Нарықтық экономикадағы факторингтік операцияның маңызы
Кіріспе:
1. Нарықтық экономикадағы факторингтік операцияның маңызы.
1.1 Коммерциялық банктерде факторингтік операцияны ұйымдастыру жүйесі.
1.2 Факторингтік операцияның төлем көрсету қызметінің құралдары.
2. Факторингтік операцияны экономикалық талдау.
2.1 Банктер мен кәсіпорындар арасындағы факторингтік байланыс.
2.2 Фактор фирма тұтынушы кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдауы.
3. Факторинг қызметін жетілдіру мақсатындағы: факторинг . қаржылық маркетингтің тиімділігі жоғары формасы ретінде.
Қорытынды:

Нарықтық экономика жағыдайындағы банк ісі барлық елде шешуші рөл атқарады. Оның себебі,банктер, қоғамның экономикалық өмірінде ақша қозғалысын байланыстырушы буын, несие – есеп айрысу қатынастарындағы делдал болып қатысады, ақша, валюта, төлем жасау, факторинг, операциялары және т.б. салада көптеген қызметтер көрсетеді.
Банк ісін қаржы – несие жүйесінің мамандары, сол сияқты қаржы менеджерлері, кәсіпорындардың басшылары, заңгерлер және қарапайым азаматтар оқып үйренулері қажет. Өйткені, банк ісін білу банктердің клиенттерімен өзара қатынасын неғұрлым сапалы түрде құруға мүмкіндік бере отырып, әріптестіжақсарта түседі.
«Банк ісі» пәні – экономика және қаржы ғылымдарының маңызды бөлімі болып табылады, банктің өз бағалы қағаздарының, ақша, несие және қор биржаларының қызметімен байланысты қатынастарды зерделейді.
Банк ісі макроэкономикамен және микроэкономикамен байланысты. «Ақша, несеи және банктер», « Бағалы қағаздар нарығы», пәндеріне сүйенеді.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг ағылшыннан аударғанда - агент, делдал дегенді білдіреді. Факторинг алғашқы кезде ХХ ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ – та пайда болып, кейінен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылады. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25 – 30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастады. Факторинг 80 – жылдардың орта- сында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90 – шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялар-дың бүгінгі көлемі ( ішкі және халықаралық факторингті қос-қанда) мынадай: Еуропа – 56 %, Америка – 30 %, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер – 13 %, Африка – 1 %.
Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда – комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде Факторингтік компания клиенттердің шотын 90 % - ға дейін төлеу шартымен сатып алады.

1. Мельников В.Д , Ильясов К.К. учебник: Финансы – Алматы 2001 год.
2. Сейткасымова Г.С. Денги, Кредит, Банки, Экономика, Алматы 1999 год.
3. Кеулімжаев Қ.К. , Әжібаева З.Н. Құдайбергенов Н.А. Жантаев А.Ә. оқу құралы: Қаржылық есеп. Алматы 2001жыл.
4. Статетически ежегодник. Алматы 2005 год.
Бисенғазиев Коммерциялық банктер факторлық несиені дамыта отырып, өзінің операцияларын кеңейтуге, пайда көлемін ұлғайцтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкіндіктер алады.
5. Бисенғазиев М.Б. Хамитов А.Ш. оқу құралы: Кәсіпкерлік негіздері. Орал 2001жыл.
6. Мейірбеков А.Қ. Әлімбетов Қ.Ә. оқу құралы: «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2003жыл.
7. О.И. Лаврушина. Учебник: «Банковское дело» Масква 2000год.
8. Колесникова В.И. учебник «Банковское дело» Масква 2003год.
9. Соколовой О.В. учебник: Финансы, деньги, кредит. 2001год.
10. Бержанов С.А. Валютная система: Валютный рынок и валютные операции. Учебное пособие НЦКУС «Каракалпакстан». 1996год.
11. Уткин Э.А. Банковский маркетинг. М. 1995год.
12. Мадиярова Д.М. Основы современного банковского дела.Алматы,1997год.
13. Банки и банковские операции. / Под. Ред. Проф. Е.Ф. Жукова – М: Банки ибиржи. 1997год.
14. Современный маркетинг. В.В. Хруцкий, И.В. Корнеева и др. – М: Финансы и стстистика.1990год.
15. Банки ибиржи . 1997год.

Мазмұны.
Кіріспе:
1. Нарықтық экономикадағы факторингтік операцияның маңызы.
1.1 Коммерциялық банктерде факторингтік операцияны ұйымдастыру жүйесі.
1.2 Факторингтік операцияның төлем көрсету қызметінің құралдары.
2. Факторингтік операцияны экономикалық талдау.
2.1 Банктер мен кәсіпорындар арасындағы факторингтік байланыс.
2.2 Фактор фирма тұтынушы кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін
талдауы.
3. Факторинг қызметін жетілдіру мақсатындағы: факторинг – қаржылық
маркетингтің тиімділігі жоғары формасы ретінде.
Қорытынды:
Кіріспе:
Нарықтық экономика жағыдайындағы банк ісі барлық елде шешуші
рөл атқарады. Оның себебі,банктер, қоғамның экономикалық өмірінде
ақша қозғалысын байланыстырушы буын, несие – есеп айрысу
қатынастарындағы делдал болып қатысады, ақша, валюта, төлем жасау,
факторинг, операциялары және т.б. салада көптеген қызметтер
көрсетеді.
Банк ісін қаржы – несие жүйесінің мамандары, сол сияқты қаржы
менеджерлері, кәсіпорындардың басшылары, заңгерлер және қарапайым
азаматтар оқып үйренулері қажет. Өйткені, банк ісін білу
банктердің клиенттерімен өзара қатынасын неғұрлым сапалы түрде
құруға мүмкіндік бере отырып, әріптестіжақсарта түседі.
Банк ісі пәні – экономика және қаржы ғылымдарының маңызды
бөлімі болып табылады, банктің өз бағалы қағаздарының, ақша, несие
және қор биржаларының қызметімен байланысты қатынастарды зерделейді.
Банк ісі макроэкономикамен және микроэкономикамен байланысты.
Ақша, несеи және банктер, Бағалы қағаздар нарығы, пәндеріне
сүйенеді.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің
бір түрі – факторинг. Факторинг ағылшыннан аударғанда - агент,
делдал дегенді білдіреді. Факторинг алғашқы кезде ХХ ғасырдың аяқ
кезіне таман АҚШ – та пайда болып, кейінен өнеркәсібі жағынан
дамыған Батыс Еуропада қолданылады. Әсіресе коммерциялық банктер
факторингті соңғы 25 – 30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастады.
Факторинг 80 – жылдардың орта- сында Батыс Еуропа елдеріндегі
тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90 – шы
жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті.
Факторинг операциялар-дың бүгінгі көлемі ( ішкі және
халықаралық факторингті қос-қанда) мынадай: Еуропа – 56 %, Америка
– 30 %, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер – 13 %,
Африка – 1 %.
Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін
қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін
уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және
ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын
сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен
ұштасатын, сауда – комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл
жерде Факторингтік компания клиенттердің шотын 90 % - ға дейін
төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг деген тауарларды немесе қызметтерді жабдықтау-
шыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің
мақсаты - кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі
болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы
дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімсдеріне басты көңіл
аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің
фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар
арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер
мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағылшын тілінен factor , аударғанда
маклер, делдал деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан
алғанда бұл – делдалдық операция.
Факторинг - жабдықтаушы – клиенттің жабдықтаған тауары мен
көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот – фак-
турасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық
операция.
Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқор-
дың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қа-
луына байланысты тәуекелге барады.
1.Нарықтық экономикадағы факторингтік опера-цияның маңызы.
Факторинг (ағылшыншыдан аударғанда – агент, делдал дегенді білдіреді)
клиенттің айналым капиталына несие берумен үйлесетін сауда – делдалдық
(комиссялық) операциялардың бір түрі болып саналады. Факторинг кез келген
өзінің формасында тауарлар мен қызметтерді өткізу процессінде, яғни
клиенттің дебиторлық берешегіне инкасса қою кезіндегі өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы туындайтын төленбеген есеп айырысу құжаттарымен
(шот – фактуралармен) байланысты болады.
Банктің жабдықтаушыдан тиеп жөнелтілген есеп – құжаттарын (шот -
фактурасын) сатып алуды және жабдықтаушының өнімдерді сатып алушыдан
төлемдерді талап ету құқығын банкке беруі факторингтік (факторлық)
операциялардың негізіне жатады. Сондықтан да факторингтік операцияларды
сондай – ақ жабдықтаушылардың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға
факторингтік несие беруі деп атайды.
Факторинг алғашқы мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы
ретінде пайда болып, одан кейінірек – сауда банктерінің операциясын
білдіретін болды. Ол сондай – ақ ХVI – XVII ғасырлардың өзінде – ақ
белгілі болған еді. Бірақ, өткен жүз жылдықтың 60 –шы жылдары ғана
факторлық операциялар коммерциялық несиені вексель формасына ауыстырды
және өнімдерді өткізу процессінде қызмет көрсету үшін кең түрде
қолданыла бастады. Бұл инфляциялық процесстердің күшеюімен және бір-
сыпыра елдер экономикасының тұрақсыздығымен байланысты туындады.
Мұндай жағдай өнімдерді неғұрлым тез өткізуді, яғни капиталды
тауар формасынан ақшаға ауыстыруды талап етті.
Банктер олармен тығыз байланыста корпорациялар мен
фирмаларға олардың контрагенттерінің несие төлеу қабілеттігі
туралы деректерді береді, есептерді (счеттарды) тездетіп төлеуге
әсерін тигізеді, берешектерді өтеуге кепілдік береді, банкпен
достықтағы фирмалардың арасындағы дауларды олардың талаптарын
орындау үшін клиенттерге қысым көрсетеді. Соңғы екі он жылдықта
кең даму алған факторинг немесе факторлық несие коммерциялық
несиенің қазіргі заман талаптпрына бейімделген өзіндік үлгідегі
түріне айналды. Тауар сатушы үшін коммерциялық несиенің
факторлық несиеден өзгешілігі, сатқан тауары үшін оның төлемді
қол ақшалай түрде, ал сатушы несиеге сату кезінде тек вексель
ғана алынатындығынан тұрады.
Коммерциялық банктер факторлық несиені дамыта отырып,
өзінің операцияларын кеңейтуге, пайда көлемін ұлғайцтуға және
клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкіндіктер алады.
Факторингтің екі түрі өмір сүреді: конвенциялық (ашық) және
конфиденциалдық (жабық).
Конвенциялдық факторинг кезінде жабдықтаушы өзінің шоттарында
(счетында) тлаптың (требование) фактолр фирмаға сатылғандығын
көрсетеді. Конфиденциалдық факторинг кезінде жабдықтаушы
контрагенттердің ешқайсысы факторлық компания арқылы сатуға оған
несие беру туралы хабардар етілмеген. Сондқтан да факторингтің
конфиденциалдық операцияларының құны конвенциялыққа қарағанда
жоғары және басқа банктік несиелерден маңызды түрде қымбат.
Факторлық операциялар өнімдерді экспорттау кезінде кең
дамуға ие болды. Экспорттық факторинг жағдайында клиент өзінің
есептері (счеттары) бойынша барлық төлемдерді алуға 100%
кепілдікті пайдаланады.
Нарықтық экономикалы елдерде факторингтік операциялармен,
нгізінен, банктермен тығыз байланысты немесе олардың еншілес
филиалдары болып саналатын арнйы факторлық компаниялар айналысады.
Батыс еуропа елдерінде жүзеге асырылатын классикалық
факторинг, жеткізілген өнімдер үшін төлемдерді (30 дан 90 күнге
дейін) кейінге шгеру түріндегі коммерциялыцқ несиеге немесе ашық
есеп (счет) ретінде сатушы мен сатып алушы арасндағы несие –
есеп айырысу қатнастарының формасын қолдануға негізделеді.
Мұндай жағдайда жабдықтаушы оның мекен – жайына реттеуші
құжаттарды жөнелте отырып, өнімдерді сатып алушыға тиеп жөнелтеді,
ал берешек соммасын сатып алушы атына ашылған дебет есепке
(счетқа) апарады. Ашық есеп (счет) бойынша сатып алушы шартта
белгіленген мерзімде (ай саиын, тоқсанына бір рет немесе жарты
жылда) өзінің берешегін өтейді.
Сатып алушының ашық есеп (счет) блойынша жабдықтаушыға
несие беруі және ашық есеп (счет) формасында есеп
айырысуларды жүргізу, жабдықтаушыға ешкандай борыштық міндеттемелер
бемеген кездегі тауар құжаттарын алу кезінде өнімдерге
уақытылы төлем жүргізбеу мен немесе төлем жасамау тәуекелімен
байланысты болады. Мұндай жағдайларда контрагенттер арасындағы
қатынас бір жақ немесе екі жақ үшінде тәуекелге бару болып
саналады. Бұл тәуекелді факторинг компания (фактор – компания) өзіне
алады. Факторингтік қызмет көрсету берешектерге уақытылы
инкасса қоюға және төлемдерді кешіктіруден болатын шығындарды
азайтуға көмегін тигізеді; күдікті берешектердің пайда болуын
жойады; несиені басқаруда кәсіпорындарға көмек көрсетуді
қамтамасыз етеді; кәсіпорынның айналым жасауына және пайда
табуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қызметтің
табысты болуы үшін қолайлы жағдай туғызады. Факторингтік компания
төленбеген талаптардың меншік иесіне айнала отырып, оларды
төлемеу тәуекелін өзіне алады. Жабдықтаушы фактор фирмадан
төлемді белгіленген мерзімде ала отырып, соңғыдан оған белгілі
бір мерзімде есепті (счетта) төлеу кезінде жеңілдік (шегерім) алу
арқылы, өзінің кридиторларымен есеп айырысуларды жоспарлау мүмкін.
Есеп (по счету) бойынша тез арада төлем жасағаны үшін (немесе
сконто) жеңілдік батыс елдерінің көпшілігінде 3% құрайды.

Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың
несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына
байланысты тәуекелге барады.
Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері
өздерінің қарызын
өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме
алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы
айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің
есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге
міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің
төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім шартта көрсетілген
мерзімде тез арадақаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың
көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторинг компания (банктің факторинг бөлімі) -
өздерінің клиенттерінен шот – фактураны сатып алатын арнайы
мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) –
факторинг компаниясымен келісімшарт жасаушы өнеркәсіптік немесе
сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) - тауарды сатып алушы
фирма.
Факторинг мәмілесін ұйымдастыру төмендегідей жүргізіледі.
Факторингтік компания
(банктің факторинг бөлімі)
Өнімді төлеу Құжаттарды төлеу
Төлемді құжаттарын Төлем қабілетін талдау
сатып алу (несиелік қабілетін)
Жабдықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы
Факторингті ұйымдастыру сызбасы.
Факторинг мәмлесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы
жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания
немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық
және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг
компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған
жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық
шот – фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге
келісім алуға тиіс . Факторинг компаниясы барлық шот – фактурамен
таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды бұған 2-
3 күн мерзім уақыт қажет тетіледі. Факторинг компаниясы
төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Факторинг операциялары – банктер және арнайы ұйымдар арқылы
жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы
тиіс.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын
ескеру қажет:
• Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
• Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
• Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз
деп танылған кәсіпорындармен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
• Кәсіпорындардың филиялдары немесе бөлімдерінің міндеттемселері
бойынша.
Факторинг негізінен жебдықтаушы мен сатып алушының
арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының
қаржылық жағдайына, сондай – ақ оның сатып алушыларының төлем
қабілетіне үздіксіз бақылауын білдіреді.
Факторингтің ашық ( конвенционды) және жабық (конфедиенциалды)
түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге
факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар
етіледі. Жабық факторингте берешекке факторингктік келісім
шарттың болуы туралы айтып жеткізеді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг
туралы келісім шарт жасалады. Онда факторинг операциясының
мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері,
факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу
сыйақысының мөлшері, факторинг келісім – шартын бұзу жағдайлары
және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар жатады.
Факторингтік операциялардың түрлері:
Ішкі аядағы Ашық және
Операциялар жабық факторинг
Ақшалай
Қарызды
талаптарды
инкоссациялау
төлеу
Факторингтік
Операциялар
Қарыз бойын-
Несиелеу
ша талаптар-
ды алдын ала
төлеу
Клиентке
Жабдықтау-
қызмет
шының есебін
көрсету
ұйымдастыру
Несиелік Жабдықтаушының
тәуекелден есебінен
сақтандыру ұйымдастыру

Факторингтік қолдану төлемдер жасауды жеңілдетеді, берешектерді
өтеуге кепілдік береді, шоттарды жүргізу шығындарын төмендетеді
және сатып алушыда уақытша қаржылық қиындықтар болған кезінде,
төлемдердің жабдықтаушыларға уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.
Біздің еліміздегі коммерциялық банктердің факторлық қызмет
көрсетуі мынадай: факторинг бөліміне қажетті ресурстар меншікті және
қарызға алған қаржылардан құрылуы мүмкін. Олардың арасындағы ара
қатынасты банк басқармасы белгілейді. Факторинг бөлімі меншікті
қаржыны өзінің банкінен алады және алдағы уақыттағы оның өсімі
жүргізілетін операйиялардан алынатын пайдалар есебінен болады. Қарыз
қаржылар кәсіпорындардың қаржыларын тарту жолымен, басқа банктердің
депозиттерінен және өз банкісінің несиелерінен қалыптасады.
Клиенттерге факторлық қызмет көрсету шарттық бастаулар
негізінде жүзеге асырылады. Факторлық бөлім шарт жасағанға дейін
жабдықтаушының несие төлеу қабілеттілігіне талдау жасайды, оның
алдында берешектердің қаржылық жағдайы туралы ақпараттар
жинап, оны зерттейді. Жабдықтаушы фактор-лық бөлімнің позициясы
тұрғысынан факторингтік операциялар бойынша тәуекелдерді азайту
мақсатында келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1 сұраныспен және жоғары сапамен пайдаланылатын өнімдер
мен қызметтерді өндіру;
2 өндірістің тұрақты өсу қарқынына ие болу;
3 өндірілетін өнімдерді сатудың белгіленген тұрақты жағдайын
қолдану.
Факторлық бөлім сондай - ақ жабдықтаушының борыштық
талаптарының сапасы туралы ақпараттарды да зерттеуі тиіс. Осы
мақсатпен акцептен бас тарту жағдайлары , факторлық бөлімге жол
бере алмайтын талаптардың бөлігі; өткізу көлеміндегі маусымдық
ауытқулар; соның негізінде талаптар жазылатын құжаттар талданады.
Факторлық бөлім үшін қойылған тауарларды нақты тиеп жөнелту
алдында қойылған талаптар көбірек тәуекел етуді білдіреді. Сондықтан
да факторлық бөлім талаптардың өнімдерді тиеп жөнелтіп болғаннан
кейін немесе қызметтер көрсетіліп болған соң жазылуын қатаң
қадағалауы тиіс.
Жабдықтаушы факторингтік қызмет көрсетуге шарт жасау үшін
факторлық бөлімге беретін төлем талаптары туралы ақпараттарды
жөнелтуі қажет. Олар:
• әрбір төлем жасаушының аты мен мекен – жайы және оларға өнімді
сатудың жағдйы;
• барлық жол беретін талаптардың жоспарланатын сомасы;
• осыған дейін әрбір төлемшіде болған сомасы және олардың шоттарын
(счеттарын) тексеру туралы деректер;
• берешектерді өндіру бойынша сатып алушылар арасындағы есеп
айрысулардың жағдайына баға беру үшін қажетті өзге де ақпараттар.
Факторингтік бөлім бұл ақпараттарға талдау жасап болғаннан
кейін, төлем жасаушыларға, жабдықтаушылармен факторингтік шарт
жасағандығы туралы хабардар ететін арнайы хат жібереді немесе
егер, шарт толық қызмет кхөрсетуді қарамайтын болса, осындай
хабарлама жасау туралы жабдықтаушы өтініш жасайды.
Факторингтік қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны.
Факторинг бойынша көрсетілетін қызметтердің көлеміне қатысты
факторингтік шарттың екі түрі жасалады:
1. толық қызмет көрсету туралы шарт;
2. талаптарды күн ілгері төлеу туралы шарт.
Факторлық бөлімнің жабдықтаушыларымен жасаған шартында
мыналар көрсетіледі:
- талаптарға жол беретін сатып алушылар;
- жол берілетін талаптардың бақылау сомасы;
- аванстың шекті сомасы (әдетте есеп сомасының 80% - нан
аспайды);
- несие үшін пайыздық ставка;
- шот - фатураны өңдегені үшін делдалдық (комиссялық) алым
пайызы;
- егер талап одан аз сомаға түссе, делдалдық
(комиссиялық) алымның ең төменгі сомасы және басқалар.
Жабдықтаушы аталмыш факторлық бөлімнің келісімінсіз басқа
банктің факторлық бөлімімен шарт жасау құқығы жоқ екендігі айрықша
ескертіледі.
Толық факторлық қызмет көрсету туралы шарт әдетте
жабдықтаушы мен факторлық бөлім арасындағы тұрақты және ұзақ
контрактылар кезінде жасалады.
Әлемдік банк тәжрибесәнде әдетте факторинг бойынша шекті
сомманы белгәлеудің үш әдісі пайдаланылады.
Әрбір төлемшіге несие берудің мерзімі қалпына
келтірілетін лимиті белгіленеді. Мұндай жағдайда факторингтік
бөлім оның ішінде ғана жауапкершілік көтереді. Егер төлемшінің
берешек сомасы белгіленген лимит сомасынан асып кететін болса,
онда факторингтік шартқа сәйкес, төлемші төлем қабілетсіз
деп хабарланған кезде, жабдықтаушының берешегін өтеуге түсетін
барлық төлемдер бірінші кезекте, оған жабдықтаушы аударған
соманы толық қайтарғанға дейін факторингтік бөлімге түсетін
болады.
Жабдықтаушыға, бір ай ішінде (жүктерді тиеудің ай
сайынғы лимиті) бір сатып алушыға тиеп жөнелтетін жүктердің
шекті сомасы белгіленеді. Мұндай шара, клиент брешегінің
түпкілікті сомасына қатыссыз түрде, жабдықтаушыны күдікті
дебиторлық берешектердің пайда болу тәуекелінен сақтандыруға
мүмкіндік береді. Лимит ай сайын беріледі.
Егер жабдықтаушының өндірістік қызметінің ерекшелігі
ірі сомалар бірқатар жеке келісімдері болжайтын болса,
жекелеген келісімдер бойынша сақтандыру әдісі қолданылады.
Мұндай жағдайда, белгілі бір кезең ішіндегі таурларды
жеткізуге арналған тапсырыстң бүкіл сомасы шекті сома
саналады.
Факторингтік бөлімінің делдалдық (комиссиялық) сый ақысы
екі элементтен қалыптасады:
1. Берілген несие үшін ақы. Оның көлемі факторлық
бөлімнен төлем алу мен факторпингтік бөлімдегі жабдықтаушының
есебі бойынша күн сайынғы дебет қалдығы негізінде төлемшіден
түсетін төлемнің түсу күні арасындағы кезеңмен анықталады.
2. Көтерілген қызмет үшін ақы. Ол, әдетте, шот -
фактура сомасынан пайыз ретінде есептеліп шығарылады. Оның
көлемі өндірістік қызметтің көлемімен құрылымына және оның
сатып алушыларының несие төлеу қабілеттілігіне, факторлық бөлімінің
орындалатын жұмыстардың көп жұмысты қажет етушілігі мен
тәуекелді бағалауына қатысты болады. Регресс құқығы болған
кезде 0,2-0,5 пунктке жеңілдік жасалады.
2. Факторингтік операцияны экономикалық
талдау.
Нарықтық экономикаға өту қарсаңында еліміздің барлық
өндірістік саласында елеулі өзгерістер белең алғаны белгілі.
Нарықтың көп қырлылығына байланысты өнімнің бір түрінің
нарықтағы жағдайымен бүкіл нарықты сипаттау мүмкін емес. Бұл
мәселеде тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін көптеген
кәсіпорындардың түрлі кәсіби әдістерді қолдану арқылы
жүргізілетін түрлі қызметтерін атап айтқан жөн.
Кәсіпорындар мен коммерциялық банктер арасындағы байланыс,
кәсіпкерлердің қаржы орталықтарына жүгінуі, сырттан тартылған
инвестицияларды пайдалану, банктердің ұсынатын түрлі операциялары,
нарықтағы тағы басқа қарым – қатынастар барған сайын нарықта
кәсіптік қызметті, елдің экономикасын бір қалыпқа түсіре
бастады.
Коммерциялық банктердің ұсынатын факторингтік операциясы
тек кәсіпорындарға (өндіруші, жабдықтаушы) ғана тиімді болып
қоймай банктің өзіндік қажеттілігін қанағаттандырып (пайыздық
ставка, комиссиялық сыйақы) қана қоймай, тауар сатып алушы
тұлғаларғада (үшінші жақ) өте тиімді. Біз білетініміздей
факторингтік операция жүргізілген кезде кейінге қалдыру төлемі
(отсрочка) тиімді іс – шара болып табылады. Сатып алушы
(тұтынушы үшінші жақ) деркезінде өзінің қажеттілігін
қанағаттандырып, белгілі уақыттан кейін, келісілген шарт бойынша
кредиторлық борышын банкке (фактор фирмаға) төлейдлі.
Өз кезегінде жабдықтаушы фирма өндірілген тауарларын,
нақсыз (қолма – қолсыз) ақшаға сатып , дайын өнімдерін қызығушылық
білдірген кез – келген фирмаға, тұтынушыға өткізе алады.
Өндіруші (жабдықтаушы) мен тұтынушы фирма арасында келісімшарт
дайындалғаннан кейін, яғни факторингтік операцияға тұтынушы
фирма келісімін бергеннен соң, жабдықтаушы мен банк арасында
счет – фактура сату, яғни факторингтік операция орындалады.
Коммерциялық банктердің ұсынатын түрлі операциялары
арқылы көптеген нарық қатысушыларын коммерциялық байланысқа
түсіретіні белгілі. Бұл нарықтық байланыс экономикалық
тұрғыдағы көптеген мәселелерді өз кезегінде дұрыс шешімін
табуға өз үлесін қосады.
Факторингтік операцияылармен нарықтық экономикасы дамыған
елдерде әдетте банктермен тығыз байланыста болатын немесе
еншілес филиалы болып табылатын арнайы факторлық компаниялар
айналысады. Факторингтік Батыс европа елдерінде жүзеге
асырылатын класикалық түрі жеткізілген өнімнің төлем мерзімін
ұзарту түріндегі комерциялық несиеге негізделеді.
Шетел іс тәжірбиесі шағын және орташа кәсіпорындар үшін,
сондай - ақ келешекте өндіріс көлемі есебінде, алайда
дебиторлардан төлемдердің уақытылы түспеуінен ақшалай қаражатқа
мұқтаж қайтадан құрылған кәсіпорындар үшін факторингтің айрықша
тиімді болатындығын көрсетіп берді.
Факторингтік операцияның негізінде жөнелтекн өнімі үшін
жеткізушінің факторуа – счотын банктің сатып алу және
жеткізушінің банкттегі өнімді сатып алушыдан көлемді талап ету
құқын табыс етуі жатады. Сондықтанда факторингтік операция,
сонымен бірге, жеткізушінің сатуын несиелеу немесе жеткізушіге
факторингтік несиені беру деп аталады.
Факторинг бастапқыда мамандандырылған салда делдалдарының
операциясы ретінде, кейін сауда банктерінің операциясы ретінде
пайда болды. Осы заманғы талаптарға комерциялық несиенің өзінше
бейімделген түіне факторинг немесе факторлық несие жатады. Бұл,
әсіресе, соңғы екі он жылдықта жақсы дамыды. Тауар сатушысы
үшін комерциялық несиеден факторлық несиенің айырмашылығы мынада :
олар сатылған тауардың төлемін қолма – қол ақшамен алса, несиеге
сатуда сатушы тек вексель ғана алады. Жеткізуші алынған вексельді
банкте ескеріп, қолма – қол ақша алады, алайда, бұл қолма – қол
ақшаның сомасы фактура – шотты сату барасындағы сомадан кем

Банк (фактор фирма) кәсіпорындар мен факторингтік байлансқа
түспес бұрын, кәсіпорынның төлем қабіліттілігін, рентабельділігін
тексеріп, қаржылық анализ жасауы тиіс.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық
тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан
онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы
жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік – талдау әдебиеттерінде төлем
қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі.
Қаржылық талду бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі
ретінде кәсіпорыннң өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері
бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы О. С.
Ефимова төлем қабілеттілігі: кәсіпорнның өзінің ұзақ мерзімді
міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну
қабылданған,- деп жазады. (Фирманың қызметін қаржылық талду
кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның
ұзақ мерзіді қарыздарын ұқыты келген кезде өтеу
қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды.
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның
тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді.
Осылай,. шаруашылық қызметті талдау оқулығының авторлары
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел
міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу
қабілеттілігі түсіндіріледі деп есептейді. Бұл түсінікті М:Н:
Крейнина толығырақ баяндайды. Төлем қабілеттілігі, - днп жазады
ол, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы
қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы. Сөз, тек
қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді
қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем
қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер
бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз
іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Профессор В. В. Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның
қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз
уқытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін түсінеді.
Төлем қабілеттілігі,- деп жазады ол, - кәсіпорынның жедел
өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп
айрысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың
эквиваленттерінің болуы. Сонғы түсінікпен келісетін профессор
И. Т. Балабановтың анықтамасы. Төлем қабілеттілігі, - деп
жазады ол, - бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел
төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің
коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің
коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл
шаруашылық жүргізуші субъект төлем қаділетті екенін білдіреді.
Егер төлем коэффициенті бірден аз болса, онда талдау
процессінде төлеу қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау
керек.
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл
түсінікті профессор А. Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол
кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника
және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын
қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлерлердің еңбегінің
төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі
түсіндіріледі деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа
және дәлірек анықтамасын профессор В. П. Кондраков береді.
Оның пікірінше төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз
міндеттемелері бойынша есеп айрыса алу мүмкіндігі. Бұл
жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе фактор
фирмаға ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді,
ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу
мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенінің және қарыздың
мерзімінің өтеуіне байланысы, қсқа мерзімді қарыздармен
сәйкес келуі мүмкін және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ
мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына
жатқвзу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер штының Бас
жоспары несиелер 60 бөлімшксінің 601-603 синтетикалық шоттарының
әртүрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның
дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер
жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ
бұл үшін кәсіпорынның есеп айрысу, валюта және басқа да
шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде
ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал
болып таблады.
Қрыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге
кәсіпорында бар тауарлы - материалдық құндылықтардың қоры бола
алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориалық түрде қарыздарды өтеу
кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі.
Нақ осылай теориалық түрде, егер кісіпорынның ағымдағы
активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса,
Онда ол Қарыздарды өтеуге дайын деп есептеугк болады.
Бірақ, егер кәсірорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды
өтеуге бағыттаса, онда дәл сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz