Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
Диплом жұмысы
ФИРМАНЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУ
Орындаған:
4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
э. ғ. к., доцент Өсербайұлы С.
Норма бақылаушы:
э. ғ. к., доцент Арзаева М. Ж.
Қорғауға жіберілді:
Қаржы кафедрасының
меңгерушісі міндетін
атқарушы
э. ғ. к., доцент Арзаева М. Ж.
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ФИРМАНЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Фирманың айналым активтерінің экономикалық мәні мен жіктелуі . . . 5
- Фирманың айналым активтерінің құрамы, оның қалыптасу көздері . . . 9
1. 3 Фирманың айналым активтерін басқару әдістері . . . 12
2 ФИРМАНЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2. 1 "Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл Инк. " компаниясының негізгі қаржылық және экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 19
2. 2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау . . . 35
2. 3 "Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл Инк. " компаниясының ақшалай активтерін талдау . . . 39
3 ФИРМАНЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІН ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Айналым активтерін басқаруды жетілдіру . . . 47
3. 2 Фирманың айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
ҚОСЫМША
Кіріспе
Айналым активтері кәсіпорын мүлкінің бірден бір құрылымдық бөлігі болып табылады. Оларды қолданудың жағдайы мен тиімділігі - кәсіпорынның табысты қызмет істеуінің басты шарты. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа алғышарттарын анықтайды. Жоғары деңгейдегі инфляция, төлемқабілетсіздік және тағы басқа дағдарыстық көріністер кәсіпорындарды айналым активтерін басқару саясатын өзгертуге, оларды толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді.
Өндірісті тоқтатпаудың бірден бір шарты - оның материалдық негізін, яғни өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отыру. Өз кезегінде, бұл өндіріс құралдарының айналым ретіндегі үздіксіз қозғалуына жағдай жасайды.
Өзінің айналысында айналым қорлары кезектесе ақша, өндіріс және тауар түріндегі формасына өзгереді, бұл олардың өндіріс қорлары және айналыс қорларына бөлінуге сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субьекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы бойынша таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, ұйымдардың жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдірдің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарықтық экономикада қаржылық активтерді басқару механизмдерінің элементтері экономиканың негізі реттеуші күштері болып табылады, ал қаржылық нәтижелер жекелеген кәсіпорындар жалпы қызметінің нәтижелерін толық көрсетеді.
Кәсіпорындардың қаржылық активтерін басқару қызметіне мыналар кіреді:
- қаржылық қажеттілікті қамтамасыз ету;
- қаржылық капитал құрылымының өзгеру көздеріне қарай тиімді ету;
- өзге банктер, кәсіпорындар, салық қызметтерімен байланыс барысында қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның акция иегерлерімен, жалдамалы қызметкерлермен, бөлімшелер (филиалдар) арасында қаржылық қарым-қатынасты регламенттеу және т. б.
Кәсіпорынның айналым активтерін анықтау үшін кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасындаға жағдайын нақты және толық көрсететін бірқатар сипаттамалар қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы осындай сипаттамалардың бірі болып табылады. Ол несие берушілерге, инвесторларға, яғни «меншіктік капитал - қарыз капиталы» қатынасына тәуелділігімен байланысты. Өзіндік өтеу капиталымен толық өтелмеген айтарлықтай міндеттемелердің болуы ірі несиегерлер өз қаржыларын қайтаруды талап етсе, банкроттық жағдайға әкелуі мүмкін.
Алайда, қарызға алынған қаржыны бір мезгілде орналастыру өзіндік капиталдың кірістілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының талдауын жасағанда фирманың болашақтағы кірсі мен тәуекелін көрсететін көрсеткіштер жүйесін пайдаланған өте маңызды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.
Зерттеудің объектісі: кәсіпорын қызметі, айналым капиталы, фирманың міндеттемелері, қаржылық жағдайдың өзгерісіне алып келетін факторлар.
Бұл жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді бағалаудың әдістерін сипаттау, компанияға қаржылық байланыстың тәуекелдігі және күтілетін кіріс деңгейі қалай әсер ететіндігін талдау, компанияның қаржылық жағдайын жақсартудың бағыттарын ұсыну.
Диплом жұмысының міндеті :
- «Бейкер Хьюз» компаниясының айналым активтерін, қысқа мерзімді міндеттемелерін және қаржылық жағдайын талдау;
- кәсіпорынның жалпы өндірістік шаруашылық қызметін талдау;
- кеңістіктік-уақыттық кескінде айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің өзгерістерін анықтау;
- қаржылық жағдайдың өзгерісіне әкелетін негізгі факторларды айқындау;
- қаржылық жағдайдың негізі тенденцияларын болжау;
- кәсіпорынның ары қарай жақсы жұмыс жасауына ұсыныстар жасау.
Бұл жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша.
Бұл дипломдық жұмысты орындауда ресей және қазақстандық авторлардың еңбегі, компанияның өндірістік-қаржылық мәліметтері қолданылды.
1 ФИРМАНЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Фирманың айналым активтерінің экономикалық мәні мен жіктелуі
Айналым активтері кәсіпорын мүлкінің бірден бір құрылымдық бөлігі болып табылады. Оларды қолданудың жағдайы мен тиімділігі - кәсіпорынның табысты қызмет істеуінің басты шарты. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа алғышарттарын анықтайды. Жоғары деңгейдегі инфляция, төлемқабілетсіздік және тағы басқа дағдарыстық көріністер кәсіпорындарды айналым қаражаттарын басқару саясатын өзгертуге, оларды толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді.
Өндірісті тоқтатпаудың бірден бір шарты - оның материалдық негізін, яғни өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отыру. Өз кезегінде, бұл өндіріс құралдарының айналым ретіндегі үздіксіз қозғалуына жағдай жасайды.
Өзінің айналысында айналым қорлары кезектесе ақша, өндіріс және тауар түріндегі формасына өзгереді, бұл олардың өндіріс қорлары және айналыс қорларына бөлінуге сәйкес келеді.
Өндіріс қорларының материалдық негіздері өндіріс құралдары болып табылады, ал бұлар еңбек заттары мен еңбек құралдарына бөлінеді. Дайын өнім ақша құралдары және есептегі құралдармен бірге айналыс қорларын түзеді.
Кәсіпорын қорларының айналысы шикізат, материалдар, жанар-жағар май, отын және т. б. өндіріс құралдарын аванстық құнмен ақшалай нысанда сатып алудан басталады - бұл айналысның бірінші сатысы. Нәтижесінде ақша құралдары өндірістік құралдар нысанына өзгеріп, айналыс аясынан өндіріс аясына ауысуды сипаттайды. Мұнда құн шығындалмай, тек қана авансталады, себебі айналыс біткеннен кейін ол қайтарылады. Бірінші сатыда тауар ауысу аяқталады, бірақ айналыс аяқталмайды.
Айналыстың екінші сатысы өндіріс процесінде жүргізіледі, мұнда жұмыс күші жаңадан құрылған және әкелінген құны бар жаңа өнім жасап, өндіріс құралдарының өндірістік тұтынуын жүзеге асырады. Аванстық құн қайтадан өзінің нысанын ауыстырады - өндірістік нысаннан ол тауарлыға ауысады.
Айналыстың үшінші сатысы шығарылған дайын өнімді сатып, ақша құралдарын алудан тұрады. Бұл сатыда айнлым қаражаттары қайтадан өндіріс аясынан айналыс аясына ауысады. Тоқтатылған тауарлы айналыс жалғастырылып, құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға көшеді. Өнімді шығаруға, сатуға кеткен және шығарылған өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары сомасы арасындағы айырма кәсіпорынның ақшалай қорларын түзеді.
Бір айналысты бітіргеннен кейін айналым қаражаттары жаңа айналысқа түсіп, үздіксіз айналысты құрайды. Тек осы айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысы өндіріс және айналыс процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын қорлары айналысының талдауы аванстық құнның кезектесе әртүрлі нысанға ауысып отыруын ғана емес, бірақ әруақытта белгілі мөлшерде бұл нысандарда болып отыруын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, аванстық құн айналыстың әрбір мезетінде әр түрлі жақтарымен біруақытта ақшалай да, өнідірістік те, тауарлы нысанда да болып отырады.
Кәсіпорын қорларының айналысы тек белгілі бір аванстық құнның ақшалай нысанда болу шартымен ғана жүзеге асырылады. Айналысқа түскенде, ол енді оны жоғалтпайды, тек қана өзінің қызметтік нысандарын ғана өзгертіп отырады. Көрсетілген ақшалай нысандағы құн кәсіпорынның айналым қаражаты болып табылады.
Айналым активтері ең алдымен құндық категория ретінде болады. Олар материалдық негіз болып табылады, себебі олардан дайын өнім алуға болмайды. Ақшалай нысанында айналым қаражаттары айналыс процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім нысанына ауысады. Тауарлы-материалдық құндылықтарға қарағанда айналым құралдары шығындалмайды, шығырылмайды, тұтынылмайды, тек қана айналыс аяқталғаннан кейін қайтарылып, келесі айналысқа түскенде авансталады.
Авансталу мезеті айналым қаражаттарының ең маңызды және ерекшелікті мінездемесі болып табылады, себебі ол экономикалық шектеулерді орнатқанда маңызды рөл атқарады. Айналым қаражаттарының уақытша сипаттамасы болып қорлардың тоқсандық немесе жылдық көлемі емес, ал бір айналысы ғана табылуы қажет.
1-сызба. Айналым қаражаттарының айналысы
Кәсіпорындардың тиімді жұмыс жасауы үшін өндірістік бағдарламаға сәйкес шикізат, материалдар, жанармай, тез тозатын құралдар болуы қажет. Нарық қажеттігін толығымен қамтамасыз етуде әрбір кәсіпорын дайын өнімдер қорын да қалыптастыруға міндетті. Әр түрлі шарттарға сәйкес дайын өнімді жеткізуде және есеп айырысуда кәсіпорын елеулі қаржыны дебиторлық қарыздарға жатқызады. Өз кезегінде мерзімді түрде өз қарыздарын тез арада өтеу үшін кәсіпорын кассасында, есеп айырысу шотында немесе басқа шоттарда ақша қаражаттарын ұстау қажет. Еркін, яғни бос ақша қаражаттары құнсыздап кетпеуі үшін және қосымша пайда алу үшін қаржының бір бөлігін құнды қағаздарға орналыстыруға мүдделі. Бұның барлығы капиталдың бір бөлігін айналым активтеріне салымды жасау керектігін қажет етеді.
Кәсіпорынның айналым активтерін мақсатты түрде басқару үшін олардың жіктелуі қажет. Қаржы менеджменті тұрғысынан айналым активтерінің жіктелуі келесі белгілер бойынша жүргізіледі: айналым активтерінің қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі; айналым активтерінің түрлері; айналым активтерінің операциялық процеске қатысу мінездемесі; айналым активтерінің қызмет ету кезеңі бойынша. [14]
Қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі бойынша айналым активтері келесідей жіктеледі:
- Кәсіпорынның жалпы айналым активтері- меншік және қарыз капиталы негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі. Кәсіпорынның қорытынды балансында олар активтің II (екінші) және III (үшінші) бөлімдерінің сомасы ретінде көрсетіледі;
- Кәсіпорынның таза айналым активтері (таза жұмыс капиталы) - меншік және ұзақ мерзімді қарыз капитал негізінде құрылады.
Таза актив сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
ТАА = АА - ҚҚМ, (1)
мұндағы ТАА - кәсіпорынның таза активтерінің сомасы;
АА - кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің сомасы;
ҚҚМ - кәсіпорынның ағымдағы қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері.
- Меншік айналым активтері - кәсіпорынның меншік капиталының негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі. Кәсіпорын меншік айналым активтерінің сомасын келесі формула бойынша есептейді:
МАА = АА - ҰҚК - ҚҚМ, (2)
мұндағы МАА - кәсіпорынның меншік айналым активтерінің сомасы;
АА - кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің сомасы;
ҰҚК - кәсіпорынның айналым активтеріне инвстицияланған ұзақ мерзімді қарыз капиталы;
ҚҚМ - кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.
Егер кәсіпорын айналым қорларын қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді қарыз капиталын қолданса, онда өзіндік және таза айналым активтерінің сомалары сәйкес болады.
Айналым активтерінің түрлері белгісі бойынша айналым активтері былай жіктеледі:
- Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін материалды ағымдарын мінездейді;
- Дайын өнім қорлары. Бұл айналым активтері сатуға арналған қор формасындағы дайын өнімді көрсетеді. Қаржы менеджменті тәжірибесінде айналым активтерінің бұл түріне аяқталмаған өндіріс көлемін де жатқызады;
- Дебиторлық қарыз. Ол тауар, жұмыс, қызмет, берілген аванс есебі бойынша жеке және заңды тұлғалардың кәсіпорынға деген қаржылық міндеттемелерін көрсетеді;
- Ақша қаражаттары. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оларға ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаттарының қалдығы ғана емес, қысқа мерзімді қаржылық салымдар сомасы да жатады;
- Айналым активтерінің басқа да түрлері. Оларға жоғарыда көрсетілген түрлерге енбейтін, жалпы сомасында көрсетілетін айналым активтері жатады. Мысалы: болашақ кезең шығындары.
Операциялық процеске қатысу мінездемесі бойынша айналым активтерінің жіктелуі былай болады:
- кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым активтері;
- кәсіпорынның қаржылық циклін қамтамасыз ететін айналым активтері болып жіктеледі.
Кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым активтеріне шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары, аяқталмаған өндіріс көлемі және дайын өнім қорлары жатады.
Кәсіпорынның қаржылық (ақшалай) циклін қамтамасыз ететін айналым активтеріне дебиторлық қарыздар жатқызылады.
Айналым активтері қызмет ету кезеңі бойынша келесідей жіктеледі:
- Айналым активтерінің тұрақты бөлігі;
- Айналым активтерінің айнымалы бөлігі.
Айналым активтерінің тұрақты бөлігі - бұл активтердің көлемі кәсіпорынның қызметінің маусымдық және басқадай ауытқуларына байланыссыз болатын бөлігі. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның операциялық қызметін іске асыру үшін қажетті айналым активтерінің төмендемейтін минимумы.
Айналым активтерінің айнымалы бөлігі - бұл айналым активтерінің өндіріс көлемі мен өнім сатудың маусымдық өсуімен, бөлек кезеңдегі тауарлы-материалды қорларды маусымдық сату үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметін ұйымдастыру қажеттігімен байланысты бөлігі. Ол айналым активтерінің жоғары және орташа бөлігін құрайды.
Айналым активтерінің жіктелуінің бейнелік көрінісі 2-сызбада көрсетілген.
Шикізат, материалдар,
жартылай фабрикаттар қорлары
2-сызба. Негізгі белгілері бойынша кәсіпорын айналым активтерінің жіктелуі
Айналым қаражаттары тек материалды ғана емес, ақшалай ресурстарды да құрайтындықтан, оларды ұйымдастыру мен қолдану тиімділігіне материалдық өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да байланысты болады.
- Фирманың айналым активтерінің құрамы, оның қалыптасу көздері
Кәсіпорынның айналым қаражаттары айналыстың барлық сатысында олардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін, өндірістің қажеттіліктерін ақшалай және материалды ресурстрамен қамтамасыз ету үшін, есептердің уақыттылығын және толықтылығын, айналым қаражаттарының қолдану тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Айналым қаражаттарының барлық қаржыландыру көздері былай бөлінеді: меншік қаражаттары; қарыз қаражаттары; тартылған қаражаттар.
Меншік қаражаттар айналысты ұйымдастыруда басты рөл атқарады, себебі жұмыс рентабельді болу үшін және қабылданған шешім үшін жауапкершілігі болу үшін коммерциялық есептесу негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың мүліктік және оперативті тәуелсіздігі болу керек.
Айналым қаражаттары қалыптасуы кәсіпорын ұйымдасқан кезде, оның жарғылық қоры қалыптасқан кезде өтеді. Бұл кезде айналым қаражаттарының қалыптасу көзі кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары болып табылады. Жұмыс процесінде айналым қаражаттарының толықтыру көзі алынған пайда және айналым қаражаттарына теңестірілген тұрақты пассивтер. Бұл қаражаттар кәсіпорын мүлкіне жатпайды, бірақ үнемі оның айналысына қатысады. Бұндай қаражаттар айналым қаражаттарының сомасының минималды қалдығы ретінде қалыптасу көзі болып табылады. Оларға жататындар: кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы бойынша айдан айға өтетін минималды қарызы, болашақ шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет алдында және бюджеттен тыс қорлар алдындағы минималды өтетін қарыз, тауар үшін алдын ала төлемақы ретінде алынған несиегерлердің қаражаттары, қайтарымды тара үшін кепілдер бойынша төлеушілердің қаражаттары, тұтыну қорының өтемелі қалдықтары және т. б.
Шаруашылықтың айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті қысқарту үшін және оларды тиімді қолдануды ынталандыру үшін қарыз қаражаттарын тартқан жөн. Қарыз қаражаттары айналым қаражаттарына деген уақытша қосымша қажеттілікті қанағаттандыратын банктің қысқа мерзімді несиелері.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру үшін қажетті несиелерді тартудың негізгі бағыттары мыналар: өндірістің маусымдық процесімен байланысты шикізат, материалдардың маусымдық қорларын және шығындарын несиелеу; меншік айналым қаражаттарының жетіспеушілігін уақытша толықтыру; есептеулерді жүргізу.
Экономиканы әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында қарыз қаражаттары айналым қаражаттарын қаржыландыру көздері ішінде үлкен үлесте болды. Осылайша, 1989 жылы ол 40, 5%, 1990 жылы - 24, 2% болды. Келесі жылдары несие үлесі қайтадан жоғарылай бастады да, 1993 жылы ол 40, 3%-ке жетті.
Бұл көрсеткіш динамикасы сипатының алғышарты - объективті экономикалық процестер. 80-жылдардың басындағы несие үлесінің азаюын коммерциялық несиенің дамымаған жүйесіндегі кәсіпорындардың орталықтандырылған несиелеуінің қысқаруымен түсіндіруге болады.
Коммерциялық банктер жүйесінің тұрақтануымен, коммерциялық несие көлемінің өсуімен бірге кәсіпорындар айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің құрылымдағы несие ресурстарының үлесі де жоғарлады.
Сонымен, экономиканы басқарудың нарықтық жүйесіне көшкенде несиенің айналым қаражаттарының көзі ретіндегі ролі азайған жоқ. Кәсіпорындардың айналым қаражаттарына деген шектен тыс мұқтаждығын жабу қажеттілігімен бірге банктік несиенің мәнін шарттайтын жаңа факторлар пайда болды. Бұл факторлар ең алдымен отандық экономиканың өтпелі даму сатысымен байланысты. Олардың бірі инфляция болды. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына инфляцияның деген әсері көп жақты болды: ол тура және жанама әсер етті. Тура әсер айналым қаражаттарының айналыс ішіндегі құнсыздануымен сипатталады, яғни айналыстан кейін кәсіпорын шығарылған өнім үшін алған пайданың құрылымында айналым қаражаттарының авансталған сомасын қайтарып алмайды.
Жанама әсер инфляция себебінен болған ақы төленбеу дағдарысына байланысты қаражаттар айналысының баяулауымен сипатталады. Ақы төленбеу дағдарысы туындауына тағы да мыналар себеп болады: еңбек өнімділігінің төмендеуі; өндірістің шекті тиімсіздігі; кейбір басшылардың жаңа жағдайларға бейімделе алмауы: жаңа шешімдер іздестіру, тауар ассортиментін өзгерту, артық және керексіз активтерді сатып, өндірістің материал және энергия сыйымдылығын төмендету; қарыздарды төлемеуге жағдай жасайтын заңдылықтардың кемшілігі.
Ақы төлемеумен күресу және қаржылық қолдау мақсатында кәсіпорындардың айналым қаражаттарын толықтыру үшін көп қаражаттар бөлінеді. Бірақ барлық кезде бірдей бөлінген қаражаттар қажетті мақсатта қолданбайды, бұның қатты инфляциялық әсері бар.
Көрсетілген себептер кәсіпорындардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз ретінде сақталатын айналым қаражаттарының көзі болатын қарыз қаражатына деген қызығушылығына шарт болады. Бұл жағдайда айналым қаражаттарның көзі болатын несие қолданудың шектері туралы сұрақ туындайды. Бұл сұрақ екі жақты - несие қолданудың кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпы, соның ішінде айналым қаражаттарының жағдайына ықпалмен жүреді.
Бір жағынан, меншік қаражаттарының тапшылығы жағдайында айналысқа несиелік ресурстарын тартусыз кәсіпорынға өндірісті қысқартуға немесе толық тоқтатуға тура келеді, ал бұл қаржылық қиындықтарға немесе тіптен банкроттыққа да әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, туындаған мәселелерді тек несиелік ресурстар арқылы шешу ссудалық қарыздың үлкеюінен кәсіпорынның несиелік ресурстардан тәуелділігін жоғарлатады. Бұл қаржылық жағдайдың тұрақсыздығына әкеледі, меншік айналым қаражаттары банктің меншігіне көшіп жоғалтылады, себебі кәсіпорындар банктік пайыз арқылы белгіленген салынған капиталдың табыс нормасын қамтамасыз етпейді. Кредиторлық қарыз айналым қаражаттарының жоспарланбаған тартылған көзіне жатады. Оның бар болуы кәсіпорынның айналысында басқа кәсіпорындар мен мекемелердің қаражаттары қатысуын сипаттайды. Кредиторлық қарыздың бір бөлігі заңды, себебі жүзеге асатын есептеме ережелеріне сәйкес. Сонымен қатар, кредиторлық қарыз төлемақы тәртібінің бұзылуы нәтижесінде де туындауы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz