Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру


+МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6-7
1 ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
1. 1 Жазықтар мен ойпаттар . . . 8
1. 2 Шығыс Еуропа жазығы . . . 8-9
1. 3 Батыс Сібір жазығы . . . 9-11
1. 4 Тұран ойпаты . . . 11-12
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Сарыарқа ұсақ шоқысы . . . 13-14
2. 2 Орал тауы . . . 14-15
2. 3 Алтай тауы . . . 15-17
2. 4 Жоңғар Алатауы . . . 18-20
2. 5 Сауыр-Тарбағатай тауы . . . 20-23
2. 6 Тянь-Шань таулар жүйесі . . . 23-27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
ҚОСЫМШАЛАР . . . 30-31
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі: Қазақстанның кең-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі, бір-бірін қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Қазақстан аумағы екі дүние бөлігін (Еуропа мен Азия) біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес қайталанбас көркем табиғатымен, кең массивті құмдарымен, жазира даласымен, қарлы биік тауларымен, құрғақ климатымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен, көне географиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетін байтақ елімізді мынадай ірі табиғат аймақтарына бөлуге болады. Сондықтан Қазақстанның таулы және тау бөктерлерінде болатын қауіпті құбылыстардың пайда болу орталықтарын анықтап, сол анықтау бойынша таулы аймақтарын үйлестіре отырып және осы негізде аймақтық жоспардағы қорғау сияқты табиғи процестер әрекетіне тап болған нақтылы объектілерді қорғауды іске асыру.
Зерттеудің негізгі мақсаты: Қазақстанның таулы және жазықтардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтап, олардың пайда болу, даму сатыларына тоқталу. Олардың жыныстық құрамын анықтап, пайдалы қазбаларды табу. Табиғатты тиімді пайдалану және оны қорғау шараларын ұйымдастыру.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- Қазақстанның таулы және жазықты бөліктерінде қорықтар мен қорықшалар ұйымдастыру ісін жетілдіру және қолға алу;
- тау жыныстарының түрлі генетикалық түрлерінің, қалыптастырудын геоморфологиялық, неотектоникалық қазіргі заманға экзогенді геологиялық және гидрометереологиялық шарттары мен факторларының және табиғи процестерінің даму қызметіне баға беру;
- Сондықтан Қазақстанның таулы және тау бөктерлерінде болатын қауіпті құбылыстардың пайда болу орталықтарын анықтап, сол анықтау бойынша таулы аймақтарын үйлестіре отырып және осы негізде аймақтық жоспардағы қорғау сияқты табиғи процестер әрекетіне тап болған нақтылы объектілерді қорғауды іске асыру;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстанның жазықты аймақтарындағы қауіпті табиғи процестерінің қалыптасуының заңдылықтарын табу бойынша кешендік жұмыс, көп зерттелмеген және осының негізінде табиғат құбылыстарының зардапты әсеріне тап болған нақты объектілерге де қатысты қорғау материалдарын жүзеге асыру бойынша негізделген ұсыныстар келтірілген, шөлейттену процесі мен шөлдену процестерін тоқтату және алдын алу;
Негізгі қорғалатын қағидалар: Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.
Физикалық - географиялық факторларды жүйелі түрде талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық - механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.
1 Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
- Жазықтар мен ойпаттар
Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекетінен кейін төртінші орын иеленеді. Жалпы жер аумағы 2724, 9 мың шаршы шақырым. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін мың алты жүз шақырымға созылып жатқан кең байтақ мемлекет.
Қазақстанның жер көлемінің үлкендігіне байланысты жер бедері де әр түрлі келеді. Мұнда биік, аласа таулар, қыраттар, жазықтар және ойпаттар бәрі де кездеседі. Қазақстанның жер көлемінің сексен алты пайызға жуығы жазықты жерлер, қалған он төрт пайызы таулы жерлер болып табылады.
1. 2 Шығыс Еуропа жазығы
Географиялық орны
Бұл аймаққа Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жағынан Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Шығыс Еуропа жазығы - аса ірі жазықтардың бірі. Бүкіл Еуропа бөлігінің шығысын алып жатқандықтан, мұны Шығыс Еуропа жазығы деп атайды. Бұл аймақ Мұғалжармен, Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Қазақстандық Шығыс Еуропа жазығына Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті және Каспий маңы ойпаты жатады.
Геологиялық құрылысы мен жер бедері
Қазақстан аумағына бұл үлкен жазықтың оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды үстірті атты географиялық аудандардан тұрады. Бәрінің тұғыры палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Олардың беті палеозой, мезозой, кайнозой шөгінділерімен жабылған. Судан босап, ақырындап көтеріліп, осы күнгі қалпына келген. Континентті даму тұсында әрбір ауданның өзіндік жер бедері, топырағы мен өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Орал алды үстірті жоғарғы бор дәуірінен кейін, ал Жалпы Сырт палеоген теңізінің тартылуынан кейін қалыптасқан. Каспий маңы ойпаты соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана босаған. Бұл жерлердің теңіз бетінен жоғарылығы 300 м шамасында, ауа алмасуы жағдайының ұқсастығы, солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі осы жерлерде континентті құрғақ климаттың орнығуына себеп болған.
Жалпы Сырт - Оңтүстік Орал мен Еділ өзенінің аралығында орналасқан кең жазық қырат. Қыраттың жер бедері Жайық өзеніне оң жақтан кеп құятын Деркөл, Шаған, Ертек, Ростошь және т. б. өзендердің арналарымен тілімделген. Қыраттың қазақстандық бөлігі, негізінен, бірімен-бірі жалғасып жатқан жалдардан тұрады. Ол солтүстіктен (100-150 м) оңтүстікке қарай (60-70 м) ылдилап, аласара береді.
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік-шығыс беті 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік-батысқа қарай аласарады (100-150 м) .
Каспий маңы ойпаты Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті Каспий теңізінің аралығына орналасқан. Ойпаттың солтүстік жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат - жекелеген жоталар мен өзен бойларында қақ, сорлар, құмды аудандары бар кең жазық дала. Ол палеогеннің аяғында басталған Каспий құм аралас сазды шөгінділерінен түзілген. Ойпаттың оңтүстік беті - теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұнда тұз күмбездері ұшырайды, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Ойпат арқылы Жайық өзені мен оған құятын шағың салалар (Деркөл, Көшім, Үлкенөзен және Кішіөзен, Шежін бірінші және екінші Шежін, Шідерті, Жымпиты, Қалдығайты және т. б. ) ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қарасуларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалқар, Балықты, Аралсор, Бесоба сияқты көлдер де бар.
Каспий маңы ойпаты бергі дәуірдің өзінде теңіз табаны болған. Өткен ғасырдың 70 жылдарының өзіңде Доссор мен Мақат мұнай кеніштері орналаскан Тентек соры су астыңда жатқан. Қайдақ, Комсомол шығанақтары судан 30 жылдары ғана босаған. Теңіз табаны судан біртіндеп босап, құрғап, ойпатқа айналған. Жер асты сулары тұщыланған. Ойпаттың қазіргі жер бедерінің пішіні, топырағы мен өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Алайда ойпаттың оңтүстігінде 60 мың км 2 жерді алып жатқан құмды аймақ (Қарақұм) бар. Жел бұл өлкенің жастығына қарамай, жер бетін құрғатып, өсімдігі сирек шөлге айналдырған. Ондағы кұм төбелерді бэр төбешіктері деп атайды.
- Батыс Сібір жазығы
Географиялық орны
Қазақстан жерінде бұл жазық Орал тауларынан Алтайға дейін (ені 200-250 км) жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы,
2. Тобыл-Обағанның жазық даласы,
3. Есіл-Ертіс даласы,
4. Ертіс-Құлынды жазығы.
Есілдің жазық орманды даласы Есіл өзенінің екі жағын жағалай Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. Бұл көлді жазық балшықты жыныстардан түзілген, бетін континенттік әсіресе өзен шөгінділері, палеогеннің жыныстары басқан. Жазықтықтың ең биік беті 130-140 м-ге жетеді. Онда көл көп, батпақты, тұзды қазаншұңқырлар да баршылық. Жер бетін шалғын, қара топырақты даланың өсімдіктері басқан. Ормандары, негізінен, қайың мен теректен тұрады.
Тобыл-Обағанның жазық даласы батысында Орал Сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Бұл да көлді жазық. Жер бетінің биіктігі оңтүстігінде 250 м. Солтүстікке қарай аласарады. Жазық саздардан түзілген. Оның бетін плиоцен мен неогеннің жыныстары жапқан. Аумағында Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл, Обаған өзендері ағып өтеді. Тұщы көлдер аз, ең үлкені - Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер көп. Жері қара топырақты, шалғынды.
Есіл-Ертіс даласы Есіл-Қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасында жатыр. 100-120 м биіктегі беткейлер неоген саз балшықтарынан түзілген, үстін төрттік дәуірдің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені - Шағалалытеңіз көлі. Оған Шағалалы өзені құяды. Тұзды көлдері де бар. Көкшетаудың солтүстік жағында жазық даланың бетінде ұзындығы 24 км, ені 0, 5-1 км-ге, биіктігі 15 м-ге жететін үлкен жал жатыр.
Ертіс-Құлынды жазығы Павлодар облысының күңгірт қызыл қоңыр топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзенінің жағалауы бірнеше террасадан тұрады. Бірінші (сортаң топырақты) және екінші терраса өзен деңгейінен 4-6 м-ден 15-18 м-ге дейін биік келеді, жайылмасы өзеннің екі жақ бетінде 20-25 км-ге дейін созылады. Үшінші террасаның биіктігі 28-32 м, негізінен, сол жақ жағалауға орналасқан. Ол қатпарлы, ұсақ шоқылы өлкемен жалғасады. Бұл беткей ұсақ қиыршық құмтасты болып қеледі. Ал Ертістің оң жақ беткейі төртінші террасаны (биіктігі 40-45 м) құрайды. Ол - құмайт топырақты аллювийлік жазық, желдің әрекетімен қалыптасқан. Онда қалың қарағай өседі. Ертістің сол жағасы мен аймақтың солтүстік-батыс бөлігінде көлдер мен көлтабандар бар. Олардың ең үлкендері - Жалаулы, Шүрексор келдері. Жағаның екінші, үшінші террасаларының қалыптасуы кезінде Ертіс осы көлге кұйып, шығысқа қарай қайта ағып шыққан. Қазір бұл көлге Шідерті мен Өлеңті өзендері, Сілетітеңіз көліне Сілеті өзені кұяды.
- Тұран ойпаты
Географиялық орны
Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін алып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес.
Жер бедері мен геологиялық құрылысы Тұран ойпатының негізін тұғыры (фундаменті) палеозойда қалыптасқан эпигерциндік тақта құрайды. Жер бедерін қалыптастыруда денудациялық-аккумуляциялық-аллювийлік процестердің рөлі зор.
Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь, триас құмтастары мен әктастарынан, тағы баска жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы -Қаратау (350-450 м), ұзындығы 130 км. Оның ең биік нүктесі-Бесшоқы (555 м) . Қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік Ақтау созылып жатады. Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі 300 м шамасында.
Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да
ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (тереңдігі 2-3 км) . Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан Қарақия ойысы. Маң-ғыстау түбегінде бірде-бір өзен, ағын су жоқ. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыраты жазығы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м, ауданы 170 мың км 2 . Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Қазақстанға үстірттің батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мен тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасын Сам, Асмантай-Матай құмдары басқан. Мұнда да өзендер жоқ.
Торғай үстірті Сарыарқа (қазақтың қатпарлы өлкесі) мен Мұғалжар аралығында орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м. Оның орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан кең ойыс бар. Оны Торғай қолаты (аңғары) деп атайды. Бұл кайнозойда Батыс Сібір теңізін Торғай теңізімен жалғастырып тұрған бұғаз болған. Ойыстың батыс және шығыс беттері - едәуір тілімделген жазық. Үстірт, негізінен, қалындығы 5000 м-ге жететін теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан тұрады. Қазіргі жер бедері саздақты және құмды жыныстардан құралған.
Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар теңіз көлі аралығында жатқан Арал маңы Қарақүмының биіктігі 100 м. Бұйратты төбелі жазық болып табылады. Басқа құмдарға қарағанда құм жасы жағынан салыстырмалы түрде ежелгі. Жел әрекетінен ішінара өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қаракұмына ұқсайды. Олар неоген құм шөгін-ділерінен қүралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювийлі жазығы деп атайды. Ол құмтасты, сазды, кей жерлерінде құмды шөгінділерден тұрады. .
Қызылқұм - Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі. Қазақстанға Қызылқұмның солтүстік бөлігі кіреді. Ол эолды, ішінара аллювийлік палеогеннің құмдарынан құралған. Жер беті құм төбелі, қырқалы боп келеді де, кең сайлармен кезектесіп отырады.
Мойынқұм - Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс жатыр. Биіктігі оңтүстікте 500-600 м, орталық бөлігінде 400 м, солтүстікте 300 м. Аллювийлі, эолды кұмдардан құралған. Ал Сарысу өзені мен Балқаш көлі аралығындағы үстіртті шөл Бетпақдала деп аталады. Орташа биіктігі 300-350 м. Жер бедеріне қарай оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс болып екіге бөлінеді. Оңтүстік-батыс бөлігінің беті - тілімделген тегіс жазықтық. Ол құмтас, саз және құм араласқан теңіз бен континенттің палеоген шөгінділерінен құралған. Солтүстік-шығыс бөлігі дөңесті, бұйратты келеді. Кей жерлерде мүжіліп аласарған тау қалдықтары (Жамбыл, Байқара және т. б. ) кездеседі. Бұл жер палеозой тақтатасынан, кұмтас пен магма жыныстарынан, сұрғылт және қызыл граниттен тұрады. Бетпакдаланың бұл бөлігінің Сарыарқаға ұқсастықтары бар.
Балқаш-Алакөл қазаншұңқыры Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Алакөл көлдері тобын, Жоңғар Алатауы мен солтүстік Тянь-Шань жоталарының аралығындағы құмды жазықты қамтиды. Қазаншұңқыр геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Мойынқұмға ұқсас. Бұл да неоген дәуірінің аллювийлі, эолды құмды шөгінділерінен құралған. Ол өзен аңғарлары бөліп жатқан бірнеше жалды құмды массивтерден тұрады.
2 Қазақстанның таулы аймақтары және олардың пайда болу ерекшеліктері
Қазақстан жеріндегі биік таулары республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан. Олар: Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь - Шань, Сауыр Тарбағатай таулары жатады.
Бұл биік таулар бір-бірінен физикалық-географиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі келеді. Қалыптасу кезеңі, геологиясы, табиғаты, топырағы тіпті өсімдік, жануарларында өзгешіліктер байқалады.
Тауларда негізінен пайдалы қазбалар кен орындары, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығының салалары, туризм саласында пайдаланады
2. 1 Сарыарқа ұсақ шоқысы
Географиялық орны
Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен, оңтүстікте Тұран ойпатымен шектеседі. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км, ені шығыс бөлігінде 400 км, батыс бөлігінде 900 км шамасында.
Жер бедері және геологиялық құрылысы
Сарыарқа өлкесі, негізінен, мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Араларында үлкенді-кішілі ойыстар, қазаншұңқырлар кездеседі. Олар геологиялық құрылысы мен жер бедерінің сипатына қарай іштей жіктеледі. Оның шығыс бөлігі батысына қарағанда биігірек. Палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстарынан (гранит, порфирит, кварцит) кұралған аласа таулы аймақ болып табылады. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесі басты рөл атқарған. Сондықтан аласа таулар мүжілген. Кей жерлерде тау қалдықтары дөңді жазыққа жалғасады.
Бұл бөліктегі ең биік тау - Қызыларай. Оның биік нүктесі - Ақсораң (1566 м) . Одан солтүстікке қарай Қарқаралы (1403 м), Кент (1460 м) таулары, одан әрірек Баянауыл (950 м), шығысында Шыңғыстау (1300 м) таулары жатыр. Бұл таулар жүйесі, негізінен, граниттерден тұрады. Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орман өседі, оңтүстік беткейлері жалаңаш, құзды келеді. Тау етектерінде үгінді қорым тастар кездеседі.
Сарыарқаның батыс бөлігінде тегіс және ойыс жерлер көп, қалдықтаулар мен шоқылар аз кездеседі. Онда ертедегі палеозой шөгінділері мен магма жыныстары тек биік жерлерде ғана көрініп жатады. Олар жазықтар мен ойыстарда палеоген дәуіріндегі көл және теңіз шөгінділерінің астында қалған. Бұл жақтың жер бедерінің қалыптасуына ұзаққа созылған үгілумен бірге бор және үштік дәуірдің шөгінділері әсер еткен. Мұндағы ірі ойыс - Теңіз-Қорғалжын қазаншұңқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатады. Оның солтүстік-батысында Көкшетау, оңтүстік-батысында Ұлытау тау жүйелері орналасқан. Көкшетау таулары онша биік емес (900 м шамасында) . Олар палеозойдың әктастарынан, кварциттері мен порфириттерінен құралған. Олар ағын сулармен тілімделген. Таулар арасында табиғаты сұлу көлдер бар. Олардың жағалауы мен тау беткейлерінде қарағайлы орман өседі. Ұлытау (биіктігі 1134 м) - негізі граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы. Тау беткейлері кристалды тақта-тастан, құмтастан, аралас жыныстардан (конгломерат) тұрады. Олар мықтап тілімделген. Шоқ-шоқ қайынды тоғайлар кездеседі. Айналасы теменгі кайнозойда әр түрлі саздан кұралған дөңесті жазық болып келеді.
2. 2 Орал тауы
Географиялық орны
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (567 м), Айрық (633 м) . Тау Оралдың жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Берсүгір ойысы бөліп жатыр.
Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфозданған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz