ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертация Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының қалыптасуының конституциялық-құқықтық негіздерін, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметтерінің ерекшеліктерімен, Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қызметін жетілдіру жолдары мәселелерің жарық көрген кешенді зерттеуді білдіреді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, құқықтық және демократиялық мемлекет құруды қолға ала бастады. Құқықтық мемлекет құру әрине бір күндік шаруа емес және ол бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында туындалған қиындықтарға мойынсынбай еліміз құқықтық мемлекет құру үшін алға қадам басып келе жатыр.
Дегенмен, елімізде кейінгі жылдары тиімді жүргізіліп отырған сот – құқықтық реформа арқылы біз көптеген жетістіктерге қол жеткізе алдық. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан халқы басым көпшілік дауыспен жаңа Конституцияны қабылдады. Бұл негізгі заң елімізді құқықтық және демократиялық мемлекет деп жариялады.
Соның нәтижесінде, еліміздің жаңа Конституциясына негізделген көптеген заңдар қабылдана бастады. Солардың ішінде, әсіресе 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратурасы туралы» заңы ерекше орында тұрады.
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының заңы демократиялық сипаттағы заңға жатады. Оның басты идеясы – Қазақстан Республикасының дұрыс ұйымдастырылған мемлекеттік органдарды енгізу болды.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының «Прокуратурасы туралы» заңы бұрынғы қолданылып келген ережелерді қайтадан жаңғартып қана қоймай, бірқатар жаңа ережелерді де енгізді. Соның нәтижесінде, прокуратураның көптеген институттары жаңаша түсінікпен түсіндірілді. ҚазССР прокуратурасында шешілмей келген көптеген ережелер жаңа заңда өз шешімін тапты.
Әсіресе, мемлекеттік биліктердің тармақтарымен іс – қимыл жасау қызметтері. Мемлекеттік билік тармақтарымен өзара қызмет жасау мемлекеттің міндеттерін тиімді орындауға әсер ететін қызметтер болғандықтан, олар заңдармен қатаң реттеліп отырылуы тиіс.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанды дамыту стратегиясы – 2030» Қазақстан еліне жолдауында қоғамды демократияландырудың алдағы мәселеріне аса көңіл аудару қажеттілігін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды атап көрсетті: сондай – ақ ол көрсетілген міндеттерге қол жеткізуге прокуратураның маңызды рөліне бірнеше рет ерекше көңіл аударды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл, 30 тамыз. (өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 2007ж. мамырдың 21 –i №254-III)// Егемен Қазақстан 22 мамыр 2007 ж.
2. Котов А.К., Котов А.А. Конституционное предназначение института прокуратуры // Правовая реформа в Казахстане.2004 г.,№4
3. Бахтыбаев И.Ж. Конституционный надзор прокуратуры Республики Казахстан. Алматы. Жеті жарғы. - 2000 г.
4. Юридическая энциклопедия. Под.ред. Б.Н.Топорнина М., 2001 г.
5. Садыбеков А. Правозащитная функция прокуратуры // Правовая реформа в Казахстане, 2007 г., №3
6. Алебастрова И.А. Конституционное право зарубежных стран, М.: Юриспруденция, 2000 г.
7. Григорьев Н. Прокурорский надзор. М.: Эксмо, 2006 г.
8. Новые конституции стран СНГ и Балтии / Под ред. проф. Н.А.Михалевой 2-е изд. М., 1997 г.
9. Аюпова З.К. Правоохранительные органы в период становления правового государства в Республике Казахстан.-Алматы, 1997г.
10. 1993 жылғы 28 қаңтардағы ҚазКСР Конституциясы. Алматы, 1988.- 12 с.
11. Скворцов И.В. Прокурорский надзор. М., 1991. 399 б.
12. 2000 жылғы 25 шілдедегі №132-2 "ҚР сот жүйесі жөне қазылар мөртебесі туралы" Конституциялық заңы //Алматы, Юрист, 2007.- 166 б.
13. Жедел-іздестіру қызметі туралы Зан. Құкык қорғау органдары: Заңнамалық актілер жинағы. //Алматы: Юрист, 2003 ж - 87 бет.
14. Журсимбаев С.К. Прокурорский надзор в РК. Алматы, 2003. 269 бет.
15. Скворцов И.В. Прокурорский надзор. М., 1991. 53 бет.
16. Бахтыбаев И.Ж. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау. Алматы: "Жеті Жарғы", 2000 ж. - 58 б.
17. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы» Заңы 1995 ж. 21-желтоқсанда қабылданған. //Алматы: Юрист, 204 б.
18. Темушкин О.П. Проблемы прокурорского надзора на современном этапе// Проблемы совершенствования прокурорского надзора. Материалы научно-практической конференции. М., 1997 г. С. 441 б.
19. Протопопов А.Л. Место и роль прокуратуры в системе гос. органов. М., 1998.- 663 б.
20.Мухамеджанов Э. Суд и прокуратура - два крыла правозащиты // Юрист 2004 г. №3

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 349.4 : 347.9. (574)
Қолжазба құқығында

Ембергенов Марат Бекназарұлы

ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері

12.00.06 – конституциялық құқық;
мемлекет басқару

заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындаған диссертациясының

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Астана, 2011

Диссертациялық зерттеу жұмысы Қазақ гуманитарлық заң университетінің
конституциялық құқық мемлекет басқару кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: Шарапатова Г. С.
заң ғылымдарының
кандидаты, доцент

Диссертация 2011 жылдың ____ __________ сағат _____ Қазақ
гуманитарлық заң университетінің заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
беру жөніндегі Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен жайы: Астана қ., Есіл ауданы., Қорғалжын тас жолы, 8.

Диссертациямен Қазақ гуманитарлық зан университетінің
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2011 жылы ____ қарашада таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
заң ғылымдарының докторы Аленов
М.А.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертация Қазақстан Республикасында
прокуратура органдарының қалыптасуының конституциялық-құқықтық негіздерін,
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметтерінің
ерекшеліктерімен, Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының
қызметін жетілдіру жолдары мәселелерің жарық көрген кешенді зерттеуді
білдіреді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің
тәуелсіздігін жариялап, құқықтық және демократиялық мемлекет құруды қолға
ала бастады. Құқықтық мемлекет құру әрине бір күндік шаруа емес
және ол бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарында туындалған қиындықтарға мойынсынбай еліміз құқықтық
мемлекет құру үшін алға қадам басып келе жатыр.
Дегенмен, елімізде кейінгі жылдары тиімді жүргізіліп отырған сот
– құқықтық реформа арқылы біз көптеген жетістіктерге қол жеткізе
алдық. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан халқы басым көпшілік дауыспен жаңа
Конституцияны қабылдады. Бұл негізгі заң елімізді құқықтық және
демократиялық мемлекет деп жариялады.
Соның нәтижесінде, еліміздің жаңа Конституциясына негізделген
көптеген заңдар қабылдана бастады. Солардың ішінде, әсіресе 1997 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы заңы ерекше
орында тұрады.
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының заңы демократиялық
сипаттағы заңға жатады. Оның басты идеясы – Қазақстан Республикасының
дұрыс ұйымдастырылған мемлекеттік органдарды енгізу болды.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы заңы
бұрынғы қолданылып келген ережелерді қайтадан жаңғартып қана қоймай,
бірқатар жаңа ережелерді де енгізді. Соның нәтижесінде,
прокуратураның көптеген институттары жаңаша түсінікпен түсіндірілді.
ҚазССР прокуратурасында шешілмей келген көптеген ережелер жаңа заңда
өз шешімін тапты.
Әсіресе, мемлекеттік биліктердің тармақтарымен іс – қимыл жасау
қызметтері. Мемлекеттік билік тармақтарымен өзара қызмет жасау
мемлекеттің міндеттерін тиімді орындауға әсер ететін қызметтер
болғандықтан, олар заңдармен қатаң реттеліп отырылуы тиіс.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстанды дамыту стратегиясы – 2030
Қазақстан еліне жолдауында қоғамды демократияландырудың алдағы
мәселеріне аса көңіл аудару қажеттілігін, заңдылық пен құқықтық
тәртіпті нығайтуды атап көрсетті: сондай – ақ ол көрсетілген
міндеттерге қол жеткізуге прокуратураның маңызды рөліне бірнеше рет
ерекше көңіл аударды.
Осы мемлекеттік биліктер ішінде атқарушылық билік тармағымен қарым-
қатынас жасау ерекше орында тұрады. Сондықтан, 2008-2010 ж.ж. арасында
ҚР-ның анықтау мен тергеу органдары қызметтерінде заңдылықтың сақталуы
мәселелері туралы азаматтар прокуратура органдарына 22283 шағымдар мен
өтініштер берсе, олардың 5019-ы қанағаттандырылды. 2007 жылы прокуратура
органдары 1049 негізсіз қылмыстық іс қозғау туралы қаулылардың, 2008
жылы - 1269 қаулылардың, 2009 жылы – 1420 қаулылардың, 2010 жылы 1563
қаулылардың күшін жойды. Соның нәтижесінде, тек ҚР Ішкі істер органдары
бойынша 2008 жылы 228 азамат, 2009 жылы 280 азамат, 2010 жылы 246 азамат
қылмыстық жауапқа заңсыз тартылғандығы анықталынды. Қамауға алу үшін
негіздердің болмауы салдарынан 2007 жылы 4743 тұлға, 2008 жылы 4122 тұлға,
2009 жылы 3810 тұлға, 2010 жылы 3764 тұлға қамаудан босатылды. Қылмыстың
жасалуына күдік расталмағаны үшін прокурорлар 2007 жылы 120
тұлғаны, 2008 жылы 105 тұлғаны, 2009 жылы 95 тұлғаны, 2010 жылы 45 тұлғаны
босатты.
Құқық қорғау органдары, өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектелуіне әсер ететін
болғандықтан барлық қызметтерін аса жауапкершілікпен жүзеге асырып отыруды
да міндетті.
Құқық қорғау органдары көп жағдайда әлі де болса азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары шектеліп отыратындығын ескерсек, онда олардың
қызметтерін қадағалау біршама қызығушылық тудыратындығын көреміз.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметтерінің
көптеген ережелерін жан – жақты реттеуіне өз септігін тигізгенімен,
әлі де болса бірқатар теориялық және практикалық жетіспеушіліктер орын
алып отыр. Ол туралы заң әдебиеттерінде де қозғалып келеді.
Прокуратура қызметтерінің мәселелері бір жақты келісілмегендіктен
(заңда және заң әдебиеттерінде) бізді аталған өзекті мәселе бойынша
дипломдық жұмысты алуымызға түрткі болды.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Құқықты мемлекетті құру кезінде үлкен
қастандық әрекетсіздік және мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдардың тарапынан заңдарды және заңға сәйкес актілерді сөзсіз
тікелей бұзуы болып табылады. Осыған сәйкес, мемлекеттік билік
органдары қызметтеріндегі заңдылық пен тәртіпті мемлекет тиімді
қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен, Қазақстан Республикасының барлық
жерлерінде заңдар мен заңға сәйкес актілердің дәл ғана емес, сондай
–ақ бірыңғай қолданылуына қол жеткізуге болады. Құқық актілерді
бірыңғай түсіну мен қолдану мемлекеттік құқықтық қатынастардың барлық
қатысушыларына - мемлекеттік орган, сондай –ақ жеке және заңды
тұлғаларға қатысты. Жүргізілген сот – құқықтық реформаларға байланысты
прокуратура органдарының қызметі жоғары қадағалаудың іске асырудың
барлық бағыттарында айқын бейнеленген маңызды қайта құруларға төтеп
берді.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының мемлекеттік органдар
жүйесіндегі орны мен маңызы туралы зерттеумен, дәлірек айтқанда осы салаға
қызығушылық танытып, аталған құқықтық-теориялық мәселелерін
қарастырғандардың қатарында, отандық авторлардан: Р.Н.Ақпарова, М.С.
Нәрікбаев, Т.О. Ашляев, М.М.Әлиев, Л.Ш. Берсүгірова, С.Баймухаметов, З.Х.
Баймолдина, Д.И.Байтұкбаев, Н.А.Бекбергенов, И.Ж.Бахтыбаев, Г.Досбол,
Ж.О.Жамашұлы, С.Журсимбаев, Л.Исагулова, М.Х.Келдібаев, К.Камзабаев,
З.Лақпаев, Е.С. Мерзадинов, С.Д.Оспанов, Ғ.К.Өтебаев, Р.Қ.Өгебаев,
Г.Тогизбаев Г.
Ал, Ресейлік авторлардан, В.Б.Алексеев, В.И.Басков, Ю.Е.Винокуров, О.А.
Галустьян, А.В. Ендольцев, А.А.Огородников, А.Л.Протопопов, Н.Х.
Сафиуллина, Ю.И.Скуратов, О.П. Темушкин және т.б.
Қарастырып отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына
қатысты қазақша материалдардың тапшылығына қарамастан біздер осы мәселеге
қатысты құқықтық - теориялық зерттеудi жүзеге асыруға ұмтылыс
жасап отырмыз.
Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және басқа да шет
мемлекеттердің прокуратура органдарының конституциялық мәртебесін зерттеу
тарихи тұрғысынан да қызықты. Олардың қызмет процесінің барысында жүзеге
асырылған мақсаттар мен міндеттердің ортақтылығымен, бірыңғай тарихи
тамырларымен ерекшелінеді. Әр мемлекеттің өзгешілігі, дамудың қазіргі
кезендік өзгешілігі осы органның қызметін ұйымдастыруда белгілі бір
ерекшеліктерді енгізеді. Осыған байланысты ғылыми көзқарас тарапынан ТМД
елдерінің прокуратура органдарының құрылуы мен дамуының жалпы және ерекше
анализі қызушылықты тудыртады. Осындай тұрғыдан басқа мемлекеттердің ең
табысты және жағымды шешімдерін қолданысқа алып, тәжірибесін тиімді
пайдалану мүмкіндігін арттырады.
Сонымен қатар прокуратура органдарының қызметі туралы сұрақтар да әр
түрлі шешіледі. Ең басты даулы кездердің бірі болып жалпы бақылау тағдыры
табылады.

Зерттеу объектісі. ҚР прокуратура органдарының конституциялық
құқық негіздері болып табылады.
Зерттеу пәні ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
қалыптасатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін түрлі салалық тиістіліктегі
құқықтық нормалардың кешені болып табылады.
Зерттеу мақсаты және міндеттері. Қазақстан Республикасының прокуратура
органдарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен маңызына қатысты
теориялық зерттеудiң басты мақсаты болып жалпы Қазақстан
Республикасының прокуратура органдарының пайда болуы және дамуын, Қазақстан
Республикасының прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық негіздерін
және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының мемлекеттік
органдар жүйесіндегі орны мен маңызын құқықтық -теориялық негiздерiн
саралау арқылы мәнін ашып көрсету болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн төмендегiдей мiндеттер
белгiленедi:
-прокуратура органдарының пайда болу, қалыптасу және даму кезеңдерін
саралау;
-тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдарына теориялық талдау жасау;
-Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен
қызметтерінің принциптерін қарастыру;
-прокуратура органдары қызметтері мен ұйымдастырылуының құқықтық
негіздерінің жалпы сипаттамасына құқықтық және теориялық өлшемдерге сыни
сараптама жасау;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесіндегі
прокуратураның орны мен рөлін анықтау;
-прокуратура Қазақстан Республикасы Президентінің өзара іс-қимыл жасау
түрлерін негіздеу арқылы айқындау;
-прокуратура мен заң шығару билігін қарастыру;
-прокуратура және атқарушылық билік мәселесін анықтап, оларға талдау
жасап, бұл мәселелерді ұтымды шешудің жолдарын қарастыру.
Бәрімізге белгілі, заңдардың тура және бірегей қолданылу кепілдігіне
прокуратура органның жұмысы, оның құрылысы мен дамуы қызмет етеді. Өзіне
артылған міндеттерді нәтижелі орындау үшін, заңдарды қолдануда прокуратура
органның ұйымдастырушылық - құқықтық өкілеттілігі кеңейтіліп, прокуратура
органдары өз қызметін әрдайым жетілдіру жолында.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің құрылуы
толығымен аяқталған жоқ. Заңнама әрдайым өзгеріске ұшырайды және жетіліп
тұрады. Заңнаманы жетілдіруде қолайсыз құбылыстар да кездеседі. Әсіресе,
қылмыстылық өсу үстінде. Осындай жағдайлар шеңберінде прокуратураның
қызметін ұйымдастырмен байланысты мәселелердің анализі аса маңызды сипатқа
ие болып отыр, әсіресе, өзінің басты мақсаты ретінде заңның жоғарлығын,
заңдылықтың бірлігі мен нығайтылуын қамтамасыз ететін маңызды құқық қорғау
органдарының бірі болып табылатын, оның конституциялық құқықтық мәртебесіне
көп көңіл бөлінеді. Туындаған жаңа жағдайлар шеңберінде прокуратураның
құрылу процесі, оны демократиялық қағидалармен келістіру талпыныстары ір
түрлі мемлекеттерде өз ұлттық құқыөтық жүйелерінде прокуратура органдарын
түрлі түсінуге және оның мемлекеттік құқықтық институттардың арасында
алатын орнын анықтауға әкеліп соғады.
Осы ғылыми зерттеу барысында келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды:
біріншіден, қазақстандық прокуратура органдарының құрылуы мен дамуына
анализ жасау арқылы конституцияның, қолданыстағы заңнаманың өзгеруінің
негізгі тенденцияларын айқындау; екіншіден, прокуратура органдары туралы
жаңа заңнаманы қарастыру арқылы прокуратураның тиімдісін және сапалысын өз
тәжірибесіне алу.
Жұмыстың нормативтік базасын ҚР Конституциясы, ҚР Жоғарғы Сотының
нормативтік қаулылары, ҚР Бас Прокуратурасының бұйрықтары мен нұсқаулықтар
және басқа да ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
бойынша реттейтін нормативтік-құқықтық актілер құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің ғылыми жаңалығы –қазақстандық
және шетелдік прокуратура органдарының конституциялық мәртебесінің
қалыптасуы мен дамуының зерттелуі мен салыстырмалы анализі алғаш рет
қолданылып отыр. Шетел және ТМД елдерінің қолданыстағы конституцияларының
прокуратура органдарының жүйесі және құрылымы, прокурорларды тағайындау
және қызметінен босату тәртібі, олардың қызмет ету мерзімдері, прокуратура
қызметін ұйымдастыру қағидалары туралы нормалары жан-жақты және айқын
қарастырылды. Конституциямен қатар жұмыс барысында шетелдік құқықтық
актілер қолданылды, Әсіресе, прокуратура органдары жайында арнайы заңдар
және процессуалдық заңнама. Осы нормативтік-құқықтық актілерде
конституцияда бекітілген ережелерді дамыту және нақтылаубірінші орында.
Дипломдық жұмыста прокуратура органдарының билік бөлініс жүйесінде алатын
орнына басты көңіл аударылған. Осы мәселе әр түрлі мемлекеттерде түрлі
жолдармен шешіледі. Белгіленген мәселеге арналған конституциялық және басқа
да ережелерді жан – жақты зерттеу жүргізілді. Тақырыпты зерттеу шеңберінде
бірнеше жаңа анықтамалар және прокуратура туралы заңнаманы жетілдіру
бойынша бірқатар іс шаралар ұсынылады.
Қорғауға шығарылған ұсыныстар мен қорытындылар.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде жұмыста дәйекті негізделген автордың
мынадай ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары қорғауға шығарылады:
1. Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды жүзеге асыру үлкен әлеуметтік құндылығы бар екендігін
дәлелдеп көрсеттік, сондықтан сол мәселенің қалыптасуы мен дамудың
заңдылығын зерттеудің тек гносеологиялық қана емес, сондай – ақ
тәжірибелік маңызы да жоғары. Аталған қызметтің әлеуметтік маңызы сол,
ол тек құқықтық мемлекет құру жолына түскен қоғам үшін ғана емес,
сондай – ақ құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына мұқтаж болатын
азаматқа да өте қажетті. Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
мәселелері қазіргі уақытта тек теория мен тәжірибеде өзекті мәселеге
айналып қоймай, сондай – ақ адамзаттың өмірлік негізіне әсер ететін
қоғамдық мәселеге айналып отыр.
2. Прокурорлық қадағалау қағидалары негізінен жалпылама мазмұндық
сипатқа ие. Себебі, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, қоғамның
барлық саласын тұтастай қамтиды деп айтуға болады. Сондықтан да,
прокурорлық қадағалау қағидалары әртүрлі болғанмен іс жүзінде олар
жалпылама, жаппай қадағалау деген ұғымға сәйкес келеді.
Прокуратураның ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары – бұл
негізгі алынатын, басқарушы, прокуратура қызметінің оған қойылатын
негізгі талаптардың аса маңызды ерекшеліктері мен көпқырлы белгілерін
анықтайтын ережелер.
Прокуратура органдарының қызметтері мен ұйымдастыруларының құқықтық
негіздері ҚР Конституциясымен, ҚР АІЖК, ҚР ҚІЖК, ҚР ӘҚК, ҚР Прокуратура
туралы Заңымен, ҚР басқа зандарымен халықаралық-құқықтық шарттарымен,
сондай-ақ ҚР Бас прокурорының және төменгі тұрған прокурорлардың құқықтық
актілерімен анықталады.
Прокуратура биліктің барлық құрылымдарының мүдделері үшін әрекет етеді,
олармен өзара іс-қимыл жасайды, кейбір мағынада оларға қызмет көрсетеді.
Прокуратура - бұл барлық мемлекеттік билік құрылымдарының өкілеттіктерінің
(ұйғарымдарының) іске асырылуын заңды актілердің нақты орындалуын жоғары
қадағалау жолымен бақылау құралы, механизмі.
3. Сот процесіне прокурордың қатысуы бұл прокуратура органының
дербес қадағалау қызмет түрі болып табылмайды. Заңдылықты қамтамасыз
ету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыра отырып, прокуратура басқа да
мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды. Сондықтан олардың
құзыреттерінің ара қатынасын зерделеу прокуратураның мемлекеттік
механизмінің жүйесіндегі орнын нақтылауды ғана емес, осындай
ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шараларды ұсынуға
мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президенті туралы Конституциялық
заңның 13-бабына сәйкес Президенттің прокуратура органдарына қатысты
өкілеттіктері мынадай:
1) Сенаттың келісімі бойынша Бас прокурорды лауазымына 5 жыл мерзімге
тағайындайды; оны қызметінен босатады;
2) Бас прокурордың ұсынысы бойынша республика Бас прокурорының
орынбасарларын лауазымдарына тағайындайды және оларды қызметінен босатады;
3) жыл тоқсанында кемінде бір рет еліміздегі заңдылық жағдайы туралы
Бас прокурордың есебін тыңдайды.
Президент Үкіметтің, облыс, республикалық маңыздағы қалалардың және
елорда әкімдерінің және оған бағынысты әрі есеп беретін мемлекеттік
органдардың, олардың ішінде прокуратураның да актілерінің күшін
Конституцияға сай болмауына байланысты толық немесе жартылай жоюға немесе
тоқтатуға құқылы.
Бас прокурордың наразылығы мен қорытындылары негізінде, сондай-ақ,
заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы прокуратураның ақпараты негізінде де
осы топтың өкілеттіктерін Президент жүзеге асыра алады, тексеріс
мемлекеттің жоғары лауазымды адамының тапсырмасы бойынша да жүргізілуі
мүмкін.
Қазақстан Республикасында прокуратура тәуелсіз орган бола тұрып, заң
шығару үкіметіне жақын болып келеді. Үзіліссіз қадағалауды жүзеге асыра
отырып, парламентпен қабылданған орындауда эпизодтық сипаттағы емес,
парламенттің функцияларының жартысын орындайтын орган.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізін танымның жалпығылыми
әдістері құрады: диалектикалық, тарихи, логикалық-теоретикалық, жүйелі-
құрылымдық. Сонымен қатар, арнайы әдістер: формальды-құқықтық, тарихи-
құқықтық, салыстырмалы құқықтық.
Зерттеудің теориялық құндылығы және тәжірибелік маңыздылығы.
Диссертацияның материалдары осы саладағы одан әрі зерттеулер үшін негіз
бола алады. Оның ұсыныстары мен қорытындылары, прокуратура органдарының
қызметін реттейтін заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруде,
сондай-ақ студенттерді прокуратура, конституциялық құқық курстары бойынша
даярлаудың оқу процесінде пайдаланыуы мүмкін.
Автор диссертациялық зерттеулердің нәтижелерін ғылыми жарияланымдарда
көрсеткен. Диссертация авторының қорытындылары мен ұсыныстары ғылыми-
практикалық конференцияларда жарияланған.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және жариялануы. Диссертациялық
зерттеу жұмысы Қазақ гуманитарлық заң университетінің конституциялық
құқық, мемлекет басқару кафедрасында орындалды. Ғылыми жұмыстың, оның
ішінде теориялық тұжырымдар мен жетілдіруге арналған ұсыныстар, аталған
кафедра отырысында талқыланып, жүзеге асырылды және ізденуші қатысқан
республикалық және халықаралық конференцияларда баяндалды.
Диссертациялық зерттеудің құрылымы мен көлемі. Зерттеудің көлемі
мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы оның
тақырыбына, сипатына, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне негізделген.
Диссертация кіріспе, үш бөлімінен, тоғыз бөлімшеден, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі диссертация мен
авторефератты жазудағы талаптардан тұратын нұсқауларға сай келеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі негізделіп, мәселенің
жетілдіру деңгейі көрініс тауып, сонымен қатар, зерттеудің мақсаты мен
міндеттері қалыптасады, оның бастама идеясы, ғылыми жаңалығы және
тәжірибелік маңызы сипатталып, қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар
ашылады. Сонымен қатар, зерттеудің әдістері мен қайнар көздері сипатталады.

Бірінші тарауда Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының
қалыптасуының конституциялық-құқықтық негіздері заң әдебиетінде айтылған
прокуратура органдарының қалыптасуының тарихи және құқықтық аспектілерінің
түсінігі, мазмұны және жіктелуі туралы пікірлер зерттеліп жалпы құқықтық
талдау жасалған.
Диссертацияның 1.1 Қазақстанда прокуратура органдарының қалыптасуының
тарихи және құқықтық аспектілері бөлімінде Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес біздің мемлекет президенттік басқару нысаныдағы
біртұтас мемлекет [1]. Ол Конституцияға және заңдарға орай заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөліну үрдісімен және төзімділік пен қарама
– қарсылық жйесін пайдалану арқылы бір – бірімен өзара байланыс жасау
жолымен іске асырылады. А.К.Котов пен А.А.Котовтың негізделген пікірін
есепке алатын болсақ, билікті бөлу қағидасы толық және түпкілікті түрде
аты аталған үштік билігін мемлекеттік басқару көлемінің барлық мөлшерін
бөліп тастау деп қарауқы болмайтындығын аңғартады [2, 3 б.]. Оның мәні –
жүйелі, біртұтас құрылымды жүзеге асыратын мемлекет қызметінің түрлерін
нақты белгіленгендей жүзеге асыратындығында, соған қарамастан мемлекеттік
органдар билігінің кез келген тармағының ықпалына түспей, осы заманғы
мемлекеттің ішкі қызмет аясының міндеттерін орындайтындығын атаған орынды.
Осындай органға Конституцияны, заңдарды және заңға бағынышты актілерді,
бірыңғай және нақты қолданылуына мемлекет атынан жоғарғы қадағалауды іске
асыратын республика прокуратурасын жатқызыға болады.
И. Бақтыбаевтың пікіріне қарағанда, прокуратураның іс - әрекеті
Мемлекет басшысымен, Парламентпен, Үкіметпен және соттармен өзара қарым –
қатынаста көрініс табады. Президент – мемлекет басшысы, оның ең жоғары
лауазымды тұлғасы, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтар мен бостандықтарының нышаны және
кепілі. Биліктің үш тармағынан жоғары тұрып, ол арбитрдің рөлін атқарады,
мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет
органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Барлық
мемлекеттік органдар қалай болса да, Президентке иеліп жүгінеді [3, 37-38
б.].
Осы жағдайда, басқа органдардың, сол сияқты соттың да рөлін кемсітпей
және төмендетпей, елімізде заңдылықтың сақталуын қажетті деңгейде ұстап
тұруға Мемлекет басшысына мүмкіндік беретін бірден – бір орган –
Прокуратура болып табылады.
Бүкіл халық болып сайлаған республика Президентіне прокуратура
Конституцияның кепілі ретінде конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың
құқықтар мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты бақылау үшін қажетті орган
болып саналады.
1.2 бөлімінде Прокуратура органдарының қызметін қамтамасыз ету кезінде
қолданылатын негізгі қағидалар
Прокуратура (латынша procure – қамқор) қамтамасыз етемін деген мағынаны
білдіреді. Қазақстан Республикасында – бұл орган, мемлекеттік билік
тармағында бөліну жүйесінде ерекше орын алады [4, 1042 б.]. Прокуратураның
өзгешелігі мемлекеттік орган сияқты заңшығарушы, орындаушы, мемлекеттік
билік тармағы болып табылмайды.
Прокуратура мәртебесінің құқықтық өзгешелігі ҚР Конституциясымен және
заңымен бекітілген. Онда оның негізгі мақсаттары белгіленген - заңның
жоғарылығын қамтамасыз ету, тәртіпті және заңды қатайту, азаматтар мен
адамдардың бостандығын және құқық қорғау, мемлекеттің және көпшілік
мүдделерін қорғау.
Прокуратура қызметінің негізгі бағыты азаматтар мен адамдардың
бостандығы мен құқық қорғау болып келеді. Кеңес уақыты кезінде бірінші
орында мемелкеттің мүддесін қорғау тұратын. Осылайша заңшығарушылық
деңгейде осы органдар арасында өзгешеліктер болатын.
- азаматтар мен адамдар бостандығы мен құқын қорғауды қамтамасыз ету заң
құқықтың актісіне сәйкес;
- заңның әр бұзушылығын жою және шығару кезінде қолданылатын шара,
себебі мен шарты, осындай бұзушылықты болдыруы, бұзылған құқықтарда
қайта қолына келтіру.
Заңмен егер адам заңсыз бостандығынан айырылса, егер әлеуметтік құқы
бұзылса осы органдар мен ұйымдарға жеке көңіл аударылады. Қазақстан
шартында Прокуратура бір механизм элементі мен қарамақайшылық функциясын
орындайды. Олармен заңбұзушылықтың алдын алу шаралары, кімнен шықса да
қолданылады [5, 29 б.].
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы жалғыз мемлекеттік орган, құрылыш
бөлімдері өздерінің жеке міндеттерін атқарады, жалпы құқық негізінде, жалпы
қалып шығаруда, әдістер, заң бұзушылықтарға прокурор актілерінің байқалауы.
Қазақстан Прокуратурасы орталық жүйесіне Бас Прокуратура, облыс
прокуратурасы, Республикалық деңгейдегі қалалар және Республика астаналары,
ауданаралық, аудандық, қалалық және соған теңдес әскери және басқа аранйы
прокуратуралар (көліктік, табиғиқорғау және арнайы объектілер) байқау
қызметі ерекшелігі [6, 135 б.].
Қазақстан Республикасы прокуратурасы бірінші болып Президенттің
қарамағындағы мемлекеттік орган. Осы жағдайда ол басқа мемлекеттік
органдардай тәуелді емес, сот ісін орындаушы және сот өкіметі. Пркуратура
қызметкерлері тәуелсіздігі сондай ақ қызмет имунитетімен кепілденеді,
метериалдық және әлеуметтік қамтамасыз жүйесінде, заңмен бенітілген.
Прокуратура орны Қазақстан Республикасы мемлекетің механизмінде орнақты
міндет алады, оның қызметінің әдісте жолпы даму жүйесінле атқарады.
Президенттің указында Қазақстан Прокуратурасы туралы прокуратура
органының бағасына келу белгіленген, оны ұйымдастыру және жүргізу, елдің
жоғарғы бақылау органдарында өткен заңдылықтар дамыған.
Осыдан шыға, заң әдебиетінде үш өзіндік міндеттер белгіленген:
Прокуратура, бақылау, сотта және қылмысты тексеруде мемлекет жауапкершісі.
Ресей заңгерлеріне тағы екі міндет белгіленген. Прокуратура: құқық қорғау
органдары қызметінің жобасы қылмыспен күрес және басқа заңбұзушылық және
мемлекеттің қызметіне қатысуы.
Осы үшін прокурор бірқатар өкілеттікті пайдаланады, заңмен берілген
кәсіпорындар ғимараттарына ешқандай кедергісіз кіруіне, алынған
мәліметтерге қылмыс фактілерінің заңдарының орындалуына тексеріс, лауазымды
тұлғалардан керекті материалдар мен құжаттарды, олар туралы түсініктерді
талап етуге құқылы [7, 241 б.].
1.3 Қазақстан Республикасының және шетелдердің прокуратура
органдарының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері (салыстырмалы-құқықтық
анализ) бөлімінде Шет елдерде прокуратура институтының қалай жұмыс
істейтініне егжей-тегжейлі үңілу үшін оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі
орның білу керек. Заңнамалық талдау көрсеткеніндей, прокурор өкілеттігінің
бірісі осыған байланысты.
Егер прокуратура органдары Әділет министрлігінің немесе соттың
жүйесінде болса, онда әдетте қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау мен
айналысады, сотта жариялы айыптауды, қамау органдарын қадағалауды ғана
жүзеге асырады.
Егер прокуратура органдары Парламентке немесе Президентке есеп беретін
жеке дербес жүйе болса, онда заңдылықты, адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарың, мемлекеттің және басқарылу мүдделерін жалпы қадағалау
міндеті жоғарыда аталған міндеттерініне қосу керек.
Бүгінде прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі, заң
әдебиетіндегі орнына сүйене отырып, мынандай жіктемені ұщыратуға болады:
1) прокуратура әділет миністрлігінің құрамында (Белгия, Дания, Израиль,
Недирланды, польша, Румыния, Сирия, Америка Құрама Штатары, Франция,
Эстония, Жапония, т. б.)
2) прокуратура судьялар қауымының құрамына еңгізілген және соттардың
жанында (Әзербайжан, Балгария, Грузия, Испания, Италия, Колумбия,
Индонезия, Латвия, т. б.)
3) прокуратура мүлдем жоқ (Ұлыбритания)
4) прокуратура жеке жүйе және Парламентке немесе Президентке немесе
екеуіне де есеп беріп отырады (Қазақстан, Египет, Қытай Халық Республикасы,
ТМД елдері, т.б.).
Алайда, егер әлемнің жетекші елдерінде прокуратура Әділет
министрлігінің қарамағына жатқызылса, онда нақ осы үлгіден үйрену керек
деген асығыс қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Өйткені шет елдерде салиқалы
ғалымдардың ешқайсысы мұндай құқықтық жүйені әталанға баламайды. Осыған
байланысты 1993 жылғы мамырда Венада Еуропа Кеңесі өткезген Прокуратураны
құқықтың демократиялық қағидаттарымен үйлесетін органға айналдыру.
Еуропалық конференцияның шешімдерінде құқықтық реформа жүргізілетін әрбір
елде қиын таңдау жасаудың, озақ ңұсқаны іздеп табудың алда тұрғаны атап
көрсетіледі.
Қазіргі кезде Франция пракуратурасы ұйымдасқан түрде Әділет
министрлігің құрамына кіреді. Прокуратура органдарының құрамы сот жүйесінің
құрылымымен дәл келеді. Франция прокуратурасы әділет министрлігінің
басшылығында болатын орталықтандырылған органдарын жүйесін көрсетеді. Әрбір
аппеляциялық сотта өз көмекшісімен Бас прокурор болады, оның негізгісі бас
адвокат атағын иеленеді. Бас прокурор әділет министріне тікелей бағынады
және өз иезігінде прокуратураның барлық лауазымды тұлғаларына құсқау беруге
құқылы. Сот полициясының лауазымды тұлғаларының барлығы оның қадағалауында
болады. Бас прокурор жеке немесе өзінің көмекшелері арқылы аппеляциялық
соттың белгіленген орнында аппеляциялық сотта айыпты қолдайды [8, 303 б.].
Әзербайжаннан Республикасының прокуротура органдарының қызметі 1995
жылғы 12 қарашада қабылданған осы елдің Конституциямен, Прокуротура
туралы 1999 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен және өзге де нормативтік
құқықтық актілерімен реттеледі [9].
Конституцияның 133 – бабаның 2 – бөлігіне және Прокуротура туралы заңын
2-бабына сәйкес Әзербайжан Республикасының прокуротурасы сот билігі
жүйесіне ене отырып, аумақтық және мамандандырылған прокуротуралардың
Әзербайжан Республикасының Бас прокурорына бағынуына негізделген бірегей
орталықтандырылған орган.
Прокуротура органдарының жүйесіне мыналар жатады:
- Әзербайжан Республикасының Бас прокуротурасы;
- әскери прокуратура көлік прокуратурасы;
- Нахичеван автономиялық Республикасының прокуротурасы;
- аудаңдық (қалалық) прокуратуралар, әскери және көлік мамандандырылған
прокуратуралар;
- ғылыми білім беру мекемелері, баспасөз органдары, баспаханалық,
әлеуметтік-тұрмыстық, шаруашылық маңызы бар басқа да құрылымдар.
Ұлыбританияның мемлекеттік мемлекеттік мекемелер жүйесінде Прокуратура
органдары жоқ, алайда Прокурорлық қадағауға сәйкес жекелеген функцияларда
жүзеге асыратын қызметтер мен лауазымды тұлғалар бар. Мәселен, аталған
суббектілердің қатарына мемлекеттік айыптаушылар қызметін және гнерал-
атторнея (бас атторнея) жатқызуға болады.
Екінші тарау Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының
мемлекеттік билік жүйесінде алатын орны. Бұл тарауда Қазақстан
Республикасы Президентінің прокуратура органдарын қалыптастырудағы рөлі,
Прокуратура органдарының сот билігімен байланысындағы кейбір мәселелер,
прокуратура органдарының атқарушы билік органдарымен өзара қарам-
қатынастарына жалпы құқықтық талдау жасалған.
2.1 Қазақстан Республикасы Президентінің прокуратура органдарын
қалыптастырудағы рөлі бөлімінде заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі өз
қызметін жүзеге асыра отырып, прокуратура басқа да мемлекеттік органдармен
өзара іс-әрекет жасайды. Сондықтан олардың құзіреттерінің ара қатынасын
зерделеу прокуратураның мемлекеттік механизмінің жүйесіндегі орнын
нақтылауды ғана емес, осындай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға
бағытталған нақты шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы прокуратурасын қалыптастыруда президенттің рөлі
ерекеше орын алады. Прокуратураны қалыптастыруда президенттің рөлін
көрсетпес бұрын, президент пен прокуратураның мемлекеттік механизміндегі
нақты орнын көрсетіп кетейік.
Президент – мемлекеттік билік жүйесінің бір бөлігі, сонымен қатар ол
билік тармағының еш біреуіне де жатпайды. Сол себебті, Конституция баптарын
басшылыққа ала отыра: Президент – билік тармағы жүйесінде ерекше орын алады
– деп көрсетуге болады. Үш билік тармағы атқарушы, заң шығарушы, сот билігі
өздерінің функцияналдық қызметін атқару барысында, бір – бірімен тікелей,
жанама байланыста болады. Бұл әрекеттің барлығы заң жүзінде орын алып,
заңмен реттеліп, конституцияда, басқа да нормативтік актілерде көрсетілген.

Әр билік тармағының өз құзіреті шеңберінде қызмет атқаруы мемлекеттік
механизмнің дұрыс қалыптасуымен мемлекеттің алға басып, қарқынды дамуына
ықпалын тигізеді. Мемлектік органдардың қызметін қалыптастыруда
Президенттің рөлі зор. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық
тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы
жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi [1]. Ал, прокуратура өкімет және өзге
органдардың бір келкі жұмыс атқаруын қадағалаушы – президенттің арнайы
институты – деп ғалымдар ой пікірлерін білдіруде. Бұл ғалымдардың
пікірлеріне қатысты өз көзқарасымызды ұсынамыз.
Прокуратура биліктің барлық құрылымдарының мүдделері үшін әрекет етеді,
олармен өзара іс-қимыл жасайды, кейбір мағынада оларға қызмет көрсетеді.
Прокуратура - бұл барлық мемлекеттік билік құрылымдарының өкілеттіктерінің
(ұйғарымдарының) іске асырылуын заңды актілердің нақты орындалуын жоғары
қадағалау жолымен бақылау құралы, механизмі. Ол биліктердің өзара іс-қимыл
жасау заңның үстінен қараушылық биліктердің жік-жік болып ажырасуына және
бір-біріне қарсы тұруына емес, құқықтық мемлекеттің ең маңызды
қағидаттарының бірі ретінде барлық биліктердін заңды қатаң сақталу
механизмінде ерекше орын алуға тиісті. Бірқатар зерттеушілердің
пайымдауынша Конституцияның прокуратура туралы бабының Сот билігі
тарауына енгізілуі үрей тудырмауы тиіс деп санайды. Конституцияда
прокуратура бірыңғай орталықтандырылған органдар жүйесі болып белгіленеді.
Орталықтандыру - тәуелсіздік талабы. Сонымен елімізде заңдылық кепілдігін
орнату, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау сияқты түпкі мақсаттың
ортақтығы, сондай-ақ функцияларының ұқсастығы прокуратура мен соттардың
арасындағы өзара тығыз байланыстарды алдын ала белгілейді. Осындай өзара іс-
қимылдар жасауға арналған алғышарттар қолданылып жүрген заңнамаға бұрыннан
енгізілген. Мысалы, Прокуратура туралы заңға және Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 55-бабы 3-тармағына сәйкес Прокурор азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап
қоюға, өтініш жасауға құқылы.[10, 47 б.] Қылмыс белгілері бар құқық
бұзушылықтар анықталған жағдайда, прокурор айыптыларды жауапқа тарту
мақсатында, атап айтқанда, сотта айыптауды қолдаумен қылмыстық қудалауды
жүзеге асырады. Прокурор жазаны және сот тағайындаған өзге де еріксіз
сипаттағы шараларды орындау кезінде заңдардың сақталуын қадағалауды жүзеге
асырады, бұл ретте туындаған бірқатар мәселелерді прокурордың қатысуымен
сот шешеді. Соңында, прокурор заңсыз немесе негізсіз деп танылған сот
шешіміне, істі жоғары тұрған сотқа бере отыра, наразылық білдіруге құқылы.
[11, 21 б.]
2.2 Прокуратура органдарының сот билігімен байланысындағы кейбір
мәселелер. Бұл бөлімінде Қоғамдағы қолданыстағы заңдар бойынша үш бір-
біріне тәуелсіз мемлекеттер өкімен тармақтары бар. Оның бірі - сот тармағы.
Сот билігі және прокурорлық қадағалау өзара әрекет етіп өзара қиысатын
оларсыз азаматтық қоғам қазіргі заманда азаматтық деп танылмайтын
мемлекеттік құқықтық институттар. Екеуі де азаматтың құқығын қорғайды,
заңдылық және құқық тәртібін қамтамасыз етеді, осының арқасында оны әдіске
айналдырады. Прокуратура көп қызметті орталықтандырылған орган және
әлеуметтік мінез-құлық түрлеріне және қылмысқа қарсы күреске бағытталған.
Прокуратураның мерейі ғасырлар бойы жасалса, тәуелсіз дербес сот билігі
Кеңестік Қазақстанда жаңадан пайда болған. Соңғы жылдары өскелең, бекіген
сот билігі кейбір жағдайда ығыстырылды. Сот жүйесінде сот билігінің
тәуелсіздік мәні жаңа зандардың сот жүйесіне қызмет етеді. Көп жағдайда
Конституция және Сот жүйесі және Қазақстан Республикасындағы сот мәртебесі
туралы [12] Конституциялық заңы анықтағандай сот төрелігі республикада
сотпен жүзеге асырылады және сот төрелігін жіберу кезінде сот тәуелсіз және
Конституция мен заңға бағынады. Сот билігі - сот өндірісіндегі заңмен
белгіленген тәртіп аясында құқық нормаларын қолдану арқылы сот төрелігін
жүзеге асыру мүмкіндігімен құқылы мемлекетгік орган.[13,14 б.] Белгілі бір
істерді шешу бойынша сот өкілеттігі немесе, басқаша айтқанда, құқықтық
сипаттағы әлеуметтік дауларды шешу бойынша соттың өкілеттігі және оның
ерекше құқығы болып табылады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа
Конституциясын қабылдауы және іс жүргізу заңнамасы тергеуші, прокурордың,
қорғаудың қызметінен сот билігіне апарушы ретінде сот қызметі құқықтық
бөлімнің бастамасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық
істер кодексінің 58-бабында [14,31 б.] көрсетілгендей, қылмыстық істі шешу,
айыптау функциясы және қорғау функциясынан бөлініп алынған Қазақстан
Республикасының жарияланған Конституциясының аясындағы заңмен белгіленген
сот билігі тәуелсіздігінің маңызы соттардың басқа билік тармақтарымен өзара
қарым-қатынасын реттейтін заңнамалық актілерді дұрыс түсіну және дұрыс
қолдану болып табылады. Прокуратура органдары мен сот билігінің өзара
қарым-қатынас мәселесі қарапайым да күрделі. Прокурордың рөлі туралы сот
ісін жүргізуде ертүрлі пікірлер айтылады.[15,53 б.] Сотқа тараптар жағынан
заңдылықты қадағалау қажет. Біртіндеп сот төрелігі мүддесіне жауап беретін
бірізді осындай қадағалау прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ете алады.
Конституцияның 80-бабында және Прокуратура туралы заңының 4-бабында
айтылғандай, прокуратура мемлекет атынан сотта мемлекет мүддесін қорғайды.
Сотта мемлекеттің мүддесін қорғай отырып, қылмыстық, азаматтық немесе басқа
сот ісі барысында шағым арыз және қадағалау тәртібіндегі прокурор
прокуратура туралы заңға сәйкес, өз өкілеттігін жүзеге асырады. Прокурорлық
қадағалаусыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Прокуратура органдарының кадрлары
Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметі
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Прокуратура органдары қызметі жайында
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Пәндер