Армения


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Армения

Жерінің көлемі - 29, 8 мың км. кв

Халқының саны- 3, 2млн

Астанасы - Ереван

Ақша бірлігі - драм

Мемлекеттік құрылымы- федералды республика

Заң шығарушы орган- парламент

Әкімшілік территориялық бірлігі- 11провинция

Маманданған салалары- түсті металлургия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі

Армения солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді.

Тарихы

Армения - қызғылықты оқиғаларға бай тарихы бар ежелгі мемлекет. Әлемдегі көне этностардың бірі болып саналатын армян халқы Армян таулы қыратын біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын мекен еткен болатын. Қазіргі Армения аумағында б. з. д. IX ғасырдың өзінде құл иеленуші ежелгі Урарту мемлекеті болған, ал б. з. д. IV ғасырда Армян патшалығының негізі қаланды. Біздің заманымыздың басында мемлекет аумағында христиан діні тарала бастады. Осылайша жаңа заманның 301 жылы Армения христиан мемлекетіне айналды. Орта ғасырларда гүлденген Армения қалалары сауда мен өнер орталықтары болды. X ғасырдың соңына қарай елдің оңтүстік бөлігін Византия басып алды. Армения бұдан кейін тағдыр тәлкегіне көп ұшырады: сан ғасырлар бойы ел аумағы талай рет сырттан келген жаудың табанында қалды. XVII ғасырда Арменияның екі қуатты көршісі бұл елді екіге бөліл алды; ел аумағының батысы Түркияның, ал шығысы Иранның қарамағына өтті. Кейінірек орыс-парсы соғысының нәтижесінде Шығыс Армения Ресей империясының құрамына енді. Түркияның қол астында қалған Батыс Армения жылдар бойы түрік билеушілерінің қатал езгісінде болды. Бұл қайғылы оқиғалар армян халқының тағдырына елеулі ықпал етті: құртып-жоюдан аман қалған армяндар атақонысын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін армяндардың ірі топтарын осымен түсіндіруге болады.

1922 жылы Армения Грузия және Әзірбайжанмен бірге Кавказ сырты Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының құрамына енді. 1936 жылы КСРО құрамына одақтық республика ретінде кірді. Қазіргі кезде Армения БҰҰ, ТМД мүшесі болып табылады. Республика өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 23 қыркүйегінде жариялады.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Бұл шағын елдің табиғат жағдайлары өте алуан түрлі. Ел аумағының 9/10 бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан, мұның өзі жер қорын шаруашылық мақсатта пайдалануды қиындатады. Елдің оңтүстік-батыс бөлігін Арарат жазығы алып жатыр, мүнда ТМД аумағындағы ең ежелгі және әдемі калалардың бірі болып саналатын ел астанасы Ереван орналасқан.

Арменияның таулы бөлігі сейсмикалық жағынан қауіпті ауданға жатады, соңғы жойқын жерсілкішсі 1988 жылы Спитак қаласы маңында болды. Арменияның ең биік нүктесі - елдің солтүстігінде орналасқан Арагац тауы (4090 м) . Ел аумағында түсті металдардың едәуір мол қоры шоғырланған. Әсіресе мыс кең орындары айрықша көзге түседі. Олар елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-бастысында орналасқан. Мыстан басқа, Армения молибден кең орындарымен, алуан түрлі құрылыс материалдарымен (мәрмәр, гранит, туф және т. б. ) әйгілі.

Ел аумағы субтропиктік белдеуде жатыр. Қаңтардың орташа температурасы 0°С-тан 12°С -ка дейін, ал шілденің орташа температурасы +18°С-тан +24°С-қа дейін ауытқиды. Жылдың жауын-шашынның ең көп мөлшері (900 мм) Кіші Кавказдың батыс беткейлерінде түседі, ал Арарат аңғарында оның көрсеткіші бар болғаны 220 мм ғана. Сол себепті егістік алқаптары қолдан суаруды қажет етеді. Елдің шығысында, Әзірбайжанмен шекараға жақын жерде Севан тау көлі орналасқан. Көл суы әрқашан салқын, тіпті жаздың өзінде оның жағалауында салқын леп соғып тұрады. Көл айналасында ұлттык саябақ ұйымдастырылған. Севанға жақын манда минералды бұлақтар негізінде жұмыс істейтін Джермук, Арзни және басқа сауықтыру орындары орналасқан. Өзен торы біркелкі таралмаған, ол тек биік таулы аудандарда жиірек. Елдегі ең ұзын өзен - Аракс.

Халқы

2008 жылдың соңына қарай Арменияда 3, 3 миллион халық тұрды, халықтың орташа тығыздығының көрсеткіші 1 км 2 -ге 108 адамнан келді. Жер бедерінің күрделі болуы халықтың қоныстану сипатына да ықпал еткен: Армения халқының жартысынан астамы Арарат жазығында тұрады. Табиғи өсу жыл сайын қысқарып келеді, қазіргі кезде оның көрсеткіші 4‰-ге тең. Қала халқының үлес салмағы - 67%. Арменияны бірұлтты елдер қатарына қосуға болады, өйткені оның халқының 94%-ын армяндар құрайды. Басқа ұлттар арасында орыстардың, күрдтердің, грузиндер мен гректердің саны біршама. Өз атаулары - хай. Тілі - армян, үндіевропалық тілдердің дербес тармағы болып табылады. Екі үлгісі бар: батыс және шығыс, оны қазіргі Армения Республикасының халқы қолданады. Діні - монофизиттік бағыттағы христиандық. Армения әлемде христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдаған бірінші ел (301 жылы) .

Армяндардың ХІХ ғасыр соңы - ХХ ғасыр басындағы тұрғын үйлерінің терезелері үлкен, бір немесе екі қабатты құрылыс болып келген, шатыры жабынқышты екіеңісті, сондай-ақ ашық верандасы болған. Төменгі қабатында шаруашылық үйжайлар орналасқан.

Ерлер мен әйелдердің дәстүрлі киімі негізінен аласа жағалы жейде мен кең шалбардан тұрған, әйелдердің шалбары бүріліп, тобық тұсында бекітілген, ал ерлерде ол жалпақ шұлғаумен оралған. Сыртынан черкеска (ерлерде) және көйлек (әйелдерде) үлгісіндегі сыртқы киімнің әр түрлерін киген. Белбеу, ал әйелдер, көбінесе ұзын шарф байланған. Әйелдер міндетті түрде сәнді кестелі алжапқыш жапқан. Әсіресе, алтын жіппен өрнектелген барқыт немесе шұғадан тігілген некелік алжапқыштар әдемі болған. Мех, киіз немесе тоқыма баскиім киген, ал әйелдер - түрлі әшекейлері бар жиек салынған жамылғы жамылған.

Армяндардың ас мәзірі сан түрлі болып келеді. Хашлама, әйгілі хаш көже (дірілдектің ыстық күйінде пайдаланатын түрі), сиыр етінен пісіріліп яйни қақөрігі қосылған көже, кюфта, толма, бастурма, түрлі палау - анар (нров плав), қақталған балық (плав апхтац дзков) немесе кептірілген жеміс (чров плав) қосылған палаулар көбірек тараған. Істікте қуырылған севан форелі - ишхан хоровац армяндардың ең сүйіп жейтін асы. Хороващ - шошқа етінен әзірленген кәуәп армяндардың басты мерекелік дәмі болып табылады. Барлық тағамдарға аскөк және ашытпай пісірілген жұқа нан - лаваш міндетті түрде беріледі, лаваш осы күнге дейін балшықтан соғылған пеш - тонирде ескі технологиялар бойынша пісіріледі.

Шаруашылығы

Соңғы онжылдықта ТМД-ның басқа да жас , Арменияда да экономиканың құлдырауы басым болды. халықтың әл-ауқаты да төмендеп кетті. Қазіргі кезде ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші бар болғаны 560 АҚШ долларына тең (бұл ТМД бойынша ең ) . Елдегі жұмыссыздар саны 109 мың адамға жеткен, бұл ЭБХ-тың 9%-ын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Армения ТМД елдері арасында 1-орын алады.

Өнеркәсіпүлесіне ЖІӨ-нің 34%-ы тиесілі. Өнеркәсіп құрылымында машина жасау басым, әсіресе прибор және станок, радиотехника мен электроника жасау жақсы дамыған. Өнеркәсіптің байырғы салаларының бірі - жергілікті шикізат көзіне негізделген түсті металлургия. Бұл саланың жекелеген кәсіпорындары электр жұмысын тоқтатқан. Елде мұнай мен табиғи газ қоры жоқ, мұның өзі елді энергия көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге кедергі болуда. ЭлектрэнергиясыАрмян АЭС-і мен Раздан өзеніндегі СЭС жүйесінде өндіріледі. Соған қарамастан жыл сайын жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру азайып келеді.

, бағдарланған тамақ енеркәсібі тұрақты дамып келеді. түрлері (шарап, коньяк, жеміс консервілері) республикадантыс жерлерге көп сатылады. өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді.

Агроөнеркәсіптік кешенде жүзім шаруашылығы менжемісөсіру жетекші орын алады. Жүзімдіктер мен жеміс бақтарының көпшілігі Арарат аңғарының суармалы алқаптарында орналасқан. Мұндамақта, бадам, зәйтүн жәнекөкөнісбасым таралған. Жайылымдықмал шаруашылығы кең қанат жайған. Тауларда бидай мен арпа өсіріледі. Жалпы алғанда, жыртылатын жерлерауыл шаруашылығыжерлерінід 2/5 бөлігін құрайды. Қазіргі кезде елдің ауыл шаруашылығы табиғисипаталған, яғни елазық-түлікпенөзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылуда. Соған қарамастан астық, сүтжәне ет ендіру көлемі қысқарған.

Сыртқы саудадағы негізгі бағыт - импорт көлемінің ұдайы артуы, ол экспорт көлемінен әлдеқайда артық болып отыр. Ел мазут, табиғи газ, ауылшаруашылық өнімдерін сырттан сатып алуға мәжбүр. Елдің сыртқы экономикалық байланыстардағы негізгі әріптестері Ресей (20%), Иран және Түрікменстан болып табылады.

Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мағлұматтар

1992 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылдан Қазақстанда Армения Республикасының елшілігі ашылды.

Қазақстан Республикасының АР-дағы Елшісі А. Бозжігітов (2006 жыл, қазан) Армения Республикасының ҚР-дағы Елшісі Л. Хачатрян (2006 жыл, қаңтар) .

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Армения екі жақты қатынастары достық және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде дамып келеді.

Армения Республикасының Президенті Р. Кочаряннің Қазақстанға ресми сапары (1999 ж. 1-2 қыркүйек) барысында Қазақстан Республикасы мен Армян Республикасы арасындағы негізгі қатынастар туралы Шартқа (1993 ж 19 қаңтар) және Қазаққстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы Шартқа қол қойылды.

2001 жылғы 23-24 мамырда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Армения Республикасына бірінші ресми сапары барысында өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары айқындалды.

2006 жылғы 1 шілдеде Армения Сыртқы істер министрі В. Осканянның елімізге ресми сапары болды. Сапар барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен болған кездесуде дипломаттар халықаралық қатынастың негізгі мәселелерін және екі жақты қарым-қатынастарды талқылады.

Сауда-экономикалық қатынастар

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2006 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналым 16, 4 млн. долл. (экспорт - 13, 9 млн. долл., импорт - 2, 5 млн. долл. ), 2005 жылы 45, 2 млн. долл. (экспорт - 43, 1 млн. долл., импорт - 2, 1 млн. долл. ), 2004 жылы - 15, 1 млн. долл. (экспорт - 13, 5 млн. долл., импорт - 1, 6 млн. долл. ), 2003 жылы - 6, 7 млн. долл. (экспорт - 5, 8 млн. долл., импорт - 0, 9 млн. долл. ) құрады.

Қазақстаннан Арменияға бидай, мұнай және оның өнімдері экспортталады.

Армениядан Қазақстанға алкогольдік және алкоголь емес сусындар, химия өнімдері, машиналар және құралғылар импортталады.

Сауда айналымыныңдеңгейі төмен болуының бірден бір себебі - үшінші елден жүк тасымалдау тарифтері жоғары болып отыр. Екінші мәселе, армян-әзербайжан жанжалының шешілмеуі себепті Арменияның Әзербайжан мен Түркия тарапынан көліктік блокадада қалып қоюында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Армения арасындағы саяси дипломатиялық қатынастар
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Армения елі жайлы жалпы сипаттама
Армения, Әрменстан
Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастар
Грузияның ауыл шаруашылығы
Армян тілі
Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен қарым - қатынастары
Саясаттану парадигмалары
Кавказдағы түркі халықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz