Марганец


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Марганец

Марганец - қатты, жылтыраған, морт сынғыш ме- талл; сырт қарағанда темірге ұқсайды. Ауада сырты қор- ғаушы оксид қабыршағымен қапталады. Сұйық қышқылдар- да оңай ериді, активтік қатарындағы орны аллюминий мен мырыштың арасында болғандықтан тұз қышқылымен, сұй- ық күкірт қышқылымен шабытты реакцияласып сутекті бөліп шығарады. Ал, азот қышқылы және қою күкірт қышқылымен әрекеттескенде ионына дейін тотығады :

3Mn+8HN == +2NO+ O

Mn+ == + + O

Салқындатылған азот қышқылында марганец, ауадағы оттектің әсерінен түзілетін оксид-қабыршағынан да гөрі берік тығыз қабыршақпен қапталады. Марганец металлургияда болаттардың және құйма- лардың құрамына араластыруға қолданылады. Ол ушін таза марганец емес, оны ферромарганец және “айна” шойын түрінде қолданылады. Ферромарганецті алу үшін пиролю- зитті, темір кенін және коксты араластырып, электр пеш- те балқытады. Одан шыққан ферромарганецте 60-80% Mn болады. ''Айна'' шойынды алу үшін темір және марганец кендерін домна пештерінде кокспен тотықсыз- дандырады, онда 15-20% Mn болады.

Марганец араласқан араласқан болат ерекше қатты, берік, коррозияға ұшырамайтын, ұрып-соққанғ төзімді және тозбайтын болады. Сондай болаттың біреуі 83-87% Fe, 12-15 Mn, 1-2% C-тен тұрады. Мұндай болат тас үгетін диір- мендер, экскаваторлар, темір жол рельстерін, ақша сақ- тайтын сейф, т. б. жасау үшін қолданылады. Соғыс техникасына керекті заттар жасау үшін болтқа тағы хром қосады.

Ашылулары

Марганецті - 1774ж. Швед химигі Карл Шееле ашты. Жалпы К. Шееле 44 жыл өмір сүрсе де, ол - хлор, оттек, молибден, вольфрамдарды ашып, графитті көміртектің аллотропиялық түрөзгерісі екендігін, ''Зелень Шееле'' деген бояуды, арсин, глицерин, көгерткіш және зәр қышқылдарын (мочевая кислота) синтездеп алған оқымысты. К. Шееле Mn, Mo, W элементтерін таза күінде таза күйінде алмаса да, осындай жаңа элементтердің бар екендігін дәлелдеген.

1774ж. К. Шееле өзінің жолдасы Юхан Ганге пиролюзит минералын жолдайды. Юхан Ган таза металл марганецті алады да , ”магнезиум” деп айтады. Ал сол кезде магний оксидін ”магнезиум” деп атайтын. 1808 ж. Дэви магний металын ашты, мұнан соң шатаспас үшін марганецті ”магнезиум” деп атау ұсынылды.

Ресеейде пиролюзитті марганец деп атайтын. А. И. Шерер пиролюзитті ”қара марганец” ал одан алынған металды марганец деп атауды ұсынды

Қосылыстары

Марганецтің жер қыртысындағы шамасы 950 г/т құрайды және дербес күйінде ұшыраспайды. Марганец минералдарына төмендегілер жатады:

пиролюзит -

гаусманит -

брауманит -

родохрозит -

Қазақстан Респупликасының денсаулық сақтау министрлігі

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Химия

Студент: Толенов М. С

Факультеті: Жалпы медицина

Курсы: І

Тобы: ЖМ 08-038

Оқытушы: Карлова Э. К

Алматы 2009 жыл

Қолданылуы

Марганецтің 90% металлургия өнеркәсібінде пай- даланлатыны мәлім. Шойынды болатқа қорыту бары -сында, оның бойындағы Күкіртті байланыстыру үшін марганец қосылатыны белгілі және MnS түзеді. Түзіл- ген сульфид шлак бойына көшетін. Осындай жолмен ертеден-ақ ”зеркальный чугун” атауымен, темір-марга- нец рудаларын пайдаланып, шойын өндіретін. Бұл шойын құрамында 5-20% марганец, 3, 5-5, 5% көміртек болатын және сұйық шойынға қосылып, оның құрам -ындағы оттекпен, күкіртті реттеуге пайдала -натын. Бірінші конвертордыойлап тапқан Бессемер болат қо- рыту барысында, осы ”зеркальный чугунды” пайдалан -ған болатын.

Марганецтің адам қанындағ концентрациясы - 0, 02 мг/л құрайды.

Марганец - өсімдіктер дүниесінде хлорофильдің түзілуін жылдамдатумен қатар С витаминінің түзілуіне жағдай жасайды.

Адам бойында марганецтің жеткілікті болуы - оның қанының толығуына, залалсыздандырылуына әсер етеді.

Марганец сульфаты ерітіндісін вена тамыры бойымен қанғ құю арқылы “қарақұрт” шаққан науқасты емдейді, яғни қан құрамын заласыздан- дырады .

Кең танымал марганцовка калий перманганаты болып табылады және оның шипалық, емдік қасиеті медицинада кең қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марганец және физикалық құрамы. Марганецтің қосылыстары
АМС - Алюмосиликомарганец қорытпасы
Кендердің сапалық сипаттамасы
Марганец және оның қосылыстары тақырыбын интегративті әдіспен оқыту
Суды темірден тазарту
Жайрем кен - байыту комбинатының жұмыскерлер денсаулығына өндіріс факторларының әсері
Марганец пен сынаптың адам организміне түсуінің негізгі жолдары
Остеодистрофия
Темекі өсімдігін модель есебінде IN VITRO және IN VIVO микроэлементтерді жағдайында өсіргенде қолдану технологиясы және оның экологиялық маңызы
Өсімдіктер өміріне марганецтін маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz