Адам, ақпарат, компьютер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
“Ақпарат” деген сөз адамға нені білдіреді
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдары білдіретін informatio сөзінен шыққан.
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғалымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т. б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.
Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз, ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.
Бізді дүние жүзіндегі жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды “бұқаралық ақпарат құралдары” деп атаймыз. Диктор теледидар арқылы “Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті” деп хабарлайды. Біз бір-бірімізден “кеше біздің футбол камандамыз жөнінде жаңалық естідің бе?” деп сұраймыз. Бұл мысалдарда “ақпарат”деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.
XIX-XX ғасырларда телеграфтың, радионың пайда болуы ақпаратты кез-келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып -ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-біліп отыруға мүмкіндік береді.
Адам ақпаратпен не істейді?
Біріншіден адам ақпаратты сақтай алады.
Біз кітап, газет-журналдар оқығанда, ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Біз радиодан бұрын естіген жаңалықтарды бірнеше күн өткеннен кейін біреуге айтып бере аламыз.
Демек адам миы ақпартты тек қабылдап қана қоймай, оны ұмытпай, сақтап қала алады. Адамзат жинаған білім мен тәжірибе көлемі өте үлкен, сондықтан адамның миы оларды түгел сақтай алмайды және қабылданған ақпараты біреуге өзгеріссіз, дәлме-дәл жеткізе алмайды. Сол себептен оларды сақтау үшін, сыртқы ақпарат тасуыштар: қағаз, папирус, пергамент, түрлі таспалар, дискілер т. б. қолданылады.
Екіншіден адам ақпаратты жеткізе алады.
Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерде кездестіреміз: бір-бірімізбен сөлескенде, сабақта, теледидардан хабар көргенде, кітап оқығанда т. б. Әңгіме кезінде бір адам айтушы (ақпатар жолдаушы), ал екінші адам тыңдаушы (ақпарат қабылдаушы) болады. Кітап оқыған кезде біз қабылдаушы боламыз да, автор жолдаушы болып табылады. Ал оқыған кітаптың мазмұнын біреуге айтқанда біз ақпарат жолдаушы боламы, тыңдаушы адам қабылдаушы болады.
Адам ақпаратты қалай қабылдай алады
Адам ақпаратты үздікдіксіз қабылдап отырады. Адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы ақпарат та сондай қажет.
Айталық, адам дыбыс, жарық жоқ бітеу кеңестіктің ішінде қамалып қалды делік. Адам өзін-өзі жағдайсыз сезіне бастайды. Оның рухани күйі (психикасы) өзгереді. Бірнеше күннен кейін сезінуден айырылып, ол ең қарапайым әрекеттерді істей алмайтын халге жетіп, қозғала алмай қалады. Өйткені адамға кез келген тірі организм сияқты әрқашан қоршаған болмыс, уақыт пен кеңістік туралы ақпарат қажет.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге болады.
Бейнелік ақпарат деп -табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды атайды.
Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алтын ақпараттар жатады.
Ақпаратты кодтау (таңбалау)
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.
Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код дейді.
Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) . Оның кері кодталу (декодталу -декодирование) процесімен тікелей байланысты.
Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылысы соғырлым қарапайым болады. Техниккада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесімен -екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын керуді қолданудың маңызы зор.
Енді орыс алфавитінің әріптерін ғана кодтап қоймай ағылшын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы графикалық (псевдографикалық) таңбаларды да т. б. кодтайды. Символдардың кодталуы комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.
Компьютер деген не?
Ақпарат өзінен-өзі болмайды. Ол іздестірудің, жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өңдеудің және пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процессорде айқындалады.
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал компьютер. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz