Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қаржылық менеджментінің қаржылық көрсеткіштерін талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Шағын және орта бизнестің мәні, өмірлік циклі және оны басқарудың ерекшеліктері
1.1. Шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржылық параметрлері ... ... ... 5
1.2. Шағын және орта бизнестің қаржылық менеджментінің объектісі, ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.3. Шағын және орта бизнестегі қаржылық менеджменттің
шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
II. Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қаржылық менеджментінің қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1. Кәсіпорынның өтімділігін, төлем қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... .. ..15
2.2. Шағын және орта кәсіпорын үшін инвестициялық жобаны талдау ... ... . 17
III. Шағын және орта бизнестің дамуын басқарудың қазіргі мәселелері және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі, қаржылық басқару (менеджмент) т.б. осы сияқты ұғымдар ене бастады. Сол жылдарда кәсіпорындардың барлығы дерлік жекешелендіріліп, халық кәсіпкерлікпен айналыса бастады.
Әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құраушысы кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Экономиканың маңызды сфераларының бірі болып саналатын шағын кәсіпкерлікті қолдау ерекше мағынаға ие. Ол жұмысбастылардың аздығымен, үлкен емес капитал сыйымдылығымен, қиын емес басқарушылығымен сипатталады. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтумен әр түрлі жекеменшік формадағы шағын және орта кәсіпорындарды құру қажеттілігі туды. Қазіргі кезде кәсіпкерліктің барлық формаларын қолдау мен ынталандыру Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады және мемлекет экономикасын кризистен шығаруға көмектесуі мүмкін. Шағын бизнес көптеген дамыған елдердің экономикалық негізі болды және қоғам дамуының көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызды.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде шағын бизнес оның дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті. Ол барлық экономикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта кластың табыстарының көзі болып табылады. Сонымен қатар, жалпы экономикалық кеңістікті құру процесі, Европадағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Солтүстік Америкадағы даму схемасы шағын бизнеске жол қояды. Шынымен де, Европалық Одақта шағын және орта кәсіпорындар микроэкономикалық деңгейде жұмысбастылықтың 90 % құрайды және барлық жұмыс орнының 75 % береді. ЕО-та жұмыс жасайтын 15,7 млн. кәсіпорындардың 99 %-і шағын және орта бизнес болып табылады. Үлкен үлесі Испанияға (74 %), Италияға (69 %) және Ұлыбританияға (67 %) келеді. АҚШ-та, Жапонияда, Францияда, Германияда, Италияда шағын және орта кәсіпкерлік секторына бар мемлекеттердің кәсіпорындарының 90 %-тен көбі жатады. Осы мемлекеттерде шағын кәсіпорындар үлесіне жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40-60 % келеді. Салыстыру үшін Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі 2000 жылы ЖҰӨ-нің 15 %, 2001 жылы ЖҰӨ-нің 20 %-н құрайды.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикамызда шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

1. Кітаптар:
1.1. Предпринимательство в Республике Казахстан. Учебное пособие. Алматы. 1999 г.
1.2. В.Я.Горфинкель, Г.Б.Поляк, В.А.Швандар. Предпринимательство. Москва. 1999 г.
1.3. А.В.Бусыгин. Предпринимательство. Москва. 1999 г.
1.4. О.С.Сабден, А.Н.Токсанова. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. Астана. 2001г.
1.5. О.С.Сабден, К.Ж.Омарова. Финансово-кредитное регулирование деятельности промышленных предприятий Казахстана: проблемы и перспективы. Алматы. 2003 г.
1.6. В.В. Ковалев. Введение в финансовый менеджмент. Москва. 2001г.
1.7. Н.В. Колчиной. Финансы предприятий. Моква. 2000 г.
1.8. Н.П. Любушин, В.Б. Лещева, В.Г. Дьякова. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Москва 2000 г.
1.9. Е.С. Стоянова. Финансовый менеджмент. Москва. 2000 г.
1.10. Г.Б. Поляк. Финансовый менеджмент. Москва. 2000 г.
1.11. Г.В. Савицкая. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск. 2000 г.
2. Мерзімді басылымдар:
2.1. Қаржы-қаражат. 3/2005 г.
2.2. Қаржы-қаражат. 3/2006 г.
2.3. Қаржы-қаражат.3,4/2006 г.
2.4. Қаржы-қаражат.1/2004 г.
2.5. Статистика, учет и аудит. 1/2006 г.
2.6. Альпари. 5/2006 г.
2.7. Альпари. 2/2006г.

Мазмұны
Кіріспе.--------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------------3
I. Шағын және орта бизнестің мәні, өмірлік циклі және оны басқарудың
ерекшеліктері
1.1. Шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржылық параметрлері------------
5
1.2. Шағын және орта бизнестің қаржылық менеджментінің объектісі,
ерекшеліктері---------------------- ----------------------------------- ------
------------------- 8
1.3. Шағын және орта бизнестегі қаржылық менеджменттің
шетелдік тәжірибесі------------------------- --------------------------------
---------------- 12
II. Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қаржылық менеджментінің қаржылық
көрсеткіштерін талдау
2.1. Кәсіпорынның өтімділігін, төлем қабілеттілігін талдау.-----------------
---- --15
2.2. Шағын және орта кәсіпорын үшін инвестициялық жобаны талдау---------
17
III. Шағын және орта бизнестің дамуын басқарудың қазіргі мәселелері және
оларды шешу жолдары---------------------------- -----------------------------
-------------23
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
---------------- 26
Қолданылған әдебиеттер------------------------- -----------------------------
----------- 28
Кіріспе
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға
көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды.
Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі
терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік,
еркін сауда, жеке меншік билігі, қаржылық басқару (менеджмент) т.б. осы
сияқты ұғымдар ене бастады. Сол жылдарда кәсіпорындардың барлығы дерлік
жекешелендіріліп, халық кәсіпкерлікпен айналыса бастады.
Әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құраушысы
кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Экономиканың маңызды сфераларының бірі
болып саналатын шағын кәсіпкерлікті қолдау ерекше мағынаға ие. Ол
жұмысбастылардың аздығымен, үлкен емес капитал сыйымдылығымен, қиын емес
басқарушылығымен сипатталады. Қазақстан Республикасында нарықтық
экономикаға өтумен әр түрлі жекеменшік формадағы шағын және орта
кәсіпорындарды құру қажеттілігі туды. Қазіргі кезде кәсіпкерліктің барлық
формаларын қолдау мен ынталандыру Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады және мемлекет
экономикасын кризистен шығаруға көмектесуі мүмкін. Шағын бизнес көптеген
дамыған елдердің экономикалық негізі болды және қоғам дамуының көптеген
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызды.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде шағын бизнес оның дұрыс
қызмет атқаруы үшін қажетті. Ол барлық экономикалық жүйенің тұрақтылығын
қамтамасыз ететін орта кластың табыстарының көзі болып табылады. Сонымен
қатар, жалпы экономикалық кеңістікті құру процесі, Европадағы, Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы, Солтүстік Америкадағы даму схемасы шағын бизнеске жол
қояды. Шынымен де, Европалық Одақта шағын және орта кәсіпорындар
микроэкономикалық деңгейде жұмысбастылықтың 90 % құрайды және барлық жұмыс
орнының 75 % береді. ЕО-та жұмыс жасайтын 15,7 млн. кәсіпорындардың 99 %-і
шағын және орта бизнес болып табылады. Үлкен үлесі Испанияға (74 %),
Италияға (69 %) және Ұлыбританияға (67 %) келеді. АҚШ-та, Жапонияда,
Францияда, Германияда, Италияда шағын және орта кәсіпкерлік секторына бар
мемлекеттердің кәсіпорындарының 90 %-тен көбі жатады. Осы мемлекеттерде
шағын кәсіпорындар үлесіне жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40-60 % келеді.
Салыстыру үшін Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі 2000 жылы ЖҰӨ-
нің 15 %, 2001 жылы ЖҰӨ-нің 20 %-н құрайды.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің
республикамызда шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен
Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-
2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оның басты
мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын
қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік
аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын
көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа
халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай
өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған
қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай
болуына қарай өздерінің жеке ісін ашу, өзінің бизнеспен айналысуын
жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың
дамуына қажеттілігін тудырады.
Бірақ, қазіргі кезде Қазақстанда шағын бизнестің өніп жетілуінде
көптеген қиыншылықтар жоқ емес. Олардың көбісі нарықтағы бәсекеге төтеп
бере алмай өз жұмыстарын тоқтатады. Ал ары қарай жұмыс жасау үшін керекті
қаражаттарды банктер жоғары тәуекелге барғысы келмей беруге қорқады. Мұның
бәрі неде? Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің дұрыс ұйымдастырылмағанында
жатыр. Біз шағын бизнестегі қаржылық менеджменттің мәнін, ерекшеліктерін
талдай отырып, оның даму перспективаларын анықтауға тырысамыз.
Осы жұмыстың негізгі бөлімінде шағын бизнес кәсіпорнының қаржылық
параметрлерін, оның қаржылық менеджментіндегі мәселелерін, ерекшеліктерін,
кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелді болмауы үшін оның
төлемқабілеттілігін, қазіргі таңдағы шағын бизнес кәсіпорнының мәселелерін
талдап жеке-жеке қарастырамыз.

1. Шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржылық параметрлері
Кәсіпорын нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті болып
табылады. Фирма дегеніміз – бұл бір немесе бірнеше кәсіпорындары бар және
пайда алу мақсатында тауар мен қызмет өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын
ұйым. Кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексімен анықталады. Соған сәйкес барлық ұйымдар коммерциялық және
коммерциялық емес фирмалар болып бөлінеді. Қазіргі таңда коммерциялық
жұмыспен көптеген шағын фирмалар айналысады.
Зерттеулерде шағын бизнесті анықтайтын көрсеткіштеріне қарай оған
анықтама беріледі. Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.), У.Петти (J.William
Petty), К.Моор (Carlos W.Moore) зерттеулерінде шағын бизнесті анықтау үшін
келесі критерилерді ұсынған:
1. Бизнесті қаржыландыру бір немесе кіші топтық инвесторлар арқылы
жүзеге асырылады.
2. Өзінің маркетингтік программасын жүзеге асыра отырып, фирмалар
географиялық шектеулі зоналарда қызмет жасайды.
3. Әдетте бизнестегі жұмысшылар саны 100 адамнан аспайды.
4. Ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес көлемі шағын деп
есептелінеді.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл шағын бизнестің серпінділігі,
өндірілетін өнім мен қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология
саласында жаңалықтарды ендіруге тез қабылдауға икемділігі және т.б. Енді
ірі және шағын бизнес кәсіпорындарын салыстырып көрелік:
Кесте 1. Ірі және шағын бизнестің салғастырмалы талдауы *
№ Критерилер Ірі бизнес Шағын бизнес
1 Өндіріс және қызмет Өндіріс, энергетика, Өндірісті қамтамасыз
көрсету саласы отын-энергетика кешені етушілер, сауда, қызмет
көрсету саласы
2 Шығарылатын өнімнің Үлкен өндіріс Кіші сериялық немесе жеке
сипаты өндіріс
3 Жаңалықтарға Икемділігі аз Ірі бизнеске қарағанда 24
икемділігі есе артық
4 Стратегия өзгерісі 6-10 жыл 0,5-1 жыл
5 Қызмет ету сферасы Үлкен қалалар және Үлкен де, кіші де
өндірістік кешендер қалаларда
6 Жаңа жұмыс орындарын Жаңа жұмыс орындарын Жұмыс орындарын құру
құру құру темпі едәуір төмен темпі жоғарырақ (3 есе)
7 Басқару құрылымы Өте үлкен басқару Басқарудағы икемділік,
құрылымы басқару аппаратындағы
жұмысшылардың минималды
саны
8 Регистрация және Едәуір қаржылық шығындарБастапқы шығындар мен
кәсіпорынды құру және регистрацияның ұзақрегистрациялық
процедурасы талаптардың минималдылығы
Қандай кәсіпорын болмасын барлығында басқару жүйесі болады. Басқару
жүйесі жүйелік және жағдайлық тәсілдердің келесі қағидаларында құрылуы
қажет:
- толық шаруашылық және өндірістік тәуелсіздік;
- кәсіпкерлік қызмет түрлерін еркін таңдау;
- қоршаған орта мен нарық қажеттіліктеріне стратегиялық бағыт-бағдар
жасау;
- қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты басқарудың жүйесі мен
потенциалының инновациялық бейімделуі;
- нарық талаптары мен инновациялық қайта қалыптастыруға байланысты
басқару құрылымының органикалық түрде дамуы;
- өзін-өзі дербес қаржыландыру;
- ұйымның міндеттеріне сәйкес, экология мен табиғатты пайдалануға
сақтықпен қарау, ресурстарды ұтымды пайдалану;
- нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес жүйенің бейімділігі,
сенімділігі, икемділігі мен оперативтілігі.
Кәсіпорын дұрыс жұмыс жасау үшін оның алдына қойған жоспары, яғни
стратегиясы болу қажет. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарылату
стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:
1. Кәсіпорынның сыртқы ортада жүзеге асыратын, атап айтқанда, тауарлық,
баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы қағаздар
нарығындағы іс-әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету, сыртқы
экономикадағы қызмет стратегиясы.
2. Кәсіпорынның ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс
шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді ынталандыру,
ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Қазіргі кезде күнде әр түрлі кішігірім фирмалар ашылып, ал кейбіреулері
бәсекеге төтеп бере алмай жабылып жатады. Осы шағын бизнестің нарықтағы
өмірлік циклін қарастырайық.
Шағын бизнестің өмірлік циклі – бұл кәсіпорын қызметінің мәнін құрайтын
тауардың өмірлік циклі. Шағын кәсіпорынның өмірлік циклінің негізгі төрт
кезеңін бөлуге болады:
I кезең – ғылыми зерттеулер, технологияны және тауардың коммерциялық
схемасын жасау.
II кезең – тауар өндірісін бастау және оның нарыққа шығуы – бұл
кәсіпорынның бірінші қадамы.
* Е.С. Стоянова. Финансовый менеджмент. Москва. 2000 г.
III кезең – тауардың коммерциялық табысы – бұл кәсіпорынның жетілген
кезі.
IV кезең – тауар нарығының құлдарауы.
Бұл схема екі маңызды сұрақты тудырады:
• Тауардың өмірлік жолымен бірге кәсіпорынның өмірлік жолының
бітпеуі үшін не істеу керек? Мүмкін, ол үшін деградацияланатын
тауарлардан бас тартып және сол уақытқа дейін жаңа тауарлардың
шығарылымын дайындау керек шығар. Мұндай істер операциялық талдау
көмегімен жасалады. Мұнда басты тезис: бір емес, бірнеше
тауарларға қойылым жасағанда рентабельділіктің шегі төмендейді
және табыстылықтың керекті деңгейі жеңіл жетіледі.
• Шағын бизнес кәсіпорнының өмірлік циклінің әрбір кезеңінің
ерекшеліктері қандай (қаржылық саясатта есепке алуға керекті
ерекшеліктер)?
Сонымен, бірінші кезеңде табыс нөлдік, ал зерттеуге, еңбекке ақы төлеу
және басқа да шығындарға ақша қаражаттары табыстармен жабылмайды.
Анықсыздық жоғары, яғни тәуекел де: тауар өндірісі мен коммерциализациясы
ұзақ уақыт интервалында үлкен инвестицияларды қажет етеді. Көптеген
зерттеушілер тәуекелдің дәл осы кезеңде өте жоғары екендігін айтады.
Екінші кезеңде, егер өзіндік және тартылған құралдыр жеткіліксіз,
шығындардың жартысын жаппаса, онда көптеген кәсіпорындар мұны көтере алмас.
Бірақ, егер тауар өндірісі мен өткізу алға басса, онда шығындар тез өседі,
ал табыс онша емес. Бұл кезеңнің негізгі мәселесі: айналым құралдарын қалай
тиімді басқару, сонымен бірге сыртқы қаржыландыруды алуға ынталану (мұнын
өзі жоғары тәуекел жағдайында жасау оңай емес) керек.
Үшінші кезеңде, кәсіпорын коммерциялық табысқа жетеді. Қаржы-шаруашылық
жағдайы жақсара түседі. Қаржы ағымы шығынды жаба алғандықтан, оң мағынада
болады. Енді кәсіпорында өндірістік және коммерциялық мәселелер туындайды:
сауда тораптарын құру, реклама жасау және т.б. Мұнын бәрі қаржы ресурстарын
қажет етеді. Бірақ тұрақты қаржы жағдайы бар кәсіпорынға банк несиесі
ретінде сырттан қаржыландыру көздерін алу оңай. Кейбір кәсіпорындар АҚ-ға
айналуды мақсат қойып, акция шығаруды ойластырады.
Төртінші кезеңге түспеу үшін кәсіпорындар жаңа тауарларды өндіріске
ендіріп, өңдейді. Бұл кезеңде стратегиялық ойлай, алдын ала оның шарттарын
жасай алатын кәсіпорындар ғана жеңе алады.
Атақты ғалым Дж.К.Ван Хорн кеңеюге бағытталған шағын компаниялар
жөнінде: Экономиканың өсіп жатқан секторындағы жаңа кәсіпорындар әрқашан
кіші болып қалатын бизнестің дәстүрлі сферасындағы кәсіпорындардан
айырмашылығы бар. Жоғары технология саласында – электроника, компьютерлік
техника, ақпараттық жүйелер – қызмет ететін фирма шағын бизнестен бастап
өсуге мүмкіндігі бар.
Кеңеюге бағытталған шағын фирманың мәселесі – мұны ең тиімді әдіспен
жүзеге асыру. Мұндай типтегі компанияларға әр түрлі саладағы стратегиялық
шешімдерді шешуге тура келеді: маркетинг, жаңа тауарлар және т.б.(мұның
ішінде ең маңызды мәселе қаржыландыру да бар). Жоғары технология саласында
маманданған кеңеюге бағыт алған шағын фирмаларда, көбінесе, активтердің
өсімі бөлінбеген табыстың өсуін басып озады, міндеттеме осы айырманы жабу
керек. Бұл міндеттеме банктік несие формасында және есептесу бойынша
кредиторлық міндеттемені қолдану деңгейінің өсуі болады. Тұрақсыз өсу,
қарыз көрсеткіштерінің өсуі кредиторларда сұрақтар туғызады. Сондықтан не
өзіндік капиталды ұлғайту, не фирманың өсу темпін шектеу қажет.
Сонымен, жоғары технология саласында маманданған шағын фирмалар келесі
сұрақтармен жұмыс жасауға мәжбүр: пепрсонал, маркетинг, өндіріс және
қаржыландыру, соңғысы басқаларына қатынасы бойынша ең маңыздысы болып
келеді. Қысқа мерзімді қаржыландыру көздерін алғанмен, ол үшін кейін төлеу
керек, сондықтан тұрақты қаржылық өсу мәселесін ертерек шешу керек немесе
кеш болуы мүмкін. Осыдан үлкен фирмаларға қарағанда кіші фирмалардың
банкрот болуының саны көбірек.

Қаржылық менеджменттің объектісі – ақша ағыны. Белгілі бір бағыт
бойынша ақша құралдарының қозғалысын ақша ағыны ретінде көрсетуге болады.
Қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты жоғарлату мақсатында ақша ағынын
тиімді басқару қажет.
Ақша ағынын басқару.
1- қаржы нарығындағы құралдарды тарту;
2- ақша құралдары өндіріске инвестицияланады;
3- шаруашылық қызмет нәтижесінен алынған ақша құралдары;
4- алғашында мобильділенген құралдар үшін төлем түрінде қаржы нарығына
қайтарылған ақша құралдары;
5- өндіріске қайта инвестицияланған ақша құралдары;
6- қаржылық салымдарға бағытталған ақша құралдары;
7- салықтар.
Кәсіпорын ашық жүйе секілді сыртқы ортаға тәуелді. Көрсетілген схемада
бұл қаржы нарығы мен мемлекет.
Ірі және шағын бизнесте бұл объектілердің көлемі әр түрлі болады.
Енді шағын және ірі бизнес кәсіпорындарының арасындағы айырмашылықтар
мен ерекшеліктеріне келейік.
Ірі және шағын бизнес арасында айырмашылықтар бар. Үлкен бизнесте
жүретін принциптер шағын бизнесте жұмыс істемеуі мүмкін. Сондықтан оларды
қайтадан қарап шығу керек. Ең маңызды айырмашылықтар ресурстарға, жол,
мақсаттарды қою, алып келетін тәуекелдер және өтімділік деңгейінде жатыр.
• Шағын кәсіпорындарға қаржы және ақша нарықтарына кіру өте қиын:
акция эмиссиясы жайлы сөз болуы да мүмкін емес, ал несие алу оның
қымбаттылығынан, кәсіпорындарда несие тарихының жоқтығы мен
кәсіпорындардың тәуекелді қаржылық жағдайынан болмайды. Бұл
шарттарда тек менеджердің қабілеттілігіне, өнертапқыштылығына ғана
сүйенеді.
• Шағын кәсіпорын өзіне акция курсын, капитализация (акцияның
қосынды курстық бағасы) көрсеткішін және дивиденд деңгейін
максималды етуге мақсат қоймайды. Шағын бизнес бағасы қаржылық
нарықпен жариялы түрде бағаланбайды, және оны анықтау өте қиын,
бірақ шағын бизнес иелері кәсіпорынның нарықтық бағасын
максимизациялауға қызығушылығы бар: ерте ме, кеш пе олар акция
шығарып, биржалық котировкалардың жолына түсуді армандайды, ал
кейбіреулері үлкен компанияларға қымбатырақ сатылғысы келеді.
• Үлкен компанияларға қарағанда шағын бизнесте деңгей де, тәуекел
иерархиясы да өзгеше. Кішігірім фирма иесінің тағдыры мен әл-
ауқаты оның табыстылығымен немесе табыссыздығымен тікелей
байланысты. Шағын бизнес иесі өз жұмысына әрбір тапқан тиынына
дейін жеке инвестиция жасайды, яғни ол акция ұстайтын және әр
уақытта өз акциясын сата алатын акционерге қарағанда тәуекелі
жоғары. Жоғары тәуекел және отбасы бюджетінен ақшаның тікелей
кетуі табыстылықтың жоғары деңгейімен орны толады ма?
Ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын бизнес кәсіпорнының өтімділік
деңгейі төменірек көрсетілген.
(
Көрсеткіш Көрсеткіштің орташа мәні
Шағын бизнес Үлкен
кәсіпорындары кәсіпорындар
Айналым және өтімділік көрсеткіштері
Ағымды өтімділік коэффиценті (ағымдағы 2,00 2,77
активтерағымдағы пассивтер)
Дебиторлық борыштың айналымы 7,04 6,40
(түсімдебиторлық борыш)
Қор айналымдылығы 8,47 5,31
Негізгі активтердің айналымы
(түсімнегізгі активтер) 9,40 3,50
Рентабельділік көрсеткіші
Таза коммерциялық маржа (таза табыстүсім)10,91% 9,20%
Құралдар көздерінің құрылымының көрсеткіштері
Пассивтің жалпы сомасындағы қарыз 49,00% 38,06%
құралдарының үлесі
Қарыз құралдарының жалпы сомасындағы 83,70% 62,99%
ағымды міндеттеменің үлесі
Кәсіпкерлік тәуекелдің көрсеткіші
Инвестицияны пайдаланудың ИПНН-нің орташа ИПНН-нің
нетто-нәтижесінің (ИПНН) вариациясы деңгейінен ±21,94%орташа
деңгейінен
±7,71 %
Дивидендтік саясаттың көрсеткіші
Дивидендтерді төлеуге бағытталған таза 2,9 % 40,52 %
табыстың үлесі
Енді осы берілгендерді талдайық. Ең бірінші көзге әр түрлі дивидендтік
саясат түседі. Бұл шағын және ірі кәсіпорындардың бірдей емес
мүмкіндіктерін, әр түрлі мақсаттарын көрсетеді. Егер ірі кәсіпорындар өз
акционерлерін таза табыстың 40%-нен астамымен марапаттаса, онда шағын
бизнес кәсіпорындары дивидендтер төлесе де, тек таза табыстың орташа
алғанда 2,9% шығындайды.
Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын кәсіпорындардың өтімділігінің
төмен екендігін айта кеткен жөн (шағын бизнес үшін ағымды өтімділіктің
орташа коэффиценті ағымды пассивтердің екі есе ағымды активтерден асатынын
көрсетеді, ал ірі кәсіпорындар үшін үш еседей). Бұл дегеніміз, шағын бизнес
кәсіпорындарында кредиторлармен және банк несиесі бойынша ағымды
міндеттемені орындау үшін тірі қаражаттың мобилизациясымен ірі
кәсіпорындарға қарағанда үлкен қиындықтары және төлемқабілеттілігі де ірі
кәсіпорындарға қарағанда төменірек болады.
Не үшін шағын кәсіпорындардың өтімділігі төменірек? Бұл сұраққа сандар
былай жауап береді:
• Шағын бизнесте қор мен дебиторлық міндеттемеге қаражат салыстырмалы аз
салынады (бұл туралы қор мен дебиторлық міндеттеме айналымының жоғары
көрсеткіштері айтып тұр);
• Шағын бизнес кәсіпорнында ағымды міндеттемелер салыстырмалы жоғары
(83,70% қосынды міндеттеме ірі кәсіпорынның 62,99%-не қарсы).
Өтімділік – шағын фирманың ең ауру орны. Сондықтан, шағын бизнестің
қаржылық менеджментінің ең маңызды мақсаты айналым капиталын сауатты
басқару болып табылады: қорлар, дебиторлық борыш, ақша қаражаттары және
қысқа мерзімді міндеттемелер. Бұл кәсіпорынға өтімді құралдардың жеткілікті
мөлшерін алып келеді және оны төлемқабілетті етеді.
Шағын кәсіпорын үшін капитал нарығына кіру қиын болғандықтан, айналым
капиталын тиімді басқару қажеттілігі туады.
Айта кететін бір жайт, өтімділіктің төмен деңгейінде, көбінесе, шағын
кәсіпорындарда тәуекел деңгейі жоғары болады.
Енді кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелге тоқтайық. Кәсіпкерлік
тәуекелдің жоғары деңгейін ИПНН көрсеткішінің өте үлкен өзгермелілігінен
көруге болады. Бұл көрсеткіштің мөлшері әр уақыт аралығында 22%-ке осы не
басқа жаққа ауытқиды. Ірі кәсіпорында бұл көрсеткіш 3 есе тыныш - 7%. Ал
қаржылық тәуекел туралы сөз қозғайтын болсақ, оның жоғары деңгейі қарызға
қаржыландырудың көбеюін сипаттайды (шағын кәсіпорынның міндеттемесі 49%
пассивті құрайды, ірі кәсіпорында ол 38,06%). Шағын кәсіпорындардың
басшылары ақшаны тек өзінің машығы үшін емес, қалай да болса өз бизнесін
сақтап қалу үшін алады.
Келесі ретте шағын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау кезінде
пайда болатын талдаудың мәселелері туралы айтайық. Көріп отырғанымыздай,
шағын кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауының басты құралы коэффицентті
әдіс болып табылады. Бірақ шағын фирманың жағдайын нақты бағалау үшін оның
қолданылуына есептік мәліметтердің сенім қондырмайтыны кедергі келтіреді.
Егер мәліметтердің барлығы сенімді болса, қаржылық коэффиценттерді есептеу
әдісінен жақсысы жоқ. Шағын бизнес үшін есептелінген қаржылық
коэффиценттердің сандық мәндері, әдетте, кәсіпкерлік немесе қаржылық
тәуекелдің жоғары екендігін куәландырады. Сондықтан, коэффиценттік (сандық)
талдау тәуекел табиғатын сапалық зерттеумен міндетті түрде бірге жүргізілуі
тиіс. Шағын бизнес үшін, кем дегенде, ең маңызды үш сұраққа жауап беру
керек:
1) Клиентура жеткілікті түрде диверсифицирленген бе? Көптеген
клиенттері бар ірі кәсіпорын бір-екі үлкен сатып алушыларын
жоғалтса ештеңе болмайды. Ал шағын кәсіпорынға бұл деген
күйреу.
2) Өндірілетін тауарлардың (қызметтердің) жиынтығы жеткілікті
түрде диверсифицирленген бе? Бір деңгейлі өндіріске бағытталған
өндіріс жоғары деңгейдегі кәсіпкерлік тәуекелге алып келуі
мүмкін. Өйткені конъюнктураның кішкентай өзгеруі кәсіпорынды
шығынға батыруы мүмкін.
3) Қазіргі басшысының кетуі жағдайында бизнес өз жұмысын
жалғастыра береді ме? Немесе шығындарға батып, өз жұмысын
тоқтатады ма?
Сонымен, сөз шағын бизнестің өміршеңдігін бағалау туралы болып отыр.
Бұл бағалауда тек шағын кәсіпорынның басшысының ғана емес, сонымен бірге
оның кредиторларының да қызығушылығы бар.
Коэффиценттерді есептеуден басқа, батыс банкирлері, әдетте, бес негізгі
параметрлер бойынша (мұндай бағалау жүйесін АҚШ-та Си бестігінің жүйесі
деп атайды) шағын бизнес кәсіпорнының қызметін талдауды жүргізеді:
1. Кәсіпорынның негізгі тұрпатының бейнесі (Character): директор
сенімді ақтай алады ма? Оның қызметтік атағы қандай? Ол әрқашан өз
міндеттемесін орындайды ма?
2. Сауатты басқаруға қабілеттілік (Capacity to manage): басшы сапалы
менеджментті қамтамасыз ете және кәсіпорынды табысқа алып келе алады
ма?
3. Ақша ағыны (Cash flow): кәсіпорын несиенің орнын толтыру және
процентін төлеу үшін жеткілікті ақша құралдарын жұмылдыра алады ма?
4. Несиені қамтамасыз ете алатын активтер (Collateral): активтердің
бағасы, құрылымы, сапасы, өтімділігі қандай? Олар кепіл бола алады
ма? Шынымен мұндай кепіл кредит бойынша кредиторға, сондай жағдай
болғанда, шығындарының орнын толтыра алады ма?
5. Бизнестің шарттары (Conditions): кәсіпорын табысына
жалпыэкономикалық, салалық, конъюнктуралық, салықтық жағдайлар
қолайлы болады ма?
Кәсіпорын басшысының несиені алуға келгенде, қарыздың мақсатты
жұмсалуын анықтап қана қоймай, банкирдің қиын сұрақтарына жауап беруге
дайын болуы қажет:
• Не үшін қосымша қаражат керек? Неге кәсіпорын өз қызметіне
жеткілікті қаражаттарды өзі жасай алмайды? Шынында да, егер
несие айналымды өсіру, бизнесті ұлғайту үшін керек болса, ол
бір сөз, ал егер ол кәсіпорынның профессионалды емес қызметінен
пайда болған қаражатқа деген тапшылықты жабу үшін керек болса,
онда ол басқа сөз.
• Қарыз және проценттер ненің есебінен төленетін болады?
Дебиторлық бақылау, сонымен қатар қорлармен басқару қаншалықты
сауатты және тиімді жүргізіледі? Тауарлардың мерзімдік сатылуы,
кредит пен оның процентін төлей алады ма?
• Кәсіпорынның ең үлкен мәселесі қандай? Шет елдерде проблемасыз
бизнес болмайды деп есептелінеді. Егер кәсіпорын басшысы
барлығын да өте жақсы жағдайда көрсететін болса, онда ол
банкирлерге өзінің жабықтығын көрсетеді және ол сенімді болуға
тұрмайды.
Сұрақтар көп, олардың әрқайсысы оңай емес. Бірақ клиент банкті таңдауға
құқығы бар? Сенімді, жақсы атағы бар, жеткілікті капиталы бар, қайда шағын
кәсіпорынның өркендеуіне көмек бере алады, сонымен қатар сондай шағын
кәсіпорынға қызмет көрсетуде жеткілікті тәжірибесі бар банкті таңдау жөн.
Сонымен бірге, шағын бизнес кәсіпорнының басшысына несиелерді, тек бір
банктен емес, әр түрлі банктен алуға кеңес беру керек. Ол не үшін,
біріншіден, тек бір ғана кредиторға бағытталу несие алушыны сол кредиторға
толық тәуелдігіне қояды. Екіншіден, әр түрлі банктерге барғанда, несие
алушы ақша қаражатының жоғары көлемін алуға мүмкіндігі бар.

шетелдік тәжірибесі
Біздің білетіміздей, шет мемлекеттерінде нарықтық қатынастар,сәйкесінше
қаржылық менеджмент ғылымы да біздің елімізге қарағанда ертерек пайда
болған. Шетелдің шағын бизнес кәсіпорнында 100-ден астам қызметкерлер, ал
біздің мемлекетіміздегі шағын бизнес кәсіпорындарында 50 шақты немесе одан
да аз қызметкерлер жұмыс жасайды. Шағын бизнестегі қаржылық менеджменттің
шетелдік тәжірибесінде әр түрлі нарықтық қатынастардың жағдайында пайда
болатын тәуекелдердің алып келетін келеңсіз зардаптарын алдын алу үшін
оларды сақтандыру шаралары жасалады. Шағын бизнес кәсіпорындары сақтандыру
ұйымдарына жүгінеді. Бұл тәжірибе біздің елімізге енді ғана еніп келе
жатыр. Шағын бизнес кәсіпорындары өз жұмысында кездесетін әр түрлі
тәуекелдерді (өндірістік тәуекел, қаржылық тәуекел, коммерциялық тәуекел,
инвестициялық тәуекел) сақтандырады.
Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін
өзі белгілейді. Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар
қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер
тәуекелділік ерікті болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар
тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің
жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір
жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол
жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы
керек. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің
тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін
болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да
бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту
мүмкіндіктерін қарастыруы қажет. Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен
және хеджирлеу жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы
азайтуға болады.
Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды
жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты.
Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің
немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде, ішкі шаралар
көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.
Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі – хеджирлеу
(жоғалтулардан сақтау), қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа
талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі
(менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба
және т.б.) толығымен кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап,
кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.
Шағын бизнес кәсіпорындарында маркетинг, технология, менеджмент
бөлімшелері жұмыс жасайды. Шағын кәсіпорынның дамуына үлес қосатын бұл
бөлімшілердің маңызы зор. Олардың жұмысы зерттеулерге, күрделі
математикалық талдауға, сауалнама жүргізуге, т.б. негізделеді. Әрбір
бөлімшенің өзінің арнайы мамандары болады. Егер бұл басқару жүйесін
Қазақстандық шағын бизнес кәсіпорындарымен салыстыратын болсақ, бізде,
көбінесе, бірнеше маманның қызметін бір адам атқарып жататын жағдайлар
кездеседі.
Шетелдің шағын бизнес кәсіпорындарының көбісі дерлік өз акцияларын әр
түрлі биржаларда орналастырып, олар арқылы пайдаға кенеледі. Яғни өз
кәсіпорнын өсіру үшін олар сырттан қаражат көздерін тартады және сол арқылы
өзінің инвестициялық қызметін жүргізеді. Көбінесе, шет мемлекеттердің шағын
бизнес кәсіпорындарының иелері бірнеше болады. Олар өздерінің
акционерлеріне дивидендтерді төлейді. Біздің елімізде бұл жағдай басқаша:
шағын бизнес кәсіпорындары жеке меншікте болады, биржаларға өз акцияларын
шығаруға мүмкіндігі жоқ (бұл оларға үлкен орындалмас арман сияқты
көрінеді), сәйкесінше дивидендтерді төлемейді.
Шағын бизнестің жұмысында әр түрлі құбылыстар болып тұрады. Мысалы,
шағын бизнестің бір-екі құрылтайшыларының бизнестен шығуы. Мұндай жағдай
кәсіпорынның ары қарай жұмыс жасауына күмән келтіреді. Бұл жағдайда мына
сұраққа жауап беру керек: Жарғылық капиталға шығайын деп жүрген
құрылтайшының салымын (акция) нарық қандай сомаға бағалай алады немесе
қазіргі таңда бұл салым қанша тұрады?.
Кәсіпорынның жарғылық капиталына салымды бағалаудың қолданылатын
нарықтық әдістерінің көбісі салым (акция) қанша дивидендтерді алып келсе,
сонша тұрады деген ұсынысқа негізделген. Болашақ дивидендтер кең тараған
дисконтирлеу формуласы арқылы анықталады. Бірақ бұл барлық шағын
кәсіпорындар үшін қолданыла бермейді. Өйткені, жоғары рентабельді шағын
кәсіпорындар дивидендтерді төлемейді және оны төлеуді де жоспарламайды.
Бірінші жылдары дивидендтер төленбейді, өйткені түскен табыстың өзі кеткен
шығындарды және инвестицияны жабуға әрең дегенде жетеді, ал келесі жылдары
айналым тез өсіп жатқан кезде, өтімді құралдардың дефициті артады. Бұл екі
кезеңде де шағын бизнес кәсіпорнына дивидендтерге жұмысы жоқ десек те
болады. Дамудың жалғыз қымбат емес қаржыландыру көзі болып табылатын бар
таза табыс (пайда) бөлінбеген күйде қалады.
Осы жағдайда дамудың қажеттіліктерін және айналым құралдарының
дефицитін жабуға, сонымен қатар өзінің құралдарының рентабельділігін және
дивидендтік мүмкіндіктерін өсіру үшін несие алу орынды болар еді. Бірақ
нарыққа жаңа келген кәсіпорын үшін банкирлерден несие алу оңайға соқпайды.
Кредит алғанның өзінде де бұл кәсіпорынға көмектеспеуі мүмкін. Кәсіпорынға
тартылған құралдар өзін-өзі қаржыландыруға қарағанда қымбатқа түседі.
Демек, ол табыстылықтың қажетті деңгейіне шығуына және бірінші
дивидендтерді төлеу уақытының тезірек жақындауына мүмкіндік туғызбайды.
Дивиденд туралы сөз болмағанда, салымның (акция) нарықтық бағасын қалай
бағалау керек? Көп жағдайларда кәсіпорынның барлық активтерін қандай сомаға
сатуға болатынын бағалау жеткілікті: бұл сомадан міндеттемелерді (несиені
және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz