Шағын кәсіпкерліктің белгілері



1 Шағын кәсіпкерліктің белгілері және түсінігі
2 Шағын кәсіпорындардың қоғамның экономикалық дамуындағы қаржыландыру көзі және шаруашылықты қызметі
1. Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы
2. Экономикалық өсудің теориялары.
Шағын бизнес туралы мынадай қате пікір қалыптасқан; шағын бизнес – бұл саны мен көлемі бойынша шағын тауар өндіретін кәсіпорын ғана емес, сонымен қатар мүлдем жаңа құрылым, кәсіпорынның өзгешеленген жеке меншікке негізделген түрі.
Ал шынында шағын бизнес термині , түсінігі – сандық көссеткіштер бойынша көрінісі, оның жеке меншіктігі, шаруашылық қызметі салалары әртүрлі болуы мүмкін. Мемлекеттік, жекешелендірілген кәсіпорындар , ЖШС, АҚ , арендалық кәсіпорындар , корпарациялар бұның бәрі кәсіпорындар, ұйымдар және олар шағын бизнес қағидаларына сай келсе, онда олар да шағын бизнес түрі болып есептеледі. “Шағын бизнес туралы” заңда 2-белгісі туралы айтылған: жұмысшылар саны мен тауар айналым шаруашылығының көлемі.
“Шағын бизнес” туралы заңда шағын бизнестің екі белгісі ажыратылған: жұмыс істеушілердің санымен шаруашылық айналымының көлемі, бірақ олардың біріншісі немесе екіншісі бір-бірінен маңыздырақ деп ажыратылмаған. Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы заңда осыған ұқсас жағдай байқалады. Қәзір тек ғана бірінші қағидаға сүйенеді: өнеркәсіп пен құрылыста 200 адамның жұмыс істеуі, ғылым және ғылыми қызмет етуде 100 адамға дейін өндірістен тыс құрылыста жұмыс істеушілер саны – 25 адам, бөлшекті саудада 15 адамға дейін, ал басқа салаларында

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Вариант 9
1 Шағын кәсіпкерліктің белгілері және түсінігі

Шағын бизнес туралы мынадай қате пікір қалыптасқан; шағын бизнес – бұл
саны мен көлемі бойынша шағын тауар өндіретін кәсіпорын ғана емес, сонымен
қатар мүлдем жаңа құрылым, кәсіпорынның өзгешеленген жеке меншікке
негізделген түрі.
Ал шынында шағын бизнес термині , түсінігі – сандық көссеткіштер
бойынша көрінісі, оның жеке меншіктігі, шаруашылық қызметі салалары әртүрлі
болуы мүмкін. Мемлекеттік, жекешелендірілген кәсіпорындар , ЖШС, АҚ ,
арендалық кәсіпорындар , корпарациялар бұның бәрі кәсіпорындар, ұйымдар
және олар шағын бизнес қағидаларына сай келсе, онда олар да шағын бизнес
түрі болып есептеледі. “Шағын бизнес туралы” заңда 2-белгісі туралы
айтылған: жұмысшылар саны мен тауар айналым шаруашылығының көлемі.
“Шағын бизнес” туралы заңда шағын бизнестің екі белгісі ажыратылған:
жұмыс істеушілердің санымен шаруашылық айналымының көлемі, бірақ олардың
біріншісі немесе екіншісі бір-бірінен маңыздырақ деп ажыратылмаған.
Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы заңда осыған ұқсас жағдай
байқалады. Қәзір тек ғана бірінші қағидаға сүйенеді: өнеркәсіп пен
құрылыста 200 адамның жұмыс істеуі, ғылым және ғылыми қызмет етуде 100
адамға дейін өндірістен тыс құрылыста жұмыс істеушілер саны – 25 адам,
бөлшекті саудада 15 адамға дейін, ал басқа салаларында жұмысшылар саны осы
көрсеткіштен төмен не жоғары болуы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлікті дұрыс басшылыққа алу үшін – жұмыс істеушілердің
саны , шаруашылық айналымының көлемі және шағын кәсіпкерліктің мүліктерінің
құрамы дұрыс анықталуы қажет.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында елдің бүкіл экономикалық
инфрақұрылымына өзгертулер енгізілуі қажет, соның ішінде оның
демонополизациясына жүргізілуі қажет. Елімізде қәзір 40мыңға жуық
кәсіпкерлік қызмет атқаратын кәсіпорындар бар, ал бүгінгі экономикаға
қажетті инфрақұрывлынды түзу үшін 500 мыңға жуық кәсіпорындар қажет. Тек
шағын кәсіпкерлікті дамыту арқасында қоғамның әлеуметтік- нарықтық
экономикалық құрылымын қайта құруға, меншік тауарларының плюрализмін
жүзеге асыруға, монополияның дамуын тежеуге, бәсекелік нарықты
қалыптастыруға және нарықтық қатынастарды дамытуға болады.
Шағын және ірі кәсіпорындар, сонымен қатар фирмалар арасындағы қатаң
бәсекелестікті және тіршілік үшін күресте жеңіп шығу үшін, мынадай
артықшылықтарға ие болуы керек: иілгіштік және нарық коньюктурасына тез
иемденушілік , өндіріс құрылымын жылдам өзгерте алу қабілеттілігі жаңа
технологияларды және ғылыми өңдеулерді жылдам жасау және шапшаң қолдана
алу. Кез-келген тұлға шағын кәсіпорын ашу барысында кез-келген заңды тұлға
тәрізді белгілі бір құқықтарға ие болады. Жеке немесе заңды тұлға немесе
серіктестік өз капиталынан қызметтерді толық қамтамасыз ете отырып шағын
кәсіпкерлік құрған кезде : өз мүліктері мен кәсіпорын мүліктері екіге
ажыратылады.
Шағын кәсіпкерлік қызмет ете отырып амортизациялық төлемдер бойынша қор
ашады. Және шағын кәсіпкерлікті аша отырып, керекті материалды құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілуі, жалға көліктердің алынуы, шағын
кәсіпкерлікке қажетті құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.
Әлемде шағын кәсіпкерлік пен фирмалар өте көп, оның 95%-99,7% пайызы
Жапонияға тиеселі.

2 Шағын кәсіпорындардың қоғамның экономикалық дамуындағы қаржыландыру
көзі және шаруашылықты қызметі

Кәсіпорын өз қызметін өзі жоспарлайды және даму қағидалары мен
тенденцияларын өзі бекітеді.
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның
нақ өзі. Экономикалық өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік ең алдымен,
нарықтың тауармен молығуына және жұмыс орныдарының құрылуына мүмкіндік
береді. Жалпы алғанда кәсіпкерлік экономикада нарықты белсенді , бәсекелес
ортаны ғана қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің
экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индекаторы есепті орта топты
жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен
қамту , тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау
мүмкіндігін арттыру жатады. Әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың,
ұйымдар мен мекемелердің көптеген түрлері бар. Мысалы: Индияда шағын
кәсіпорындар саны 12 миллион, ал Жапонияда 9 миллионға жуық.. Ал АҚШ та
шағын кәсіпкерлік ұлттық табыстың жартысынан көп бөлігін құрайды және жаңа
жұмыс орындарынымен қамтамасыз етуде үлесі көп. Бірақ мәселе тек мұнда
ғана емес. Шағын кәсіпкерлік нарықтық коньюктураны ғана реттеп ғана қоймай,
нарыққа иілгіштік қасиет береді.
Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму
қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. Ақш-та барлық жұмыс күшінің 50-пайызы
шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33-пайызын нақ сол
қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80-пайызы шағын кәсіпкерлікте
жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55-пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын
кәсіпкерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 3-пайызын ғана жүзеге асырса,
өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50-пайызын қамтамасыз етеді. Шағын
кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың маңызы зор. Бұл
деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі ролі мен маңызы туралы
бұлттартпас дәлел бола алады.Бірақ мәселе сандық көрсеткіштерде ғана емес.
Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен нарықтық экономика типіне жатады және
бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін құрайды. Дамыған елдердің
тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта кәсіпкерлік ахуалға шапшаң
бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның
тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап,
бәсекелестің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге
төтеп беруге көмектеседі.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасру әлі жүріп жатыр. 2000-
жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің
субъектілері туралы анықтама болмаған еді. Сондықтан әртүрлі құрылымдарға
түрлі анықтамалар құрылған. Соның салдарынан біріңғай статистикалық ұғым
қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатқызылатын кәсіпорындардың нақты
белгілері айқындалмады. Мұның өзі Республиканың экономикалық дамуына осы
сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты
топтастыруға мүмкіндік бермеді. Бизнеске қатысына қарай , “шағын” деген
анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табысы, сондай-ақ , жылдық айналым
ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру
негізінде бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға
дейін, ал Қазақстанда 50 адамға жейін болатын кәсіпорындарды жатқызу
қабылданған. Кәсіпкерлердің көпшілігінің жоғары білімі бар және онысын
жұмысында қолданады. Олардың жартысынан астамы өз білімін қанағат тұтады.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан болмаса да, техникалық көмек көрсетілген
жағдайда , бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті деп санайды.
Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69-пайызынан жоғары білімі болған.
Олардың 49-пайызхы техникалық , 12,7-пайызы қоғамдық , 6,9 пайызы
экономикалық жоғарғы оқу орындарының түлектері. Тек 5,8-пайызы ғана орта
мектепте алған білімімен шектеліп қалған. Қазақстанда бүгінгі күні шағын
және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан,
экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы:
шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғары да емес, небәрі
пайыздың бөлшегі ғана. Дегенмен өсім бар. Оның жалпы ішкі өнімде де өзіндік
үлесі бар. Ол 7-пайызды құрайды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның
бүгінгі экономикасында лайықты орын алады.

Вариант 8
1. Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы

Қүн түрлерінің даму заңдылыктарын тексеру, ақшаның шыгуы тауар
айырбасынын дамуыман туған тарихи процесс деген қорытынды жасауға мұмкіндік
береді. Ақшаның шығу себебі тауар ендірісі кайшылыктарының етек жайып,
тереңдеуінде. Ақша - жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше
қызметін атқаратын тауар. Ақша да, тауар да когамдық еңбектін өнімдері.
Бірақ өндіріс кұрал-жабдықтарына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар
нарыкта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде саналады, ал акша - тікелей
коғамдык еңбектің (жалпылама эквивалент бейнесі ретінде болады. Тек акшага
айырбастау аркылы ғана тауардың шын мәніиде когамдық еңбектің өнімі
екендігін аныктауға мұмкіндік туады. Баскаша айтқанда, нарыкта қоғамдық
еңбекке сан және сапа жағын есеп жүргізіледі, ал ақша онын құралы болып
табылады.
Сырттай бір-біріне тэуелсіз тауар өндірушілер арасындағы қатынастар
айырбас процесінде жүзеге асады. Ақша тікелей тауар айырбастаудың
қайшылыктарын шеше отырып, сонымен қатар, тауар шаруашылығы кай
шылыктарының онан әрі тереңдеуіне жағдай жасайды.
Тауар мен акша арасында үнемі болып тұратын үндестік пен қайшылық бар.
Ол тұтыну құны арқылы көрініс табады.
Акша - зат та емес, байлық та емес, өндірістік катынас. Бұның мазмұны
меп мәнін акшаның атқаратын кызметтерінен, яғни коғамдық міндеттерінен анык
байқауға болады.
Акша бес түрлі қызмет атқарады. Олар: құн өлшемі, айналыс құралы,
төлем құралы, қазына жинау, дүниежүзілік ақшалар.
Акшаның құн мөлшері қызметі деп онын өзінен басқа тауарлардың құнын
анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың
ойлау кабілеттерінің нәтижелерінен қалыптаскан акшалар атқаруда. Бастапқы
кезде акшаның бқл қызметін өзінің қүны болатын заттар ғана, ягни алтын
атқарды. Алтынның қүнымен бейнеленген тауарлардың құны, оның бағасы деп
аталады. Тауардың құны жогары болса, онда ол алтынның коп мөлшеріне
теңестірілгсн болды. Демек, тауардын бағасы тауардың қүнына тәуелді. Бірак
та тауардың бағасы тек қана тауардың құнына емес, ол алтынның кұнына да
тікелей байланысты болады: егер де алтынның бағасы кымбаттаса, онда
тауардың багасы арзандайды; егер де алтыннын багасы арзандаса, онда
тауардын бағасы қымбаттайды. Жоғарыда аталған категория жөнінде құнның
еңбек теориясынын басты ерекшеліктері осындай.
Акшаның айналыс құралы кызметі - тауар айырбасының формуласы Т-А-Т
бойынша онын делдалдык рөлін аткаруына байланысты: тауар айырбасы екі
актіден, яғни сатудан Т-А жэне сатып алудан А-Т құралады.
Тауар иесі. тауар сатып, жана тауарды іле сала сатып алмай акшаны
өзінде қалдыруы мүмкін. Осы мезетте баска біреулер өз тауарларын сатып
откізе алмауы мүмкін. Демек, ақшаның осы кызметін аткаруына байланысты
артық өндіру дағдарыстары пайда болуы ықтимал.
Ақша озінің айналыс кұралы қызметін монеталар мен кағаз ақшалар
түрінде атқарады.
Монета деп өзіне тән формасы бар және айрықша коспадан қүралатын күйма
металды айтады.
Қағаз ақшалардың оз кұны болмайды, сол себепті олар кұн өлшемі
қызметін атқара алмайды, бірақ ол алтынның рәмізі іспетті болады. Қағаз
акшалар алғашкы рет Қытайда XII ғасырда жасалып шыгарылды, ал Ресейде 1769
жылы Екатерина ІІ кезінде жасалды.
Айналыстағы кағаз акшалар мөлшері айналысқа қажет алтын мөлшеріне
сәйкес болуы тиіс. Егер де айналыстағы кағаз ақшалардың мөлшері қажетті
алтын мөлшерінен көп болса, онда кағаз ақша құнсызданады, олардың
төлемпаздык кабілеті төмендейді, ал тауарлар бағалары кымбаттайды.
Тауар бағаларының қымбаттауына байлаиысты акшаның құнсыздану процесін
инфляция деп атайды.
Жалпы алғанда, айналысқа қажет акшаның мөлшері тауарлар бағаларының
жиынтығын ақша өлшемдерінін жылдамдығыпа бөлу арқылы аныкталады. Ақша
дегеніміз құдіретті байлыктың бейнесі және өтімділігі жоғары, яғни оның тез
сатып еткізуді жүзеге асыратын қабілеті бар.
Егер бір тауарды сатып өткізгеннен кейін, басқатауар сатып алынбаса.
онда алтын айналыс сферасына өз уакытында қайтып оралмайды және ол қазынаға
(қорға) айналады. Алтынның қазынаны жинау қызметін алтын құймалары мен
монеталары, алтын немесе күмістен жасалган әсемдік бұйымдар атқарады.
Қазына (қор) жииау қызметі - ақша айырбасы өркендеген кезде қазына
айнадыс құралына айналады, осылайша алғашқыда тауар - акша катынасы
кездейсок реттеліп отырды.
Қазіргі кезде алтынның - айналыстағы ақша массасын кездейсоқ реттейтін
қызметі тоқтатылды, яғни бұрынғыдай ақша рәміздерін алтынға еркін
айырбастау жойылған. Бүгінгі таңда алтынның қазына болу қызметі, мемлекет
пен жеке азаматтардын сақтандыру қоры ретінде шектеулі шеңберде сақталады.
Жинақталған мемлекеттік және жеке меншіктегі алтын қорлары жалпылама
байлықты қүрайды. Қағаз ақшалар қазына бола алмайды, ойткені олардын
өздерінің құндары болмайды, бірақ қор жинау кұралы кызметін атқарады.
Тауар өндірісінің одан әрі дамуына байланысты тауарларды несиеге сату
қажеттігі пайда болады. Мұның басты себебі тауарларды жасау мен оларды
сатып өткізу мерзімдерінің әртүрлі болуында.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқару барысында. оның жаңа түрлі
несиелік ақшалар пайда болды. Оған жататындар – вексельдер, банкноттар,
чектер.
Вексель деп борышқордың ақша сомасының мөлшері мен оны кайтару мерзімі
жазбаша көрсетілген қарыз міңдеттемесін айтады.
Банкноттар деп банктін векселін айтады. Банкноттардың қағаз ақшалардан
айырмашылыктары:
а) банкноттың екі тармағы болады — несиелік (коммерциялык вексель)
және металдык (банктің алтын кора);
э) кағаз ақшаларды мемлекет жасап шығарады, ат банкноттарды орталық
эмиссиялық банктер шығарады;
б) қағаз ақшалар айналыс кызметін атқарады, ал баикноттар - төлем
құралы қызметін аткарады.
Чек дербес тұлғаның агымдағы есеп-шотынан банктің белгілі акша сомасын
төлеуі немесе оны басқа есеп-шотка аударуы жөніндегі жазбаша үкімін айтады.

2. Экономикалық өсудің теориялары.

Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс
елдерінің әр түрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі
мен формаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады.
Өсу формуласының негізінде кейнстің мультипликатор теориясы
жатыр. Ол кейінрек акселерация теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор –көбейткіш , ал акселератор –бұл дайын өнім
сұранымның өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коффисенті
мультипликатор ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы
өндірген, кейінрек Дж. М. Кейнс өзінің жұмыспен қамту, өзінің
өсім және ақшаның жалпы теориясы (1936) кітабында дамытты.
Бұл ұғымды А.Хансен , Р. Харрод , Дж. Хикс, П. Самуэльсон,
Н.Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған.
Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсу кезіндегі ұлттық
табыстық қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долларға
тең делік және орташа табыс жылына 1000 доллар болатын
алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Бірақ жолды
салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет
және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек болады.
Жұмысты атқаратындардың өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре
түседі. Сөйтіп келесі қызметте олардың өндірістің ұлғаюына
алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек , инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны
жолдау нәтижесінде , жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын
3000 адам жалпы 15 млн. доллар табыспен құрайды немесе
алғашқыда 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3
–ке тең.
Акселератордың іс -әрекеті мультипликатормен байланысты:
мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін
қарастырады: акселератор.
- Ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді.
Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді.
Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс -әрекет жасайтын

мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін
алғашқы рет 1913 –ші жылы француз экономисі
А. Афтольон (1874 - 1956) және 1919 жылы американ экономисі
Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрорд, Дж. Хикс, П.
Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс
еңдірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері
мен осы деңгейдегі табыс - орташа тұтынуға бейімділік -
арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті (АРС -
арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда психологиялық фактор
ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып
алу ниетін көрсетеді: Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық
табыстың тұтыну бірлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы
(Ү) яғни

тұтыну С
АРС = ———— немесе —— ;
табыс Ү

және шектеулі тұтынуға бейімделік (МРС) дегеніміз кез –келген
тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі,
яғни

тұтынудағы өзгеру ДС
МРС = —————————— = ———
табыстағы өзгеру ДҮ

Бұдан басқа да Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол
кездегі табыс деңгейі арасындағы тәуелсіздік елдерді орташа
–жинақтауға бейімділік және шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден –бір психалогиялық фактор
ретінде түсінеміз және ол адамның ниетін сақтауды білдіреді.
Орташа жинақтауға бейімділік (APS) ұлттық табыстың жинақтау
бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Ү) қатынасымен

анықталады, яғни

тұтыну

APS = —————
табыс

Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез
–келген өзгерудің сондағы табыс өзгеруіне қатынасын көрсетеді,
яғни

жинақтаудағы өзгеру ∆
S
MPC = ———————————— = ——— ;
жинақтаудағы табыс ∆
Ү

Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні
бағалауға ықпал жасады.
Қазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің
өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлары
моделін ұсынады. Нақтыласақ көп факторлы Кобба –Дуглас
функциясын айтамыз.

Вариант 10

I. Несиенің мәні, құрылымы, атқаратын қызметтері

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы кезеңі шешуші
жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста болады.
Ұдайы өндіріс процессі материалдық игіліктерінің қоғамдық өндіріс
процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының
біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әр бір саты - өндіріс, үлестіру,
айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс базаларына бірлігімен өзара әсері тауар –
ақша қатынастарының, құнын тауарлық және ақшалай формаларының бар
болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдай өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық
шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда
елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді.
Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы алынған
несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса
алады.
Екінші жақ – қарыз беруші өндірістік процестің сыртында қалады.
Демек, несие бірігей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері
арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан, несиенің
мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға
болмайды.
Несие құнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері
Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен саясаты
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінiң дамуы және оны мемлекеттiк реттеу
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің даму жолдары
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы ТУРАЛЫ
Пәндер