Мал дәрігелік энтомология
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
Жылқы ринэстрозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Дауа шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
Мал дәрігерлік энтомология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Бөгелек балаң.құрттары қоздыратын аурулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Гиподерматоз (сәйгел, оқыра) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
Өзіндік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Мал дәрігелік энтомология-жануарлардың денсаулығына зиян тигізетін жәндіктерді және олармен күрес шараларын зерттейді. Жануарлар денсаулығына жәндіктер өз зиянын бір жағынан эктопаразиттер ретінде тигізсе, екінші жағынан – жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Кейбір жәндіктер ішқұрттардың дамуында аралық ие, ал басқа біреулері мал өнімдерін бүлдіреді. Жәндіктер тудыратын аурулар – энтомоздар деп аталады.
Жәндіктердің дене құрылысы. Жәндіктер денесі 3 бөлімнен құралған: оған бас, кеуде және құрсақ жатады. Денесі, бунақталып келіп, сыртынан хитинді қабыршақпен жабылған, ол сыртқы әсерден қорғаумен қатар, қаңқа міндетін де атқарады.
Жәндіктер басы кеуде бөлімімен қозғалмалы түрде тіркеседі. Басы 6 буыннан құрылып, бас сүйек қорабын түзейді. Басында ауыз мүшелері мен 2 мұртшасы (антенна) бар. Мұртшалары көздерінің ортасында, бастың алдыңғы жағына орналасқан және бірнеше буыннан құралған, қозғалмалы. Ол иіс сезу және сезімталдық қызметін атқарады. Мұртшалардың құрылысы әртүрлі болғандықтан, оның ерекшелігін жәндіктердің түрлерін анықтағанда пайдаланады.
Ауыз мүшелері бастың алдыңғы және астыңғы жағына орналасқан. Олар жоғарғы еріннен, 3 пар ауыз немесе жақтардан және жұтқыншақ астынан құралған. Тамақтану түріне байланысты жәндіктердің ауыз мүшелерінің кеміргіш, сорғыш немесе тікенекті сорғыш түрлері бар.

1. Абуладзе К.И. и др. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М.: «Колос», 1982,1990.
2. Абуладзе К.И. и др. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М.: «Колос», 1984.
3. Демидов Н.В., Потемкина В.А. Справочник по терапии и профилактике гельминтозов животных. М: «Колос», 1980.
4. Дьяконов Л.П., Орлов И.В. и др. Паразитарные болезни сельскохозяйственных животных. М.: Агропромиздат, 1985.
5. Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000.
6. Ананьев П.К. и др. Профилактика и лечение заразных болезней сельскохозяйственных животных, Алма-Ата: «Кайнар», 1988.
7. Бауер О.И. Болезни прудовых рыб. М.: «Колос», 1981.
8. Балашов Ю.С. Кровососущие клещи - переносчики болезней человека и животных. Л., «Наука», 1967.
9. Галузо И.Г. Токсоплазмоз животных. Алма-Ата, «Наука», 1965.
10. Геллер И.Ю. Эхинококкоз. М., «Медицина», 1989.
11. Гробов О.Ф. и др. Болезни и вредители пчел. М., ВО «Агропромиздат», 1989.

Аннотация
Бұл курстық жұмыста кіріспе, осы пән туралы қысқаша мәліметтер,
анықтамалар, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер мен
өзіндік жұмыс қарастырылған.
Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде осы тақырып және пән туралы қысқаша
қорытынды жазылған.
Негізгі бөлімде осы пән туралы мәліметтер, анықтамалар, тақырыпқа сай
мәселелер қарастырылған.
Өзіндік жұмыс бөлімінде қолданылған әдебиеттер және қорытынды т.б.
мәліметтер берілген.
Қысқартылған сөздер
мл – миллилитр
% - пайыз
мг – миллиграмм
РНК – Рибонуклеин қышқылы
ДНК – Дезоксирибон қышқылы
млн – миллион
т.б. – тағы басқа.
Анықтама
Тілерсек – сирақ.
Остия – қан қақпақшасы бар тесіктер.
Гипотермиялық – суықтық.
Овогенез – жұмыртқаның пісіп-жетілуі.
Имаго – ересек құрт.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
Жылқы
ринэстрозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. 8
Дауа
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .. 11
Мал дәрігерлік
энтомология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 13
Бөгелек балаң-құрттары қоздыратын
аурулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Гиподерматоз (сәйгел,
оқыра) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
Өзіндік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 31
Кіріспе
Мал дәрігелік энтомология-жануарлардың денсаулығына зиян тигізетін
жәндіктерді және олармен күрес шараларын зерттейді. Жануарлар денсаулығына
жәндіктер өз зиянын бір жағынан эктопаразиттер ретінде тигізсе, екінші
жағынан – жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Кейбір жәндіктер
ішқұрттардың дамуында аралық ие, ал басқа біреулері мал өнімдерін
бүлдіреді. Жәндіктер тудыратын аурулар – энтомоздар деп аталады.
Жәндіктердің дене құрылысы. Жәндіктер денесі 3 бөлімнен құралған: оған
бас, кеуде және құрсақ жатады. Денесі, бунақталып келіп, сыртынан хитинді
қабыршақпен жабылған, ол сыртқы әсерден қорғаумен қатар, қаңқа міндетін де
атқарады.
Жәндіктер басы кеуде бөлімімен қозғалмалы түрде тіркеседі. Басы 6
буыннан құрылып, бас сүйек қорабын түзейді. Басында ауыз мүшелері мен 2
мұртшасы (антенна) бар. Мұртшалары көздерінің ортасында, бастың алдыңғы
жағына орналасқан және бірнеше буыннан құралған, қозғалмалы. Ол иіс сезу
және сезімталдық қызметін атқарады. Мұртшалардың құрылысы әртүрлі
болғандықтан, оның ерекшелігін жәндіктердің түрлерін анықтағанда
пайдаланады.
Ауыз мүшелері бастың алдыңғы және астыңғы жағына орналасқан. Олар
жоғарғы еріннен, 3 пар ауыз немесе жақтардан және жұтқыншақ астынан
құралған. Тамақтану түріне байланысты жәндіктердің ауыз мүшелерінің
кеміргіш, сорғыш немесе тікенекті сорғыш түрлері бар.
Жылқы ринэстрозы
Ринэстроз – Oestridae тұқымдасына, Rhinoestrus туысына жататын кеңсірік-
көмей бөгелектерінің балаң құрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы.
Ауруға шалдыққан жылқының кеңсірік, маңдай қуыстары кілегей қабықтары
қабынады, алқым және шықшыт бездері ісінеді, жылқы арықтайды және жұмыс
қабілеті төмендейді, ал кейде өлім-жітімге шалдығады.
Қоздырғышы. Қазақстанда жылқының ринэстроз ауруын танау бөгелектерінің
екі түрі қоздырады: Rhinoestrus purpureus және Rh. laiifrons.
Rh. purpureus – ақбас, қоңыр, орыс бөгелегі деп аталады. Имаго
кезеңінде дене тұрқы 8-12 мм, жылтыр қоңыр түсті, денесінде түгі аз, арқа
жағында бірен-саран сүйелдері бар. Басы үлкен және жылтыр. Күрделі көздері
ұрғашыларында бір-бірінен алшақ, ал еркегінде жақындау орналасқан.
Мұртшалары қысқа, арнайы шұңғылдардан таралған. Ауыз мүшелері жетілмеген.
Кеуде бөлімінің арқа буылтықтарға бөлінген төрт қара жолақтары бар. Құрсақ
жағы сопақ-жұмыртқа тәрізді, сыртын жылтыр қара сүйелдер қаптаған.
Құрсағының асты ақ түсті, қанаттары мөлдір, түп жағында үш қара нүктесі
бар. Аяқтары қысқа.
I сатыдағы балаң құрттардың дене тұрқы 1-3,5 мм, денесі арқадан
құрсаққа қарай жалпиған. Тікендері негізінен құрсақ жағында. Бастапқы
буылтығында ауыз ілгектері орлаласқан. Олар ұзын, имектелген ұштары өткір,
ашық-қоңыр түсті, екеуінің түп жағы жақындасып келіп қайта тарқайды. Осы
құрылысына орай ілгектер иесінің ұлпасына терең еніп, онда жақсы бекінеді.
Ілгектер арасына балапан-құрттардың аузы орналасқан. Әр буылтықта 2-3 қатар
тікендері, ал бүйір жақтарында 4-5 ұзын түктері бар. II сатысындағы балапан-
құрттар құрылысы жағынан III сатыдағы балапан-құрттарға ұқсас, бірақ
олардан кішірек.
III сатыдағы балапан-құрттардың дене тұрқы 200 мм. Денесінің арқа жағы
шығыңқы, құрсақ жағы тегіс. Бас жағында сезгіш екі төмпешігі және ауыз
ілгектері бар. Буылтықтардың астыңғы жағы тікендермен қаруланған. Арт
жағында екі тыныс тесігі бар, олардан кеңірдектер басталады.
Rh. latifrons – келте бөгелек, имаго кезеңінде дене тұрқы 11-13 мм.
Дене құрылысы жағынан ақбас, яғни қоңыр бөгелекке ұқсас. Денедегі жолақтары
қызыл-қоңыр түсті. III сатыдағы балапан-құрттардың денесі жалпақ.
Қоздырғыштың өсіп-өнуі. Жылқының танау қуыс бөгелектері жылдың ыстық
кезеңінде, күннің ысып, әбден жылынған сағаттарында ұшады. Салқын ауа
райына олар өте сезімтал. Бөгелектер жер бетінен көтеріңкі заттарда отырып
дем алады. Олар жыныстық қатынас арқылы ұрықтанады. Ұрықтанған ұрғашы
бөгелек екі аптадай қозғалмай отырады. Бұл уақытта оның жыныс бездерінде
балаң құрттар өсіп-жетіледі. Ұрғашылары I сатыдағы балаң құрттарын жылқының
танауына жақын келіп бүркіп жібереді. 2-3 апта ішінде бөгелектің бір
ұрғашысы 700-800-ге жуық балапан-құрт шашады.
Танау арқылы жылқының және т.б. тақ тұяқтылардың кеңсірігіне енген I
сатыдағы балаң құрттар алғашында мұрын қуыстарында, кейінірек көмейде, тор
сүйектің иірлерінде және маңдай қуыстарында өмір сүріп, II және III
сатыдағы балаң құрттарға айналады. Бас қуыстарында олар 8-9 айдай өмір
сүріп, күн жылыған соң III сатыдағы балаң құрттар жерге түсіп, топырақтың
үстіңгі жағына еніп, қуыршақтанады. Қуыршақ кезеңі ауа райының жағдайларына
байланысты 30-45 тәулікке созылады, сонан соң қуыршақтың қақпақшасы ашылып,
оның ішінен имаго немесе қанатталған ересектері шығады. Республиканың
оңтүстік-шығыс алқаптарында қуыс бөгелектері жылына екі ұрпақ беріп
үлгереді.
Эпизоотологиялық деректер. Жылқы ринэстрозы Қазақстанның – далалы,
шөлейтті, шөлді алқаптарында және тay етектеріндегі жылқы өсірілетін
шаруашылықтарда кездеседі. Жылқыдан басқа қашыр, құлан, есек те
зақымдалады. Ауру энзоотия түрінде байқалады. Бөгелектер июнь айында пайда
болып, бүкіл жаз бойы ұшып, ауру таратады. Ұрғашылары небәрі 30-40 күн өмір
сүреді. Оңтүстікте бөгелектердің жылына 2 ұрпағы дамиды. Ауру жас және кәрі
жылқыда, әсіресе әлсіреген жануарларда жиірек кездеседі.
Патогенезі. Танау бөгелегі балапан-құрттарының латогендік әсері
–олардың санына және жылқы организмінің төзімділігіне байланысты. Балаң
құрттар өздерінің тікендерімен, ауыз ілгектерімен және т.б. бас қуыстарының
кілегей қабықтарын зақымдайды. Соның салдарынан катаральді және катаральді-
іріңді қабыну құбылыстары байқалады. Ринит, ларингит, фронтит, гайморит
сияқты аурулар пайда болады.
Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып жүргенде-ақ мал
тынышсызданады, жиі пысқырады, басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы
оттамай, бәрі бір жерге топтанып танауларын бір-бірінің жал-құйрығына тығып
тұрып алады. Аурудың клиникалық белгілері балапан-құрттардың санына
байланысты. Ринитке шалдыққан жылқы танауларынан кілегейлі қан жолақтары
аралас жалқаяқ шығады. Танауды рефлектормен зерттегенде оның кілегей
қабығында қызыл шақа уылған жаралар және тыртықтар көрінеді. Торлы сүйектің
иірлері қабынғанда танаудан шыққан ауа сасық иісті болады. Алқым және
шықшыт бездері үлкейген. Жұткыншақ пен көмейдің қабырғалары зақымданса, мал
жұтына алмайды, жылқыны суарғанда су танауларынан қайта шығады.
Танауларынан қан ағуы да мүмкін. Кейде жүйке жүйесінің қызметі бұзылып,
ауру жылқы селсоқтыққа ұшырайды немесе қатты тынышсызданады.
Өлекседегі өзгерістер. Өлген жылқының басын жарып тексергенде – маңдай
қойнауынан, кеңсірігінен балаң құрттар табылады. Кілегей қабықтары
қабынған, қарайып-қызарыңқыраған, әр жерінде уылған жаралар кездеседі.
Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тәрізді зат бар.
Диагнозы аурудың белгілері мен эпизоотологиялық деректеріне және
кеңсірік пен жұтқыншақта балапан-құрттардың табылуына негізделеді.
Ринэстрозды маңқадан, сақаудан, гастрофилезден және тыныс жолдары
ауруларынан ажырата білу керек.
Емі. Кеңсірік ішін шаю үшін 2% хлорофос ерітіндісі қолданылады. Әр
малға 50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дәрісін де қолдануға
болады. Әрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2% вазелин майындағы сүртпесін 3-5
тәулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет.
Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы нәтиже береді.
Емдеу уақыты – бір сағат. Бұл дәрілердің 40-60 мг әр 1 м3 жерге шашады.
Дауа шаралары.
Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымға әp жерден еліктіргіш қалқаншалар
қойылып, оларды 10% гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын
ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек.
Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай ойысына шашақталған
жұмсақ тері тігіледі.
Шаруашылыққа тыстан әкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға
қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.
Цефалопиноз түйенің кеңсірігінде, жұтқыншағында, тор сүйектің
иірлерінде өмір сүретін Oestridae тұқымдасына жататын Cеphalopina
titillator деп аталынатын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздыратын
созылмалы ауру. Қазақша аты – құмыр. Бұл ауру Қазақстанның Оңтүстігінде
және Оңтүстік батысында түйелі аймақтарда кездеседі.
Қоздырғышы. Құмыр ауруын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздырады.
Олар жәндіктер тобына (Іnsecta) қосқанаттылар тегіне жатады. Түйе
бөгелегінің дене тұрқы 8-11 мм. Денесі – бас, кеуде және құрсақ
бөлімдерінен тұрады. Түйе бөгелегі ашық-қоңыр түсті. Басы ірі, сары түсті,
маңдайы сары-сұр түсті. Көздері күрделі, мұртшалары қысқа. Ауыз мүшелері
дамымаған. Кеудесі қоңыр күл түсті қызыл, қоңыр дақтары бар. Аяқтары
сарғыш, қанаттары қоңыр. Құрсақ бөлімі ақ күміс түсті бозамықпен жабылған.
Құрсақ бөлімінің арқа жағы түбінде трапеция тәрізді қара дағы бар.
I сатыдағы балаң құрттарының дене тұрқы – 0,72 мм. Бас тұсында аузы
және нашар дамыған екі ауыз ілгектері бар. Әр буылтықтың астыңғы жағы
тікенекті. Олар мұрын қуысы иірлерін мекендейді.
II сатыдағы балаң құрттар ақ түсті. Денесі ұршық тәрізді, арт жағы
сүйірлеу. Дене тұрқы 0,8-1,7 см, ені 2-3,5 мм. Перитремалары дөңгелек, сары
түсті. Жаңа жетіліп келе жатқан ауыз ілгегі және тікендері бар.
ІІІ-сатыдағы балаң құрттардың ұзындығы 32 мм, ені 9 мм, денесі 12
буылтықтан құралған. Пішіні цилиндр тәрізді, алдыңғы жағы кішкене кеңірек,
сары-сұр түсті. Бас буылтығы қысқа, онда орақ тәрізді иірілген екі ірі,
қара түсті ауыз ілгектері бар. Әр буылтық тікендері жақсы дамыған. Ең соңғы
буылтығында перитремалары, яғни тыныс алаңы бар, олардың түсі қара-қоңыр,
пішіні бүйрек тәрізді.
Түйе бөгелегінің өсіп-өнуі. Түйе бөгелегінің қанаттанып ұшуы және
жануарларға шабуылы мамыр-маусым айларында басталады. Бөгелектің ұрғашылары
жыныстық түрмен ұрықтанғаннан кейін балапан-құрттары жетілу үшін бірнеше
күн қозғалмай отырады. Әр аналығы 800-900 дана I сатыдағы балапан-құрт
шығарады. Бөгелектің аналығы ұшып жүріп, түйе танауына 20-30 балапан-ұұрт
бүркіп жібереді. Алғашқыда олар мұрын қуысында, кеңсірікте дамып, одан әрі
бастың жоғарғы қуыстарына жылжиды. Бас қуысында 5-9 ай бойы балапан-
құрттардың II және III сатылары өсіп жетіледі. Өсіп жетілген III сатыдағы
балаң құрттар қозғалғыш келеді. Тікендері және ілгектерімен кілегей
қабықтарды тітіркендіріп және жарақаттайды. Түйе пысқырады және жөтеледі.
Жетілген III сатыдағы балаң құрттар танауға жақындап жерге түседі. Жерге
түскен балаң құрттар топырақтың үстіңгі жағына көміліп, 5-6 сағаттан соң
қуыршаққа айналады. Қуыршақ кезеңі 14-41 тәулік. Тіршілігіне қолайлы
жылдары түйе бөгелегі жылына екі peт ұрпақ береді.
Мал дәрігерлік энтомология
Энтомология (грекше – entomon – шыбын-шіркей және logos – ғылым) шыбын-
шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым. Ол бірқатар арнайы
пәндерге бөлінеді. Оған жалпы энтомология-теориялық ғылыми пән, ауыл
шаруашылық және орман энтомологиясы – ол пайдалы жәндіктерді зерттеумен
қатар, өсімдіктерге зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын әдістерді
зерттейді, сондай-ақ медициналық және мал дәрігерлік энтомологиясы болып
бөлінеді.

Басының екі жағында күрделі көздері орналасқан, олар ұсақ көптеген жай
көздерден құралған. Сондықтан оларды торлы көздер деп те атайды. Мұндай
көздер ересек жәндіктердің көпшілігіне тән. Сонымен қатар кейбір
жәндіктердің төбесінде 1-3 жай көздер де болады.
Кеуде бөлімі 3 буылтықтан құралған. Олардың әр қайсысына бір-бір жұп
аяқтар жалғасады. Ал екінші және үшінші буылтығында бір-бір жұп қанаттары
бар, кеуде бөліміне жалғасқан әрбір аяқ, жанбасша, ұршықбас, сан, сирақ
(тілерсек) және табан мүшелерінен құралады.
Қанаттары бір-біріне жабысқан жұқа табақшалардан тұрады, ал олардың өзі
– қабықша бүйірінен өсіп шыққан өсінділер. Қанат табақшаларының арасында
кеңірдектер және жүйкелер орналасқан, олар өткен жерлерінде хитин қалыңдап
тарамданған, ал олардың орналасуы жәндіктерді жіктеуде маңызы бар. Көптеген
жәндіктер (биттер, бүргелер, мамық жегіштер және т.б.) эволюциялық дамуы
барысында қанаттарын жоғалтқан, ал қосқанаттылардың артқы жұп қанаттары
кері дамып жоғалған немесе кішірейген.
Жәндіктердің құрсақ бөлімі 12 буылтықтан құралған, бірақ олардың
бірқатары жыныс мүшелерінің бөлшектеріне айналған, сондықтан әр түрлі
жәндіктердің көрініп тұратын құрсақ буылтықтары 5-тен 11 шамасында.
Ұрғашыларының жұмыртқа-қаптары 8-9 буылтық бөлшектерінен; ал еркек
жәндіктердің сыртқы қосалқы жыныс мүшелері 9-10 буылтық бөлшектерінен
құралған. Көптеген жәндіктерде құрсақтың соңғы 11-буылтығы кері дамып, 10-
буылтыққа жабысып қалған. Осы буылтықта артқы тесік, ал 8-9-буылтықта жыныс
тесігі орналасқан. Сыртқы қабыршағында қосалқы мүшелер, бездер, түктер
орналасып, кейбір жәндіктерде қалың бүркеуіш түзіледі.
Жәндіктердің ішкі құрылысы. Бұлшық ет жүйесі көлденең жолақты
талшықтардан дамығандықтан жәндіктер өте қозғалымпаз.
Олардың дене қуысында ішкі мүшелері орналасқан. Жоғарғы және төменгі
көк ет олардың дене қуысын 3 бөлімге бөледі: жоғарғысында арқа қан тамыры,
төменгісінде құрсақ жүйке түйіндері, ортаңғысында – ас қорыту, зәр шығару,
көбею және май дене орналасқан. Тыныс алу жүйесі кеуде мен құрсақтың екі
бүйірінен шығатын тыныс тесіктерінен басталып, көп тармақталатын
кеңірдектерден және барлық ішкі мүшелерге баратын және олар арқылы
ұлпаларда, газ айналасы өтетін (трахеола) кеңірдек тармақтарынан тұрады.
Қан айналу жүйесі тұйық емес, құрсақтың арқа жағына орналасқан бір ғана
қан тамырынан (жүрек) тұрады. Жүрек қақпақшаларымен бірнеше бөлімге
бөлінген кеуде бөлімінде қолқаға айналып, бас жағындағы дене қуысына
ашылады. Қаны мөлдір, сарғыштау немесе жасылдау түсті, ішінде түссіз амеба
тәрізді торшалары бар, оларды гемотиптер деп атайды. Соңғылардың ішінде
фагоциттер де бар. Арқа қан тамыры арқылы қан арттан алға қарай, ал дене
қуысында кейін қарай жылжиды. Жүрекке қан қақпақшасы бар тесіктер
(остиялар) арқылы енеді, олар дененің әр буылтығында болады.
Жәндіктердің ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады: алдыңғы және артқы
бөлімдері іш жағынан хитинді, ал ортаңғы бөлімі безді эпителиймен
көмкерілген.
Зәр шығару мүшелері-мальпигий тамырлары артқы ішекке ашылады. Олардың
бітеу жағын жуып-шаятын гемолимфадан, мальпигий тамырларына алмасу өнімдері
үнемі түсіп тұрады. Май дене жарнақшалары кеңірдек тармақтарымен жиі
қоршалған. Ол ішкі мүшелердің маңын түгелдей толықтырып, тірек болады және
қоректі заттардың жиналатын негізгі орны болып табылады.
Жүйке жүйесі жоғары дамыған, ол орталық, шеткі және симпатикалық болып
бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі жұтқыншақ асты түйіннен және кеуде, құрсақта
орналасқан жұп түйіндерден құралған. Шеткі жүйке жүйесі орталық және
симпатикалық жүйке жүйесінен шығатын және мүшелер мен ұлпаларға баратын
нервтерден құралады. Симпатикалық жүйке жүйесі 3 бөлімнен құралады: ауыз-
қарын, құрсақ және құйрық. Олар жәндіктердің бұлшық еттері мен ішкі мүшелер
қызметін реттейді.
Жәндіктердің сезім мүшелерінің негізін сенсилдер құрайды. Олар маңайына
сезім торшалары шоғырланған қабылдауыш құрылымнан тұрады.
Жәндіктерде механикалық әсерді – білу, химиялық, гипотермиялық
(суықтық) және көру сезімдері бар. Сезім сенсилдері олардың сыртқы
қабыршағында төмпешік, қылтық, түк және т.б. түрінде кездеседі. Жәндіктер
бөлек жынысты. Еркегінің жыныс жүйесі қос аталық безден, тұқым жолынан,
ұрық шығаратын каналдан, қосалқы жыныс бездерінен және еркектік жыныс
мүшесінен тұрады. Ұрғашысының жыныс жүйесі қос аналық безден, тұқым
жолынан, тұқым шығаратын каналдан, қосалқы жыныс бездерінен, ұрық
қабылдауыштан және алдыңғы жұмыртқа қаптан тұрады.
Жәндіктердің өсіп-өнуі және дамуы. Кейбір жәндіктер туа сала өсіп-өнуге
қабілетті, ал басқа біреулеріне ол үшін белгілі уақыт қажет, себебі
жыныстық пісіп-толу бәрінде бірдей емес. Жұмыртқаның пісіп-жетілуін
(овогенез) мидағы гормондар реттейді. Ұрықталған соң жұмыртқа ішінде
балапанқұрт сатысы дамиды. Бұл дәуірді эмбрионалды кезең деп атайды. Бұдан
кейінгі даму ұрықтың постэмбрионалды дамуы деп аталады.
Жәндіктердің өсуі тек қана балаң құрт сатысында ғана болады. Олардың
постэмбрионалдық дамуы 2 түрлі айналыммен (метаморфоз) сипатталады. Толық
метаморфозбен дамитын жәндіктер жұмыртқа, балаң құрт, қуыршақ және имаго
(ересек) даму сатыларынынан өтеді. Толық метаморфозбен дамитын жәндіктердің
балапан құрттары ересек даму кезеңіне мүлде ұқсамайды – олар құрт тәрізді
болады, сондай-ақ қоректенуі де және мекен орны да басқаша. Бұл топқа
бөгелектер, шыбындар, масалар, соналар және т.б. жатады. Қуыршақ сатысы
қоректенбейді, ол балапанқұрт жинаған қоректік заттарды пайдаланып өмір
сүреді. Қуыршақ ішінде алдымен гистолиз, яғни ыдырау құбылыстары, ал сонан
соң гистогенез жүріп, жаңа мүшелер түзіледі. Гистогенез аяқталған соң
қуыршақтан имаго яғни ересегі шығады. Толық емес метаморфозбен дамитын
жәндіктер жұмыртқа, балаң құрт және имаго сатыларынан ғана өтеді. Олардан
қуыршақ сатысы болмайды. Қандала, бит, жүнжегіштер балапан құрттары
ересектеріне өте ұқсас.
Жәндіктер экологиясы. Жәндіктер тіршілігіне қоршаған орта көп әсерін
тигізеді, олардың ішінде өлі табиғат әсерлері (абиотикалық): жер бедері,
жарық сәуле, ылғалдық, ыстық-суықтық, ауаның қозғалысы және тірі табиғат
әсерлері (биотикалық), жануарлар мен өсімдіктер. Әрбір тірі (жәндік)
организм белгілі бір қоршаған орта әсерлерінің ауытқу шекарасында ғана
тіршілік ете алады.
Ылғалдылық жәндіктердің дарығыштығына, өсімталдығына, тіршілік
қабілетінің сақталуына, жарық сәуле – олардың тәуліктік қозғалысына зор
әсер етеді. Табиғаттағы әсерлеріне жыл маусымдарының ауысуы да жатады.
Оларға жауап ретінде жәндіктер диапаузаға шалдығып, өсуі тоқталады немесе
өсіп-өнуі ұзаққа созылады. Бұл құбылыс ішкі секреция жүйесінің
нейрогуморальдік реттеу механизмінің негізінде жүреді.
Белгілі бір территорияны мекендейтін (биотоп) жануарлар мен өсімдіктер
биоценоз құрады, оның барлық құрамы бір-бірімен тығыз байланысты. Ол
байланыстарды биоценология ғылымы зерттейді. Әсіресе қоректік байланыс,
яғни трофикалық байланыстар жақсы дамыған. Кейбір жәндіктер өсімдіктермен
немесе гүл шырынымен қоректенеді, ал басқа бір түрлері (мысалы жүнжегіштер
мен мамық жегіштер және т.б.) жүн мен терінің мүйізгек қабығымен,
үшіншілері (көк шыбынның балаң құрттары) өлексемен, төртіншілері (кейбір
шыбындар мен олардың балаң құрттары) – қи немесе нәжіспен, бесіншілері –
организмнің тірі ұлпасымен немесе қанымен қоректенеді (бөгелектердің балаң-
құрттары).
Сондай-ақ физикалық байланыстардың да маңызы бар. Кейбір организмдердің
басқа организмдер арқылы қозғалуы және мекен-жай арқылы байланысы, осыған
орай бір организмнің басқалар үшін тіршілігіне қолайлы не қолайсыз жағдай
туғызуы да осы физикалық байланыстарға жатады.
Жәндіктерді жіктеу (систематикасы). Қазіргі уақытта жәндіктердің 1 млн-
ға жуық түрлері белгілі, бірақ шындығында олардың саны одан едәуір көп,
себебі ғалымдар жылына 7-8 мың жаңа түр ашады.
Барлық жәндіктер Arthropoda буынаяқтылар тобына кеңірдек тыныстылар –
Tracheata тармағына, жәндіктер – Insecta немесе Hexapoda-топтамасына, ашық
жақтылар немесе нағыз жәндіктер - Ectognatha тобына (класына) жатады. Толық
дамып өсіп-өнетін қосқнлаттылар немесе шыбындар және масалар – Diptеra
тегіне жатады. Бұл тек ұзын мұртты қосқанаттылар - Nematосеra, қысқа мұртты
қосқанаттылар Вrасһусerа және қысқа мұртты дөңгелек-жікті – Brachycеra-
Cyclorrhapha тек тармақтарына бөлінеді.
Қосқанаттылардың ұзын мұртты тек тармағына мына тұқымдастар жатады:
масалар (Culicidaе), шіркейлер (Simuliidae), құмытылар (Ceratopogonidaе).
Қысқа мұртты түзу жіктілер тек тармағына соналар (Tabanidae), ал қысқа
мұртты дөңгелек жіктілер тек тармағына оқыралар (Hypodermatidaе),
бөгелектер (Gastrophilidaе), пысқырық құрттар (Oestridae), нағыз шыбындар
(Muscidae) өлексе шыбындары (Calliphoridae), сұр шыбындар (Sarcophagidae)
және қансорғыштар (Hippoboscidae) кіреді. Сондай-ақ толық айналыммен
дамитын жәндіктерге бүргелер (Siphonaptera) тегі де жатады. Жартылай
айналыммен дамитын жәндіктерге мамық жегіштер (Mallophaga), биттер
(Siphunculata) немесе қандалалар (Hеmiptera) және тарақандар (Blattodea)
кіреді.
Бөгелек балаң-құрттары қоздыратын аурулар
Бұл аурулар тобына ірі қара гипедерматозы, яғни оқыра, жылқы-
гастрофилезі (қарын бөгелегі), ринэстрозы (пысқырық бөгелегі), қой эстрозы
(кеңсірік бөгелегі) және түйе цефалопинозы (құмыр) жатады. Бұл аурулар
еліміздің барлық түкпірлерінде кездеседі, сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz