұзылыстарының, өзге ағзалардың екіншілік зақымдануының белгілері.

Созылмалы гастритке эпигастрий аймағы жай сыздап ауырады. Антральді гастритте секрецияның қалыпты немесе жоғары кезінде, ауырсынудың түрі жара ауруына өте ұқсайды - ашқарында, тамақтанғаннан 1, 5-2 сағаттан кейін мазалайды, өйткені пилорикалық каналмен он екіелі ішектің қышқылды затпен тітіркенуінен, асқазанның қалтқысы түйіледі. Сондықтан ауырсыну эпигастрий аймағының оң жартысында орналасады. Ауырсыну синдромы тамақтанғаннан немесе спазмолитиктерді, сілтілі заттарды қабылдағаннан уақытша басылады.

Асқазанның секрециясы төмендегенде, мәселен аутоиммундық гастритте немесе В гастриттің атрофиялық пангастритке айналған кеш сатысында эпигастрий аймағы жайылма ауырады. Асқазанның атрофияланған кілегей қабығының тағаммен тітіркенуінен және керілуінен, ауырғандық тамақты іше бастағанда немесе одан көп кешікпей басталады.

Асқазандық диспепсия синдромының көрінісі секрецияның түріне тәуелді. Нормо- немесе гиперсекреция болса, мәселен антральді гастриттің алғашқы кезендерінде қыжылдау, қышқылмен кекіру жиі мазалайды.

Гипо-, анацидтік жағдай қалыптасқан атрофиялық пангастритте ахилия синдромының көрінісі орын алады: тәбет нашарлайды, жүрек айнуы, оқта-текте құсу, ауыздың темір татуы, құрғау пайда болады; ауамен ащы сұйықтықпен жиі кекіру және гастрогендік энтериттің белгілері- ішектің қорылдауы, метеоризм, іштің оқта-текте өтуі байқалады. Кекірік кейде шірік иісті. Диспепсиялық бұзылыстармен бірге, асқазан тонусының жойылуы симптомдары мазалайды- эпигастрийде салмақ сезіну, тамаққа тез тою сезімдері. Гастриттің басқа түрлеріне қарағанда, атрофиялық гастритте жалпы күйдің және жеке ағзалардың екіншілік бұзылыстары пайда болады. Осыдан келесі белгілер анықталуы мүмкін:

  • Анемия қосылуынан тері жамылғыларының қуқылдануы;
  • Гиповитаминоздан ауыздық түсуі, тырнақтардың сыңғыштығы;
  • Тілдің ақ жабындымен қапталуы немесе В12 тапшылығынан кілегей қабықтың атрофиялануы, осыдан тіл ұшының ашып ауыруы және бетінің « жалаңаштануынан» тілдің таңқурай түсті қызаруы;
  • Тонустың жойылуынан асқазанның төменгі шегінің төмен түсуі (кіндіктің деңгейіне немесе одан да төмен)
  • Асқазанның барьерлік функциясының жойылуынан ішектің микробтық контаминациясының күшеюі, осыдан іштің құрылдауы, кейде өтуі және кебуі.
  • Созылмалы гастриттің қосымша зерттеу әдістеріне не жатады?
  1. Асқазанның гастринмен (0, 005 мг/кг-0, 024мг/кг дозада) немесе пентагастринмен 6 мг/кг дозада стимуляцияланған секрециясын зерттеу. Оның мәліметтері атрофия процесін шамалап бағалауға және ем жобасын тиімді түзуге қажет.
  2. Асқазанның рентгеноскопиясы. Қазіргі кезде оның маңыздылығы жойылған. Оны асқазан рагынан күдіктенгенде науқасты нақты зерттеу үшін ғана қолданады. Рентгендік зерттеудегі гастритке тән белгілер: асқазан қалталарының әркелкі қалыңдауы, қиғаш орналасуы, ; асқазан қабырғасының регидтілігі; тонусының күшеюі, перистальтикасының жойылуы.
  3. - созылмалы гастрит диагностикасының басты әдісі. Визуальдік өзгерістер гастриттің түріне тәуелді. В типті гастритте антропилоробульбиттің көрінісі анықталады: аталған аймақтардың ала-құла қызаруы, ісінуі атрофиялануы; кілегей қабықтың жарақаттанғыштығы, қанағыштығы, жайпақ немесе төмпек эрозиялар. Кампилобактерлік гастриттің 20/ -на жара ауруы қосылады. Әдетте жаралар асқазанның шыға берісінде немесе онекі елі ішектің буылтығында орналасады. А типті гастритте асқазан түбінің, денесінің диффузды атрофиясы анықталады (қыртыстардың аласаруы, жойылуы, кілегей қабаттың ақшылданып жұқаруы, астындағы тамырлардың көрінуі) . Ахилияға байланысты асқазанның қалтқысы кейде аңырайып ашық тұрады. Антральді бөлікте айтарлықтай өзгеріс болмайды, эрозиялар сирек кездеседі. Эрозиялар болса, онда аутоиммундық гастритке хеликобактериоздың қосылуынан күдіктенді- мұндайда биоптаттардан НР іздеу қажет.
  4. Хеликобактерлік инфекцияны анықтау. Соңғы кезде НР анықтаудың көптеген әдістері табылған. Хеликобактерді анықтаудың негізгі әдістері қандай?
Зерттеу әдістері
Сезімталдылығы%
Дәлдігі%
Мақсаты
Зерттеу әдістері: Уреазалық экспресс тест
Сезімталдылығы%: 96
Дәлдігі%: 100
Мақсаты: Эндоскопияны жасау кезінде зерттеу
Зерттеу әдістері: Гистологиялық
Сезімталдылығы%: 94
Дәлдігі%: 94
Мақсаты: Диагнозды анықтау
Зерттеу әдістері: Себіндісін зерттеу
Сезімталдылығы%: 95
Дәлдігі%: 95
Мақсаты: Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау
Зерттеу әдістері: Серологиялық
Сезімталдылығы%: 95
Дәлдігі%: 90, 4
Мақсаты: Скрининг және диагностика
Зерттеу әдістері: Тыныстық уреазалық тест
Сезімталдылығы%: 95
Дәлдігі%: 95
Мақсаты: Эрадикацияны анықтау
Зерттеу әдістері: Полимеразалық тізбектік реакция
Сезімталдылығы%: 94, 7
Дәлдігі%: 95
Мақсаты: Диагнозды анықтау
  • Созылмалы гастритті қалай емдейсіз?

Емі. Емнің салалары:

  1. Этиологиялық ем.
  2. Емдәммен емдеу.
  3. Секрециялық бұзылыстарды реттеу.
  4. Асқазанның маторлық функциясын қалпына келтіру.
  5. Асқазан кілегей қабығының регенерациялық қасиетін жақсарту.

Этиологиялық ем созылмалы гастриттің түріне тәуелді жүргізіледі.

Аутоиммундық гастриттің себебі белгісіз болғандықтан емді жасау мүмкін емес, бірақ аурудың өршуін туғызатын себептерге - ішімдікті, дәрмектерді тиімсіз қолдануды, темекі тартуды тоқтату керек.

Этиологиялық ем хеликобактерлік гастритте ғана жүргізіледі. Бұл емнің негізгі мақсаты- НР жою, яғни эрадикацияны жүзеге асыру.

Эрадикациялық емнің жобалары:Үшқұрамдық ем. Ем курсы 1-2 апта.

1-схема

  • Висмуттық дәрмек (де-нол немесе висмут субсалицилаты 120 мг 3 рет тамақтан 30 минут бұрын) және 4-ші рет жатар алдында, кешкі тамақтан 2 сағат кейін;
  • Тетрациклин 250-500 мг тәулігіне 4 рет, тамақтан кейін;
  • Метронидазол 250 мг тәулігіне 4 рет немесе тинидазол 500 мг тәулігіне 2 рет тамақтан кейін.

2- схема

  • Денол 1 таб 4 рет
  • Амоксициллин 500 мг 2 рет
  • Клион 250 мг 4 рет

3- сема

  • Бисмофальк 1 таб 4 рет
  • Клацид 500 мг 2 рет
  • Клион 500 мг 2 рет

4- схема

  • Бисмофальк 1 таб 4 рет
  • Клацид 500 мг 2 рет
  • Фуразолидон 100 мг 4 рет

Үшқұрамдық емді арнайы дәрмек - гастростатпен жүргізуге болады. Оның құрамына висмут субцитраты (108), тетроциклин гидрохлориді (250 мг), метронидазол (200 мг) кіреді. Гастростат 3 таб күніне 5 рет (тең уақыт аралығымен) 10 күн ішкізіледі. Бұл емдегі эрадикацияның саны жоғары -98/.

Емдәм . Созылмалы гастриттің өршу кезінде науқастарды 2-3 күн №1а немесе №1б емдәмде ұстап, №1 емдәмге ауыстырады. Тағамдар сұйықтау, желе түрінде дайындалады. Дерттің өршуі басыла келе 15 емдәмге көшіреді. Тамақтану жиілігі күніне 4-5 рет. Қышқыл, тұзды, майлы, қуырылған және өткір тағамдарға тиім салынады.

Созылмалы гастриттің гиперсекрециялық түрінде, секрецияны қоздыратын тағамдар берілмейді. Сыра, газды сусындар, кофе, какао, қою шай, сорпа.

Рефлюкс- гастритте (С тип) демпинг синдромының белгілерін жеңілдету мақсатымен тағамды жатып ішуді ұсынады.

Секреция бұзылыстарын реттеу. Бұл емді секреция бұзылысының түріне қарап құрастырады. Секреция төмендеген, бірақ оның мүмкіндігі сақталма - стимулдаушы, ал серецияны қайтымсыз жетіспеушілігі қалыптасса- орынбасу емі жүргізіледі. Секрецияны күшейту мақсатымен лимонтар, пентагастрин, прозерин, инсулин, эуфиллин, кальций глюконаты т. б. қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Созылмалы гастрит
Без аурулары
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Жасуша культурасын ауруларды емдеуде қолдану
Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Асқазан жарасының асқынулары
Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz