Арал өңіріндегі топырағы тұзданған суармалы егіншілік жағдайында жаздық бидай өсіру технологиясын биологизациялау


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Бидай - дақылдар ішіндегі ең маңыздысы. Ол даражарнақтылар тармағына жатады. Қазақстанда бидайдың 6 түрі өсіріледі. Олар: еділдік бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай. Бұлардың ішінде жұмсақ және қатты бидай - Қазақстанда өсірілетін бидайдың негізгілері. Жұмсақ және қатты бидайдың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай - көктемде, күздік бидай - күзде егіледі. Жұмсақ бидай климат жағдайы қатаң аймақтарда, Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік аудандарында өсіріледі. Қатты бидай топырақ талғайды. Сондықтан, теріскей және оңтүстік облыстарда егіледі.
Бидай тұқымнан өседі. Бидай тұқымы дән (дәнек) деп аталады. Тұқымды егу әдісі - тар қатарлы және айқаспалы себіледі, тұқымды себу тереңдігі 5-6 см. Тұқымды себу нормасы -1 гектарға 160-250 кг.
Қазіргі кезде Қазақстанда бидайдың 30 - жуық сапалы сорттары аудандастырылған. Астық дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда Ақмола облысындағы А. Б. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми зерттеу (ҒЗ) институтының, Алматы облысындағы В. Р. Вильямс атындағы Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институтының және басқа да аймақтық селекциялық тәжірибе станцияларының ( мысалы Красноводопад, Қарабалық т. б. ) ғылыми қызметкерлерінің еңбектері зор болды.
Тек А. Б. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ҒЗ институтының ғылыми қызметкерлері соңғы жылдары жұмсақ бидайдың - 27, қатты бидайдың - 8, сұлының - 4, тарының - 4 сорттарын шығарды. Қазақстанда мәдени дақылдардың жаңа сорттарын шығаруда көрнекті селекционер ғалымдар - Н. Л. Удальскаяның, И. Әбуғалиевтың, Р. Оразалиев-тың, Б. Сариевтың т. б. еңбектері орасан зор.
Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы - бұл астық өндірісі. Сондықтан, астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады [1] . Ал, Арал өңірі (Қызылорда облысы) жағдайында ауыл шаруашылығын көтерудің негізгі бағыты - басты дақыл - күріш егіншілігін интенсивті дамыту. Бірақ, су ресурсының негізгі көзі Сырдария өзені суының азайып, жылдан - жылға су тапшылығының өсуіне байланысты егіншілікті дамытуды тек қана күріш өндіруді арттырумен байланыстыру аймақты азық - түлікпен қамтамасыз етуді қауіпсіздендіру тұрғысынан алғанда онша тиімді емес. Өйткені кейінгі кезеңдерде Арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл, оның биологиялық потенциалы жоғары [2, 3] .
Ерте жаздық дақыл - бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7] .
Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың егіс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы егіншілік жағдайында ( күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді. Осыған сәйкес, оңтүстік облыстар (мысалы, Қызылорда облысы) қатты және күшті бидайды немесе оның ұнын солтүстік аймақтан сатып алуда. Сондықтан егіншілікті әртараптандыру (диверсификациялау) бағдарламасына сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде жаздық бидайдың егіс көлемін 20-25 мың гектарға дейін ұлғайтып (бұл 1981-1990 жылдарғы егіс көлемі деңгейі), аталған дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ - климат жағдайы қолайлы, бірақ жайсыз кезеңдері де бар.
Ғылыми зерттеу мәліметтері және озат тәжірибе нәтижелеріне қарағанда [8-11] құрамында белок пен клейковина мөлшері көп дән алуға болады.
Дән құрамында белок пен клейковинаның көп жиналуына азот тыңайтқыштарының әсері үлкен, ал клейковина сапасы - өсу кезеңіндегі, әсіресе масақтану фазасынан кейінгі кезеңдегі ауа райына, яғни гидротермиялық коэффициентке ( ГТК) және сорт - NPK - ГТК факторларының өзара әсерлеріне байланысты.
Сонымен, бидай дақылының өнімділігін арттыру үшін минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін қолайландыру (оптимизациялау), морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтап, өсіру технологиясын жетілдіру ең өзекті мәселелердің бірі.
Жұмыстың мақсаты. Арал өңіріндегі топырағы тұзданған суармалы егіншілік жағдайында жаздық бидай өсіру технологиясын биологизациялау, бидай өнімі қалыптасуының агроэкологиялық негіздемесін тұжырымдап, ең жоғары дән өнімін беретін агроценоз параметрлерін белгілеу; Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісі жағдайында жаздық бидай өнімі мен дән сапасына минеральды тыңайтқыштар әсерін зерттеп, оны енгізу мөлшерін, тәсілдерін оптимизациялап оңтайландыру, осылардың негізінде дақылды өсіру технологиясын жетілдіру.
Жұмыстың міндеті. Егіншілікті әртараптандыру (диверсифика- циялау) бағдарламасына сәйкес күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайды
өсіру технологиясының морфофизиологиялық негіздемесін тұжырымдап, агротехникасын жетілдіру.
І. ЖАЗДЫҚ БИДАЙДАН ЖОҒАРЫ ӘРІ САПАЛЫ ӨНІМ АЛУДЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Бидай - әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60 %-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, В 2 , В б , РР, С, Д, Е, минеральды тұздар және басқа да заттар бидай дәні құрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [12-14] . Сонымен бірге, мал шаруашылығына керекті барлық құрамажем (комбикорм) құрамында бидай дәні бар.
Жұмсақ бидай дәніне қарағанда қатты бидай дәнінде белок көбірек. Бірақ жұмсақ бидайдың көптеген сорттарының дәні өте сапалы, оларды "күшті" бидай деп атайды.
Әлемдік стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13, 5 %-дан кем болмауы керек. Қазақстанда 1996-1999 жылдары өсірілген жаздық жұмсақ бидай сорттары дәніндегі белок мөлшері 12, 2-19, 8 % [15] ; клейковина мөлшері 21-31, 4 % аралығында болды [16] . Бұл әлемдік стандарт деңгейіндегі көрсеткіш. Яғни, Қазақстанда өсірілетін жұмсақ бидайдың комерциялық сорттары генетикалық тұрғыдан жоғары сапалы.
Бидай (Тriticum L. тустығы) астық (злак) тұқымдастығына (Gramineae) жатады. Қазіргі жүйелеу (систематикалау) бойынша (В. Ф. Дорофеев, 1980) Тriticum туыстығында 27 түр бар [17] . Олардың негізгілері соматикалық. клеткалардағы хромосомасына қарай 4 генетикалық топтарға бөлінеді [18, 19] .
Бірінші тобы - 14 хромосомды диплоиды бидай түрлері:
- Тriticum aegilopoides Link - жабайы бір дәнді бидай.
- Тr. Urarthu Tum- жабайы Урарту бидайы.
- Тr. monococcum L - бір дәнді мәдени бидай.
Екінші тобы -28 хромосомды тетраплоиды бидай түрлері:
- Тriticum chaldicum - Халд бидайы
- Тr. dicocoides (Rorn) . Ааг - жабайы қос дәнді бидай.
- Тr. Timjpheevi Zhuk - Зандури бидайы.
- Тr. Palaeo - colchicum Меn - қолғида қос дәнді бидайы.
- Тr. dicoccum Schubl - полва бидайы.
- Т. durum Desf - қатты бидай.
- Tr. aethiopicum Jakubz - Абиссиния бидайы.
- Tr. turgidum L. - тургидум бидайы.
- Tr. Carthlicum Nevski - карталы бидай.
- Tr. carthlicum Nevski - карталы бидайы.
- Tr. turanicum Jakubz - Туран бидайы.
- Tr. polonicum L, - Польша бидайы.
Үшінші тобы - гексаплоидты бидайлар.
- Triticum macha - Мах бидайы.
- Tr. spelta L. - спельта бидайы.
- Tr. aestivum L. - жұмсақ бидай.
- Tr. compactum Host - карлик бидай.
19. Tr. Sphaerococcum Perc - домалақ дәнді бидай.
20. Тr. Vavilovi Jakubz - Вана бидайы.
21. Тr. amplissifolium Zhuk - жалпақ жапырақты бидай
Төртінші тобы - октаплойдты бидай
22. Тriticum funicidum Zhuk - грибобой бидайы.
ТМД елдері аймағында, соның ішінде Қазақстанда бидайдың негізінен екі түрі - жұмсақ және қатты бидай кеңінен таралған. Аталған дақылдар ішінде, жұмсақ бидай ең көп егіс көлемінде өсіріледі.
М. М. Якубцинер классификациясы бойынша ТМД елдері территория-сында жұмсақ бидайдың 20-дан астам экологиялық топтары бар. Жұмсақ бидайдың негізгі түршелері 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. Жұмсақ бидайдың түршелері және негізгі сипаттамалары
Қылтықты
немесе қыл-дықсыздығы
Масақтың түктілігі
Lutescens АL-лютесценс
Қылтықсыз
Ақ
Түксіз
Аlbidum АL - альбидум
-*-
-*-
-*-
Міlturum АL - мильтурум
қызыл
-*-
Егуtгоspermum Коrn -эритроспермум
қылтықты
ақ
-*-
Ferrugineum АL-ферругинеум
-*-
қызыл
-*-
Сalsium АL - цезиум
-*-
Қара қошқыл қою қызыл
-*-
Ноstianum Сlem -
гостианум
-*-
ақ
түкті
Velutinum Schubl -велютинум
қылтықсыз
-*-
-*-
Вагbаrossa АL -барбаросса
қылтықты
қызыл
-*-
АІborubrum Коrn -альборубрум
қылтықсыз
-*-
түксіз
1. 1. Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық ерекшеліктері
Жаздық бидай бір жылдық өсімдік. Оның өсіп даму дәуірі сортына байланысты 70 -130 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп даму фазалары (кезеңдері) төмендегідей: 1) тұқымның өнуі; 2) өскіннің "тебеңдеп" шығуы; 3) үшінші жапырақтың пайда болуы; 4) түптенуі; 5) түтіктенуі; 6) сабақтануы; 7) дақылдың бас алып масақтануы; 8) дәннің сүттенуі; 9) қамырлануы; 10) дәннің толық пісуі.
Ғалымдардың пікірі бойынша [20, 21], астық тұқымдас злак өсімдігі, соның ішінде бидай - монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Өсімдіктерде жанама сабақтар мен қосымша буын тамырларының пайда болуы қысқарған буынаралықтарда, яғни буынында өтеді.
Бидай егісіне берілген минеральды, әсіресе азот тыңайтқышының тиім-
ділігі аймақтағы топырақ - климат жағдайына, әсіресе температуралық жағдайға тікелей байланысты. Атап айтқанда, орташа температура 16, 5-
25°С аралығында болғанда жоғары әрі сапалы өнім қалыптасты, ал масақтағы дәннің қалыптасып толысу кезеңінде температура 30-35°С - тан жоғары болса дақылдың пісу кезеңі тездетіліп, дән дұрыс толыспайды, нәтижесінде өнім төмендейді. Ауа райының орташа температурасы 1°С - қа көтерілген жағдайда жаздық бидай өнімі 10 % -ға дейін кеміген. Мұндай жағдайда, жаздың өте ыстық кезеңінен "қашу" үшін жаздық бидайды мүмкіндігінше өте ерте еккен дұрыс және бұл әдістеме Арал өңірінде де қолдануы керек.
Сонымен, жаздық бидай егістігіне минеральды тыңайтқыштар оптимальды мөлшерде енгізілгенде дән өнімі 50 % - ға дейін, ал жоғары өнімді сорттар егістігінде - 20-30 % - ға дейін артады [23-25] .
Жаздық бидайды өсіру технологиясының, соның ішінде әсіресе тыңайтқыштардың тиімділігін анықтағанда, дақыл өнімділігімен бірге дәні сапасының жақсарғанына да үлкен мән беру керек. Дән сапасын анықтаушы негізгі көрсеткіш - дән құрамындағы белок және клейковина мөлшері, өйткені дән құрамындағы протеин мен клейковина мөлшерлерінің арасында тікелей байланыс бар: дән құрамында протеин (белок) қаншалықты көп болса, клейковина мөлшері де осыған сәйкес артады [13, 26] .
Дән құрамындағы белок пен клейковина мөлшері және клейковинаның сапасы негізінен бидай сорттарының генетикалық ерекшелігіне байланысты. Әрбір аймақта қалыптасқан топырақ - климат жағдайында бидай сорттары өзінің генетикалық мүмкіндігін әртүрлі деңгейде іс жүзіне асырады . Мысалы, топырақ-климат жағдайына және қоректену деңгейіне байланысты бидай дәніндегі белок мөлшері 9 аралығында болады [15, 27-30] .
Бидай дәнінде белоктың жинақталуы деңгейін анықтайтын негізгі фактор - егістікті азотпен толық қатамасыз ету. Яғни бидай егісіне азот тыңайтқышын енгізу арқылы дәндегі белок мөлшерін арттыруға болады. Мысалы, суармалы егіншілік жағдайында бидай егісі ылғалмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенде төмендегідей жағдайлар болуы мүмкін [31, 32] .
1) егістікке азот аз мөлшерде (N 20-30 кг/га ә. з. ) берілгенде өнім артады, бірақ дәндегі белок мөлшері көбеймейді. Оның себебі - азот қорегі дақылдың вегетативтік массасын өсіріп, дәннің толысуын жақсартқанымен, ондағы белок мөлшері азаяды;
2) азот мөлшері N 40 кг/га ә. з. деңгейіне дейін және одан көбірек бер-
ілгенде дән өнімі де және ондағы белок мөлшері де артады. Бұл өте жиі кездесетін жағдай;3) азот тыңайтқышы дозасы одан әрі көбейтілген жағдайда дәндегі белок деңгейі артады, бірақ өнім көбеймейді, ал азот мөлшері өте көп болған жағдайда өнім керісінше азаюы да мүмкін [28, 33] .
Сонымен, А. Н. Павловтың [31] пікірі бойынша, қара топырақты емес аймақта өнімді арттыру үшін бидай егісіне N 90 кг/га ә. з. мөлшерінде азот тыңайтқышын енгізу керек, ал дәндегі белок мөлшерін 14 % -ға дейін және оданда көбейту үшін азот N 120 кг/га ә. з. дозасында берілген жөн.
Дән кұрамындығы белоктың өзгеруі және жинақталуы заңдылықтарын анықтаудың мәні үлкен. Өйткені осы заңдылықтарға сүйене отырып, әртүрлі топырақ - климат жағдайында жаздық бидайдан жоғары әрі сапалы астық алу технологиясын белгілеп өндіріске енгізуге болады.
Әртүрлі топырақ түрлері жағдайында өсірілген бидай дәніндегі белок деңгейін зерттеу нәтижесіне қарағанда, кәдімгі қара топырақты жерлерде белок мөлшері ең жоғары деңгейде болады, топырақта қарашірік (гумус) азайып, құнары төмендеген сайын белок мөлшері де азаяды, ал өте құнарсыз (күлгін) топырақтарда белок ең төмен деңгейде болды.
Әртүрлі топырақпен салынған лизиметрлік тәжірибеде, бірақ бірдей кли-маттық жағдайда белок нағыз қара топырақты жағдайда - 14-15 %, ал сұр, күлгін топырақты лизиметрлік тәжірибесінде - 11, 78 % болды [34] . Басқа ғалымдардың [35] зерттеу нәтижелері бойынша, шымды - күлгін топырақтарда фосфор, калий (РК) фонында азот тыңайтқышын N 60 кг/га ә. з. дозасында культивация астына беру және түтіктену (сабақтану) фазасында N30 мөлшерінде үстеме қоректендіру берілгенде жаздық бидай дәніндегі белок мөлшері 11, 3 % - дан 12, 3 % - ға дейін өсті.
Кейінгі жылдары (2001 ж. ) жоғары сапалы астық өсірілетін Қазақстанның солтүстік аймақтарының өзінде де дәндегі клейковиндік белок мөлшерінің азайғаны байқалды. Осындай жағдай Россия Федерациясында да (РФ) байқалды . Жұмсақ бидай дәніндегі клейковина мөлшері 1996 жылы -23-24%, 1997 ж. - 20 %, 1999 - 2000 жылдары - 21 % болды. Бидай дәніндегі белоктың орташа мөлшері 12, 7 % - ға дейін төмендеді. Яғни, жұмсақ бидайдан сапалы нан шығару қасиеті төмендеді. Бұл сол жылдарғы өсіру технологиясының бұзылуынан және ауа райы қолайсыз болып, жаздық бидайдың өсу дәуірі 1-2 аптаға кешігуінен болуы мүмкін [36] .
Суармалы жерлер жағдайында бидай өнімі артқанымен [37] дәндегі белок және клейковина мөлшері төмендейтіні байқалды. Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы суармалы егіншілік (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістері) жағдайында өсірілген бидай дәніндегі белок және клейковина мөлшері азайып, астық сапасы нашарлайды [38-40] . Осы аталған аймақтарда өндірілген бидай ұнынан сапалы нан пісіру (алу) мүмкін емес. Оған сапалы, күшті бидай ұнын араластыру керек. Яғни, Орталық Азияда өсірілген бидай өнімінің сапасы стандартқа сай емес.
Сондықтан Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдері, Қазақстанның оңтүстік облыс тұрғындары солтүстік облыстарында өсірілген қатты және күшті бидай дәні мен ұнын сатып алуға ынталы.
Ақуыз мөлшерінің азаюын көптеген зерттеушілер топырақтағы қара-шірік, азот және фосфордың аздығынан нитраттың жинақталу процесінің төмендеуінен деп түсіндіреді. Д. Н. Прянишниковтың пікірі бойынша дәндегі белоктың азаюының себептерінің бірі - суармалы жағдайда бидайдың вегетативті биомассасынан интенсивті құралып, көп мөлшерде болуы.
Бидай дәніндегі ақуыз мөлшерінің төмен болуының негізгі себептері -
азот қоректік элементінің топырақта аз болуына байланысты ал суармалы егіншілік жағдайында - дақылдың өсу дәуірінің және дәннің пісу мерзімінің ұзаруы нәтижесінде дәнде крахмал көбірек жиналады да, ақуыз мөлшері азаяды [38] .
Ақуыз бен клейковинаның азаюы нәтижесінде бидай дәні сапасының нашарлауы Поволжья аймағындағы суармалы егіншілік жағдайында да байқалды. Бірақ, минеральды тыңайтқыштарды, әсіресе азотты жеткілікті мөлшерде және уақтылы мерзімде енгізілген жағдайда дәндегі белок мөлшері артты. Бидай егісіне минеральды, әсіресе азот тыңайтқышын енгізу басқа аймақтарда да дәндегі белок және клейковина мөлшерін көбейтті. Мысалы, Батыс Қазақстан аймағында қолданылған минеральды (әсіресе азот) тыңайтқыштарының 1 кг - ның пайдалы әсері 3, 4 кг дәнді құрайды, ал дән құрамындағы белок бақылау деңгейінен 2, 5 % артты.
Астық тұқымдас дақылдар дәнінде белоктың жинақталуы олардың өсу дәуірінің екінші кезеңінде екі түрлі көздер арқылы іс жүзіне асады, олар: а) масақтану фазасына дейін бидайдың вегетативтік мүшелерінде (органдарында), әсіресе сабақтарында жинақталған азотты қайта пайдалану; б) дән толысу кезінде бұл қоректік элементтерді топырақтан тікелей қабылдап сіңіру. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда кештеу, бидайдың масақтану-гүлдену кезеңдерінде азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру өнімді арттырмайды, бірақ дәнде белок мөлшерін көбейтеді.
Суармалы жерлерде өсірілген бидай өсімдігінде көмірсулардың (углевод) жинақталуы күшейе түседі де, дән құрамында көмірсулар мен белоктардың ара қатынасы кері байланыста болады. Бірақ дән құрамындағы белоктың азаюы суармалы жерлерде ылғалдың жеткілікті болуынан емес, жоғары әрі сапалы өнім кұрау үшін қоректік элементтердің, әсіресе азоттың жетіспеушілігінен [38, 41, 42] .
Дән сапасының қалыптасуына азот, фосфор, калий қоректік элементтері-нің ара қатынасының әсері үлкен. Бидайдан жоғары әрі сапалы өнім алу үшін дақылдың азоттық қоректенуі фосфордан жоғары, яғни көбірек болуы керек. NPК тыңайтқыштарының қолайлы ара қатынасы 1, 50:1, 0; Топырақта азот аздау болған жағдайда бидай егісіне фосфор тыңайтқышын көбірек бергеннің өзінде де дән құрмында белок мөлшері көбеймейді, керісінше азаяды [43-45] .
Башқортстанда 15 жыл бойы жүргізілген тәжірибе материалдарына жасалған дисперциялық талдау нәтижелеріне [8] қарағанда, жаздық бидай дәніндегі клейковина мөлшеріне әртүрлі фактордың әсері төмендегіндей болды: әрбір жыл жағдайы - 76 %, тыңайтқыштар түрі, олардың ара қатынасы, мөлшері (дозасы) - 21 %, кездейсоқ факторлар - 3 % болды.
А. А. Завалин ж. б. [10] пікірі бойынша, факторлар қосындысы (әр жылдары қалыптасқан ауа райы, азот тыңайтқышы мөлшері және олардың өзара қатынасы) әсері шамамен 60 %, фактор "сорт" - 22 %. Азот тыңайтқышы мөлшері артуына сәйкес зерттелінген бидай сорттары дәні құрамында белок және клейковина деңгейі де өсті. Атап айтқанда, дән сапасының жақсаруы белок деңгейінің өсуімен байланысты, бірақ бұл көрсеткіш 16 % -ға жеткеннен кейін дәндегі клейковина сапасы, сонымен бірге дәннің технологиялық сапа көрсеткіштері де нашарлады.
Зерттеу нәтижелері [10] бойынша, бидай дәнінде белок пен клейковинаның жинақталуы азот тыңайтқышына (46 %) байланысты болды, ал клейковина сапасының жақсаруын өсу кезеңдеріндегі ауа райы (42 %) анықтады.
Жаздық бидай дәнінің сапасы "масақтану-қамырланып пісу" кезеңіндегі гидротермиялық жағдайға байланысты. Атап айтқанда, дән натурасы және мөлдірлігі гидротермиялық коэффициент (ГТК), жауын-шашын мөлшері және осы кезеңдегі температура қосындысымен корреляциялық байланыста, ал клейковина сапасы - "масақтану-пісу" кезеңі аралығында тәулік бойынша орташа температурамен өзара байланыста болады. Осыған сәйкес, бидай дақылын мүмкіншілігінше ерте және терең (5-6 см) себу жоғары әрі сапалы өнім алу кепілі.
Жоғары сапалы бидай дәнінің қалыптасуына минеральды, әсіресе азот тыңайтқышының енгізу дозасы, мерзімі және әдістерінің әсері бар. Яғни, азот тыңайтқышы мөлшері N 120-150 кг/га ә. з. деңгейіне дейін көбейтіп, түптену кезеңінде үстеме қоректендіру беру дән өнімін арттырып, сапасын жақсартады.
Кеш, масақтану - гүлдену кезеңінде берілген үстеме қоректендіру жаздық бидай өнімін арттырмайды, бірақ дән құрамындағы белок пен
клейковина мөлшерін көбейтеді [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz