Аққозы қажы және ұрпақтары


Аққозы қажы және ұрпақтары
1. Үш рет барған Меккеге . . . Иә, қазақта қасиетті Меккеге үш дүркін барған адамдар саусақпен санаулы. Егер рекордтарды жазатын Гиннес кітабына адамның сан алуан өнері, жеңісі мен жетістіктері тіркелетін болса, XlX ғасырда ат пен түйеге ғана аяқ артып Меккеге үш барған адамның ерлігі мен қайтпас жігері тарих көшінде ескерусіз қала берген. Меккеге үш рет барған әйгілі адамымыз Қостанай өңіріндегі Сибан керей руынан шыққан Өтемісұлы Аққозы қажы.
Аққозының ата тегіне байланысты сөз қозғар болсақ «Керей» шежіресінде мынадай жолдарды оқыр едік: «Сибан керейдің негізгісі Есеней ағасұлтандық еткенде бір жерге жиналды, қазір Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарының түйіскен жерінде, Сарыкөл, Ұзынкөл, Жамбыл аудандарының тарапында десек те, өзге облыстардың да көп жеріне тарап кеткен. Көкшетау (шығыс жағында), Ақмола (Сілеті, Ақкөл), Семей облыстары, тіпті сонау Монғолдағы Баянөлгейге дейін тарағанын Сәбит Мұқанов айтып кеткен екен.
Сибан балаларының бірі Күнгенеден Әлібек, одан Базарқұл, одан Алдаберді, одан Қойсары. Қойсарыдан Жаңбыршы, Жәдік. Жаңбыршыдан Байжігіт батыр мен Байсейіт . . . Байжігіттен:Мама батыр, Сама, Ажы, Елібай. Бұл төрт туысқан төрт түрлі десе де болады. Мама- қазақтың бетке ұстар көрнекті батырларының бірі. Сама- малды, бай болған. Ажы- жорықтарда үлкен ағасының соңынан еріп ерлік көрсеткен, сол батырлығымен туған жерін басқыншы жаудан азат ету соғысында қаза тапқан. Ал Елібай құдайға сиынған сопы екен. Одан тараған ұрпақ ішінен бүкіл бір төңірекке әулиелігімен аты шыққан Аққозы қажыны ауызға алуға болады. Жазушы Ғабит Мүсіреповтың айтуына қарағанда Аққозы атамыз жаңа туғанда екі шекесінде жас қозының мүйізінің орнындай томпақ нысанасы бар екен, соған қарап нәрестенің атын Аққозы қойыпты» («Сарыарқа» №3, 1996, 23-бет, «Керей» шежіре. Н. Нарынбайұлы) . Әңгімені әріден, яғни, тарих қойнауларынан бастар болсақ, әулие Мәжһүр Жүсіп Көбейұлының жазған қазақ шежіресіне жүгінеміз. Мәжһүр Жүсіп: «Қазақ қазақ болғанда бұл қазақта қажыға ілкі бастап барған уақ Нүркен бай. Тоқал қатынымен барып, төрт жыл жолаушылықпен жүріп, бесінші жылда қайтып, аман-есен елжұртына келген.
Сол Нүркеннен соң екінші хажыға барушы күлік Самай сопы мен Баянаула дуан болып ашылған кезде ноғай Байжан хазірет екеуі болған, екуі де сол жақта өлген. Солардың кеткен кезі 1858 жыл болса керек . . .
Бұл қазақтан үшінші хажыға барушылар тобықты Құнанбай, айдабол Қишыл Қыстаубай»-дей келіп, көптеген ишан, молда, хажылардың есімдерін атайды.
Әрі қарай шежіре: «Орта жүзден жиырма кісі, кіші жүзден табандаған жүз кісі болыпты. Ішінде Нұрпейіс хазірет, Досжан халфе бар. Қазақ мұнан бұрын бүйтіп бас қосып хажыға бармаған екен»- деп сыр шертеді.
Қазақтан хажылыққа үшінші барғандардың ішінде Аққозы Өтемісұлы болғанын әрі оның беделді адам екенін мына деректер дәлелдей түседі: «Аға сұлтан Құнанбай жасы ұлғайған шағында аға сұстан Есенейге хабар берген. Сіздің елде Бұхардан, Самарқанттан оқып келген Аққозы деген ғұлама бар. Сол қажылыққа Меккеге менімен бірге барсын дейді. Содан Есеней біздің атамыз Аққозыға хабар салып алғызған екен. Атамыз қажылыққа баруға уағда берген» («Сарыарқа» №3, 1996, 23-) .
Ал Сәбит Мұқанов таңдамалы шығармаларының XV томындағы Қазақ шежіресі бөліміндегі хажылық жөнінде жеке тоқталған 61-ші бетте : «Құнанбай Омбыға барып жол жайын біледі-ау деген Шоқан Уалихановпен ақылдасады. Шоқан оған:
Тура жолы Одесса қаласына поездбен барып, одан әрі Қара және Орта теңіздері арқылы кемемен кету- дейді. Бірақ бұл жолмен қазір жүре алмайсыздар, өйткені жақын арада Ресей мен Түркия соғысқалы жатыр.
- Енді қалай жүреміз?
- Тек Каспий және Қара теңіздерінің күнгей жағасы арқылы атпен кетуге болады, ол ауыр да ұзақ жол.
Құнанбай да, Аққозы мен Бименді де бұл қиындыққа көнеді. Олар қарулы жас жігіттерден жиырма бес нөкер алып, бір түйеге құрт, ірімшік, сүт, жент сияқты бұзылмайтын азықтарын артып, жолға шығады.
- Сол сапардан, - дейді білетіндер, - Меккеге кеткендер еліне бір жыл үш айда оралыпты-мыс. »
Қажылыққа дайындалған Құнанбай Шоқаннан жол жайынан көп бұрын сұраған болуы керек. Өйткені, Шоқан 1865 жылы дүние салса, ал Құнанбай бастаған хажылыққа сапар 1874 жылы болған. Мәшһүр Жүсіп те осы жылды нақтылап жазған. Сол сапарында олар Меккеде «тақия», яғни, үй салдырған.
Меккеден уақып үй салып,
Пәтер қып жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолына
Малды аямай бұлапты, - деп Абайдың жырлағаны осы оқиғадан хабар береді.
Ал біз әңгімелеп отырған Аққозы қажы кейін екінші рет Меккеге тағы барып келген. Құдай жолында құлшылық етіп, жан-дүниесіне имандылық ұялаған ол үшін жолы тағы да сапарға шығып, Меккеге жеткен екен. Елге қайтар кезде Аққозы қажы түс көріп, бірге барған адамдарға: «Екі күн кідіре тұрыңдар, мен осында қаламын», - деп тілек білдіреді. Айтқандай-ақ, бір намаз үстінде дүние салған екен. Денесі Меккеде жерленген.
2. «Елден шықтық қуғынмен» . . .
Аркаға аты шыққан Аққозыдан Мұстафа, Сүлеймен, Қажы, Қали. Жүсіп атты бес ұл тарайды
Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда өсірген.
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса.
Атаның жолын қумаса?!- деп Махамбет Өтемісұлы жырлағандай, атақты Аққозының ұрпағы да өзінің жолын қуды. Мұстафа, Сүлеймен, Қали, Қажы ауылда медресе бітіріп, Тройцкіде Уазифа медресесінде оқыған. Мұстафа указной молла болыпты. Сүлеймен қажы мен Қали қажы Сарыкөл өңірінде (қазіргіСарыкөл ауданы; Қостанай облысы) өздері тұратын мекенде қарағайдан мешіт салдырған.
Сүлеймен қажы емші де болған екен. Сырқат жандар келіп, ол үшкіріп, дем салып, емдеген соң көптеген адамдар ауруынан сауығып кеткен.
Дін жолына ден қойған адамдар мүмкіндігі болмай Мекке сапарына шыға алмай қалса, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, тәуіп ететін болған. Сүлейменұлы Кәкім, Қалиұлы Сәден, Жаманұлы Сәлпен және Қожагелдіұлы Мырзахметқожа төртеуі Қожа Ахмет Яссауи басына барып, атпен бір ай жүріп қайтқан екен. Кейіннен Аққозының аруағы кіші ұлы Жүсіпке де қонған.
Заман - соққан жел, Қоғам - аққан сел. Ал адамдардың тектісі тас та, әлсіздері жаңқа сияқты, жиырмасыншы ғасырда дауылдатып қызылдар заманы келді, селдетіп Сталин құрған қоғам дүниені астан-кестен қылды. Жаңқа секілді әлсіз жандар селдің бетін алып кетіп, қоғам ағынымен алға шығып, өз үстемдігін жүргізіп бақты. Ал тас сияқты салмағы да, жерге нық орналасқан орны да бар текті жандар селдің жолында қарсы тұрды. Сұрапыл сел оны не өзімен бірге алып кетті, не қақпақылдап айдап әкеліп, жағаға лақтырып жіберді. Міне, біздің қоғамда да осындай, осыдан да қайғылы әрі қасіретті оқиғалар болған еді. Дін жолын қуып, имндылыққа иіліп, адалдыққа уағыздаған жандар қуғынға ұшырады. Ескіліктің қалдығы бай мен молданың тұқымы деген желеумен ел ішіндегі қожа, ишандар 1928 жылдардан бастап мал мен мүлкі тәркіге түсіп, өз бастары дауға ілікті. Сол жылдардың азабы мен тозағы өз көзімен көріп, 1931 жылы туған өлкесі Сарыкөл өңірін сағынған сәтте жүрегі шерге, өмірі өкінішке толған Мырзахмет Қожагелдіұлы былай деген екен:
Ақ қағазға жазғаным-
Қарындаштың қарасы.
Ер жігіттің хат жазса,
Ойына түсер самасы.
Елден шықтық қуғынмен,
Әлі қоныс тапқан жоқ
Мұсылманның баласы . . .
«Ғажайып» заман туған соң,
Нәсілі һарам иттерге
«Іспәсиба» дегізді.
Бақытты алып қолымыздан,
Малымызды алып жолымыздан,
Туғалы мұндай көрген жоқ
Аштық деген апатты.
Қадыр Алла, құдайым
Ит пен мысық жегізді.
Қалдырмай алды жиһазды:
Текемет, кілем киізді.
Сарай толған астықты-
Алты ай жазған еңбекті
Бір орынға жиғызды.
Қандай ғалым молланы
Түрегеліп сигізді.
Қандай өрен жүйріктің
Жал- құйрығын қиғызды.
Мешітті алып мектепке
Басына «картоз» киізді.
Жаны күйгір хайуан
Тері мен кенеп кигізді
Алты Алаштың ішіне
Атқан оғын тигізді!
Міне, осындай қайғылы оқиғаны Аққозының ұрпағы да басынан кешірді. Кеңес үкіметінің байлары мен орташаларды тәркілеу жөніндегі жарлығына орай 1928 жылы Сүлеймен қажының еншісіне қалған Қали қажының мал-мүліктері тәркіленіп, өздерінің басына да ауыр күн туды. Осы отбасынан жүк арбасы, шөп шабатын машина, 10 жылқы, сиыр, қой және басқа да мал мен мүліктер алынған. Тұрғын үйлері мен қарағайдан қидырып садырған мешіт те Еңбек ауылдық кеңесінің шешімімен Үкімет қарамағына өткізілген. Мешітті бұзып, ағашынан Карл Маркс колхозында (қазіргі Ұзынкөл ауданындағы Үйкескен ауылы) мектеп салған. Кейін дүкенге беріліп, бүгінгі таңда екі пәтерлік тұрғын үйге айналған.
Ал өз бастарына қауіп төніп, жазықсыз жазаға ұшырайтыны сезілгендіктен ішке, яғни, Ресей еліне көшуге мәжбүр болған.
3. Сарыкөлде мешіт салдырған
Аққозының ұрпақтарының бірі - Әнуар Қалиұлы. Ол 1914 жылы дүниеге келген. Екі жасында әкеден айырылған ол тағдыр тәлкегін аз көрмеген. Әкесінің ағасы Сүлеймен қажының тәрбиесінде болып, мұсылман дінінің маңыздылығына мән беріп өскен. Он төрт жасында еріксіз елден кеткен Аққозы әулеті Атамекенге тек 1968 жылы ғана оралған.
Әуелі «Елге бармайсың ба? Мешіт салып, зираттардың айналасын бекіт» деген аян берген атасының дауысы естіледі. Ал туған жерге келіп, алғаш түнеген күні «Зираттарды бекіт, мал басып жатыр, әкеңнің жолын ұста» деп аян берген. Әнуар аға сол кезден бастап дін жолына біржола ден қойып, намазға жығылған. Атамекені, яғни, қазіргі Сарыкөл ауданының Тимирязов ұжымдық кәсіпорында 1928 жылға дейінгі жерленген алты атасының бейіттері үлкен екі қорымда болған. Қайта оралған Әнуар Қалиұлы осы қорымдарға өз қаржысына темір қоршау орнатқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz