Қаржы менеджментінің мәні



КІРІСПЕ

ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МӘНІ

1. Қаржы менеджменті ұғымы, оның мақсаты мен міндеттері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Менеджменттің банк ісі сияқты ерекше саласында қалыптасу мәселесі қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің қатарынан орын алады. Банк көрсететін қаржы қызметтері көптеген жағдайда нарық пен тұтынушылардың ықпалына ұшырайды, осыған байланысты менеджерлер үшін менеджмент саласының маңыздылығы арта түседі. Менеджмент жалпы басқару, қаржы және технологиямен қатар банк саласында табыстың маңызды стратегиялық факторларының біріне айналады.
Менеджменттің банк қызметтері саласындағы ғылыми-теориялық аспектілерін зерттеу, Қазақстандағы банк жүйесінің қазіргі қалпын бағалау және оның дамуының тенденцияларын айқындау, банк саласындағы менеджментті қолдану үрдісін жетілдірудің оңтайлы әдістерін жасау қажеттілігі – міне, осы аталған факторлар зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарынан орын алады. Соңғы жылдары қосымша капитал салымына бой алдырмай, шығынды едәуір төмендету барысындағы жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге мол мүмкіндік беріп келе жатқандықтан оған ерекше назар аударылып, үлкен мән беріліп отыр.
Табысқа қол жеткізуге ұмтылу үрдісі – менеджменттің бір мақсаты. Қазіргі менеджментте әлеуметтік этиканың маңыздылығы арта түсері сөзсіз, себебі бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудағы менеджмент қызметінің ең негізгі өзегін құрайды. Байлықты көздеу, сондай-ақ табысты арттыру емес, қоғамға қандай да болса қажетті өндіріс тауарлары мен қызмет түрлері аясын кеңейту мәселесі – кәсіпорынның әлеуметтік этикасын анықтайды. Соңғы жылдары оның мақсаттарының қатарына адамзат баласы өз әлеуетін толық деңгейде асыруы және барлық күшін салып жұмыс істеуі мүмкін емес ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу жатады.
1 31 тамыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет және банктер туралы» Заңының күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
2. Қазақстан Республикасының 30 наурыз 1995 жылғы № 2115 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 3 маусым 2004 жылғы № 213 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалды нормативтері туралы Ереже.
4. Абалонин С. Жизненный цикл банковских услуг// «Маркетинг» журналы, 1998ж., №3 – 25-27 б.
5. Арман Дайан «Академия рынка: Менеджмент»: Фр.тіл. ауд.- М.: Экономика, 1993, - 574 б.
6. Алешина И.А. “Рublic relations” для менеджеров и маркетологов. М., 1997ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МӘНІ

1. Қаржы менеджменті ұғымы, оның мақсаты мен міндеттері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Менеджменттің банк ісі сияқты ерекше саласында қалыптасу мәселесі
қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің қатарынан орын алады. Банк
көрсететін қаржы қызметтері көптеген жағдайда нарық пен тұтынушылардың
ықпалына ұшырайды, осыған байланысты менеджерлер үшін менеджмент саласының
маңыздылығы арта түседі. Менеджмент жалпы басқару, қаржы және технологиямен
қатар банк саласында табыстың маңызды стратегиялық факторларының біріне
айналады.
Менеджменттің банк қызметтері саласындағы ғылыми-теориялық
аспектілерін зерттеу, Қазақстандағы банк жүйесінің қазіргі қалпын бағалау
және оның дамуының тенденцияларын айқындау, банк саласындағы менеджментті
қолдану үрдісін жетілдірудің оңтайлы әдістерін жасау қажеттілігі – міне,
осы аталған факторлар зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
факторларының қатарынан орын алады. Соңғы жылдары қосымша капитал салымына
бой алдырмай, шығынды едәуір төмендету барысындағы жоғарғы нәтижеге қол
жеткізуге мол мүмкіндік беріп келе жатқандықтан оған ерекше назар
аударылып, үлкен мән беріліп отыр.
Табысқа қол жеткізуге ұмтылу үрдісі – менеджменттің бір мақсаты.
Қазіргі менеджментте әлеуметтік этиканың маңыздылығы арта түсері сөзсіз,
себебі бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудағы менеджмент
қызметінің ең негізгі өзегін құрайды. Байлықты көздеу, сондай-ақ табысты
арттыру емес, қоғамға қандай да болса қажетті өндіріс тауарлары мен қызмет
түрлері аясын кеңейту мәселесі – кәсіпорынның әлеуметтік этикасын
анықтайды. Соңғы жылдары оның мақсаттарының қатарына адамзат баласы өз
әлеуетін толық деңгейде асыруы және барлық күшін салып жұмыс істеуі мүмкін
емес ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу жатады.
Қазақстанда қаржы қызметі саласы аса қарқынды деңгейде дамып келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы банк жүйесінің даму деңгейі банк ісін
ұйымдастырудың халықаралық стандартына жақын. Мұны батыстық және ресейлік
мамандар да бүгінгі таңда мойындап отыр. Қаржы менеджменті дегеніміз – бұл
оның қызметінің нақты қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайына байланысты
идеологиясы мен тактикасы, сыртқы және ішкі саясаты. Банк саласындағы
менеджмент қаржы-несиелік мекеме қызметі төжірибесінің негізінде қалыптасып
отыр және ол менеджменттің жалпы теориясындағы барлық жетістіктерге қол
жеткізді. Менеджменттің тағы бір мақсаты – тұтынушылардың барлық талаптарын
айқындау және олардың мәселелерін шешудің жолдары мен мүмкіндіктерін
анықтау.

ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. Қаржы менеджменті ұғымы, оның мақсаты мен міндеттері

Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың аса ұтымды жүйесі туралы
ғылым. Менеджменттің мазмұны әр түрлі мағынада болады. Менеджментті тар
мағынада адамдар ұжымын ұйымдастыру және басқарумен байланыстырады; кең
мағынада — банк және оның қызметкерлер құрамының қызметін ұйымдастыру және
басқарумен байланыстырады.
Менеджмент негізін адамзат факторы, яғни өз ісін басқарудағы білімі
бар, меншіктік еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, өз-өзін
және өзінің шығармашылық қызметін дамытуға мүдделі субъектілер құрайды.
Қаржы менеджментінің орталық фигурасы – өзі айналысатын кез келген істің
даму келешегін болжауға, сондай-ақ шынайы іс-әрекеттерді тез арада
бағалауға, алға қойылған мақсатқа қол жеткізудің оңтайлы шешімін табуға
қабілетті басқарушы болып саналады. Мұндай жағдайда менеджердің өз бойында
жекелеген кәсіптік және жеке қабілеттері болуы тиіс: жоғары біліктілік,
ойлау икемділігі, тәуекелге бара білу, табандылық, жасалынған жоспарды іске
асыруға қатысты біліктілік, ұжымда көшбасшы бола білу.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
факторы болып саналады. Соңғы жылдары оған ерекше назар аударылып келеді,
себебі менеджмент қосымща капитал салуға қарамай, шығындарды тиісті
жағдайда төмендету барысында ақырғы биік нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік жасайды.
Кіріс пен табысқа қол жеткізуді нысандау — менеджмент ұғымының бір
ғана мақсаты емес. Қазіргі менеджментте әлеуеттік этика ұғымына қатысты
көзқарастың рөлі күннен күнге артып келеді, мұны менеджмент қызметінің
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру барысынан байқау еш қиындық
туғызбайды. Байлыққа, пайданың артуына емес, қоғамға аса қажет тауарлар мен
қызмет түрлері өндірісінің аясын кеңейтуге ұмтылу — кәсіпкерліктің
әлеуметтік этикасын анықтайтын басты фактор. Соңғы жылдары оның алға қойған
мақсаттарының қатарынан адам онсыз өз әлеуетін толық деңгейде іске асыра
алмайтын және бар күшін салып жұмыс істей алмайтын адамдар тобы, яғни
белгілі бір ұжымның әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешу мақсаты да елеулі
орын алып жүр.
Ғылым ретіндегі менеджмент қызметтің барлық салаларына тән жалпы
принциптер арқылы сипатталады:
- субъект қызметін нақты жетістіктерге қол жеткізудегі
басқаруға бағыттау;
- мақсат, нәтиже және оның жетістіктерінің құралдарының
бірлігі;
- жобалау, талдау, реттеу және бақылаудан тұратын басқару
үрдісінің кешенділігі;
- оның үздіксіздігін қамтамасыз ететін келешек және ағымдық
жобалаудың бірлігі;
- оларды жүзеге асырудың маңызды факторы ретіндегі басқару
шешімдерін бақылау;
- бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылық
белсенділігін, табыстары мен жетістіктерін материалдық және
моральдық жағынан ынталандыру;
- ұжымның әрбір мүшесіне оның әлеуетін басым деңгейде қолдануға
мүмкіндік беретін жеке бағыт;
- әрбір жұмысшының өз біліктілігін арттырудағы, үздіксіз оқу
және жаңа білім мен қызмет салаларын меңгерудегі мүддесі;
- ұжымдағы дені сау психологиялық климатқа бейімделу;
- функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешуге мүмкіндік
беретін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының икемділігі.
Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерінен алған білімі екі жағынан
маңызды. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенттері болып табылатын немесе
болғылары келетін кәспорын, мекеме, кооператив салаларының өзіндік
деңгейлеріне баға бере білуі тиіс. Шет елдік экономикалық әдебиеттерде
менеджмент сапасы кәсіпорын мекемелерінің қаржы тұрақтылығының, олардың
жоғары несие беру қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады делінген.
Германия мемлекетінде шамамен 40%-ға жуық фирмалар мен кәсіпорындар
менеджмент сапасының аса төмен болуына байланысты дағдарысқа ұшырау
үстінде. Осыған байланысты менеджмент деңгейінің бағасы клиенттің кредитке
бейімділігін талдаудың және онымен несиелік қарым-қатынас орнатудағы
тәуекел деңгейін анықтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Германияның бірқатар банктеріндегі практикалық қызметінде кез келген фирма
қызметіне сәйкес менеджменттің мынадай рейтинг бағасы қолданылады: 1 балл —
барлық салаларда жоғары біліктілік және жеке біліктілік; 3 — жақсы
біліктілік, әсіресе жекелеген салаларда; 5 — орташа біліктілік; 7 —
жекелеген салалардағы айқын әлсіздік; 10 балл — жеткіліксіз деңгей 5,43.
Баллдың неғұрлым өсе беруі тәуекел деңгейінің артуын білдіреді, ең
үлкен балл (10) қойылғанда фирмамен кредиттік қарым-қатынасты белгілеу
өзекті мәселеге айналады. Ақша нарығы конъюктурасындағы үздіксіз өзгерістер
жағдайында қызмет атқаратын банк үшін өзінің алға қойған мақсатын аса
жемісті шешуге молынан ықпал ететін меншіктік (дербес) менеджментінің
маңыздылығы айрықша.
Қаржы менеджменті жалпы тұрғысынан стратегиялық және тактикалық
жоспарлау, талдау, реттеу, банк қызметін талдау, қаржыны, маркетинг, банк
операцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер құрамын қызметін басқарумен
байланысты қарым-қатынастарды басқаруды білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда,
бұл — ақша ресурстарын қалыптастыру және қолдануға қатысты, яғни банк
аясында қызмет атқаратын қызметкерлер құрамын басқару. Банк менеджментін
қаржы менеджментіне және коммерциялық банктегі қызметкерлер құрамын
басқаруға бөлу міндеті банк менеджментінің басқарушы ықпалы бағытталған
нысанының құрылымына негізделген. Осыған байланысты оны банкішілік реттеу
жөніндегі қызмет деп қарастырудың негізі бар, ол, ең алдымен, мемлекеттік
бақылау органдарымен белгіленген талаптар мен нормативтік актілерді
сақтауға бағытталған (1.1 кесте).
Банк — бұл дербес және меншіктік капитал түрлерін басқаруды жүзеге
асыратын ұйым.
Аталған капитал өздігінен өсетін баға ұстанымы немесе оны өсіру
ұстанымы арқылы қарастырылады. Мұның қатарында басқа да ұғымдар кездеседі,
мәселен, адамзат капиталы, бұл ұғым әлеуметтік-экономикалық үрдіс
барысындағы жалпы қызметтің белгілі бір жетістіктерін айқындайтын адамдар
арасында орнайтын байланыс тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Адамзат капиталын
басқару дегеніміз — бұл соңғы нәтижеге немесе ұжымның өзіндік мақсаттарына
қол жеткізу барысындағы адамның өз рөлін түсіне білуіне негізделген
несиелік мекемені басқару үрдісіндегі адаммен байланыс орнату. Банк үшін
бұл өзінің қоғамдағы өміршеңдігінің келешегі немесе философиясына сүйену
арқылы жасаған табыс, өтімділік, тұрақтылық, имидж және тағы басқа
параметрлер болуы мүмкін. Қаржы менеджменті коммерциялық банктегі тиімді
менеджментке қажетті жағдай ретіндегі банктік қызметкерлер құрамының өз
тәжірибесі мен білімін ұтымды қолдану және ақша құралдарын тиімді басқару
жөніндегі үрдістердің құрылымын қамтиды. Осыған байланысты адамзаттық
капиталды басқару меншіктік және қарыз (заемный) капиталын басқару
үрдісімен тығыз әрі үздіксіз байланыста болады, сондай-ақ ол банк пен оның
клиенттерінің тиімді қолданысын қамтамасыз етеді. Қаржы менеджментінің
негізгі міндеттері жүйелі түрде 1.2 кестеде берілді (1.2 кесте).
Қаржы менеджменті дегеніміз — бұл практикалық қызмет, ол коммерциялық
банктің өз міндеттерін жүзеге асыру үрдістерін басқару әрекетімен тікелей
байланысты. Осы тұрғыдан тоқталатын болсақ, қаржы менеджменті басқару
нысанына басқарушылық әсердің жасалу жүйесі ретінде көрініс табады: актив
және пассив операциялар, кассалық-есеп айырысу операциялары, нормативтік
қаржы-экономикалық көрсеткіштерін атқару, банкішілік аудит және бақылау,
т.б.
Талапқа сәйкес, банктің негізгі бағыты — бұл кредиторлардың берешектер
және сатушылардың тұтынушыларға ақша құралдарын ауыстыру үрдісіндегі
делдалдық. Банк өзінің табиғатына қарай – қаржы делдалы, ол қызмет барысына
тартылған ақша құралдарының меншік иесі болмай, экономикадағы ақша ағымына
қызмет көрсетуді талап етеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің маңызы
Қаржы менеджменті
Капиталды басқару
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Қаржы менеджмент
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Пәндер