Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 2-бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ НЫСАНЫ
- . Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу түсінігі, нысаны . . . ……. 6-бет
1. 2. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу құралдары. 12-бет
1. 3. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеудің міндеті, мақсаты……. …17-бет
1. 4. Азаматтық iс жүргiзудегi куәнiң айғақтары . . . …. . 25-бет
1. 5. Тараптардың және үшiншi жақтардың түсiнiктемелерi . . . …. . 26-бет
- Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеуде сарапшының
құқықтары мен міндеттері. 29-бет
ІІ-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР
ТҮСІНІГІ
2. 1. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдемелер түсінігі, нысаны………. 34-бет
2. 2. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдемелердiң жарамдылығы………45-бет
Іске катысушылардың түсініктемелері . . . . . 45-бет
2. 3. Заттай дәлелдемелер және сарапшының қорытындысы…… . . . …. . 53-бет
ІІІ-ТАРАУ. СОТТАҒЫ ЖАЗБАША ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР -
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ
3. 1. Соттағы дәлелдемелердің жалпы түсінігі…. . 69-бет
3. 2. Жазбаша дәлелдемелердің ұғымы74-бет
3. 3. Жазбаша дәлелдемелерді зерттеу, оларды бағалау нысаны……76-бет
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . 86-бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . …. 88-бет
КІРІСПЕ
Дәлелдеу - соттық дәлелдемелер арқыла істің мән-жайын анықгауға бағытталған қызмет. Ол нақты істі қарау бойынша барлық процессуалды қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу - дәлелдемені ұсынуда, жинауды зерттеумен бағалауды алып жатады. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты дәлелдеу институтының мәнін, маңызын, соңғы жылдарда іс жүргізу заңнамаларына енгізілген заң нормаларының күшін жойған заң нормасынан артықшылықтары мен ерекшеліктерін карастыруға арналған. Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот өндірісінің аткаратын рөлі мен қызметіне ғылыми сипаттама берілді, осы салада қолданылатын заңдарға біршама сараптау жүргізілді.
Негізінен аталған тақырыптың өзектілігі еліміздің Конституциясында бекітілген әрбір азаматтың бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғаудың кепілі ретінде сотта істерді қарағанда дәлелдемелерді жинаудың және ұсынудың, оны соттар тарапынан зерттеудің және бағалаудың маңыздылығымен айқындалады. «Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны» тақырыбындағы бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қайнар көздерінің тізімнен тұрады. Бірінші бөлімінде: азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу нысаны, куәнiң айғақтары, тараптардың және үшiншi жақтардың түсiнiктемелерi, азаматтық іс жүргізудегі дәлелеуде сарашының құқықтары мен міндеттері, оларды зерттеу тәртібі қарастырылған.
Екінші бөлімде азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдемелер түсінігі, нысаны, дәлелдемелердiң жарамдылығы, іске қатысушылардың түсініктемелері, заттай дәлелдемелер және сарапшының қорытындысы тоқталып оларға жалпы сипаттама берілген.
Үшінші бөлімінде соттағы дәлелдемелердің жалпы түсінігі, жазбаша дәлелдемелердің ұғымы, зерттеу, оларды бағалау нысанына бағытталған.
Егеменді ел болғалы қоғамның қай саласындағыдай сот жүйесінде де түбірлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістердің адам құкықтарына қатысты ең оң өзгерістер екенін әсіресе сот жүйесінен айкынырақ аңғаруға болады.
Сот тәуелсіздігін сақтау казақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген азамат алдындағы терең жауапкершілік. Ел Конституциясында сот жүйесіне айрықша орын берілген болса, ол осы жауапкершіліктің дамып жаткандығы деп түсінеміз.
«Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны» тақырыбындағы ғылыми еңбекті жазуда ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, басқа да заң нормалары және процессуалист ғалымдардың, атап айтқанда: М. К. Треушников, С. В. Курылев, З. К. Абдулина, З. Х-Баймолдина т. б. еңбектері колданылды.
Жұмыста қолданылатын негізгі терминдер: азаматтык іс жүргізу кодексі, сот өндірісі, дәлелдеу, дәлелдемелер, сот, судья, сарапшы, маман, объект, субъект, тараптар, куәлер, заттай дәлелдемелер, жазбаша дәлелдемелер, дәлелдемелерді зерттеу, дәлелдемелерді бағалау т. б. Азаматтық iс жүргiзу кодексi дәлелдеусiз iстiң шешiлу негiзiне жататын деректердiң екi санатын қарастырады. Сондықтан, олар дәлелдеу пәнiне енгiзiлмейдi. Олар жалпыға мәлiм деректермен преюдициалды анықталған ақиқаттар. Жалпыға мәлiм деректер көпшiлiк ортаға мәлiм деректер болып табылады. АҚЖК 71 бабының 1 бөлiмi 1, сот жалпыға белгiлi деп таныңан мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi. Сонымен, мән-жайды жалпыға мәлiм және дәлелдеудi қажет етпеудi тану құқығы тек сотқа ғана бар. Белгiлi -бiр деректер туралы мәлiметтердiң таралу дәрежесi әртүрлi болуы мүмкiн. Деректердiң өздерi бүкiл әлемге, бiр елдiң аумағында, облыста, ауданда әйгiлi болады. Таралу дәрежесiне қарамастан жалпыға мәлiм деректер дәлелдеуге жатпайды. Бiрақ та, таралу дәрежесiмен келесi процесуалды салдарлар байланысты, олар; бiр елдiң шегiнде мәлiм деректi сот өзiнiң шешiмiнiң негiзiне ешбiр жариясыз сала алады. Егер де керек тек бiр аз аумақта мәлiм болса, мысалы аудан шегiнде болса, онда сот шешiмiнде осы деректi жалпыға мәлiм болғандықтан дәлелдеуге жатпайтынын танылғанын көрсетуi керек. Дәлелдеуге преюдициялық танылған, яғни бұрын шығарылып заңды күшiне сот үкiмiмен басқа iс бойынша анықталған деректер жатпайды. Ал практикада кейде бұрын сотпен зерттелген деректер басқа iстердi шешу үшiн маңызды болып қызмет көрсететiн жайлар да кездеседi. Олар дәлелденбейдi, себебi заңды күшiне соттық қаулысымен анықталған. Сот оларды тексерiп жаңа соттық қарауға жiбере алмайды. АҚЖК 71 бабының 2 бөлiмiнде 2, бұрын қарастырылған азаматтық iс бойынша соттың заңды күшiне енген шешiмi мен анықталған мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және басқа азаматтық iстердi қарауда сол тұлғалардың қатысуымен қайта дәлелденбейдi деп жазылған. Соттар өз қызметiнде преюдициалық ережелерiн қатаң сақтап преюдициалық деректердi қайта дәлелдеуге жол бермеуi керек. Егер кейбiр жағдайларда iстi кешiрек қарап жатқан сотта шешiм не үкiммен заңды күшiне енген деректiң дұрыстығына күмән туындаса, ол шешiм не үкiмдi қайта қарау туралы сұрақты қадағалау тәртiбiнде қарауға жiбере алады. Заңға сәйкес, сот органдары және олардың тек үкiмдерi және шешiмдерiмен анықталған мән-жайлар преюдициалық мәнге ие болады. Ал басқа соттық қаулылар, мысалы прокурор - тергеу органдарының қаулылары дәлелдеуден босатуға негiз болмайды.
Дәлелдеу құралдарына азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 78, 79, 81, 86, 96, - баптарында көрсетiлген дәлелдемелер түрлерi жатады. Ендi осы баптарда берiлген дәлелдеу құралдарының түсiнiктемелерiне тоқталып өтейiк. Кодекстiң 78-бабында тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiне байланысты келесiдей қалыптар бекiтiлген. Тараптардың және үшiншi тұлғалардың iс үшiн маңызы бар өздерiне белгiлi мән-жайлар туралы түсiнiктемелерi iс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалануға жатады. Көрсетiлген тұлғалардың түсiнiктемелерi ауызша және жазбаша болуы мүмкiн. Тараптардың талабын немесе қарсылығын негiздейтiн фактiлердi, екiншi тараптың мойындауы ол тарапты осы фактiлердi одан әрi дәлелдеу қажеттiлiгiнен босатады. Тарап мойындаған фактi сот отырысының хаттамасына өткiзiледi және оған фактiнi мойындаған тарап қол қояды. Егер фактiнi тану жазбаша өтiнiште баяндаған болса, ол iске қосылып тiгiледi
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ НЫСАНЫ
- Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу түсінігі, нысаны
Дәлелдеу пәні кез-келген істі дұрыс шешу үшін сот іске қатысты барлық заңда деректерді анықтау керек. Істі нақты шешудегі анықтау заңда деректер жиынтығы дәлелдеу пәні деп аталады. Әрбір іс үшін дәлелдеу пәніне келетін деректер құрамы әртүрлі болады. Сот оны тараптардың талаптарымен қарсылығынан шыға отырып және материалдық құқық нормаларын басқа ала отырып анықтайды.
Дәлелдеу пәніне талаптармен көрсетілген талап арыздың негізгі түріндегі заңи деректер жатады. Дәлелдеу пәніне сонымен қатар талапқа қарсы қарсылық көрсету негізінің деректері жатады. Процесске дербес талап мәлімдеуші немесе талаптар енгізілгенде іс бойынша дәлелдеу пәніне осы талаптардың пайда болу деректері де кіреді.
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу - соттық дәлелдемелер арқыла істің мән-жайын анықгауға бағытталған қызмет. Ол нақты істі қарау бойынша барлық процессуалды қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу - дәлелдемені ұсынуда, жинауды зерттеумен бағалауды алып жатады. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу пәні іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтау, заң фактілері және басқа да мән-жайлардың жиынтығы болып табылады. А. Х. Гольмстен дәлелдеу пәнін аныктай отырып, тараптардың талаптарын негіздейтін факті дәлелдеудің пәні болып табылады деп жазады.
Дәлелдеуге мына фактілер жатады: екі негізгі жағдайды қанағаттандыратын: 1) факт іске арналған, 2) тұрақты факт.
Азаматтық іс жүргізудегі дәлеледеу нысаны төрт негізгі
бөлімдерден тұрады. 1) дәлелдемелердің жалпы теориясы немесе философиясы; 2) жеке ойдағы дәлелдемелік құқық; 3) дәлелдемелер туралы іс жүргізу ғылымы; 4) дәлелдемелерді техникалық зерттеу.
Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады дегеи сүракка жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін накты және дүрыс аныктау-сот процесінің корытындысы бойынша заңды және негізді шешімнің шығуына негіз болып табылады.
Дәлелдеудін пәні-азаматтык істерді дұрыс шешуге кажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.
Дәлелдеуді канағаттандыратын екі негізгі шарт бар:
1) факт немеме мән-жай іс үшін маңызды болуы тиіс;
2) факт немесе мән-жай іс бойынша таланты күптайтын немесе
карсылык білдіретініне карамастан анық болуы тиіс. Іс бойынша дәлелдеуге жататын заңды фактілер мен басқада мән-жайларды-ізделініп отырған фактілер деп атауға болады. Себебі ссл оларды бекітуге тиіс. Іс бойынша ізделініп отырған фактілердің жиынтығы пәлелдеу пәні болып табылады. Істің дүрыс шешілуіне кажетті маңызы бар мән-жайлар тараптар мен баска да катысушылардың талаптары мен қарсылыктары негізінде тиісті материалдык және процессуалдық кұқык нормаларын колдана отырып сотпен аныкталады. АІЖК-ң 66-бап 2-тармағында осы нормада соттағы дәлелдеудің пәнін сот анықтайтынын байқаймыз. /ІО/Дәлелдеу құкығы теориясында дәлелдеу пәнінің мазмұны туралы түрлі пікірлер кездеседі. А. К. Сергун /11/, Я. Л. Штутин /12/, М. К. Треушников /13/, К. С. Юдельсон /14/ сиякты ғалымдар дәлелдеу пәніне дауласушы тараптардың талаптары мен карсылыктарын негіздейтін материалдык-кұкыктык сипатқа ие фактілер кіреді деп дәлелдесе, екінші бір авторлар тобы дәлелдеу пәнінің мазмұнына таланты колдайтын немесе оған карсылык білдіретін фактілер ғана емес, кұқық бұзушылықтың немесе даудың туындау себептері мен шарттарын да дәлелдеу пәнінің мазмұнына кіреді дегенді айтады. (Ю. К. Осипов) Үшінші бір авторлар: дәлелдеу пәні өзіне мән-жайлардың мынандай 3-тобын камтиды, яғни материалдык-кұкыктык, процессуалдык және дәлелдемелік деген түжырымды үсынса (Д. М. Чечот) /15/; төртінші бір ғалымдар тобы дәлелдеу пәнінін мазмүнын кеңірек камтиды. яғни оған материалдық - күқыктык фактілер, процесуалдык сипатқа ие фактілер, дәлелдемелік және сотта қүкык бүзушылык прфилактикасына кажетті фактілерді кіргізеді (И. М. Зайцев) /4/
Осы айтылғандардың ішінде ең дүрыс пікір бірінші авторлар тобының түжырымы деп сенеміз.
Соттык шешудің пәні даулы материалдык-күкыктык катынас немесе заңды мүдде болып табылады. Ал оның бар немесе жок екені материалдық
кұкык нормаларында бекітілген белгілі заңды фактімен немесе олардын жиынтығымен байланысты.
Занды фактілерді соттың бекітуі даулы құқықтық немесе заңды мүдденің бар немесе жок екенін анықтауға негіз болып табылады. Бұл жерден дәлелдеудің пәні материалдық-құқыктык қатнастардын туындауына, өзгеруіне, қысқаруына негіз болатын заңды фактіні қүрайтынын анықтауға болады.
«Дәлелдеу пәні» - түсінігі бүл соттық зерттеудің шектері немесе көлемі деген үғымды білдіріді. Заң соттағы зерттеудің шектерін бекітпейді, ал дәлелдеудің пәні анык. Оған тараптардың карсылыктары мен талаптарын негіздетін жайттар жатады (Я. Л. Штутин) /12/. Баска фактілер «Сотта зерттеудің шектері» үғымының мазмүнына кіреді. Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдеудің пәні әртүрлілігімен ерекшеленеді. Себебі түрлі азаматтык істерде мән-жайлар мен оқиғалар толығымен бірдей болуы мүмкін емес.
Талап өндісіндегі істер бойынша дәлелдеудің пәні түрлі фактілердің тобынан кұралады:
- Талаптын чегізгі фактісінен
- Талапка карсы карсылыктарын негіздеу фактілерінен
- Қарсы талап негізінің фактілерінен
- Үшікші түлғалардың талабы негізінің фактісінен
Ерекше талап кою сот өндірісінін істері бойынша арыздың негізімен немесе арыз бойынша койылған талапқа қарсылық негізіндегі фактілерімен, ал ерекше өндіріс бойынша арыздың шағымның негізімен және мүдделі түлғалардың баяндау фактілерімен, сипатталады. Дәлелдеудің пәніне кіретін заңды фактілердің мынандай түлері бар:
- Әрекет(әрскетсіздік), оқиға, жағдай;
- Заңды және заңсыз әрекеттер;
- Жағымды және жағымсыз фактірлер;
Дәлелдеу процесінде өтіп кеткен оқиғалар мен фактілер бекітіледі. Сондыктан соттық талқылау барысында дәлелдемелер негізінде өтіп кеткен жағдайлар суреттеліп, фактілер дәлелденеді.
Дегенмен заңды фактілердің барлығы бірдей дәлелдеуге жатады деп айта алмаймыз. Кейбір фактілер дәлелденбей-ак сот шешімінің шығуына негіз бола алады. Сондықтанда ондай фактілер дәлелдеу пәні болып табылады. АІЖК 71-бабында дәлелдеуден босатудың негіздері көрсетілген /10/. Осы бапка сәйкес АІЖК заңды фактілердің төрт тобын дәлелдеуді қажет етпейтін фактілерге жатқызады.
Бірінші топка- жалпыға белгілі фактілер (сотпен жалпыға белгілі деп танылған мән-жайлар), яғни барлык тұлғаларға белгілі мән-жайлар, Е. В. Васьковский өз енбегінде жалпыға мәлім фактілер деп сол жергілікті жердін тәжірибесін игеретін әрбір тұрғынына, сонымен катар судъяларына белгілі болуы тиіс фактілерді айтуға болады деп көрсетеді. Ондай фактілер дәлелдеуді кажет етпейді /16/.
Екінші топка - алдын-ала бекітілген (преюдициалды) фактілер, яғни дәл осы тараптар катыскан басқа істер бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен немесе үкімдерімен бекітілген фактілер.
АІЖК-ң 71-бабының 2-тармағына сәйкес: соттың бұрын каралған азаматтык іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар катысатын баска ззаматтык істерді талкыллү кезінде кайтадан дәлелденбейді. /Ю/
АІЖК-ң 71-бабының 3-тармағына сәйкес соттың кылмыстык іс бйынша күшіне енген талап коюды канағаттандыру күкығы танылатын үкімі, оған қатысты соттың үкімі болған түлға әрекеттерінің азаматтық-күкыктық салдары туралы істі карайтын сот үшін міндетті.
Заңды күшіне енген сот үкімі мүндай азаматтык істі караған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша сондап-ак үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың күкықтык бағасына катысты да міндетті болып табылады.
Үшінші топқа - болжанған фактілер. (предпологаемые или презюмируемые факты) Заңға сәйкес бұл фактілер бекітілген деп саналады және азаматтык істерді талқылағанда дәлелденбейді. АІЖК 71-бабының 4-тармағы бойынша заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтык істер талкылау кезінде дәлелденбейді-мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.
Заңды түрде болжанған фактілер деп - өзге бір фактілердің бар болуы нәтижесінде жалпыға белгілі екендігінің дәлелденгені туралы корытындынын болуы міндетті фактілерді айтамыз. (Е. В. Васьковкий) /16/.
Мысалы: Қауіптіліктің жоғарылығынан пайда болған кінә төмендегі фактілер дәлелденген жағдайда: АК 931-бабының 1-тармағында кызметі айналасындағылар үшін жоғары кауіптілікпен байланысты заңды түлғалар мен азаматтар егер зиян дүлей күштердің немес жәбірленушінін теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары кауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті деп көрсетілген. /І 7/
Төртінші топка - жалпыға мойындалған, түрақты үғымдар. Бүл мән-жайлар егер. тиісті күкыктык ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, дәлелденб, ей-ак бекітілуге түратын жағдайлар. Оларға:
- Осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпықабылданған зерттеу әдістерінің дүрыстығы;
- Адамның заңды білуі;
Адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
- Олардың бар екендігін растайтын қүжатты үсынбаған және арнаулы
даярлык немесе білім алған оку орнын немесе басқада мекемені
көрсетпеген адамда арнаулы даярлыктың немесе білімнің болмауы
дәлелдемелерс*> аныкталған мән-жайлар болып есептеледі.
Бүдан бөлек АІЖК-і дәлелдеуді кажет етпейтін баскада фактілерді үсынады. Ондай нормалар:
1. АІЖК-ң 78-бабының 3-тармағы бойынша тараптын тармағын немесе карсылығын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы ол
тарапты осы фактлерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойынгчған тарап қол қояды.
Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып
тігіледі.
Бұл жерде мәселе даусыз фактілерге байланысты-яғни, бірінші тарап дәлелдеуге міндетті фактіні екінші тарап өзі мойындап койса- онда бұл даусыз факт болып саналады. (Я. Л. Штутин) /12/. АІЖК-ң 78-бабының 4-тармағы бойынша егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру максатымен не алдаудың, күш қолданудың, коркытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, -. . л туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.
- АІЖК-н 66-бабының 10-тармағы бойынша егер тарап сот сұраткандәлелдемені өзінде ұстап калса және оны соттың сұратуы бойыншаұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсыбағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
- АІЖК- ң 91- бабйшың 8-тармағына сәйкес егер тарап сараптамажүргізуге катысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе(сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін кажетті материалдарбермесе, сотка беруге мүмкіндік болмайтын немесе киындык келтіретінөзіне тиісті обьектілерді зерттеуге мүмкіндік бермесе), ал істің мән-жайлары бойынша мүндай тараптың катысуынсыз сараптама жүргізумүмкін болмаса, сот кай тараптың сараптамадан жалтарғанына, сондай-акол үшін оның қаншалыкты маңызы барлығына карай аныктау үшінсараптама тағайындалған фактіні аныкталған немесе жокка шығарылғандеп тануға құкылы. /10/Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу құралдары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz