Қазақстан Республикасының тұңғыш әскери доктринасы



1 Қазақстанның жаңа доктринасы
2 Әскери доктринаның құқықтық негізі
Қай мемлекет болсын өз жерін қолсоғушылықтан қорғауға қабілетті болған кезде ғана тәуелсіз бола алады. Бұған тарих сабақтары дәлел. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы күштерін құруға хақылы деп айқындаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы аталған міндетті шешудегі алғашқы қадам болып табылады. Бұл тарихи құжатқа Елбасы Н.Назарбаев қол қойған 1991 жылғы 16-шы желтоқсаннан бастап ел қауіпсіздігі егемен Қазақстанның басты міндеттерінінің біріне айналды.1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құру туралы» жарлыққа сәйкес, ел аумағындағы барлық әскери құрлымдар республиканың құзырына алынды да бұл өзіміздің Қарулы Күштерінің құрудың бастауына айналды. 1993 жылы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»,сондай-ақ «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдар пакетінің қабылдануы арқылы біздің мемлекетіміздегі әскери құрлыстың нормативтік-құқықтық базасы жасалды.1993жылы ақпанда тұңғыш Әскери доктрина қабылданды.Бұл құжат халықаралық ахуалдың күрт өзгеруі мен тәуәлсіз демократиялық мемлекет құрылысы жағдайында сол жылдары Қазақстандағы әскери құрылыстың негізгі бағыттарымен мазмұнын айқындайды. Сонымен қатар ол Қарулы Күштердің қалыптасуында оң рөл атқарды.Дегенмен, доктринаның көптеген баптары уақыт өте келе өзекті болмай қалды.Өйткені Қазақстандағы және оның айналасындағы ахуал түбімен өзгерді.Аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырып,ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жаңа факторлар пайда болды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Әскери доктринасын қабылдаған мезгілден бастап,елдің ішінде де елеулі өзгерістер болды;Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды,онда Қазақстан Республикасы Президентінің- Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының,сондай-ақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттері анықталды,Қазақстанның 2030жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді,елдің Қарулы Күштерінің өзі және басқа да әскерлері мен әскери құрлымдары сапалық өзгерістерге ұшырады

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қай мемлекет болсын өз жерін қолсоғушылықтан қорғауға қабілетті болған
кезде ғана тәуелсіз бола алады. Бұған тарих сабақтары дәлел. Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау
мақсатында өзінің Қарулы күштерін құруға хақылы деп айқындаған Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы аталған
міндетті шешудегі алғашқы қадам болып табылады. Бұл тарихи құжатқа Елбасы
Н.Назарбаев қол қойған 1991 жылғы 16-шы желтоқсаннан бастап ел қауіпсіздігі
егемен Қазақстанның басты міндеттерінінің біріне айналды.1992 жылғы 7
мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қол қойған
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құру туралы жарлыққа сәйкес,
ел аумағындағы барлық әскери құрлымдар республиканың құзырына алынды да бұл
өзіміздің Қарулы Күштерінің құрудың бастауына айналды. 1993 жылы Қазақстан
Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы, Жалпыға бірдей
әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы,сондай-ақ Әскери қызметшілер
мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау
туралы заңдар пакетінің қабылдануы арқылы біздің мемлекетіміздегі әскери
құрлыстың нормативтік-құқықтық базасы жасалды.1993жылы ақпанда тұңғыш
Әскери доктрина қабылданды.Бұл құжат халықаралық ахуалдың күрт өзгеруі мен
тәуәлсіз демократиялық мемлекет құрылысы жағдайында сол жылдары
Қазақстандағы әскери құрылыстың негізгі бағыттарымен мазмұнын айқындайды.
Сонымен қатар ол Қарулы Күштердің қалыптасуында оң рөл атқарды.Дегенмен,
доктринаның көптеген баптары уақыт өте келе өзекті болмай қалды.Өйткені
Қазақстандағы және оның айналасындағы ахуал түбімен өзгерді.Аймақтағы
жағдайды тұрақсыздандырып,ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жаңа
факторлар пайда болды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Әскери доктринасын
қабылдаған мезгілден бастап,елдің ішінде де елеулі өзгерістер
болды;Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды,онда
Қазақстан Республикасы Президентінің- Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас
қолбасшысының,сондай-ақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселелері жөніндегі мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттері
анықталды,Қазақстанның 2030жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді,елдің
Қарулы Күштерінің өзі және басқа да әскерлері мен әскери құрлымдары сапалық
өзгерістерге ұшырады.Қазақстанның әскерін құру іс жүзінде тақыр жерден
басталды және Қорғаныс министрлігінің өте күрделі ұйымдастыру мәселелерін
шешуіне тура келді.Қысқа мерзім ішінде Қарулы Күштерді басқару жүйесі
құрылды.Бұл оңай болған жоқ.Қазақстан КСРО-дан қалған ядролық қарудан бас
тартып,ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.Аймақта ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі жұмыстардың аясында Қазақстан ТМД-ға
қатусышы мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына қосылды.Қарулы
Күштердің жаңа тұрпаттағы келбетін қалыптастыру үшін әскери даярлайтын
мамандар қажет болды.Бұл мамандарды даярлау үшін шетелдерде
оқытылды.Ресейдің әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді
жеңілдікпен оқыту,қару-жарақ пен әскери техниканы ішкі бағамен жеткізу
туралы уағдаластықтар іске асырылды.Тұңғыш рет азаматтық мамандарымыз
Қорғаныс министрлігі үшін Ресейдің Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық
училищесі,Мәскеу физика-техникалық институты беделді оқу орындарында
даярлау туралы келісімге келді.Ресей мен Қазақстан арасында кәсіби қарулы
күштерді құру,әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру процесінде
тәжірибе алмасуда.Қысқаша айтқанда ұжымдық қауіпсіздіктің аймақтық жүйесін
құру мәселесін біздің елдеріміз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
ұйымының,Шанқай Ынтымақтастық Ұйымының,Азиядағы өзара ықпалдастық және
сенім шаралары жөніндегі кеңестің шеңберінде табысты шешуде.1999жылғы
желтоқсанда Қазақстан Республикасының 1999-2005жылдарға арналған Ұлттық
қауіпсіздік стратегиясы бекітілген болатын.Бұл құжатты одан әрі дамыту
мақсатында 2000 жылғы 10 ақпанда Елбасының Жарлығымен Қазақстанның Әскери
доктринасы қабылданған еді. Бұл құжаттар осы заманғы сай әлемдегі және
өңірдегі әскери-саяси ахуалдың жай күйін кешенді бағалауға сүйеніп,заман
шындығын,елдің экономикалық және ресурстық мүмкіндіктерді ескерді.Оларда
Президенттің 21 ғасырдың қауіп-қатерлеріне қатысты тапсырмалары және оларды
орындау міндеті көріністапты.

Қазақстанның жаңа доктринасында әлемнің жетекші мемлекеттері
армияларының даму үрдісі және ұлттық деңгейдегі әскери құрылыстың
жинақталған тәжиребесі қорытындылады.Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін
нығайтуға жәрдемдесетін немесе кедергі келтіретін факторларға талдау
жасады.Әзірлену үстіндегі құжаттың өз сипатын ескере отырып, Қазақстанға
ықтимал әскери қатерді бағалауға көп назар аударылған.Осылайша, жаңа
доктрина ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен әскери жанжалдарды
болдырмауға, мемлекеттің әскери ұйымын дамытуға арналған өзекті көзқарастар
жүйесінің жинақталған баяндалуы болмақ. Доктрина Қазақстанның алдаңғы
кезеңге арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының қағидаларына, ел
Президентінің – Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбасшысының нұсқауларына
негізделмек.
Әскери доктринаның құқықтық негізін Қазақстан Конституция,ел заңдары,
Мемлекет басшысының актілері,сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар
құрайды.Қазақстанның бейбітсүйгіш бағытына сәйкес доктринаның таза
қорғаныстық сипаты бар, ол әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси
жағдайға,мемлекеттің экономикалық және басқа ресурстық мүмкіндіктеріне
берілген кешенді бағаға арқа сүйейді. Әскеридоктрина Қарулы Күштерді, басқа
әскерлер мен әскери қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі, Қазақстан
Республикасы үшін өзіндік сынақ пен қатерлерге және жаңа халықаралық
талаптарға сай келетін міндеттерді орындауға бағыттайды.Тұтастай алғанда,
әскери доктрина Қазақстан Республикасының ұлттық, өңірлік және жаһандық
қауіпсіздік саласындағы ішкі мемлекеттік және халықаралық қатынастарының
түрлі әскери қырларын реттейтін болады.
Мемлекет басшысының тікелей нұсқауы мен тұңғыш рет Қарулы Күштерді
бағдарламалық- мақсатты,кепілді қаржыландыру қағидасы қаланды. Егер 2001
жылы Қорғаныс министрлігінің бюджеті 24 млрд. Теңгені құраған болса,2002
жылы-33,7 млрд.теңгені,ал 2003 жылы -41,9 млрд.теңгені, 2004 жылы- 50
млрд.теңгені құрады. Бұл еліміздің Әскери доктринасында көзделген ішкі
жалпы өнімнің 1 пайызын құрайды.
Президенттің 2004 жылғы 1 қаңтардағы жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің барша әскери қызметшілерінің жалаақысы елу
пайызға арттырылды. 2005 жылғы 1 шілдеден бастап Отан қорғаушылардың
жалаақысы тағы да 32 пайыз мөлшерінде үстеме қосылды.
Жаңа жылдан бастап әскерилердің жалақысы тағыда ұлғайтылды.
Яғни, әскери қызметшілер еңбек
ақысының мөлшері жөнінде біз ТМД елдері арасында көш бастап келеміз.
Қазіргі кезде елімізде отандық білім беру жүйесі қалыптасты: Ұлттық
қорғаныс университеті, Радиоэлектроника және байланыс әскери –инженерлік
институты, әскер тектерінің бірнеше оқу орындары (Құрлық әскерлерінің
институты және Әскери-теңіз институты) жемісті жұмыс істеп келеді.Биыл
Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері институты өзінің бірінші
талапкерлерін қабылдады.
Кәсіпқой сержанттар даярлайтын Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусы біздің
мақтанышымыз болып табылады. Өйткені, мұндай оқу орны ТМД елдері ішінде тек
бізде ғана бар.
Ынтымақтастықтың қол жеткен деңгейінің негізінде 800-ден астам әскери
қызметшілер жақын және алыс шетелдердің жоғары әскери оқу орындарында білім
алуда.Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз әлемдік
стандарттарға сай, білімді, шет тілін меңгерген,әскери және техникалық
даярлықтың шебері болып табылатын мамандар даярлау, бір сөзбен айтқанда,
нағыз әскери элитаны қалыптастыру болып табылады.
Елбасы нұсқаулары сәйкес алғашқы кезеңде Қарулы Күштердің солдаттар мен
сержанттар лауазымдврының 65 пайызы келісім- шарт бойыншаәскери
қызметшілермен жасақтады. Алдағы уақытта олардың санын әрі қарай көбейту
көзделуде. Алайда, бұл армияның барлығы келісім-шарт бойынша қызметшілерден
тұрады деген сөз емес. Шамамен 10-15 пайызы бұрынғыдай мерзімді қызмет
атқаратын болады.
Президент Жарлығымен құрылған Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтарының
комитеті, Қарулы Күштердің үш түрлік құрлымы (Құрлық әскері, Әуе қорғанысы
және Әскери- теңіз күштері) Астана, Оңтүстік, шығыс және Батыс өңірлік
қолбасшылары,сондай-ақ дербес әскер тегі- Аэроұтқыштар күштері бүгінгі
таңда өздеріне жүктелген міндертерді абыроймен орындауда.Қорғаныс
министірлігі мен Штаб бастықтарының комитетінің атқаратын міндеттері нақты
айқындалды. Біздің ендігі мақсатымыз- құрлымдарды оңтайландырып, бүгінгі
қажеттілігіболмай қалған көптеген шашыранды әскери бөлімшелерді қысқартып,
кейбірін толықтырып, қайта жарақтау. Ең бастысы, Қарулы Күштерімізді
дамытуда жаңа кезеңі аяқталып, кәсіби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
Қазақстан (Қазақстан Республикасы) - Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет
Қарулы Күштер тылы
АҚШ пен КСРО
Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы
Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға туралы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
Қазақстанның ұлттық қайта жандануы, демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер