Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

2. Өсімдіктерге құрғақшылықтың әсері

3. Құрғақшылыққа төзімділікті анықтау жолдары

4. Құрғақшылықпен күресу жолдары

Қорытынды бөлім.

Пайдаланған әдебиттер тізімі.

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы құрғақшылықтан зиян шегеді. Сондықтан құрғақшылықты зерттеу ең басты проблемалардың бірі. Құрғақшылықтың екі түрі бар. Біріншісі- ауа құрғақшылығы, ал екіншісі - топырақ құрғақшылығы. Ауа құрғақшылығы ауада аптап ыстық желдің соғуы салдарынан пайда болады. Оның әсерінен ауа торланған сияқты көрінеді. Өйткені, жел топырақтың кішкентай бөлшектерін ауаға ұшырып алып кетеді. Ауада олар қатты қызады да өсімдік өсімдік жапырақтарына түседі, оларды күйдіріп жібереді.

Құрғақшылық жаз айларының әр мезгілінде болады. Қуаңшылық болған айларда өсімдік суды қарқынды буландырады. Сондықтан топырақтағы судың қоры өсімдіктерді қамтамасыз етуге жетіспейді.

Құрғақшылық көбінесе Еуропаның орталық, оңтүстік және басқа аудандарында, қазақстанда, Ота Азияда, Басыс Сібірде кездеседі. Бұның себебі неде? Күн сәулесі ауанч бір келкі қыздырмайды. Сондықтан ауа үнемі қозғалыста болады, жылы ауа мен салқын ауаның соқтығысқан жерінде оте қатты дауыл пайда болады.

Құрғақшылық өсімдікке әртүрлі және күрделі әсер етеді. Құрғақшылық әсерінен өсімдіктердің температурасы күрт көтеріліп, тканьдерінде су мөлшері азаяды. Бұндай құбылысты Қазақстанның шөл далаларында өсетін өсімдіктерден байқауға болады.

Өсімдіктер құрғақшылық әсерінене тіршілігін жояды.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер . Құрғақшылық көбінесе Еуропаның орталық, оңтүстік және басқа аудандарында, қазақстанда, Ота Азияда, Басыс Сібірде кездеседі. Бұның себебі неде? Күн сәулесі ауанч бір келкі қыздырмайды. Сондықтан ауа үнемі қозғалыста болады, жылы ауа мен салқын ауаның соқтығысқан жерінде оте қатты дауыл пайда болады. Бұндай желді циклон деп атайды. Ал оған қарсы толқындарды антициклон деп атайды.

Совет одағының еуропа бөлігіндегі аудандарда болатын құрғақшылық антициклондарға байланысты. Антициклон алып келген құрғақшылық көп уақытқа созылмайды. Өте қауіпті құрғақшылықты терістік теңіздерден келген антициклон жасайды.

Құрғақшылық жөнінен К. А. Темирязев еңбектері. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзтөзімді төзімсіздігі олардағы судың көлеміне байланысты. Егер өсімдік организімінде бос су мол болса, ондай өсімдік құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Өсімдік өзінің тіршілік ету дәуірінде суды өте көп буландырады. К. А. Тимирязев өсімдіктің су буландыру зиянды құбылыс болғанымен физиологиялық қажеттілігін баса көрсетті. Өсімдік организімі суды буландырмауға өте бейім келеді. Мысалы, жапырақтың бетінде қалың кутикула қабатының болуы, жапырақтар түсінің ақшыл болуы суды аз буландыруға және күн сәулесінің өсімдікке көп әсер етпеуіне мүмкіндік жасайды. Өсімдік жапырақтарында мыңдаған миллиондаған түктер болады. Кейбір өсімдіктің жапырақтары тікенекке айналып кеткен. Ал кейбір өсімдік жазда, топырақта су қоры азайғанда жапырақтарын тастайды.

К. А Тимирязев өсімдіктердің құрғақшылыққа бейімделуі миллиондаған жылдар бойы эвалюциялық даму барысында табиғи жолмен жүзеге асқанын олардың автоматты түрде құрғақшылықтан қорғана алатынын, әсіресе күрделі гүлді өсімдіктерде бұл құбылыстың жақсы қалыптасқанын тәжрибе жасау жасу арқылы дәлелдеп береді.

Өсімдіктердің құрғақшылыққа әсері. Құрғақшылық өсімдікке әртүрлі және күрделі әсер етеді. Құрғақшылық әсерінен өсімдіктердің температурасы күрт көтеріліп, тканьдерінде су мөлшері азаяды. Бұндай құбылысты Қазақстанның шөл далаларында өсетін өсімдіктерден байқауға болады. Өсімдіктердің құрғақшылықтан кенет апатқа ұшырауы «ыстық ұру» деп атайды.

Өсімдіктер құрғақшылық әсерінен тіршілігін жояды. В. Ф. Альтергот бұл құбылыстың мәнін қарастырып, жоғары температурада өсімдіктегі белоктар ыдырап, аммиактың өте көп бөлініп шығатынын анықтады. Аммиак өте улы зат, өсімдіктер соның салдарынан уланып, тіршілік ете алмайтын болады. Жүогізген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, құрғақшылыық салдарынан өсімдік организіміндегі бүкіл зат алмасу процесі бұзылып, әсіресе цитоплазманың құрылымы өзгеріске ұшырайтыны байқалады.

Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі. Өсімдіктердің вегатативтік және генератативтік мүшелері өте жоғары температураға төзе алмайды. Ал тұқым 100 градус0а дейградусқа дейінгі температурада тіршілігін жоймайды. Бұл тұқым құрамындағы суға байланысты. Өсімдіктерде цитоплазма гель түрінде кездессе, тұтқырболса, жапырақтарында су тапшылығы жоғары болса, олар ыстыққа төзімді болады. Өсімдіктің ыстыққа төзімділігі белоктардың құрамына да байланысты: белоктары гидрофильді өсімдік ыстыққа жақсы төзеді.

Құрғақшылыққа төзімділікті анықтау жолдары. Селекция жұмысында өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін, анықтап біліудің маңызы өте зор. Бұрын өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін жай көзбен қарап анықтайтын. Мысалы, тары бидайдан гөрі қуаңшылыққа төзімді екені мәлім болды. Бұл шаруалардың ертеден жинақталған тәжрибелердің нәтижесі еді.

Құрғақшылыққа төзімділікті анықтаудың бірнеше жолдары бар. Әсіресе, құрғақшылыққа төзімділікті төте және жанама тәсілдермен анықтайды. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін білу үшін олардың бір ғана қасиетін білу керек деп жорамалдағандарда болды. Мұндай бағалау дұрыс еместігін ғалымдар ертеден ақ білді.

Құрғақшылыққа төзімділік - өте күрделі құбылыс. Ол әртүрлі өсімдікте әр түрлі болады. Бұл құбылыс дақылдардың вегетациялық кезеңдеріне қарай үнемі өзгеріп отырады. Өсімдікте сору күші мол болатын болса, ондай өсімдік құрғақшылыққа төзімді келеді. Бұл әдіс өсідіктің құрғақшылыққа төзімділігін толық анықтай алмайды. Өйткені сору күші үнемі бір қалыпта болмайды. Кейінен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді анықтау В. В Колкуновтың тәсілімен жүргізілуі тиіс екені дәлелденді. Тәжрибелер тікелей табиғатта жүргізілді.

В. В Колкунов өсімдік клеткалары неғұрлым кішкене болса, соғұрлым құрғақшылыққа төзімді келеді екен. Сонымен қатар, жапырақтағы устьицелер санының аз болуы басты көрсеткіштердің бірі.

И. И. Туманов құрғақшылыққа төзімділікті лабораторияда анықтау тәсілін тапты. Ол өсімдіктерді вегетациялық ыдыстарда өсіріп, керегіне қарай су құйып отырды. Кейде өсімдіктер әдейі суарылмай қалдырылды, ондайда бірнеше күн өткеннен кейін ғана су құйылды. Міне осындай жағдайларда алынған өнім өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін көрсетеді.

Тәжрибе нәтижесінде өсімдіктен жоғары өнім алынатын болса, ондай өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді деп есептелінеді. Бұл әдісті өте дәл деп айтуға болмайды. Өйткені ол тамыр жүйелерінің қандай тереңдікке орналасқанын көрсете алмайды, ыдыстың сиымдылығы тамырдың көлемдірек өсуіне мүмкіндік бермейді.

Сонымен құрғақшылыққа төзімділікті ең негізгі жолдары мыналар:

1) Далалық әдіс

2) солу коэфицентін анықтау әдісі

3) Кептіру жолы

4) құрғақшылықты жасанды тудыратын камера әдісі

Қазіргі кезде, құрғақшылыққа төзімділікті төте лабораториялық әдістерді пайдалана отырып анықтады. Дақылдардың тіканьдері сусыздыққа шыдамды ма, жоқ шыдамсыз ба, лабораторияда зерттейді. Сол сияқты оның ыстыққа тзімділігін де байқайды. Өсімдіктердің төзімділігін білу үшін барлық вегетациялық кезеңдерде зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Құрғақшылықпен күресу жолдары. Құрғақшылықпен күресудің негізгі жолдарының бірі- агротехникалы шаралар. Олардың пішініндегі ең бастысы-топырақта ылғалды сақтау. Топырақтың құрлымы жақсы болса онда ылғал қоры жақсы сақталады. Топырақ қара шірікті болса, су қоры мол сақталады. Құрлымы жақсы топырақта ауа алмасу поцесі қарқынды өтеді де өсімдіктер сумен минералды элементтермен жеткілікті қамтамасыз етіледі. Ал құрлымы нашар топырақта ауа режимі ойдағыдай болмайды да су мен минералды элементтер өсімдікке жетіспейді.

Егіннің арам шөптерін құрту құрғақшылықпен күресудің ең басты тәсілі. Егінді дер кезінде егу, сүдігер жырту осылардың бәрі құрғақшылықпен күресу жолдары. Қар тоқтатауда құрғақшылықпен күресудің бір шарасы.

Минералды тыңайтқыштарды пайдаланғанда өсімдіктердің өнімділігі артады. Биологиялық өнім жоғарлайды. Өсімдік организімінде бос су болмайды, ол органикалық заттармен қосылады да, транспирацияны төмендетеді. Транспирацияны арттырады. Өсімдік құрғақшылыққа төзімділігін арттыруда микроэлементтер өте үлкен роль атқарады. Олардың ішінде аса маңыздысы- бор. Бор цитоплазмақұрамына үлкен әсер ететіні кейінгі кезде дәлелденді. Бор клеткадағы су алмасу процестерін тездетіп, өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттырады. Құрғақшылыққа төзімділікті фосфорда арттырады. Өйткені ол қанттардың фосфорлануын өсіреді. Белоктардың синтезі арта түседі де, протоплазмада байланысқан будың мөлшері көбейеді. Азот элементі протоплазманы гидрофилдігін өсіріп, синтездеуіне жол ашады. Дақылдарды минералды элементтермен қоректендіру, олардың құрғақшылыққа төзімді сорттарын шығару құрғақшылықпен күресу шараларына жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арпа дақылының қуаңшылыққа төзімділігі
Организм мен клетканың тіршілігіндегі судың маңызы
Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына төзімділігі
Ксерофиттер - құрғақ мекендейтін өсімдіктер
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер физиологиясы
Бидайдың стреске төзімді дигаплоидты линияларын физиологиялық және биохимиялық параметрлері бойынша зерттеу
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі
Құрғақшылыққа төзімді өсімдікті алу
Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар
Қылқан жапырақты трансплантациялау ерекшеліктері. Құрылыс салуға бөлінген қала аумағынан ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz