Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе. 2-6 бет

1-тарау. Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелері.

1. 1. Ақыл- ойы кем балалардың дамуының

ерекшеліктері. 7-15 бет.

1. 2. Ұлттық салт- дәстүрін таныстырудың теориялық

негізі. 16-28 бет.

2-тарау. Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте тәрбие үрдісінде таныстыру.

2. 1. Ұлттық салт- дәстүрлерін бастауыш сыныпта,

тәрбие үрдісінде таныстыру мүмкіндіктері. 29-39 бет.

2. 2. Ұлттық салт- дәстүрлерін тәрбие сағаттарында пайдалану әдістемесі. 40-45 бет.

Қорытынды. 46-48 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер. 49-52 бет.

Қосымшалар. 53-68 бет.

Кіріспе.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Ендеше саналы, сауатты, халқымыздың барлық салт - дәстүрлеріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр.

Ертеден қазақ халқы дәстүр бойынша баласын бес- алты жасында аузы дуалы шешендердің, батырлардың соңынан ерте білген. Онысы балам халық дәстүрін, жол- жоралғысын көңіліне тоқып өссін дегені болу керек. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу- басты талап. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - деген нақыл сөз бар.

Ақыл- ойы кем оқушыларға жан- жақты білім, тәрбие беру- көмекші мектеп атаулының басты міндеті. Өйткені Отынымыздың, қоғамымыздың келешегі осынау мектеп түлектерінің ой- санасын дамыту.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында біршама нақты тұжырымдар жасаған. Онда «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық қазыналары, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау міндеттері»- жеке адамның рухани және күш -қуатын, мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру- қазақ халқының міндеті мен дәстүр салтын оқып- үйрену үшін жағдайлар жасау»- деп көрсетілген.

Бұл мақсат, принциптер әрине түсінікті.

Мемлекет - ұстаздарға мол сенім артып отыр. Оқушыларды қабілетті азамат етіп өсіруде- халықтың, салт- дәстүрлердің тәлім- тәрбиелік, біілм-танымдық рөлі зор.

«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» -деген дана сөз бар. Шынында салт- дәстүрлер, жөн- жосық ырымдар ырымдар арқылы халқымыздың мінез- құлқы, даналығы мен даарлығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл- ойы өзін қоршаған ортаға моральдық, танымдық, этикалық көзқарасы дархан да жомарт көрінеді.

Халқымыздың салт- дәстүрі өміріміздің бар кезеңімен тығыз байланыста өтеді. Сондықтан олардың танымдық, тәрбиелік мәніне зер салайық. Адам баласының әр кезеңіне арналған салт- дәстүрлерді саралап, күнделікті тыныс -тіршілігіне енгізейік.

Осындай ізденістердің біршамасы қазіргі алмағайып заманда көмекші мектеп ұрпақтары бойына ізгіліктің, аталар рухының, әжелер мейірімінің нәрін себу деп білеміз. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты-ақыл- ойы кем оқушыларға тәрбиелік білім беру, балаларды жат ықпалдан сақтау, оларды қоғам өмірінің негізгі мағлұматтарымен таныстыру, күнделікті өмірдегі дәстүрлердің орнын түсіндіру.

Оқушыларға маңызды мемлекеттік және халықтық мерекелер мен салт- дәстүрлер туралы жалпы және нақтылы мағлұматтар бере отырып: «тұсау кесу», «тілашар», «сүндет той», «бесікке салу», «Наурыз тойы» мерекелерімен таныстыру көмекші мектепте алға қойылған.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақтың ата- салтынан әңгімелер, ою- өрнек, төрт түлік мал жөніндегі ұғым, бауырмалдық, туыстық қатынастарды білу ой- өрісін дамытады.

Мұның өзі оқушының жеке тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиеттерін бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды.

Зерттеудің өзектілігі : Халықтың өте әрідегі ата- баабларының өмір сүрген кезінен бастау алған, халықтың қажеттілігінен туған тәрбие мен оқу әр халықтың даму тарихын барлық жақсы қасиеттерін бейнелеп көрсетеді.

Халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға көзқарасы, тәрбиелеу және оқыту мәселесі мен мақсаттары, жас ұрпаққа ықпал жасау жолдары ерте заманда белгілі болған.

Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы- бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларымызды біліп, қастерлеп, бүгінгімізбен келешегіміздің нәрі, қайнарына айналдыру- өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.

Сондықтан да бүгінгі ұрпақты ата- баба салт -дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасының нәрі, қайнарымен сусындату- оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бірі.

Бүгін көмекші мектептің бастауыш сыныбын аттаған оқушы- ол ертеңге қадам басқан өмір иесі. Сондықтан да жас өспірімді тәрбиелеудің ең алғашқы сатысынан бастап оларға саналы тәрбие беру, халық педагогикасымен қайнарымен сусындату, оған ұлттық мағына бере келіп, нәтижесінде ақыл- ойы дамыған салт- дәстүрін білетін оқушы тәрбиелеп шығару- халықтың педагогика түрлерін тиімді пайдаланумен байланысты болды. Сонымен тәрбие үрдісі барысында халықтық тәлім- тәрбие түрлерін көбірек насихаттап, ұрпақ бойына ізгілік, адамгершіліктің жақсы қасиеттерін жүрегіне ұялату, олардың өз тіліне, Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз халқының салт- дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.

Зерттеудің мақсаты:

Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушылары бойында шығармашылық қабілеттердің бастауларын қалыптастыру. Білім беру, тәрбиелеу ісінде халықтың тәлім- тәрбие түрлері арқылы ізгілік, адамгершілік жақсы қасиеттерді жүрегіне ұялату, олардың өз тіліне, отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз әлінің салт- дәстүрін бойына сіңіру. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, белсенділігін, өз халқының салт- дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.

Зерттеу міндеттері :

оқушының жеке тұлғасы ретінде шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту.

Халықтың рухани мұрасының құндылығы негізінде оқушының бойында ізгілікпен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, ел тізгінін берік ұстай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Зерттеу нысаны :

Арнайы біілм беру мекемесіндегі педагогикалық үрдіс.

Зерттеу пәні:

Арнайы көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде салт- дәстүрмен таныстыра отырып, педагогикалық түзету жұмыстары.

Зерттеудің ғылыми болжамы :

Арнайы мектепте педагогикалық үрдіс барысында жеке тұлғамен жеке және топтық жұмыс жүрсе, онда оқу- тәрбие үрдісіндегі ақыл- ойы кем балалармен жүргізілген педагогикалық түзету жұмыстары нәтижесі болмақ.

Бұл болжамды мына төмендегі анықтаулардан көре аламыз:

  • Ақыл- ойы кем балаларға мінездеме бере отырып, олардың салт- дәстүрді меңгеруі:
  • Арнайы көмекші мектепте түзету- дамыту жұмыстарының мазмұны:
  • Көмекші мектепте тәрбие үрдісінде қазақтың салт- дәстүрін ақыл- ойы кем балалардың дағдылануы мен бейімделуін дамыту.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мектептің оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері
Халық педагогикасы дәстүрлері - халық тәрбиесі
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Модулдік тәрбиелік технологиялар
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Халықтық педагогика - тәрбие бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz