Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І . бөлім
Арнайы педагогика жайлы түсінік
1.1 Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мүмкіншілігі шектеулі құқықтары, олардың ата.аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ . бөлім
Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік.педагогикалық ерте көмек көрсетудің мазмұны мен ұйымдастыру қағидалары
2.1 Мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... 13
2.2 Мектепке дейінгі түзету педагогикасының бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .,.23
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларға: есту қабілеті бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көру қабілеті бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бұзылған, тіл мүкістігі бар балалар− лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданған, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл және психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бұзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін- көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-тұрысы,мінез-құлқы, тәртібі бұзылған) балалар жатады.
Өкінішке орай, қазіргі таңда мүмкіншілігі шектеулі балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тәрбиеленеді. Демек, мұнда олар арнайы коррекциялық және педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі.
Демек, ол дефектологтарға сонымен қатар, бұл мәселелерді шешу көзін табу үшін педагог-психологтарға өте маңызды.
Бұл мәселелер мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және басқа да жас ерекшеліктер психологиясында кездесетін мәселелердің бірі болып келеді. Яғни, арнайы педагогика бұндай жағдайлар әлемдік деңгейде барлық мемлекеттерде кездесетін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мәселен, АҚШ елінде, Ресей еліне қарағанда мүмкіншілігі шектеулі балалар саны көп. Сонымен қатар өз елімізде де мүмкіншілігі шектеулі балалар саны және де ақауы бар балалар да аз емес. Осыдан арнайы психологияда туындайтын мәселелер осы балаларға қолданылатын психокоррекциялы жұмыстар мен психологиялық әлеуметтік қамтамассыз ету жағдайларының, қазақ тіліндегі оқу құралдарының және техникалық құрал-жабдықтардың аздығы.
Жалпы айтқанда, курстық жұмыста қарастырылған негізгі мәселелер, концепциялар сол сияқты теориялар Л.С.Выготскидің тұжырымдамалары мен салыстырмалы тұрғыда түйінделіп жасалынған. Алайда бұл мәселелерді психологиялық және педагогикалық тұрғыда қарайтын болсақ, мүмкіншілігі шектеулі балалардың ортамен қарым-қатынасы және олардың оқу барысындағы іс-әрекеті, педагогикалық ерекшеліктері арнайы педагогика ғылымында үлкен сұрақты туындатады. Демек мұндай әр түрлі категориядағы балалармен педагог-психологтардың жұмыс жасауы, олардың деңгейіне сәйкес әдіс-тәсілдердің қолданылуы және олардың таным процесстерінің ерекшеліктерін айқындауы жайында туындайтын сұрақтар арнайы педагогика ғылымында қарастырылады. Және де арнайы педагогика ғылымында бұл мәселелер мен қатар теорияның

тәжірибе жүзінде қарастырылуы жайында да сөз болады. Осы жайында байсалды жұмыстар xix-xx ғасырдан бастап жүзеге асырыла бастады. Ал қазіргі кезде арнайы педагогика ғылымында осы айтылған мәселерге жауап қайтаратын материялдардың аздығынан туындап отыр.
1.Обучение детей с проблемами в развитии в разных сторанах мира: Хрестоматия Сост. И науч. Ред Л.М Шипицина. – СПб .,1997.
2.Педагогика Марии Монтессори: теория и практика Международная научно-практическая конференция.- белгород, 1995.
3.Сорокова М.Г Математика по методу Монтессори в детском саду и школе: Учебно пособие Под ред Д.Г. Сорокова- М 1997.
4.Хилтунен Е.А Педагогика Монтессори Учительская газета. – 1992.
5.Чекалева Н.В Современные теори и технологии образования - Омск 1993.
6.Штайнер Р Методика Обучения и предпосылки Воспитания – 1994.
7.Дети с задержкой психического развития. −М 1984.
8. Егорова Т.В Особенности памяти и мышления младших школьников, остаюших развитии.− М, 1973
9.Марковская И.Ф Задержка психического развития׃ клиническая диагностика. М. 1993.
10.Обучение детей с нарушениями интелектуального развития׃ (олигофренопедагогика )׃ учеб пособие Б.П: Пузанов, Н.П Коняева, 11.Б.Б:Горский и др−М 2000.
Ульенкова У.В: Шестилетние дети с задержкой психического развития. − М. 1990
12.Актуальные проблемы диагностики задержки психического развития.−М..,1982.
13.Борякова Н.Ю: О некоторых особенностях построения речевых высказываний 6-летних детей с задержкой психического развития //Дефектология.−1983
14.Домишкевич С.А Прадуктивность и динамические особенности умственной деятельности детей с задержкой психического развития //Дефектология−1972
15.Жаренкова Г.И. Действия детей с задержкой психического развития по образцу и словесной инструкций //Дефектология−1972
16.Калмыкова З.И. Особенности генезиса продуктивного мышления детей с задержками психического развития по образцу и словесной инструкции //Дефектология−1978.
17.Насонова В.И. Особенности межанализаторных связей и их роль.
Обучение детей с задержкой психического развития в подготовительном классе.−М..,1979
18.Обучение детей сзадержкой психеческого развития в подготовительным классе М−1987




19.Поддубная Н.Г. Своебразие процессов непройзвольной памяти у первоклассников сзадержкой психического развития//Дефектология−1980
20.Стрекалова Т.А. Особенности логического мышления дошкольников с задержкой психического развития подготовительным//Дефектология−1980
21.Слепович Е7С Формирование речи у дошкольников с задержкой пихического развития− Минск 1983
22.Тригер ?Р7Д7 Ориентировка у детей задержкой психического развития в граматическом материале//Дефектология−1981
23.Шевченко С7Г Особенности знаний ипредставлений о ближайшем окружении у первоклассников с задержкой психического развития//Дефектология−1979
24.Тетенова Қарлығаш Сакеновна «Дамуында ауытқуы бар балалар» −2005
25.Нұрманбетова Ұ,Тебенова Қ.С, Омарова.Н.Н «Мамандыққа кіріспе»−2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І – бөлім
Арнайы педагогика жайлы түсінік
1.1 Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық
педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мүмкіншілігі шектеулі құқықтары, олардың ата-аналарының және
өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..12
ІІ – бөлім
Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық ерте көмек
көрсетудің мазмұны мен ұйымдастыру қағидалары
2.1 Мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... 13
2.2 Мектепке дейінгі түзету педагогикасының
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... .15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .., .23
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер
кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз
байланысты. Яғни оларға: есту қабілеті бұзылған балалар (керең
немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көру қабілеті
бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін );
сөйлеу қабілеті бұзылған, тіл мүкістігі бар балалар− лагоппаттар;
интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданған,
кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл және психикалық дамуы тежелген
балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі
түрде бұзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін- көрмейтін және ақыл-ойы
жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар;
педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-тұрысы,мінез-құлқы, тәртібі бұзылған)
балалар жатады.
Өкінішке орай, қазіргі таңда мүмкіншілігі шектеулі балалар саны
артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп
интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда
тәрбиеленеді. Демек, мұнда олар арнайы коррекциялық және
педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі.
Демек, ол дефектологтарға сонымен қатар, бұл мәселелерді шешу
көзін табу үшін педагог-психологтарға өте маңызды.
Бұл мәселелер мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және басқа да
жас ерекшеліктер психологиясында кездесетін мәселелердің бірі болып
келеді. Яғни, арнайы педагогика бұндай жағдайлар әлемдік деңгейде
барлық мемлекеттерде кездесетін өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Мәселен, АҚШ елінде, Ресей еліне қарағанда мүмкіншілігі
шектеулі балалар саны көп. Сонымен қатар өз елімізде де
мүмкіншілігі шектеулі балалар саны және де ақауы бар балалар да
аз емес. Осыдан арнайы психологияда туындайтын мәселелер осы
балаларға қолданылатын психокоррекциялы жұмыстар мен психологиялық
әлеуметтік қамтамассыз ету жағдайларының, қазақ тіліндегі оқу
құралдарының және техникалық құрал-жабдықтардың аздығы.
Жалпы айтқанда, курстық жұмыста қарастырылған негізгі мәселелер,
концепциялар сол сияқты теориялар Л.С.Выготскидің тұжырымдамалары мен
салыстырмалы тұрғыда түйінделіп жасалынған. Алайда бұл мәселелерді
психологиялық және педагогикалық тұрғыда қарайтын болсақ,
мүмкіншілігі шектеулі балалардың ортамен қарым-қатынасы және олардың
оқу барысындағы іс-әрекеті, педагогикалық ерекшеліктері арнайы
педагогика ғылымында үлкен сұрақты туындатады. Демек мұндай әр түрлі
категориядағы балалармен педагог-психологтардың жұмыс жасауы, олардың
деңгейіне сәйкес әдіс-тәсілдердің қолданылуы және олардың таным
процесстерінің ерекшеліктерін айқындауы жайында туындайтын сұрақтар
арнайы педагогика ғылымында қарастырылады. Және де арнайы педагогика
ғылымында бұл мәселелер мен қатар теорияның

тәжірибе жүзінде қарастырылуы жайында да сөз болады. Осы жайында
байсалды жұмыстар xix-xx ғасырдан бастап жүзеге асырыла бастады.
Ал қазіргі кезде арнайы педагогика ғылымында осы айтылған мәселерге
жауап қайтаратын материялдардың аздығынан туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты׃
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен
принциптері.
Курстық жұмыстың теориялық мәні.
XX ғасыр ортасында педагогикада ақыл-ойы артта қалған балалар,
соқырлар және саңыраулар арнайы, бөлек сала ретінде қарастырылады.
Осы бағыттар бойынша зерттеулер, басылымдар шыға бастады.
Мысалға׃ К.Бюркленнің Соқырлар психологиясы 1924 ж т.с.с. Осындай
зерттеулер мен жұмыстар Ресейде қарастырылды.. Және де осы
проблемаларға байланысты Л.С.Выготский арнайы педагогиканың ғылым
ретінде дамуы жайында бірнеше мақалалар жазды. Оның бірінші
жұмысы Педагогика мен дефектологиядағы бала дефектісі, Қазіргі
таңдағы дефектологияның негізгі проблемалары т.б.
Курстық жұмыстың обьектісі.
Қазіргі таңдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік ерте көмек
беру үлгісі.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады,
пайдаланған әдебиеттер тізімі

I - бөлім
Арнайы педагогика жайлы түсінік
1.1 Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық
педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен
принциптері
Адамдардың психикалық және физикалық кемтарлығының педагогикалық
ерекшеліктері көркем әдеби, философиялық әдебиеттерде сонымен қатар,
ежелгі және орта ғасырлардағы медициналық трактаттарда көрсетілген
болатын. Бұл көрсеткіштер сипаттамалық мінездемеден тұрады. Оларға
әсіресе соқырлар мен саңыраулар жатады. Мұндай ерекшеліктер
адамдардың арнайы қабілеттерін көрсетеді (мысалы музыкаға, көркем
әдеби шығармаға қабілеттілік).19 ғасырдың ортасында ақыл ойы
дамуының артта қалуын ғылыми зерттеу қортындысы медицина ғылымының
тәжірибесімен байланысты. 1839ж Ж.Д. Эскироль франсуз психиаторы ақыл
ойы артта қалған балалар жайында 2 томдық еңбек жариялады. Бұл
еңбекте таза психологиялық сұрақтар үлкен орын алды және де
медициналық, гигиеналық, медико- социалды проблемалар қозғалды. Д.
Эскираль ақыл ойы артта қалушыларды психоз түрі ретінде қарады. Ол
ақыл ойы артта қалудың негізгі ерекшелігін тіл кемістігі деп
түсіндіреді. Эскирольдің классификациясы психологиялық мінездемемен
түсіндірілді. Сонымен қатар, осы мәселелерді психатрияның аумағында
қарастырған Ж.Итар және Е.Сечен француз психиаторы болып табылады. (
19 ғасырдың екінші жартысында).
Арнайы педагогиканың даму тарихының негізі және қажеттісі
болып, бастау мектепте оқытуға кіріспе. Демек, таным процесінің
алғашқы баспалдағын, оқытудың заңдылықтарын енді үйренуші балалардың
психологиясынан нормадан ажырата алу сол кездегі педагогтарға үлкен
қиындық туғызды. Яғни білім беру процесіне енді енуші ақыл ойы
артта қалған балалармен жұмыс жасау және оларды ортадан ажырата
білу оңайға соқпады. Осыдан арнайы сыныптарды ашу үшін Франция
министірлігі әдістемелерді өңдеуде камиссияларды орнатты. Бұл камисся
құрамына француз психологы А.Бине және Симон кірді. Ол екеуі ақыл
ойында бар балалар жайында жазылған құнды материалдарды жинақтады.
Диагнстиканың принципі негізінде Аномальді балалар кітабін жарыққа
шығарды..
Бірінші дефект немесе кемістік және екінші ауытқулар
Біріншілік және екіншілік дефектілер және олардың психикалық
дамудың барысына әсері жайлы Л.С.Выготскийдің ұсыныстары көру
қабілетінің бұзылуы кезінде жеке тұлғаның қалыптасуын бақылау
кезінде ашық дәлелдеу тапты. Көрудің терең бұзылуы тұлғаның
құрылымының түрлі компоненттеріне әсер етеді. Тұлғаның бір бейнелеуі

мен сапалары көрудің дефектіне едәуір дәрежеде, ал қалғаны аз
мөлшерде дамудың сыртқы жағымсыз шартымен бейнелетіндіктен,
тифлопсихологияның тарихында зағиптың тұлғалығына түрлі көзқарастар
қалыптасты.
Осыған орай Ф.Ишоев зағиптың тұлғалылыққа әсерін ғана жоққа
шығарып қана қоймай, сондай-ақ тифлопсихологияны қажетсіз ғылым деп
есептеді, себебі зағип жанның психикасы көретін адамның психикасынан
ерекшеленбейді. Л.СВыготский кейде арқа сүйейтін жоғарғы компенсация
жайлы Арлердің теориясы арқылы дәлеледенгендей, көрудің бұзылуы
тұлғаның дамуына оң әсер етеді. Осы теорияға арқа сүйейтін
тифлопедагогикалы Б.И.Кофаленко да ұстанған.
Түрлі категориядағы аномальді балалардың экстрименталдық
психологиялы зерттеулері көрсеткендей, біріншілік эффект, оның
спецификасына байланысты сәбидің психикасында түрлі екіншілік
өзгерістер тудырады.
Ж.И.Шиф атап өткендей, аномальді дамудың барлық жағдайлары
үшін жалпылығы болып салалар дефектімен бұзылатын жинақтығы тұтастай
алғандағы аномальді сабидің тұлғалығының дамуындағы өзгерістерге
білінетіндегі табылады.
В.И.Лубовскийде дефекттің барлық аномальді балалар үшін жалпы
болып саналатын дамудың маңызды заңдылығы ретінде тұлғаның дамуына
әсерін атап өтті.
Мәскеулік дефектологтардың позициясына қарсы шыға отырып
А.И.Зотов олардың дәлелдемелерін жоққа шығаруға тырысты, оның
пайымдауынша психикалық процесстер мен тұлғалықтардың дамуы мен
көрудің бұзылуы арасында тікелей байланыс бар. Ол (1981) психикалық
құбылыстардың үш тобын ажыратып берді, олар әсер ету дәрежесімен
бір-бірінен ерекшеленеді.
Психикалық құбылыстардың бірінші тобы көз потологиясынан
тәулділіктің болмауымен ерекшеленеді.
Екінші тобы жетістіктер деңгейінің көру потологиясына
тәуелсіздігімен және арнаулы деңгейдегі жетістіктер процесінің өзінің
көрудің өткірлігі мен ауру сипатына дифференциалдық байланыстылығымен
сипатталады.
Психикалық құбылыстардың үшінші тобы көру дефектіне тікелей
байланыстылықпен бейнеленеді; оларға көрулік анализаторды перифериялық
және өтпелік бөліктерінің бүлінуімен шарттасқан жеке көру
құбылыстары жатады.
Тұлғаның бағыттылығы әлеуметтік табиғатқа ие болуына қарамастан
автор атап өткендей , оның қажеттілік пен қызығушылықтар секілді
оның компоненттерінің кейбіреулері көрудің бұзылуының әсеріне
ұшырайды және олар қалыптасуы көрудің күйіне тәуелді.
Осыған орай, зағиптің және әлсіз көрушілік секілді көру
қабілетінің терең бүлінуі тұлғаны қоса алғанда адамның бүкіл
психикасының қалыптасуын едәуір ықпал етеді. Бірақ бұл әсер
көррекциялық ықпалдармен және отбасы, сонымен бірге тәрбиелеу
мекемелеріндегі даму жағдайларымен ниверлинеледі. Физикалық
кемшіліктері бар балалардың тұлғалық қасиеттері мектепке дейінгі
жасөспірімдік периоттарда едәуір өзгерістерге кезігеді.
Көру қабілеті бүлінген балалар мектепке дейінгі жаста бір
қалыпты көретін өз құрдастары арасында өзінің ерекшелігін сезіне
бастайды, ал жасөспірімдік жаста өзінің физикалық дамымағандығынан
зардап шегеді.
Кеміс дамудың күрделі құрылысы алғашқы дефектінің бұзылуын
көрсетеді (егер биологиялық фактор әсер етсе ) және бірінші
дефектінің пайда болуы екінші бұзылуға әкеп соғады.
Мысалы, есту аппаратының зақымдану салдарынан есту қабілеті
бұзылса бұл алғашқы дефект болады. Саңыраулық тілі шықпай тұрып
пайда болса− яғни сөйлемейтін, саңыраулық-мыңқаулыққа әкеледі, бұл
екінші дефект болып саналады. Мұндай кезде баланың арнайы оқыту
жағдайында сақталған анализаторлардың көмегімен тілі шығуы мүмкін.
Әрине, мұндай жағдайда баланың тілі түсініксіз болады, толық
болмайды, сөздік қоры шектеулі және сөзді түсінуде қиынға соғады.
Сөйлеуде кемшілігі бар кезде бала айналысымен дұрыс қарым-қатынас
жасай алмайды, сол себептен мінез - құлығы, жалпы психика қызметтері
оңымен, дұрыс қалыптаспайды. Екінші ауытқулардың нәтижесінде
кеңістікте бағдарлау жасауы жеткіліксіз болады. Нақты бір затты
айыра алмайды, жүрісінде өзгешелік болады.
Ақылдың, ой-өрістің жеткіліксіздігі, мидың органикалық
зақымдалуынан, яғни, алғашқы дефектінің нәтижесінде пайда болады.
Белсенді қабалдау, сөлем , логикалық ойлау, зерденің еркін түрлері
бұзлып, сонымен қатар сол бұзылулар баланың әлеуметтік даму
процесінде байқалады. Егер дер кезінде екінші дефектіге әсер етсе,
бірінші дефект азаюы мүмкін. Себебі, екіншіні дефектіні біршама
дәрежеде түзетуге болады. Бірінші дефектіні жөндеуі, түзетуі
медициналық дәрігерлік жәрдемді қажет етеді, бірақ оның көп
жағдайда тиімділігі аздау.
Арнайы педагогиканың қазіргі таңдағы жалпы проблемалары
Арнайы педагогикалық және физикалық жағынан кемтар балалармен
ересектердің психикалық қимыл әрекетінің ерекшелігін, психикалық даму
заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының саласы болып табылады.
Арнайы бағыт бойынша оған: ақыл ойы жағынан артта қалған(
Олигофренопедагогика ) саңыраулар және нашар еститін (сурдопедагогика),
соқыр және нашар көретін (тифлопедагогика), сонымен қатар, тіл
мүкісі бар балалар педагогикасы жатады,
Арнайы педагогика, сонымен қатар дефектология ғылымының
бөлімінде ғылыми аумақты кіреді. Демек, педагогикалық және физикалық
жағынан артта қалған балаларды өздігімен қоғамдық өмірге және
еңбекке баулу; оларды дайындау; жан-жақты үйрету дефектология
ғылымының аумағында қарастырылады: Дефектология; арнайы пегагогиканың
салаларын; балалармен ересектерді тәрбиелеу мен оқыту
проблемаларымен айналысатын арнайы педагогиканы да өзіне енгізеді:
Дефектология сонымен қатар; көру және есту дефектісі барларды
компенсациялау және коррекциялау мақсатымен қолданылатын арнайы
техникалық құралдардың өңдемесі де жатады.
Арнайы педагогика жасерекшелік және педагогикалық психология,
психофизиология және нейропсихология сияқты педагогиканың салаларымен
де тығыз байланысты: Олар жалпы педагогикадан бөлініп шығады: Бірақ та
арнайы педагогиканы патопсихологимен клиникалық психологиядан ажырата
білгеніміз жөн:
Арнай педагогиканың мақсатына׃ әртүрлі деңгейдегі педагогикалық
және физикалық жағнан кемтар балалардың және ересектердің
психикалық даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттеу жатады: Ал
қазіргі таңда арнайы педагогиканың актуальді мақсаты:диогностикалық
әдістемелерді өңдеу болып табылады:
1.2 Арнайы педагогикаға арнайы зерттеу әдістемелері жоқ. Оған жалпы
тұрғыда жүргізілетін балалар және педагогикалық психологияның
әдістемелері және индивидалды, топтық лабороториялық, психологиялық
эксперимент, бақылау, іс−әрекет нәтижелерін зерттеу әдістемелері (
мысалы, баланың жазған жазуының анализі, сурет салу, заттарды
бейнелеу т.с.с) анкеталау, проективті әдістемелер, тесттер, үйретуші
эксперимент әдістемелер болып табылады.
Әр әдістеме анықталған мақсат бойынша және зерттеу обьектісінің
негізінің ерекшелігімен қолданылады. Сонымен қатар, эксперименталді-
психологиялық әдістемелер әртүрлі мақсат бойынша қолданылады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеуде ерекше көмек беретін әдіс
ол− бақылау блып табылады. Әртүлі тапсырмаларды орындау барысындағы
баланың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға болады . Оған негіз
болатын бақылау әдісі болып табылады.
Арнайы педагогиканың негізгі методологиялық проблемасы болып
сөздік емес психологиялық әдістеменің қолданылуы мен өңделуі болып
табылады. Жалпы айтқанда арнайы педагогика ғылымында жүргізетін
психологиялық зерттеулер, әдістемелер әр баланың деңгейімен
ерекшеліктерімен жүргізіледі. Яғни баланың даму деңгейі, ақыл-ойының
деңгейі, көру есту дефектісінің деңгейімен ескеріле отырып, зерттеу
әдісін қолданамыз.
Арнайы педагогиканың негізгі категориялары
Аномальді балалардың негізгі категорияларына׃
Естуінде бұзылысы бар балаларды жатқызамыз. Яғни( саңыраулар, нашар
еститіндер, мүлдем естімейтіндер, көру бұзылысы бар балалар׃ (соқыр,
нашар көретіндер ); сөйлеудің күрделі бұзылысы бар балалар
(Логопаттар); ақыл-ойында ауытқуы бар балалар ( ЗПР балалар);
психофизиологиялық дамудағы комплекстік бұзылыс ( соқыр-мылқау , ақыл-
ойында ауытқуы бар соқырлар, ақыл-ойында ауытқуы бар саңыраулар,);
және де қимыл қозғалыс аппаратында бұзылысы бар балалар жатады.
Сонымен қатар, дамуында ауытқуы бар балалардың басқа да
топтары бар, олар׃
Мінез – құлықының психопатиялық формасы, яғни олар мектепте
бейімделе алмайды және мектепте неврозбен зардап шеккен балалар
болып табылады. Және де балалардың ерекше тобы, педагог пен
психологтардың зейінін өзіне аударатын топ ол׃ дарынды балалар тобы
болып табылады. Аномальді балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды
қоғамдық өмірге, өнімді еңбекке баулу− күрделі әлеуметтік және
педагогикалық проблема болып келеді. Аномальді балалар− күрделі әрі
әртүрлі мінезді топ. Әртүрлі аномальділердің дамуы балалардың
әлеуметтік байланысында құрылуда әртүрлі көрінеді.
1. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзету арқылы қолдау баланың туғаннан басталып, ол
кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық,
психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тексеру мен кәсіби
диагностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу,
медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету
және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі.
2. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың
мақсаттары:
-Туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан
ауытқушылықтары ерте бастан (туған кезден) анықтау;
- Балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу
мүгедектіктің ауыр түрлерінен сақтандыру;
- Балалар мүгедектігінің деңгейін төмендету;
- Кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабілеттерінің
орнын толтыру немесе оларды қалпына келтіру, олардың әлеуметтік
құқықтарын іске асыру, неғұрлым толық әлеуметтік бейімделуіне
жәрдемдесу болып табылады.
3. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың
міндеттері:
- Мүмкіншілігі шектеулі балаларды анықтау мен оларды есепке алудың
бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру;
- Арнаулы білім беруді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді
жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамыту;
- Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу;
- Мүмкіншілігі шектеулі балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау;
- Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды
жүзеге асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік
жағынан қамтамассыз ету;
- Халықты әлеуметтік , қорғау денсаулық сақтау, білім беру
ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелері жөніндегі қызметін
сьақтастыру болып табылады.
4. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
мынадай принциптерге :
- Мүмкіншілігі шектеулі балалармен олардың отбасыларына әлеуметтік
қолдау және оңалту көмегін көрсету кепілдігіне;
- Мүмкіншілігі шектеулі баласы бар отбасы мен әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар
мамандарының ынтымақтастығына;
- Балалардың қабілеттерінің шектеулі дәрежесіне, жасына, әлеуметтік
мәртебесіне қарамастан, ерте қолдау мен қол жеткізуіне және тең
құқықтылығына;
- Әрбір балаға жеке тұрғыдан келіп, әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетуді саралауға негізделеді.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
- Арнаулы мектепке дейінгі және жалпы білім берудің мемлекеттік
білім беру стандарттарын белгілейді;
- Барлық білім беру ұйымдары үшін арнаулы білім беру шарттарының
бірыңғай принциптері мен нормативтерін анықтайды;
- Мүмкіншілігі шектеулі балалар оқитын арнаулы сыныптардың
(топтардың) шекті толымдылығын айқындайды;
- Арнаулы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін
белгілейді; арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру
ұйымдарында қажетті орын санын айқындайды;
- Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту жүзеге асыратын білім
беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу әдістемелік
жарақтандырылуы мен қамтамассыз етілуіне қойылатын ең төменгі
міндетті талаптарды белгілейді;
- Оқушыларды аттестаттау әдістемесін айқындайды;
- Азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтік қорғау
саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кемтар балаларды
оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтік
талаптарды әзірлейді және бекітеді;
- Әр түрлі ведомоствалық бағыныстағы білім беру ұйымдарын ғылыми-
әдістемелік қамтамассыз ету жөніндегі қызметтің үйлестірілуін
жүзеге асырылады;
- Арнаулы білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының
заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін орындалуына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
бағдарламалын ғылыми негіздемелеуді ұйымдастырады;

1.2 Мүмкіншілігі шектеулі балалардың құқықтары, олардың ата-
аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері
1. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті түрде тегін
алуға;
1) Мемлекеттік медициналық ұйымдарда, психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияларда немесе медициналық әлеуметтік
сараптама бөлімдерінде Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен тегін тексерілуге және тегін медициналық
көмек алуға;
2) Дене немесе психикалық кемістіктері байқалған сәттен бастап,
оның көріну дәрежесіне қарамастан, психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегін медициналық-
психологиялық педагогикалық түзетуге;
3) Медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен протезортопедия бұйымдарымен
және аяқ киіммен, арнайы қарпі бар баспа басылымдарымен, дыбыс
күшейткіш аппаратурамен және сигнал бергіш құралдарымен,
компенсаторлық техникалық құралдармен тегін қамтамассыз етілуге;
4) Психологиялық-медициналық-педагогик алық консультациялардың
қорытындысына сәйкес арнаулы білім беру ұйымдарында немесе
мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім
алуға;
5) Мемлекеттік оқу-орындарында мемлекеттік білім беру бағдарламалары
шегіне конкурстық негізде тегін кәсіптік білім алуға;
6) Оқу бітіргеннен кейін алғаш біліміне және кәсіби даярлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген
тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.
2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегін білім алу, білім
беру гранттары мен кредиттерін алу конкурсына қатысқан кезде
көрсеткіштері басқалармен бірдей болған жағдайда, медициналық
әлеуметтік сараптау бөлімдерінің қорытындысына сәйкес тиісті білім
беру ұйымдарында білім алуына болатын 1 және 2 топтағы мүгедектер,
бала кезінен мүгедектер басым құқыққа ие болады.
3. Жетімдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,
толықтай мемлекет қамтамассыз ететін кемтар балалар арнаулы білім
беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейін және кәмелеттік жасқа
жеткен соң, жергілікті атқарушы органдар оларды заңдарда белгіленген
тіртіппен тұрған үймен қамтамассыз етеді.

II-бөлім
Мүмкіндігі шектелген балаға әлеуметтік ерте көмек көрсету
2.1 Мүмкіндігі шектелген балаларға білім беруді ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының
заңындағы пайдаланатын терминдер мен анықтамалар.
1. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау-кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді
жою және олардың орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамассыз
ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне
қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік
медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.
2. Әлеуметтік бейімдеу-нысаналы әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың
қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен
нормаларының игеруі мен қабылдауы және еңбекке даярлануы
жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
3. Әлеуметтік жұмыс-жекелеген адамдарға, отбасыларына олардың толық
мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған
немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік
құқытары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі
қызмет.
4. Арнаулы білім беру бағдарламалары-кемтар балаларды оқытуға
арналған бағдарламалар.
5. Әлеуметтік тексеруді-тиісті жастағы балаларға арналған жас
нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақылы
еттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен
қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін
үкіметтік кемістіктер дәрежесін анықтау.
6. Педагогикалық тексеру-тиісті жастағы балаларға арналған жас
нормативтерін ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму
ерекшеліктерін және ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас
жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
7. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Арнайы педагогика туралы
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер