Шаруашылықтың сипаттамасы, топырақ-климат жағдайы



КІРІСПЕ
1.Тақырыптың негізделуі
2.Шаруашылықтың сипаттамасы, топырақ.климат жағдайы ..
3.Зерттеу нәтижелері .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
дақылдардың маңызы өте зор, өйткені олар тек азық-түлік, мал азықтық дақыл ғана емес, өндірісте кеңінен пайдаланылатын шикізат. Соңғы кезде олардың өнеркәсіпте пайдалану аясы биологиялық отын алу тарапында кеңейді. Күздік астық дақылдарына күздік бидай, күздік қара бидай, күздік арпа және күздік тритикале жатады.
Күздік астық дақылдарының азық-түліктік маңызы олардың дәнінің құрамындағы ақуыз бен желімшенің мөлшеріне байланысты. Ақуыз бен желімшенің мөлшері республиканың топырақ-климаттық жағдайына қарай өзгеріп отырады, егістіктер неғұрлым оңтүстік-шығыс, солтүстік аймақтарға ауытқыған сайын күздік астық дақылдары дәнінің сапасы солғұрлым жақсара береді. Орта есеппен дәннің құрамындағы ақуыз: күздік бидайда 12-14, күздік қара бидайда 8-11, күздік арпада 8-13, күздік тритикаледе 11-13% деңгейінде қалыптасады.
Астық дәнінің нандық сапасы оның құрамындағы желімшелік кешенге жататын ақуыздық заттардың қасиеттеріне байланысты. Олар негізінде ұнның су және газ ұстау қабылетімен тығыз байланысты және келесі көрсеткіштермен сипатталады:
нанның көлемдік шығымы;
нан пішінінің тұрақтылығы;
нанның сыртқы кескіні (тегіс жылтыр, түзу, кедір-бұдыр, аздап жарылған, айрыла жыртылған) немесе түрінің тартымдылығы;
жұмсағының кеуектілігі.
Қазіргі кезде өндірісте күздік қатты бидай сорттары да бар, олар негізінде макарондық заттар алу үшін пайдаланылады. Қатты бидай дәні мөлдірлігінің, желімшесінің және көлемдік салмағының жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Мұндай бидай дәнінің эндорспермінде сары каротин пигменті көп болғандықтан одан өндірілген заттардың түрі сарғыш тартып тұрады.
1. Вавилов П.П. Растениеводство.-М.: ВО«Агропромиздат».-1986.-512 2. Борисоник З.Б. Яровой ячмень.-М.: Колос.- 1974.- 215 с.
3. Неттевич Э.Д., Сергеев А.В., Лызлов А.В.- Зерновые фуражные культуры.- М.: Россельхозиздат.-1980.-287 с.
4. Федорова Н.А. Сортовая агротехника зерновых культур.-Киев: Урожай.-1983.-235 с.
5.Б.С.Сариев, А.К. Ортаев Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жер жағдайындағы күздік арпа селекциясы.-А.: Жаршы,2002 №8 23-25бет
6.Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев, Н.А.Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов Өсімдік шаруашылығы.-Алматы.: «Дәуір».-411б
7. Т.А. Атақұлов, С.С. Арыстанғұлов, А.С. Каракальчев Б.М. Салақшынова, А.Е. Елшібаев «Өсімдік шаруашылығы пратикумы»
8.Қожабаев Ж.І Арпа өнімділігінің алғы дақылға тәуелділігі.-Алматы.:Бастау.-2005.-29бет
9. С.С.Арыстанғұлов, Қ.Ш.Жаңабаев Агрономия негіздері.-Алматы.:Фолиант.-2007ж
10. Қожабаев Ж.І Алғы дақыл мен тұқым себу мөлшерінің арпа егістігіндегі фитосанитарлық ролі.-Алматы.:Бастау.-2002.-20бет
11. Б.С.Сариев, А.К. Ортаев Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жер жағдайындағы күздік арпа селекциясы.-А.: Жаршы,2002 №8 23-25бет
12. Қожабаев Ж.І Ауыспалы егісте жаздық арпа өсіру тиімді ме?.-Алматы.:Бастау.-2009.№8.-6 бет
13.И.С. Сейтов Егіс тәжірибелерін жүргізудің методикасы.-Алматы.:Қайнар,1990ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
1.Тақырыптың негізделуі ... . ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
2.Шаруашылықтың сипаттамасы, топырақ-климат жағдайы ..
3.Зерттеу нәтижелері ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Дүниежүзі мемлекеттері және Қазақстан Республикасы үшін күздік дақылдардың маңызы өте зор, өйткені олар тек азық-түлік, мал азықтық дақыл ғана емес, өндірісте кеңінен пайдаланылатын шикізат. Соңғы кезде олардың өнеркәсіпте пайдалану аясы биологиялық отын алу тарапында кеңейді. Күздік астық дақылдарына күздік бидай, күздік қара бидай, күздік арпа және күздік тритикале жатады.
Күздік астық дақылдарының азық-түліктік маңызы олардың дәнінің құрамындағы ақуыз бен желімшенің мөлшеріне байланысты. Ақуыз бен желімшенің мөлшері республиканың топырақ-климаттық жағдайына қарай өзгеріп отырады, егістіктер неғұрлым оңтүстік-шығыс, солтүстік аймақтарға ауытқыған сайын күздік астық дақылдары дәнінің сапасы солғұрлым жақсара береді. Орта есеппен дәннің құрамындағы ақуыз: күздік бидайда 12-14, күздік қара бидайда 8-11, күздік арпада 8-13, күздік тритикаледе 11-13% деңгейінде қалыптасады.
Астық дәнінің нандық сапасы оның құрамындағы желімшелік кешенге жататын ақуыздық заттардың қасиеттеріне байланысты. Олар негізінде ұнның су және газ ұстау қабылетімен тығыз байланысты және келесі көрсеткіштермен сипатталады:
нанның көлемдік шығымы;
нан пішінінің тұрақтылығы;
нанның сыртқы кескіні (тегіс жылтыр, түзу, кедір-бұдыр, аздап жарылған, айрыла жыртылған) немесе түрінің тартымдылығы;
жұмсағының кеуектілігі.
Қазіргі кезде өндірісте күздік қатты бидай сорттары да бар, олар негізінде макарондық заттар алу үшін пайдаланылады. Қатты бидай дәні мөлдірлігінің, желімшесінің және көлемдік салмағының жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Мұндай бидай дәнінің эндорспермінде сары каротин пигменті көп болғандықтан одан өндірілген заттардың түрі сарғыш тартып тұрады.
Нан өндірісінде кеңінен пайдаланылатын келесі күздік астық дақылы-күздік қара бидай. Қара бидай дәнінен пісірілген нан асқазанда қорытылу жағынан бидай нанынан кем түскенімен биологиялық құндылығы жоғары.
Қара бидай дәні нанының сапалық көрсеткіштеріне ақуыз мөлшері және диастатиктік белсенділігі жатады. Қара бидай дәні ақуызы мен бидай дәнінің ақуызы фракциялық құрамы бойынша бөлінеді. Дән құрамында суда және тұзда еритін ақуыздар көп болғандығы оның құрамында ауыстырылмайтын амин қышқылдарының мөлшері жоғары деңгейде екендігінің белгісі. Қара бидай қамырының серпінділігі төмен болғандықтан нанның көлемдік шығымы да аз болады.
Күздік арпа мен күздік тритикале нан пісіруге пайдаланылмайды.
Малазықтық дақыл ретінде күздік бидай дәні аз қолданылады, ал күздік қара бидай дәні мүлдем қолданылмайды, оның есесіне күздік арпа дәнімен барлық мал түрлері азықтандырылады.
Күздік қара бидайдың көк балаусасы ерте көктемде малға жемшөп ретінде қолданылады, өйткені гектарынан 180-200 ц көк балауса алынса ол 3200-3600 малазықтық бірлікке тең, оның сапасы күздік бұршақ тұқымдас дақылдармен бірге сеуіп өсірсе арта түседі.
Мал азығы ретінде күздік тритикаленің дәні де, көк балаусасы да қолданыла береді, әсіресе араластырып себілген егістіктерде.
Күздік бидай, күздік тритикале және күздік арпа дәндерінің малазықтық сапасында айырмашылық аз 108-118 малазықтық бірлік шамасында, бір малазықтық бірлікте 105-110 г ақуыз болады.
Күздік астық дақылдары өнеркәсіпте спирт өндірісінде кеңінен пайдаланылады, ал күздік арпа дәні сыра өндірісінде көп қолданылмайды, өйткені күздік арпа сорттары көбінесе көп қатарлы топқа жатқандықтан, дәндері біркелкі өнбейді де сыраның сапасына кері әсер етеді.
Күздік астық дақылдарының сабаны сапасы төмен қағаз, картон өндірісінде, дән өскіндері мен ұрықтан алынған май медицина өнеркәсібінде пайдаланылады.
Күздік астық дақылдары отамалы, бұршақ дәнді дақылдары, біржылдық және көпжылжық шөптер үшін жақсы алғы дақыл. Себебі:
жақсы түптеніп өскен күздіктер, әсіресе күздік қара бидай арамшөптерден басым түсіп, егістіктерді олардан тазартады;
ерте пісетіндіктерінен, танаптарды жаз-күз кезінде сапалы өңдеуге және аралық дақылдар егіп қосымша өнім алуға мүмкіндік береді;
күздік астық дақылдарын көп жылдық шөптермен жамылғы дақыл ретінде пайдаланғанның тиімділігі өте жоғары.

Күздік астық дақылдарының шығу тегі, себілу аймақтары, өнімділігі
Күздік бидай, мәдени өсімдіктердің Орталық Азия, қатты бидай мен қара бидай Алдынғы Азия, ал күздік арпа Жерорта теңізі шығу орталығынан келген.
Қытай, АҚШ және Индия күздік бидайды ең көп себеді, күздік қара бидай мен арпа Ресейде ең көп себіледі, қара бидайдың көлемді егістіктері Польша мен Германияда, арпанікі Канада мен Германияда орналасқан.
Қазақстанда күздік дақылдар оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда орналасқан. Қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігі басқа дақылдарға қарағанда нашарлау болғандықтан күздік арпаның негізгі егістіктері Оңтүстік Қазақстан облысында, біраз егіс көлемі Жамбыл, Алматы облыстарында орналасқан. Қазақстанда жалпы алғанда астық дақылдары 16934 мың гектарға егілсе оның 578 мың гектарын күздіктер алып жатыр, ал оның 536,5 мың гектарына күздік бидай себіледі, басқа күздік дақылдардың үлесі 42 мың гектар ғана.
Күздік астық дақылдарының өнімділігі жаздық дақылдарға қарағанда әлдеқайда жоғары, өйткені олар күзгі, ерте көктемгі ылғал қорын тиімді пайдаланады және егістіктері негізінде суармалы аймақтарда орналасқан.
Дүниежүзінде астық дақылдарының өнімділігі 29,5 цга, оның ішінде бидайдікі 26,1, қара бидайдікі 21,0, арпанікі 23,3 цга. Бидайдың ең жоғары өнімі Францияда - 76,0, Германия мен Венгрияда - 41,5 цга; қара бидайдікі Францияда -47,0, Германияда - 51,5, Австрияда - 39,5 цга; арпанікі Францияда - 65,1, Ұлыбританияда – 51,8, Германияда – 57,4, Данияда 52,1 цга.
Ресурстар потенциалын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан бұл көрсеткіштер Қазақстанда 2-3 есе төмен.
Күздік астық дақылдары даму кезеңдерінің бірі яровизация сатысы ұзақ мерзімді қажет ететін және қыстың қолайсыз жағдайларына бейімделген, төзімді болғандықтан күзде егіледі, көктемде ексе олар көктейді, түптейді, бірақ генеративтік мүшелері жетілмеуінен сол жылы өнім бермейді.
Күздік дақылдардың жаздықтармен салыстырғанда бірқатар артықшылығы бар. Күзде олардың тамыр жүйесі жақсы жетіліп түптенеді, ал көктемде ерте көктеп, вегетативтік мүшелері тез қаулап өседі де жаздықтардан 10-15 күн ерте піседі.
Күздіктер, күздегі ылғалды жақсы пайдаланатындықтан және құрғақшылық пен аңызақтан аз зардап шегетіндіктен, өсіруге қолайлы аймақтарда жаздықтардан әлдеқайда артық өнім береді. Сонымен қатар, күздіктердің тағы бір маңызды ерекшелігі: күзде егілгендіктен және жаздық дақылдарға қарағанда ерте пісетіндіктеріне байланысты егу, жинау кезінде шаруашылықтағы көктем мен күздегі қызу қарбаласты азайтады және техника мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ күздіктерді күзде егу мен олардың қыстап шығуы, кейде дакылдардың біршамасының зақымдануына, тіпті опат болуына әкеліп соғатын қолайсыз жағдайлармен байланысты. Күздіктердің зардап шегуі мен опат болуына қатты аяздар, температураның күрт ауытқуы, сондай-ақ жұқа немесе өте қалың қар жамылғысы және тағы басқа да қолайсыз жағдайлар себеп болады.
Арнайы шаралар қолданып күздіктердің қыс пен аязға төзімділігін көтеруге, қолайсыз факторлардың әсерін алдын алуға, немесе зардабын азайтуға болатынын ғылым мен тәжірибе дәлелдеген.
Қысқа төзімділік - күздік дақылдардың қыстап шығу кезінде қалыптасатын қолайсыз жағдайларға (борсу, тұншығу және тағы басқа) төтеп беру қабілеті.
В.И.Гуляевтің тәсілдемесі бойынша әр қар жауғаннан кейін есепті аудан көлемі қардан тазаланып отырылады. Санақ қыстан тірі шыққан өсімдіктің жапырақтары өскен және өлген өсімдіктер құрғап қалған кезде жүргізіледі. Қысқа төзімділігі бойынша мынадай сорттар алынған болатын: К-1998 (Түркия) - 92%, К-15911 (Германия) – 86%, К-11822 (Қытай) - 84%, АГ-922291 (Сирия)-86%, Береке54 (Қазақстан) - 88% [5]
Аязға төзімділік - өсімдіктердің 0°С-тан төменгі температураларға төтеп беру қабілеті.
Суыққа төзімділік - күздік дақылдардың 0°С-тан жоғары төмен температураларға төтеп беру қабілеті.
Күздік дақылдардың ішінде аязға тезімділігімен күздік қара бидай ерекшеленеді. Ол түптену түйіні орналасатын терендіктегі -20°С және одан да төмен температураға төтеп береді, күздік бидай -18°С, ал күздік арпа -12°С дейінгі аязға шыдайды. Бұдан төмен температуралар күздік дақылдар егістіктерін опат болуға әкеліп соқтырады.
Күздіктерді үсуден сақтауда жоғары агротехниканың, кар тоқтату мен ауыл шаруашылығы өндірісіне суыққа төзімді сорттар енгізудің маңызы зор. Қар жамылғысы топырақ температурасының төмендеуінен қорғайды, ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша ауаның температурасы -32-33°С дейін төмендегенде қар жамылғысы жоқ топырақтың температурасы 2 см тереңдікте -20-22°С, қар жамылғысы 15 см болғанда -7 -11°С, ал қар жамылғысы 50 см болғанда -2 -3°С-ты көрсеткен. Демек, қар тоқтату - күздіктерді үсуден сақтайтын тиімді шара. Осы шараның арқасында күздік егістіктерінде көктемде қар еруінен пайда болған ылғал қоры айтарлықтай көбейеді.
В.И. Гуляевтің тәсілдемесі бойынша әр қар жауғаннан кейін есепті аудан көлемі қардан тазаланып кейін есепті аудан көлемі қардан тазаланып отырылады. Санақ қыстан тірі шыққан өсімдіктің жапырақтары өскен кезде жүргізіледі.[11]
Шынықтыру – қыстың қолайсыз жағдайларына күздіктердің төзімділігін арттыруға бағытталған физиологиялық және биохимиялық процестер. Шынығу кезінде өсімдіктерде ерігіш көмірсулар мен бос амин қышқылдарының (олигосахаридтер, глютамин, пролин, аспарагин, ж.б.) қоры жинақталады. Шынығу екі кезеңде өтеді: біріншісі-күзде, күн көзінде, 8-150С күндізгі температурада, салқын түн жағдайында (0°С-қа таяу). Екіншісі-күздің аяғында саябыр аязды (0...-50С) күндер мен түндерде.
Үсу – күздіктердің опат болуының негізгі себебі. Ұзақ уақыт аязға шалдығудың салдарынан өсімдік клеткаларында мұз түйіршіктері пайда болады. Мұз түйіршіктерінің маңайындағы суды өзіне тартып сіңіруінің салдарынан цитоплазма сусызданып құрғап оның коллоидтары коагуляцияға ұшырайды. Бұл қайта орнына келмес процесс – ақуыз денатурацияланады.
Үсіген өсімдіктер көктемде көктеп шығады, бірақ біраздан кейін сарғайып опат болады.
Үсікке қарсы шаралардың ең негізгілері: төзімді сорттар себу және егістіктерде қар тоқтату.
Борсу - топырақ әлі тоңазымай, күздіктердің вегетациясы тоқталмай тұрып егістікті қар басып қалған жағдайда өсімдіктердің опат болуы. Бұл жағдайда өсімдіктер қоректік заттарды тыныс алуға жұмсайды, ал қар астында жарықтың жеткіліксіздігінен оны ассимиляциямен толықтыра алмауынан азады, түрлі ауруларға шалдығады және опат болады.
Борсумен күресу үшін күздіктерді мезгілінде және қажетті мөлшерде себу, қарды таптауышпен нығыздау және басқа да шараларды атқару керек.
Тұншығу - су жиналып, су басқан жерде өсімдіктердің оттегі жетіспеуінен тұншығып өлуі. Бұл жағдай ойпаң жерлерде жиналған судың көп уақыт тұрып қалуынан болады. Тұншығуды болдырмау үшін жиналған суды ағызып әкету қажет.
Дүмпу – жаңа жыртылған, борпылдақ топыраққа егілген күздік дақылдар өсімдіктерін топырақ отырған кезде мұз қабыршығы оларды жер бетінде қылғындырып ұстап қалады да түптену түйнегі жер бетіне шығып, тамырларының үзілуі салдарынан опат болады.
Оны болдырмау үшін күздік дақылдарды егуге дейін топырақты себералды өңдеу - таптауышпен нығыздау жұмысын жүргізу керек.
Мұз қабыршығы. Қыста жылымық кезінде қар еріп, одан кейін түскен суық кезінде су қатып топырақ бетінде мұз қабыршығы пайда болады. Бұл өте қауіпті. Қатқақ, қар сияқты аяздың әсерін бәсеңдете алмайды, қайта күшейте түсіп күздіктердің өліп қалуына әкеліп соқтырады. Жерге жабысып жатқан мұз қатқақтарын бұзуға болмайды, өсімдіктерді зақымдап алуымыз мүмкін. Мұз қатқақтарының зиянды әсеріне қарсы қар тоқтату мен қыстың аяғында күл, шымтезек ұнтақтары және басқа да материалдарды пайдаланып, олардың еруін тездету қажет.
Ақ зең және склероциния. Бұлар саңырауқүлақ сипатындағы аурулар. Оларға борсу, дүмпу және басқа да қолайсыз жағдайлардан әлсіреген күздіктер шалдығады. Ақ зең және склероциниямен күресу үшін оларға төзімді сорттарды өндіріске енгізу, тұқымды себералды виал (0,4-0,5 кгт), витавакс (1,5-2,0 кгт) және басқа да препараттармен өңдеу, сондай-ақ басқа да шараларды атқару қажет.
Өндіріске төменгі температураларға төзімді сорттар енгізу - күздіктердің жақсы қыстап шығуын қамтамасыз ететін маңызды шара. Бірақ нашар агротехникада төзімді сорттардың өзі де үсіп кетуі мүмкін. Сондыктан күздіктер жақсы қыстап шығуы үшін кешенді шаралар қажет. Оларға мына жұмыстар жатады: топырақты тұқым себуге уақытында және сапалы дайындау; калий мен фосфор тыңайтқыштарын мезгілінде қолдану; аймақтың топырақ-климаттық ерекшеліктеріне байланысты себу мерзімі, себу мөлшері мен тереңдігін пайдалану; тұқымды дәрілермен өңдеу және қар тоқтату. Осындай кешенді агротехникалық шаралар іске асырылған жағдайда ғана күздіктер жақсы қыстап шығады.

КҮЗДІК АРПА

Халық шаруашылығындағы маңызы. Күздік арпаны негізінен мал азықтық және жармалық дақыл ретінде өсіреді. Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнеркәсібінің құнды шикізаты қатарына жатқызады. Дәнінің құрамында 13,4% ақуыз, 2,0%-май, 54,0%- крахмал, 9,0%- пентазондар, 5,7%- клетчатка және З,0 % шамасында күл бар. Арпа дәнінен ұн, жарма, кофе және сыра дайындайды. Нанының сапасы бидайдікіне қарағанда нашар болғанымен, асқазаны ауыратын адамдар үшін ол диеталық тағам.
Арпа, үй жануарлары мен құстары үшін бағалы концентратталған жем. Дақыл сабаны мен топанының, әсіресе бұқтырып пайдаланатындарының азықтық құндылығы жоғары.[1]
Арпа егісін күзде егіп және оны ерте орудан жұмысшы қолдары мен техникалары тиімді пайдаланылады. Одан басқа ерте орылып-жиналатын күздік арпа бірқатар дақылдарға кұнды алғы дақыл.
Ылғал жеткілікті аудандарда күздік арпадан кейінгі танаптарды аңыздық дақылдар - тары, қарақұмық, судан шөбі және басқа да дақылдар егіп пайдаланған дұрыс.
Жемдік астықтар өндірісін арттыру міндеттеріне байланысты және күздік арпа жаздықтармен салыстырғанда өте өнімді болғандыктан, оның егісін қазіргі өсірілетін аймақтардан да әрі қарай кеңейте түсу көзделуде. Күздік арпа күздік жауыннан басқа, ерте көктемдік жаңбыр ылғалын әлдеқайда толық пайдалануынан, құрғақ онтүстік-шығыс желдері болмай тұрып ерте пісуінен, сондай-ақ кештеу пісетін жаздық арпанікінен гөрі өте толық салмақты дән беруінен жаздықтарға қарағанда көп өнім береді.
Күздік арпаның негізгі егістері ТМД бойынша - Солтүстік Кавказ, Украина және Орта Азия елдерінде.
Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік кара бидаймен салыстырғанда қысқа төзімсіз. Ол үшін -І2°С-тан төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.[2]
Көктемгі жылы кездер басталысымен күздік арпа жедел өсе бастайды. Өсу-даму кезеңі жаздық арпадан 12-16 күнге, күздік бидайдан 6-9 күндей қыскарақ.Топыраққа талабы күздік бидайдікіндей.
Біздің елімізде азық-түліктік және жемдік астық мақсатында күздік арпа Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында егіледі.
Дақыл өнімі гектарына 18-20 ц, алдыңғы қатарлы шаруашылықтар 5-6 тоннаға дейін алады.

Морфологиялык сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.

Мәдени арпаның (Hordeum sativum L.) масақ білігінің кемеріндегі жеміс беретін масақшалар санына байланысты - көпқатарлы, екі қатарлы және аралық түр тармақтары болады.
1. Көп қатарлы, немесе кәдімгі арпа - Н. vulgare, масақ білігінің әр кемерінде өсіп-жетіліп жеміс беретін үш жемісше болады. Көп қатарлы арпа масақтың тығыздық дәрежесі бойынша екі топқа бөлінеді.
Оның бірі - масағы тығыз, жуан, қысқа және көлденең қиындысының кескіні дұрыс алты қырлы болатын, дұрыс алты қатарлы (алтықырлы) топ.
Екіншісі - масағы тығыз емес, дән қатарлары дұрыс орналаспаған, бүйір масақшалары біріне бірі кіріп тұрады, ортадаға масақшалар бүйірдегілерден жақсы жетілген.{3} Арпаның екінші тобы масағының бет жағының екі жалпақ және бүйірінің екі жіңішке қырлары болады, оның көлденең қиындысының кескіні төртбұрыш түзеді.
2. Екі қатарлы арпа -H.distichum L. Онда білік кемерінде отырған үш масакшаның тек ортасындағылары жеміс береді, бүйір масақшалары жеміс бермейді. Екі қатарлы арпалар бүйірлеріндегі жеміс бермейтін масақшаларының сипаты бойынша екі топқа бөлінеді:
а) жеміс бермейтін бүйір масақшаларының масақша және гүл кауыздары бар - nutantia R. Reg.;
б) жеміс бермейтін бүйір масақшаларының тек масақша қауыздары бар - deficientia R. Reg.
Екі қатарлы арпа егістері тек nиtаntіа тобынан, ал арпаның екінші топ (deficientia) өкілдері қоспа түрінде кездеседі, әсіресе закавказьеде.

Сурет Арпа. 1, 2-өну және тұқымның толысу кезеңіндегі өсімдік; 3, 4-екі қатарлы арпа және масақтың көлденең кескіні; 5-масақ сағағында орналасқан масақшалар; 6-қауызды және жалаңаш дән; 7, 8, 9, 10-дәл
сондай көп қатарлы арпа масағының құрылысы; 11-қылтандары өзгерген арпа масағы (фуркалы); 12-тегіс және тісті қылтандар бөліктері.

3. Аралық арпа-. intermedium Vav. еt Orl-бұл түртармақ масағы білігінің кемерінде 1-ден 3-ке дейін дән қалыпты жетілуі мүмкін.
Біздің елімізде арпаның тек көп қатарлы және екі қатарлы түр тармақтары таралған. Әдетте, көп қатарлы арпа екі қатарлыға қарағанда тез піседі және құрғакшылыққа төзімді, сондықтан оны солтүстікте де, оңтүстікте де өсіре беруге болады. Күздік арпа тек қана көпқатарлы болып келеді.
Арпаның алғашқы екі түр тармағының әрқайсысы түршелерге бөлінеді де, оның негізіне мына белгілері алынады:
- қылтықтылық (қылттықты немесе қылтықсыз);
- қылтықтар сипаты (тісті немесе тегіс);
- масақ пен дәнек түсі (сары немесе қара);
- дән қауыздылығы (қауызды, немесе жалаңаш дәнді);
- масақ тығыздығы (тығыз немесе борпаң).
Кең таралған арпа түршелері 1-кестеде келтірілген.
Елімізде арпа егісінің көп жерін екі қатарлылардан - нутанс, ал көп қатарылардан паллидум алады. Бұл түршелерден басқа қылтансыз, немесе фуркатты арпалар-horsfordianum (масақтары сары, көп қатарлы, дәндері қауызды) және trifurcatum (масақтары көпқатарлы, сары, дәндері жалаңаш) белгілі шамада қызығушылық танытуда.
Бұл түршелер сорттары өнімінің төмендігі мен өсу ортасының қолайсыз жағдайларына төзімсіздігіне байланысты біздің елімізде таралмаған.
Арпаның дәні бүйірлерінен қысылған жалпақ. Сұлы дәнінен айырмасы арпа дәні гүл қауызымен бірігіп кеткен. Екі қатарлы арпаның қауыздылығы 9-11% құраса, көп қатарлынікі - 10-13 %. Көп қатарлы арпаның дәні ірілігі бойынша біркелкі емес, бүйір дәндері ұсақ және негізіне қарай сәл қисайған.
Күздік арпаның қазіргі өсірілетін сорттарының қыс пен суыққа төзімділігі күздік бидай мен қарабидайдан төмен болғандықтан, олар қысы жұмсақ аймақтарда ғана егіледі. Күздік арпа жаздықтан - 12-16, күздік бидайдан 9-10 күн ерте пісетіндіктен, танапты аңыздық аралық дақылдар (тары, біржылдық малазықтық дақылдар және т.б.) егуге, немесе басқа күздік дақылдар егуге жақсылап дайындап қоюға болады.
Топырақ құнарлығы мен алғы дақылдарға қоятын талаптары бойынша, күздік арпа күздік бидайға жақын. Ол топырақтағы күздік-қыстық ылғал қорын жақсы пайдалануының арқасында жаздық арпадан құрғақшылыққа төзімдірек.

1-кесте. Арпа түршелері
Түрше
масақ-тың түсі
масақтың
тығыздығы
қылтықтар-дың тістілігі
дән
кауыздылығы
дәннің түсі
Көп қатарлы арпа
Паллидум (Pallidum)
Сары
Борпаң
Тісті
кауызды
сары
Рикотензе (Ricotense)

Жылтыр

Нигрум (Nigrum)
Қара

Тісті

қара
Целесте (Coeleste)
Сары

жалаңаш
сары
Параллелум (Parallelum)

Тығыз

қауызды
сары
Екі қатарлы арпа
Нутанс (Nutans)
Сары
Борпаң
Тісті
қауызды
сары
Медикум (Medicum)

Жылтыр

Нигриканс (Nigricans)
Қара

Тісті

қapa
Персикум (Persicum)

жылтыр

қара
Нудум (Nudum)
Сары

тісті
жалаңаш
сары
Эректум (Erectum)

Тығыз

қауызды

Сорттары. Қазақстанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
Жаздық жұмсақ бидай
Күздік бидай
Қаракөл шаруашылығы
Ноқат дақылының биологиясы
Жүгеріні өсіру технологиясы
«БҚО, Бөрлі ауданы «Тең» шаруа қожалығының жерлерін ұйымдастыру»
Машина – трактор паркінің құрамын негіздеу және пайдалануды жоспарлау
Алматы облысы Көксу ауданы «Үйгентас» ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану
Пәндер