Тірек - сызба нұсқаларын пайдалану арқылы «атом құрылысын» оқыту


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: ТІРЕК - СЫЗБА НҰСҚАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

АРҚЫЛЫ «АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫН» ОҚЫТУ

Өскемен, 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКА ІЛІМІНДЕГІ ОҚЫТУДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ . . . 5

1. 1 Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ . . . 5

1. 2 Химияны оқытудың ұйымдастыру формаларының жүйесі . . . 16

2 ТІРЕК - СЫЗБА НҰСҚАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

АРҚЫЛЫ «АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫН» ОҚЫТУ . . . 20

2. 1 Атом құрылысына Д. И. Менделеевтің периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі тұрғысынан сипаттама . . . 20

2. 2 Тірек-сызбалар сабақтың негізгі тірегі . . . 26

3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 45

КІРІСПЕ

Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі - оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.

«Қазақстан-2030» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім сапасын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады [1] .

Жаңа XXI ғасырда алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алу қажеттігіне баса назар аударылған.

Қазақстан Республикасы және ғылым министрлігі дайындаған бағдарламасында “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы” бойынша бәсекеге қабілетті мамандар қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет[1] .

Қарқынды экономикалық интеграция жағдайында іргелі пәндік білім жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді.

Оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде араласу үшін білімді өз бетінше іздену, талдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру маңызды да күрделі.

Таным үрдісі - өте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған байланысты. Таным белсенділігін арттыруда химия пәнінің қосар үлесі ерекше[2] . Ал, оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты- проблемалық оқыту.

Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін, біліктілігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру[4] .

Бұл бітіру жұмысының мақсаты мұғалімдер алдында тұрған жоғарыда аталып өткен міндеттерді химия пәнінің “Атом құрылысы ” тақырыбын тірек-сызба нұсқаларын пайдалану арқылы оқыту барысында 8-ші сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын және білімін арттыру.

Зерттеу нысаны 8-ші сыныпта химия сабағындағы оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеті.

Зерттеу пәні 8-ші сыныпта тірек-сызба қолдану оқушылардың танымдық, есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу орыны Ұржар ауданы Таскескен ауылы Ақамберді атындағы орта мектеп.

Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 46 беттен; мазмұны, кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, эксперименттік бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКА ІЛІМІНДЕГІ ОҚЫТУДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

  1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ

Оқу жұмысын ұйымдастырудың көптеген түрлері бар, сабақ - солардың негізгісі. Сабақ - оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдас бөлігі. Біздің елімізде оқыту сыныптық-сабақтық деп аталатын жүйе бойынша жүргізіледі.

Сыныпта жас шамасы мен білім дәрежесіне сәйкес оқушылардың тұрақты құрамы топтастырылады. Оқу материалы пән бойынша сыныптарға бөлінеді (химияның жаңа бағдарламасы бойынша химияның негізгі базалық деңгейі 8-9-шы сыныптарда беріледі) . Оқу материалы әрбір сыныптарға логикалық жүйелікпен топтастырылған. Сабақтың ұзақтығы 45 минут, тұрақты оқу орны - химия кабинеті.

Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі жалпы білім беретін орта мектептің бірден-бір жүйесі ғана емес, жоғары сыныптар мен жоғарғы оқу орындарына тән сабақтың дәрістік-семинарлық жүйесі де қалыптасқан. Оқытудың жекелеп оқыту түрі де, бағдарламалап оқыту түрі де кең қолданылуда.

Сыныптық-сабақтық жүйе - педагогика саласындағы бағалы жетістіктердің бірі. Бұл жүйе мектептерде бірден осы күйге келе қойған жоқ. Оның 300 жылдық тарихы бар. Бұл жүйені көп елдің мектептері пайдаланады.

Сабақ - бұл оқытудың ұйымдастыру түрі, осы арқылы мұғалім белгілі уақытта, арнаулы орында, тұрақты оқушылар тобында (сыныпта) ұжымдық таным қызметіне басшылық жасайды, онда оқушылар ерекшелігіне сай әр түрлі әдістер мен құралдарды пайдаланып, барлық оқушылар оқу материалының негізін меңгеретіндей етіп танымдық қабілетін дамытып отырады, тәрбиелейді және оқытады. Бұл анықтама тек сабақтың ішкі мазмұны мен сыртқы ерекшеліктерін ғана көрсетеді.

Сабақ - біртұтас күрделі жүйе, оған оқушылардың білімді меңгеруі, оны дамытуы, белгілі бір көзқарас қалыптастыруы, сезімдік тәрбиесі, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы да кіреді.

Сабақтың жіктелуі. Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады. Сабақ - өте күрделі, көп жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс.

Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар: жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттар.

Алға қойған мақсаттарға сәйкес сабақта оқу үрдісінің белгілі бір буындары іске асырылады: оқушыларды жаңа білімді қабылдауға даярлау, оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, жаңа білімді жалпылап қорытындылау, білімді жетілдіретін жаттығулар орындау, білім мен іскерлікті қолдану, білімді, біліктерді меңгеру нәтижелерін тексеріп талдауы.

Дидактикада бірыңғай жіктеу жоқ. Кейде жіктеудің өлшемі ретінде тип, түр, құрылыс, нұсқа терминдері қолданылып жүр. Көпшілік жағдайда тип алынады. Сабақты жіктеуде оның әр түрлі белгілері басшылыққа алынады.

Химия сабақтарының жалпы жүйесі жайында сөз еткенде оған енетін буындарды жүзеге асырумен қатар сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқыту әдістерінің, оқытылатын материалдың мазмұны мен сабақ жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ету керек.

Сабақтың негізгі құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстарды сызбанұсқа түрінде былай өрнектеуге болады:

Жалпы педагогикалық мақсат - оқушыларға тәрбие беру және жан-жақты дамытуды көздесе, ал дидактикалық мақсат оқу жүйесінің қай кезеңі сабақта орындалатынына, қай кезең ең басты болатынына бағыт береді. Әдістемелік мақсат оқушылар сабақта қандай химиялық білім мен іскерлікті, дағдыны игеру керектігін анықтайды.

Әдіскерлер көптеген дидактикалық мақсаттарға сәйкес мынадай жіктелулерді ұсынды. Онда негізгі басшылыққа алынатындары сабақтың үш типі:

  1. Жаңа материалдарды үйрену және жаңа біліктерді меңгеру сабақтары.
  2. Оқушылардың білімді, іскерлікті жетілдіру сабақтары.
  3. Білімді, іскерлікті тексеру сабақтары.

Олар өз алдына үш түрге бөлінеді:

а) түсіндірме-көрнекі бейнелеу;

ә) догматикалық сөздік;

б) тапқырлық-зерттеу сабақтары.

Бұл жерде білімді жинақтау мен жүйелеу түрлері айтылмаған. Кейбір авторлар сабақты әңгіме сабақ, жаттығу сабақ, дәріс сабақ деп те бөліп жүр. Оқыту әдістеріне сәйкес сабақты жіктеу одан да күрделене түседі.

Сабақты жіктеуде оның мазмұнына қарау керек. Осы айтылғандарды жинақтап келгенде химия пәні бойынша сабақтың мынадай негізгі бес типін көрсетуге болады.

  1. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру сабақтары.
  2. Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабақтары.
  3. Білімді жүйелеу, қайталау, қорытындылау, жалпылау сипатындағы сабақтар.
  4. Білімді бақылау, тексеру, есепке алу сабақтары.
  5. Аралас құрама сабақтар.

Жаңа білім, іскерлік және дағдыны беру және меңгеру сабақтарында әр түрлі әдістер пайдаланылады: түсіндіру, әңгімелесу, әңгіме, дәріс, зертханалық тәжірибелерді пайдалану, оқулықпен жұмыс, бағдарланған тапсырмаларды орындау, есептегіш машиналардың көмегін пайдалану, әр түрлі көрнекіліктер мен оқыту құралдарын қолдану т. б.

Сабақтың бұл типінде мұғалім мен оқушы негізінен жаңаны білуге басты назар аударады, сабақтың басқа кезеңдері де орындалады, үйге берілген материалды тексеру, бекіту, білім мен іскерлікті дамыту да жүзеге асуы мүмкін.

Жаңа білім мен дағдыны меңгеруге арналған сабақтарға мынадай міндеттер қойылады:

  1. Курстың басында (кіріспе сабақ) жаңа тақырыптар беру.

2. Күрделі теориялық материалдарды оқу.

3. Сабақтың мазмұнын кең көлемде сипаттап айтатындай материалдардар беру, технологиялық мәліметтерге сипаттама жасау.

4. Сабақта орындалуы көп уақытты алатын көрсетілімдер немесе зертханалық тәжірибелерді пайдалану.

Жаңа білімді, іскерлікті меңгеру сабақтары қысқаша кіріспеден басталады (оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне дайындық, танымдық мақсаттар қоюға байланысты, түсіндіру жоспарымен де таныстыру керек, бұрын өткен материалдармен байланыстыратын қысқаша кіріспе әңгіме айтуға болады) . Сабақтың негізгі бөлімі жаңа материалдарды білуге, жаңа іскерліктерді қалыптастыруға арналады. Мұндай сабақтар әңгімелесу, баяндау, дәріс, т. б. әдістермен жүргізілуі мүмкін. Бірақ сабақтың кіріспесінде оқушыларды жаңа материалдарды қабылдауға психологиялық жағынан даярлап, олардың әрқайсысы танымдық қызметке белсене араласатындай жағдай жасау керек. Мұндай даярлық әдетте берілген материалдарды оқушыларға қайталау мен қорытындылау жолымен жүргізіледі. Мұның нәтижесінде бұрын оқылған материалдар мен мағлұматтар арасында байланыс орнайды. Осыған орай, оқушылар ауызша немесе жазбаша үлестірмелер бойынша жаттығу жұмыстарын орындайды. Бұдан соң оқу міндеті қойылып, оқушылардың білімдеріне сүйеніп, логикалық талдау арқылы қойылған проблеманы шешуге кіріседі. Сабақ үстінде оқытудың баяндау, көрнекілік және сарамандық әдістері біріктіріледі.

Білім, іскерлік және дағдыларды бекіту және жетілдіру сабақтары (әңгімелесу сабағы, конференция сабақ, жаттығу сабағы, сарамандық сабақ) .

Сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы. Химия сабақтарының мақсаты - химиялық теорияларды, заңдарды бағдарламада көрсетілген іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Мұндай іскерліктер мен дағдылар қатарына химиялық сынақтәжірибелер, сарамандық мазмұндағы есептерді шығару, есептеу есептерін шығару, әр алуан бақылаулар мен өлшеулерді орындау, әр түрлі зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау шеберлігі, құбылыстарды бір-бірінен ажырата білу, т. б. жатады. Сондықтан бұл типтегі сабақтың негізгі бөлігін зертханалық-сарамандық жұмыстар, сынақ-тәжірбиелік есептерді шығару құрайды . Ал сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағының маңызды бөлігіне ұсынылған белгілі нұсқауға сәйкес өздерінің орындаулары жатады.

Сонымен сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтарына:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау және қауіпсіздік техникасын белгілеу.
  2. Жұмысты орындау тәсілдерін жоспарлау.
  3. Жұмысты орындаудың үлгісін көрсету не нұсқау беру.
  4. Орындалған жұмысты талдау не жүйелеп жазу, қорытындылау.
  5. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
  6. Үйге тапсырма беру.

Сабақта мұғалім дидактикалық мақсаттарды шешеді. Оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйретеді, химиялық сынақтәжірибе кезінде іскерліктер қалыптастырылады. Мұндай сабақтар міндетті түрде мектептің химия кабинетінде өтеді, оны зертханалық жұмыс деп атауға болады. Әдістемеге бұлай атауды алғаш рет енгізген әдіскер В. Н. Верховский. Ол былай деп жазды: «Зертханалық сабақ орта мектепте химияны оқытудың негізгі түрі деп есептейміз».

Зертханалық сабақ ұзақ уақыт бойы (бір не екі сағат) мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тақырыпты оқу не бағдарламалық бөлімін жинақтайтын сабақтағы тәжірибелер.

Бұл сабақтарда (бағдарламада көрсетілген) оқушылар зертханалық іскерліктер мен дағдыларды бекітіп, жетілдіреді, химиялық құбылыстарды байқауға және сипаттауға үйренеді. Зертханалық сабақтағы оқушылардың қызметі ерекше, сондықтан оны қарастырып отырған типтің ерекше түрі деп атауға болады.

Сарамандық сабақтарды (зертханалық сабақ) шамамен мынадай жоспармен өткізуге болады: кіріспе бөлімі (сабақтың мақсаты, өтілетін жұмыстың мазмұны бойынша қауіпсіздік техникасын әңгімелеу), негізгі бөлімде оқушылардың өз беттерінше сарамандық жұмыстарды оқулық немесе арнаулы нұсқау бойынша тақтаға, не дәптерлеріне, не карточкаға жазулары ескеріледі. Жұмысты орындау барысында оқушылар химиялық жұмыстарды байқайды және оны суреттеп жазады, реакцияда пайдаланған аспапты салады, реакция теңдеуін құрастырып, формуласын жазып, реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізеді., қорытынды жасайды. Сабақтың соңында мұғалім орындалған жұмыстың қорытындысын шығарып, кейбір оқушылардың сарамандық жұмысының нәтижесіне баға қояды. Оқушыларға орындалған сарамандық жұмыстың жазба есебін жаздырады.

Білімді қорытындылау және жүйелеу сабақтары (қорытынды, әңгімелеу, шолу әдістері, қорытынды конференция) . Сабақтың дидактикалық мақсатына тексеру, қорытындылау және тақырып, бөлім, курс бойынша теориялық білімдерін жүйеге келтіру жатады.

Білімді қорытындылау және жүйелеу сабақтары әр түрлі жүреді, олар мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады, онда сабаққа мақсат қойылып, жоспары айтылады. Одан соң күні бұрын дайындалған химия курсының белгілі тарауы не түйінді тақырыбы бойынша оқушылардың хабарламалары. немесе сұраққа жауаптары тыңдалады. Білімді қорытындылау және жүйелеу сабақтарында оқушылардың өз беттерінше жұмыстары ұйымдастырылады, оқулықпен, сілтеме сөздіктермен, т. б. құралдармен есептеу және сынақтәжірибелік есептер шығарылып, тәжірибелер орындалады. Сабақ мұғалімнің қорытындылауымен аяқталады.

Оқыған материалдарды қайталау және қорытындылау сабағы. Білімді қорытындылау кезеңдері ілгері типтерде де қарастырылған болатын. Жаңа материалды бұрын өткен материалмен байланыстыру үшін барлық сабақта қайталау қолданылады, бірақ ол ақпараттық материалдардың шағын көлемін ғана қамтиды. Материалды қайталау мен жетілдіру білімді тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету сабақтарында қарастырылады және мұнда да қажетті мағлұматтарға ғана сүйенеді. Сондықтан мектеп химиясының жеке мәселерінің арасында тығыз байланыс орнату үшін, білім мен іскерліктің бірегей жүйесін жасау үшін бұларға арнайы бөлінген уақыт ішінде оқу материалын қайталау мен қорытындылау сабақтарында мұғалім мен оқушылар қосымша жұмыс істеуі қажет. Мұндай сабақтарды ұйымдастырудың түрлері әр алуан: қорытынды әңгіме өткізу, шолу әдістерін оқу, әр түрлі есептер шығару, оқу және ғылыми фильмдер көрсету, арнайы телехабар беру және т. б. Сөйтсе де, мұндай типтегі сабақтардың бәрінде де мұғалім оқушылардың білімін бір жүйеге келтіруге талаптануы тиіс.

Білімді қорытындылау мен тереңдетудің пәрменді құралдарының бірі - оқу фильмдерін көрсету, әр тақырыпқа арналған фильмдер химия кабинетінде көрсетілуі тиіс. Қайталау мен қорытындылау сабағының жоспары мұғалімнің жоспарланған жұмыс түріне сәйкес әр түрлі болады. Әдетте, осы типтегі сабақтар мынадай:

  1. Қайталанатын тақырып бойынша қажетті химиялық ұғымдарды талдау.
  2. Оқушылардың хабарламалары мен рефераттарын талдау.
  3. Тақырып бойынша оқу фильмдерін көрсету не телехабарды көру.
  4. Семинар сабақтарын өткізу.
  5. Сабақты қорытындылау, т. с. с.

Қорытындылаушы сабақтың бір түрі - конференция сабақ. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар хабарлама баяндамалар әзірлейді, онда тек оқулықты ғана емес, қосымша әдебиеттерді де пайдаланады.

Бақылау-есепке алу сабақтары (бақылау-тексеру әңгімелесулері, бақылау-сарамандық сабақтары) .

Бақылау-есепке алу сабақтарының негізгі дидактикалық мақсаттары - білімдерінің толықтығын, тұрақтылығын, тереңдігін, т. б. білімнің тиімді сапаларын байқау және сарамандық дағдыны тексеру.

Химиялық тілді тиімді пайдаланып есептерді шығару, тәжірибелерді орындау, т. б. білімді, іскерлікті дағдыны тексеру, жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі, ауызша сұралады, ал сынақ-тәжірибелік есептерді орындау, бақылау, тақырыптық сынақ түрінде жүргізіледі. Бұл химия курсын меңгерудегі оқушылардың білімдеріндегі кейбір кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік беріп, оқу үрдісіне түзетулер жасауға көмектеседі.

Оқушыларды нәтижелі, ілгерілете оқыту жағдайларының бірі - әрбір сабақ сайын білімді, іскерлікті жүйелі тексеріп отыру. Оқушылар білімін күнделікті тексеріп отыру барлық типтегі сабақтардың құрамдас бөлігі - аралас, жинақтаушы, зертханалық тағы басқалар қорытынды-бақылау бағдарлама тақырыптарын меңгеру деңгейін білу үшін де қажет. Сол мақсатта оқу-бақылау сабақтары жүргізіледі. Оқу-бақылау сабақтарында жазбаша не сынақ-тәжірибелік тексерудің мынадай өзіндік құрылысы бар: а) тексеруге мақсат қойған мұғалімнің кіріспе сөзі; ә) өздік жұмысты орындауға оқушыларды ұйымдастыру; б) нұсқаларға сәйкес оқушылардың өз беттерінше тапсырманы орындауы; в) жұмысты ұйымшылдықпен аяқтау.

Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйелі жүргізіліп отыруы тиіс. Бұл оқушылардың оқу материалдарын игеру деңгейін анықтауға және қолданылатын оқыту әдісінің тиімділігін тексеруге қажетті. Оқушылардың білімін ұдайы бақылау мен тексеру олардың өздігінен оқулықпен жүйелі жұмыс істеуге, үй тапсырмасын толық орындауға, қосымша әдебиеттерді ізденіп оқуға бағыттайды, жауапкершілік сезімін тәрбиелеп, өз білімін өзі бақылауға дағдыландырады, тіпті кейбір жағдайларда бағалаудың түрлері арасында сабақтастық орнатуға (мәселен, сынақ алу) мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру сабақтың шағын ғана кезеңдерін құрайды, сыныптың аз ғана тобын қамтып, білім және іскерліктің жекелеген түрлерін ғана қарастырады. Оқушылардың білімін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің негізгі түрлері - жеке және жаппай сұрақтар қою, реферат жаздыру (әсіресе жоғары сыныптарда), есеп шығару. Сонымен бірге, білімді бақылау мен тексеруде үй тапсырмасына жазбаша бақылау жұмысын, жоғары сыныптарда сынақ алудың өзіндік орны ерекше. Сынақтар әдетте 10-12 адамнан топқа бөлініп алынады.

Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру сабақтарының құрылымы мұғалімнің кіріспе нұсқауын, оқушылардың бақылау тапсырмаларын орындауын, жұмысты қорытындылауды қамтиды. Жазба жұмыстардың нәтижесін талқылау келесі сабақта жүргізіледі.

Әр түрлі әдістер мен көрнекі құралдарды пайдаланып жүргізілетін аралас сабақтар (құрама сабақ) .

Сабақтың бұл типінде оқушылар тек жаңа материалды оқып қана қоймайды, арнайы бөлінген уақытта оны бекітеді және жетілдіреді. Ілгергі сабақта алған білімдерін, іскерліктерін тексереді. Аралас типті сабақтарды негізінен 4 бөлікке бөлуге болады:

  1. Оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру.
  2. Жаңа материалды оқу (үйрену), түсіндіру.
  3. Алған білімді, іскерлікті бекіту, жетілдіру.
  4. Үйге тапсырма беру.

Құрама (комбинациялық сабақ) сабақ.

Оқу үрдісінже бірнеше дидактикалық міндеттерді кешенді түрде шешуге тура келгенде, мәселен, үй тапсырмасын тексеру мен өткен материалдарды қайталау, жаңа материалды түсіндіру, оны жүйелеу және т. б. қажет болғанда сабақтың ерекше типі қолданылады. Мұндай сабақтар құрама сабақтар деп аталады. Оның өзіне тән 2 ерекшелігі бар:

  1. Дидактикалық міндеттердің азаюы.
  2. Құрылымында 4 элементтің (үй тапсырмасын қайталау, материалды оқып үйрену, білімді жүйелеу, үйге тапсырма беру) болуы.

Соңғы уақытқа дейін құрама сабақтар еліміздің мектептерінде жетекші орын алып келді. Алайда кейбір тақырыптарды оқып үйренуде, жеке дидактикалық міндеттерді іске асыруда құрама сабақтардың мүмкіндіктері жеткіліксіз болды. Сондықтан құрама сабақтар тек қажет болғанда ғана жүргізіледі.

Құрама сабақтың басты кезеңдері:

  1. Үй тапсырмасын тексеру мен жаңа материалды игеру үшін бұрынғы өтілгендерді қайталау.
  2. Жаңа материалды оқып үйрену.
  3. Жаттығуларды орындау және жаңа материалды игерудің деңгейін тексеру.
  4. Үй тапсырмасы. Кейде құрама сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында үй тапсырмасын тексеру сабақ соңында, жаңа материалды меңгерумен біріктіре жүргізілуі де мүмкін.

Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың әр түрлі формадағы өздік жұмыстары орындалады. Ол оқытудың әр түрлі әдістерін, химиялық экспериментті, жалпы дидактикалық әрекеттерді қолдануға байланысты.

Әрбір типтің шекарасында көптеген түрлерді ерекшелеуге болады немесе сабақ түрлері не варианттары туындайды: кинофильмдерді пайдалануға байланысты киносабақ, теледидар сабағы, сынақтар, конференция сабақ, т. б. Тақырып немесе курс бойынша барлық сабақтар бір-біріне байланысты сабақтар жүйесін құрайды.

Оқу материалының мазмұны мен ерекшеліктеріне, дидактикалық мақсаттарға, жүйедегі сабақтың орнына, оқушылардың дайындығына сәйкес мұғалім сабақ типтерін таңдап алады. Мысалы, тақырыптың бірінші сабағы жаңа білімді меңгеру сабағы болуы мүмкін, онда тақырыпты жетілдіруге тура келеді, ол жағдайда сабақ белгілі типке айналады. Тақырыптың соңында мұғалім сарамандық сабақты пайдаланып білімді қорытындылау және жүйелеу сабағын өткізеді. Тақырып бақылау-есепке алу сабағымен аяқталады, онда оқушының білімі мен іскерлігіне мән беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке оқыту технологиясы
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Химияны оқыту әдістемесіндегі оқушылардың танымдық даму мәселесінің қазіргі жағдайы
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙМЕТАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
Азот қышқылының қасиеттері
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау жолдары
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz