Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
1 Бөлім
1.1. Негізгі құралдардың есебі ... ... ...1
1.2. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 Бөлім
2.1. Материалдық емес активтердің есебі ... ... ... ... .16
2.2. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу ... ... ... ... ..21
2.3. Материалдық емес активтерді есептен шығару ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... .23
Қолданылған әдебиеттер

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер;үйлер;ғимараттар;көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдықтар); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондврғылар мен лабараториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа да машиналар мен құрал-жабдық;көлік құралдары;құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға(ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

1. « Бухгалтерлік есеп принциптері» Қ. К. Кеулемжаев, З. Н. Әжібаева,
Н. А. Құдайбергенов
2. « Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» В. К. Радостовец, Т. Ғ. Ғабдулин,
О. И. Шмидт
3. « Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» В. Л. Назарова
4. « Жылдық есеп 2003» қаңтар 2003 ж.

ЖОСПАР
1 Бөлім
1. Негізгі құралдардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
2. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Бөлім
1. Материалдық емес активтердің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..16
2. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу ... ... ... ... ..21
3. Материалдық емес активтерді есептен шығару ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана
жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған
жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып
бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес,
олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға,
заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып
саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек
құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда
ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік
емес(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет
етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер;үйлер;ғимараттар;көп жылдық екпе ағаштары;
машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және
құрал-жабдықтар); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу
аспаптары және қондврғылар мен лабараториялық жабдықтар; есептеу
техникасы; басқа да машиналар мен құрал-жабдық;көлік құралдары;құрал-
сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы
және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді
жақсартуға(ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар
жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес
ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің,
субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару
жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың
есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына(машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету
жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажетті материалдық
жағдайын жасайды(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).
Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы
экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі
құралдың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай
түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени – тұрмыстық(ғимараттар, тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі т.б.) қажеттіліктерін
ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған
болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында
көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша
басқа субъектіден алынған негізігі құралдар, жалға алынған құралдар
болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға
алушы 001-ші Жалға алынған негізгі құралдар баланстан тыс шотында
есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып,
жалға алушы келісіген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2410 Жер,
Үйлер мен ғимараттар, Меншікті және құрал-жабдықтар, өткізгіш
қондырғылар, Көлік құралдар, Басқа да негізгі құралдар шоттарының
тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған,
істемей тұрған(тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып
бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар,
әрекет етіп тұрғандар болып саналады.
Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысты тоқтатылған немесе басқа
жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құралдар.
Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтар жоспарлы
түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер
есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүлікті және мүлікті емес
болып бөлінеді.
Мүліктікке(заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар(үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су
ресурстары(ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы) яғни заттық
нысаны жоқ шығындар (жер учаскілері, егістік үшін пайдаланылатын жерді
өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау т.б.)
жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге(топтарға) бөлінеді: жер; үйлер;
ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар(соның
ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар
және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу
аспаптары және қондырғылар мен лабараториялық жабдықтар; есептеу
техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-
сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлік; жұмысшы

жақсартуға(ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі
құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер – субъект меншігіне сатып алынған жердің көлем құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.
Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік
объекті болып саналады.
Үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға
арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік
объект болып табылады.
Ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы,
трансмиссиялар, құбырлар).
Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу
қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынын және подстанциялардан
трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Өткізгіш тетіктер(қондырғылар) – электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары(электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар).
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген
құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті
қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл
тобы бес топтан тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор машиналары; түрлі энергияны механикалық
энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары
(тракторлар мен өздігіне жүретін шассилер, бу двигательдері,
турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).
Жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған
машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін
станоктор, ағаш кесетін аралар).
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар
мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар
мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар).
Есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы
және басқа есептеу машиналары)
Басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және
басқа құрал – жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының
жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар).
Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған
қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы
құрамы). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен
заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал-сайман - механикаландырылған немесе механикаландырылмаған
құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға
бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары).
Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік
объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік
операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік
заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және
басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік
арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып
табылмайтын және дербес мәні бар заттар да мүліктік объекті бола
алады.
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект –
мүліктік объекті бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі
қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер;
бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер саулық қой
мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер
(жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері,
роза плантациялары, өсімдктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын
өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс – жидек
бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады.
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) – ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалынуы үшін
жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы
шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс
даласын тастардан тазарту).
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және
басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою,
тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, негізгі құралды сатып алуға немесе
салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық
пен алымдардан (мысалға ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде
төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру,
монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б.
шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы –
актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша
агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша
көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау
бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған
материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа)
жұмсалынатын шығыстар;
Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін
сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша – сатып алу құны,
тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезінде құрастыру, машиналар мен
құрал-жабдықтың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен
өткізілген сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-
жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы
шығыстарын қоса есептегенднгі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие
арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар
болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады.
Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс
материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің
жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі,
сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу
кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде
Жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген
кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл
объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен
ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді
пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды.
Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар,
жеміс ағаштары, т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек
құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады.
Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні
бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты
шегерген соң, жердің бастапқы құны есептелінеді.
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша –
объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына
құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де
оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар -
өздерінің келісілген бағасы бойынша;
Субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған
негізгі құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты
сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының
құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде)
тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған
шығындар;
Тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша – құжаттарда
көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру,
орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде);
Айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің – бастапқы құны
негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол
негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен
алынған(берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады.
Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі
мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас
негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде
алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол
кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі.
Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде – малдарды өсірудің нақты
өзіндік құны.
Негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша –
жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан
шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
Жас өсімдіктер бойынша - өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға
бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған
өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты
шығындар;
Толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар
бойынша – оларды ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша - жүргізілген
жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы,
объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,
онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе
ұзартылуы мүмкін.
Ағымдық құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі
нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі
құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәлімеге келуге
дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара
айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған
бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық
құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған
жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде
амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы
кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдардың есебі 12-ші Негізгі құралдар бөлімшесінің
мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 2410 Жер,
Ғимараттар мен құрылғылар, Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш
тетіктер, Көлік құралдары, Басқа да негізгі құралдар.
Сонымен бірге, 2930 Аяқталмаған құрылыс шотында аяқталмаған күрделі
салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды
өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың
материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды
пайдалануын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы
сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын
анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің
тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді
есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде
жасауын және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін
қамтамасыз етуі керек.
Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің
әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану прцесінде біртіндеп
тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық)
(заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу
нәтижесіне және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ,
түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи
нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске,
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі
құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай,
пайдаланудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып,
құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен
ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді
түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын,
көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге
байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану
экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық (моралдық) тозуын мынадай факторлар
арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар
(ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру);
технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде
пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің
номеклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда ( ескі машиналар мен құрал-
жабдықтар жарамсыз болып танылады) ; жұмысшы күшінің еңбекке
қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру
географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар
мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші
салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат
құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс
көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы
(үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында
негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын
жүргізеді.
Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары,
фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер
мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға
ұшырайды.
Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін
білдіреді.
№6-шы Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп стандарты (БЕС)
сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына
амортизацияланған құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде
танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал
шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың
бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны
есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай
ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта
жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация
есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға
беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға
алушы жасайды.
Одан басқа, төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация
есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай
құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдары.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 13 Негізгі құралдардың
тозуы бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 2420 Үйлер мен
ғимараттардың тозуы, Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш
тетіктердің тозуы, Көлік құралдарының тозуы, Басқа негізгі
құралдардың тозуы пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың
әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1. Меншікті негізгі
құралдардың тозуы және 2. Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдардың тозуы.
12-ші бөлімшенің шоттарында (2410 шоты) есептелген негізгі құралдар
ай сайын амортизацияланады. Амортизацияны есептеген кезде шоттардың
келесі корреспонденциясы жасалынады, ол төменде келтіріледі.
Реттік Шоттар
№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Соммасы корреспонденция
Теңге сы
Дебет Кредит
1. Қолданыстағы негізгі құралдар бойынша540000 8110 2420
есептелген амортизациясы: 197000 8110 2420
Негізгі өндіріс цехтарында
пайдаланған негізгі құралдың
амортизациясы
Көмекші өндіріс бойынша
2. Негізгі құралдар бойынша есептелген 398000 8110 2420
амортизация:
а) жалпы өндіріс цехтарында
есептелінген амортизациясы
3. б) басқару әкімшілігінде 293000 7210 2420
объектілерінде есептелген
амортизациясы
4. в) әлеуметтік саясатында 170000 8410 2420
5. г) сатып алу бөліміндегі есептелген 160000 7110 2420
амортизациясы
6. д) өндірістегі маусымдық дайындық 80000 1620 2420
жұмыстарында пайдаланған
объектілеріне есептелген
амортизациясы; жерді жақсарту
шараларында пайдаланған объектілеріне
есептелген амортизациясы
Жиыны 1838000 X X
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша
амортизациялық аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы
өндіріс шығынжарының есебін жүргізуші 2930, 8110, 7210, 1620 шоттардың
дебетінде және 13-ші бөлімшенің 2420шотының 2-ші Ұзақ мерзімге жалға
алынған негізгі құралдардың тозуы деп аталатын аралық шотының
кредитінде көрініс табады.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құралдар жалға алынушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда
ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің
2-ші Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы деген
аралық шотының дебеті бойынша және 13-ші бөлімшенің 1-ші аралық
шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің
тәсілі бойынша жасалынады, олар:
• құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
• құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
• жеделдетіп есептен шығару;
• құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы
әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір
ғана тәсілі пайдаланады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік
саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір
есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі
өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы
өкілетті органдардың еншісінде болады.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі
ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл
әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің
ұзақтығына байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде аиортизациялық соманы аудару үшін:
• қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген
объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты
болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа-райының
оған тигізетін әсері т.б.)
• Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші
субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан
аспауы тиіс. Мысалы, жүк авто көлігінің бастапқы құны – 100 000 теңге,
5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең
болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы
амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге
сәйкес 18 000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизацияның бірқалыпты әдісі мына формула
бойынша есептелінеді:
осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың тенгеге тең болады
(18 000 : 12).
Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу
сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша
есептеу
Мерзімі Бастапқы Амортизацияның Жинақталған тозуҚалдық құн
құны жылдық сомасы сомасы
Сатып алған
мерзімі: 100 000 18 000 18 000 82 000
1-ші жылдың 100 000 18 000 36 000 64 000
аяғында 100 000 18 000 54 000 46 000
2-ші жылдың 100 000 18 000 72 000 28 000
аяғында 100 000 18 000 90 000 10 000
3-ші жылдың
аяғында
4-ші жылдың
аяғында
5-ші жылдың
аяғында
Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын
болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланады, яғни ол объектінің
пайдаланылғаның біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды
түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы
(амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны
есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды.
Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды)
орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген.
Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы
төмендегідей жолмен анықталады.
(Бастапқы құн – жойылу құны) : орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері =
(100 000 – 10 000): 900000 км = 0,10 теңге
Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол
жүрсе, екінші жылы – 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100000
шақырым, төртінші жылы – 200000 шақырым және бесінші жылы – 100000
шақырым жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу
төмендегідей жолмен есептелінеді.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша
есептеу
Мерзімі Бастапқы құнЕкі еселенген Жинақталған Айға есептелген
амортизацияның жылдық аморти-амортизацияның
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz