Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендерді ғылыми тұрғыдан зерттеу


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан жерінде Батыс Тянь-Шань Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік Шыңы - Батыс Алемендин (4875м) . Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналаскдн Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді.
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымы протерозой тақтастарынан және қү_мтастардан, сондай-ак карбонның әктас, құмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралган. Сонымен бірге палезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптаскан интрузиялық және жанартаульщ, сондай-ақ платформальщ мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Батыс Тянь-Шань тау жоталары тауаралық ойыстармен және өзен аңгарларымен тілімденген. Соңғылардың қатарына төмендегі өзендер жатады: Сырдария өзенінің оң салалары (Жабағылы, Ақсу, Машат, Келес, Боралдай, Болдырбек, Арыс) Талас, Хантагы және тағы басқа өзендер.
Өзендердің морфологиялык; құрылысы әртүрлі. Оның негізгі сипаты аңғарларымен көрінеді.
«Өзен аңғары дегеніміз» - С. А. Қүсайыновтың айтуы бойынша жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойпаң түрінде көрініс беретін рельеф пішіні.
Олардың түрлері төмендегідей: саңылау және V әрпі тэрізді болып келеді. Олардың табанының ені арнасының енімен сәйкес болады, 3-4 метр кейде таулы жайылма қосылып 10-12 метрге жетеді. Тау етегінен жазыққа шыққанда өзен аңғарлары кеңейіп трапеция, астау тәрізді аңгарларды
Аңғарлардың төмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар, олар арна, жайылма, терраса, аңғар беткейі.
Жайылма - өзен аңғарларының өзен тасыган кезде су басатын бөлігі.
Арна - өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең тереңделген бөлігі.
Аңгар беткейі - өзен аңгарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі өзен арнасына багытталған көлбеу жазықтық.
Зерттеудін мақсаты Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың аңғарларының кұрылысын жэне де халық шаруашылығында осы өзендерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.
Зерттеудін міндеттері
- Батыс Тянь-Шань тауларының жоталарын бөліп қарастыру.
- Батыс Тянь-Шань тауларының жер бедерін, геологиясын, климатын, топырақ жамылғысы және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінанықтау.
- Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзен аңғарларыныңқұрылысын анықтау.
Зерттеу жүмысының қорытындысын шығарып, қорғау жолында ғылыми ұсыныстар беру.
Жумыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу көздері, зерттеу құрылымынан тұрады.
Бірінші тарауда Батыс Тянь-Шань тауларына қысқаша физикалық-географиялық сипаттама беру. Олардың рельефіне, геологиясына климатына, ішкі суларына, топырақ жамылғысы және өсімдік пен жануарлар дүниесіне, олардың ерекшіліктеріне сипатгама беру.
Бкінші тарауда Батыс Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзен аңғарларының қүрылысына, сондай-ақ аңғарларға, арналарға, жайылмаларға, террасаларға сипаттама беру.
Қорытындыда жұмыстың нәтижесінде дайындалған деректердің қорытындылары мен ұсыныстары беріледі.
I - тарау. Батыс Тянь-Шань тауларының қысқаша физикалык-географиялқ сипаттамасы.
Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады. Жер бедері күшті тілімделінген. Қырғыз Алатауы Кунгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы үзындыгы 375км, ең биік шыңы - Батыс Алемендин (4875м) . Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді. Енді осы Батыс Тянь-Шаньның жоталарына жеке тоқталып, сипаттама берелік.
Талас Алатауы - Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Орташа биіктігі 4000м, (4488м, Қырғыз жерінде) . Металгорфтанған тақтатас, қүмтас, эктастан іұрады. Талас Алатауының Қазақстан жеріндегі басты сілемдері - Өгем, Майдантал, Алатау, Кіші Ақсу жоталары. Оңтүстік беткейі қатты тілімденген; терең шатқалдыөзен аңғарлары көп. Олардан Ақсу, Жабағылы, Майдантал, Жосалы тағы басқа өзендер бастау алады. Батысында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Етегінде дала өсімдігі, бүталар, жеміс ағаштары, тау беткейінде шырша, самырсын, арша, одан жоғарыда субальпі, апьпі шалгыны өседі.
Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында 420км-ге созыла орналасқан. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында жатыр. Оңтүстік аатыста Талас және Қырғыз жоталарынан басталып солтүстік-батыс бағытта аласарып, Сарысу өзені мен Шу жазығымен шектеседі. Қаратау, Шу-Талас жэне Сырдария өзен алыптарының су айрығы жотасы. Ең енді түсы Боралдай жотасы 60-80км. Орташа биіктігі 1800м, ең биік жері - Бессаз (мың жылқы, 2176м) тауы Таукент кентіне жақын орналасқан. Қаратау-Кіші, Улкен Қаратау, Үлкен Ақтау және Боралдай жоталарынан түрады. Жоталар бір-бірінен тауаралык ойыстармен бөлінген. Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды тік жартасты. Геологиялық құрылымы Шығыс қаратау
протерезойдың тақтатас пен құмтастарынан, Батыс Қаратау карбонның эктас, кұмтас, конгломерат тастарынан, тау аралық аңғарлардевонның қызыл шөгінді жынысынан тұрады. Жергілікті жер бедері құрғақ климат әсерінен калыптасқан. Қаңтардың орташа температурасы 10 С, оңтүстік-батысында -6°С. Жазы ыстық әрі құрғақ, шілденің орташа температурасы 22-26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау бөктерінде 200-400мм, тауда 400-600мм. Беткей топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр. Өсімдігінен селеу, көде, боз, тағы басқа өсімдіктер өседі. Тамырында 35-40% каучук болатын тау сағызы тек Қаратау өңірінде кездеседі. Өзен бойларында тоғайлар өседі - Каратау жерін таутеке, қасқыр, түлкі, тышқан, саршұнақ тагы басқа жануарлармекендейді. Жер асты гидрокарбонатты. Кальцийлі су қоры мол. 400-500метрлік тереңдікті алып жатыр. Пайдалы қазбаға бай өлке. Қазақстанның ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т. б. ) кен орындары шоғырланған. Құрылыс материалдарынан - гипс, цемент өнімдеріне қажетті жыныстар өседі.
1. 1. Рельефі және геологиясы.
Өгем - Тянь-Шань тау жүйесінің батысындағы тау жотасы. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ПОкм-ге созылған, енді жері ЗОкм-дей. Ең биік жері - сайрам шыңы (4299м) . Төменгі карбонның әктас, қүмтас жыныстарынан түзілген. Оңтүстік-батысы көлбеуленіп Шарбақ бөгеніне (Өзбекстан) тіреледі. Жер бедері әртүрлі; төменгі шекарасы шалғындык жазықтар. Жазық жайлауларында бүлақ, бастаулар мол. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр. Қазыгұрт, Төлеби аудандары аумағына Өгем жотасының солтүстігі мен оңтүстік-батысы кіреді. Құмкезең, жалтырКөнекті, Жетіүңгер, Пиязды, Шымырбай, Азартеке, Мақпал жоталарынан, Тұрнақбел, Майдантал асуларынан тұрады. Өгемнің Талас Алатауымен қиылысқан жерінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Тау мұздықтарынан Өгем, Піскем өзендерінің салалары: Майдантал, Болдыбірек, Сайрамсу, Сарыайғыр өзендері бастау алады. Таудың қоңыр, альпілік шалғынды топырағында, тау етегінде әр түрлі шөптесіндер, бұта аралас жеміс ағаштары, биіктік белдеуінде аршаның түрлері, субальпі, альпі шалғыны өседі.
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық кұрылымына келетін болсақ, Қаратау жотасы протерезой тақтатастардан және қүмтастардан тү_рса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, қүмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан қүралған. Сонымен бірге полезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық жэне жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой - кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Оңтүстік Қазакстан аумагындагы гидрографияльщ желінің жиелігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің ірі алаларының бірі - Арыс өзені, Талас Алатауы мен Өгем тау
жоталарының беткейлерінен басталады. Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы, Иқансу, Көкқиясай өзендері Қарашық, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне құлды.
2. Климаты.
Таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жакындайтындықтан топырақ-климаттык зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп, ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шөлді-дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250-ЗООм. ) таудың биік 3500-4000м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырак, өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша айтқанда, табигаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым қажет болса, облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шывдарына дейін 3-4 шақырьш қашықтықтағы бйіктікте көпшілік белдемдер кездеседі. Батыс Тянь-Шань таулы белдеуінде таудың шалғынды-далалы альпілік, субальпілік, таулы-далалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалгынды гидраморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі.
1. 3. Ішкі сулары.
Батыс Тянь-Шань тауларының жоталарынан бастау алатын өзендерге қысқаша сипаттама беріп өтсек:
Арыс өзені Сырдарияның оң саласы. Үзындығы 378 км. Су жиналатын алабының аумағы 14900 км . Кіші Ақсу тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Отырар ауданы жерінде Сырдария өзенінен қүлды. Жоғары ағысы тау аңғарымен, төменгі ағысы жазық өңірмен өтеді. Жайылмасы 2 км-дей, арнасы 40-45м. Орташа су ағынының мөлшері 40, 2 м 3 /с. Басты салалары: Ақсу, Бадам, Боралдай, Жабагылысу, Құтырған, Машат. Алабында шағын бөгендер мен 3 СЭС салынған. Жауын-шашын суымен толығады. Өзеннен Арыс - Түркістан, Теспе, Арыс, тағы басқа каналдар тартылған.
Арыстанды - Арыс алабындағы өзен. Бэйдібек ауданы жерімен агады. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 896 км 2 . Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі екі шагын өзеннің қосылған жерінен бастау алып, Арыс -Түркістан каналына қүлды. Аңғары тар, арнасы тікжарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0, 64м 3 /с. Суы ауыз суға, егін суаруға пайдаланылады. Өзен бойында Шақпақ, Жүзімдік аралдары бар. Өзен аңғарын бойлай Арыстанды - Қарабас желі соғады.
Бадам - Арыс алабындағы өзен, Төле би, Сайрам, Ордабасы аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 138 км, су жиналатын алабы 4380 км 2 . Өзен Қаржантау жотасының солтүстік-шығыс беткейінен басталып, орта ағысында Шымкент қаласының оңтүстік-батысынан өтеді. Қараспан ауылының тұсында Арыс өзеніне құяды. Салалары: Тоғыс, Бүржар және тағы басқа. Жауын-шашынмен, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су агымы 4, 51 м 3 /с. Бадам өзені бойында Бадам бөгені салынған. Шымкент каласының кэсіпорындары мен Төле би, Сайрам, Ордабасы аудандарының ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді.
Байылдыр - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан, Кентау қалалық ікімдік аумағы жерімен ағып өтеді. ¥зйндыгы 50 км, су жиналатын алабы 115 км . Қаратаудағы Бессаз тауынан бастау алады. Қар суымен, жер асты гуымен толығады. Арнасы тар, тік жарлы. Салалары: Бозбұтақ, Балтабай. (драшық ауылы тұсында Арыс - Түркістан каналына құйып, одан әрі қарай ^арашық тармағы екіге айырылады да, бірі Сырдарияға, екіншісі Камыстықақ көліне кұяды. Суы егін суаруға пайдаланылады.
Боралдай - Арыс өзенінің оң саласы. Бэйдібек, Ордабасы аудандары жерімен ағып өтеді. Үзьшдығы 130 км, су жиналатын алабының аумағы 1760 км 2 . Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталады. Коғарғы ағысында Қошқар ата өзеніне құяды. Аңғарында жабайы жеміс ігаштары (алма, долана, жабайы жүзім жэне тағы басқа) көп. Арыс өзеніне ^ятын түхында аңғары кеңейіп, ені 1-4 км-ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер істы суларымен толығады. Боралдай ауылы тұсындағы жылдық орташа су ағыны 10, 5 м 3 /с. Суы тұщы. Минералдылығы 0, 2-0, 4 і/л. жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен гікелей 10-нан астам ирригациялық каналдар. тартылған.
Бөген - Сырдария алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағып ггеді. Қаратау баурайынан бастау алатын Қаттабөген (Үлкен Бөген) және іалабөген өзендерінің қосылған жерінен бастап Бөген деп аталады. Ғзындығы 164 км, алабы 4680 км . Басты саласы - Сасық өзені. Алабы іелесті, еңістеу келген жазық. Жайылмасы 300-600 м. Бөген ерте көктемде гасиды. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. "Қызыл көпір" бекеті іұсында көп жылдық орташа ағымы 4, 36 м 3 /с. Төменгі ағысында Бөген бөгені алынған, одан Түркістан каналы тартылған. Бэйдібек, Ордабасы және һырар аудандарының шаруашылықтары пайдаланады.
Дауылбаба - Арыс алабындағы өзен, Машат өзенінің оң саласы. Гүлкібас ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 20 км, су жиналатын алабы !24км 2 . Бастауы Тасқара, Машат тауларының беткейіндегі бұлақтардан
Молбұлақ, Тобылбүлақ өзендері болып басталып, Мыңіщңқыр тауының етегінде Дауылбаба өзеніне бірігеді. Орта ағысында Майбұлақ, Қараағаш жылғалары кү-яды. Өзен Дауылбаба түхында Машат өзеніне құяды. Өзен суы егін, мал суаруға пайдаланылады.
Жабағылы - Арыс алабындағы өзен. Түлкібас ауданы жерімен агады. Ұзындығы 36 км, су жиналатын алабы 222 км 2 . Талас Алатауының солтүстік-батыс беткейіндегі бұлактардан басталатын Саркырама, Құрсай, Көксала жылғаларының қосылган жерінен басталады. Алатау, Кіші Ақсу таулары аралығында арнасы тік жарлы, тар шатқалмен ағып, Жабағылы ауылы түсында агысы баяулап, бірнеше салаларға тармақталады. Азаттық ауылы магында Арыс өзеніне құлды. Жер асты, қар суымен толығады. Егін, мал суаруга пайдаланылады.
Келес - Сырдария алабындағы өзен. Қазығұрт, Сарыағаш аудандары арқылы ағып өтеді. ¥зындығы 241 км, су жиналатын алабының ауданы 3310 км. Қаржантаудың батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алып, Шардара бөгеніне құяды. Жоғарғы ағысындағы арнасы тар жэне тік жарлы келген, төменгі ағысындағы арнасы кең. Ірі салалары Көкпарсай, Қаржансай, Ұялысай, Ащықарабаусай және тағы басқалар. Суы тұщы. Қар және жер асты суымен толығады. Қабыланбек ауылы тұсындағы көп жылдық орташа су ашмы 5, 9 м 3 /с шамасында. Өзен суы бау-бақша, егін суаруға пайдаланылады.
Көксарай - Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасынан Ақалтьш өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Түркістан қалалық экімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс - Түркістан каналына құяды. ¥зындығы 46км, су жиналатын алабы 228 км 2 . Үлгілі ауылы тұсында бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп өзгереді. Жоғары ағысында аңғары тар, тік жарлы. Негізінен қар, жер асты суымен толығады. Шөл далада орналасуына байланысты бүл өзеннің мал суаруда, жайылымдарды суландыруда маңызы зор.
Қантағы, Хантагы - Сырдария а лабындағы өзен. Кентау, Түркістан
қалалык әкімдіктері аумағы жерімен агады. Ұзындыгы 102 км, су жиналатын алабы 1210 км . Қаратау жотасынан оңтүстік-батысқа қарай ағып шығып, Хантағы кенті маңында Біресек өзенімен қосылып, Қазақстанның 30 жылдыгы ауылы түхында Арыс - Түркістан каналына кұяды. Жоғарғы агысында аңгары тар шатқалды. Қар, жер асты суымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады.
Қарашық - Сырдария алабындағы озен. Түркістан қаласы аумағымен агады. Ұзындығы 102 км, су жиналатын алабы 1210 км 2 . Қарт Қаратау жотасының ортаңғы бөлігіндегі Бессаз тауынан басталып, Текекөлге құяды. Аңгары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменгі бөлігінде жайпақтанып кеңейе түседі. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Хантағы кеніші тұсында 1, 72 м 3 /с. Суы егін, бау-бақша суаруга пайдаланылады.
Қү. ркелес - Сырдария алабындағы өзен, Сарыағаш ауданы жерімен агып өтеді. Жалпы үлындығы 98 км, су жиналатын алабы 3600 км 2 . Бастауын Сарыағаш қаласының батысындағы белесті қыраттағы бүлақтардан алып, Шардара бөгеніне құяды. Аңғары кең. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Тасқұдық өзенінің сағасы түсында жылдық орташа су шығыны 0, 44 м/с. Бау-бақша, мал суаруға пайдаланылады. Майдантал - Сырдария алабындағы биік тау өзені, Піскем өзенінің оң саласы. Сайрам ауданы жерімен Өгем, Майдантал жоталарының аралығымен агып өтеді. ¥зындығы 84 км, су жиналатын алабы 721 км 2 . Талас Алатауындағы мұздықтардан бастау алып, Өзбекстан жерінде Піскем өзеніне құяды. Өзен аңғарының беткейлері тік жар, жер асты суымен толығады. Қараша айында қатып, наурыз айында ериді.
Машат - Арыс алабындағы өзен, Түлкібас, Сайрам аудандарының аралығымен ағады. ¥зындығы 60 км, су жиналатын алабы 550 км 2 . Алатау, Машат тауларындағы бүлақтардан Иірсу өзені болып басталып, Машат тауының оңтүстік етегінде Машат өзеніне қосылады. Машат ауылы тұсында
Арыс өзеніне құяды. Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Қар, жер асты суымен толығады. Суын егін сугаруға пайдаланады.
Сайрамсу - Арыс алабындағы өзен. Төле би, Сайрам аудандары жерімен ағады. ¥зындығы 76 км, су жиналатын алабы 1060 км 2 . Өгем жотасындағы мұздықтардан басталады. Мэртөбе ауылы түхында өзеннен Қызылсу суару жүйесі, каналдар тартылған. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толыгады. Алабы жайылым. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады. Өзен бойында Қасқасу, Тасарық, Көксәйек ауылдары орналасқан.
Сарыжылға - Сарыағаш ауданындағы өзен. Сырдария алабындағы Қүркелестің оң саласы. ¥зындығы 103 км. Сарыжылға Қоржынтаудың солтүстік-батысындағы қырат бүлақтарынан басталып, Қүмқұдық елді мекені тұсында Құркелеске қүлды. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Қар, жер асты суымен қоректенеді. Көктемде ағынды болып, жазда иірімдерге бөлінеді. Жылдық орташа су шығын сағасында 0, 88 м 3 /с. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.
Сасықөзен - Сырдария алабындағы өзен. Бэйдібек ауданы жерімен ағып өтеді. ¥зындығы 77 км, су жиналатын алабы 706 км 2 . Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып, Бөген өзеніне құяды. Аңғары тар, арнасы тік жарлы, батыс жағы биік. Жер асты жэне қар суымен толығады. Жылдык орташа су шығыны сағасында 0, 51 м/с. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады.
Шағансай - Сырдария алабындағы өзен. Созақ ауданы аумағында. Ұзындығы 53 км, су жиналатын алабы 601 км 2 . шағансай Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бүлақтардан басталып, Мойынқұмның оңтүстігіне жетпей тарылып калады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, төменгі ағысында кеңейе түседі. Негізінен қар суымен толығады. Жазда суы азайып иірімдерге бөлініп кетеді.
Шаян - Арыс алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағып өтеді.
Ұзындығы 138 км, су жиналатын алабы 1500 км 2 . Қаратау жотасынан басталып, Арыс - Түркістан каналына жетпей тартылып қалады. Жалпы ұзындығы 220 км, 90 саласы бар. Ірі салалары: Майбүлақ, Ағыбет. Аңғары жоғарғы ағысында таулық сипатта, арнасы тік жарлы, орта, теменгі ағысында бұйратты жазық. Жайылмасының ені 300 - 500 м. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Жылдык орташа су шыгыны Майбүлақ қонысы тұсында 1, 12 м/с. Суын егіндік, мал суаруға пайдаланады. Қазата ауылы тұсында Қапшағай бөгені салынған.
Ыққансу - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан қалалық әкімдік аумагы жерімен ағып өтеді. ¥зындығы 65 км, су жиналатын алабы 550 км 2 . Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып, Аяқкөлге жетпей тартылып қалады. Көктемде суы көбейіп, Арыс - Түркістан каналына құяды. Аңғары жоғарғы бөлігінде таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағыны сағасы тұсында 1, 60 м 3 /с. Суы егінге, мал суғаруға пайдаланылады.
1. 4. Топырак жамылғысы және өсімдіктер мен жануарлар дуниесі.
Батыс Тянь-Шань таулык жер бедерлерінің осімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік ту-қымдастарының түрлері мынылар:
- әр түрлі шөптесін - ірі астық ту_қымдастардан тұратын жартылай саванна; ксерофильді сирек ормандар мен бұташіліктер (бадалдар) ; жапырақты, жемісті ормандар; су бойындағы бу-талар мен ормандар (тоғайлар) ; орташа ормандары мен сирек ормандар; таулық далалар; бұта-шіліктер-розаршілер, тобылғы жэне шие-шіліктер; тікенекті қатты шөптер мен бұталардан тү. ратын фриганоидтар; әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалгындықтар, т. б.
Таулық әр түрлі шөптесін - ірі астықтұқымдастардан тұратын жартылай
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz