Қауіпті табиғи құбылыстар



I Кіріспе
2.1. Жер сілкінуі
2.2. Жер көшкіні(шөккіндер)
2.3. Сел тасқыны
2.4. Қар көшкіні
2.5. Ауа райы құбылыстары
2.6. Орман және дала өрттері
2.7. Жанартаулар (Вулкандар)
Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді.
Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерді төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-ды шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп жобалап түсінуге болады.
Ал енді төтенше жағдайларға біраз тоқталып өтсек. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономиаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
1. Маханов Б.Б., Сатаев М.И.,Тіршілік қауіпсіздігі,
Шымкент 2005 жыл.
2. Әлібеков Е.К. Азаматтық Қорғаныс – бүкіл халықтық іс.
Алматы 1986 жыл.
3. Сұрапыл апаттар жөнінде ескертпе. ОҚО ТЖ жөніндегі басқармасы Шымкент 1996 жыл.
4. www.google.kz.
5. Маханов Б.Б. Азаматтық Қорғаныс, Шымкент 2001 жыл.
6. ТЖ және Азаматтық Қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 2001 жыл.

I Кіріспе

Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік
саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық,
әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы
басқа аспектілер кіреді.
Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, тіршілік
әрекеттерінің қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу
обьектілерді төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау
жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін
болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде
адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-
ды шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері
жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп
жобалап түсінуге болады.
Ал енді төтенше жағдайларға біраз тоқталып өтсек. Төтенше жағдайлар
деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономиаға, әлеуметтік өрісіне
айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада
ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына,
адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және
биоөрісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын
жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін
авариялық – қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік),
табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынмен
(көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорынның жекелеген
жүйесінде), обьектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді,
сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады.
Ал енді табиғи сипатта болатын төтенше жағдайлар туралы айтып кететін
болсақ. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлардың көбеюі байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер
сілкіністер тым көбейіп кетті, ал топан су басу мен қатты даулдар мен
тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ
қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй
құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын соғу әлі де жалғасуда. Осы
факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп,
тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген
катастрофалық зардаптарын туғызуда.
Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай
жіктеуге болады:
- геологиялық құбылыстар – жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер
және қар көшкіндері, селдер;
- метеорологиялық құбылыстар – дауылдар, боранда, құйындар;
- гидрологиялық құбылыстар – топан су басуы, цунами, өзендегі мұздың
кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкепек желдің әсерінен су деңгейінің
көтерілуі;
- табиғи өрттер – орман, дала, шым тезе өрттері;
- жаппай көпшілік аурулар – эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифитотиялар,
жалпы жұқпал аурулардың кең таралуы.
Келесі беттерден жоғарыда айтылған табиғи сипаттағы төтенше
жағдайларға анықтама берілген. Енді соларға көңіл бөлсек.
2.1. Жер сілкінуі
Табиғаттың қаһарлы құбылысы – жер сілкіну – жалпы геофизикалық
себертерден болатын жер қыртысындағы, оның астыңғы қабаттарындағы дүмпу
(соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай
өрістейді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процестер орын алуда.
Жер қыртысы біртұтас емес, оны литосфералық плиталар құрайды-
континентальды және мухиттық; плиталардың шеттерін сейсмикалық және
тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу аудандар қоршайды.
Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен
түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі – жер шарынң айналу
динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою
сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде
жаңа сұйық зат төменнен жоғарыға көтеріп плиталарды жан-жаққа ығыстырса,
екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында
бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады.
Тақталардың осындай қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың
ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер
сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі
физикалық процестер болуы мүмкін: ай жән күн тартысымн болатын су толысуы;
күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының
қозғалысы бірқалыпты еместігі(элипс бойынша жылжу); басқ жердегі
сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процестрдің бір-бірімен үйлесіп
келуі,
Тереңдіктегі тктоникалық күштер әсерінен орасан зор қысым немесе жр
астндағы жарылыс мантияға кернеулр туындатып, жр астын дүмпітетін және
бетін дірілдететін жр сілкінудің көзін пайда етеді. Қаттты күштердің
әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жр қабаттарының формасы өзгеред,
қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс
айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бірқатар дүмпулер
ретінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі. Ол жер
қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар арқылы жер
бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі.
Жер астынан дүмпу пйда болатын алапат жер сілкіну ошағы – ішінде
көптен бері жиналған энергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір
аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп
аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы(пішіні)
эпицентр деп аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын
серпінді сейсмикалық толқындар, ал эпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен
жіне үстіңгі сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкінісі кездерінде
жер қабатының тұтастығы бүлінеді, жер сілкінісі жер астынан шығатын гуілге
ұласады. Жер сіокіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қащықтыққа
байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын
жерлерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі;
одан гөрі алыстанқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың
гуіліне ұқсап кетеді.
Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың
арасында немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері
көтерілсе, келесі учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті бірнеше метр
төмен түседі, ал кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта
да қозғалады. Үйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері
иіліп үзіледі. Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-
энергетикалық желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және
электр желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және
көшкіндер, үлкен ойыстар болуы да ықтимал.
Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар – цунами пайда
болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын
цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала
құбылыс. Жер сілкінудің материктерде де, мухиттарда да болып тұраттынын
бақылаулар көрсетеді.
Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз
километр арасында өзгермелі. 2 негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жерорта
теңізі – азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия,
Түркия, Иран, Солтстік Үдістан және әрі қарай Малайзия архипелагын
қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс,
Камчатка, Сахалин, және Курил аралдарын қамтиды және айта кететін бір жайт,
жер шарының сілкіністерінің 90%-і осы белдеуде өтіп жатады. Қазақстан
шекарасында Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары
сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.
Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол ошақтың
тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық құрылысына
және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны бойынша, яғни
жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64 бағанасына
сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға – балға бөлінеді. АҚШ-да 12 баллдық ММ
бағанасы қолданылады. Жер қыртысында пайда болған негізгі сызат (жарық,
жарықшақ) тереңдікте тоқтап қалуы немесе жер бетіне шығуы мүмкін; оның
ұзындығы бірнеше метрден жүздеген километрге барады(ірі сілкініс). Сілкіну
ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған кезде 50-160
км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар 3-8 кмс жылдамдықпен таралады,
екінші кезеңдегілер– 2-5 кмс.
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның
болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді
адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті
болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар(ыдыс, шыны, есік) теңселеді
және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық(күшті) сілкінуде
қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып ғимараттардың
қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7-баллдық(өте күшті) сілкіністе
тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер қирайды; 8-
баллдық(қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 10-
баллдық(жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері
майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген
құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды,
жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте
көп болады, су құламалар пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді.
Осылайша жаппай көпшіліктің зардап шегу ошақтары 7-8 баллдан бастап, одан
да жоғары болған аймақтарда болады.Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша
планетамызда болатын жиілігі және ұзақтығы бойынша да жіктеуге болады, олар
да баллдың өсуіне байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық жер сілкінулер жылына 1-
2 рет ғана болса, олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд арасында
созылады. Бұндай жағдайда сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден
бастап қосқанда) радиусы 80-160 км жетеді. 7-8 балдық сілкіну кезінде 10-30
секундта өтіп, жылына 100-150 рет болады. Күшті жер сілкіністері,
қарқындылығы 5-6 баллға баратындары, жылына 8000 реттей орын алады,
ұзақтығы 5 секунд. Яғни жер сілкіну – айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи
құбылыс. 1999 жылы көптеген адам құрбаны мен орасан қиратулар әкелген жер
сілкіністер Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, жер шарында жылда
100 мыңға таяу сілкіністер өтіп жатады. Жоғарыда айтылған қиратулардан
басқа жер сілкінісі басқа да техногенді апаттарға, ауыртпалықтарға себеп
болады, мысалы, топан су басуына (бөгендер мен бөгеттерді бұзу арқылы),
өрттерге (мұнай қоймаларының қиратуында, газ құбырларын үзгенде), күшті
әсер ететін улы заттарды ашық далаға шығарып жіберетін химиялық
кәсіпорындардағы аварияларға, радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға
шашырататын атом электростанцияларындағы апаттарға және тағы басқаларына.
Күшті жер сілкінісі ядролық зақымдау ошағында болатын салдарын еске
түсіреді.
Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер сілкінісінің
болу мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар мемлекеттер осы
салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде. Белгісіздік шарттарының
көп болу салдарынан жер сілкінісін дәл болжау өте сирек кездеседі.
Дегенмен, қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Өздеріңізге белгілі
бұл ғасыр технологияның даму ғасыры. Қазірдің өзінде ғалымдар түрлі
аспаптарды ойлап тауып жатыр. Келешекте осындай жойқын әсері бар жер
сілкіністерін болжайтын аспаптардың пайда болатынына сенемін.

2.2. Жер көшкіні(шөккіндер)
Гравитация күшінің әсерінен тепе-теңдікті сақтай алмай тау жыныстар
массалары баурайдан төмен қарай сырғып барып орын ауыстыруы жер көшкіні
немесе шөккіндер деп аталады. Бұл құбылыстардың бірнеше себептері болады.
Көбіне ол табиғи немесе антропогенді себептер. Табиғи жолда шөккіндер
баурайдың етек жағын су орып кетудің салдарынан құламаның тіп-тік жарға
айналуынан, жауын-шашын және жер асты суымен аса ылғалдану себебінен
жыныстардың босап кетуінен, жер сілкінісінің әсерінен де орын алады.
Антропогенді (адамдардың шаруашылығына байланысты) себептерге баурайдағы
баулар мен бақшаларды аса көп суару, жолдар жасағанда геологиялық
жағдайларын есепке алмай топырақты алу, тағы басқа құрылыс және шаруашылық
жұмыстарын жүргізуі жатады.
Көбіне шөккіндер көктем немесе жаз мерзімдерінде баурайдың еңкіші 20°-
тан көп, және жоғарыда айтылған себептері жеткілікті болса кездеседі.
Шөккіндердің артуына баурайды құраған материалдар (мысалы, құрамы құм-
қиыршықты тасты болса) немесе сол бағытты жарықтар кесіп өтсе қосымша
сеьепкер болады. Тау жыныстардың сырғуы баяу болуы да мүмкін, жылына
бірнеше сантиметр шамасында. Аса ылғалданған балшықты жыныстардың шөккіні,
тас, қар және басқа да материалдармен араласып жылжығанда, ол ірі апатқа,
адам құрбандарына әкеліп соғуы әбден ықтимал. Өйткені дәл осындай жағдайда
шөккіннің жылдамдығы өте биік, іс лезде өтеді. Ірі шөккіндер әдетте табиғи
себептерден болып баурайларда 100-деген метрлерге созылады, олардың
қалыңдығы 10-20 метрге дейін барады. Кейде шөккінге ұшыраған материал
біртұтастығын сақтап жеке біртұтас дене сияқты қозғалады. Сырғыған
жыныстардың көлемі миллион, керек болса миллиард текше метрді құрайды.
Әрине, шөккіндер құбылыстары осындай салмақтары мен жылдамдықтары
арқылы адам өміріне, оның шаруашылығына қауіп төндіреді. Олар байланыс
желілерін, туннельдерді, құбырларды, су бөгеттерді бұзып, ауыл шаруашылық
алқаптарды, елді мекендерді жойып жібереді, ал кейде тау суларына бөгет
болып тау көлдерінің пайда болуына әкеп соғады. Бұндай көлдер қашан болса
да қауіпті, өйткені су жиналу барысында талай жерлерді басып кетеді, немесе
ақырында көл тозып, бөгетті бұзып орасан зор топан суға айналады. Осы
орайда бір мысал келтіріп кетсек, 1911 жылы Памир тауларында күшті жер
сілкінісі болып, оның әсері үлкен шөккінді қоздырды, 2,5 млрд.м3 болпыр
материал Мургаб өзенін тасалады да ұзындығ 54 км, тереңдігі 300 метр
шамалас көлді түзді. Көл астында Усай, Сараз деген кишлактар мәңгіге қалды.
Әрине кенеттен басталатын шөккіндер аса қауіпті. Кейде жылжи бастаған
шөккіндердің алғашқы белгілері көзге көрінеді – жердің бет жағында сызаттар
пайда болуы, жол үстінің және жағалаудағы бекіністердің жарылуы,
ағаштардың, телеграф бағаналарының қопарылуы. Жалпы, шөккіндер туралы
мәліметтерді жинау олардың алдын алу үшін өте маңызды. Шөккіндерді айыра
білсек олар ескі және осы заманғы, кішігірім дөңесті және ірі дөңесті,
жыныстар блогы сырғанақтың үстімен жылжып шөгетін және опырылып құлайтын
және тағы да басқа түрлеріне бөлінеді. Олардың зардабы айтарлықтай ауыр
болғандықтан, олардан сақтануымыз тиіс.
2.3. Сел тасқыны
Сел тасқындары көбіне кенеттен басталады. Кішкене тау өзендерінің
бассейндерінде және құрғақ боп тұрған сайларда минералды бөлшектердің,
тастардың, тау жыныстар сынықтарының концентрациясы өте биік болып түзілген
лай судың ағындары деңгейін күрт көтеріп өтеді.
Ереже бойынша сел тасқындары толассыз жауған нөсерден, сирегірек
сырғыма мұздақ немесе маусымды қар жамылғысының күрт ери бастауынан, сондай-
ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі салдарынан
пайда болады. Селдің себептеріне тау сайларында жиналған үлкен көлемді
көлді түзеген судың бөгетті бұзып өтуі жатады.
Зор қирату күші бар сел бір ағызындылардың көлемінде жүздеген мың,
кейде тіпті миллион текше метрге дейін жететін материалды тауды төмен қарай
жылжытады.
Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл тегіл емес, сел тасқыны бөлек-
бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады.
Селдің жылдамдығы әдетте 2,5-4,0 мс аспайды, бірақ су бөгетті бұзып-жарып
селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 мс және одан да көп болуы
мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге дейін жетеді,
оны сел бась деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай, туындау себептері
Төтенше жағдайлар
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,олардың түрлері табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы туралы ақпарат
Қар көшкіні - көшкіннің бір түрі
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы
Табиғи апаттар
Төтенше жағдайлар критерийлері
Төтенше жағдайлар (ТЖ)
Пәндер