Зат есімнің мағыналық топтары жайлы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері
2. Жалқы және жалпы есімдер
3. Деректі және дерексіз зат есімдер
4. Көптік мәнді есімдер
5. Дара, жинақтық мағыналы зат есімдер
6. Түрлі реңк мәнді зат есімдер

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зат есімдерді іштей, семантикасының өзара орайлас, астас болуларына қарай, әлденеше топка бөлуге болады. Мысалы, семантикалық ререкшеліктеріне қарай, зат есім-дерді іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, құрт-құмырсқа атаулары, қора-қопсы және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстың, саяси-әлеуметтік саласында қолданылатын атаулар деген сияқты неше алуан топқа жіктеуге әбден болады. Бірақ ондай тек семанти-калық қана ерекшеліктері бар, өз алдына грамматикалық ерекшеліктері жоқ есімдер лексикология үшін аса маңызды тексеру объектісі болғанымен, грамматика үшін, арнайы сөз етерліктей зерттеу объектісі бола алмайды.
Дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай, семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат (кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, жалпы есімдерді, деректі және дерексіз есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.
Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Осы аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бәрі тек кім? деген грамматикалық сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, қалыңдық, еркек, әйел т. б.), туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере, шөбере, нағашы, жиен, бөле, құда, қудағи, күйеу, қудаша т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, егінші, малшы,
еңбеккер, суреткер, артист, инженер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, композитор, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, ұлық, бастық, төре, ханым, мырза, жолдас т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жэмила, Гүлсім т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
1. Нұржамал Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» Алматы, 2007
2. Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі ( Морфология)» Алматы, 1991
3. Омар Базаркүл Қалтайқызы «Қазақ тілі» Шымкент, 2004

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Зат есімнің мағыналық топтары
І. Кіріспе
Зат есімдерді іштей, семантикасының өзара орайлас, астас болуларына
қарай, әлденеше топка бөлуге болады. Мысалы, семантикалық ререкшеліктеріне
қарай, зат есім-дерді іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, құрт-құмырсқа
атаулары, қора-қопсы және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстың,
саяси-әлеуметтік саласында қолданылатын атаулар деген сияқты неше алуан
топқа жіктеуге әбден болады. Бірақ ондай тек семанти-калық қана
ерекшеліктері бар, өз алдына грамматикалық ерекшеліктері жоқ есімдер
лексикология үшін аса маңызды тексеру объектісі болғанымен, грамматика
үшін, арнайы сөз етерліктей зерттеу объектісі бола алмайды.
Дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және
грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай,
семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат
(кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, жалпы есімдерді,
деректі және дерексіз есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-
экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері

Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты
жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы
адамнан өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Осы аталған
екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бәрі тек кім? деген грамматикалық
сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген
грамматикалық сұрауға жауап береді.
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы
адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі,
бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, қалыңдық, еркек, әйел т. б.), туыс
атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере, шөбере,
нағашы, жиен, бөле, құда, қудағи, күйеу, қудаша т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-
мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, егінші, малшы,
еңбеккер, суреткер, артист, инженер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер,
композитор, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын
(директор, лейтенант, ұлық, бастық, төре, ханым, мырза, жолдас т. б.), кісі
аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жэмила, Гүлсім т. б.) және басқа да
осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Зат есімнің бұл тобына, жалпы алғанда, адам атаулымен байланысты
ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндіктен, оларды осы семантикалық
ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атауға болады. Ал, формальдық
жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-
жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. Не?
деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге деректі я дерексіз
заттар мен заттық ұғымдардың атаулары (мысалы: құм, шаң, тас, темір,
топырақ, су, ойын, күлкі, сана, күйініш, қуаныш, реніш, аспан, ақыл, әлем
т. б.), есімдік атаулары (мысалы: ағаш, шөп, жусан, қарағай, тобылғы, көде,
өрік, жүзім, алма, жиде т. б.), ас пен ішімдік атаулары (мысалы: ет, сүт,
май, ірімшік, нан, шұжық, қымыз, айран, қаймақ т. б.), хайуанаттардың, аң
мен құстың атаулары (мысалы: жылқы, сиыр, қой, ешкі, құлан, бөкен, киік,
арқар, аю, жолбарыс, қаз, үйрек, бүркіт т. б.), балық аттары (мысалы;
шортан, сазан, көк-серке т. б.), құрт-құмырсқа мен бақа-шаян аттары
(мысалы: кесіртке, шыбын, сона, ара т. б.), мекен, қора-қопсы, құрал-жабдық
атаулары (мысалы: үй, қора, дала, терезе, астау, табақ, қасық, т. б.) тағы
басқа неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады.
Сөйтіп, зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар
мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан, оларды
се-мантикалық ерекшеліктеріне қарап, ғаламзат есімдері деп атауға болады,
ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.
Егер кім? деген сұрау қойылатын кісі аты (ономастика) тиісті
жағдайларға сәйкес, жер-су я мекен атауына (топонимика) ауысса, соңғы
атауға кім? деген сұрау қойылмайды, не? сұрауы қойылады. Мысалы, Жидебай —
жаңа ғана оқу бітірген жас инженер; Жидебайда білім де, жаһат та бар
дегендердегі Жидебай сөзіне кім? деп, Жидебайда сөзіне кімде? деп сұрау
қойсақ, Қунанбай аулы Жидебайға қонды; Қунанбай аулы Жидебайдан көшті
дегендерде біріншісіне тек — қайда? деп қана, екіншісіне — қайдан? деп қана
сұрау қоюға болады. Керісінше, не? деген сұрауға жауап беретін жай ғана
жалпы есім (мысалы, ырыс, мұрат т. б.) кісі аты ретінде қолданылатындай
болса (мысалы: Ырыс Дүйсекейқызы, Мұрат Қасымұлы т. б.), тек қана кім?
деген сұрауға жауап беретін болады. Сөйтіп, бұлардан кім? я не? деген
сұраудың қайсысына жауап беретініне қарай, зат есімдердің семантикалық және
грамматикалық жағынан іштей екі үлкен топқа бөліне-тіндігі айқын
аңғарылады. . -

2. Жалқы және жалпы есімдер
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды
білдіретін зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады. Мысалы:
ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала,
су, отын, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады. Ал
заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде атайтын осындай жалпы
есімдермен қатар, белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын жалқы зат
есімдер де бар. Оларға кісі аттары (мысалы, Асқар, Арқалық, Ағыбай т. б.),
үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (мысалы: Тайбуырыл, Теңбілкөк т.
б.), өндіріс, мекеме, ұйым аттары (Еңбек, Қай-рат, Турксиб т. б.),
газет, журнал, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары (Леииншіл жас,
Ботагөз, Серпер т. б.), географиялық атаулар (мысалы: Алатау, Каратау,
Іле, Ертіс т. б.), қала, көше, алаң ат-тары (Алматы, Теміртау, Амангелді
алаңы, Абай проспектісі т. б.) тағы басқа жалқы атаулар жатады.
Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір
жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі — ат
ретінде ғана жұмсалады.
Жеке я дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер
дейміз.
Сөйтіп, жалқы есімдер деп жалпы есімдерден ажырату үшін қойылатын
арнаулы атауларды айтамыз. Жазу дәстүрімізде жалқы есімдер бас әріппен
басталып жазылады да, жалпы есім бірыңғай кіші әріппен жазылады.
Тілімізде жалпы есімнен жалқы есім, жалқы есімнен жалпы есім туа
береді. Бірақ жалқы есімдердің жалпы есімдерге ауысуларынан гөрі жалпы
есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі. Мысалы: Алатау,
Ақтөбе, Қарағанды, сияқты жер-су, мекен аттарын білдіретін жалқы есімдер
әуелгі жалпы есімдерден туған. Керісінше, ақтөбелік, қарағандылық,
берсиевші, мичуринші сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден
жасалған.
Жалқы есімдердің жалпы есімдер категориясына, жалпы есімдердің жалқы
есімдер категориясына осылай көшуі сөздердің қызметтерінің, соған сәйкес,
олардың мағыналарының, кейде тіпті формаларының өзгеруіне байланысты
болады.
Сонымен бірге, кейбір сөздер жалпы есім ретінде де, жалқы есім ретінде
де жұмсалады. Мысалы, күн, жер, ай деген сөздер астрономия ғылымында жалқы
есім ре-тінде түсінілсе, күнделікті өмірде жай ғана жалпы есім ретінде
жұмсалады.
Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі
үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі — кісі аттары (ономастика),
екіншісі — географиялық атаулар (топонимика). Жалқы есімдердің осы екі
саласының екеуіне де ортақ жалпы сипаттарымен қатар, әр саласының өзді-
өзіне ғана тән ерекше сипаттары да бар. Сол себептен де жалқы есімнің бұл
екі саласын тіл ғылымының арнаулы екі түрлі тарауы (ономастика және
топонимика) алды-алдына тексеру объектісі етеді.
Кісі аттарына да, жер-су аттарына да, әдетте, көптік жалғау
жалғанбайды. Егерде оған қосымша жалғанатындай болса, ондай жалқы есімнің
мәні я өзгереді, я оған үстеме семантикалық рең жамалады. Бірақ жер-су
атауларынан да, сондай-ақ, жалқы есімдердің өзге топтарына да кісі
аттарының ерекшеленетін кейбір грамматикалық айырмашылықтары бар. Мысалы,
Ертіс жағасы, Мәдениет және тұрмыс журналы дегендердегі жалқы есімдер
өздері анықтайтын сөздерге ілік формасы (жалғаудың түсу я түспеуі шарт
емес) арқылы тіркессе, кісі аттары өзі анықтайтын сөздерге ілік септік фор-
масы арқылы да (Бейсеннің баласы, Асанның Үсені т. б.) атау түрде де
тіркесе береді (мысалы: Қажымүқан балуан, Тарғын батыр, Байжан ұста
т. б.). Сонымен қатар, белгілі бір адамның өз аты, әкесінің аты, фамилиясы
бірін-бірі анықтаумен қатар, бәрі құралып бір күрделі есім де бола береді.
Мысалы: Әміре Қашаубайулы, Құдайберген Қуанұлы. Жұбанов, Мұхтар Омарханұлы
Әуезов т. б. Жалқы есімдердің өзге топтарынан кісі аттарының ерекшеленетін
тағы бір айырмашылығы — адам аттарына тән рең категориясы. Кісі аттары
қалыптағыша атау күйінде қолданылумен қатар, сыйлау, құрметтеу, еркелету,
кішірейту мәнін білдіру үшін, атау формасына арнаулы қосымша жалғанып та
жұмсалады. Мысалы: Сәбден, К,али деген аттарды құрметтегенде, сыйлағанда я
үлкен тұтып атағанда, Сәбе, Қалеке деп атауға болады да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістіктің жақ категориясы
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Сын есім шырайлары
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
Сөз таптарының қасиеттері
Сөздің грамматикалық мағынасы
Мектепте киелі сан есімді оқытудың тиімді әдістері
Пәндер