Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі


Мазмұны

Кіріспе

1. Тарау. Ақша.несие саясаты . мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі.
1.1. Ақша.несие саясатының мәні, мақсаттары және институционалдық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Ақша.несие саяасатының теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3. Ақша.несие саясатын жүзеге асырудың құралдары ... ... ... ... ... ... ... .27

2. Тарау. Ақша.несие саясатының дамуының кезеңдері.
2.1. Қазақстан Республикасының ақша реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2. Қазақстан Ұлттық Банкінің 2000.2006 жылдарға ақша.несие саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

3. Тарау. Қазақстанның қазіргі ақша.несие саясатының бағыттары мен перспективалары.
3.1. Қазақстанның ақша.несие саясатын жасаудың негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
3.2. 2006.2008 жылдарға арналған ақша.несие саясаты дамуының бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..91
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.
Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.
Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:
- ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
- ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
- ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау;
- қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру;
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге қажетті мақсаттар мен міндеттер анықталған, жұмыстың құрылымдық мазмұны берілген.
Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік құралдар, шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары, периодикалық баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары пайдаланылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” заңы, 30.03.95ж.
2. “Банк және банк қызметі туралы” заңы, 31.08.95ж.
3. Указ Президента РК об утверждений отчета НацБанка РК за 2005 год.
4. Постановление Правления Национального Банка РК № 518 от 8 декабря 2003 г.
5. Постановление Совета Директоров Национального Банка РК от 30.01.03г.№ 58.
6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26.12.05г. № 1370.
7. Постановление Правления Национального Банка РК 3 августа 2004 года № 300 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях».
8. Дж. Доллан, Колин Д.Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл, «Деньги. банковское дело и денежно-кредитная политика». Москва–Санкт-Петербург 1993г.
9. Ұлттық Банкінің жылдық есеп беруі (2004-2005 жылдар).
10. Б.К. Иришев «Денежно-кредитная политика: концепция и механизм» , Алматы, «Ғылым», 1990г.
11. Р.М. Нуреев «Деньги, банки и денжно-кредитная политика», Москва, АО «Финстатинформ», 1995г.
12. “Общая теория денег и кредита”, под редакцией проф. Е.Ф. Жукова.-М. Банки и биржи,1995г.
13. Казаков А.А.,Минаев Н.В. «Экономика» Учебное пособие.М.,«Тендем» 1998 г.
14. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. «Экономика» М. «Дело» 1993 г.
15. П.Самуэльсон "Экономика" , М. 1992 г.
16. Куликов А.Г. и др. "Кредиты и инвестиции" "Приор", М.1994 г.
17. Макконелл К.Р., Брю С.Л. - Экономикс 2 т. М.: Республика, 1992 год
18. А.А. Шустров «Европейский центральный банк: инструменты денежно-кредитной политики», Деньги и кредит, №2, 2000 г.
19. Статистический бюллетень НацБанка РК, ноябрь 2000 г., №11.
20. Д. Акишев, Н. Дюгай, К. Дандыбаева, Е. Жамаубаев, К. Баймухамбетов Финансовый рынок Казахстана в 1 квартале 1999г. //Экономическое обозрение, май 1999 г., выпуск 2, Национальный банк РК.
21. //Альпари 1999, №3 (стр.3). “Тенге имеет склонность к укреплению”.
22. //Банки Казахстана 2004, №6 (стр. 43-49). “О денежно-кредитной политике”.
23. //Банки Казахстана 2002, №10 (стр. 41). “Основные инструменты денежно-кредитной политики”.
24. //Банки Казахстана 2004, №5 (с 5-25).
25. //Экономическое обозрение, май 1999 г., выпуск 2, Национальный банк РК. Я.А. Аубакиров В.А. Бахарев, И.В. Панченко, Е.К. Канатбаев «История развития денежно-кредитных отношений в Казахстане»
26. //Егемен Қазақстан. 2002, 12 нарурыз. “Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы”.
27. //Егемен Қазақстан. 2005, 27 ақпан. “ҚҰБ-нің ақша-несие саясатының бағыттары”.
28. //Егемен Қазақстан. 2005, 15 желтоқсан. ҚҰБ-нің 2006-2008 жылға ақша-несие саясатының бағыттары”.
29. //Түркістан 2004, 11 наурыз. “Инфляция төмендеді, резервтер өсті”.
30. //Түркістан 2004, 14 сәуір. “Ұлттық Банкінің саясаты ел мүддесін қорғай алды ма”.
31. //Казахстанская Правда 2002, 24 апреля.
32. //Казахстанская Правда 2002, 25 июня. “От активных реформ к этапу устойчивого развития”
33. //Казахстанская Правда 2002, 17 января (с6) “Крепкий банк”.
34. //Бухгалтер и налоги 2003, №1 (с 28-29).
35. //Вестник НацБанка РК 2000, №10 (с 17-30). “Ставки учета за прошедший год”.
36. //Панорама 2004, №6 (с7). “О чем думает Национальный Банк”.
37. //Панорама 2002, 22 февраля (с7). “Лучшая банковская система в СНГ”.
38. //Панорама 2005, 8 марта (с7). “Процентные ставки на 2005 год”.
39. Рынок ценных бумаг 2004, №7 (с36-43). “Ноты используемые в денежно-кредитной политике”.
40. Қазақстан Ұлттық Банкінің сайты, www.nationalbank.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 87 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




Мазмұны

Кіріспе

1. Тарау. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас
бөлігі.

1.1. Ақша-несие саясатының мәні, мақсаттары және институционалдық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .6
1.2. Ақша-несие саяасатының теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары ... ... ... ... ... ... ... .27

2. Тарау. Ақша-несие саясатының дамуының кезеңдері.
2.1. Қазақстан Республикасының ақша реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2. Қазақстан Ұлттық Банкінің 2000-2006 жылдарға ақша-несие саясатын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...38

3. Тарау. Қазақстанның қазіргі ақша-несие саясатының бағыттары мен
перспективалары.
3.1. Қазақстанның ақша-несие саясатын жасаудың негізгі проблемалары мен
оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..72
3.2. 2006-2008 жылдарға арналған ақша-несие саясаты дамуының
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..91

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің
экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық
салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі
банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің
либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың
пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық
шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке
меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де
болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі
диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі
экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің
шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің
азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік
реттеу құралы деп қарайды.
Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын,
толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету
болып табылады.
Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына
ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша
теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық
экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан
Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы
мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі
кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын
жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.
Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие
саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның
ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа
да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей
болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-
несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық
экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік
себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын
толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі
міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:
- ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
- ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
- ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие
саясатын талдау;
- қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі
прблемаларды қарастыру;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру;
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыптың
көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге қажетті мақсаттар мен
міндеттер анықталған, жұмыстың құрылымдық мазмұны берілген.
Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік құралдар,
шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары, периодикалық
баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары пайдаланылды.

1 Тарау. Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың
құрамдас бөлігі
1.1. Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Ақша-несие саясаты салық, инвестициялық, құрылымдық және т.б. сияқты
кез келген дамыған қоғамның экономикалық саясатының бір бөлімі болып
келеді. Ақша-несие саясаты мәнінде монетарлы өкіметтердің ақша-несие
сферасындағы конъюктура және қайта даму процесін жөнге салуы мақсатындағы
өзара байланысқан шаралардың кешенін түсіну керек. Шаралар кешенінің мінез-
құлқы және мазмұны қоғамның экономикалық стратегиясымен және жалпы
шаруашылық жағдаймен анықталады. Ақша-несие саясатының әрекеттілігі оның
мүмкіншіліктерімен шектеледі, осы шектерді анықтау экономикалық теорияның
аса күрделі мақсаты болып табылады.
Ақша-несие саясатының негізгі әсер ету объектісі ақша айналымы болып
келеді. Ақша айналымы өз алдына қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың
толассыз қозғалысын құрайды. Ақша айналымының кеңейтілген түсінігі оның
құрылу принциптерін түбірінен өзгертеді. Осы анықтамаға сәйкес ақша
айналымын реттеу ақша массасы, ақша массасының агрегаттары, орталық банкі
ақшалары, несие мультипликаторы, ақша сұранысы және ұсынысы және т.б.
сондай жаңа ұғымдардың негізінде жүзеге асады. Өз кезегінде түсінік
аппаратын жаңарту кейнсиандық және монетарлық ақша айналымын реттеу
концепцияларын зерттеу қажеттілігіне әкеледі, өйткені бұл теориялық
құрылыстардың негізінде Маркстің ақша айналымының өзгертілген құрылымды
заңы жатыр. Ақша айналымы заңы құн заңынан шығады. Демек айналымға қажет
ақша массасын анықтағанда тек қана тауар айналымының көлемі мен құрылымын
қарастыру жеткіліктісіз, мұнда табыстың мөлшері мен құрылымын, ақшаға
ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеру керек.
Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау
ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі
механизмдерінің ашылғанын талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы
бойынша жүйелі түрде екі ірі мектепті бөліп көрсеткені өзімізге белгілі –
кейнсиандық және монетарлық мектептер. Егер де кейнсиандықтар ақша - несие
саясатын рольді бюджеттіктердің пайдасына, немесе табыстардың үстінен
бақылауға беретін болса, онда монетаристтер ақша-несие саясатын жоғары
бағалауды нақты қолдайды. Олардын арасындағы келіспеушілік әртүрлі
методологиямен шартталған – біріншілері саясаттың әрбір жеке оқиға
негізінде тиімділігі туралы айтса, екіншілері – барлық нәтижелер кешенінің
негізіндегі тиімділік туралы айтады.
Ақша-несие саясатының нәтижелі жұмыс жасауына институционалдық негіз
болып келетін екі деңгейлік банкілік жүйе және ақша-несие сферасындағы
нарықтық жүйе.
Банкілік секторды қарастырғанда, монетарлық саясатты табысты орындау
мақсатында жаңа банкілерді, олардың барлық деңгейдегі филиалдары мен
бөлімдерін жасау, экономикалық мақсаттылық және нәтижелілік принцибімен
банкілік қызмет бағыттарын таңдау, ерекше экономикалық әдістермен
банкілердің мінез-құлқын реттеуді қамсыздандыру процесі
демократизациялануға тиісті. Екі деңгейлік құрылымның нәтижелі жұмыс
жасауына сенімді кепіл пассивтер, клиентура, қорлардың пайдалы
орналастырылуы үшін бәсекелес шарттарының теңдігі болып табылады. Орталық
банкі (бірінші деңгей) бірыңғай ақша-несие саясатын жасап, ақша айналымын
және екінші деңгей банкілерінің қызметін белгілі дүниежүзілік тәжірибедегі
әдістердің көмегімен реттейді. Ол клиентураға несие-есеп айырысатын
қызметтерді көрсетумен шұғылданбайды, оның клиенттері тек қана банкілерден
тұрады. Сайып келгенде, әңгіме иілгіш құрылым шектерінде жүйенің тұрақты
эволюциясының жүріп жатқаны туралы айтылады.
Банкілік мекемелердің әр түрлілігі мен аса көптігіне, олардың әр түрлі
елдерде түрлі үйлесушілігіне қарамастан, екі деңгейлік құрылымның болғаны
орталық банкіге экономикалық әдістердің жиынымен екінші деңгейдегі
банкілердің мінез-құлығын жөнге салуға және қайта өңдеу процесіне әсер
етуге мүмкіндік береді. Банкілер арасындағы іскерлік бәсекенің болуы барлық
елдерде олардың нәтижелі жұмыс жасауының негізгі шарты деп қаралады.
Қазіргі ақша-несие саясатының институционалдық негіздеріне нарықтық
жүйе кіреді. Ақша-несие сферасындағы нарықтық жүйесіз екі деңгейлік
банкілік жүйелердің нәтижелі жұмыс жасауын ұғыну қиынға соғады. Ол
экономиканы ақша-несиелік реттеудің нарықтық үлгілерінің маңызды буыны
болып келеді: мұнда несиелердің әртүрлі мезгілдерге сұранысы және ұсынысы
шоғырланады, монетарлық саясаттың өте маңызды айнымалысы – пайыздық
ставкалар қалыптасады.
Ақша-несие сферасында нарықтық класификациялаудың негізінде ең алдымен
үш белгі жатады: келісім объектісі, уақыт арасындағы қатысушылардың құрамы
және келісімдердің ұзақтығы. Осыған қарап нарықтың екі тобын айырып
көрсетеді: несие және қаражаттық, олардың өз алдына нақтылы бір түрлері
бар. Егер келісім несие нарығында 24 сағаттан бір жыл мезгілге жасалса,
қаражаттық нарықта ұзақ мезгілдік келісімдермен сипатталады.
Несие нарықтары банкаралық және ақшалай болып бөлінген. Күнделікті
банкілердің мезгіл бойынша активті және пассивті операцияларының теңелетін
банкаралық нарыққа тек қана банкілердің қатысуға мүмкіндігі бар.
Қатысушылар мен келісім объектілерінің құрамы көбірек болатын ақша нарығы
болып табылады. Оған банкілерден басқа кәсіпорындар, қаржы мекемелер,
сақтандыру компаниялары және зейнетақылық қорлар қатыса алады. Ұзақ
мерзімге ақша қорларын сатып алу және сату келісімдері алғашқы және екінші
қаржы нарықтарында жүргізіледі. Алғашқыларға облигациялардың және
акциялардың эмиссиясы жатады, ал екіншіге – қор биржа.
Ақша-несие саясаты экономикалық саясаттың тек бір элементі болып
келеді. Демек, оның стратегиялық мақсаттары елдің жоғарғы органдарымен
анықталатын глобальды стратегияның бір бөлімі болып келеді. Жүйенің бір
элементі болып ақша-несие саясаты тек қана анықталған жалпы мақсатқа жетуге
жағдай жасайды. Өз алдына ол қажетті нәтижелерге жеткізуге мүмкіндігі жоқ.
Ақша несие саясатының стратегиясын жасау екі кезеңді ұсынады: оның ең
маңызды ақырғы мақсатын анықтау; монетарлы өкіметтерге делегирленген аралық
мақсат пен өкілеттіктерді анықтау.
Мемлекеттік органдардың басты мақсаты белгілі бір саясатты таңдап және
оны орындап жоғарғы тұрақтылыққа жету және сол тұрақтылықты ұзақ дәуір
ағымына сақтау болып табылады. Жалпы экономикалық тұрақтылық ұғымы
негізінен макроэканомикалық параметрлердің күй-жағдайының айқын болуын
көрсетеді, атап айтқанда: өндірістің тұрақты өсуі, тұрақты бағалар, жұмысшы
күшінің толық жұмыс бастылығы және төлем балансының дұрыс сальдосы.
Ақша-несие саясатының мақсаттары оның стратегиясы болып көрсетіліп,
былай класифмкацияланады: іс-әрекет шегімен – ішкі және сыртқылар, іс-
әрекет уақытымен – аралық және ақырғы. Ішкі және сыртқы, аралық және ақырғы
мақсаттардың шектелуі олардың абсолютті қарама-қарсы қойып салыстырылмай
қабылдануға тиісті. Негізінен олардың арасындағы байланыстарының бар
болғанын шамалайтын жалпы ақша-несие саясаты ғана болып отыр.
Ақырғы мақсаттар. Ақырғы мақсаттарды анықтағанда сиқыршылық төрт
бұрыш туралы жиі сөйлейді, оның шектері макроэкономикалық көрсеткіштер
схемасында көрсетілген. Экономикалық саясаттың мәні осы параметрлердің
оптималды үйлестіруінде жатыр.
Ақырғы мақсаттар арасында бір мақсат бар, оны орындау орталық банкінің
жауапкершілігінде жүктеледі: күрес ұлттық валютаның ішкі және сыртқы құнын
сақтау үшін инфляциямен. Бұл мақсат ақша активтерінің эмиссиялауында емес,
жинақтардың тұрақты артуына айрықша жағдай жасайтын инвестициялық
қаржыландырудың нарықтық механизмдерінің даму жолымен шешіледі. Ақша-несие
саясаты инфляцияның ақшасыз себептерімен күресе алмайтыны айдан анық.
Құрылымдық және әлеуметтік факторлар экономикалық саясаттың басқа
құралдарымен жойылуға тиісті (табыстар саясатымен, сауда-өнеркәсіптік
құрылымдар саясатымен және т.б.)
Аралық мақсаттар. Орталық банкілер аралық ретінде ақырғы мақсаттардың
орындалуына қолайлы мақсаттар анықтайды. Аралық мақсаттардың анықтамасы
бірнеше болжамдардың қатарында құрылады. Аралық мақсаттар (мысалы, ақша
массасы) мен ақырғы мақсаттар (мысалы, бағалар) арасында біршама байланыс
бар. Басқаша айтқанда, ақша-несие саясатының аралық мақсаттан ақырғыға
трансмиссия процесі тұрақты және жеткілікті түрде көрсетілген. Орталық банк
оның бұйрығында бар құралдарға байланысты мақсаттардың бірлігін көрсете
білуі тиіс.
Календарлық жылға ұсынылған аралық мақсаттарды ресми жариялай отырып
орталық банк, болжауға арналған негізгі нүктені орнатып, сөйте тұра
құлағдар ету күшті әсерін іске асыра алады. Оған қоса, ақша-несие саясаты
табыстар саясатына қарағанда аса жеңіл өткізіледі, сонымен қатар
экономикаға азырақ ауырғыш әсер көрсетеді.
Орталық банкі аралық мақсаттардың екеуінің біреуін ғана таңдау
мүмкіншілігіне ие: пайыздық ставка немесе ақша массасы, немесе екі мақсатты
бірге таңдайды. Бұл дегеніміз, ақша-несие саясатының стратегиясы сандық
мақсаттардың екі категориясымен көрсетіледі: ақшалардың санынымен және
несиелердің көлемімен.
Экономикасы дамыған елдердің орталық банкілері экономикаға әсер етудің
белгілі бір әдістеріне ие. Оларға дәстүрлі түрде мыналар жатады: минималды
резервтер саясаты; депозиттық саясат; есептік және кепілдік саясатын
қосатын ұлттық несие жүйесін қайта қаржыландыру; ашық нарықтағы
операциялар; валюталық саясат. орталық банк ақша-несие саясатының
стратегиялық концепциясын жасайды, ол мақсаттарға жету үшін құралдар
қолданылады. Сонымен қатар құралдардың белгілі бір құралдарын қолдануда
реттелетін экономика күй-жағдайы ғана емес, сонымен қатар орталық банкінің
банкілік жүйемен өзара қатынастарындағы дәстүрлері үлкен роль ойнайды.
Кейбір елдерде ақша-несиелік реттеудің негізгі түрлері заңмен
бекітілген. Мысалға, Австрия мен Германияны айтуға болады, онда орталық
банкілер құралдардың стандартты түрлерін қолданады. Англияның орталық
банкісінің жүргізетін саясаты мүлдем заңмен реттелмейді, және әрбір нақтылы
кезеңде Англия Банкісі ақша нарығына әсер етудің жаңа әдістерін қолданады.
Сондықтан да Англия Банкісінің қолданылатын ақша саясатының негізгі
құралдарын ерекшелеп көрсету жеткілікті түрде қиын, өйткені олардың жиыны
саяси режимге аса тәуелді болады, яғни билік басында консервативті немесе
лейбористтік өкіметтің ауысып отыруы жиі болып тұрады. Неміс федералдық
банкісі заңмен көрсетілген құралдарды модернизациялау жолын ұстанып отыр.
Сөйте тұра неміс федералдық банкісі ақша-несие саясатының түрлі
механизмдерін қолданады.
Ұзақ мерзімдік аспектіде орталық банк стратегиясының компромистік
вариантын таңдау туралы айтуға болады. Қазіргі кезде реттеудің әкімшілік
механизміне қарағанда нарықтық механизмге үлкен маңызды бөліп отыр. Ұлттық
Банк үшін өтпелі экономика шарттарында Австрияның және Германияның орталық
банкілерінің тәжірибесін қолдану аса тиімдірек келеді, яғни ақша-несие
саясатының құралдары заңменен бақылануы керек, сонымен қатар танымайтын
әдістерді эксперименталды түрде пайдаланғанша қолда бар құралдарды тиімді
қолданған дұрыс және маңызды болып табылады.
Орталық банкінің концепциясын бірнеше критериялар негізінде
мінездемелеуге болады. Орталық банкілердің стратегиясын класификациялаудың
негізгі принциптерінің бірі болып қызмет ететін ақша массасының өсу
қарқынын реттеу немесе ұлттық ақша бірлігінің басқа бір тұрақты шетел
валютасына қатысты валюталық курсын реттеуге бағдарлану, яғни ішкі және
сыртқы көрсеткіштер. (1 кестені қараңыз)

Кесет-1. Валюталық курсты реттеудің ішкі және сыртқы көрсеткіштері.
Ішкі көрсеткіштерге Сыртқы көрсеткіштерге бағдарлану
Бағдарлану
Ақша массасының өсу қарқынын Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын
реттеу реттеу
Ескерту-Автормен құрастырылған: Нуреев Р.М Ақша,Банк және ақша несие
саясаты
Мәліметтер негізінде алынған.

Мысалға Неміс федерадық банкісі жұмысының негізгі мақсаты ұлттық ақша
бірлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Тұрақтылықты ішкі
және сыртқы деп бөледі (ішкі дегенімізде инфляциясыз дамуды, ал сыртқыда –
неміс маркасының валюталық курсының тұрақтылығын айтамыз). М3 индексі
анықтайды, ол өзіне қолма-қол ақшалардың көлемін және резиденттердің ұлттық
несие институттарында сақтайтын келесі салымдардың түрін қамтиды: талап
еткенге дейінгі салымдар, 4 жылға дейінгі салымдар, жәй жинақ салымдары.
Айта кететін бір жайт ақша массасы Ұлттық Банкінің және екінші
деңгейдегі банкілердің баланстарының шоттары консолидациясы негізінде
анықталады және келесі компоненттерден тұрады:
1. М0 (айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни банк жүйесінен тыс
ақшалар);
2. М1 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және
банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері);
3. М2 (айналыстағы қолма-қол ақшалар және теңгедегі халықтың және
банкілік емес заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері, теңгедегі басқа да
депозиттер және шетел валютасындағы халықтың және банкілік емес заңды
тұлғалардың аудармалы депозиттері);
4. М3 (М2 агрегатының және басқа да шетел валютасындағы банкілік емес
заңды тұлғалардың аудармалы депозиттері сомасына тең).
Ақша базасы (резервтік ақшалар) ҚҰБ-нен тыс қолма-қол ақшаларын және
екінші деңгейдегі банкілердің аудармалы депозиттерін қосады.
Ақша массасын елдің жалпы экономикалық ахуалына байланысты реттеген
кезде ақша массасының өсуін ынталандыру шаралары (экспансиялық несие
саясаты) және оның өсуін тоқтату шаралары (рестирикциялық несие және
дефляциялық саясат) деп айырады. Ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын
реттеу орталық банкінің стратегиясының екінші варианты ретінде экспортқа
бағытталған дамыған экономикасы бар Европа елдері қолданады. Мысал ретінде
Австрия, Бельгия, Нидерландыны келтіруге болады. Австриялық Ұлттық банкісі
қайта қаржыландыру саясатының шеңберінде есептік ставканың өзіндік мөлшерін
мүлдем белгілемейді, өйткені австриялық шиллинг неміс маркасына
бағаланбаған. Австриялық Ұлттық банкісі есептік ставканы Неміс федерал
банкісінің есептік ставкасымен бір деңгейде немесе одан төмен деңгейде
ұстауы керек. Автстриялық банкінің негізгі мақсаты валюталық саясатты
жүргізе отырып ұлттық валюта мен неміс маркасының бағамдарының арасында
тұрақты пропорцияны сақтап отыру.
Орталық банкі өзінің бұйрығында ақша-несие сферасын реттеуге
көмектесетін құралдары болады. Бұл құралдар барынша көп әрекеттілікке ие
болуға тиісті және оны орталық банкі белгілі бір экономикалық жағдайда
қолданады. Ақша-несие саясатының құралдарын осылай бағалаудың критериясы
орталық банкінің экономикалық реттеу мақсаттарын дәлірек іске асыру
қабілеттілігін түсіндіреді.
Орталық банкінің құралдарына қойылған келесі талабы оның бөлек топтар
немесе барлық несие институттардың бәсеке қабілеттілігіне әсер етуінің
біркелкілігі болып табылады. Біріншіге сауда банкілерінің бір бөліміне әсер
ету шаралары жатады. Мысалы, Германияда әр түрлі бөлек несие институттар
үшін міндетті резервтер бойынша әр түрлі ставкалар қою; Ресей банкісінің
валюталық лицензия беру тәжірибесі. Екінші топ барлық несие институттерге
тиесілі шараларды қамтиды. Үлгі ретінде, орталық банкінің рестрикциялық
есептік саясатын өткізу болып табылады.
Жоғарыда аталған талаптар есепке ала отырып, орталық банкінің барлық
құралдарын бірнеше белгілердің негізінде сипаттауға болады:
✓ Дәстүрлі немесе дәстүрлісіз;
✓ Әкімшілік немесе нарықтық;
✓ Жалпы әсер ету немесе сұрыпталған бағыттылық;
✓ Тіке немесе жанама әсер ету;
✓ Қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді.
Дәстүрлісіз операциялар халықаралық қаржы нарығында жағдайлардың
өзгеруімен орайлас пайда болды. Әсіресе, өзінің қажетті құралдарын таңдауда
ерікті Англия банкісі үшін дәстүрлісіз реттеу шаралар әдеттегі жағдай болып
табылады.
Әкімшілікке директивалардың формаларын, нұсқаулардың және ережелердің
түрін иеленетін құралдар жатады, сонымен қатар ұлттық банкіден шығатын және
несие институттарының іс-әрекеттеріне және таңдау еркіндігіне шек қоюға
бағытталған алдын ала белгіленгендер жатады. Әкімшілік әдістер дамушы
экономикасы бар орталық банкілерге тән. Әкімшілік әдістердің арқасында
Ұлттық банкі өзінің бақылау функциясын жүзеге асырып отырады.
60-шы жылдарда барлық европалық елдерде сауда банкілердің пайыздық
ставкасын әкімшілік реттеу тәжірибесі кең қолданылған. Қазіргі кезде осы
шек қоюлар Германияда, Данияда және Ұлыбританияда ғана толық алып
тасталған. Әкімшілікке әдістерге сонымен қатар орталық банкіде несие
институттерінің минималды резервтерін ұстауы жатады.
Нарықтық сипатындағы құралдардың мәнінде орталық банкінің ұлттық несие
жүйесіне ақша нарығы мен капитал нарығында белгілі бір жағдайларды
құрастыру жолымен әсер етуді айтады.
Соңғы он жыл ішінде өндірісі дамыған елдерде экономикалық реттеу
процесінде нарықтық әдістерді пайдалану ұмтылысы анық көрініп жүр. Көптеген
Европа елдерінде капиталлың қозғалысы либерализацияланып, ашық нарықта
операциялардың қолданылуы кең өріс алып отыр. Дәл осылай, 1991 жылы
Австрияда несие институттарының ірі ақша сомаларына шетелдік операцияларын
жасағаны туралы орталық банкілерге мәлімет беру жүйесі алынып тасталды.
Орталық банкінің экономикалық реттеуі тіке және жанама әсер етуі
мүмкін. Мысалға, есептік саясатты жүргізгенде ақша нарығындағы жағдайды
жанама реттеу жасалады, сонымен қатар бір уақытта капитал нарығындағы
жағдайға жанама әсер жасалады.

2. Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Өндірісі дамыған елдердің экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие
саясаты өте белсенді қолданылады. Бұл ертеден келе жатқан экономиканы
реттеудің алғашқы формаларының бірі екені белгілі. Ақша-несие саясаты әр-
түрлі позициядан аса талғамды болып қарастырылады. Тарих позициясынан
қарағанда, оның мүмкіндіктері 30-шы жылдарда дүниежүзілік экономикалық
кризис кезінде шығып жүрген еді, сол кезде оның ролі қарастырылған еді.
Теорияның көзқарасымен зерттегенде макроэкономикалық көрсеткіштер ақшаның
ауыспалы мәндерінен тәуелді: яғни айналыстағы ақша көлемінің өзгерісі
өндірісті, айырбасты, тұтынуды, жалпы сұранысты қозғауы мүмкін. Эмпирикалық
позициядан қарағанда: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция өте
төмен пайыздық ставканың деңгейіндегі экспансиялық ақша-несие саясатымен
арандатылған еді, ал рестрикциялық саясат оның дамуын тоқтататын белгілерін
анықтап берді. Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясын және
тактикасын анықтау алдымен теориялық принциптерін анықтауды және оның ішкі
механизмдерін ашуды талап етеді. Өзіміз білетіндей, ақша-несие саясатында
схемалық түрде екі ірі мектепті бөліп көрсетеді – кейнсиандық және
монетарлық.
АҚШ-тың экономикалық ғылымында ең ірі танымал кейнсиандық лагерь болып
табылады, әсіресе П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобин. Олардың
жұмыстары экономиканың ресми танылған ілімінің негізін қалайды. Оларпдың
жалпы теориясының негізгі мақсаты - әрбір макроэкономикалық теория
міндетті түрде ақшалай болатынын дәләлдеу, бұдан ақшалай феноменнің
макроэкономикалық анализде кездейсоқ түрде маңызды болып саналады. Сонымен
қоса бұл ілім өзінің бойына соңғыкейнсиандық ақша нейтрализмінің өркендерін
қамтыған еді.
Келесі концептуалдық бағыт 50-ші жылдардың ортасында кейнсиандықтарға
қарсы қалыптасқан еді. Оның жақтаушыларын алғашында сандық деп атайтын еді,
содан кейін нақты – монетаристтер деп атады, өйткені олар экономикалық
белсенділіктің тербелісін және инфляцияны түсіндіруде ақшаның рөліне
маңызды қарады. Бұл теорияның идеологі әйгілі экономист М. Фридмен болып
табылады.
Егер кейнсиандықтар ақша-несие саясатынның рөлін бюджет саясатының
немесе табыстарды бақылау саясатының пайдасына шешсе, монетаристтер ақша-
несие саясатының өзін таңдағанды қалайды. Олардың келіспеушілігі тек мына
әдістемемен ғана пайда болған: біріншілері саясаттың тиімділігін әрбір жеке
жағдайдың негізінде болатынын айтады, ал екіншілері барлық нәтижелер
кешенінің негізінде болатынын айтады.
Фишер айналыста жүрген ақшаның көлемінің өзгеру эффекті экономикаға
әсері тимейінше ақшаның сандық теориясы дұрыс екенін дәлелдеуге ұмтылды.
Бірақ ол сонымен қатар бұл теорияның нақты өтпелі кезеңдерде түзелетінін
түсіндіреді, оның қадамында ақша санының өзгерісі олардың айналысының
жылдамдығына, өндіріс және келісімдердің көлеміне, бағалардың жалпы
деңгейіне әсер етеді. Басқаша айтқанда, оның әртүрлі анықталатын
факторлармен ұзақ мерзімді экономикалық концепциясы, экономикалық циклдің
ақшалы теориясымен қамтамасыз етіледі.
Алдымен кейнсиандықтардың концепциясының өзінің ішінде тайталасты айту
керек. Кейбір экономисттер кейінгі кейнсиандық мектептің зерттеушілерін
нағыз ілімді бұзды деп санайды. Хикс-Хансен парадигмасы ілімнің
неокласикалық моделін бағалардың икемсіз жағдайында, әсіресе номиналды
жалақы немесе пайыздық ставка қолданылатын жеке жағдайлар түсіндіруге
ұмтылады. Басқаша ойланатындарға кейнсиандық бағыты өзге түсте көрсетіледі:
кейнсиандық экономика міндетті түрде монетаристті болса, онда ол тепе-
теңдікте болуы мүмкін емес.
Кейнс макроэкономикалық анализ тек ақшалай болатынын нақты түрде
айтқан. Ақшаның маңыздылығын көрсету үшін ол анализдің класикалық схемасын
керісінше өзгертті, яғни жұмысшылардың толық жұмыспен қамтылуы автоматты
түрде нақты жалақының өзгеруіне байланысты қамсыздандырылады. Кейнстің
схемасы бойынша керісінше: жалпы сұраныс өндірісті анықтайды, оның деңгейі
толық жұмыс бастылыққа жету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Ақша жалпы
сұраныстың айқындалуына жағдай жасап стратегиялық маңызға ие: олардың
жеткіліксіздігі жұмыссыздықтың немесе артықшылығы инфляцияның қайнар көзі
болуы мүмкін.
Дегенменде, қарыз капиталына деген ұсыныс пен сұраныс пайыздық
ставканы анықтайды. Кәсіпорын иелері капиталдың шекті тиімділігі (немесе
қаржы салудың рентабельділік нормасы) пайыздық ставкаға тең болып тұрғанша
қаржы салып отырады. Өз алдына жалпы табыстың өсімі қаржы салудың өсімінен
шығып қысқа мерзімді болып табылады. Сондықтан, айналыстағы ақша массасын
өзгерте отырып монетарлы өкімет табыс өсімінің бәсеңделуіне немесе
тездетілуіне әсер етеді.
Бұл кезде депрессияның кейнсиандық схемасы келесі түрде бейнеленуі
мүмкін. Белгілі бір себептермен нақты сұраныс төмендеді делік. Жалпы бұл
төмендеуді кәсіпкерлер біле алмайды, олар өздерінің болжамдарында өткен
кезге қарайды. Сөйтіп олардың болжамы қате болып, олар тауарды аз сатып
қояды да қоймада өнім көбейіп қалады. Артық өнімді азайту үшін олар
өндірісті қысқартады. Кәсіпкерлердің бұл іс-әрекеті өндірістің көлеміне
бағытталып, сонан кейін бағаға да бағытталады, ал материал құндылығы
нарығында тепе-теңдік бұзылып, бұрынғы бағалар тепе-теңдік жағдайының
бағасы болып табылмайды.
Тепе-теңдіктің бұзылуы материал құндылығы нарығынан еңбек нарығына
өтеді. Өндіріс көлемін азайта отырып кәсіпкерлер кірістің нормасын сақтау
үшін жұмыс бастылықты қысқартады. Кейін олар сұранысты тұрақтандыру үшін
тауарлардың сатылу бағасын төмендетуі мүмкін. Жұмысшылар жұмыстан
айырылмауы үшін номиналды жалақының төмендеуіне келісуге мәжбүр болады.
Баға мен жалақының төмендеуі материалды құндылықтар нарығындағы ұсыныс пен
сұраныс арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін жеткіліксіз болып
табылады, өйткені өндіріс пен жалақының төмендеуі нақты табыстың
төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде жалпы сұраныстың жаңадан төмендеуіне
әкеледі. Сөйтіп, депрессияның кумуляциясы артық қорлар таусылмайынша жүріп
отырады.
Бірақта жалпы табыстың төмендеуі қарыз капиталына деген сұранысты
төмендетіп, пайыздық ставканың төмендеуіне алып келеді. Ақша-несие
өкіметтері экспансия саясатын ұстанып бұл тенденцияны күшейтіп жіберуі
мүмкін. Егер де пайыздық ставканың төмендеуі кәсіпкерлерді үлкен
инвестицияларды салуға итермелесе, онда жалпы сұраныс көбейеді де, ақша-
несие өкіметтері ұсынысты көбейтуге ұмтылады, ал бұл өз алдына бағалардың
өсуін тудырмас бұрын өндіріс пен жұмысбастылыққа қоздырғыш әсерін тигізеді.
Бұл депрессияны түсіндіретін ой жүгіртулерге керісінше болып табылады.
Сөйтіп, теориялық жағынан алғанда ақша-несие саясаты коньюнктуралық
саясаттың белсенді инструменті болып табылады. Бірақта Кейнсті монетарлы
өкіметтердің амалдарының практикалық нәтижелілігі ғана қызықтырды. Кейнстің
ізбасарлары ақша-несие саясатының тиімсіздігінің факторлерін анализдеуді
жалғастырды. Бұл факторлар екі шартқа бірігеді: монетарлық өкіметтер ақшалы
айнымалыларын (пайыздық ставка немесе ақша массасы) басқаруға икемсіз
немесе жалпы сұраныс ақшалы айнымалыларының өзгеруіне жеткілікті түрде
елемейді.
Кейнсиандық анализдегі пайыздық ставка стратегиялық ақшалы айнымалысы
болып табылады. Ол несиенің сұранысы мен ұсынысының қиылысуынан пайда
болады.
Кейнстің айтуы бойынша, әрбір депозит салушының пайыздық ставка туралы
өзінің бір қалыпты немесе дұрыс ойы болады және оны биржада практикаланатын
нақты ставкамен салыстырады. Егер нарықтық ставка болжағаннан әлдеқайда
жоғары болса, онда ол нарықтық ставканың төмендейтінін, ал акциялардың
курсының жоғарылайтынын болжап ақшаны шотта ұстағанша акцияларды сатып
алған жөн деп ойлайды және керісінше. Егер де алыпсатарлар өздерінің
болжамдарының дәлдігін нақтылағанда, олар қолма-қол ақшалары мен акциялар
арасында таңдау жасайтын еді. Дәл осылай Дж. Тобин кейнсиандық ақша
сұранысының анализіне интерпретация жасады. Кейнс ьағалы қағаздар портфелін
диверсификациялауды болжамдардың нақты болмауы себебінен қарастырмаған еді.
Тіпті экономикалық факторлар ақша мен облигациялардың арасында таңдауға
толық жағдай жасаса да, ақшаға сұраныстың жалпы функциясы үздіксіз болатын
еді, өйткені бір қалыпты пайыздық ставка туралы пікірлер әр түрлі болап
табылады.
Монетаристтер, керісінше ақша массасын анықтайтын факторлардың
кешенділігін талап етті, ол үшін олар экономикалық агенттердің кешенінің
мінез құлығын біріңғайлайтын кең модельдер құрастырды. Бұл модельдерде ақша
қорлары мен қысқа мерзімді пайыздық ставка бір уақытта ақша нарығында
анықтылады. Онда ақшаның ұсынысы орталық банкінің іс-қылығына тәуелді (ашық
нарығындағы операцияларды есепке алып отыру және осыдан шығатын ақша
нарығындағы пайыздық ставканы есепке алу), сонымен қатар табысты макимум
алуға тырысатын коммерциялық банкілердің реакциясынан және көпшіліктің
кассалық қолма-қол ақшаға (несие билеттері, талап еткенге дейінгі
депозиттер, мерзімдік депозиттер) беретін талғамына тәуелді. Мұндай
пайыздық және жалпы табыс сияқты айнымалылардың ақшаның ұсынысына әсері
банкілердің мінез-құлығын және клиенттерді талдауда білінеді.
Орталық банкінің ақша ұсынысын көбейтуге немесе азайтуға бағытталған
әрбір іс-қимылы салдарынан, кейбір авторлардың айтуы бойынша пайыздық
ставка өзгеруіне көпшіліктің ешбір реакциясы болмауы мүмкін. Дәл осылай
Л.Э. Гремли мен С.Б. Чейз үшін бұл - бағалы қағаздарға қаржы салудың
тиімділігінің нормасын көтеретін, экономикалық агенттердің мерзімдік
депозиттерін бағалы қағаздарға ауыстыртқызатын ашық нарықтағы
операцияларының әрбір саясаты. Бұл жағдайда банкілік талап еткенге дейінгі
депозиттерінің үлесі мерзімдік депозиттеріне қарағанда өседі де, ал ақша
массасы да өсіп кетеді.
Неокейнсиандық теорияға жауап ең алғашқы болып М. Фридменнің Ақшаның
сандық теориясын зерттеу деген ұжымдық еңбегінде шыққан Ақшаның сандық
теориясы: жаңа үйлесім мақала жарық көрді. Бұл мақала өз алдына фридмендік
ілімінің манифесті болып табылады: онда автор ақшаға сұраныс пен ұсынысқа
қатысты екі негізгі пікірге ие монетаристті бейнелейді:
- ақшаға сұраныс айнымылылардың шағын көлемінің тұрақты функциясы
болып табылады;
- ақша ұсынысың функциясы ақшаға сұраныс функциясының аргументтерінен
ішінара өзгеше аргументтерді қосады.
Фридмен бойынша, ақшаның сандық теориясы ақшаға сұраныс теориясы
болып табылады. Нақты түрде келтірілген ақшаға деген сұраныс экономикалық
агенттердің жиынтық капиталына және бұл капиталдың әр түрлі бөліктерінің
тиімділігіне тәуелді. Салымшының жалпы теорияда иемденген таңдауы қолма-
қол ақшамен және қаржылық талаптармен шектелген, сонымен қатар бұл
құндылықтарды құрайтын кешенге тарайды. Бұдан айтатынымыз қолма-қол
ақшалардың нақты автономды өсімі құн реакциясынан немесе олардың
сұранысының өзгеруіне осы әр түрлі активтердің қайтарымына тәуелді барлық
игілік қатынасындағы категорияларына сұраныстың өсуіне әкеліп соқтырады.
Проценттік ставка талдаудан алынбайды, бірақ та ол екінші рольді
ойнайды. М. Фридмен оны (сонымен қатар инфляция деңгейін) жиынтық табыспен
бағаланатын ақшаға деген сұраныс пен нақты кассалық қома-қол ақшаға сұраныс
арасындағы ауытқуларды түсіндіру үшін немесе Фридменнің айтуы бойынша ақша
айналысы жылдамдығының қалдық элементтерін түсіндіру үшін қолданады.
Фридменнің Номиналды табыстың монетаристтік теориясы деген мақаласында
жасаған кейнсиандық теорияның келбеті қандай да болсын иллюзия қалдырмауы
керек. Оның ұсынған ақшаға деген сұраныс функциясы толығымен кейнсиандық
пайымда түсіндірілген, өйткені ұғындырушы айнымалы ретінде ол ағымдағы
табыс пен пайыздық ставканы қосады. Бірақ бұл пайыздық ставка ерекше
сипатқа ие. Шынымененде, Фридмен оның болашақ пайыздық ставка туралы бірдей
болжамдарменен анықталады деп есептейді. Сөйтіп ол пайыздық ставканың
барлық деңгейіне минималды пайыздық ставка туралы кейнсиандық жорамалдарды
таратады. Екінші жорамал туралы айтсақ, онда оны И. Фишер айтқан: күтілетін
пайыздық ставка нақты ставка мен инфляцияның күтілетін пайызының үстіне
қойылуы мүмкін. Сөйтіп оның анықтамасы бойнша егер де кутілетін инфляцияның
пайызы номиналды тұрақты табыстың өсу деңгейлері арасындағы айырымына тең
болса, онда бұдан шығатыны ақшаға деген сұраныс номиналды тұрақты табыстың
өсу деңгейінің кемуші функциясы болып табылады.
Бұл жаңа функция ақша айналысы жылдамдығының циклдық өзгерісін оңай
түсіндіруге мүмкіндік береді: яғни ақшаға деген сұраныстың шектеліп
ұлғайюында немесе керісінше депрессия кезінде тұрақты табыстың өсуінің
жылдамдық алуы. Бірақ ол инфляцияның ұзақ мерзімді болжамдарына тәуелді
болатын және ақша-несие саясаты мен жалпы сұраныс өзгерісі арасында
қозғалтқыш күш ролінде бола алмайтын кейбір пайыздық ставкаға қысқа
мерзімдік икемсіздік әкеледі.
Ақшаға деген сұраныстың монетаристтік анализінен ақша массасы мен игілікке
сұраныс өзгерісі арасында тікелей байланыс шығады, ал пайыздық ставка
ақшаға деген сұраныстың тұрақты факторларының бірі болып табылады. Кейнстің
талдаған ақша-несие саясатының тиімсіздігі негізгі пайыздық ставка
роліндегі – алыпсатарлық мотивтен шығатын несиеге сұраныстан пайда болып
тұрды. Басқаша айтқанда ақшаға деген сұраныстағы пайыздық ставканы мәнін
төмендете отырып, Фридмен бұл функцияның тұрақсыздық қауіпін және пайыздық
ставка бойынша ақшаға деген сұраныстың шексіз икемділігі қауіпін жояды.
Алайда ақша санының өзгерісі тұрақты табыстың өзгеруін түсіндіретін
негізгі фактор болуы үшін, ақша ұсынысының ақшаға деген сұраныс өзгерісіне
автоматты түрде елеуін болдырмау керек.
Ақшаның ұсынысына әсер ететін және ақшаға деген сұранысқа әсер
етпейтін маңызды факторлар бар. Кей жағдайларда ақшаның ұсынысына әсер
ететін техникалық шарттар бар, басқа жағдайларда ақша-несие мекемелерінің
және банкілік жүйенің мінез-құлығын анықтайтын саяси және психологиялық
шарттар бар. Ақшаның шығарылуы қолма-қол ақшаларға деген сұранысының
өзгеруіне елеуге ұмтылады днп есептейтін кейнсиандықтар, фридмендік
теорияны ақша ұсынысының экзогендік теориясы деп белгіледі, ал өздерінің
концепциясын ақша ұсынысының эндогендік теориясы деп белгіледі. Бұл
сенімді айтылған сөздер айналыстағы ақша санының экономикалық дамудан
тәуелсіз деп түсінеді, ал бұл дұрыс емес.
Айналыстағы ақша санын анықтайтын факторлардың бірі орталық банкінің
шешуші іс-әрекеті болып табылады. Монетаристтердің анықтамасы бойынша
айналыстағы ақша массасы үш фактордан тәуелді:
- орталық банкі шығарған ақшалардың саны (орталық банкінің
банкноттары және жоғары күші бар ақшалар);
- банкілік резервтердің нормасы;
- қолма-қол ақшалардың банкілік депозиттерге қатынасы;
Банкілер мен жұртшылықтың мінез-құлығын бейнелейтін қатынастар
салыстырмалы түрде тұрақты және баяу өзгереді деп есептеледі. Демек ақша
массасы “жоғары тиімділігі бар” ақшаларға пропорционалды өзгереді, олардың
өзгерісін орталық банк өзінің “ашық нарық саясатының” арқасында бақылап
отырады.
Ақша ұсынысының фридмендік анализін басқа да экономисттер тереңдетіп
дамытты. Алғашқы болып Ф. Кейген АҚШ-та ақша массасының үш анықтымасының
тарихын зерттеді. Ол ақша массасының өзгерісі ұзақ мерзімде “жоғары
тиімділігі бар” ақшалардың өзгерісімен басқарылатынын көрсетті. Дәл осылай
экономикалық белсенділіктің күрделі тербелістері байқалатын циклдардың
кезеңінде болады. Керісінше бұл тербелістер біртекті болғанда ақша
массасының күрделі өзгерісі негізінен қоғамның кассалық қолма-қол
ақшаларының өзгерісімен және банкілік резервтерінің мінез-құлығының
өзгеруімен түсіндіріледі.
К. Бруннер және Х. Мелцер деген монетаристтер ақша шығару процесінде
алдымен банкілердің, сонан кейін қоғамның мінез-құлығын жасауға тырысты
сонан соң бұл үшін ақша ұсынысының нақты функциясын құрастырды. Бұл
функциялар ақша ұсынысының кейнсиандық анализдерінен өзгеше, өйткені олар
несие мультипликаторы концепциясына негізделген және орталық банкінің ақша
өзгерісіндегі жетекші ролін дәлелдеуге ұмтылады.
Несиенің мультипликаторы ақша массасын орталық ақшаға (немесе орталық
банкі шығарған қолма-қол ақшалар плюс орталық банкідегі шоттар) бөлгеннен
шығатын бөліндісіне тең болады. Сонда ақша ұсынысы орталық банкінің
“өнімдерінің” (ақша базасы) несие мультипликаторына көбейтудің туындысына
тең болады, яғни М=к*МС немесе к=, мұндағы М – ақша массасы, Мс –
орталық ақшалар немесе ақша базасы, к – несие мультипликаторы.
Ақша базасы орталық банкінің іс-қимылын бейнелесе, несие
мультипиликаторы банкілік резервінің мінез-құлығын және қоғамның оның
кассалық қолма-қол ақшаларының құрамына қатысты мінез-құлығын бейнелейді.
Мультипликатордың көптеген формулалары бар. Ең қарапайымы к=
болып табылады, мұндағы а — банкілік резервтердің банкілік депозиттерге
қатысты коэффициенті; b – қолма-қол ақшалардың ақша массасына қатысты
коэффициенті.
Бұл дауды шешу үшін монетаристтік және кейнсиандық эконометриялық
модельдердің теориялық қорытындылары жеткіліксіз. Әрине алғашқылары
бюджеттік саясаттың жоғары тиімділігін көрсетіп, екіншілері ерісінше ең
болмағанда алғашқы үш жылда жоғары тиімділігін көрсетеді. Біріақ
кейнсиандық модельменен қорытындылар модельдің негізгі гипотезаларын
көрсетеді. Монетаристтік модельдерге келетін болсақ, олар ақша-несие
саясаты және бюджеттік саясатының тиімділігі мен басқа да экзогенді
факторларының әсері арасындағы нақты қырын жасай алмайды.
Ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясаттың салыстырмалы тиімділігін
талқылау әлі біткен жоқ. Хикс-Ханс моделінің концептуалды жоспары бұл
проблема үшін жеткіліксіз болды. Сондықтан К. Бруннер мен Х. Мелцер ықтимал
ауыстырулар кешенін құрастырып оны жалпы модельменен ауыстыруды ұсынды:
ақшалар, бағалы қағаздар немесе ақша еместік қаржы активтері мен нақты
капитал арасында.
Болашақ дискуссиялар үшін ең қолайлы жоспар құрайтын бұл әрекет екі
қысқаша пікір тудыртады. Бұл авторлар өзінің анализін “монетаристтік”
сияқты көрсетеді. Шынында да Дж. Тобин сияқты кейнсиандықтардың жұмыстарына
өте жақын болып табылады, анализде кейбір келісімдікке қамтамасыз етеді.
Бірақ ақша-несие саясатының және бюджеттік саясатының салыстырмалы
тиімділігінің қорытындылары әлі екі түрлі болып табылады. Ақша массасы мен
мемлекеттік қарыздың өзгерісінің экономикалық белсенділік пен бағалардың
жалпы деңгейіне әсері ақшалардың, облигациялардың және құндылықтардың мінез-
құлығының өзара ауыспалдылығына біршама тәуелді болады. Бұдан монетаристтер
мен кейнсиандықтардың арасындағы дау теориялыққа қарағанда эмпирикалық
болып табылады.
Кейнсиандықтар бюджеттік саясаттың жалпы сұранысқа әсерін зерттейді
және содан оның тиімділігін ақша-несие саясатының тиімділігімен
салыстырады. Алйда, Лаффердің теорисы бойынша бюджеттік саясат, әсіресе
салықтық саясат тек қана жалпы сұранысқа ғана әсер етпейді, сонымен қатар
жалпы ұсынысқа әсер етеді. Американдық экономисттердің пікірі бойынша тым
қатты салықтық қысым жұмыс істеуге, өндіруге, капиталды орналастыру
мақсатымен үнемдеуге ұмтылысты төмендетеді. Бұл жағдайда стагфляциямен
күресетін әдіс салық қысымын төмендету болуы мүмкін. Осы жаңа доктрина
“рейганомиканың негізіне салынған еді. Егер де салық салудың азайтылуы
мемлекеттік шығындарды төмендетумен бірге қамсыздандырылмаса, онда
нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің дефициті өсіп, пайыздық ставка өсіп,
артынан жеке капиталдың “шектету эффектісі” мен экономикада бәсеңделген
қозғалыс болады.Тек экспансиялық ақша-несие саясаты ғана пайыздық ставканың
өсімін уақытша тоқтататын еді, бірақ бұл саясат инфляцияны тудыртып,
теоретиктердің “жаңа бағдарламасын” іс жүзінде қарапайым неокейнсиандық
экономиканы көтеру саясатына айналдыратын еді. Ақша-несие саясаты мен
бюджеттік саясатының тиімділігі туралы дау сыртқы экономикалық фактордың
әсерінің күшейюімен байланысты жаңа мәнге ие болды: енді анализге тек
валюталық бағамның өзгерісі ғана емес, сонымен қатар сауда балансының жалпы
сұранысқа әсері де енеді. Сонымен қоса анализдің сыртқы нарыққа ашық
экономикаға таралуы екі мектептің де хал-ахуалына өзгеріс енгізбейді.
Сөйтіп, даудың негізгі тақырыбы – ақша-несие саясаты ман бюджеттік
саясатты салыстыру туралы айтатын болсақ, ең тиімдісі екі іс-әрекетті
өзінде сәйкесендіретін болып табылады. Мемлекеттік қаржылардың ірі
дефицитімен бірге жүретін шектеуші ақша-несие саясаты осы дефицитті
қаржыландыру проблемасымен соқтығысуы мүмкін. Керісінше, экономика
депрессия жағдайында болса ақшалы экспансия саясаты мемлекеттік бюджеттің
ұлғайюымен сәйкес келе алмайды. Сонымен қоса көп жағдайда экономиканың ішкі
және сыртқы тепе-теңдікті талап еткені бір бағытқа ұмтылған, өйткені
инфляция кезіндегі экономикаға сыртқы дефицит әрекеттенеді, және керісінше.

Екі мектептің арасындағы күрес айқындалмаған ақша-несие саясатының
дамуына әкеліп соқтырды. Әрине ақша-несие саясаты экономикалық процесстерді
реттецтін экономикалық саясаттың тек бір ғана инструменті болып табылмайды,
бірақ та нарықтық экономиканың әлсіздігі кезінде нақты ақша-несие
саясатының жоқ болуы үлкен жауапкершілікке әкеледі. Қазіргі кезде
мемлекеттік органдар екі мектептің ілімін қосып тиімді, бір-біріне демеу
болатын ақша-несие саясатын қолдануы аса пайдалырақ болуы мүмкін.
1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Ақша-кредит саясатының құралдары. Ұлттық Банк инфляция бойынша
мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару,
банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ
ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша
операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі
болып қалуда.
Ақша-несие саясатының құралдары туралы айтпас бұрын оның реттеу
механизмдерін айта кеткен жөн. Орталық банкінің өзінің саясатында
қолданатын құралдары тікелей және жанама деп бөліп көрсетуге болады.
Тікелей дегеніміз орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін административті-
нормативтік өкілеттігімен орындауы, ал жанама дегеніміз ақша нарығының хал-
ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер ету болып табылады.
Ақша-несие реттеудің тікелей мен жанама құралдарының арасындағы
айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың
бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама
нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.
Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерциялық
банкілердің балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банкі
балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданылады.
Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз кезеңінде
қолданған тиімді болып табылады. Жанама құралдарды қолдану ақша
қаражаттарының несие-қаржылық институттарынан қарыз капиталының
ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орталық банк жанама құралдарды
қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс
пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып банктердегі
ликвидті қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша
нарықтарындағы пайыздық ставкаларды өзгертеді.
Енді орталық банкінің коммерциялық банктерге қатысты өзінің жүргізетін
саясатына көмекші болатын негізгі құралдарды қарастырайық. Оларға ең
алдымен қайта қаржыландыру мөлшерінің өзгеруі, резервтік талаптар
нормаларының өзгеруі, ашық нарықта бағалы қағаздармен және шетелдік
валютамен операциялары, сонымен қатар қатаң әкімшілік шаралары жатады.
а) Резервтік талаптар саясаты.
      Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары
бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi
резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн
банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi.
      Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң
құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды
резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың
нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм
қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
      Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған
күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он
күндiк мерзiмде қайтарады.
Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар – бұл барлық несие
мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине
міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе
орталық банкіде депозит түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары
ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз
алдына заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің)
немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді)
немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді.
Нормативтерді қолдану тоталды (барлық міндеттемелер мен ссудалардың
сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету
сипаттамалары бар.
Минималды резервтер екі негізгі қызметті орындайды.
Біріншіден, олар ликвидті резервтер ретінде коммерциялық банкілер
клиенттерінің депозиттері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етеді. Орталық
банк резервтік талаптар нормасының мерзімді өзгеруімен коммерциялық
банкілердің ликвидті дәрежесін экономикалық жағдайға байланысты минималды
мүмкін деңгейде сақтайды.
Екіншіден, минималды резервтер орталық банкінің елдегі ақша массасының
көлемін реттеу үшін қолданатын құралы болып табылады. Орталық банк
резервтік қаражаттар нормативінің өзгеруі арқылы коммерциялық банкілердің
активті операциялар мөлшерін (негізінен олардың беретін несие көлемін)
ретейді, сол арқылы олардың депозиттік эмиссиясының жасалуын да реттейді.
Несиелік институттар орталық банкіде өздерінің резервтік талаптары
белгіленген нормативтен асатын болса ссудалық операцияларды кеңейте алады.
Айналыстағы ақша массасы (қолма-қол және қолма-қолсыз) қажетті тұтынуды
асып кететін болса, орталық банк ақша аудару нормативін көбейту жолымен
несиелік рестрикция саясатын жүргізеді, яғни орталық банкіде қаражаттарды
резервтеу пайызын көбейту. Сөйтіп ол банктердің активті операцияларының
көлемін азайтуға мәжбүрлейді.
Резервтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің
рентабельділігіне әсер етеді. Өйткені, резервтік талаптардың өсуі пайданы
толық ала алмауға әкеп соқтырады. Сондықтан, көптеген батыс экономисттернің
пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляциялық құралғы болып табылады.
Бұл әдістің жетіспеушілігі кейбір мекемелердің, әсіресе шамалы
депозиті бар мамандалған банкілер көп ресурсы бар коммерциялық банкілерге
қарағанда артықшылықты жағдайда болады.
Соңғы он-жиырма жыл ішінде бұл ақша-несиелік реттеу әдісінің ролі
төмендеп кеткен еді. Бұған факт батыс елдеріндегі резервтік талаптар
нормаларының төмендеуі, тіпті оның кейбір депозиттер бойынша алынып тасалуы
да көрініп жүр.
Ақша резервтерінің нормасының төмендеуі ақша мультипликаторының өсуіне
әкеледі, демек ақша массасының өсуіне де әкеледі. Егер орталық банк
резервтік талаптар нормасын өсірсе, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
"Мемлекеттің ақша-несие саясаты."
Мемлекеттің ақша-несие саясаты
Мемлекеттің ақша – несие саясаты
Мемлекеттің ақша несие саясаты
Мемлекеттің ақша, несие саясаты
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының ерекшеліктері
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Евро. Ақша-несие саясаты
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь