Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын



І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
1 Тарихи романдардағы сүйіспенішілік сарынның көркемдік шындықты ашудағы қызметі
2 Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және философилық мәні
3 С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» романындағы ғашықтық характердің
берілуі
4 С.Жүнісовтің «Ақан сері» роман.дилогиясындағы ғашықтық сарынның әлеуметтік маңызы
5 Романдардағы махаббат мәселесі және психологиялық талдау 6 Қазақ романдарындағы психологизмнің сүйіспеншілікті танытудағы қызметі ІІІ бөлім Қорытынды
Тарихи романдардағы сүйіспеншілік сарынның көркемдік шындықты ашудағы қызметі. Тарихилық – дәуірдің бет-бейнесін, нақты оқиғалар мен адам тағдырлары арқылы көрсететін ұғым. Қазіргі қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа жазылған романдардың маңызы жоғары. Қазақ тарихи романы қай кезеңге арналса да ол суреттеліп отырған дәуірдің халық тағдырында атқарған роліне жан-жақты талдау жасап, өткен мен бүгіннің арасына дәнекер болады.
Ұлттық әдебиетімізде тарихи тақырыпты арқау ету кеңінен қанат жайған келелі дәстүр десе де болғандай. Бұл, әсіресе, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан кейін кең етек алғаны белгілі. Осы кезеңде өмірге келген І.Есенберлиннің «Қаһар», «Жанталас», «Алмас қылыш», Д.Әбіловтің «Ақын арманы», З.Ақышевтың «Жаяу Мұса», Ә.Әлімжановтың «Жаушы», С.Жүнісовтің «Ақан сері», Ә.Кекілбаевтің «Үркер», «Елаң-алаң», М.Мағауиннің «Аласапыран», Д.Досжановтың «Жібек жолы», С.Сматаевтың «Елім-ай» т.б. тарихи, тарихи-ғұмырнамалық романдары соның дәлелі.
Кеудеде жан тұрғанда адам баласынан сезім күйі, құштарлығы өлмек емес. Өртеніп, күйіп-жану, махаббат оты – жан беріп, жан алысқан соғыстарда да, халық басындағы небір зұлмат күндерде де өз орнын тапқан, екі аяқты пендеге қуат, дем берген, келер күндерге деген үмітін кеудесінде маздатып отырған.
Тарихи шығарма – тек халықтың тарихын, шежіресін, кескілескен шайқастарды ғана суреттеумен шектелсе көремдік сапасына нұсқан келер еді. Белгілі әдебиеттанушы-ғалым Р.Бердібаев «Қазақ тарихи романы» атты еңбегінде тарихи тақырыпта ізденістерімен көрініп жүрген Д.Досжанов, С.Сматаевтардың табыстарын атай келіп, былай дейді: «Жазушылар тарихи тақырыптарға тек әлеуметтік факторлар іздеп қоймай, мәдени, адамгершілік, психологиялық факторларды табуға да көңіл бөліп келеді»[16,235 б.].
С.Сматаевтың «Елім-ай» трилогиясы жанрлық тұрғыдан алғанда, сөз жоқ, қазақ халқының аса ауыр күрделі кезеңі – ХVІІІ ғасыр оқиғаларын панорамалық сипатта қамтыған эпикалық шығарма.
1960-1970-жылдар аралығында алғаш бой көрсете бастаған тарихи тақырып, оған қалам тартқан жазушылар әдебиетімізге өзіндік өзгеше, үнмен тың серпіліс әкелгендігі белгілі. Қазақ әдебиетінде бел алып, өрістей бастаған бұл тақырып кеңестік идеологияны қатты шошытып, дүрбелең туғызды. Халық тарихын өзіне таныстырудың аса маңыздылығын сезіне білген жазушылар әуелгіде сол мақсатпен тым біржақты кетіп қалғандығы да аз сөз болған жоқ. Оның ішінде «Көшпенділер» трилогиясының авторы І.Есенберлин де, біз сөз етіп отырған С.Сматаев т,б. жазушылар бар.
1 Қара өлең. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
2 Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: Бірлік, 1999. – 752 б.
3 Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 312 б.

4 Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. – Алматы, Мектеп, 1989. – 136 б.
5 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б.
6 Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 1974. – 270 б.
7 Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім. – Алматы: Жазушы, 1982 . – 360 б.
8 Ергөбек Қ. Сәбит Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1989. – 144б.
9 Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.
10 Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.
11 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика). Филология ғылымдарының докторы . . . диссертация. – Алматы, 1997. – 290 б.
12 Қирабаев С. «Үркер» романы. //Уақыт және қаламгер. 12-кітап. –Алматы: Жазушы, 1986. – 264 б.
13 Нұрғалиев Р. Телағыс: Әдеби дәстүр мен әдеби даму. – Алматы: Жазушы, 1986. – 440 б.
14 Елеукенов Ш. Тарих және көркем шындық. //Жұлдыз. – Алматы, 1973. №11. 44-49 б.
15 Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1990. – 464 б.
16 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тілі. – Алматы: Ер-Дәулет, 1988. – 164 б.
17 Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: Таным және көркемдік. – Алматы: Ғылым, 1999. – 281 б.
18 Майтанов Б. Тарихи тақырыпқа ақындық көзқарас. //Жұлдыз. – Алматы: 1991. №2.
19 Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2001. – 205 б.
20 Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. –

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті

Тақырыбы:Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын

Орындаған:Бортанова Д.
050117қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы ІІІ курс 301-топ

Тексерген:

Алматы,2009ж.
Жоспар:
І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
1 Тарихи романдардағы сүйіспенішілік сарынның көркемдік шындықты
ашудағы қызметі
2 Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және философилық
мәні
3 С.Мұқановтың Балуан Шолақ романындағы ғашықтық характердің
берілуі
4 С.Жүнісовтің Ақан сері роман-дилогиясындағы ғашықтық сарынның
әлеуметтік маңызы
5 Романдардағы махаббат мәселесі және психологиялық талдау
6 Қазақ романдарындағы психологизмнің сүйіспеншілікті танытудағы қызметі
ІІІ
бөлім Қорытынды

1 Тарихи романдардағы сүйіспеншілік сарынның көркемдік шындықты
ашудағы қызметі. Тарихилық – дәуірдің бет-бейнесін, нақты оқиғалар мен адам
тағдырлары арқылы көрсететін ұғым. Қазіргі қазақ әдебиетінде тарихи
тақырыпқа жазылған романдардың маңызы жоғары. Қазақ тарихи романы қай
кезеңге арналса да ол суреттеліп отырған дәуірдің халық тағдырында атқарған
роліне жан-жақты талдау жасап, өткен мен бүгіннің арасына дәнекер болады.
Ұлттық әдебиетімізде тарихи тақырыпты арқау ету кеңінен қанат жайған
келелі дәстүр десе де болғандай. Бұл, әсіресе, ХХ ғасырдың алпысыншы
жылдарынан кейін кең етек алғаны белгілі. Осы кезеңде өмірге келген
І.Есенберлиннің Қаһар, Жанталас, Алмас қылыш, Д.Әбіловтің Ақын
арманы, З.Ақышевтың Жаяу Мұса, Ә.Әлімжановтың Жаушы, С.Жүнісовтің
Ақан сері, Ә.Кекілбаевтің Үркер, Елаң-алаң, М.Мағауиннің
Аласапыран, Д.Досжановтың Жібек жолы, С.Сматаевтың Елім-ай т.б.
тарихи, тарихи-ғұмырнамалық романдары соның дәлелі.
Кеудеде жан тұрғанда адам баласынан сезім күйі, құштарлығы өлмек емес.
Өртеніп, күйіп-жану, махаббат оты – жан беріп, жан алысқан соғыстарда да,
халық басындағы небір зұлмат күндерде де өз орнын тапқан, екі аяқты пендеге
қуат, дем берген, келер күндерге деген үмітін кеудесінде маздатып отырған.
Тарихи шығарма – тек халықтың тарихын, шежіресін, кескілескен
шайқастарды ғана суреттеумен шектелсе көремдік сапасына нұсқан келер еді.
Белгілі әдебиеттанушы-ғалым Р.Бердібаев Қазақ тарихи романы атты
еңбегінде тарихи тақырыпта ізденістерімен көрініп жүрген Д.Досжанов,
С.Сматаевтардың табыстарын атай келіп, былай дейді: Жазушылар тарихи
тақырыптарға тек әлеуметтік факторлар іздеп қоймай, мәдени, адамгершілік,
психологиялық факторларды табуға да көңіл бөліп келеді[16,235 б.].
С.Сматаевтың Елім-ай трилогиясы жанрлық тұрғыдан алғанда, сөз жоқ,
қазақ халқының аса ауыр күрделі кезеңі – ХVІІІ ғасыр оқиғаларын панорамалық
сипатта қамтыған эпикалық шығарма.
1960-1970-жылдар аралығында алғаш бой көрсете бастаған тарихи тақырып,
оған қалам тартқан жазушылар әдебиетімізге өзіндік өзгеше, үнмен тың
серпіліс әкелгендігі белгілі. Қазақ әдебиетінде бел алып, өрістей бастаған
бұл тақырып кеңестік идеологияны қатты шошытып, дүрбелең туғызды. Халық
тарихын өзіне таныстырудың аса маңыздылығын сезіне білген жазушылар
әуелгіде сол мақсатпен тым біржақты кетіп қалғандығы да аз сөз болған жоқ.
Оның ішінде Көшпенділер трилогиясының авторы І.Есенберлин де, біз сөз
етіп отырған С.Сматаев т,б. жазушылар бар. Сыншы-әдебиеттанушылар олардың
хронологиялық оқиғалар тізбегін, қуалап, адам образын ашуға аз көңіл
бөлетіні туралы жазды. Бір мысал келтіре кетейік: ... Елім-ай романының
тарихи негіздері хроникаларға қазақ шежірелеріне ғылымның беделді
зерттеушілеріне сүйеніп жазылған. Оқиға ұзақ мерзімді, кең атырапты
қамтитын болғандықтан сюжет құрылысында панорамалық мозайкалық сипаты бар.
Осы ерекшелік кемшілікке де ұрындырады, жеке эпизодтардың басы бірікпей
ыдырап жан-жаққа тартып тұрған жерлер мол ,- дейді сыншы-ғалым
Р.Нұрғали [17,300 б.].
Сыншы пікірінен тарихи тақырыпқа барудың қиындығы, мұндай кең көлемде
алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі аңғарылады. Сонымен бірге, ғалым
жазушыны бірыңғай кінәлап отырған жоқ, бұл тақырыптың күрделілігіне,
жауапкершіліктің тым жоғарлылығына мегзейтіндей: Жазушы осындай азды-көпті
ескертпелерді ескерген болуы керек, шығарманың үшінші кітабын алғашқы
екеуінен әлдеқайда көлемді етіп ала отырып, образ қырларына тереңдеп
баруды, кейіпкердің сезім күйлеріне бойлауды мақсат тұтыпты. Әрине, бұдан
келіп жазушы әуелгі екі кітабында құштарлық, махаббат мәселесін мүлде
жадынан шығарған деуге болмайды.
С.Сматаевтың алғашқы кітабының өзінде-ақ ойрат жігітінің тұтқынға
түскен қазақ қызы Маржанды құлай сүйгендігін, онымен қоштасудың қандай ауыр
болып қиналғандығын әдемі әсермен суреттейді.
Жазушының көңіл аудартар бір ұстанатын бағыты – қазақпен жауласқан
қалмақтардың ел тағдырына тым селсоқ, бір жақты қарамайтындығы. Жазушы
аңғартар идея – жауласуға қарапайым халық кінәлі емес, көбінесе билікке,
жерге таласушылық ашкөзділік, ел билеушілердің қанағатсыздығы, озбырлығы
дегенге саяды. Әйтпесе, жоңғарда да ел сүйер, жар сүйер ерлер болғаны күмән
тудырмайды. Үшінші кітаптағы Қаз дауысты Қазыбекке достық құшағын жаятын
Жырғал бейнесі де осы ойымызды айғақтай түседі. Ал оның қызы қазаққа жиен
Шараһай сұлу мен Қаз дауысты Қазыбек арасындағы сезім күйі жазушының тағы
бір соны ізденісін аңғартады. Қаз дауысты Қазыбек би де сол дүйім жұртты
аузына қаратқан кемеңгер дана қалпында аспаннан түсе қалған жоқ, барлық
адамдарға тән жастық бозбалашылық сезімі оның да басынан өткен. Жазушы
суреттеуіндегі оның Шараһай сұлуға деген махаббаты өте нанымды, бидің
адамдық қырларын толықтыра түсердей сәтті шыққан.
Cыншы-ғалым Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы атты докторлық
монографиясында С.Сматаевтың Елім-ай шығармасын талдауға көп орын берген.
Осында ғалым романнан үзінді келтіре отырып, ойын былай түйіндейді: Елім-
ай романында қара қылды қақ жарған Ошаған би ауылына төркіндеп келген
сүйікті немересі Бексанаға: Қайда жүрсең аман бол, қарағым. Енді көре
алармын ба, көрмеспін бе, атаңды сыйлап, енеңді қадірлеп өт. Жарыңа жолдас,
ауылыңа инабатты бол жүдә тегі- деп ескілердің есті жолын аманат етеді.
Атадан ондай ақыл-кеңес алған ұрпақ қайтып азсын? Қайтып көктемесін?
Даламыздың байтақ, пейіліміздің кең, мінезіміз өр, ұрпағымыз ер болатыны,
міне, осы салттың, ғұрыптың шапағатынан. Мұның бәрі от басы, ошақ қасын
түртпектеу емес, қоғамды, тарихты әлеуметтік зерттеу, философиялық толғану,
тұжырымдау, характерді ұлттық құнармен нәрлендіру [18.103 б.].
Төрт тарапты дүр сілкіндірген қандай қаһарлы билеуші болса да жер
әлемді ұстап тұрған ұлы күш – махаббаттан ештеңе биік емес. Шын сүйіскен
ғашықтардың алдында азуы алты қарыс әміршілер де дәрменсіз.
І.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясының алғашқы кітабы Алмас қылышта
Жәнібек ханның Жаған сұлуға өлердей ғашықтығынан оның өтінішінен бас тарта
алмай, сүйген жігіті-Хасанды қасына алдыруына рұқсат беруі де күйіп-
жандырған махаббат құдіреті болатын. Осындай махаббатқа толы сезім
шарпысуының С.Сматаев шығармасында неше алуан хикаясы шертіледі. Оның бірі
– қазақтың хас батырларының бірі Бөгенбайға қатысты. Бөгенбай нағыз батырға
тән ер мінезі, тәуекел деп тас жұтар бірбеткейлігі, сондай еріне сенген
Бопыштай сұлудың өжеттігі, ер сөзін екі етпес қазақ қызының қайсарлығы
тайға таңба басқандай айқын бедерлі. Турасын айтқанда, елдің тұтастығын
сақтай алған ұл-қыздарымыздың осындай әрекеті, сүйіспеншілік сезімдерінің
беріктігі. Трилогиядағы кездесетін Рухия, Маржан, Гүлбану, Гүлдарайым,
Бөгенбай батыр сүйген Бопыш қыз, Шараһай т.б. арулар бейнелерінде нығыз
жаужүрек батырларға серік болар адалдық, әдеп, ибалық, тектілік, қылықтылық
қасиеттердің бәрі бар. Сонымен бірге оларда отаншылдық сезім де, сүйгеніне
деген махаббаты да өте жоғары да таза.
Аталған авторлардың шығармалары, тарихи тақырыпты игерудегі өзіндік
ерекшеліктері, стильдік қырлары, тарихты көркем ойлау жүйесі бойынша
бейнелеу, кейіпкер сомдау тәсілдері жайлы зерттеулер, ғылыми еңбектер,
мақалалар қатар түзеді. Бұл орайда М.Қаратаев [19], Р.Бердібаев [16],
С.Қирабаев [20], Р.Нұрғалиев [21], Ш.Елеукенов [22], З.Серікқалиев [23],
Т.Сыдықов [24], Қ.Алпысбаев [25], Т.Жұртбай [26], Ж.Дәдебаев [27],
Б.Майтанов [28], М.Хамзин [29], Т.Рақымжанов [30], Ә.Тарақов [31] т.б.
еңбектерінде жан-жақты ғылыми пайымдаулар жасалды. Жалпы, тарихи тақырып
көркем әдебиеттің басты нысаналарының бірі болды.
Бұл бөлімде біздің сөз еткелі отырған мәселеміз тарихи шығармалардағы
махаббат тақырыбы. Зерттеу тақырыбына нысана етіп алып отырған С.Мұқановтың
Ботагөз романы, М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы, Ғ.Мүсіреповтің
Ұлпан, Ә.Кекілбаевтің Аңыздың ақыры, З.Шашкиннің Тоқаш Бокин
туындылары.
С.Мұқановтың Ботагөз романы тек қазақтың ғана емес, дүние жүзі
халықтарының рухани қазынасына айналған, мәңгілікке кеткен мұра. Бұл
шығармасы арқылы жазушы өз халқының биік мәдениетін, кең пейілін, озық
дәстүрін, үздік парасатын, ерекше жаралған ұл-қыздарын әлем халықтарына паш
етті.
С.Мұқанов әр шығармасында қазақ халқының тарихындағы елеулі
өзгерістерді кеңінен көрсете білген жазушы. Осындай шығармаларының бірі –
дауылды тарихи оқиғалардың Қазақстан өміріне тигізген ықпалын, адамдар
тағдырына олардың енгізген өзгерістерін шеберлікпен көрсеткен Ботагөз
романы болатын.
Романда Ботагөз бірнеше жерде әр қырынан суреттеледі. Автор оны
кейіпкерлер көзімен бірде қызығып, бірде қызғанып, тіпті бірде өшпенділік
сезімдермен суреттейді. Әркім өз көзқарасы, ниеті, тілегі тұрғысынан баға
береді.
... Мынау қалың бермеген, жүзіктің көзінен өткендей, қылыштай
қылпылдаған жас жігіт, анау аққудың көгілдіріндей желкілдеп өсіп келе
жатқан бүлдіршін қыз. Ол қыз Ботагөз десе – ботагөз. Тұнжыраған
қарақаттай екі көзі жаутаңдап мөлдірейді де тұрады. Асқар соны сағалап жүр
[32,155 б.].
Бұл Итбайға арам ой салатын жағымпаз, жексұрын Бүркітбайдың сөзімен
берілетін тұсы. Шығарманың қай тұсында берілген портрет болсын, бәріне тән
ортақтық – оның табиғи сұлулығы сақталған.
Ботагөз – ескі салт-дәстүрлерге қарсы күрескен жаңа дәуірдің адамы.
Бесіктен белі шықпай жатып-ақ көргені қиыншылық. Әке өлімі, аяулы сырласы
болған жеңгесі – Ақбаланың аянышты халде көз жұмуы, туған ағалары мен
жалғыз нағашысы Амантайдың, сүйгені Асқардың жазықсыз қуғын-сүргінге
ұшырауы Ботагөздің бір басына жетіп артылатын ауыртпашылық еді. Ботагөздің
мінезіндегі қызға тән нәзіктік, сыпайгершілік оның төзімді де батыл
қажырлылығымен үйлесім тапқан. Біз Асқардың ел ісіне араласып, талай
қиындықты басынан өткерген тұстарында нәрестесін құшақтап, неше түрлі
намысына тиер сөзді, өсекті естіп, өмірдің ащы-тұщысын бастан өткерген
Ботагөзді көреміз. Осының барлығына төпеп берерлік қажыр-қайраты мен
ақылдылығының арқасында ол бақытты күнді алдан тосып алады.
Асқар мен Ботагөздің арасындағы түсіністік өте бір жарасымын тапқан,
басы артық қыздырма сезімнен ада қалыпта суреттеледі. Екеуінің арасындағы
таза да мөлдір махаббатын тек жалаң жүрек сезімі етіп көрсетпейді, оны
қоғамдық істермен әдемі үндестіріп бейнелейді. Біріне-бірі үлкен сеніммен
қарайтын ғашықтардың ел басына күн туған кезде, өз бастарының қамынан гөрі,
халықтың жағдайына баса назар аударуы шығарманың болашақ ұрпаққа берер
тәрбиелік мәнінің жоғары екендігін танытады.
Ботагөз басынан өткен осындай жанын жегідей жеген жалған cөзден қиналу
Асқардың басынан да өтеді.
Жазушы Асқар бейнесін кесек әрекетімен, ой-арман биіктігімен тартымды
бейнелейді. Сол арқылы автордың оқыған, мәдениетті жастарымыздың көп
болуын, басқа мәдениетті озық елдерден артта қалмауын армандағаны сезіледі.
Романда Асқардың алғашқы Ботагөзге деген сезімінің ояна бастаған
кезін, іштей мазалаған белгісіз бір ойлар, берекесін алған ішкі
толғаныстарын табиғат көріністерімен астастыра суреттейді. Екі жастың берік
махаббаты қоғам қайшылықтарымен астаса беріліп, сезім тұрақтылығын, осы
жолдағы күрестің баяндылығын паш етеді.
Ботагөз романы – қазақ әдебиетінің зор әлеуметтік-тарихи және
эстетикалық мәні бар аса ірі шығармалардың бірі. Өзінен кейінгі озық
шығармаларға көш басшы болды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының отаршылдық қанау астындағы өмірінің
шындығы мен оның азаттық, теңдік жолындағы күресін кең бейнелеген, қазақ
әдебиетіндегі күрделі эпикалық шығарма есебінде ол әдебиет тарихында зор
жетістік ретінде бағаланды.
Тарихты көркем әдебиетте бейнелеудің әлем әдебиетіндегі тамаша
үлгілерін еске ала отырып, біздегі, яғни қазақ әдебиетіндегі бірегей үлгі
ретінде ұлы жазушы М.Әуезовтің Абай жолы романын айта аламыз.
Абай жолы - қазақ өмірінің айнасы, үлкен бір энциклопедиясы, тұтас
бір дәуірді жан-жақты толық бейнелеп берген, мазмұн-мағынасы, көркемдік
бітімі, сипат-ерекшелігі жағынан да үздік шығарма.
Ал біздің қарастыратын мәселеміз: Абай жолы роман-эпопеясындағы
ғашықтық сезімді беру жолындағы жазушының шеберлігі, шығарманың өне бойында
табиғи өріліп отыратын махаббат тақырыбы.
Роман-эпопеяның екінші кітабында әрқайсысы жеке шығармаға арқау
болатын тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі - әйелдің бас бостандығымен
жалғасып, сабақтасып жататын махаббат тақырыбы.
Романда бір-бірін жүрек қалауымен ұнатқан екі жастың қосылуына
ешқандай мүмкіндік болмады. Олардың бас еркін өздеріне билетпей,
танымайтын, білмейтін жат адамдармен атастырған әке әмірі жүріп тұрған кез.
Тағдырдың жазуынан, әкенің әмірінен асар дәрмен жоқ. Өзімен терезесі тең
Алшынбайдай құда тапқанына Құнанбай риза. Әке-шешенің Абайдан ықтияр,
таңдау сұрамай, қақпалап апарып Ділдәға қосады.
Тоғжан Абайдың тұрмыс-дәулетіне қызыққан қыз емес, оның ақыл-
парасатына, биік адамдық тұлғасына бас иген. Адал жүрегін ұсынған. Мәңгілік
жүрегіне жазылмас жара салған Абай - Тоғжан өмірінде қайталанбас, орны
бөлек адам. Екі жүрек егіздік тапқан, бірін-бірі іштей танып, тіл қатқан.
Біржола келмеске кеткен, Тоғжанын күн өткен сайын сағынады. Ата заңымен
ұзатылып кеткен, бақыты басқа біреуге бұйырған, басқа құшақтағы Тоғжанның
жүрегі де Абайын іздеп қан жылайды. Бұлқынып шығар дәрмен жоқ. Жүрекке
түскен сары уайым оның жанын да жегідей жеп жатыр. Тоғжан үшін Абайсыз өмір
– қуыс дүние, өлі тіршілік. Еріксіз ұзатылып бара жатқанда, өзіне оң сапар
тілеген жоқ, өлім тілеп кетті. Яғни бұдан түйер ой - жүрек қалауымен
қосылмаған пендеге өмір өліммен тең екендігі.
Шығармадағы Тоғжан бейнесі – шынайы махаббаттың, қазақ қыздарының
ғажайып үлгісі ретінде нанымды суреттелген. Абай Тоғжанмен кездесуі мен
сырласуын бүкіл саналы ғұмырының мағыналы сәті, бақыты деп санайды. Абай
мен Тоғжанның ішкі сезімі мен толғаныстары барынша реалистік тұрғыда
суреттелген.
Романда Абай мен Әйгерім арасындағы махаббат та өте бір әдемі
нәзіктікпен, табиғилықпен суреттелген.
Әйгерімінен Тоғжанын тапқан Абай өзінің жуандығын бұлдап, тізе
көрсетіп оны еріксіз алмақ емес, Әйгерімге сөз салуға Жиреншені жіберіп
жатқанда, Абай осыны қатты ескертеді. Бір нәрседен қатты сақ бол. Бар-
барымша айтатыным сол. Қайсысы көнсе де, Құнанбай баласы еді, елге істейтін
тізесі көп жуан ауыл еді, бермесем әлгі бола ма, кесірі тие ме деген ойды
ойлай көрмесін. Ата айдынымен, ауыл атағымен алар болсам, онда қыз алған,
жар алған болмаспын, қорлық алған болармын-дейді [33,317 б.].
Абай мен Әйгерімді қосқан екеуінің бойындағы өнерге деген үлкен
құрмет, өнерді жанымен түсініп, сезінетіндіктері де болар. Тоғжанын
жоғалтып, көңілі құлазып жүрген кезінде, кездейсоқ жағдайда әдемі, әсем
әнімен Абайды ұйқысынан оятқан, өмір сүруіне деген үлкен құлшыныс әкелген
Әйгерім, Абайдың бойындағы көпке дари бермейтін ұлы қасиеттерін, өнерге
деген ыстық ықласын, оған үлкен жанаршырлықпен қарайтынын түсініп, бағалай
білді. Әйгерімін Абай да қадірлей білді. Әйгерім үшін әнсіз өмір жоқ.
Әйгерімнің салған әні Абайға қуаныш әкелді, жанын жадыратты.
Абай жолында ән өнеріне, ән айтылатын, жастардың басын қосатын,
ғашықтарды табыстыратын халқымыздың түрлі ойын-сауық кештеріне, той-
думандарға баса назар аударады. Жазушы адам өміріне ән мен жырдың
қаншалықты қатысы барлығын Абай басынан өткен барлық жағдай оның ішінде
Абай – Тоғжан, Абай - Әйгерім және маңындағы жастар Әмір мен Үмітей,
Оралбай мен Керімбала арасындағы қарым-қатынастарды сөз еткенде тереңірек
тоқталады. Бұлардың ғашықтығының трагедиялық салдары – халықтық дәстүрдің
өзгермес заңына қарсылық нәтижесі. Шығармадағы Мәкен – Дәрмен, Қуандық,
Салтанат, Салиха мәселелері де айтылмыш жағдайлармен тамырлас.
Бүгінгі күні әдеби процесте ерекше көкейкесті деген мәселелердің
бірсыпырасы осымен, адамның өзін-өзі танып, білуге деген талпынысының терең
сипат алуымен тығыз байланысты. Адамның өз ішіне бойлауы, өз жанының
иірімдері бұрылыс бұлтарыстарындағы құпиясын ашуға, оны тануға, көркейтуге
деген саналы құштарлығы неғұрлым күшейе түскен сайын оның белсенділігі де
соғұрлым ұштала түсуде. Осы ретте суреткерлердің адамның жан дүниесіне
тереңдеп баруы, түрлі сезімдік, ақыл-ой толғаныстарына талдау жасауы, соның
бәрінде адамгершілік, тазалық пен тиянақтылық бірінші орынға қойылуы,
біздің қоғамымыздың өз даму сатысы талабынан, рухани және материалдық
талабынан туып отырғаны даусыз.
Сондықтан М.Әуезов шығармаларына талдау жасағанда, олардың
шығармаларындағы авторлық бағытының ерекшелігімен қатар, ұлттық, халықтық
сипат – белгілеріне де назар аударамыз.
Тоғжанмен арадағы бақытты шақ, Тоғжанды жоғалтудың ауырлығы,
Әйгеріммен табысу, бұл табысудың налаға ауысуы – бәрі бір-бірімен қарама-
қарсы мәндегі оқиғалар. Табиғи ортада да Абай осындай қым-қиғаш өмірді
бастан өткереді. Аңшылық пен пәк табиғатты тамашалау, оның ләззаты, одан
ауыр, тым жабырқау күйге ауысуы – бұлар да контрастық қатынаста алынған.
Осы боранды күні Абайдың Тоғжанмен ұшырасуы бұған дейінгі қарама-қайшылық
барлық оқиғаларға түгелдей қайшы әрі бұл қарама-қарсылықтардың ең шырқау
биігі болып табылады.
Жазушы кейіпкер психологиясын ашуда ішкі және сыртқы әрекеттер мен
қоршаған табиғи, әлеуметтік орта құбылыстарын керемет жарасымдылықпен
астастырып, тұтастырып жібереді. Сонда кейіпкердің санасындағы ішкі монолог
пен диалог та, оның іс-әрекеті мен сыртқы түр-қалпы да, табиғат құбылыстары
мен әлеуметтік алғышарттар – бәрі де астасып кетіп, басты бір мақсатқа,
кейіпкер характерін кең әр қырынан ашуға қызмет етеді.
Ғашықтық сырларды, ғашықтық жұптар арақатынасын суреттеуде М.Әуезов
пен классикалық орыс әдебиеті өкілдерінің арасындағы тақырыптық жалғастық
байқалады. Жоғарыда келтірілген үзінділерден А.С.Пушкиннің Евгений
Онегиндегі Татьянасы мен Тоғжанның ішкі жан дүниесіндегі қиналыстары бірін-
бірі толықтырып тұрған сияқты. Ауырып келген Абай мен оны көріп тұрған
Тоғжанның жағдайы, Тоғжанның жан қиналысынан шыққан сөздері Пушкин
кейіпкерлерімен рухтас, үндес болып келеді. Абай мен Тоғжан, Абай мен
Әйгерім арасы – ғашықтық сезімнің қатпары мен бұралаңы мол, жанды ауыртар
дерті де бар таза, табиғи көрінісі.
Кейiпкердiң iшкi жан дүниесiн тереңдей ашып көрсету мақсатында
Л.Н.Толстойдың “Соғыс және бейбiтшiлiк” эпопеясындағы жараланып келе жатқан
Андрей мен Наташаның кездесу сәтiндегi жүрек ауырар тұстары, бiрiн-бiрi
өлердей ұнатып, бүгiнде соның бәрi көрген түстей болып өте шыққанына
қиналуы, кешегi жақыны бүгiн жат болып тұрғаны, қандай қиналғанман өткен
өмiрдiң бұларға ендi қайтып келмеске кеткен тұстарымен жалғастығын тауып
жатыр. Тағы да осындай бiр байланыс М.Ю.Лермонтовтың “Бiздiң заманымыздың
геройымен” де жақындасады. Бүгiнде осы тақырыпқа (сүйiспеншiлiк, ғашықтық)
қалам тартқан жазушылардың барлығына Пушкин дәстүрi көшбасшы болды десек
артық айтқандық болмас. Бiрақ әр шығарманың шешуiн жазушы өзi табады.
Л.Толстойдың “Анна Каренинасы” махаббаттың құрған қақпанынан құтылу тұсын -
өз басын құрбандыққа шалу жолымен аяқтаса, Шолоховтың “Көтерiлген
тыңындағы” Лушко тағдыр салды, мен көндiммен өмiрiн жалғастырады. Бұл
шығармалар белгiлi бiр кезеңнiң моральдық құлқына баға бере алады.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы қазақ әдебиетінің соны
табыстары туралы сөз болғанда, асқан суреткерлік шеберлікпен қазақ елін,
жерін, қазақ ұл-қыздарын, азаматтарын, яғни қазақ әлемін, біріншіден,
қазақтардың өзіне, екіншіден, алыс-жақын шетелдіктерге таныта алған, қазақ
әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповтің Ұлпаны ауызға алынатыны белгілі.
Ғ.Мүсіреповтің 1975, 1980 жылдардағы Ұлпан шығармасының екі түрлі
нұсқасын қарастырғанда байқағанымыз, 1980 жылғы 3 томдық жинағына енген
Ұлпан шығармасының мәтіні мейлінше толықтырылып, қайта өңделгені. Бұл
нұсқа Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік қабілетін, жазушылық шеберлігін біржола
айқындап берген туынды екеніне талас жоқ.
Ғ.Мүсіреповтің бұл шығармасы тікелей махаббат жайлы, сүйіспеншілікті
бейнелейтін туынды емес. Ондағы негізгі арқау - өткен ғасырдағы қоғамдық -
әлеуметтік өмірдің шындықтары екені де дау тудырмаса керек. Сонда да бізге
бұл шығарма ең алдымен маздақ махаббат туралы тамаша туынды болып көріне
береді. Оның себебі, Ұлпан-Есеней арасындағы, дәлірек айтқанда жас ару мен
алпысты алқымдаған ақсақал арасындағы шынайы, шарпысқан сезімдердің жалт
еткізіліп жақсы суреттелуінде емес, немесе Шынар мен Мүсіреп арасындағы
жарасымның жарқылынан да емес, ол бас тұлға – менің, сенің және олардың
Ұлпанына айналып кеткен ару, алып ана Ұлпанның жүрек жылуында, туған еліне
деген, кіндік кесіп, кір жуған жеріне деген жалын махаббатында. Ия,
Ұлпанның осы ұлы махаббаты – шығарманың тінін өріп, тілін өрнектеп тұрған
басты желі, нәзік те керемет күш. Біздің бұлай түйсініп, түсінуіміздің тағы
бір себебі – Ұлпанның осы махаббаты шығарманың өн бойында жарасымды беріліп
отырады. Ол шығарманың барлық аймақ, алқаптарына дейін бағындырып, баурап,
жаулап алған. Бұл әрине, автор Ғ.Мүсіреповтің осы махаббатқа сезімін жете,
тереңнен игере алғандығының, оған күш-қуаты, таланты, қабілеті, шеберлігі
жеткендігінің белгісі. Соның нәтижесінде Ұлпан айрықша туынды бола білді.
Ұлпанның ұлы махаббаты мен Ғ.Мүсіреповтің жарқын таланты лапылдап табысып,
кіршіксіз ұштасуы – аталмыш шығарманы ұлы дүниеге айналдырған себептер.
Ұлпанды тудырған дәуір. Есенейге үлкен салмақ салып, өмірлік жар
болуға бекінгенде ол небір қиын сын сағаттардан өтті. Есенейдің бірнеше
мүшел жас алшақтығынан, қаһарлы қабағымен халқын уысында ұстап отырған
ұсқынсыз түр-түсінен қатты шошынып, бірнеше күн үйіне жоламай, қашып жүрген
Ұлпан, ақ-қараны танып, өзіне-өзі келген шақта қайта оралып, тағдырдың
салған ісіне мойын ұсынуы оңай шаруа емес. Шығармада Ұлпан бойындағы
ақылдылық пен сұлулық, шешімділік қатар өріліп отырады.
Ұлпан бейнесі – тұтас бір дәуірдің, тарихи үлкен кеңістіктің кетігін
бір өзі толтырғандай кесек бейне.
Жалпы сұлулықты сүйіп өткен жазушының мына бір сөздерін келтіре
кетейік: Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ау: ой ұлылығы, сұлулық
ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы... Ұлпан-менің
Монна Лизам. Немесе, Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын,
әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін.
Қандай да байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-
бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе,
оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім [34 б.]. Сұлуға ғашық
бола білу де бақыт.
Осы тұрғыдан келгенде, халықтың ұлттық психологиясын баяндай алған,
әрбір жеке адамды өзіндік характерімен бере білген қаламгердің мол
мұрасының сырына қаныға отырып, оның құнды дүние екендігіне көзіміз жетеді.

2 Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және философиялық
мәні.
Тарихи дәуірлер мен оқиғаларды, тарихи адамдардың өмірін көркем
бейнелеп елестеткен, дүниетанымдық ізденістері жоғары шығармалардың
қатарына Ә.Кекілбаевтың Аңыздың ақыры романын жатқызуға болады.
Аңыздың ақыры романы Әбіш Кекілбаевтың бұрыннан жазғандарынан сыры
да, сипаты да мүлде бөлек, жазушының шығармашылық тың табысы, өсу, іздену
эволюциясының жаңа қыры дерлік, өзіндік концепциясы бар дүние. Жазушы мұнда
өзінің ойшылдығы мен парасатты суреткерлігін көрсеткен десек асыра
айтқандық емес [35,42 б.].
Романның негізгі сюжеті шығыс елдерінің ежелгі аңыздарының негізінде
алынған. Тарихта болған дерек пен шығармашылық қиял, фольклорлық бастау мен
реалистік баяндау осы шығармада ерекше жымдасып кетеді де, халықтың әр қилы
аңыз әңгімелерін өзінше қызғылықты түсіндіретін автордың көркемдік
философиялық концепциясы барынша толық, айқын танылады.
Романның басты кейіпкері – Алмас хан. Ол өз халқын толық бағындыруда
да, оны басқаруда да, оған жаңа жетістіктер қосуда да табысқа жеткен
әмірші. Бірақ ол халқына өз философиясын уағыздауда жеңіліске ұшырайды.
Сондықтан автор кейіпкердің ой жүйесін, сезіну, түйсіну өрісін, оның
құбылыстарын, суреттеуге ерекше көңіл бөледі. Әміршінің мінез-құлқы –
романның негізгі желісі.
Үлкен ханша – әміршіні бұрын қасынан шығармайтын өркөкірек бәйбіше
жас әйелімен оңаша кеткеніне риза емес. Тірі ол түгілі, өлген әйеліне мешіт
салған жылы ұлы ханымның ұзақ уақыт қабағынан кірбің кетпеді.
Кіші ханша – Он алтыға жаңа шыққан бала қыздың мінезі баяғы алғашқы
әйелін еске түсіреді. Тарпақ-тұрпақсыз, биязы. Биліктің әзәзіл дәміне әлі
құныға қоймаған уыз жас [35,43 б.]. Жорықтағы жарының құрметіне мұнара
салғызған кіші ханым – ақ сезімнің, адал махаббаттың иесі.
Әміршінің бейнесін жасағанда Ә.Кекілбаев тарихи материалдарға
сүйеніп, қазіргі болмысқа сәйкес әлеуметтік-психологиялық модель жасаған.
Эгоцентризм мен өзін ғана сүюдің жалғыздыққа, рухани азушылыққа
ұшырататынын көрсеткен. Жазушы шеберлігі Жаппардың өзімен өзі сөйлескен
монологын беруде ерекше көзге түседі. Жасынан сәулетшілік өнер бойына
дарыған Жаппарға (әкеден берілген қабілеттілік) дүние жүзінде теңдесі жоқ
мұнара салу ісі тапсырылады.
Кіші ханшаға ерекше ықылас, құмарлық сезінген сәулетші мұнараны
салудың жаңа түрін ойлайды. Оның ойынша мұнара ендігі жерде өзінің
ұлылығымен емес, адамдарда басқа адамдарға деген сенім, сүйіспеншілік
сезімін туғызуы керек. Осы ойын іске асыру үшін сәулетші аса көп жұмыс
істейді. Алғашқыда сәулетші хан бақшасының ішінде жас сұлуды жиі көру
мүмкіндігі бар ккетікті бекітпеді. Енді сәулетші қалайда жас сұлуды өзіне
қарату үшін, оның өзіне деген сүйіспеншілік сезімін туғызу үшін мұнараны
ерекше ықыласпен әшекейлеп сала бастайды.
Жер бетіне өзінің әмірлігін, үстемдігін жүргізіп, ашса алақанында –
жұмса жұдырығында ұстай білген Әмірші мұнара бейнелеген асқақ махаббаттың
иесі кім, ол кімге деген ақ сезім деп іздеумен болады.
Кіші ханша әміршінің алдында жалғыз-ақ күнә істепті. Онда да өңінде
емес, түсінде күйеуінің көзіне шөп салыпты. Бірақ сол жалғыз қылмысының
өзін әміршінің қырағы көзі қалт жібермепті. Әміршінің мына монологына көңіл
бөлейік: Ханымның сол жолғы түсінде құшқан еркегі басқа ешкім де емес,
әнеу күнгі монтаны жігіт. Ханым онымен өңінде болмағанымен түсінде табысты.
Ендеше сол бір жайнақ көз жігітпен өмірінде болмағанмен, көңілінде
әлдеқашан қауышқан. Көңілінде ол ханымға бұдан гөрі әлдеқайда жақынырақ...
[35,172 б.].
Шығармада жазушы тек Әміршінің ғана қатыгездігін орынсыз кінәлай
бермейді, оның іс-әрекеттерін төтелеп даттай да бермейді, автор адамшылық
қасиетті, адамның жеке басын аяққа таптайтын зорлық пен зұлымдықтың, билік
құмарлықтың шірік философиясын әшкерелеуге назар аударады. Қаншалық
қаһарлы, қайратты болғанмен, Әміршінің өзі де, шынтуайтқа келгенде
көрсоқыр, қатыгез. Ол өзгелерді қайғы-қасыретке ұшыратумен бірге, өзі де
шектеусіз биліктің құрбаны болады.
Қазақ тарихи романдарына кірістірілетін аңыздар өмірлік шындыққа ажар
бітіріп, мазмұнын тереңдетеді, философиялық мән-маңыз береді. Олардың
образдарында, характерлік сипаттарында реализмнен гөрі романтикалық бояу
басым. Өйткені олар түгелдей тарих төрінен бағзы заманда-ақ өз орындарын
алып, халық көңілінде өздеріне лайық ерекшеліктерімен, мінез даралықтарымен
орныққан тұлғалар. Қаламгердің сюжет желісі түгелдей аңыздан арна тартқан
Аңыздың ақыры романы – сүйегі таза тарихи роман. Мұндағы тарихи
деректердің барлығы дерлік көркемдік шешімін үйлесімді тапқан туынды.
Тарихилық деген ұғым шығармада суреттелетін дәуірдің алуан түрлі
ерекшелігінің сақталуын білдіреді. Қазақ халқы да өз басынан талай тарихи
оқиғаларды өткізген халық. Сондай шығармалардың бірі З.Шашкиннің Тоқаш
Бокин романы. Жазушының бұл романы тарихи тақырыпта жазылған көлемді
шығарма. Онда қазақ жерінде болған төңкеріс қозғалысының белгілі бір кезеңі
суреттеледі.
Белгілі ғалым, зерттеуші Х.Сүйіншәлиев: Тоқаш Бокин романы қазақ
кеңес әдебиетіне қосылған зор үлес, идеялық және көркемдік сапасы жоғары
шығарма [36,131б.] десе, әдебиет зерттеуші, ғалым Б.Майтанов: М.Әуезовтегі
байыпты философиялық интонация, Ғ.Мүсіреповтегі траги-комикалық астарлардың
бірлігі, қос авторға ортақ романтикалық леп пен қатал реалистік нақыштар
үйлесімі ұқсас та өзгеше стиль қырларын құрағаны мәлім. З.Шашкин,
Ә.Нұрпейісов сияқты кейінгі буын қаламгерлер творчествосында жоғарғыдағы
көркемдік-эстетикалық принциптер мол ізденіс нәтижесінде соны даралық
белгілермен көрініс тапты [37,167 б.], деуі де бұл романға берілген үлкен
баға.
Шығармада Тоқаш бейнесі біржақты күресте ғана көрініп қоймайды, соған
қоса, Тоқаштың жалынды жастық жүрегінің сыры да ашылады. Достық, махаббат
дүниесінде Тоқаш бейнесінің өзіне тән жаңалықтары бар. Романда Тоқашты ақ
ниет, адал жан, ақжарқын адам бейнесінде көрсетуде, оның ішкі сырларын
ашуда жазушының көп ізденгендігі байқалады. Ол Тоқаштың сүйіспеншілік
сезімін ұстаған идеясына ұштастыра, азаттық күресіне қабыстыра,
күрделендіре суреттеу арқылы ашылады.
Романдағы Аянбектің қызы Айгүл – Тоқаштың сүйген қызы. Кезінде Айгүл
әкесімен бірге Қытайға өтіп кеткен. Сол кездегі ел басына түскен түрлі
ауыртпашылық бұлардың да басында болады. Әкесі Құлжаның байы Бабашевтың
атшысы болса, Айгүл сол үйдің күңі болып жүреді. Айгүл мен Тоқаш бірін-бірі
қалтықсыз сүйеді. Екеуінің де бір-біріне құмарлығы кіршіксіз.
Романда бірнеше әйелдер бейнесі берілген. Олардың ішінде Кәрден
байдың қызы Бикен бар. Ол ақыл, амалын қатар жұмсай біледі. Бақ құмар да
емес. Ол Тоқаштың атағына емес, болмысына ғашық. Бикен Тоқашқа қанша
айыптаулар тағылса да, ешбіріне сенбейді. Түрмедегі Тоқашқа ас-су жеткізіп,
бостандыққа шығуына тілекші болады. Кейін Тоқаш тұтқыннан босағанда, той
жасап, ерекше қуаныш білдіреді. Шығармадағы осы тұс Абай жолы роман-
эпопеясындағы Абай мен Салтанат арасындағы сезімді суреттейтін көрініске
орайлас келеді. Жазушы Бикен образы арқылы қазақ романдарында бұрын-соңды
көп кездеспеген қазақ өмірінің жаңа бетін ашады.
Тоқаш бейнесі жаны таза, саналы күрескерлерге лайық жақсы адамдарға
тән абзал қасиеттер мен қайтпас ерліктерге ізгілік пен әділет істерге толы.
Сол ауыр заман шындығын әр дәрежедегі кейіпкерлердің тағдыры арқылы
суреттейді. Тоқаш, Айгүл, Бикен т.б. Бұлардың басындағы ауыртпалық біреу
болғанымен, кейіпкер ретіндегі тағдырлары әр түрлі.
Көркем әдебиеттің басты компоненті адам образы болғандықтан З.Шашкин
әсіресе, образды әр қырынан жіті қадағалайды да идеялық, философиялық,
көркемдік бірлігін сақтауға айрықша көңіл бөледі.
Тоқаштың Айгүлге деген адал махаббаты кіршіксіз. Оған деген жүрек
жалыны ешқашан сөнбек емес. Тоқаштың басына түскен үлкен қайғының бірі
Айгүлден айрылған кезі еді. Айгүлдің өлігін көріп те түңілмейді, қабірінің
басында болса да үмітін үзбейді.
Роман оқиғасы дамуы, құрылысы мен стилі жағынан қазақ романдарындағы
бар дағдыны қайталамайды. Автор ойды ықшамдап, аз сөзге терең мағына беруді
көздеген. Жазушы табиғат құбылысы мен адам көңіл-күйінің байланысын сәтті
пайдаланып отырған. Кейіпкерлер бейнесі де шағын да нақты ашылып, туындының
өн бойында оқыс оқиғаларды беру арқылы, оның даму, шиеленісу шарттарын
өзінше құрған. Қаламгердің осындай шығармашылық ерекшелігі оқырмандар
жүрегіне жол тауып, көркем дүниесінің қазақ әдебиеті сапынан өз орнын
табуына мүмкіндік берді.
3 С.Мұқановтың Балуан Шолақ романындағы ғашықтық характердің
берілуі. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясынан кейін,
жазушы салған жаңа дәстүр негізінде әдебиетіміз өнер адамдарының ғұмырын,
олар өмір сүрген дәуір шындығын бейнелейтін шығармалармен толықты. Олар:
С.Мұқановтың Балуан Шолақ, З.Ақышевтың Жаяу Мұса, Ә.Әбішевтің
Найзағай, С.Жүнісовтің Ақан сері романдары.
Жұмыстың бұл тараушасында жазушы Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ
романындағы Балуан Шолақ пен Ғалия арасындағы ғашықтық сезім, махаббат
мәселелері талданады.
Балуан Шолақ - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында күреске
толы ғұмыр кешкен өнерпаз тағдырынан өмір шындығына негізделіп жазылған
шығарма. Жазушы Балуан Шолақ ән-өлеңдерінің шығармашылық сырын тереңнен
ашады. Туындыдағы ұлттық психология – халық жанының пәктігін, өнерге деген
құрметін, сал-серілік, әншілік өнердің асқақтығын танытады.
Балуан Шолақтың болмыс-бітімі, көкірек көзі, сана-сезімі, ой-толғамы
көп адамнан артық бола тұра, сол әлеуметтік келеңсіздік пен кемсітушіліктің
тұтқынына айналады. Бойында қайрат пен күш бар, ақыл мен пайым бар, бірақ
оны әлеуметтік теңсіздік буып тастаған. Сол ғаламат күш оны сүйгені
Ғалиямен де еркін тұруына мүмкіншілік бермей, соңында адам қолынан қаза
табады. Бірін-бірі сүйген екі жас қауіпті қыспақта қалған.
Шығармадағы Ғалия бейнесі, өмір жолы тарихи деректен алшақ кетпейді.
Ізеттілік, ұлттық салт-дәстүрді бойына жинақтаған, жан дүниесі бай,
тартымды етіп суреттейді.
Келіншектің қарақаттай мөлдір, күлімдеген көзі Нұрмағанбетке күн
сәулесінен өткір қадалып, оның өмірде жаннан жасқанбаған көзін тайдырып
жібереді. Сол өткір қарастан оның бойы отқа тиген қорғасындай еріп кеткен
сияқтанды, аузына сөз түспей, жаутаңдап қарай берді [38,44 б.].
Ғалияның портретіне назар аударғанда, автор өз кейіпкерінің хал-күйін,
оның түрлі іс-әрекеттерін ашып көрсету мақсатында психологиялық талдаудың
эпикалық тәсіліне көбірек сүйенген. Жазушы бірде іс-әрекетті бейнелеп
отырып, кейіпкердің сезім әлемі, жан дүниесіне ойысу сияқты көркемдік
тәсілдерді шебер пайдаланған. Ғалия портреті кейіпкердің ішкі жан сипаты,
суреті есепті.
Балуан Шолақтың келе жатқанын естiген Ғалия оны iштей тосып-ақ жүрген
болатын. Тағдырдың табыстыруымен араға бiраз уақыт салып, қайтадан
кездескен Балуан Шолақ пен Ғалия бiрiн-бiрi асыға күткен ғашықтардай iштей
арпалысуда:
“Қараған сайын Ғалияға ол құмарта түстi. қазiр алғашқы екпiнмен жұтқан
жарты аяқ қымыздың өзi әрi өтпей, өңешiнде тұрып қалған сияқтанды. Өлең айт
деп қолқалаған кезде де домбыраға қолы жүрмей, аузына сөз түспей, жүрегiнде
бiр ән толқып, ол ән кеңiрдегiне сыймай кептелiп, тығылып тұрғандай болды”
[38,84 б.].
Осыдан кейiн жазушы екеуiнiң арасындағы көзқарасты, ерекше бiр сезiмдi,
қатты толқуды қандай жасырамыз дегенмен де жасыра алмай, сыртқа шығарып
алғандарын маңайында отырған жiгiттердiң байқауымен болған диалог арқылы
бередi:
- “Дауылпаз деген бiр құс бар, дауысы жер жарады, қасына келсе
жұдырықтай” дегендей,- дедi бiреуi - Балуан, Балуан”, -деп жұрттың дәсердей
қылып жүргенi осы ма?! Қаңқайған денесi болмаса мынауыңда береке шамалы
екен!..”
- Бiлмей айтып отырсың,- дедi қасындағысы, – еркектiң сиқыры әйел емес
пе? Әйелге елтiмеген, әйел арбап, қуатын да қайратын да мұрындықтаған
түйедей жетегiне алғанын абайламай отырмысың?..” [38,84 б.].
Балуан Шолақтың көңiлi барлығын Ғалия ана жылы да көзқарасынан аңғарған,
бұл жолы да аңғарды: “Балуанға қараған сайын, жүрегiнде бұрын бықсып жанған
құмарлық оты қызына түстi...” [38,89 б.].
Жазушы екеуiнiң арасындағы сүйiспеншiлiктi сөзбен суреттемей, көбiне
iшкi сезiмге жеңдiредi, iс-әрекет үстiндегi ым-ишара, қимыл-қозғалыс, салт-
дәстүр түрiндегi қарым-қатынастар үстiнде көрiнiс берiп жатады.
С.Мұқанов адамның iшкi әрекетi өз алдына дербес құбылыс емес, ол сыртқы
практикалық әрекетпен, материалдық өмiр шындықтарымен тығыз бiрлiкте
ашылады дей отырып, кейiпкердiң iшкi әрекетiнен оның сыртқы әрекетiне
немесе, керiсiнше, тысқы әрекеттен iшкi әрекетке ойысып отырады.
Ұнату, жақсы көру сезiмiн бiлдiрудiң бiр жолы көзбен түсiнiсу, ымды
ұғыну, жүрiс-тұрысымен, қимыл-қозғалысын iзеттiлiкпен жеткiзу сияқты да
жолдары бар. Осындай әдемi де астарлы, қылықты да қызықты түсiнiсу жолдарын
жазушы шығармада жиi қолданады.
-Менiң бүгiн оралып келетiнiмдi қайдан бiлдiң? –дедi Балуан қуланған
боп.
-Еркектiң әйелге деген бар сыры көзiнде тұрмай ма, Балуан - дедi Ғалия
күлiп, – көзқарасыңызбен айтып аттанбадыңыз ба маған, “кешке оралам” деген
сөздi?..
–Ә, солай ма едi? -деп Балуан мойындай қалды [38,92 б.].
Осы жолғы кездесулерi бұлардың тағдырын мүлдем өзгертедi. Бiрiн-бiрi
көптен берi бiлетiн адамдай тез түсiнiстiк тапты. Бiрiн-бiрi көруге деген
құштарлық туа бастады. Тосу, iздеп алаңдау, асыға күту сияқты жүрекке
тынышсыздық кiре бастайды.
Әсем Ақбозбен ел аралап, думан-сауықпен күн кешiрген Шолақ, тағдырдың
айдауымен бiр күнi бiр ауылда қыз ұзатылатын тойға кез келiп, кешкi ойын-
сауығында болады. Ел арасына танымал болып қалған басы сыйлы өнерлi Шолақты
ұзатылатын қыздың қасына отырғызады. Бұл кезде Шолақтың жасы жиырма үштерге
келген кезi болатын.
Қасында отырған қызға қараса: аршыған жұмыртқадай аппақ жүздi, мөлдiр
көздi, мiнезi ойнақы бiреу екен [38,86 б.].
Жазушы қыздың сыртқы келбетiн жiгiт қызығатындай етiп суреттей отырып,
мiнез-құлқындағы жеңiлтектiктi де ескертiп өтедi. Балуанның бала жасынан
бойына бiткен бiр мiнезi - аяғыштық болатын. Балқаштың өз күйеуiн
менсiнбейтiндiгiн айтып, өмiрлiк панаңа ал! деген өтiнiшiне қарсылық
бiлдiре алмай, өзiн ұнатып, өмiрлiк жар болуға бел буған қызды сүймеген
адамынан құтқаруға серт байласады. Батыр аңғал келедi дегендей, сол сәтте
көңiл жықпай бiрден шешiм жасауы өнерлi жiгiтке тән қасиет екенi бұрыннан
белгiлi.
Шығармада аз да болса Балуан Шолақтың өміріне қатысы бар өзіндік бір
ерекшелігімен есте қалған қыз – Татьяна.
Балуан Шолақ ояздың қара күшiне қарсы қара күш жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Жазушының драмалық шығармалары
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Шәкәрім және Хафиз: өнер философиясындағы үндестік
Д. Досжанның романдарындағы тарихи образ жасау мәселесі
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Пәндер