“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ”


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ”

“ЗАҢТАНУ” МАМАНДЫҒЫ - 050301

Орындаған:

ЗТ- 06, СОАБ тобының студенті Нүрғалиева Қ. Т.

Ғылыми жетекшісі:

Оқытушы Хусаинова А. Б.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6 б.

І. МЕМЛЕКЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамасы . . . 10 б.

1. 2. Мемлекеттік басқарудың обьективтік қажеттілігі . . . 12 б.

1. 3. Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары . . . 17 б.

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖҮЙЕСІ

2. 1. Мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы . . . 31 б.

2. 2. Мемлекеттік басқару обьектілері мен субьектілерінің жүйесі . . . 39 б.

2. 3 Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістері . . . 43 б.

ІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1. Басқаруды құқықтық реттеудің маңызы мен негізгі әдістері . . . 48 б.

3. 2. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері . . . 52 б.

3. 3. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері . . . 58 б.

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63 б.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН

ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . 65 б.

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі . «Қазақстан-2030» Стратегиясында мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарту мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет неғұрлым маңызды және жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен айналысып, әрбір министрлік пен басқарушы орган өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылу арқылы өз жұмысын жетілдіре беруге міндетті болды.

Соңғы жылдары мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету проблемасы көптеген қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың талдаулары мен пікірталастарының ерекше тақырыбына айналып, басылым беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселені шешу туралы көптеген пікірлер айтылуда және әртүрлі тәсілдер ұсынылуда. [1]

Солардың бірі ретінде қоғамдық-экономикалық жүйемізді одан әрі демократияландыру мәселесі қарастырылады. Бұл мәселелерді шешудің көпғасырлық әлемдік тәжірибесі бар екенін ескере отырып, оны ғылыми жағынан талдау мен пайдалы тұстарын өзімізде қолдану да бүгінгі күні өзекті проблемаға айналып отыр. Қазіргі экономикасы, ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды бұрынғысынша орталықтандыра берудің мүмкін еместігі және тиімсіздігі күн санап дәлелденіп келеді. Сондықтан да 2003 жылдың 4 сәуіріндегі Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария етілген Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында демократияны және жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелерінің жан-жақты көрініс табуы жәйдан-жәй емес. Онда елімізді демократияландыру мен тиімді басқару мәселелері қозғалып, соның ішінде саяси және құқықтық реформалардың басым бағытын қамтитын жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігін және оның қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту міндеттері қойылды. Осыдан барып мемлекеттік биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар туғызу басты мақсатқа айналды.

Елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы экономиканы басқару жүйесінің өзгеруіне әсер етіп, оны жетілдіре беруді бірбеткей орталықтандыру жүйесінің икемсіздігіне байланыстыра қарастыруды талап етіп отыр. Бұл талапты орындау аясында ұйымдастырушылық-басқарушылық өкілеттіліктерді еліміздің аймақтарына біртіндеп беру арқылы жергілікті мәселелердің тиімді әрі уақытында шешімін табуының, соның арқасында халық мүддесінің толығымен ескерілуінің негізгі жолдары іздестірілуде. Жергілікті басқаруды қалыптастыруды, дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз етпейінше және сол арқылы жергілікті мәселелер кешенін тиімді тетіктер көмегімен шешіп отырмайынша, тұтастай экономиканың тиімді дамуына қол жеткізу мүмкін еместігі де аян болып отыр. Осындай мәселелер күн тәртібіне қойылып отырғандықтан, оларды шешу жолдары мен тетіктерін ғылыми негіздеу керектігі туындайтыны түсінікті.

Дей тұрғанмен бұл мәселелер әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Оның, біздің ойымызша, екі басты себебі бар секілді. Біріншіден, жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде Қазақстан Республикасының Заңы (23 қаңтар 2001 ж. ) ресми қабылданғаннан кейін, бүгінгі тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ол заңның жүзеге асырылуы мен осы үрдістен туындайтын күрделі мәселелердің шешілуі барысында кездесуі әбден мүмкін қиындықтарды (олардың көбі жергілікті шаруашылық құрылымының сансыз ерекшеліктеріне байланысты болып келеді) уақытында еңсере жеңіп отыру әлгіндей басқарудың жетілдіру жолдарын күнілгері қарастырып, оның тетіктерін ғълыми тұрғыдан оңтайластыруды талап етеді.

Екіншіден, жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты басқарудың аражігін ғылыми тұрғыдан ашып беруге, сөйтіп екінші мәселенің шешілу жолдары мен тетіктері біріншісінікінен гөрі басқарақ екендігін дәлелдеуге жете көңіл бөлінбейді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру жаңағыдай жолдар мен тетіктерді ғылыми зерттеу объектісіне айналдыру арқылы жүзеге асар еді.

Зерттеу жұмысының пәні мен обьектісі . Қазақстандағы басқару жүйесін қарастыру барысында Қазақстандағы басқарудың құрылуын, тұрақтылығын қамтамасыз етілуін, дамуын анықтау.

Зерттеу жұмысының мақсаты . Мемлекеттің мәнін, мақсаты мен қызметі, мемлекеттік басқарудың обьективті басқарудың қажеттілігін анықтау, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппараты қалыптастыру және оның қызметін демократиялық (тиімділік) сипатта ұйымдастыру мәселелері, мемлекеттік қызметкерлердің қызметін арттыру. Бұл әрине мемлекеттің функцияларының толыққанды жүзеге асуы жатады. Ол дегеніміз қоғам мен саяси жүйенің тұрақтылығы, тұтастығы, бірлігі, қауіпсіздігі, сонымен қатар халықтың барлық топтарының мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды білдіреді.

Зерттеу жұмысының міндеттері . Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында егемендікке қол жеткізген Қазақстанға өз халқына лайықты әлеуметтік бағдардағы қоғам құрудың өзіне берілген тарихи мүмкіндігін ұтымды пайдалану міндетін дұрыс атқару керек болды. Сол кездің өзінде ақ елдің өркениетті деңгейі қоғамдық дамудың перспективалы бағыттарын ұстану қажеттілігін саналы түрде әрі ғылыми негізде анықтауға мүмкіндік берді. Осы бағытта құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканы құру идеялары, алдыңғы қатарлы елдерде ойдағыдай жүзеге асырылған оңтайлы тәжірибелер бағдарға алыну керек.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен ғылыми жаналығы. Қазақстанда қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеруі жергілікті басқарудың қалыптасуы мен дамуына да тікелей әсер етіп келеді. Соған байланысты экономиканы мемлекетгік басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде жергілікті басқаруды қалыптастыру мен оны дамыту бағытында жүргізілген ғылыми жұмыстар баршылық. Әсіресе аймақтық экономика, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті шаруашылық құрамында өндіріс орындарының алатын рөлі және т. б. проблемаларды қамтитын ғылыми еңбектер аз емес. Ғылымның осы саласы АҚШ, Франция, Голландия жэне Ресей мемлекеттерінде жақсы дамыған деп айтуға болады. Дәл осы жергілікті шаруашылық пен қауымдастықты дамыту, оларды басқару мәселесімен айналысатын Висконсин штаты Университетінің профессоры Рон Шеффердің еңбектері ерекше атап өтуге тұрарлық. Ал, Ресей оқымыстыларының ішінде В. А. Баранчиков Л. А. Велихов, А. Г. Воронин, М. Д. Загряцков, Б. М. Котилко, В. А. Лапин, А. П. Ларькина, А. Ф. Малый, А. А. Мироедов, Н. В, Постовой, А. Т. Тертышный, А. Н. Широков, Ю. В. Филиппов, С. В. Федин және тағы басқалардың жарық көрген жұмыстарына көңіл аудару ләзім.

Осы аталған бағыттарға қазақстандық ғалымдар А. Алибаева, А. С. Абдуллаев, К. Б. Бабагулов, Н. Ж. Бримбетова, Ө. Қ. Есқараев, Ж. М. Елубаева, Р. К. Жоламан, Ж. О. Ихданов, М. Б. Кенжегузин, Н. К. Кучукова, Қ. Н. Келімбетов, Н. К. Мамыров, М. М. Махмутова, А. Молдашев, Б. А. Палымбетов, А. Х. Раимбаев, Д. Шыныбеков және тағы басқалар өз зерттеулерін арнаған.

Теориялық негіздері және тәжиребілік мәні .

Дипломдық жұмыстың теориялық негіздері және практикалық тәжиребілік мәні қазіргі уақыттағы мемлекеттік басқару институтына қатысты теориялық және тәжірибелік мәселелер қарастырылады.

Жұмысты зерттеудің әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмысты зерттеудің методологиялық негізіне мыналар жатады: зерттелетін проблемалардың шын мәніндегі процестермен заңды байланыстарын бақылап отыруға мүмкіндік беретін материалистік диалектика; білімнің жалпы ғылыми комплексті тәсілі ретіндегі білім теориясы; қоғамдық құбылыстардың эволюциялық дамуына негізделген эволюциялық теория.

Сондай-ақ, дипломдық жұмысты зерттеу барысында мынадай жеке-ғылыми әдістер қолданылды: тарихи, жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, формальды-логикалық, статистикалық, болжамдық.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмысымның бірінші бөлімі теория - методологиялық бастамасынан - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жалпы сипаттамасынан, мемлекеттік басқарудың обьективтік қажеттілігінен тұрады. Екінші бөлімі мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымынан, Мемлекеттік басқару обьектілері мен субьектілерінің жүйесінен, мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістерінен тұрады. Үшінші бөлімде басқаруды құқықтық реттеудің маңызы мен негізгі әдістері мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелерін атап көрсетемін.

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамасы.

Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікір талас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.

Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшлік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді.

Мемлекет қызметінінің маңызды бағыты адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал ададардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының обьектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі аумақта өмірді соның ішінде экокмикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгілеген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және оларды өзара іс-әрекетің қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылыуының белгілі бір тәртіптік жүйесі. Осыған сәйкес, біріншіден, ру тайпалық қарым қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрымым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қауымдастығын құрады.

Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдарды, оның ішінде азаматтығы жоқ тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын біріктіретіндіктен ол барлық адамдар қауымдастығын қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттары объективті түрде білдіреді. Дамудың әр кезеңінде біржағынан адамның құқықғы мен бостандығын қамтамасыз ету, оның шығармашылық қызметіне еркіндік беріп, белсенділігін арттыратын, екінші жағынан қоғамға белгілі бір ұйымдасқан бастау енгізіп, жеке адамдардың қызметін тәртіпке келтіретін мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің міндеті болып табылады. Әдетте, мемлекет ешнәрсе өндірмейтіндіктен өздігімен мәселелерді шеше алмайды деп есептесе де, ол барлық қоғамның, материалдық, әлеуметтік, рухани игіліктерді өндіру және тұтынумен айналысатын аддамдардың проблемеларының шешілуіне ұйымдастырушылық яғни құқықытқ негіз қалап, қамтамасыз етеді.

Мемлекет үшін ең алдымен, өз халықының ұлттық мүддесін білу, оның әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады. Сондықтан мемлекеттік ұстанымдарға міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері арқылы ғана қалыптасып, бекітілетіндігін атап көрсету ләзім. Мемлекет өзінің органдары арқылы заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, оларды ңжүзеге асуын әкімшілік және заңнамалық әдістер арқылы қамтамасыз етеді. Бұл орайда мемлекет заңды монополияға ие және оны орындату барысында, керек болса, мәжбүрлеу тәсілінде қолданатынын баса айту керек.

Мемлекеттің мәні, сонымен қатар, өз мақстаттары мен қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппараттарын ортақ қажеттіліктерді, мүдделерді мақсаттарды айқындаумен және қоғамның мемлекеттік құқықтық нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір жағдайда ұйымдастырып, оларды қолдайтындығында. Бұл аппараттың күрделі құрылымы мен жанжақты бағытталған қызметі болуға тиісті. Оның бір бөлігі заң шығару қызметімен, заңдардың орындалуымен және сот ісін жүргізумен айналысса, екінші бөлігі мемлекеттің ішкі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын, оның әлемдік қауымдастықпен өзара қарым қатынасын қамтамасыз етеді. Аппаратың жағдайы оның қоғаммен байланысы немесе одан алшақтауы, оның көлемі және иерархиялық құрылымы, қызметкерлерінің сапасы және көптеген басқа да параметрлері мемлекет, қоғам және мемлекеттік басқару үшін өте маңызды. [2]

Ғылыми әдебеттерде кездесетін мемлекеттің көптеген анықтамаларының ішінде келесі екеуіне тоқтап өтуге болады. Біріншісі, мемлекетті ең кең мағынада: адамдар қауымдастығы ұйымының жоғарғы нысаны ретінде, ортақ жоғарға билікке бағынатын адамдардың саяси одағы ретінде, біріңғай ерікті білдіру, жалпы мүдделерді қамтамасыз ету, сондай ақ адамның құқығы мен бостандығын қорғау негізгі мақсаты болып табылатын ұйым нысаны ретінде сипаттайды. Екніші түсінікке сәйкес, мемлекет адамдардың іс әрекеті мен тіртібін реттейтін саяси және құқықтық байланыстар мен қатынастардың жүйесі. Басқаша айтқанда, ол саяси құқықтық институт, саяси билік ұйымын құратын әлеуметтік институттардың жүйесі. Мемлкетті институционалдық тұрғыдан қарастыратын бағыт оны қоғамдағы адамдардың тәртібін анықтайтын нормалар жүйесімен байланыстырады. Осыған орай испан саясаттанушысы Л. Санистеван былай деп жазады: шындығына келгенде мемлекет «небары нақты уақыт шеңберінде орын алатын әлеуметтік тәртіпті заңдық тұрғыдан реттеудің бір түрі».

1. 2 Мемлекеттік басқарудың обьективтік қажеттілігі.

Қоғамды мемлекеттік басқарудың обьективті қажеттілігі жалпы тарихи және әлеуметтік саяси, сонымен қатар нақты қоғамның тек өзіне тән факторлардан туындайды. Аталған факторлардың бірінші тобы мемлекет болмысымен байланысты.

Қазіргі ғылыми деректеоге сәйкес алғашқы мемлекет адамдар қауымдастығының өмір сүру шартына айналған еңбек қызметінің жаңа нысандарын, өндіруші экономиканың қызмет етуін ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету үшін пайда болады, деп жазады профессор А. Венгеров. Осыдан келіп, ең алдымен қоғамға ақпараттық қызмет көрсетуді көздеген басқарушылық функция туындайды. Қоғамнан негізгі кәсіби ұйымдастырушылық қызмет көрсету болып табылатын адамдар тобы бөлініп шығып, көптеген басқарушылық лауазымдар пайда болды: жұмысты басқарушылар, әскери басшылар, есепшілер және т. б. Бұл топ мемлекет аппаратын алғашқы бюрократияны құрды. Уақыт өте келе қоғамның әртүрлі топтарға жіктелуі осы топтардың мемлекетті жайлап алуына және өз мүдделеріне бейімдеуіне әкелді.

Топтар мен жіктерге әлеуметтік бөліну және оларға тән қарама қайшы мүдделер мен қайшылыққа толы өзара қарым қатынастар мемлекеттің саяси функциясына қоғамдық және әлеуметтік қатынастарды реттеуге деген қажеттілікті туғызады. Мемлекеттік аппаратта ерекше дәрежелі топтар шоғырланғандықтан әлеуметтік реттеу функциясы негізінен осы топтардың халықтың қалған бөлігіне үстемдік орнатуын қамтамасыз етіп отырды. Осы функцичны орындау сәтінен бастап мемлекет саяси институтқа айналады.

Қоғам мүшелерінің жүріс тұрысының, тәтібінің жалып ережелерін бекіту және қатаң сақтау, сондай ақ қоғамға қажетті қызмет түрлерін ұйымдастыру мен реттеу мемлекеттің пайда болу мен даму кезеңінен бергі негізгі міндеті болдып табылады. Аталған қауымдастықтың аумағын қорғау функциясында үнемі атқарып отырған.

Мемлекеттік басқару саяси бірлестікке біріккен адамдардың ортақ ерік мүддесін білдіретін орталықтандырылған билік арқылы жүзеге асты. Халық саялайтын немесе билікті мұрагерлікпен алатын беделді тұлғалар тобы тіелей билікке ие болды.

Бүгінгі таңда аталған факторлардың ешқайсысы да ұтымды басқарудың заңды негізі ретінде өз мәнін жоғалтқан емес. Керісінше, олар күрделене түсуде. Қоғамның көпетеген басқа да объективті қажеттіліктері қалыптасты, ал ол қажеттіліктерді кез келген мемлекет тек адамдардың біріккен қызметі мен қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін және формаларын саналы түрде ұйымдастыру мен басқару арқылы қанағаттандыра алады. Осыған орай ғылым мен техника саласындағы, ақпараттар жүйесіндегі жаңалықтар бірінші кезекте адамның қауіпсіздігін, оның өмір сүру ортасын сақтау мәселесін алға тартып отырғанын айта кеткен жөн. Қоғамның жаңа өндірістік техникалық және экономикалық базисі әлеуметтік құрылымның, қоғамдық еңбек бөлінісінің, әлеуметтік институттардың, адам қажеттіліктерінің мазмұны мен құрылымының, олардың арасындағы байланыстың сапалы тұрғыдан өзгеруіне себеп болды, жаңа қарама қайшылықтар мен қақтығыстар туғызды. ХХ ғасырдың екінші жарытысы мемлекеттердің адам құқығы мен бостандықтарын қорғау мәселелерін шешуге басты назар аударып, әлемнің көптеген елдерінде демократиялық режимдердің орнығуы мен даму кезеңдері болып табылады.

Әр бір ел үшін аталған мәселелердің белігілі тарихи кезеңменбайланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Егер басқарушы күштер өз қызметтерінде жалпы даму заңдылықтарын білуді басшылыққа алуға қабілдеттілік танытпаса, сондай ақ өздері басқарып отырған халықтың жағдайын, даму деңгейін, дәстүрін, оның үміттерін ескермесе онда қоғамды басқару өзінің алдына қойған міндеттерін толық атқара алмайды.

Мемлекетті басқаруды тарихи даму кезеңдеріне орай қарастырып, бағаласақ жинақталған теориялық және практикалық ілім-білімге толы екенін байқаймыз. Мемлекеттік басқарудың элементтерін тоқталатын болсақ, әлеуметтік-экономикалық, саяси, этикалық және психологиялық тұрғыдағы көзқарастары басқаруды қоғамдық құбылыс түрінде көп қырлы категория ретінде қарастыруға болады. Нарыққа байланысты өркениетті елдердегі басқару жүйесіне біте қайнасып кеткен мәдениеттілік және моральдық категориялардың көрінісі, басқару этикасы біздің мемлекеттің қоғамдық, экономикалық элементтеріне жатқызуға болады. .

Осы жайлардың басымдық бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында айқындалып, мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін, орталық, жергілікті атқарушы билік органдарын қайта ұтымды құру жөніндегі қағидалар мен ережелерді және осьған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдірілуін көздейтін жолдары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Негізінде, мемлекеттік басқаруды (басқарушы қызметті) жүзеге асыру атқарушы билікті жүзеге асыру болып саналады. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыан орай, мемлекетті қажет деп тапсақ, биліктердің бөліну принциптерін мойындасақ, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барын бағалауымыз қажет. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады. [3]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әсерлесуі
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы мәлімет
Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
Саяси жаңару туралы түсінік
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Ойлау
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Жер қатынастары қоғамдық қатынастардың маңызды бөлігі
Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері
Мемлекет туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz