Қазақстанда мекендейтін құстар


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
Министірлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін құстар
Тексерген: Жақсыбаев М. Ы.
Орындаған: Ерманова М. Б
Алматы 2012
Жоспар
Негізгі бөлім
Құстар тіршілігі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Арнайы бөлім
Құстардың экологиялық топтары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Құстардың тегі және эволюциясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Кәсіптікк құстар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Қортынды бөлім _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Пайдаланған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _
Құстар тіршілігі
Құстар - омыртқалы жануарлар ішіндегі жоғары сатыда дамығандардың бірі. Денесі қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Олардың организмде зат алмасу процесі шапшаң жүреді, дене температурасы жоғары (39-40°) және тұрақты, жүректері төрт камералы, артериялық қан күре тамырдан бөлінген. Көру мен есту мүшелері жақсы жетілген.
Құстардың ұшу қабілстіне ие болуы - эволюциялық дамудың жемісі. Дамудың белгілі сатысында құстардың шығу тегі - жер бетіндегі бауырымен жорғалаушылар болғаны анық. Юра дәуірінде бауырымен жорғалаушылар және құстар арасында аралық орын алатын, орманды жерлерде тіршілік ететін «археоптерикс» деп аталған хайуанат өмір сүрді. Онда кұстардың кейбір белгілері пайда болды. Денесін қауырсын жапты. Бұл уақытта құстың шыққан тектері жер бетімен орманда тіршілік етуге көшті. Қанатындағы тырнақтар оларға ағашқа өрмелеуге мүмкіндік берді. Археоптерикстер дұрыстап ұша алмады, тек олар ағаштан-ағашқа қалықтап барып қонды. Дамудың келесі сатысында құстардың ұшу ұқыбы жетіле түсті. Бұл қасиет қанаттыларға дүние жүзіне кең таралуына мүмкіндік берді. Құстар так Антарктиданың ішкі бөлігінде ғана кездеспейді.
Жер шарының әр түкпірінде құстардың қоныстануы бірдей емес. Әсіресе қанаттылар түріне Орталық және Оңтүстік Америка бай. Мәселен, Колумбияда 1700, Бразилияда 1440, Экваторда 1357, Бенесуэлада 1282 құс түрі таралған. Африка елдерінде де құс түрлері көп. Суданда 871, Замбияда 674, Камерунде 670 қанатты түрі есепке алынған. Европа мен Азия елдерінде бұл хайуанаттар түрі азая түседі. Мысалы, Грецияда 339, Югославияда 288, Жапонияда 425 құс түрлері бар. Совет Одағында құстардың 700-ден астам түрлері қоныстанған. Жалпы алғанда, дүние жүзінде қазірде шамамен 8600-дей құс түрлері таралған деп есептелінеді.
Қоры жөнінен қандай турлері мол? десек, біздің аймағымызда үй торғайы мен қара ала торғайды және су кұстарынан - қасқалдақты айтуға болады. Шамамен қазірде дүние жүзіндсгі қанаттылар қоры 100 миллиардтай деп саналады.
Құстар әр түрлі ауа райы жағдайында тіршілік етеді. Олар орманда, дала мен шөлді өңірлерде, өзен-көлдерде кең таралған. Көпшілігі бір жерден екінші жерге қоныс аударып отырса, біразы - отырықшы жануарлар. Қанаттылар - тамаша «ұшқыштар». Мәселен, Қазақстан көлдерінде өніп-өсіп, ұрпактарын өргізген құстардың біраз түрлері Африкада, Австралияда, Оңтүстік Азияда кыстап шығады. Көктем мен күздегі бұлардың келіп, қайтуы уакытында үшу жылдамдықтары бізді таңқалдырады. Мәселен, ақтұмсық қарға сағатына 65, қара ала торғай 70-80, тырна мен шағалалар 50-60, каздар 70-90, балшықшы құстар 90, сұр қарлығаштар кейде 110-150 километр жылдамдықпен аспанда 1500-2500 мстр биіктікте ұшып отырады.
Қанаттылар орман, дала және су құстары болып бөлінсді. Жазық жердегілер жүруге, жүгіруге, ормандағылар ағаштан-ағашқа секіруге, өрмелеуге, судағылар жүзугс, сүңгуге бейімделген. Ағашқа өрмелейтін - тоқылдақ, шиқылдақ торғайлардың аяқтарындағы топшылары жақсы дамыған. Ағашта жүруге олардың кұйрық-қанаттары да жақсы көмсктессді. Батпақты тайыз суларда жорғалап журетін балшықшылардың, құтандардың сирақтары ұзын келеді. Бөденелер шөлді далада сағатына 15, 5 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Қаз, үйрек, дауылпаз, ескекаяқты, шағала, аққу сияқты су қанаттылары өте көп. Олардың аяқтары қысқа, қауырсындарын майлайтын майлы бездері жаксы дамыған. Сүңгитін үйректер су астында едәуір бола алады. Қасқалдақ, тұрпан мұндай жағдайда 3 минут, суқұзғыны - 2 минуттай су астында жүреді.
Әрбір тірі организмнің тіршілігі үшін жақсы қоректенуі, көбеюі және жауларынан қорғана білуі қажет. Өзіне қауіп туған кезде құстар ұшып кетіп кұтылады.
Құстардың қоректенуі таралуына, маусымдық қоныс аударуына, көбеюіне үлкен әсерін тигізеді.
Маусымға және жасына байланысты құстар қорегі өзгеріп отырады. Олардың бірқатар түрлері жемді талғап жесе, ал екіншілерінің азықка талғамы аз байкалады. Қанаттылар өсімдіктермен де, жәндіктермен де қоректене береді. Бұлардың тұмсығының формасы да жемін қандай ортадан алатынына байланысты әр алуан. Азықтарын судан, жердсн алатын құтан, тырна, дсгелек, балшықшылардың тұмсығы, мойыны мен аяғы ұзын келеді. Ұшып жүріп жемдерін ұстайтын қарлығаштар мен шыбыншы торғайлардың тұмсықтары қысқа болады да, ауыздарының жиектерінде насекомдарды қағып алуды жеділдететін қатты қылдары бар. Ағашты ойып, азықтарын іздейтін тоқылдақтардың тұмсықтары сондай мықты, қашау тәрізді, оның қимылына ұзын тілдерінің септігі тиеді. Қылқан жапырақты ағаштардың жаңғақтарымен қоректенетін шырша торғайларының тұмсығы айқасқан крест сияқты болады. Дәндермен қоректенетін торғайлардың тұмсықтары қысқа, жалпақтау келеді.
Құстардың тісі жоқ. Азықтарын тұмсығымен (жыртқыш құстар) немесе тұмсығы мен тілдері қызметімен (астық дәнімен қоректенетін құстар), көпшілігінде қарындары ішінде ұсақтайды. Тоқылдақтар жаңғақты ағашқа қысып шағады. Құзғын қарға, шағала, тіпті сақалтайлар да қатты жемдерін жерге аспаннан тастап уақтап жейді. Қанаттылар организмінде ас қорыту процесі тез жүреді. Әсіресе ет пен жеміс тез корытылады. Тәулігіне құстар көп азық жейді. Насекомдармен азықтанатындар күніне 5-6 рет қарнын толтырады, ал дәндермен қоректенетіндер 2-3 рет жем іздеуге шығады. Әсіресе жемтікті ұяда отырған балапандар көп керек етеді. Сондықтан да ерссек құстарға ұрпақтары үшін тәулігіне бірнеше рет жем іздеуге тура келеді. Үлкен сары шымшық балапандарына күніне 350-390, қызыл-қүйрық торғай 220-240, тоқылдақ 300 рет жем әкеледі. Соған сәйкес балапандары тез өседі. Әсіресе осы уақытта зиянды насекомдармен қоректенетін қанаттылардың бау-бақша, егістік, орман ағаштарын зиянкестерден қорғаудағы рөлі зор. Азықтары мол болғанда құстар жемдерін аулауға көбірек шығатындығы анықталып отыр. Мысалы, ауыл шаруашылық зиянкестері - тышқандар көбейген жылдары ақ сары күніне 14 дала тышқаны мен тоқалтісін, күйкентай-9, жапалақ-12 тышқанды қорек етеді. Мамандардың есебі бойынша, бір тышқан немесе тоқалтіс жылына 2 килоғрамға дейін дәнді құртатындығын еске алсақ, жыртқыш құстардың пайдалы екендігі өз-езінен анық көрінеді. Қей жылдары шегірткелердің де егіске зиян тигізетіндігі белгілі. Олардың негізгі жаулары - қара ала торғайлар. Насекомдармен қоректенуші қанаттыларды ауыл шаруашылығы дақылдары егісінін, маңына үйір ету - маңызды міндет болып отыр.
Сондай-ақ климат жағдайының маусымдық өзгерістеріне байланысты құстардың жем жеу режимі де өзгеріп отырады. Жәндіктермен қоректенуші қанаттылар күзде оңтүстікке қарай қоныс аударса, ал отырықшы құстардың азық рационы өзгереді. Мәселен, ак құр жазда жемістер мен насекомдарды қорек етсе, күзде тек жемісті, ал қыста ағаш бүршіктерін қорек етеді. Қара ала торғайлар жазда, негізінен, насекомдармен, ал қыста жеміс-жидекпен коректснеді.
Қоректері мол болған жылдары құстар жақсы өніп - өссді. Бұларда көбейер алдында төменгі жағында «ұя басар таңба» деп аталатын дак пайда болады. Бұл таңбаның ұядағы жұмыртқаларды жылытуда ролі зор. Оның пайда болған жерінде қауырсын мен түбіт түсіп қалады. Кейбір құстарда «ұябасар таңба» жұп, ал екіншілерінде тақ келеді. Мәселен, торғайлар мен дауылпаздарда бұл таңба біреу болса, ал қырғауыл, кейбір балшықшылар, шағалалар мен жыртқыш құстар да - екі құрсак, бір кеуде таңбасы болады. Қаздар мен үйректерде мұндай «ұябасар таңба» жоқ. Оларда көбейер алдында бауырында ұзын, мамық жұп өседі. Осыны түмсығымен жұлып, ұя салғанда соның ішкі жағына төсейді. Ол жұмыртқаларды суықтан қорғап, олардың дамуына үлксн әссрін тигізеді. Сол сииқты көбейер кезінде кейбір құстардың қауырсынының түгі өзгсреді.
Қоқиқаз, шағала, суқұзғындары мен бірқазандар бір жерде топтанып ұя салады. Құр, шіл, қырғауыл, меңіреу құр, жапалақ, тоқылдақ, торғайлар, қаз, үйрек ұялары дараланып салынады. Тіпті ешкіемер (козодой) мен жылқышы (авдотка) ұя салмайды да, жұмыртқаларын бірден жерге туады. Көкектер жұмыртқаларын басқа құстардың ұясына апарып салады. Солар көкек балапандарын басып шығарады.
Кейбір жыртқыш құстар мен жылқышы құс ұясында бірден, ешкіемер, кептер, тырна, қоқиқаз, бірқазан, шағалалар ұяларында 2-ден, торғайлар ұяларында 4-7-ден, тауық тәрізділер мен үйректсрде әдетте 8-10-нан жұмыртқа болады. Ал, шүрегей үйрек ұясынан 16-дан, шілдің ұясьнан 25-ке дейін жұмыртқа табылған. Жұмыртқаларды басуға кейбір құстарда (жыртқыш канаттылардың көбінде) қораздары мен мекиендері бірдей қатысса, көпшілігінде (құр, меңіреу құр, үйректер, қырғауыл, торғайларда) тек мекиендері басады. Ұсақ торғайларда жұмыртқадан 15 күнен кейін балапан шықса, бұл процесс жыртқыш құстарда 1, 5 айға созылады. Өргізген балапандары күзге дейін жақсы өсіп, ересектер қатарына қосылады.
Азықтары мол болған жылдары кейбір ұсақ қанаттылар (сары шымшық, бозторғай) жылына екі рет өніп-өседі. Көптеген құстар бір жасында жұмыртқа басады.
Құстар қанша жасайды? Ірі құстар ұсақтарына қарағанда ұзағырақ жасайды. Ағылшын зоологі Флоуердің мәліметіне қарағанда, торғайлар мен тоты құстар (попугай) 20 жыл, жапалақ 15 жыл, күндіз жем іздейтін жыртқыш құстар 21-24 жыл, ескекаяқтылар 20 жыл, үйректер 21 жыл, құтандар 19 жыл, ұсақ балықшылар 10 жыл, шағалалар 17 жыл, кептер 12 жыл, тауықтар 13 жыл жасайды. Үй тауықтарының тіпті 30 жылға дейін тіршілік ететіндігі анықталды. Қолда бағылғанда құстар ұзағырақ тіршілік ететіндігі белгілі болды. Осындай жағдайда ала қарға 69 жыл, таң торғайы 20 жыл, үкі 68 жыл, бүркіт 46 жыл, аққу 24 жыл, тырна 43 жыл, қызғылт бірқазан 51 жыл жасаған. Құстардың , аяғына сақина салу арқылы көл шағаласының 16 жасқа, жалпақтұмсықты үйректің 20 жасқа, дегелектердің. 11 жасқа, әупілдектің 9 жасқа дейін тіршілік ететіндігі белгілі болып отыр. Қанаттылардың ішінде жыртқыш құстар көп жыл тіршілік етеді. Мысалы, тазқараның 117 жыл, бүркіттің 80 жылдай тіршілік еткені анықтарлған.
Ұрпақтарын өргізіп болғаннан кейін ересек құстарда мамырлау процесі немесе түлеу басталады. Ол аяқталған соң, жыл құстары қыстап шығу үшін өніп-өскен өзен көлдеріне, қоныстарын тастап, оңтүстік алыс елдерге сапар етеді.
ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
Осы кезде тіршілік ететін құстар - ағашты, бұталы, батпақты, сулы орталарды мекен етеді. Бірақ сүт қоректілерге қарағанда, кұстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы, құстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері -болмайды.
1. Бұталы-орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады:
Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы - ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Қөбінесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі куыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, калған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына қарай бұталы-орман құстары: насеком жемділер, жеміс-тұқым жемділер, нектар жемділер деп бөлінеді.
Қоректерін әр түрлі тәсілмен табады: тоқылдақтар мыкты қашау сияқты тұмсығымен ағаштардың қабығын тесіп, оның арасынан насекомдарды және оның личинкаларын тауып жейді. Пищухилар - шиқылдауықтар, өрмелегішторғайлар, дүпілдектер ұзын, әрі жіңішке тұмсығының көмегімен ағаштың қабығының жарықтарынан, сақылауларынан насекомдарды және олардың личинкаларын теріп жейді.
Дәнмен қоректенетін орман құстарының тұмсығы қысқарақ, формасы түрліше болады. Чечеткалар, щеголдар, шымшықтар ұ сақ дәндерді конус тәрізді сүйір және нәзік тұмсығымен шұқыш алады Емен тұмсықтылар қатты қабығы бар ірі тұқымдармен қоректенеді. Өйткені олардың қысқа болса да ірі, әрі қуатты тұмсықтары дәнді дән жарнағынан шығарып қана қоймай, оның сыртдағы қатты қабығын уатуға да мүмкіндік береді.
Щуралар мен шыршаторғайлардың қылқан жапырақты ағаштардың бүрінен дәнін шығарып алуға бейімделген тұмсығы болады. Мысалы, щуралардың тұмсығы төмен қарай иілген, ал щыршаторғайдың үстіңгі және астыңғы жақтары бір-бірімен айқасып тұрады.
Жеміспен қоректенетін құстардың тұмсығы өсімдік жемісін үзіп алып, дәнінің қабығын жаруға ыңғайлы ірі, көпшілік жағдайда ұзын болады. Мұндай тұмсықты тукандардан, мүйіз тұмсықтылардан т. б. көругс болады.
Нектар жеушілерге - колибрилер, Африканың нектарницалары, Австралия-малайлық бал сорушылары сияқты құстар жатады. Бұлардың тұмсығы гүлдің түбіне қарай ене алатындай ұзын, әрі жіңішке, көпшілік жағдайда аздап иілген түрде болады. Тілі нектар соруға бейім бір немесе екі түтік іспеттес. Құстың мұндай экологиялық тобына жататындары өте нашар ұшады Бірақ, ағаштың вегетативтік органдарымен өте тез өрмелеп жүре алады.
Бұдан басқа орманда немесе қалың бұтада тіршілік етіп, ұясын ағашқа салғанымен қорегін ауада ұшып жүріп ұстайтын кұстар да бар. Мысалы, шыбынқаққыш бұтақтарға қонып отырып, ұшып бара жатқан насекомдарды ұстап жейді. Олар ұшып бара жатқан насекомдарды ұстау үшін өте тез ұшады және тез бұрылып, әр түрлі қозғалыстар жасайды. Оны жеп болған соң, ағаштың бұтағына қайтадан келіп қонып, тағыда насекомдарды күтіп отырады. Қаршығалар да ағашта тығылып отырып, ұшып бара жатқан құстарға тосыннан шабуыл жасап, ауада ұстайды. Шабуылының сәтті болуы олардың тез үшуымен қатар, ауада тез, жеңіл бұрыла алуына да байланысты болады. Орманда және бұтада тіршілік ететін құстардың кейбір түрлері қоректік заттарын ағаштан да, жерден де іздеп табады. Бірақ ұясын жерге салып, жерге қонақтайды. Бұған құрлар мен шілдер мысал бола алады. Жазда олар жемістермен, насекомдармен қоректенеді де, қыста қорегін тек қана ағаштан табады. Қыста меңіреуқұр қылқан жапырақты ағаштық бүрімен қоректенеді, ал шілдер қылқанды ағаштын, тұқымымен, қайыңның бүршігімен, құрлар -қайыңның бүршігімен коректенеді.
Сондықтан қыска қарай мұндай құстардың саусақтарының жиегінде қатты мүйізді өсінділер пайда болады да, тайғақ, мұз қатқан бұтақтарға нық отыруына мүмкіндік береді.
Орман құстарының көпшілігі орман ағашгарының өсіп-дамуы үшін алуан түрлі әрекет етеді. Насекоммен қоректенетін түрлері көптеген орман зиянкестерін жойьш жібереді. Мысалы, тоқылдақтың қаркын жарып қарағанда, оның ішінен, көптеген жапырақжемірлерін, слониктерді басқа зиянкестерді көрген.
Өсімдіктермен қоректенетін құстардың көпшілігі, өсімдіктердің жер-жерлерге тарауына себепші болады. Күстар өсімдіктердің жемісімен бірге олардың тұқымын жегенде тұкым олардың ас қорыту жолында өзінің өсу қабілетін жоймай, құс саңырағымен екінші бір жерге түсіп, өне бастайды. Кейбір кұстар, мысалы, сойкалар мен кедровкалар майқарағайдың жаңғағын топыраққа көміп қояды т. б.
Нектар жеуші құстар өсімдіктердің айқас тозаңдануына себепші болады.
II. Батпақты-шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының
суы тайыз ағашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағалауларда мекендейді. Қорегінің көпшілігін жер бетінен, тайыз балшықты сулардьщ түбінен табады. Жоғарыда көрсетілген биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бұл топка жататын құстардың аяғы кауырсынсыз ұзын, саусақтары жінішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.
1. Шалшықсуларда жүретін сирақты құстарға
дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шалғыңдықтарды, мүкті-батпақтарды, қалың өскен қамыстарды мекендейді. Кейбір түрлері ағаштың басына ұялайды. Топырақтың бетінен немесе судан ұсақ жәндіктерін теріп жейді. Кейде тұмсығымен топырақты қазады. Әдетте олар өзінін қоректік заттарын өсімдігі аласа жерлерді мұқият аралап жүріп табады. Ұзын, әрі қатты болатын тұмсығы іскек тәрізді қызмет атқарады. Ұзын сирағы төніп келе жатқан кауіпті алыстан байқап, ұшып кетуіне мүмкіндік береді. Жақсы ұшады.
2. Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары
көлемдері орташа және шағын болады да батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптесін жерлерін мекен етеді. Бұған әр түрлі батпақты. жер тауықтары, тартарлар, погоныштар, сұлтан тауығы т. б. жатады. Алдында айтылған құстардан бұл типке жататын құстардьщ ерекшелігі - қалың шөптік арасында жасырынып жүріп тіршілік етеді. Аяғы бұның алдында айтылған құстардың аяғынан гөрі қысқа, бірақ саусақтары тым ұзын, иілімді, шырмалған қалың өсімдіктердің арасымен тез қозғалуға бейім болады. Нашар ұшады, жауларынан құтылу үшін қалың шөптің арасына кіріп кетеді. Түмсығы қысқа, қоректік заттарын жер бетінен және өсімдіктің вегетативтік органдарынан тауып жейді.
Бұл құстарға жақын: тауқұдыреттер, дупелдер және гаршнептер, балшықшылар т. б.
3. Тайыз судың балшықшылары
ұсақ, әдетте тұмсыктары ұзындау келетін құстар. Тайыз жерлерде ұсак тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді. Бұларға жататын құстар: песочниктер (Егоlіа), бізтұмсықтар (Recurvirostra avocetta), балшықшылар (Ніmantopus һіmantopus), тас кезушілер (Аrenаrіа) т. б.
Ш. Шөлді дала құстары. Бұларға - түйеқұстар, дуадақтар және тағы басқалары жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді.
Жүрдек құстарға аяқтары ұзын, тез жүгіре алатын ірі құстар жатады. Бұлар қорегін ұшпай, жер бетімен жүріп іздейді.
Жүру қабілетінің артуына байланысты, олардың аяқтары ұзын ғана болып коймай, саусақтары қысқарып, саны үшке дейін, кейбір түрлерінде екіге дейін азайған. Бұлардыц мойны ұзын кезі үлкен келеді. Бұл қүстар қырағы, жауын алыстан көріп қашады. Бұлар өте сирек бұғып, жасырынады және сирек ұшады, ал түйеқүстар мүлдем ұшпайды. Бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді. Олар өсімдіктерді, үсақ жәндіктерді жер бетінен шоқып, теріп жейді, Құстардың бүл тобына дуадақтар, түйеқұстар жатады.
Тез ұшатын құстарға шіл және қьиқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте үзын, суйір болатын қүстар. Мұның алдында қарастырған қүстардан ерекшелігі - қауіп төнгенде жерге бауырын төсеп жата қалады. Түсі өзі тіршілік еткен жердің түсіндей болады. Тіршілік еткен орның ауыстырып, су іздеп үзақ жол жүреді. Өте тез үшады.
Бүл екі топка жататын құстар жерге үялайды. Ұясын өте қарапайым етіп салады.
IV. Су қустары. Бұған сегіз отрядтық өкілдері: пингвиңдер, частик тәрізділер, шағалалар, түтік тұмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене қүрылысындағы бёйімделушілік әрбір түрінде түрліше болады.
Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, қүймышақ безі жақсы жетілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады.
Сүңгуірлер - өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етугс бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарық судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен табады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте жақсы беиімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді, Сол сияқты чистиктер де жақсы сүңгиді. Жер бетімен нашар қозғалады. Құрлыққа тек қана ұя салу, балапан басу кезінде ғана шығады. Нашар ұшады кейбір түрлері тіпті ұшпайды. Ұясын су жағаларынан қашықтатпайды. Сүңгуірлерге: қ айрлар, балта тұмсықтар, гагарлар, поганкалар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz