Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 4-5
І. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекіліктерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері
- Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі . . . 6-10
- Бастауыш сыныптарды оқытудағы мен рөлі . . . 11-13
ІІ. Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдістемесі
- Сан ұғымын қалыптастырудағы көрнекіліктер . . . 14-24
- Арифметикалық амалдар мен олардың көрнекі құралдар . . . 25-50
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) математикалық білім технологиясы . . . 51-56
- Көрнекілікті пайдалану бойынша математикасабағының үлгісі (2 сынып) . . . 57-60
Қорытынды . . . 61-62
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63-64
К і р і с п е
Тақырыптың көкейкестілігі. Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарын енгізіп жатыр. Жаңа оқулықтар:
- Көп деңгейлі.
- Интеграцияланған.
- Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына ерекшеленеді.
Соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Білім беру саласындағы жаңалықтар: 1. Ұйымдастырудағы . 2. Технологиялардағы
3. Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі.
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.
Бұл тақырып бойынша материалдар жинақтауда Д. Нұрпеисова атындағы орта мектептің көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан шебер, озық ұстаздар бірі Ибрагимова Тұрғанкүл, Пономарева Людмила, Турисова Шолпан, Мадыбекова Анар деген апайлардың математика сабактарына қатыстым, сабақта көрнекілік пайдалану әдістерімен таныстым.
Зерттеу әдісі - жұмысты орындау барысында талдау, жинақтау, әңгімелесу, салыстыру, байқау және эксперимент тәсілдерін пайдалану болды.
Зерттеу объекті - балалардың математика сабағында көрнекіліктің түрлері мен оны пайдалануы.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы тиянақты білім беру; олардың ынта-жігерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттыру; пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу міндеті :
- Математиканы оқытуда көрнекілік мәселелерінде әдебиеттергешолу жасап, мәселелерді зерттеп, перспективалық дамытупроцесін анықтау.
- Балалардың математикалық білімін көрнекі құралдаркөмегімен, белгілі жүйе бойынша дамыту жолдарын белгілеу.
- Іс-тәжірибе тексерілген эксперименттік педагогикалықжүйенің мазмұнын анықтау.
I. Нөмірлеу және арифметикалық амалдарды меңгерудегі көрнекілікті пайдаланудың педагогика-психология негіздері
1. 1. Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі
Математиканы оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асырудың өзіндік ерекшелігі бар. Баланың нақты білім қоры, оның ойлау әрекеті негізінде жинақталады. Оқу-көрнекі құралдарын оқушылар пайдалана отырып, алғашқы жалпылау және қарапайым байланыстарды орнатады.
Көрнекілік - бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, образ, сурет, сызба, схема т. б. бола алады.
XVII ғасырдың өзінде Ян Амос Коменский оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген.
Коменскийдің ойынша, білім түйсікке негізделуі керек. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатынын дәлелдеді.
Я. А. Коменский былай деген: "Мұғалім үшін алтын ереже - бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы-тағыларын байқасын". Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы ("Ғылыми дидактика" XX -тарау) . Бұл жағдайды ол балаларды оқытуда ең бағалы дәреже деп санады. Кейінгі кезеңдерде педагогика классиктері, әдіскерлері оқыту әдістеріне зерттеулер жүргізіп, көрнекілік принципін нақтылай түсті.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан, көптеген нәрселер мен құбылыстарға анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкін беретін, ал екінші жағынан ұжымдарды деректендіруте септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А. М. Пышкало жазған мақаланың бірінде: "Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығына, түр-түсіне, салмағына және т. с. с қатысын шамалы өмірге анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды "-деп жазған.
Қазақстандағы ұлы ағартушылардың қазақтың алдынғы қатарлы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері орын алады. Соның бірі Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, ғылыми білім алудың қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, қиял, ерік-жігер сияқгы психикалық процестерді дамыту керек - деді.
Ұлы Абай: " Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады " (А. Құнанбаев шығармаларының толық жинағы, 2-том, 43 сөз, Алматы, 1954, 241-бет) - деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады.
Сонымен, көрнекілікті пайдалану, заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе - заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондыктан, көрнекілік оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.
Бірақ, бүкіл оқу барысын көрнекілікпен ғана шешуге болмайды. Педагогика классиктері байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертті. Олардың ойынша, байқау - ақыл-ой арқылы бағытталуы тиіс. Я. А. Коменский өз сөзінде былай деген: "Е, егер жоғарғы байқаушы ақыл-ой, сыртқы сезімдерді мұқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ материал болып қалуы мүмкін".
Осы кезде байқау мен сөз сөйлеуді тиімді түрде байланыстыру мәселесін шешуде академик И. П. Павловтың адам санасындағы бірінші және екінші сигналдық системалардың өзара байланысы жөніндегі, яғни бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін нақты материалдар, екінші сигнал - сөз сөйлеу.
Екінші сигнал бірінші сигналсыз болмайды, екеуі бір-бірінен айырылмайды. Адамда сөзбен ойлану дамыған сайын екінші сигнал системасының функциясы өсе береді. Бірақ сөз сөйлеу қоздырғыштары бірінші сигнаддың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу, сөз сөйлеу қайталана берсе, ол адамды ақиқат шындыктан алыстата береді. Сонымен бірге, бірінші сигнал системасы арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат нәрселерді қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала береді, логикалық дәрежеге көтерілмей қалады.
Қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігіне ықпал жасайтын әңгімелесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз кезінде Я. А. Коменский оқылатын нәрсе заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр салалы сезім мүшелері арқылы қабылдауын талап етті.
Оқушылар көбінесе көзбен көрумен қатар бұлшық етпен сезіну арқылы да қабылдайды. Егер оқушылар тәжірибені көріп қана қоймай өздері жасаса, жинақтаса білімдері нақты болады. Мысалы, мұғалім оқушыларды үшбұрышпен таныстыра отырып сондай формалы фигуралардың негізгі белгілерін (3 бұрышы, 3 төбесі, 3 қабырғасы) көрсететін модельдерін пайдаланады. Мұғалім балалардың қандай нәрселердің формасы үшбұрыш тәріздес екенін естеріне түсіреді. Математиканы оқытуда оқушыларды тікелей қабылдауы мен түсініктері үйлестіріле пайдаланады.
Математика нәрселердің өзімен айналадағы өмір құбылыстарын ғана емес "нақтылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын" (Ф. Энгельс) зерттейді. Сондықтан, математиканы оқытқанда дәл осы жақтарын айырып, алуға тырысады; нәрселердің сапалық белгілері болса, еленбей қала береді. Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланады. Мұндай құралдар кейде нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған жағдайларға қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады.
Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолданылуы қажет болады. Тек осы жағдайда ғана сабақ аддында қойылатын әр бір танымдық міндетті шешу бағытында максималды әсерлілікке қол жеткізуге болады.
Көрнекіліктің әр түрлі құралдарын комплексті түрде қолдану қажеттілігі, оның сабақ үстінде әр алуан анализаторлардың бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуына да байланысты. Бұл жай М. Н. Скаткиннің бір жұмысында жан-жақты ашыла берілген.
"Зат кеңістік пен уақыт аясында біріккен тітіркендіргіштердің белгілі комплексі ретінде бір сыпыра анализаторларға әсер еткен кезде ми сыңарларының қыртысында нерв клеткаларының тиісті топтарымен уақытша байланыстар пайда болады" - деп жазады М. Н. Скаткин, - мұның өзі организмнің затты тұтас нәрсе ретінде сезінуіне логикалық екпін туғызады. Сонымен бірге көрнекілік құралдарының әлденеше түрін тек оқылып жатқан құбылыстың әр түрлі жақтарын ашып береріне, ал оның әрқайсысын көрнекіліктің тек белгілі бір түрімен сенімді түрде және толық бейнелей алатын жағдайда ғана пайдалануға тиімді.
Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде олардың лирикалық екпінін әрбір оқу пәнінің өзіндік ерекшелігімен және әрбір сабақтың мазмұнымен салыстырып алу қажет. Бұл арада Ю. К. Бабанскийдің көрнекілікпен шектен тыс айналысу өмір шындығын онсыз әсерлі түрде таныту мүмкін емес, абстрактілі ойлауды тежеуге апарып соғады.
"Көрнекілікті өте мол қолдану көп жағдайда оқушылар зейінін шашыратады, олардың зейінін тақырыптың негізгі идеясын танытудан басқаға аударады, мұның өзі, әсіресе, ес қабілеті көрнекілік-образды қабылдаудан гөрі, сөздік-логикалық қабылдауға бейім болатындығымен айналысқанда орын алады" - дейтін пікірмен комплекске болмайды.
Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблемалары Л. В. Занковтың "Мұғалім сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ісіндегі ұштастығы" және "Оқыту ісіндегі көрнекілік пен оқушылар белсенділігін көрсету" деген еңбегінде анағұрлым толық талданған.
Л. В. Занковтың пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:
1-форма: мұғалім сөздің көмегімен оқушылар жүргізетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді алады.
2-форма: мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасаған бақылаулары негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесіндегі көзге көріне қоймайтын байланыстарды, саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды.
3-форма : объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады, ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді қабылдау қызметін аңғарады.
4-форма : оқушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алатын жағдай болмағандағы байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекеленген деректерді біріктіреді, жинақтайды.
5-форма : не сөз жәрдемімен немесе көрнекі түрде көрсете отырып мұғалім оқушыларға қолда бар объектілермен жұмыс істегенде орындауға тиісті, іс-әрекеттерге қатысты, сондай-ақ ол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.
6-форма : педагог сөздің жәрдемімен оқушыларға қолда бар объектілермен, олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма-қол көрсетіліп отырады.
1. 2 Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің
түрлері мен рөлі
Бастауыш кластарда оқу-көрнекі құралдарын математика сабағында қолданудың рөлі өте зор. 1-5 кластарда сандар және оларға амалдар қолдану, ұзындық, масса, уақыт, баға, аудан бірліктері, бөлшек туралы ұғым, арифметикалық амалдардың қасиеттері қарастырылады. Сонымен бірге, балалар алгебралық және геометриялық материалдан ұғым алады.
Оқыту процесінде оқу-көрнекі құралдарының атқаратын міндеті мен орны, оларды пайдалану мақсаты, сабақтың мазмұнына, сабақта шығарылатын дидактикалық есептерге және оқушылардың дайындығына тығыз байланысты болады. Математика сабағында қолданылатын оқу-көрнекі құралдарын 3 топқа бөліп қарауға болады:
1-топқа: сандар ұйымын меңгеруге, есептеуді, сандарға амалдар қолдану және арифметикалық амалдардың қасиеттерін ұғынуға көмектесетін құралдар;
2- топқа: геометриялық материалдарды оқып үйренуге көмектесетін құралдар;
3-топқа: ұзындық масса мен сыйымдылық, уақыт, аудан бірлестіктерін оқып үйренуге көмектесетін құралдар кіреді.
Көрнекілік бірнеше түрлерге бөлінеді:
Жаратылыс көрнекілігі - оқушыларды өмірде бар объектілермен (өсімдіктермен, хайуанаттар, минералдармен т. б. ) класта және мектептен тыс жерлерге (табиғатқа шығып, экскурсия жасау кезінде және т. б. ) таныстыруды көздейді.
Көлемдік көрнекілік - шындық дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсаты бар (фото суреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитивтер) .
Дыбыстық көрнекілік - дыбыстық бейнелерді, дыбыстық көріністерді жазу үшін дыбыс құралдарын пайдалану және дыбысты кино жатады.
Символикалық және графикалақ көрнекілік - абстракты ойлауды дамытуды әсер етеді, өйткені бұл типтегі құрал нақты болмысты шарты қорытылған символикалық түрде көрсетеді (бұған схемалар, чертеждер, диаграммалар жатады) . Көрнекі оқу құралдары табиғи және суретті құралдар болып бөлінеді. Математика сабағында пайдаланатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер, т. с. с. жатады.
Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер-картиналар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері салынған таблицалар.
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дүрыс тандап алуынан және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуынан мүмкіндік береді.
Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы кластық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы кластық көрнекі құралдарды бүкіл класс болып пайдаланады (олар демонстрациялық деп атайды) . Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланылады. Көбінесе жалпы кластық және жекелік құралдар мазмұны жағынан бірдей және айырмашылығы үлкен - кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың моделдері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттері т. с. с. Жалпы кластық құралдарды да, сондай-ақ жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ыңғайлы болу үшін дүрыс орналастырудың рөлі зор, мысалы, цифрларды жалпы кластық және жекелік кассаларды, фигуралар модельдерін конвертте сақтайды және т. с. с.
Көрнекі құралдарды оқу процесінің барлық кезендерінде қолданылады: жаңа сабақты түсіндірген кезде ( кинофильм көрсету) білім, білік және дағдыны қалыптастыру кезінде, үйге берген тапсырманы орындаған кезде, өткенді қайталау кезінде қолданылады.
Дайындау тұрғысынан алғанда кернекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді.
Көрнекі құрал білім көзі ретінде қолданғанда, ол елеулі мәселеде - жалпылама қорытынды жасауда - негіз болып табылатынын атап көрсетіп, негізгі емес қосалқы мәнін көрсетіп отыруы тиіс. Егер көрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын болса, онда балалардың зейіні қойылған міндеттен басқаға ауып, оның зияны тиеді. Оқытуда көрнекілік рөлі балалардың математикалық білімінің артуымен және оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
II. Сан және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекілікті пайдаланудың әдістемесі
2. 1. Сан ұғымын қалыптастырудағы көрнекіліктер
Математиканы 1-класта және одан кейінгі кластарда оқып-үйренудің жетістігі негізінен балалардың 10 көлеміндегі нөмірлеуді және арифметикалық амалдарды игеру сапасына байланысты. Біріншіден, 10-ға дейінгі санау- одан кейінгі барлық санаулардың негізгі себебі бірінші ондықтан бастап 10-ондыққа дейінгі санау немесе 1 жүздіктен 10 жүздікке дейінгі санау т. с. с. жай бірліктерді санау сияқгы жүргізіледі. Екіншіден, 10 көлеміндегі сандарды қосу таблицасын жақсы білмейінше, көп таңбалы сандарға амалдар қолдану мүмкін емес.
Сан ұғымын оқып-үйренудің міндеті - тек балаларға натурал қатардың әрбір бірінші ондық сандарымен таныстыру (оларды атау, жазу, алдыңғы және кейінгі сандардан шығарып алу) ғана емес, сонымен қатар әрбір келесі санның пайда болуына, оның көзінің алдындағы санға және өзінен кейінгі санға қатысына негіз болатынын не екендігін балалардың санасына жеткізу болып табылады.
Қорыта келгенде, он көлемінде нөмірлеуді өткенде бұл жастағы балалардың ерекше көңіл қоярлық бір өзгешілігін ұмытпау керек. Бұл жастағы балалар ылғи іске қатысқысы келіп отырады, ұзақ уақыт "жұмыссыз" отыра алмайды және баланың назары тұрақты болмайды, көңілі бірден-бірге ауып ылғи жұмыстың түрлі-түрлі болып келуін тілеп отырады.
Оқудың бұл сатысында көрнекі құралдар мен дидактикалық материаддар мына шарттарды қанағаттандырарлықтай болуы керек.
Көрнекі құралдар балаларды қызығарлықтай түрлі-түрлі
болып келу керек.
- Мұғалімнің көрсететін көрнекі құралдары сияқтықұралдар балалардың өздерінің қолдарында да жеткіліктіболу керек.
- Дидактикалық материал ретінде айналадағы тұрмыстанбалалар оңай тауып аларлықтай нәрселерді қолданукерек, мысалы жалаң бұршақ, емен тұқымы, шыршабүршігі, ұсақ тас және т. б.
- құралдар оңай қозғалғыш болу керек, кез-келген тәртіптеорналастыруға қолайлы болу керек.
Материалдар көрнекі және белсенді түрде түсіндіруге көмектесетін әдістің бірі оқылатын санды көрнекі түрде көрсету үшін алынған нәрселердің суретін салуға болады, мысалы 3 санын оқығанда жапырақтың, жалаудың, алманың суретін салу және бояу дәптермен жұмыста ұсынылады.
Бірінші ондық сандарын оқып-үйрену сабақтарын құрғанда балалардың мектепке кірген кезіндегі олардың дайындығы мен дамуына сүйену керек болады. Сондықтан, бірінші сабақтың өзінде-ақ балалардың қандай математикалық білімі мен ұғымының бар екендігін анықтап, соған негіздеп өзінің сабақтарын құру қажет. Дайындық кезінде нумерацияны оқып-үйрену, санау - ("артық", "кем", "тең", реттік қатынастар т. с. с) ға көшуге қажетті білімді жүйеге келтіру және толықгыру керек. Санауға дағдыланудың маңызы зор, ол үшін нәрселердің санау жаттығуын әр сабаққа қосу керек, мұнда нәрселерді сырттай, ойша санамай, тікелей олардың өзін санау керек және нәрселерді кез келген тәртіпте санау керек, мұнда санау нәтижесі санау тәртібіне байланысты болады деген қорытынды шығару қажет.
Осындай жаттығулардың барысында мүмкіндігінше әрбір оқушының санау кезінде аталған санды ол санап жатқан нәрселерімен сәйкестендіре білетіндей етіп үйрету керек. Осы кезде балаларда көптеген нәрселерді (геометриялық фигураларды, кластағы заттарды) салыстыра білуге, сандары тең емес нәрселерді, сандары тең нәрселерге және керісінше түрлендіре білуге үйрету керек.
Мысалы, балалар дөңгелектердің ұшбұрыштары санынан біреуі артық деп анықтады дейік. Мұғалім мынадай сұрақтар қояды:
Дөңгелектердің саны үшбұрыштардың санындай болу үшін не істеу керек ? Үшбұрыштардың саны дөңгелектердің санындай болу үшін не істеу керек ?
Балалар теңестіруде түрліше орындауға болатынын түсінулері керек.
Ал енді осы жерде, балалар әдебиетін жақсы меңгерген мұғалім, яғни әр түрлі жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар көмегімен оқыту барысында жақсы нәтижелерге ие болуы мүмкін.
Мысалы, кейбір математикалық ұғымдарды таныстыруда жұмбақ негіз етіп алынады:
Дәптеріңізді сәндетіп,
Зор сан екен, байқаңыз. Мақұлдайсыз абыройменен
Әрине, бұл сан
(Бес) .
Жұмбақтың жауабы табылғаннан кейін 5 саны үстінде жұмыс жүргізіледі. Мұғалім бұл санның сандық бейнесін көрсетуін, натурал сан қатарындағы 5 санының көршілес сандарын айтып беру, 5 саны қалай құралғанын және алдыңғы, кейінгі сандармен салыстырып түсіндіріп беруін сұрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz