I МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... 6
1 I МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... .10
1.1. Мемлекеттік Думаның шақырылуы және партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысының өрлеуі ... ... .10
1.2 I Мемлекеттік Думаны сайлауға қазақ даласында ұйымдастырылған
саяси шаралар ... ... ... ... ... .13
1.3. Қазақ кадет партиясы бағдарламасының жалпыұлттық, демократия лық сипаты ... ... ... ... ... 19
2 II МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: ОНЫҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ТАРИХИ МАҢЫЗЫ ... ... 27
2.1 Екінші Мемлекеттік Думаға сайлау қарсыңындағы қарбалас ... ... ... ... ... 27
2.2 ІІ.ші Мемлекеттік Думаның Дала өлкелеріндегі қазақтар қауымына
әсері ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 ІІ.ші Мемлекеттік Думаның күн тәртібінде қойылған мәселелердің І.ші Мемлекеттік Думадан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... .40
.4 Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және жер.су мәселесі ... ... ... ...42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

XX ғасырдың бас кезінде Ресейдің қоғамдық саяси өмірінде күрделі оқиғалар мен елеулі өзгерістер болды. Соның ішінде назар аударарлық әлеуметтік мәселе - буржуазиялық демократиялық даму жолына бағытталған өзгерістер болатын. Әсіресе соның ірі әлеуметтік оқиғасы Мемлекеттік Думаның шақырылуы еді. Жоғарғы заң шығарушы органның 12 жыл тари хы, 1905-1917 ж.ж. арасындағы қызметі Ресей тарихында, оның құрамына кірген халықтардың өмірінде айтарлықтай із қалдырған демократиялық идеалдың көрінісі болды. Дума Ресейде құрылған партия фракцияларының және ұлт аймақтардағы ұлт азаттық қозғалыстардың өкілдерінің бас қосқан маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден бір өкілетті форумға айналды. Ол Ресей Империясының алғашқы парламенті ролін атқара бастады. 1917 ж. Ақпан төңкерісінің әзірлігіне мұрындық болумен қатар оның идеялық бастамасының негізі болды.
Кеңес дәуірі кезінде Мемлекеттік Думаны буржуазия мен помещик тердің біріккен таптық ұйымы, саяси – қоғамдық сілкініске қарсы, халықты алдау-арбау, оларды революциялық қозғалыстан тыс теріс бағытқа сілтейтін реакцияшыл қауымдар ортасы деп қарады. Осының салдарынан бұл органға қазақ сахарасынан делегат болып сайланған Дума фракцияларына, соның ішінде саяси топтарға белсенді қатысып, ұлт мүддесін қорғаған зиялы азаматтардың аттары аталмай келді. Шын мәнісінде олардың ұлтының азат тығы мен бостандығына еңбегі сіңірген еңбектері айрықша.
Бүгінде өз тарихымызды жаңалай зерделеуге қол жеткен кезде, аты ұмыт қалған ұлт зиялыларын архив құжаттарының шаң тозаңдарынан тазалап, тарихи шындықты көтеруге қол жетіп отыр. Бұл тақырып тың тақырып емес. Ол туралы біраз зерттеулер болған. Бірақ олар сол

1. Аллаберген Қ.Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. А.1994.
2. Асылбеков М.Х. Железнодорожника Казахстана в первой русской революции (1905-1907 г.г.) А. .,1994
3. Аманжолова Д.А, Движение Алаш в 1917 г. М.1993
4. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.1994
5. Аманжолова Д.А. Казахи депутаты Государственной Думы/ «Отечественная история» ,1994 № 1/
6. Асылбеков М., Абжанов Х. Қазақстандағы демографиялық процесс тарихы мен ақтаңдақтары / «Қазақстан коммунисі», 1990,№10/
7. Ахмедов Ғ.Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер, Алматы, 1996
8. Ахмедов Ғ. Русия Думасындағы қазақ депутаттары. / «Жұлдыз», 1994, №1/
9. Ақықұлы С., Қамзабекұлы Д. I Мемлекеттік Дума және оған мүше болған қазақтар. Ана тілі,1993
10. Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы . Бас редакторы Р. Нұрғалиев. А., 1995
11. Бейсенбаев С.Б. Ленин и Казахстан (1897-1924) Алма-Ата .,1968
12. Большевики во главе первой русской революции 1905-1907 г.г. М.,1965
13. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 года. А. 1991
14. Герман Г.О. Выборы во Государственную Думу на Украине М.,1950
15. Досжанов Д. Абақты. Алматы., 1992
16. Ерошкин Н.П. История государственных учреждений дореволю ционной России. М., 1968
17. Зайчиков Г.Н. Думская тактика большевиков (1905-1907г.г.)М.,1975
18. Касенов К., Туреханов А., Красный террор, жертвы 37-го., Алматы, 1994
19. Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. А. 1996
20. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы., 1995
21. Койкелдиев М. Алаш қозғалысы ., Алматы, 1988
22. Қойкелдиев М.Қ. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1907 ж.ғы қоғамдық-саяси қызметі. А.1994
23. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. Алматы., 1990
24. Қойшыбаев Б. Бақытхан Қаратаев .,Алматы., 1993
25. Котляр П. Вайс М. Как проводились выборы в Гоударственную Думу. 1960
26. Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме. Алматы., 1993
27. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси құқықтық көзқарасы. А., 1996
28. Ленин В.И. Шығармаларының толық жинағы 16 том., Алматы. «Қазақстан» ,1973
29. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1994
30. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы, 1993
31. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда .Алматы, 1995
32. Өтениязов С. Тарихтың ащы шындықтары.. Алматы.,1990
33. Сидельников С.М. Образование и деятельность первой Государствен ной Думы. М., 1962
34. Спанов Ө., Нұрмаханова Ж. Қарашаңырақ. Алматы., 1995
35. Сүлейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX-начала XX в 1867-1907 г.г. Алма-Ата, 1963
36. Турсынбаев А.Б. Казахский аул в трех революциях. Алма-Ата., 1967
37. Тынышбаев М. Великие бедствия ., Алматы. 1991
38. Черменский Е.Д. Буржуазия и царизм в первой русской революции. М., 1970
39. Шонанұлы Т. Жер тағдыры- ел тағдыры.алматы., 1995
40. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры Алматы , 1992

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 I МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... .10
1.1. Мемлекеттік Думаның шақырылуы және партиялар мен әлеуметтік топтардың
қақтығысының
өрлеуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..10
2. I Мемлекеттік Думаны сайлауға қазақ даласында ұйымдастырылған
саяси
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Қазақ кадет партиясы бағдарламасының жалпыұлттық, демократия лық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2 II МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: ОНЫҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ТАРИХИ
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.1 Екінші Мемлекеттік Думаға сайлау қарсыңындағы
қарбалас ... ... ... ... ... 27
2.2 ІІ-ші Мемлекеттік Думаның Дала өлкелеріндегі қазақтар қауымына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.3 ІІ-ші Мемлекеттік Думаның күн тәртібінде қойылған мәселелердің І-ші
Мемлекеттік Думадан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
0
.4 Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және жер-су
мәселесі ... ... ... ...42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
XX ғасырдың бас кезінде Ресейдің қоғамдық саяси өмірінде күрделі
оқиғалар мен елеулі өзгерістер болды. Соның ішінде назар аударарлық
әлеуметтік мәселе - буржуазиялық демократиялық даму жолына бағытталған
өзгерістер болатын. Әсіресе соның ірі әлеуметтік оқиғасы Мемлекеттік
Думаның шақырылуы еді. Жоғарғы заң шығарушы органның 12 жыл тари хы, 1905-
1917 ж.ж. арасындағы қызметі Ресей тарихында, оның құрамына кірген
халықтардың өмірінде айтарлықтай із қалдырған демократиялық идеалдың
көрінісі болды. Дума Ресейде құрылған партия фракцияларының және ұлт
аймақтардағы ұлт азаттық қозғалыстардың өкілдерінің бас қосқан маңызы зор
мәселелерді талқылайтын бірден бір өкілетті форумға айналды. Ол Ресей
Империясының алғашқы парламенті ролін атқара бастады. 1917 ж. Ақпан
төңкерісінің әзірлігіне мұрындық болумен қатар оның идеялық бастамасының
негізі болды.
Кеңес дәуірі кезінде Мемлекеттік Думаны буржуазия мен помещик
тердің біріккен таптық ұйымы, саяси – қоғамдық сілкініске қарсы, халықты
алдау-арбау, оларды революциялық қозғалыстан тыс теріс бағытқа сілтейтін
реакцияшыл қауымдар ортасы деп қарады. Осының салдарынан бұл органға қазақ
сахарасынан делегат болып сайланған Дума фракцияларына, соның ішінде
саяси топтарға белсенді қатысып, ұлт мүддесін қорғаған зиялы азаматтардың
аттары аталмай келді. Шын мәнісінде олардың ұлтының азат тығы мен
бостандығына еңбегі сіңірген еңбектері айрықша.
Бүгінде өз тарихымызды жаңалай зерделеуге қол жеткен кезде, аты
ұмыт қалған ұлт зиялыларын архив құжаттарының шаң тозаңдарынан тазалап,
тарихи шындықты көтеруге қол жетіп отыр. Бұл тақырып тың тақырып емес. Ол
туралы біраз зерттеулер болған. Бірақ олар сол дәуірдің талабынан, үстемдік
еткен идеология шеңберінен шыға алмаған.
Қазіргі күндері тәуелсіздік шапағатымен қоғамдық сана мен танымдағы
ұғым атауының көбі өзгеруде. Қазақ елі ғалымдарының тынбай атқарған
жұмыстарының ңәтижесінде Қаааазақстан тарихының ақтаңдақ беттеріндегі
ақиқатшындықтар ашылып, Қазақстанның саяси және мәдени, әлеуметтік-
экономикалық дамуы жөніндегі объективті ой-пікірлер еркін айтылып, жаңа жас
буынға нұсқа болуда
Мен диплом жұмысымда осы мәселе бойынша айтылмай келген ақтаңдақ
беттерінен, жаңадан шыққан ғылыми еңбектерді пайдалана отырып, біраз
зерттеулер жүргіздім. Кеңестік идеологиялық алғышарттардан ада, бұрын атын
атауға тыйым салынған қазақ зиялылары жайлы тыңғылықтар материал дар
жинастырдым.
Зерттеу жұмысының алдына қойған негізгі мақсаты мен міндеттері:
I –ші және II-ші Ресей Мемлекеттік Думасында депутат болған
қазақтардың саяси-қоғамдық қызметтерін объективті түрде зерттеу, осыған
орай олардың саяси рухани мұрасымен қайта табыстыру, бұрынғы ғылыми
айналымға түсе қоймаған, ал белгілі болса да, біржақты талданған нақты
деректер мен құжаттарды басшылыққа ала отырып, таптық өрісі тар идеологияға
бой ұрмай, Думаға депутат болған қазақтарды ұлт қайраткерлері деңгейіне
көтеріп, олардың халқымызға сіңірген еңбегін жан-жақты көрсету. Бұл істе
әсіресе, депутат қазақ өкілдерінің қоғамдық-саяси күресін талдап, оның
маңызын ашу.
Осы жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттер
алға қойылды:
1. Қазақстан Мемлекеттік Думаға депутаттыққа сайланған қайраткерлер дің
қалыптасуына әсер еткен алғышарттарды, объективті және субъективті
факторларды анықтау
2. Мемлекеттік Думаның мәнін және мазмұнын ашу, онда қазақ депутат
тарының сөз сөйлеу мәселесінің ішкі жүйесін көрсету;
3. Думаға депутат болған қазақ қайраткерлерінің қоғамдық саяси
көзқарастарын зерттеп, объективті баға беру.
4. Жер-су мәселесіндегі Дума депутаттарының көзқарастарын арнайы талдау.
5. Депутат болып сайланған қайраткерлердің тағдыры жайлы мәселені
қарастыру.
Осы міндеттерді жан-жақты шешу –қазақ қоғамының ғасыр басындағы
саяси-әлеуметтік даму эволюциясының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік
береді. Ал бұл мүмкіндік бүгінгі мемлекеттік биліктің белгілері мен қызметі
жайлы тұжырымдар жасауға, ұлтаралық қатынас мәселелерін және қоғамды
демократияландырудың қиыншылықтарын өткендегі тәжірибе негізінде шешуге жол
ашады деген ойдамын.
Зерттеудің жаңалығы мен құндылығы: Қазақстан тарихындағы
ақтаңдақтардың бірі болып келген мәселеге бұрынғыдай таптық немес ұлттық
көзқарас тұрғысынан емес, жаңаша жалпы адамзаттық тұрғыдан баға беріледі;
Думадағы қазақ депутаттарының саяси қызметтерін бүгінгі уақыт
талабына сай тарихи –ғылыми жағдайда жан жақты ашып береді.
Тарихнамасы: Қазақстандық тарихнамада Ресейдегі 1905-1907 жылдар
дағы болған төңкерістің дала өлкесіне әсері, I –II-ші Мемлекеттік Думаның
пайда болуымен қызметінің кейбір мәселелері Б.С.Сүлейменов, П.М.Пахмурный,
Ш.Я. Шафиро еңбектерінде зерттелген. Бұл еңбекте таптық, коммунистік
көзқараспен жазылғандықтан, олар қазіргі тарих ғылымына қойылып отырған
талаптарға жауап бере алмады. Қазақстан тарихында Мемлекеттік Дума
мәселесін зерттеудің негізін қалаған белгілі тарихшы Б.С.Сүлейменов болды.
1949 жылы Б.С.Сүлейменов Казахстан в первой русской революции деген
монографиялық еңбегі жарық көрді.Бұл еңбектің бір кемшілігі автор онда
Ә.Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев сияқты қазақтың біртуар ұлдарының есімдері
туралы ешнәрсе жазбаған. Әрине оның сыры бәрімізге белгілі, сол үшін
Б.Сүлейменовты кінәлауға болмайды деп ойлаймын.
Осы мәселені зерттеуге үлесін қосқан тағы бір тарихшының бірі
Я.Шафиро. Оның Первые группы РСДРП и начало профсоюзного движения в
Казахстане (1905-1907 г.г.) атты еңбегі таптық тұрғыдан жазылған еңбектің
бірі. Шындықты бұрмалаған ол, тоталитарлық жүйенің ықпалына көніп,
коммунистік партияның мүддесіне орай халық тарихын жазуда оларды надан,
өркениетсіз деп көрсетуге тырысқан. Диплом жұмысы 1905-1907 және одан
кейінгі жылдардағы қазақтың ұлт зиялы ларының қызметін прогресті құбылыс
ретінде бағалаған М: Қойкелдиевтің Алаш қозғалысы, Г.Сафаровтың
Колониальная революция атты еңбектері, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұловтың
мақалалары тағы басқа да көптеген еңбектерге сүйене отырып жазылды..
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, Мемлекеттік Дума: маңызы және
мазмұны, Депутат болып сайланған қайраткерлердің тағдыры, Мемлекеттік
Думадағы қазақ депутаттары және жер су мәселелері туралы тараулардан,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 I МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

қақтығысының өрлеуі
Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси
өмірдегі қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресей Мемлекеттік
Думасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен-өзі пісіп-жетіліп келе жатты. Бірақ
оның түпкілікті орнай алмағанын тарихтан білеміз. Ендеше ол қажеттіліктер
неден туды. Алдымен соған жауап беріп көрелік.
Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі
халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы қазақ даласының
қалыптасқан саяси - әлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді.
1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4442,8 мың болса, оның 10,3
процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін
қазақтар құрады[21, 51-б]. Яғни қазақ даласындағы ілкі отарлау саясатының
салдарынан халық құрамының едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің ол шетімен
бұл шетіне дейінгі жер жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттің ең басты
тіректерінің бірі, бүкіл елдің азық-түлігін дайындап, күн көрісін
қамтамасыз етіп отырған бірден-бір әлеуметтік топ болды. Сондықтан
империядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған елдердегідей
патша билігін жоймай-ақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көп
шаруалардың мұң-мұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің
ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге
келген сәттен бастап-ақ бұл мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады.
Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс
арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Патша ағзамның қол
шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де
келмеді.
І-ші Мемлекеттік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік
топтардың қақтығысын туғызды. Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да
либералдық ағым бағытындағы көңіл күйлерге де әскери-полициялық
қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда Дала генерал-
губернаторы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қандайының
қатарына болса да өтуіне тиым салған бұйрық шығарды.
1906 жылы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, большевиктер
партиясы Думаға байкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс
үшін сайлау компанияларына қатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі
қанат жаюы қажет еді. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда конституциялық болмас
іспен жұбатудан (иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ[28,
306-б].
Думаға деген белсенді байкотты Қазақстандағы социал-демократиялық
ұйымдар қолдады[29, 141-б]. Дума шақыру жөніндегі дайындық және үгіт
жұмыстарында бірсыпыра олқылықтар орын алды. Сондықтан да, 1906 жылы 8-
ақпанда үкімет виттелік дума, булыгиндік думаның кебін кимес үшін арнайы
бұйрық шығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауға
жалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттерге байланысты
әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы
айтылды[17,41-42б]. Ал Ішкі істер министрі Дурновоны жаңа Думаның тағдыры
қатты мазалады. Ол Дала генерал-губернаторына былайша ескертті: По
имеющимся в МВД сведением, неблагонадежные элементы крайнего направления
имеют намерения обратить преступную деятельность к тому, чтобы всеми
способами мешать успешному созыву Государственной Думы. В сих видах
революционеры намереваются оказывать свое вредное воздействие на
предвыборные и подготовительные собрания. Предлагаю ныне же озаботиться
принятием всех зависящих от Вас мер к ограждению порядка, спокойствия и
свободы вышеупомянутых собраний..., чтобы все лица, которые возномереваются
препятствовать правильному ходу выборов в Государственному Думу, были
своевременно подвергаемы задержанию и привлекаемы к уголовной
ответственности[29, 142-б].
1.2 Мемлекеттік Думаны сайлауға қазақ даласында ұйымдастырылған
саяси шаралар
Қазақ зиялылары, жалпы қарапайым халық Мемлекеттік Думаға сайлауға
қандай дайындықтармен келді?
1905 жылғы саяси өрлеу, Думаға дайындық Ресей көлемінде, соның
ішінде қазақ даласында да түрлі саяси шараларды ұйымдастырумен қатар жүрді.
Отаршыл жүйемен күресте қазақ зиялылары басқа ұлт өкілдерімен қатар орыстың
демократиялық күштерімен ықпалдасып қимыл жасауды түсініп, бұл шараларға
белсене араласып, сол арқылы қазақ қоғамының алдында тұрған мәселелер мен
оның шешілу жолдарын айқындауды көздеді.
1905 жылы 6-13-қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті
өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд
өткізді. Олар І-ші Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудың
жолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни
сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды
талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз
сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың перзенті
екендігін айтты. Осында сөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін
тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз-қазақ
тіліндегі мектептер қуғын-сүргінге ұшырауда. Бізде де цензура аямай
жаншуда. Мысалы қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың 46 мысалын, бастыру
үшін цензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13-ай өтті. Крестьян
начальниктері (көбі бұрынғы ротмистрлер) қазақ тіліндегі істерді қарауға
мойын да бұрмайды. 18-ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өз
мұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияны Петерборға
жіберуден бас тартты. Мұнан соң петицияны жақын арадағы (400 шақырым)
екінші бір қаладан жібермек болғанымызда, тағы да жаңағы оқиға қайталанды.
Бұл да болмаған соң келесі бір (760 шақырым әрідегі) қаладан зорға дегенде
жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен... Сайлау науқанының таяп қалғанын
жадымда ұстап, мен әлгінде ғана съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық
түрі тыйылсын деп шешім шығаруы қажет деген мырзалардың ұсынысын
қуаттаймын[29, 144-б] - деді.
Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұл
съезге қазақтың белгілі саяси – қоғам қайраткерлері Мұхамеджан Тынышбайұлы
қатынасып, баяндама жасады. Бұл кезде ол Санк-Петербургтегі І – Александр
атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институттың студенті болатын.
Мұхамеджан Тынышбайұлы баяндамасында патшалық зорлықшыл тәртіпті
ымырасыздықпен әшкереледі. Мұның өзі сол кездегі ең бір батыл әрекет еді.
Ол отаршыл үкіметтің қазақтардың тілін, салт-дәстүрін, діни сенімін, жалпы
ерекше болмыс-бітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт
ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар
аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы
қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерінің ата-қонысынан
айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халыққа автономиялық
дәрежеде болсада еркіндік беруін талап етті[39, 25-26]. Қазақ халқы
мемлекеттік Думаға сайлауға қатынасу құқына 1906 жылдың ақпан айының соңғы
күндщерінде ғана мүмкіндік алды. Яғни империяға қараған әкімшілік аумағы
бойынша сайлау қазақ даласында ең соңында өткізілді. Егер ол метрополияда
үш жетінің ішінде (1906 жылдың 26 – наурызынан 20-сәуіріне дейін) аяқталған
болса, І-Мемлекеттік Дума таратылған күні Жетісу облысында сайлау әлі өтіп
те үлгерген жоқ еді[10, 48-б]. Ал 1906 жылы 27-сәуірд,е Мемелекеттік Дума
өз жұмысын бастап кеткенде Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын енді
ғана анықтаған болатын[29, 145-б]. Негізгі таңдау алдындағы күрес қалаларда
болды. Социал-демократиялық бағыттағы үгіт Петропавлов скіде жергілікті
социал-демократтар меньшевиктер өкілін әшкерелеп, қолөнершілер мен
қызметкерлердің жиналысына қатынасушы ларды революциялық күресті
жалғастыруға шақырды[29, 145-б]. Ал мамыр айында социал-демократтар қалалық
дума мекемесінің жанында ашықтан-ашық РСДРП-ның сайлаушыларға арнаған
үндеуін таратты.Сайлауды өткізбеу жөнінде сайлау компаниясының шешімі
шықпай тұрып-ақ, үлкен жұмысты Омбы партия комитеті жүргізді. Олар
азаматтар үшін 2000 дана үндеу таратып, онда халыққа помещиктердің,
чиновниктердің, полиция мен капиталистердің жеке билігі де, Мемлекеттік
Кеңес пен Думаның да қажеті жоқ... делінген. Сайлау мәселесі Қостанай
демократтарының шығарған үндеулерінде де көрініс тапты. РСДРП-ның Оралдағы
ұйымы Повольженің большевиктермен тығыз байланыс орнатып, онда Думаға
байкот жариялауға шақырған үндеулер мен үгіт-насихат жұмыстарын кең ауқымда
ұйымдастырды. Сайлау науқанының қызып тұрған шағында РСДРП-ның Семейлік
бөлімшесі бірнеше кәсіпорында үгіт жүргізіп, жұмысшыларды бірте-бірте жалпы
қалалық ереуіл жасауға шақырды. 1906 жылы қаңтарда Верныйдың социал-
демократтары қала халқына арнап үндеу жариялады. Үндеуде Мемлекеттік
думаның қалың бұқара мүддесіне қайшы келетін жақтарын түсіндіріп, жалпы
жұртшылыққа тең құқықты, төте, жасырын дауыс беру арқылы сайлайтын
бүкілхалықтық құрылтай жиналысын құру үшін күреске шақырды. Социал-
демократтар жүргізген үгіт жұмысының І-ші Мемлекеттік Дума сайлауын
болғызбау жөніндегі іс-әрекеттері Ақмола мен Торғай облыстарында сайлауға
қатысушылардың белсенділігі өте төмендігімен байқалды.
Ақмола мен Торғай облыстарында сайлауға қатысушылардың белсенділігі
Жалпы сайлау
Қала аттарыБарлық Сайлаушылар саны тізіміне Таңдаушылар
халық саны тіркелгендерісаны
процент
есебімен
Барлығы Сайлауға
келгендер
Омбы 37376 5000 1752 35 4
Ақмола 9688 551 238 43,1 1
Атбасар 3038 325 106 32,6 1
Көкшетау 4962 640 403 62,9 1
Петропавл 19688 2468 732 29,6 2
Қостанай 14275 2680 577 21,5 10
Ақтөбе 2817 816 374 45,8 2
Ырғыз 1542 136 126 92,6 1
Торғай 896 86 56 65,1 1
Кестеден көріп отырғандай Омбы, Петропавл, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе
қалаларындағы сайлау науқанына салыстырмалы түрде алғанда елдің қатысу
деңгейінің көрсеткіші төмен болды. Сайлау жиналыстарына Көкшетау, Торғай,
Ырғыз қалалары белсенді түрде қатынасты. Бұл көрсеткіш терден І-ші
Мемлекеттік Дума сайлауын өткізбеу бағытындағы Қазақстан дағы жергілікті
социал-демократтардың үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесін байқауға болады.
Науқан барысында патша үкіметінің шарасыз халін өлкенің саяси
өмірінде тиімді пайдалануды көздегендер де кездесті. 1906 жылғы 22-ақпан
дағы күн ілгері уәде берілген Ереже мен сайлау науқанының бет алысы жаңа
саяси-идеялық бағыт ұстанған партияларды қалыптастыруды тездетті.
Алғашқылардың бірі болып кадет партиясының филиалы құрылды – деп жазады сол
кездегі тарихи деректер көзі. Ол туралы нақты мынандай дерек бар. 1905
жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстың (Ақмола, Семей,
Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі Қазақ консти туциялық-
демократиялық партиясын құру туралы шешім қабылдады[21, 105-б]. Оралда
шығып тұрған Фікір газеті оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің
құрамын жариялады. Олар Б.Қаратай, Т.Бердіұлы, М.Бақыт керейұлы,
И.Тоқтамбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Айтмұхамедұлы, М.Мұқанұлы,
Т.Рақымбердіұлы, және И.Дүйсембиндер еді. Ал енді қазақ зиялыларның партия
құру бағытындағы іс-әрекеттері әсіресе 1906 жылы белсенді түрде байқалды.
Сол жылы 10-маусымда семей қаласында Мемлекеттік Думаға депутат сайлайтын
қазақ сайлаушыларының 150-ден астам адам қатынасқан жиналысы болып өтеді.
Жиналыста Павлодар үйезі Сейтен болысының меңгерушісі Темірғали Нұрекен
төрағалық жасайды. Ол туралы Семипалатинский листок: Әңгімені
Ә.Н.Бөкейхан бастап, ол жиналысты Народная свобода партиясының
бағдарламасымен таныс тырып, отырғандар оған қосылу турасында қаулы
қабылдады[29,148-б] - деп жазды.
М.Дулатұлы 1913 жылы Қазақ газетінде: 1905 жылдан бері біздің
қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында
Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік
пен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып,
қалғандары сенімсіз болып қалды[29, 149-б] - дегенді. Қазақ жастары
Ресейдің орталық қалаларында оқып жүріп, қоғам өміріндегі өзгерістерге
тығыз араласты. Мәселен, Әлихан жөнінде: Орман шаруашылығы институтында
оқып жүріп-ақ ол студенттік ортада саяси-қоғамдық белсенділік танытты.
Марксизм туралы айтыс қызғанда ол экономикалық материализм туралы
тезистерді бар күшін салып қорғады[29,-149-б] - деп жазды. Кадет партиясын
құрушылар осы саяси ұйымға халықты тарту мәселесінде едәуір қызметтер
жасады. Өлке халқы өз тарпынан саяси дүниетанымына орай қалаулыларын таңдай
білді. Айталық, Ақмолада татар көпестері атынан партияда жоқ молда өтті,
Петропавловскіде бір сайлаушы өзін прогрессивтік бағытты жақтайтындығын
білдірсе, екінші біреуі өзін өнеркәсіп-сауда партиясының өкілімін деп
есептеген[22, 43-б]. Жалпы алғанда, сайлау қорытындысында кадет партиясының
үлес салмағы басым болды. 9 қалалық сайлаушылардың 4-і социал-демократиялық
партияның өкілдері болса, қалған бесеуі басқа саяси көзқарастағы немесе
ешбір ағымға кірмейтіндер болатын.
1.3 Қазақ кадет партиясы бағдарламасының жалпыұлттық, демократиялық сипаты
Ал енді, кадет партиясының қазақ мүшелерінің көзқарасында қандай
мәселелерге басты назар аударылды? Олар бүтіндей Дала өлкесін қазақ елінің
меншігі етіп бекітетін заң қабылдаудың қажеттілігін, ішкі Ресейден ағылған
шаруаларды қоныстандыруды тоқтатып, байырғы тұрғын халық өкілдеріне беңдік
беру һәм ана тілінде ұлттық білім ошақтарын (мектеп, медресе,
университеттер) ашу сияқты патша әкімшілігіне жазылған петицияларда
көтерілген талап-тілектері қамтылған[22,48-б1].
Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы бағдарламасынан
байқалғанындай жалпыұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген.
Тарихта орын алып келгендей Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын
ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық
мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста
олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. Бұл алғашқы
саяси ұйым-отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне
барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия
құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты.
Шаруа таңдаушыларының қатарына кімдер кірді деген мәселеге
тоқталайық. Мәселен, Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда
революциялық үгіттің жағдайы нашар болатын. Өкімет тарапынан болған қуғын-
сүргіндер, әскери жағдайлармен қатар жергілікті социал-демократ тардың
қатарының да аздығы өз әсерін тигізді.
Ақмола облысында ауыл тұрғындары арасында конституциялық-
демократиялық партия белсенді қызмет жасады. Омбы кадеттерінің арасында кең
тараған Степной голос былай деп жазды: местных интеллигентных силах
лежит трудная, но почетная, обязанность приложить все усилия к тому, чтобы
выборы в Государственную Думу во всех стадиях проходили не только вполне
сознательно, но и дали бы заранее определенные результаты [1]. Аты аталған
газет кадеттерінің бағдарламасын, әсіресе аграрлық мәселе бойынша рекше
тоқталып: Кім Отанына игілік жасағысы келсе, сол сайлау кезінде Народная
свобода партиясын қолдау керек[29, 151-б] - деп шақырды. Сондай-ақ
кадеттер большевиктердің Дума жөніндегі тактикасына қарсы ұсақ буржуазиялық
саяси ағымдарды сайлау науқаны алдындағы күреске бірігуге шақырды[36,180-
б]. Шаруалар оларды қолдамады. Үйездердегі жиналыс тарда шаруалар партияда
жоқтар тобынан көрінді. Сайлаудың соңғы сатысында Ақмола облысында халықтың
басым көпшілігінің сайлауға қатыспау себептерін кадеттердің кесірінен деп
ұғындырылды. Ал кадеттер болса, оны қоғам өміріндегі қалыптасқан
қиыншылықтардан, халықтың Думаға, сондай-ақ Народная свобода партиясына
сенімсіздігінен деп түсіндірді[36, 181-б]. Кадеттердің жеңілуіне тағы да
бір ықпал еткен жағдай ол төңкерісшіл социал-демократиялық партияның
белсенді іс-қимылы болатын. Әйтсе де, жергілікті социал-демократиялық
күштердің тыңғылықты ұйымдаспауы да өз нәтижесін көрсетті. Думаға
меньшевиктік бағытты жақтаушылар да енген еді. Өзінің бастапқы саяси күрес
кезеңінде самидержавиелік билікті, оның отарлау саясатын өткір сынға алып,
оған қарсы ашық та пәрменді оппозициялық күшке айналған Народная свобода
партиясы жағында болу Әлихан Бөкейхан және басқа қазақ зиялыларына
тактикалық тұрғыдан белгілі бір уақытқа дейін тиімді көрінгені тарихи
шындық. Ол туралы Әлихан Бөкейхан 1913 жылы Қазақ газетінде: ... біздің
қазақ орыстың түзу жолда жүргендерінің отына жылынып келген, империялық
жүйе жағдайында қазақ сияқты аз, кем жұрт мақсаты біреуге ілесіп жүріп
болады. Өз бетімен қазақ жол аша алмайды [29, 152-б] - деп жазған еді.
Торғай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56-
сайлаушыны таңдау керек болды. Оның 47-і орыны Қостанай үйезіне, қалғандары
Ақтөбе, Торғай, Ырғыз үйездерінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке
сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал
етпек болды. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа
ұшырады. Басқа үйездерге көпшілік сайланушылардың құрамы қатардағы
шаруалардан тұрды.
Социал-демократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай
болды. 1906 жылы 30-сәуірде Қостанай үйезінің Успенск болысының шаруалары
патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау
жүргізді. Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен
бірге отырып, төмендегідей талап-тілектер қойған: саяси тұтқындарға
амнистия жариялау, өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. [29, 152-
б].
Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан.
Кадет тер жер-жерлерде шаруалардың назарларын өздеріне аударуға тырысып
бақты. Қазақ зиялыларының кадеттер партиясының тұғырнамасына жақын болуының
бір себебі дін мәселесімен де байланысты. 1905 жылы Ресейдің мұсылман
дініндегі халықтары арасындағы отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптаса
бастады. Әрі ол діни сипат алды. 1905-1906 жылдары мұсылмандардың
бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының келісім бермеуіне
қарамастан, Петербургке 15-23 қаңтар аралағында ІІ-ші бүкілресейлік
мұсылмандар съезі Ресей империясының мұсылмандарын жалпы мемлекеттік
мүддеге орай, сондай-ақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта
тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін жарғысын
бекітіп, Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт
қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында
Конституциялық-демократия лық партиясымен ынтымақтаса әрекет жасауға
шақырған ұсынысын қуаттаған қаулы қабылдады [25, 16-б]. Қазақ зиялылары
саяси күрестегі діни фактордық рөлінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке
ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа
халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дұрыс деп тапқан болатын.
Торғай қаласы мен облысы көлеміндегі сайлау науқанында әлеуметтік
таптардың, һәм партиялар арасындағы қызметі белсенді түрде көрінді. Ол
туралы Тургайская газета: Қостанай қаласының жұртшылығы сайлау науқанына
қатысты... әлі күнге дейін соның белгісі сайлаушыларды шақырған түрлі-түсті
афишалар, әр түрлі партиялардың ұрандары үйлердің қабырғалары мен
қақпаларында сақталған[25.,17-б] - деп жазды. Патша заңдары ның халыққа
қарсы бағытталған тұстары қалың бұқараның кейбір әлеуметтік тобына өзінің
тиімділігін байқатты. Сайлау науқанының алғашқы сайысында Торғай қаласы мен
облысында Қостанайдың 10 сайланушысының 4-уі саудагер, 4-мещандар болды.
Олар жалға жер алып, адамдар жалдап өңдеп, өнім өндірушілер болатын. Қалған
біреуі – молда, соңғысы – мещан старостасы. Ақтөбелік таңдаушылардың бірі –
үйездік басқарма қызметкері, екіншісі – судья болса, Торғай мен Ырғыз
үйездері саудагерлерді сайлады . Сол кездегі құжаттар көрсеткендей барлық
таңдаушылардың қандай партияның мүшесі болғаны жөнінде нақты деректер жоқ.
Дегенмен де, таңдаушылардың көпшілігіне кадеттер идеологиясының әсерін
байқау қиын емес. Сол кезде Торғай облысы әскери губернаторына Ақтөбе
үйезінің шаруалар жетекшісі былай деп жазды: Жергілікті халық арасында
конституциялық-демократиялық партияның бағдарламасы кең тарады...
Мемлекетік Думаға осы партияның атынан үміткерлерді сайлау жөнінде үгіт
жүргізіп бастады [25,19-б]. Алайда, сайлау қорытындысында кадеттер
ықпалының өте жоғары деңгейде болмағанын көрсетеді. Облыстық сайлау
комиссиясының көрсетуі бойынша сайлау жиналысына келген 57 таңдаушының, 31-
і өз дауыстарын Народная свобода партиясын жақтаушы Н. Дыхничқа берген.
Халықтың неғұрлым демократиялық ой-пікірге жақын тобы жергілікті өкімет
тарапынан тікелей қысым көрді. Қостанай қаласының сайлаушылары сайлау
науқанына наразылықтарын былайша білдірді: 1. Сайлау негізінен жергілікті
әкімшіліктің ықпалымен, түрлі қасақана бұрмалаулармен өтті; 2. Полиция
кандидатты қорқыта отырып оларды тізімге кіргізді; 3. Кандидаттар әкімшілік
тарапынан әлдеқайда бұрын тағайындалды; 4. Сайлаушылар тізіміне өлгендер де
еніп кеткен; 5. Әкімшілік қараңғы халықты өздеріне қажет кандидатты жазуға
мәжбүр етті... ерікті сайлау болған жоқ, әкімшілік зорлығы болды... Ескі
тәртіптің нышаны айқын сезіліп тұрды[29, 157-б]. Осы тәріздес өкімет
тарапынан болған бассыздыққа орай Торғай облысының басқа жерлерінде де арыз-
шағымдар түсіп жатты. Облыстағы сайлаудың нәтижесінде қазақ ұлтынан
депутаттыққа Ахмет Бірімжан өтті. Семей қаласында 1906 жылы қаңтарда
Народная свобода партиясының бөлімшесі құрылды. Сайлау алдындағы 1906
жылғы 7-мамырдағы мәжілісте кадеттердің бағдарламасы оқылып, талқыланды.
Мамыр айының екінші жартысында кадеттер жеті мәрте жиналыс өткізді. Осы бас
қосулардың бірінде Семей қаласы бойынша Мемлекеттік Думаға кандидаттыққа
мүше етіп 16 сайлаушыны белгіледі. Жергілікті әкімшілік бұл істе оларды
қолдап: социал демократтар мен социал-революционерлерге қарағанда
кадеттерге жеңілдік жасап, өөз бағдарламаларын ауызша, жазбаша түрде үгіт
жүргізуге құқық берді[14, 152-б]. Олардың жүргізген үгіт жұмыстары
үйездерде, қалаларда табысқа жетті. Өскеменде және басқа жерлерде бірнеше
партиялық ұйымның бар екендігі анықталып, алғашқы сайлау алдындағы үгіт
жұмыстарында народная свобода партиясының салмағы басым екендігі сезілді.
Кадеттер жергілікті халық арасындағы сайлаушыларға үгіт жүргізуді
либералдық бағыттағы зиялы қауыммен байланыс жасады. 1906 жылы 15-маусымда
Семейде Народная свобода партиясының бюросында мынадай шешім қабылдады:
войти в соглашение с местными киргизским бюро партии Народной свободы
для совместной по возможности, работы [29, 156-б.
Айта кететін жайт 1906 жылдың 15-маусымы күні мемлекеттік Думаға
депутат болып Семей облысынан Әлихан Бөкейхан сайланды. Ол жөнінде
жергілікті газет: 15 маусым күні Семейде... облыс атынан Мемлекеттік
Думаға мүше сайлау болып өтті. Оған бірауыздан Қарқаралы үйезі, Тоқырауын
болысының қазағы, орманшы-ғалым, Әлихан Нұрмұхамаедұлы Бөкейхан сайланды.
Редакция қазақ халқын нәтижелі сайлау қорытынды сымен құттықтайды, олар
Бөкейхан арқылы Мемлекеттік Думада өз мүддесі үшін күресе алатын нағыз
қайраткерге сенім артып отыр[22, 103-б] - деп жазды. Әлихан Бөкейханның
алдымен Омбыға, содан соң Петербургке 3-шілдеде аттанғаны туралы хабарды
осы газеттен оқимыз. Ол Петербургке І-ші Мемлекеттік Думаның соңғы
күндерінде келіп жеткен еді.
Семйе облысындағы шаруаларға социал-демократтар едәуір ықпал
жасады. Олардың революциялық үгіттері кейбір жерлерде мақсатына жетіп
жатты. Мысалы, Зайсан үйезінің Алексеевка, Жоғарғы Тарақты және Қызылағаш
бөлімшелеріндегі шаруалардың ауылдық жиынында сайлаушылар науқанға қатыспау
туралы шешім қабылдады.
Орал облысының сайлау науқанында белсенді қимыл жасаған Трудовая
группа ұйымы болды. Ол өзінің бөлімшелерін Орал қаласында және облыстың
кейбір аудандарында құрды. Қала халқын және шаруалардың назарын өздеріне
аудару үшін олардың мүшелері шаһар театры мен бас алаңында жиналыстар,
митингілер ұйымдастырды. Трудовая группа сайлаушыларға әсер етіп,
жергілікті комитетін ұйымдастырмақшы да болды. Жергілікті үкіметтің ресми
органы Уральские областные ведомости оларды тануға мәжбүр болып, ... өте
солшыл бағыттағы партия шешендері нің ең өткір сөздерін ерекшелеп, астын
сызып көрсетіп отырды [5, 12-б]. Онан әрі газет патша әкімшілігінің сайлау
науқаны барысындағы төңкерісшіл бағыттағы жиналыстарды жауып тастағанын
хабарлайды.
Кадеттер қала, ауыл арасында дауысқа түсуге құлықты болған жоқ,
керісінше казактарды жағалап, солардың қолдауынан үміттенді[5, 18-б]. Осы
облыс бойынша сайлау науқанының соңғы мәресінде Трудовая группа кандидаты
В.Недоносков жеңіске жетсе, қазақтардың арасынан Алпысбай қалменұлы
сайланды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде сайлау науқаны өте кеш басталды.
Өйткені Түркістан халқының сайлауға қатынасу құқы жөніндегі жарлыққа патша
І-ші Дума ашылуына санаулы күн қалған да ғана қол қойды. Оның үстіне
жергілікті басшылар жарлық шыққанан кейін де сайлау коммисиясының
ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуға асықпады. Сайлаушылардың тізімін
жасаған жоқ. Верный қаласы сайлаушыларының бірі өзінің арыз-шағымдарында
былай деп жазды: вся подготовительная работа верненской городской управы к
выборам является сборником нарушений и может быть отлично использована в
будущем в качестве руководства, указывающего, как, не следует делать
[7,162-б]. Ақырында Верный, қапал және жаркентте сайлаушыларды таңдап
үлгерді, ал облыстың қалған қалаларында сайлаушылар тізімі әйтеуір жасалды
деген құр аты ғана еді.
1906 жылы 4-шілдеде Верный қаласында сайлаушылардың таңдауы
болды.Онда 1408 адам қатысты. Таңдаушылар болып төмендегілер белгіленді:
Покров шіркеуінің бастығы, Құлжа қаласындағы орыс-қытай банкісінің бөлім
меңгерушісі, гимназия мұғалімі және Верныйлық мещан [29, 158-б]– еді.
Сайлау және сайлаушыларды таңдау жергілікті биліктің күш көрсетуі
мен өтті. Мысалы, Верныйлық сайлаушылар былай деп жазды: осы сайлау
тізіміне қоса өмірде жоқ марқұмдардың да есімдері етіп кетті. Полицияға
өлген адамдардың сайлау карточкалары мен қосымша деректерде анықтау
тапсырылды. Әрі қарай оларға тиісті тәртіпті қатаң қадағалауды меңзеді [7,
164-б].
І-ші Мемлекеттік Думаның тарағаны жөнінде жарлық шыққанда, Жетісу
облысында сайлау науқаны енді басталған болатын. Верный үйезінің Михайловка
болысы шаруалары сенім білдірушіні, ал Қапал үйезінде 2 сайланушыны таңдап
үлгерді. Ал қалған жерлерде тіпті сайлаудың өтуіне дайындалып та үлгермеді.
Ал енді бірінші Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттары Алпысбай
Қалменұлы мен Ахмет Бірімжан Петербургке Дума ашлығаннан бір жарым ай өткен
соң, яғни 10-17 маусым аралығында келіп жеткен. Бұл мерзім аралығында
Думада аграрлық һәм азаматтық теңдік туралы және басқа да мәселелер ішкі
талқылаудан өтіп, тиісті комиссиялар құрылып қойған-ды. Сол себепті де олар
аталған комиссиялардың құрамына енген жоқ. Алпысбай Қалменұлы мен Ахмет
Бірімжан ең әуелі өздері қатынаса алмаған жиырмаға жуық Дума отырыстарының
есебімен және жұмыс жасаған комиссиялардың ісімен танысуға отырған; Әлихан
Бөкейхан болса, деректерге сүйенсек, Дума жабылуға бірер күн қалғанда ғана
келіп жеткен. Осылайша қазақ даласынан сайланған депутаттарға І-ші
Мемлекеттік Дума жұмысына белсене араласуына шын мәнісінде мүмкіндік
болмады.
Соның өзінде 2-шілде күні Дума отырысында Ахмет Бірімжан сөз
сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар
екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ
депутаттарының өкілін енгізуді ұсынады. І-ші Мемлекеттік Дума жұмысына
қазақ депутаттары мұсылман депутаттары фракциясының қатарында ат салысты.
Аталған фракция аграрлық мәселеге байланысты бас құжат боп табылатын заң
жобасын жасауға күш салды. Олар мұсылмандар партиясының бағдарламасына
сүйене отырып аграрлық тұжырымдама жасады. Алғашында жерді облыстық
меншікке айналдырып, сол арқылы қарауындағы аумақты мекендеген байырғы
тұрғын халық арасында үлес мөлшерінің көлемін бөлу отырықшы егіншілер ғана
емес, сондай-ақ көшпелі шаруашылық қалыптағы малшылар үшін де қатар өсуін
күн тәртібіне қойды. Және де сырттан қоныс аудару біржола тоқтатылуын һәм
иелік еткен жеке мүшелерінің арасында тиісті еншісін алу құқы ауылдық қауым
меншігіне берілуін талап етті[5, 41-б]. Думаның комиссиясына берілген осы
құжатпен қатар Ахмет Бірімжан, Алпысбай Қалменұлы басқа да депутаттар
жоғарғы үкімет органдарына қоныс аударушыларды жерге орналастыру
комиссияларының қазақ даласында жасап жатқан заңсыз әрекеттері жөнінде
сұрау салды.
І-ші Мемлекеттік Дума бар болғаны 72 күн ғана жұмыс жасады. 1906
жылғы 9-шілде күні алғашқы Дума үкімет шешімімен таратылды. І-ші
Мемлекеттік Дума тарағанымен қазақ даласында төңкерісшіл қозғалыс
бәсеңдеген жоқ. 1906 жылы жазда қала халқының аграрлық мәселе бойынша
қозғалысы жаңаша сипат алды. Төңкерісшіл көтерілістерді басу үшін, шет
аймақтардағы толқуларды болдырмау мақсатында патша үкіметі түрлі айла-
шарғылар жасады.
Самодержавие төңкеріс жағдайында сайлаушылардың шеңберін одан әрі
қысқартуға батылдары жетпеді.
Елдегі саяси жағдайдың өріс алуына орай, ІІ-ші Мемлекеттік Дума
қарсаңында сол кездегі партиялардың да алдағы сайлауға деген көзқарастары
өзгере бастады. І-ші Мемлекеттік Думаға байкот жариялаған большевиктер,
енді Таммерфор конференциясында оны жан-жақты талдап, сайлау науқанына
қатысу керек деп шешім қабылдады. Большевиктер сайлау науқанына қатысуды
мойындағанымен, негізгі стратегиялық бағыттан ауды деуге болмайды. Олар
оған қатынасудың негізгі мақсаты толықтай идеялық ұйымшылдықты сақтау деп
білді.
1906 жылы қыркүйекте шақырылған конференция батыс Сібір
большевиктерінің жаңа думаға қатынасу мәселесін талқылап, оған
Петропавловск РСДРП бөлімшесінің өкілдері де ат салысты. 1906 жылы 20-
қазанда арасында В.В.Куйбышев те бар РСДРП Сібір Одағы Омбы комитетінің 38
мүшесі жиналды. Комитет жаңа Думаға көзқарасын айқындап, басқа партиялармен
блок құру және келісімге келу мәселелерін қарады. Бірақ комитет өз жұмысын
аяқтамады, полиция оларды жиналыс кезінде тұтқындап, қамауға алды. Біз
бұдан Ақмола облысы өкілдерінің болашақтағы Дума сайлауына, оның барысында
қандай тактика лық позиция ұстау қажеттігіне көңіл бөлгенін байқаймыз.
Қазақстанның солтүстік облыстарында В.И.Лениннің Мемлекеттік
Думаға кімді сайлау керек? - деген прокламациясын Петропавловск РСДРП
бөлімшесі көбейтіп, әлеуметке таратты. РСДРП-ның Омбы комитеті В.И.Лениннің
Проект обращение к избирателям атты еңбегін 8 мың данамен басып
шығарды[28,244-б]. Осындай жұмыстар патшаның халыққа қарсы саясаты мен
түрлі партиялардың тек таптық табиғатын ашып көрсетуге ұмтылды да, онда
ұлттық мәселе негізгі факторлардың бірі ретінде еске алынбай, тасада қалып
қойды.
2 II МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: ОНЫҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
2.1 Екінші Мемлекеттік Думаға сайлау қарсаңындағы қарбалас
Халықты саяси жағдайлармен таныстыруда баспасөз қыруар жұмыстар
жасады. Газет беттерінде түрлі бағыттағы мәселелермен қатар Мемлекеттік
Думаға сайлау ережелері һәм оның шет аймақтардағы ерекшеліктері, сондай-ақ
Қазақстан жайында жарияланымдар жарық көрді. Баспасөз беттерінде сайлау
заңдарының халыққа қарсы сипатын ашып, науқан барысындағы жергілікті
әкімшіліктің ара-тұра хабарын беріп отырды.
Газеттер түрлі саяси партиялардың бағдарлама жүгенсіздіктерінен де
ережелерімен және І-ІІ-ші Мемлекеттік Дума қарсаңдарында олардың жүргізген
күрестеріне жан-жақты көңіл бөлді[8,197-198-б]. Баспасөз беттерінде І-ІІ-
ші Думаның сайлау науқандарының барысы бойынша салыстырмалы талдаулар
берілді.
Газеттің тілші-корреспонденттері шаруаларды өздері қолдайтын
партияға шақырып, үгіт жүргізді. Мақсаттары оларды өздеріне тартып,
шаруалар тарапынан қолдауды күшейту болатын еді. Әсіресе қазақ болыстарында
басталған сайлау науқандарына ақпарат құралдары ерекше көңіл бөлуге
тырысты. Авторлар қатардағы сайлаушылардың құқықтарының қорғалмай
жатқандығы туралы сан алуан фактілер келтірді. Тілшілер қазақ жұртшылығын
ағымдағы саяси шараларға үн қосып, бел ортасында жүруге шақырды[8, 201-б].
Мерзімді баспасөз оқырман қауымды ІІ-ші Мемлекеттік Думаның жұмысы
барысымен, оның атқарып отырған қоғамдық-саяси қызметімен таныстырып
отырды. Қабылданған мемлекет декларациялары, оңшылдар ұмтылысы мен солшыл
шешендердің сөздері газет беттерінде орын алды. Бұл жөнінде Өскемен
үйезінің бастығы Семей облысы әскери губернаторына жазған есебінде: Том,
Семей газеттеріндегі сайланғандардың мақалаларын оқу халықтың саяси ақыл-
ойын оятып, дұшпандық ниеттегі партияларды құрды[29, 164-б],– дейді.
ІІ-ші Мемлекеттік Думаға сайлау Ресейдегі сияқты Қазақстанда да
1907 жылдың қаңтар-ақпан айларында болды. Оған дайындық жұмыстары үйездік,
қалалық сайлау комиссияларының құрылған кезінен бастап-ақ, яғни 1906 жылдың
қараша айынан соң басталды.
Сайлауға сайланушылар мерзімі қалаларда 1906 жылдың желтоқсанынан
1907 жылдың ақпаны аралығында өтуге тиіс болса, ауылдық жерлерде 1906
жылдың желтоқсаны деп белгіленді.
Мемлекеттік Думаға мүшелерді сайлау орыстар тұратын жерлерде 1907
жылдың 16-ақпанында, ал қазақ елді мекендерінде 20-ақпан деп белгіленді.
ІІ-ші Мемлекеттік Думаға депутат сайлау қазақ даласында негізінен
ескі жүйе бойынша өтті. Ешқандай да ілгерілеудің нышаны байқалған жоқ.
Керісінше сенаттан өткен заң, ережелердің түсіндірмелерімен танысудан соң
үкімет сайланушылар санын қысқартуға ұмтылды. 1906 жылы 28-қазанда Ішкі
істер министрі Ақмола әскери губернаторына жіберген жеделхатында былай
дейді: сенаттық түсіндірмелеріне орай пәтерлік цензі бойынша жеке бөлмеде
бірлесіп тұратын немесе жағдайының нашарлағына байланысты пәтер ақысын
төлей алмайтын қайрымдылық қоғамдар мен мекемелер қызметкерлері, баспанасы
жоқтар сайлануға құқы жоқ – деген[29, 164-б].
Осы түсіндірмелермен жергілікті әкімшіліктерге егер мемлекет
берген үйлерде тұрған болса, вахтерларды, курьерлерді (жедел тапсырмалармен
жүріп тұратын кісілер) швейцарларды, от жағушыларды да сайланушылар
қатарына енгізбеу жөнінде бұйрықтар берілді. Дәл осындай жағдайда сайлану
құқынан темір жол қызметкерлері де айырылды. Олар: дабыл берушілер
(сигналисты), жол және көпір шеберлері, бу машинасын жүргізу шілер мен оның
көмекшілері, вагон тексерушілері, жөндеу шеғберханасының слесарьлары,
жұмысшылары, құрушылар, майлаушылар, жол айыру-біріктіру шілер,
тіркеушілер, кондукторлар. 1906 жылы 19-желтоқсанда Ішкі істер министрлігі
жергілікті өкіметке мынаны хабарлады:...қалалық сайлаушылар қатарына пәтер
цензі бойынша өз атына бөлме жалдаушы уақытша үзілістермен сол пәтерлерде
тұрмаса сайлауға қатыса алмайды[29, 165-б] – делінген. Қалалық сайлаушылар
санын осы құжат негізінде үкімет тағы да қысқартты....сайлау Ережесінің 2-
бабында аталмағандардың (оның қатарын да төңкеріске дейінгі Қазақстан да
енді - Ө.О.) қалаларда пәтер салығын төлеу мүмкіндігі бола тұрса да сайлау
құқын алуға негіз болып есептелмейді[29, 165-б] – деп атап көрсетті.
ІІ-ші Думаның сайлау сайлау науқандарының басталуымен Ақмола облысы
көлемінде саяси партиялар өздерінің үгіт жұмысын белсенді жүргізе бастады.
Олар листовкаларды көбейтіп және таратып қана қойған жоқ, өлкеден тыс
жерлерде шыққан прокламациялар мен брошюраларды да кеңінен қолданды.
Революциялық социал-демократтар большевиктердің Дума жөніндегі тактикасын
насихаттау мақсатында сайлау қарсаңындағы жиналыстарды, оппозициялық
партиялардың ұйымдастырған бас қосуларын кеңінен пайдаланды. 1907 жылы 13-
қаңтарда Омбы қаласында алғаш сайлау алдындағы жиналысқа басқа партия
өкілдерімен большевиктер қатысып, олар кадет шешендерінің Думадағы
көзқарастарын сынап, жиналғандарды өздерін қолдап соған дауыс беруге
шақырды.
Кадеттер мен эсерлер ІІ-ші Дума сайлау науқанына бірдей қатынасып,
әр партиядан екіден үміткер ұсынды. Ақмола әскери губернаторының
хабарлағанындай олар сайлау жиналыстарында сайлаушыларды өз үміткер лерін
қолдауға үндеп, кең көлемде үгіт жүргізді. Губернатор дерегіне сүйенсек,
бұл блоктардың салмақты қарсыласы жұмысша социал-демокра тиялық партия
өздігінше үміткерлер ұсынып, жасырын іс-әрекетке көшті[29,167-б].Осының
нәтижесінде Омбы қаласынан сайланған депутат
тың төртеуі де социал-демократиялық партияның өкілдері еді. Олардың екеуі –
теміржол жұмысшысы, бірі – қызметкер, екіншісі – дәрігер еді.
Ал Петропавловскіде кадеттердің ықпал күші басым түсті. Дегенмен
социал-демократтар қала халқының басым бөлігінің қолдауына сүйеніп,
өздерінің өкілдерін сайлауға мүмкіндік алды. Біреуі кадеттер партиясының
өкілі болды. Осылайша, ІІ-ші Мемлекеттік Думаға сайлау науқаны барысында
Ақмола облысының 9 қалалық сайланушыларының 5-і социал-демократиялық
партияның өкілі болды. Ал қалған 11 шаруа таңдаушылары Ақмола Әскери-
губернаторының берген мінездемесі бойынша партияда жоқ деген атпен шыққан
қатардағы шаруалар еді.
Сайлау кезінде облыс көлемінде жергілікті әкімшілік тарапынан
демократияға қарсы іс-әрекеттер айқын көрінді. Мысалы, 1907 жылы 10-
ақпанда таңдаушылар бөлмесі тінтіліп, социал-демократиялық партияның мүшесі
Иваницкийдің нақақтан нақақ әдейі сайлау құқынан айыру мақсатында
жүргізілді[29,166-б],– деп жазды жергілікті баспасөз. Сондай-ақ, Омбы
қаласы бойынша сайлау тізіміне көп жылдардан бері тұрмайтындармен қатар
кәмелетке толмағандарды да кіргізді.
Қазақ даласының басқа облыстарында да сайлау қарсаңында түрлі саяси
топтар арасында күрес болды. І-ші Мемлекеттік Думаға қарағанда бұл кезде
конституциялық-демократиялық партияның жалпы халыққа беделі бәсеңсіп қалған
еді. Оған үкімет тарапынан сайлау қарсаңында кадеттерге жиналыстар
өткізуіне тиым салынуының да әсері бар еді.
Торғай облысы бойынша ІІ-ші Мемлекеттік Думаның сайлауы қарсаңында
социал-демократтар ман еңбекшілер және эсерлер бірікті. Қостанай бойынша
10 таңдаушының 9-ы солшыл партия өкілі болса, 1-уі қай партияға кіретіні
жөнінде ешнәрсе айтпаған.
Кадеттер сайлаушылардың өздеріне назарын аудару мақсатында көп
жұмыстар жасады. Бірақ І-ші Мемлекеттік Дума тарапынан шешімін таба алмаған
жер мәселесі, соған байланысты орын алған сенімсіздіктер оларды шаруа
таңдаушыларының көпшілігінен айырды. Ол туралы Оренбургский край:
относительно земельного вопроса принято евангельское учение, по которому
земля богово, а собственность на нее грех[8,54-б]- деп жазды. Сондай-ақ,
оған оппазициялық партиялардың үгіт жұмыстары да әсер етті.
1907 жылдың 14-қаңтарындағы сайлау қорытындысы бойынша ақтөбелік
таңдаушылардың көпшілігі слесарь болып істейтін П.Зайцевке және майда
саудамен айналысатын Н. Морозовқа дауыстарын берді. Соңғысы Ақтөбе
қаласының татарлар тұратын бөлігінен ұсынылған болатын. Бұл таңдаушылардың
тікелей қай партияның қатарына жататыны жөнінде нақты деректер жоқ. Торғай
губернаторының Ішкі істер министрлігіне берген хабары бойынша ақтөбелік осы
екі таңдаушының екеуі де еш партияға кірмейтіндер деп шамалауға негіз бар.
Торғай мен Ырғызда да таңдаушыларды сайлау осы жоғарыдағыдай
жағдайда қайталанды. Онда да таңдаушы болып майда саудамен айналыса тын
адам және көпес өтті. Олар да ешбір партияның қатарына енбеді. Осындай
қорытындылар мүмкіндігін сайлау заңымен танысқан адам алдын-ала айта алар
еді. Торғай қаласы бойынша сайланған 92 сайлаушының 47-сі негізінен
мүліктік цензісіне қарай тізімге ілінсе, 15-і кәсіпкерлік және саудагерлік
куәлігіне қарай, 18-і істеп отырған қызметіне орай болса, тек 12-і пәтерлік
ценз негізінде тізімге ілінген.
Таңдаушылар құрамы негізінен халықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz